Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы N 648 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 ақпандағы N 81 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы N 648  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мынадай:
      1) радиожиілік спектр мен радиоэлектронды құралдар мониторингі жүйесіне инженерлік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі;
      2) телекоммуникациялық спутникті, ғарыш аппараттарын жерден ілеспе басқару кешенін және байланыс мониторингі жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды техникалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді беруші болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады