Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 маусымдағы N 648 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:
1-тармақта:
2) тармақшада "Республика Үкiметiнiң веб-порталдарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен шлюзiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
"құру" деген сөзден кейiн ", енгізу" деген сөзбен, "сүйемелдеу" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ осы мақсаттар үшiн персоналды оқыту" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына" деген сөздер "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтің" ақпараттық инфрақұрылымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшада "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың" деген сөздер "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі