Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат, N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; 2004 жылғы 23 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сайлау заңдарының мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы):
1) 104-баптың екiнші бөлігі алынып тасталсын;
2) 105-бап алынып тасталсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; 2004 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 10 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне кредиттiк бюро қызметi және кредиттiк тарихты қалыптастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңы; 2004 жылғы 23 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сайлау заңдарының мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңы):
1) 48-баптың төртiншi бөлiгiнде "осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған айыппұлдар мөлшерiнен асатын" деген сөздер "осы бапта аталған айыппұлдар мөлшерiнен жоғары және/немесе төмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 69-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес. Жеке тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға (оның iшiнде жеке кәсiпкерлер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.";
3) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын бұзу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген зейнетақы төлемдерiн, аударымдар мен алып қоюларды белгiленген мерзiмдерде уақтылы жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Зейнетақы төлеу жөнiндегі орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:
қызмет көрсетушi банкке салық органдары ұсынған инкассалық өкiмдер бойынша берешектер пайдасына өндiрiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпеу;
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есеп-қисапты Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеу;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебiн жүргізбеу;
есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгіленген мерзiмдерде табыс етпеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және (немесе) толық есептемеу, ұстамау (есептеп қоспау) және (немесе) төлемеу (аудармау) түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы -
жеке тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, лауазымды адамдарға жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгі мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, лауазымды адамдарға қырықтан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) 205-1-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға және жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 206-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
"лауазымды адамдарға" деген сөздерден кейiн "және жеке кәсiпкерлерге" деген сөздермен толықтырылсын;
"жеке кәсiпкерлерге және" деген сөздер алынып тасталсын;
"төленуге тиiстi, бiрақ төленбеген салық және басқа да мiндеттi төлем сомасының он процентi, бiрақ жиырма айлық есептiк көрсеткiштен кем емес" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан сексенге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
"лауазымды адамдарға" деген сөздерден кейiн "және жеке кәсiпкерлерге" деген сөздермен толықтырылсын;
"жеке кәсiпкерлерге және" деген сөздер алынып тасталсын;
"төленуге тиiстi, бiрақ төленбеген салықтың және басқа да мiндетті төлем сомасының елу процентi, бiрақ қырық айлық есептiк көрсеткiштен кем емес" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштің сексеннен жүзге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық төлеушiлердiң мониторингін жүргiзу үшiн қажетті құжаттарды (оның iшiнде электронды түрдегі), сондай-ақ электронды мониторинг бойынша салық есеп-қисабын салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы - лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
6) 207-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында "жасырылған салық салу объектiлерi құнының елу процентi" деген сөздер "жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацында "жасырылған салық салу объектiлерi құнының жүз процентi" деген сөздер "жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екi жүз процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 209-баптың төртiншi бөлiгiнiң мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
8) 358-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"358-бап. Жергілiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi органдардың салық заңдарында белгіленген мiндеттердi орындамауы
1. Салық заңдарына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуы тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық заңдарында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкілетті органдардың табыс етпеуi, уақытылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың (уәкiлеттi органдардың) бiр жолғы талондарды бермеуі және (немесе) белгiленген құннан төмен беруi, сол арқылы салық заңдарында бiр жолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөліктерiнде көзделген әкiмшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
9) 570-баптың бiрiншi бөлiгiнде "үшіншi бөлiгiнде" деген сөздер "үшінші, төртiншi бөлiктерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 703-баптың бірiнші бөлiгi "Eгep" деген сөзден кейiн "мәжбүрлеп орындату үшiн салық қызметті органдарына берiлген салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
11) 709-баптың екiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулыны сот Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртiппен айыппұл сомаларын өндiрiп алу үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған және/немесе әкiмшiлiк жаза қолданған салық қызметті органына жiбереді.";
3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2004 жылғы 9 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 10 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне байланыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегі Заңы):
1) 10-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Әрбiр қатысушының, құрылтайшының қатысу үлесiн сақтай отырып, таза табысты бөлу кезiнде жарғылық капиталды ұлғайтуға бағытталған табыс дивидендтерге жатпайды;";
9) тармақша "қоғамдарды" деген сөзден кейiн "және инвестициялық пай қорларын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
"28-1) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусiз негiзде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрiнде;
коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;";
2) 12-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "таратылуына" деген сөзден кейiн ", жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметiнiң тоқтатылуына" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 16-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақшада көрсетiлген, әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтер уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мұндай тұлғаларға қатысты салықтық тексеру жүзеге асырылғанына қарамастан сұралады.";
4) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. жергiлiктi атқарушы органдар бiр жолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және бiр жолғы талондарды өткiзуден түскен сомалардың толық жиналуын қамтамасыз етедi.";
5) 29-баптың 6-тармағында "39-бабында" деген сөздер "39 және 252-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 31-баптың 2-тармағында:
4) тармақшада "және 48-бабының 1-тармағында" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшада "қолданылғанға" деген сөз "қолданыла бастағанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада "бec" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 32-баптың 2-тармағында "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 38-бапта:
1-1-тармақта:
"бес жыл iшiнде" деген сөздерден кейiн "үстеме пайдаға салынатын салық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
"рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) және R-фактордың (табыс көрсеткішiнiң) көрсеткiштерi қолданылады" деген сөздер "мынадай көрсеткiштердiң бiрi: рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) не пайданың iшкi нормасы не R-фактор (табыс көрсеткiшi) қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Салық төлеушi осы баптың 1-тармағында белгiленген талап қою мерзiмi бiр күнтiзбелiк жылдан аз уақытта бітетiн кезең үшiн қосымша салық есептілiгін табыс еткен жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын есептеу және (немесе) олардың есептелген сомаларын қайта қарау бөлiгiнде көрсетiлген талап қою мерзiмi бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеушi салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде және (немесе) осы баптың 1-1-тармағында аталған салықтар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтың артық төленген сомасын есепке жатқызуды немесе салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.";
9) 39-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджетке артық төленген салық сомасы салық берешегiн өтеу есебiне:
1) салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз салықтың осы түрi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
2) салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен:
салықтың басқа түрлерi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
салықтың басқа түрлерi бойынша бересiнi өтеу есебiне;
салықтың осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне мiндеттi есепке жатқызылуы тиiс.";
3-1-тармақта "2 еселенген" деген сөздер "2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 41-бапта:
тақырып "Салықтарды" деген сөзден кейiн "және өсiмпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта "ауыстыру салықтарды" деген сөздерден кейiн, 4 және 5-тармақтарда "салықтарды" деген сөзден кейiн "және өсiмпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 42-бапта:
тақырып "Салықтарды" деген сөзден кейiн "және өсiмпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
1 және 2-тармақтарда "салықтарды" деген сөзден кейiн "және өсiмпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 43-бапта:
тақырып "Салықтарды" деген сөзден кейiн "және өсiмпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
1 және 2-тармақтарда "Салықтарды" деген сөзден кейiн "және өсiмпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 45-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдерi салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабында белгіленген мерзiмдерде хабарлама жiберген кезде қолданылады.";
14) 46-баптың 3-тармағында "2" деген сан "2,5" деген санмен ауыстырылсын;
15) 47-баптың 1-тармағының екiншi бөлігінде "осы Кодекстің 31-бабында белгіленген мерзiмдерде салық төлеушiге хабарлай отырып жүргізiледi және" деген сөздер алынып тасталсын;
16) 48-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгінiң екiншi сөйлемi алынып тасталсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушiнiң қаржы лизингiне және (немесе) кепiлге берiлген мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығарған кезде салық органдарына осы мүлiкке қатысты шешiм шығарған кезден бастап шарттың қолданылуы аяқталғанға дейiн осы мүлiктi алып қоюға, ал салық төлеушiге шарттың талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту, қайта кепiлдеу, сублизинг) тыйым салынады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тiзiмдеме актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттi.";
17) 49-баптың бiрiншi абзацының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес хабарлама жiберiледi.";
18) 50-бапта:
2-тармақ "Салық төлеушiнiң" деген сөздердiң алдынан "Банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетiлген қарыздардың өтелмеген негiзгі борышы мөлшерiндегi сомасын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Салық төлеушiнiң банк шотында ақшасы жеткiлiксiз немесе жоқ болып, клиентке бiрнеше талаптар қойылған жағдайда, банк осы шотқа ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектілікпен салық берешегiн өтеу есебiнен клиенттiң ақшасын алуды жүргiзедi.";
19) 51-бапта:
1-тармақта "болмаған" деген сөзден кейiн "немесе жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
20) 52-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қабылданып жатқан шаралары туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн табыс етуге мiндеттi.
Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге салықтық тексеру жүргiзедi.
1-2. Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегін өтеу есебiне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама жiбередi.
Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебитор хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн табыс етедi.
Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда салық органы көрсетiлген дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi.
1-3. Салықтық тексерудiң дебиторлық берешек сомасын растайтын актiсi және дебиторлардың салық берешегiн өтеу есебiне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама болған кезде соңғылары өзара есеп айырысудың салыстыру актісiн табыс етпейдi.
1-4. Салық төлеушi салық берешегін өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi мен өзара есеп айырысудың салыстыру актiсi табыс етiлмейді.";
3-тармақта "актiсiнiң" деген сөзден кейiн "немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 53-баптың 1-тармағында "болмаған" деген сөзден кейiн "немесе жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
22) 59-баптың 3-тармағында "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 60-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы.";
24) 61-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.";
25) 67-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеушілер бөлек есептi бухгалтерлiк есеп деректерi негiзiнде есеп-қисапты жүзеге асыру арқылы осы Кодексте белгіленген ерекшелiктердi ескере отырып жүргізедi. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бөлек есеп әрбiр қызмет түрi бойынша бөлек жүргiзiледі.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн бөлек есеп жүргізуге мiндеттi.";
26) 68-бапта:
1-тармақ "дегенiмiз" деген сөзден кейiн "осы Кодекстiң 67-бабының ережелерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
үшінші абзац алынып тасталсын:
бесiншi абзацта "eceпкe алуды тiркеу карточкаларын алуға" деген сөздер "тiркеу және қайта тiркеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 69-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
"Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер мұндай қызметтiң әрбiр түрi үшiн бөлек салық есептiлiгiн жасайды.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есеп жүргiзу қажеттiлiгi көзделген жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келiсiм-шарт шеңберiнен асып кететiн қызмет бойынша бөлек салық есептiлігін жасайды.";
2-тармақта "салық органдарының" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "Салық төлеушi" деген сөздерден кейiн "(заңды тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
Кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жеке кәсiпкер салық органына салық кезеңi басталғаннан берi кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған күнге дейiн жасалған салық есептiлігін табыс eтeдi.
Осы тармақта көрсетiлген салық есептiлiгiмен бiрге жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтiң тоқтатылуына байланысты құжаттық тексеру жүргiзу туралы өтiнiш тапсырады.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Егер осы Кодексте және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есеп жүргiзу кезiнде салық есептiлігін ұсыну әрбiр қызмет түрi бойынша, ал жер қойнауын пайдаланушылар үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келiсiм-шарт бойынша бөлек жүргiзiледі.";
28) 76-бапта:
1-тармақта:
", дүлей күштің салдарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
"органдары" деген сөзден кейiн "мемлекеттік салық-бюджет саясатын қалыптастыруды және iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындаған тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "шегерiле отырып" деген сөздер "шегерiлмей" деген сөзбен ауыстырылсын;
29) 82-бапта:
2-тармақта "3 және 4-тармақтарында" деген сөздер "3-5-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiнші абзацта "Бағалы қағаздарды" деген сөздерден кейiн "және қатысу үлесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацта "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейiн "және қатысу үлесi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Осы баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген активтердi өткiзу кезiнде құн өсiмi өткiзу құны мөлшерiнде айқындалады.";
30) 83-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "салық төлеушiнiң" деген сөздердiң алдынан "салық төлеушi таратылған жағдайда тарату балансы бекiтiлген сәтте кредитор талап етпеген мiндеттемелердi қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
31) 87-бапта "Eгep" деген сөздiң алдынан "Үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
32) мынадай мазмұндағы 87-1-баппен толықтырылсын:
"87-1-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
оларды өндіруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған
шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын
пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден
түскен табыстар
Егер осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiле отырып, салық кезеңiнiң басында соңғысының мөлшерiнен асып түссе, артық мөлшерi жылдық жиынтық табысқа жатқызылуы тиiс. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.";
33) 90-баптың 2-тармағы 2) тармақшадағы "табыс ретiнде қаралмайды" деген сөздердiң алдынан ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымның банктерден алған жарналарының сомасы;
4) сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiрудi жүзеге асыратын ұйымның сақтандыру ұйымдарынан алған жарналарының сомасы;
5) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым және сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiрудi жүзеге асыратын ұйым өтелген салымдар (дeпoзиттep) және төленген кепiлдiк әрi өтемдiк төлемдер бойынша олардың талаптарын қанағаттандыру тәртiбiмен алған ақшаларының сомалары";
34) 91-баптың 1-тармағы 8) тармақшадағы "алып тасталуға тиiс" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарына сәйкес инвестициялық пай және акционерлiк инвестициялық қорлар кастониандардағы шоттарға алған немесе соларда жатқан инвестициялық табыстар;
10) салық кезеңiнде алынған және осы Кодекстiң 312-1-бабына сәйкес айқындалған өтемдiк өнiмнiң көлемiн өткiзуден түскен табыстар";
35) 93-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "келiссөз кезiнде дәмхана (фуршет) қызметiн көрсету," деген сөздер "келiссөз кезiнде тамақтануға арналған шығыстар, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 98-бапта "табыс алуға байланысты" деген сөздер алынып тасталсын, ", жобалау iздену және тәжiрибе-конструкторлық" деген сөздер "және ғылыми-техникалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 99-баптың 1-тармағында "сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, белгiлеген шектерде сақтандыру сыныптары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
38) 101-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн бағалау және абаттандыру кезеңiнде пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары өндiрiлген пайдалы қазбаларды өткiзу жөнiндегi шығыстардан басқа, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылатын өзге де шығыстар жеке топты құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшерiндегi амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бергi амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiп тасталады.
Осы баптың мақсаттары үшiн коммерциялық табудан кейiнгi өндiру запастарды жер қойнауын геологиялық зерттеу, қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган бекiткеннен кейiн пайдалы қазбаларды өнеркәсіптік өндiрудiң басталуын бiлдiредi.
Жеке топ құрылғаннан кейiн болған осындай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.
Осы шығыстар жер қойнауын пайдалану құқығының бiр бөлiгiн беруден түскен табыстарды қоса алғанда, табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргізу кезеңiнде жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:
1) пайдалы қазбаларды өткiзу кезiнде алынған табыстар;
2) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртiп жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтердi сатып алуға жұмсаған шығыстарына да қолданылады.";
39) 104-бап 7) тармақшадағы "шегерiмге жатпайды" деген сөздердiң алдынан ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) тiркелген активтерге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, осы Кодекстiң 313-бабына сәйкес өтемдiк өнiмде ескерiлетiн шығыстар;
9) қызметiн өнiмдi бөлу жөнiндегi келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қосымша төлеген төлем сомасы";
40) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"105-бап. Тiркелген активтер
Тiркелген активтер - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгізетiн және осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерiлетiн негiзгі құралдар мен материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілiк жөнiндегi заңдарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негізгi құралдар мен материалдық емес активтер.";
41) 106-бапта:
1-тармақ "Негізгi" деген сөздiң алдынан "Осы Кодекстiң 92-103-баптарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "сатып алу" деген сөздерден кейiн "және (немесе) жасау" деген сөздермен толықтырылсын;
42) 107-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын:
9) тармақша "берiлген" деген сөзден кейiн ", осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлігінде мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi "амортизация нормаларын, бiрақ осы Кодекстің 110-бабында белгіленген шектен асырмай," деген сөздер "амортизацияның осы Кодекстің 110-бабында белгіленген нормаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша табыстарды және тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi есептеу мақсатындағы есеп әрбiр объект бойынша жеке жүргiзiледi және I топтың негiзгi құралының құны кiшi топтың құн балансына теңестiрiледi.";
43) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"108-бап. Амортизациялық топтар мен кiшi топтардың құн
балансын анықтау
1. Әрбiр амортизациялық топ бойынша салық кезеңiнiң басында топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар анықталады.
I топтың құн балансы негiзгi құралдардың әрбiр объектiсi бойынша кiшi топтардың құн балансынан тұрады.
II, III, IV және V топтардың құн балансы кiшi топтардың әрбiр салық кезеңi бойынша жеке құн баланстарынан тұрады.
2. Салық кезеңiнiң соңындағы кiшi топтың құн балансы:
1) өткен салық кезеңдерiнде құрылған кiшi топтардың құн балансы бойынша:
өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1 және 2-тармақтарына және 113-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес жасалған түзетулер ескерiлген өткен салық кезеңiнiң соңындағы кiшi топтың құн балансы ретiнде анықталатын салық кезеңiнiң басындағы кiшi топтың құн балансы
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер;
2) ағымдағы салық кезеңiнде құрылған кiшi топтардың құн балансы бойынша:
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгіленген тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
3. Өткен салық кезеңiнiң соңына кiшi топтардың құн балансы ретiнде белгiленген, өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргiзiлген түзетулерді ескере отырып, кiшi топтардың құн баланстары 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген топтар бойынша бөлiнедi.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгiленген, V топ құрамына қосылған кiшi топтардың құн баланстары 2005 жылы түскен тiркелген активтер болып танылады.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген II, III, IV және V топтардың құн балансы тиiстi топтардың құн балансынан жеке есепке алынады.";
44) 109-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сатып алу, өтеусiз алу, жарғылық капиталға салым ретінде алу кезiнде келіп түскен тiркелген активтер осы Кодекстің 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша мынадай тәртiппен:
I топ бойынша - тиiстi кіші топтың құн балансын құрайды;
II, III және IV топтар бойынша - кiшi топтың түсiм болған салық кезеңiндегі құн балансына қосылады.
2. Шығып қалатын тiркелген активтер тиiстi кiшi топтардың құн балансын (I топ бойынша) немесе кiшi топтардың тиiстi салық кезеңдерiндегі құн балансын (II, III және IV топтар бойынша):
өткiзу, қаржы лизингiне беру кезiнде - өткiзу құнына;
жарғылық капиталға салым ретiнде берген кезде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес анықталатын құн бойынша;
тiркелген активтер сақтандырылған жағдайда олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлінген, ысырап болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтін сақтандыру төлемiнiң сомасын негізге ала отырып, анықталатын құн бойынша, өзге жағдайларда - баланстық құны бойынша;
өтеусiз беру кезінде - баланстық құны бойынша кемiтедi.";
45) 110-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"110-бап. Тiркелген активтер амортизациясының нормалары
Амортизацияға жататын тiркелген активтер амортизацияның мынадай нормаларымен топтарға бөлiнедi:
___________________________________________________________________
Топ N | Тіркелген активтердің атауы | Амортизация
| | нормасы (%)
_______|__________________________________________|________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
I Берiлiс құрылғыларын, мұнай және газ
ұңғымаларын қоспағанда, үйлер,
құрылыстар 8
II Кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен
жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары
мен жабдықтарды қоспағанда, мұнай және
газ ұңғымалары, машиналар мен жабдық 20
III 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретін
карьер автосамосвалдарын қоса алғанда,
кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен
жабдықтары 25
IV Кеңсе машиналары мен компьютерлер 50
V Басқа топтарға қосылмаған тiркелген
активтер 15
___________________________________________________________________
";
46) 111-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер I топтың iшкi тобының құн балансы салық кезеңiнiң соңында бастапқы құнының 10 процентiнен кем соманы құрайтын болса, аталған кiшi топтың құн балансының мөлшерi шегерiмге жатқызылады және нөлге тең болады.
Егер ІІ, III, IV және V топтардың кiшi тобының құн балансы салық кезеңiнiң соңында аталған кiшi топтың құн балансы көрсетiлген салық кезеңiнде осы Кодекстің 113-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес жүргiзілген түзетулердi ескере отырып, ол құрылған салық кезеңiнiң соңында аталған кiшi топтың құн балансының 10 процентiнен кем соманы құрайтын болса, құрылған кезден бастап мынадай мерзiмдер өткен соң аталған кiшi топтың құн балансы шегерiмге жатқызылады:
___________________________________________________________________
Топ N | Тiркелген активтердiң атауы | Амортизацияның
| | шектi мерзiмi
| | (жыл)
_______|__________________________________________|_________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
II Кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен
жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары
мен жабдықтарды қоспағанда, мұнай және
газ ұңғымалары, машиналар мен жабдықтар 11
III 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн
карьер автосамосвалдарын қоса алғанда,
кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен
жабдықтары 9
IV Кеңсе машиналары мен компьютерлер 4
V Басқа топтарға қосылмаған тiркелген
активтер 15
___________________________________________________________________
";
47) мынадай мазмұндағы 111-1-баппен толықтырылсын:
"111-1-бап. Топтардың құн балансына енгiзiлмеген тiркелген
активтер бойынша шегерiмдер
1. Кiшi топтардың Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңдарына сәйкес 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айқындалған және II, III және IV топтарға жатқызылатын құн баланстары тең үлестермен мынадай мерзiмдер iшiнде:
II және III топтар бойынша 5 жылда;
IV топ бойынша 2 жылда шегерімге жатқызылады.
Шегерiмге жатқызылатын сома салық кезеңiнiң соңына кiшi топтың құн балансының осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзiмнiң аяқтауына дейiн қалған жылдар санына қатынасы ретiнде айқындалады.
2. Көрсетiлген кiшi топтардың құн балансы салық кезеңiнiң соңына:
шегерiмге жатқызылатын, осы баптың 1-тармағына сәйкес өткен салық кезеңiнде есептелген сомаға азайтылған өткен салық кезеңiнiң соңына кiшi топтың құн балансы ретiнде айқындалатын салық кезеңiнiң басына құн балансы
алу
осы Кодекстің 109-бабына сәйкес айқындалған тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретінде айқындалады.";
48) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер
1. Осы топқа енетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жөнiндегi заңдарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн негізгі құралдарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған нақты шығыстар бойынша әрбiр топқа қатысты шегерiм жасауға оларды жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланған жағдайда рұқсат етiледi.
2. Негізгі құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстар сомасы салық кезеңiнiң соңында осы Кодекстiң 111-1-бабына сәйкес айқындалған кiшi топтың тиiсті құн балансының мөлшерiне ұлғайтылған топтың құн балансынан белгіленген мынадай шектерде шегерiледi:
___________________________________________________________________
Топ N | Тiркелген активтердiң атауы | Шекті норма
| | (%)
_______|______________________________________________|____________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
I Берiлiс құрылғыларын, мұнай және газ
ұңғымаларын қоспағында, үйлер, құрылыстар 5
II Кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен
жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары
мен жабдықтарды қоспағанда, мұнай және
газ ұңғымалары, машиналар мен жабдық 15
III 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн
карьер автосамосвалдарын қоса алғанда,
кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен
жабдықтары 15
IV Кеңсе машиналары мен компьютерлер 5
V Басқа топтарға қосылмаған тiркелген
активтер 10
___________________________________________________________________
Көрсетiлген шектен асатын сома:
I топ бойынша:
егер салық кезеңiнiң соңында кiшi топтың құн балансының құрамына кiретiн негізгi құрал iс жүзінде шығып қалса - құн өсiмiнен түсетiн табыстың немесе кiшi топтың құн балансынан шығып қалған тiркелген активтер құнының асып кетуiнен түскен табыстың тиiстi мөлшерiн iс жүзiндегi шығыстарға тепе-тең азайтады және (немесе) кiшi топтың тиiстi құн балансын арттырмайды;
өзге жағдайларда - кiшi топтың тиiстi құн балансын iс жүзiндегi шығыстарға тепе-тең арттырады;
топтың құн балансына кiрмейтiн негiзгi құралдар бойынша - жеке кiшi топтың құн балансын құрайды немесе арттырады;
II, III, IV және V топтар бойынша - кiшi топтың жөндеу жүргiзiлген салық кезеңiндегі құн балансын құрайды немесе арттырады.
3. Мемлекеттік бюджеттен алынған субсидиялар есебiнен жүргізiлген жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтардың құн балансын ұлғайтпайды.
4. Инвестициялық жобаның шеңберiнде пайдалануға берiлген, осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) негiзгі құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстардың сомасы осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртiппен шегерiмге жатқызылады.";
49) 115-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
"(алынған)" деген сөзден кейiн "сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзу кезiнде қайтарылған сақтандыру сыйлықақыларының сомасына, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
"(қайта сақтандыру) шарттары" деген сөздерден кейiн "және сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қорына мiндеттi жарналар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлігінде "жалпы сомасында" деген сөздерден кейiн "сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзу кезiнде қайтарылған сақтандыру сыйлықақыларын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
50) 117-баптың 1-тармағында:
1) тармақшада "жинақтаушы" деген сөздiң алдынан "аннуитеттiк сақтандыруды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "мөлшерiнде төлейдi" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) аннуитеттiк сақтандыру бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 процентi";
51) 119-1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы баптың 4-тармағының ережелерi өндiрiстік мақсаттағы объектiлердi мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл iшiнде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялар көлемiне байланысты осы баптың 4-тармағының ережелерiн қолданудың өндiрiстiк мақсаттағы толық технологиялық циклi бар объектiлердi мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап он жылдан аспайтын өзге мерзiмдерiн белгілей алады.
Осы баптың 4-тармағының ережелерiн бес жылдан артық мерзiмге қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
52) 120-бапта:
2-тармақта "қайырымдылық" деген сөзден кейiн "және демеушiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта "Белгіленген" деген сөз "Жалпыға бiрдей белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 122-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) көмек алатын тұлға тарапынан арыз негiзiнде салық төлеушiнiң шешiмi болған жағдайда демеушiлiк көмек;";
5-тармақта "шығаруы" деген сөзден кейiн "2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған" деген сөздермен толықтырылсын;
54) 124-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiп алынып тасталсын;
55) 130-бапта:
1-тармақта:
мемлекеттiк тiлдегі мәтiнiнде "онда" деген сөзден кейiн "резидент емес" деген сөздермен, "пайдасының" деген сөзден кейiн "резиденттің мұндай резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесіне негізделе отырып айқындалатын," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Мұндай мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
56) 131-баптың 1-1-тармағында:
2) тармақшада "зейнетақы активтерi" деген сөздерден кейiн ", инвестициялық пай және акционерлiк инвестициялық қорлар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "кiрiстер" деген сөзден кейiн ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) пай қорларының пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер";
57) 138-баптың екiншi бөлiгінде:
"дегенiмiз" деген сөзден кейiн "корпорациялық табыс салығын төлеуден босату не" деген сөздермен толықтырылсын;
"иемденiп алынған және" деген сөздер алынып тасталсын;
58) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"139-бап. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi - преференциялар) инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi.
2. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
мемлекеттiк қабылдау комиссиялары - жаңадан құрылған салық төлеушiлер өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап берiледi.
3. Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (-лар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi.
4. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, осы Кодекстiң 107-бабының 1-тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.
5. Преференциялар беру тәртiбi және жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
6. Осы баптың мақсаттары үшiн келiсiм-шарт жасалған күнтiзбелiк жыл iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
7. Осы баптың 4-тармағында көзделген корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшiн салық төлеушi жаңадан iске қосылатын тiркелген активтер бойынша олардың құнын кiшi топтың құн балансына енгiзбейдi және олар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
8. Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi бiткеннен кейiн салық төлеушi осы Кодекстiң 351-360-баптарында белгiленген тәртiппен мүлiк салығын және 323-344-баптарында белгіленген тәртiппен жер салығын төлей бастайды.
9. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес күнтiзбелiк жылдан аспауға тиiс және ол әрбiр жекелеген жағдайда қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолданудың осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап он күнтiзбелiк жылдан аспайтын өзге мерзiмiн белгiлей алады.
Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi әрбiр жекелеген жағдайда тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады, бiрақ ол осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиiс.";
59) мынадай мазмұндағы 22-3-тараумен толықтырылсын:
"22-3-тарау. Өз өндiрiсiнiң, соның iшiнде сертификатталған, қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға салық салу
140-7-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға бiр мезгілде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) өз өндiрiсiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарларын өткiзуден түскен табысы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен табыс сомасының кемiнде 90 процентiн құрайтын.
Өз өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуге құрылыс объектілерiн сату жатпайды;
2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен табыс сомасындағы қосылған құн үлесi кемiнде 40 процентті құрайтын.
Қосылған құн мөлшерi:
материалдық, әлеуметтiк игiлiктер мен материалдық пайданы қоспағанда, салық кезеңiнде жұмыскерлерге есептелген табыстар
қосу
бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк заңдарына сәйкес салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасы,
қосу
жанама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасы,
қосу (алу)
төтенше жағдайлардан түскен табыс (тиген залал) ескерiлмеген, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк заңдарына сәйкес айқындалатын таза табыс (залал) ретiнде айқындалады;
3) жанама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасының тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен табыс сомасына қатынасы ретінде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициенті кемiнде 12 проценттi құрайтын ұйымдар жатады.
2. Өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетiн тауарлар шығаратын ұйымдар;
арнайы салық режимiн қолданатын ұйымдар;
қызметiн мұнай-химия өнеркәсiбiнде жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 119-1-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;
қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын, технологияларды дамыту мақсатында құрылған және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 140-2-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;
қызметiн "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын, жер салығы мен мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-5-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар жатпайды.
140-8-бап. Салықтарды есептеу
Осы Кодекстiң 140-7-бабында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептеуi осы Кодекстiң 140-9-бабында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргізiледi.
140-9-бап. Корпорациялық табыс салығын есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 30 процентiне азайтылады.
Өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негiзделе отырып айқындалады.
2. Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларын өткiзуден түскен табыстар болған жағдайда осы Кодекстің 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы менеджмент жүйелерiнiң Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен енгiзiлген жылдан кейінгі бiр салық кезеңi iшiнде өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 50 процентiне азайтылады.
Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негізделе отырып айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін өз өндiрiсiнiң осы Кодекстің 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған, өндiру процесi сапа менеджментi және қоршаған ортаны басқару жүйесiнiң 9000 және 14000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгіленген тәртiппен сертификатталған тауарлар өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарлары деп танылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген салық сомасын азайту корпорациялық табыс салығы бойынша осы Кодекстің 126-бабына сәйкес айқындалатын аванстық төлемдердiң сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.";
60) 144-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) пай қорларының пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның сатып алуы кезiнде аталған қорлардың пайлары бойынша табыстар;";
6) тармақшада "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қаржы полициясының" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшада:
"1941-1945 жылдардағы" деген сөздер алынып тасталсын;
"салық жылы iшiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң 480 еселенген шегiндегі" деген сөздер алынып тасталсын;
30) тармақша "алған мүлiкті" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
31) тармақшада "қайырымдылық" деген сөзден кейiн "және демеушiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
33) тармақшада:
"төленетiн," деген сөзден кейiн "шарттың қолданылу кезеңінде болған" деген сөздермен толықтырылсын;
"шарттың қолданылу кезеңiндегі" деген сөздер алынып тасталсын;
34) тармақшада "мiндеттi" деген сөзден кейiн "және (немесе) жинақтаушы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
"39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшердегі ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.";
61) 152-баптың 1-тармағында:
5) тармақша алынып тасталсын;
6) тармақшада "өмiрi мен денсаулығын" және ", тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 5 еселенген шегiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнде жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдi жөндеуге, салуға немесе сатып алуға алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар.";
62) 153-1-бапта:
1-тармақта "Осы" деген сөз "Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Егер резидент - салық агентi резидент болып табылатын шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған келiсiм-шарт бойынша резидент емес ұсынатын шетелдiк персоналдың жұмыс берушiсi болып табылса, осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағында көзделген шарттар сақталған жағдайда осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетiлген резидент шетелдiк персоналдың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi және төлеудi мұндай шетелдiк персоналға табыстар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде төленген жағдайда осы баптың ережелерiне сәйкес резидент - салық агентi жүргiзедi.
Мұндай шетелдiк персоналға Қазақстан Республикасында табыстар төленген жағдайда шетелдiк персоналдың табысынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстап қалуды және төлеудi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарында белгіленген тәртiппен резидент - салық агентi жүргiзедi.";
63) 155-бапта "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған мiндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған" деген сөздер алынып тасталсын;
64) 161-баптың 1-тармағы "сыйлықақылары есебiнен" деген сөздерден кейiн ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен";
65) 164-баптың 3-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасындағы "жеке табыс салығын" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) салық агенттерi болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары";
екiншi бөлiкте "1) тармақшасында айқындалған тұлға" деген сөздер "1), 3) тармақшаларында айқындалған тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 166-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы в) тармақшасындағы "антикварианттарды" деген сөзден кейiн ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:
"г) мемлекеттiк тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы немесе механикалық көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иеліктен айыру құқығымен басқаруға сенiмхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi";
2-тармақта:
мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде "бағалау" деген сөз "оны сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын, ", бiрақ оны сатып алу құнынан кем болмайтын" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.";
67) 171-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын;
68) 177-баптың 6-1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақта белгiленген шарттар орындалған кезде және резидент емес шетелдiк персоналды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсыну жөнiндегі қызметтер көрсеткен жағдайда резидент еместiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде көрсетiлген қызметтер болып табылады.";
69) 179-бапта:
2-тармақ "Қолма-қол" деген сөздердiң алдынан "Резидент емес алдындағы табысты Қазақстан Республикасындағы көздерден төлеу жөнiндегі берешектi өтеу есебiнен жүргізiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 8) тармақшасындағы "табыстар" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, осы Кодекстiң 178-бабының 2) тармақшасында көрсетiлмеген жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден түскен табыстар";
70) 187-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "түскен" деген сөзден кейiн ", салық салу тәртiбi осы Кодекстің 189-бабында айқындалған" деген сөздермен толықтырылсын;
71) 187-1 бапта:
1-тармақтың бiрiншi абзацында "Осы" деген сөз "Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Егер резидент - салық агентi резидент болып табылатын, шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған келiсiм-шарт бойынша резидент емес ұсынатын шетелдiк персоналдың жұмыс берушiсi болып табылса осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағында көзделген шарттар сақталған жағдайда осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетiлген резидент емес шетелдiк персоналдың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi және төлеудi мұндай шетелдiк персоналға табыстар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде төленген жағдайда осы баптың ережелерiне сәйкес резидент - салық агентi жүргізедi.
Мұндай шетелдiк персоналға Қазақстан Республикасында табыстар төленген жағдайда шетелдiк персоналдың табысынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстап қалуды және төлеудi осы Кодекстiң 187-бабында белгiленген тәртiппен резидент - салық агентi жүргiзеді.";
6-тармақта "жазбаша өтiнiш" деген сөздер "түзету себептерiнiң жазбаша негiздемесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 190-баптың 1-тармақта "5" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
73) 191-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"191-бап. Аванстық төлемдер мен жеке табыс салығын төлеу
тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Мынадай резидент емес жеке тұлғалар:
1) Осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен табыс түсiретiн резидент емес жеке тұлғалар;
2) төлем көзiнен табыс салығы салынатын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 149-151-баптарында көзделген өзге де табыстарды қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабының 14)-16) және 17) тармақшаларында белгiленген табыстарды алатын резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу жолымен төлейдi.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерiмдi жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы жүргiзiледi.
3. Бiрiншi салық кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеудi резидент емес жеке тұлға мынадай тәртiппен:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң ішінде алуға болжанатын табыс сомасын негізге алып, осы Кодекстің 189-бабының ережелерiн ескере отырып;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға жеке еңбек шартында (келiсiм-шартта, келiсiмде) көрсетiлген табыс сомасын негiзге алып, осы баптың 2-тармағының ережелерін ескере отырып жүргізеді.
Резидент емес жеке тұлға кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді резидент емес жеке тұлғаның нақты салық мiндеттемесiнiң өткен салық кезеңiндегi жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген сомасын негiзге алып, ағымдағы салық кезеңi үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын ескере отырып есептейдi.
4. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшінде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеудi ағымдағы айдың 20-күнiнен кешiктiрмей ай сайын жүргізеді.
5. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңi iшiнде төлеуi тиiс жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесінде көрсетiледi.
Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесiн осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесiне жеке еңбек шартының (келiсiм-шарттың) немесе салық салынатын табыстың мәлiмделген сомасын растайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шарттың көшiрмесiн қоса беруге мiндеттi.
6. Аванстық төлемдердiң енгiзiлген сомалары ағымдағы салық кезеңiнде резидент емес жеке тұлғаға есептелген жеке табыс салығын төлеу есебiне есепке алынады.
7. Түпкiлiктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгіленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргізiледi.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 192-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тіркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
8. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде салық органына салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есептемесiн табыс етуге құқылы. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзеткен жағдайда резидент емес жеке тұлға салық органына көрсетілген есептемемен бiрге түзетулер себептерiнiң жазбаша негiздемесiн ұсынуы тиiс.";
74) 192-баптың 1-тармағында "жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы мәлiмдеменi" деген сөздер "жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
75) 198-баптың 1-тармағында "202" деген сандар "201-1" деген сандармен ауыстырылсын;
76) 201-баптың 1-тармағында "тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысты түбегейлi алушы болса және тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы болса" деген сөздер "халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болса және тиiстi халықаралық шартта резидент еместің Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысына тұрақты мекеме арқылы салық салудың осы Кодекстің 185-бабында белгіленген тәртiптен өзгеше тәртiбi көзделген болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 203-баптың 3) тармақшасында "202" деген сандар "201-1" деген сандармен ауыстырылсын;
78) 207-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
жеке кәсiпкерлер;
тұрақты мекеме арқылы қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент еместер;
2) заңды тұлғаның осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.";
79) 208-бапта:
1-тармақта "тұлға" деген сөз "осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша олар есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
Мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлға, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден өткеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, аталған тұлға өзi салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Жеке кәсiпкер өзi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, аталған тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.";
6-тармақта "төлеушiнiң" деген сөз "төлеушi - заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта "төлеушi" деген сөз "төлеушi - заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Қосылған құн салығын төлеушi - заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде, аталған тұлғалардың осы Кодекстің 235-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнiндегі тауарлардың (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдықтары бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.";
9-тармақта:
"тұлғаның" деген сөз "осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"оны" деген сөз "оларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
80) 210-баптың 4-тармағында "Тұлға" деген сөз "Осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
81) 211-баптың 3-тармағы 5) тармақшадағы "ресiмделсе" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берiлуi тиiс мүлiкті жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының иелiгіне бepуi";
82) 216-баптың 2-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде "211-баптың" және "210-баптың" деген сөздер тиiсiнше "осы Кодекстiң 211-бабының" және "осы Кодекстiң 210-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;
83) 221-баптың 5-тармағында "құжаты" деген сөзден кейiн "немесе уәкiлетті мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат" деген сөздермен толықтырылсын;
84) 223-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
85) 225-баптың 16) тармақшасындағы "қосылған құн салығынан босатылады" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн қазақстандық тауарлар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетiлген тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.";
86) 227-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның бiрiншi абзацы "және Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банк Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес лицензиясыз iске асыратын операциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "және Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлетті банк Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес лицензиясыз iске асыратын бағалы қағаздармен операциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
87) 228-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мүлiктi қаржы лизингiне беру осы баптың 1-тармағында белгiленген шарттар және төменде келтiрiлген шарттардың бiрi сақталған кезде:
1) егер берiлетiн мүлiктiң импорты осы Кодекстiң 234-бабының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болса;
2) егер берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынған болса, қосылған құн салығын төлеуден босатылады.";
88) 234-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) төлем карточкаларымен қызметтер көрсету үшiн жабдықтар импорты, меншiктi өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн бағдарламалық қамтамасыз ету және оның қосалқы бөлшектерi;";
12) тармақшада:
екiншi абзацта "тiзбесiн" деген сөзден кейiн "және оны қалыптастыру тәртiбiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте аталған тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттiлігін жаппайтын негiзгi құралдар енгiзiледi.";
89) 235-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасында "қосылған құн салығы бюджетке төленген болса" деген сөздер "қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалса" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
3) тармақшада "құжатында" деген сөзден кейiн "немесе салық органы берген құжатта" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) темiр жол немесе әуе көлiктерiнде тасымалдаушының салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн көрсете отырып берiлетiн жол жүру билеттерiнде жеке жолмен бөлiнген салық сомасы;";
4-тармақтың екiншi бөлiгiнде "салық бюджетке салық нақты енгiзiлген" деген сөздер "қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
90) 248-баптың 2-тармағы "құн салығы" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттік органның келiсiмi бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
91) 249-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгертудi салық қызметi органдары егер:
1) импортталатын шикiзат пен материалдар өнеркәсiптiк ұқсатуға арналған;
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылған жағдайда жүргізедi.
2. Осы баптың мақсаты үшiн, егер бұл орайда төменде аталған шарттардың ең болмаса біреуі орындалатын болса:
1) өндiрiстiк ұқсатудан кейiн алынған өнiмде (тауарда) пайдаланылған шикiзат пен материалдардан өзгеше алғашқы кез келген төрт белгі деңгейiнде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды болса;
2) тауардың шығарылған елi Қазақстан Республикасы болып есептелуi үшiн жеткiлiкті өндiрiстiк немесе технологиялық операциялар орындалса. Тауар шығарылған ел Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады;
3) шикiзат пен материалдар құнының проценттiк үлесі түпкi өнiмнiң бағасында тiркелген үлеске (адвалорлық үлес ережесi) жетсе, тауарларды өндіру процесiнде шикiзат пен материалдарды одан әрі пайдалану оларды өнеркәсiптiк ұқсату деп ұғынылады.
Нақты тауарларға қатысты осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген шарттарды Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейдi.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
2-1. Өнеркәсiптiк қайта өңдеуге:
1) тауарларды сақтау немесе тасымалдау кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі операциялар;
2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiндегi операциялар (лектi бөлшектеу, жөнелтуді қалыптастыру, сұрыптау, қайта opaу);
3) бекiту материалының (бұрандалардың, гайкалардың, болттардың және басқа бекiту материалдарының) көмегімен не жапсыру, пiсiру, дәнекерлеу немесе желiмдеу арқылы тауар құрауыштарын жинау деп ұғынылатын қарапайым жинау операциялары;
4) егер түпкi өнiмнiң (тауардың) сипаттамалары араластырылатын шикiзат пен материалдардың сипаттамаларынан ерекшеленбейтiн болса, әр түрлi елдерде шығарылатын тауарларды (құрауыштарды) араластыру;
5) мал сою;
6) жоғарыда аталған операциялардың екi немесе одан да көн санының құрамдастырылуы жатпайды.";
92) 250-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiкте "тiзбесiн" деген сөзден кейiн "және оны қалыптастыру тәртiбiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын тауарлар енгізiледі.";
93) 251-баптың 4-тармағында:
"салық төлеушiнiң" деген сөз "қосылған құн салығын төлеушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"түсiрген" деген сөзден кейiн "немесе Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айналымы жөнiндегі (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге жеткiзген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
94) 252-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiм iшiнде қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiлерi қарсы салық тексеруiн жүргізу кезiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, мұндай қосылған құн салығын төлеушiлерге салықты қайтару бұзушылықтар анықталмаған не жойылған сомалар шегiнде жүргiзiледi.
Осы бапқа сәйкес расталған, бiрақ белгiленген мерзiмдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзiмi бұзылған әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 2 еселенген мөлшерiнде өсiмақы есептеледi.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшiн берушiге тексеру тағайындау туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен, мынадай жағдайлар:
1) қарсы тексеру:
бұл салық төлеушiнiң қосылған құн салығын қайтаруға өтiнiш беру сәтiнiң алдындағы он екi ай кезең iшiнде аталған салық төлеушiге айына кемiнде бiр рет тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзудi жүзеге асырған өнiм берушiлерге;
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн берушiлерге;
осы баптың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргiзiлмейтiнi;
2) қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетiлiп шот-фактура жазған берушiлер (жоғарыда аталғандарды қоспағанда) мiндеттi тексеруге жататыны;
3) егер қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсi салық төлеушiлердiң мониторингiне жататын болса, салық қызметi органдары осы Кодекске сәйкес осы берушiлер ұсынатын салық есептiлігінiң негізiнде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауға құқылы екендігі ескерiле отырып қабылданады.";
95) 256-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында "төленбесе," деген сөзден кейiн "конкурстық массаны" деген сөздермен толықтырылсын;
96) 257-баптың 1-тармағында:
5) және 9) тармақшалар алынып тасталсын;
10) тармақшада мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде "конденсатын қоса алғанда" деген сөздер "конденсаты" деген сөзбен ауыстырылсын;
97) 259-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын;
98) 270-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгінде "және газ конденсатымен бiрге мұнайды" деген сөздер ", шикi мұнайды, газ конденсатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
99) 271-баптың 3-тармағында "конденсатын қоса алғанда" деген сөздер "конденсатын," деген сөзбен ауыстырылсын;
100) 277-баптың 1-тармағы "акциздер" деген сөзден кейiн "уәкiлетті мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
101) мынадай мазмұндағы 9-1-бөлiммен толықтырылсын:
"9-1-бөлiм. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы
278-1-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушiлер болып табылады.
278-2-бап. Салық салу объектiсi
Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектiсi болып табылады.
278-3-бап. Есептеу тәртiбi
1. Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiн салық төлеушiнiң оны тасымалдауға жұмсаған шығыстарын шегере отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының сапасына арзандату (үстеме баға) ескерiлген нарықтық бағасын негiзге алып есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы болып табылады.
2. Өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
3. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен төмен болса шикi мұнай газ конденсаты сапасына арзандату ұсынылады. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен жоғары болса, шикi мұнай сапасына үстеме баға қойылады.
278-4-бап. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары мынадай мөлшерлерде белгіленедi:
___________________________________________________________________
Нарықтық бағасы | Ставкасы
___________________________________________________________________
Бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан кем 0 процент
Бiр баррель үшiн 19-дан 20 АҚШ долларына дейiн 1 процент
Бiр баррель үшiн 20-дан 21 АҚШ долларына дейiн 4 процент
Бiр баррель үшiн 21-ден 22 АҚШ долларына дейiн 7 процент
Бiр баррель үшiн 22-ден 23 АҚШ долларына дейiн 10 процент
Бiр баррель үшiн 23-тен 24 АҚШ долларына дейiн 12 процент
Бiр баррель үшiн 24-тен 25 АҚШ долларына дейiн 14 процент
Бiр баррель үшiн 25-тен 26 АҚШ долларына дейiн 16 процент
Бiр баррель үшiн 26-дан 27 АҚШ долларына дейiн 17 процент
Бiр баррель үшiн 27-ден 28 АҚШ долларына дейiн 19 процент
Бiр баррель үшiн 28-ден 29 АҚШ долларына дейiн 21 процент
Бiр баррель үшiн 29-дан 30 АҚШ долларына дейiн 22 процент
Бiр баррель үшiн 30-дан 31 АҚШ долларына дейiн 23 процент
Бiр баррель үшiн 31-ден 32 АҚШ долларына дейiн 25 процент
Бiр баррель үшiн 32-ден 34 АҚШ долларына дейiн 26 процент
Бiр баррель үшiн 34-тен 36 АҚШ долларына дейiн 28 процент
Бiр баррель үшiн 36-дан 37 AҚШ долларына дейiн 29 процент
Бiр баррель үшiн 37-ден 38 АҚШ долларына дейiн 30 процент
Бiр баррель үшiн 38-ден 40 АҚШ долларына дейiн 31 процент
Бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларынан жоғары 33 процент
___________________________________________________________________
278-5-бап. Салық кезеңi
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
278-6-бап. Төлеу мерзiмдерi
Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгі айдың 15-күнiнен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
278-7-бап. Салық декларациясы
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы бойынша декларация тiркеу орны бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктірiлмей берiледi.";
102) 279-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзацта "операцияларын" деген сөзден кейiн "және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөнiндегi жұмыстарды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:
"г) қызметiн өнiмдi бөлу жөнiндегі келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн";
103) 282-бапта:
1-тармақта "Салық" деген сөзден кейiн "режимiнiң бiрiншi моделi бойынша салық" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "салық салу шарттары" деген сөздер "салық режимi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "салық салу шарттары" деген сөздер "салық режимi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте "белгiленетiн салық салу шарттары" деген сөздер "белгiленетiн салық режимi" деген сөздермен ауыстырылсын;
104) 283-баптың 2) тармақшасында:
екiншi абзацтағы "мұнайға" деген сөзден кейiн ", газ конденсатына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"роялти;";
үшiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде "газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға" деген сөздер "шикi мұнайға, газ конденсатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
105) 286-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық сараптамасы - құзыретті орган жасайтын өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгілеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргізiлетiн мiндеттi сараптама.";
106) 292-баптың 2) тармақшасының екiншi бөлiгінде "биржада" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтетiн ақпарат көздерiнiң мәлiметтерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
107) 295-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жер қойнауын пайдалану барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жолымен жүзеге асырылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы роялтидi жер асты құрылыстарын салу кезiнде жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемi үшiн, сондай-ақ мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi үшін төлейдi.";
108) 296-бап "қарамастан," деген сөзден кейiн "сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы бар тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
109) 297-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жер қойнауын пайдалану барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жолымен жүзеге асырылған жағдайда жер асты құрылыстарын салу кезiнде жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемi, сондай-ақ мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi салық салу объектiсi болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезiнде осы баптың 3-тармағында көрсетiлген базадан басқа, мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi роялти есептеу үшiн салық базасы болып табылады.";
4-тармақта:
1) тармақшада:
"мұнай бойынша" деген сөздердiң алдынан "газ конденсатын қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
"жылы үшiн" деген сөздерден кейiн "газ конденсатын қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi-алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"500 000 тоннаға дейiн - 2 процент;
500 000-нан 1000 000 тоннаға дейiн - 2,5 процент;
1000 000-нан 1500 000 тоннаға дейiн - 3 процент;
1500 000-нан 2000 000 тоннаға дейiн - 3,5 процент;
2000 000-нан 2500 000 тоннаға дейiн - 4 процент;
2500 000-нан 3500 000 тоннаға дейiн - 4,5 процент;
3500 000-нан 4500 000 тоннаға дейiн - 5 процент;
4500 000-нан 5000 000 тоннаға дейiн - 5,5 процент;
5000 000 тоннадан жоғары - 6 процент.";
жетiншi абзацта "шикi" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Осы Кодексте белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түріне қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы баптың 3-1-тармағында айқындалған салық базасына роялти ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша роялти төленбейдi.";
110) 47-1-тарау алынып тасталсын;
111) 306-бап "пайдаланушының" деген сөзден кейiн "жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған" деген сөздермен толықтырылсын;
112) 306-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"306-1-бап. Салық базасы
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін таза табыс салық салынатын табыс, корпорациялық табыс салығы және резидент еместің тұрақты мекемесiнiң таза пайдасына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық базасы қазақстандық кадрларды оқытуға жұмсалған iс жүзiндегi шығындардың және (немесе) тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетіледi, бiрақ ол салық базасының он процентiнен аспауға тиiс.";
113) 307 және 308-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"307-бап. Есептеу тәртiбi
1. Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстiң 308-бабында белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.
2. Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады.
3. Жинақталған шығыстар осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы шығыстарының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын сомасы ретiнде айқындалады.";
308-бап. Yстеме пайда салығы ставкалары
Yстеме пайда салығы мынадай мөлшерде белгiленедi:
______________________________________________
Жинақталған табыстардың | |
жинақталған шығыстарға | Ставкасы |
қатынасының алынған мәні | |
______________________________________________|
1,2-ден аз 0 процент
1,2-ден 1,3-кe дейiн 10 процент
1,3-тен 1,4-ке дейiн 20 процент
1,4-тен 1,5-ке дейiн 30 процент
1,5-тен 1,6-ға дейін 40 процент
1,6-дан 1,7-ге дейiн 50 процент
1,7-ден жоғары 60 процент
______________________________________________
";
114) 312-1-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес белгіленеді.";
4-тармақта;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы бөлімнің мақсаттары үшін өтелетін шығыстар осы Кодекстің 313-1-бабына сәйкес айқындалатын өтелетін шығындарды және өтелетін шығындардың құрамына қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды бiлдiредi.";
"2,068" деген сандар "2" деген санмен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"СДНn - пайда түсiретін өнiмдегi Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда, есепті кезең ішiнде төленген салықтардың нақты құны;" деген сөздер "СДНn - өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда, есептi кезең iшiнде төленген салықтардың және мiндеттi төлемдердiң нақты құны;" деген сөздермен ауыстырылсын;
"7,51" деген сандар "7,5" деген сандармен ауыстырылсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде екiншi сөйлем алынып тасталсын;
7-тармақта "инфляцияның" деген сөзден кейiн "1/12" деген сандармен толықтырылсын;
9-тармақ алынып тасталсын;
114) 313-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Yстемеақысыз (аплифтсiз) нақты жүргiзiлген шығындар өтелуi тиiс.";
116) 313-1-баптың 18) тармақшасы алынып тасталсын;
117) мынадай мазмұндағы 313-3 және 313-4-баптармен толықтырылсын:
"313-3-бап. Өтемдiк өнiм есебi
1. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн ұлттық валютада және осы Кодексте белгiленген салық есебi принциптерiне сәйкес осы баптың ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
2. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн жүргiзудi бiр шығынның өтемдiк өнiмде екi рет көрсетiлуiн болдырмайтындай түрде қамтамасыз етуi тиiс.
313-4-бап. Өндiрiлген өнiм құнын есептеу
1. Өндiрiлген өнiм құны бөлу нүктесiнде белгiленедi және әрбiр есептi кезең үшін өндiрiлген өнiмнiң бөлу нүктесiнде өлшенген және тоннамен көрсетiлген көлемiнiң осындай есептi салық кезең iшiнде бөлу нүктесiнде өткiзудiң орташа бағасына көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.
Өнiмдi бөлу нүктесi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта айқындалады.
2. Өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы дегенiмiз жанама салықтар ескерiлмеген, аталған өнiмдi өткiзумен байланысты шығыстар алып тасталған және осы Кодекстiң 313-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес есептi кезеңде өтелетiндерге қосылмаған eceпті кезеңде өнiмдi өткiзуден түскен табыстың есептi кезеңде өткiзiлген өнiмнiң тиiстi жалпы көлемiне бөлiнген жалпы сомасы.
3. Есептi кезеңде өнiмді өткiзу толығымен болмаған жағдайда өнiм соңғы өткiзiлген есептi кезеңдегi өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы кейiннен түзетiле отырып, өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы ретінде алынады.
4. Өндiрiлген өнiм құны трансферттiк баға белгiлеу туралы заңдарға сәйкес түзетуге жатқызылуы мүмкiн.
Өндiрiлген өнiм құнын түзету осы Кодекстiң 312-1-бабының 3-тармағында айқындалған триггерлер мәнiнiң өзгеруiне алып келген жағдайда, Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiнiң мөлшерi мен қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi де түзетiлуi тиiс.";
117) мынадай мазмұндағы 49-1-тараумен толықтырылсын:
"49-1-тарау. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi
314-4-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.
314-5-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу тәртiбi
1. Салық кезеңiнде мемлекет түсiмдерiнiң үлесi салынған инвестицияларды қайтару сәтiне дейiн жиырма проценттен аз және бұдан кейiнгі кезеңдерде жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi, есептi салық кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушы алған өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемi құнының алпыс процентiнен аз болған жағдайда осы бөлiмге сәйкес жер қойнауын пайдаланушы тиiстi айырманы бюджетке төлейдi.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн мемлекет түсiмдерiнiң үлесi Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн, жанама салықтарды қоспағанда, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бiлдiретiн соманы бiлдiредi.
3. Қандай да бiр салық кезеңiнде мемлекет түсiмдерiнiң үлесi өзгертiлген жағдайда, қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының осындай салық кезеңiнде төленген қосымша төлемiнiң сомасы осы баптың 1-тармағында белгiленген шарттарды ескере отырып түзетiлуi тиiс.
314-6-бап. Салық кезеңі
Күнтiзбелiк жыл Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу жөнiндегi салық кезеңі болып табылады.
314-7-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн 15 күннен кешiктiрмей төленедi.
314-8-бап. Салық декларациясы
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 137-бабында белгіленген мерзiмде тiркелген жерi бойынша салық органына табыс етеді.";
119) 315-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, филиалдар мен өкiлдiктер;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бюджетпен есеп айырысуды бiр жолғы талондар негiзiнде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;";
2-тармақта "Заңды тұлғаның" деген сөздер "Резидент заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
120) 316-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзацта "31)-34)" деген сандардан кейiн ", 39)" деген санмен толықтырылсын;
7) тармақша алынып тасталсын;
121) 317-баптың 1 және 2-тармақтардың бiрiншi абзацында "шетелдiк заңды тұлғалардың" деген сөздер алынып тасталсын;
122) 325-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Лизинг алушы қаржы лизингi шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.";
123) 338-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасында "бабында" деген сөз "бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Осы Кодекстiң 121-бабының 2-тармағында белгiленген заңды тұлғалар салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентiн қолданады.";
124) 345-бапта:
1-тармақта "Меншiк" деген сөздiң алдынан "Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектілерi бойынша көлiк құралдары салығын төлеушi болып табылады.";
125) 350-бапта:
"төлеушілер" деген сөз "төлеушi - заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларды және" деген сөздер алынып тасталсын;
126) 353-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жөнiндегі заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есепте белгіленген материалдық және материалдық емес объектiлер негізгi құралдар және материалдық емес активтер болып табылады.";
2-тармақтың 4) тармақшасының он төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;";
127) 354-баптың 3-тармағында "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
128) 355-баптың 2-тармағының 6) тармақшасында "тұлғалардың" деген сөзден кейiн "және шаруа (фермер) қожалықтарының" деген сөздермен толықтырылсын;
129) 357-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"357-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үй-жайлар бойынша жеке кәсiпкер салықты осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейдi.";
130) 361-баптың 2-тармағында:
2) тармақшада:
"Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар," деген сөздер алынып тасталсын;
"І және II топтағы мүгедектер," деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.";
131) 370-баптың 3 және 4-тармақтарының мемлекеттiк тілдегі мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
132) 372-бапта:
1-тармақта "тұлғалар" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ осы Кодекстiң 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "Жылына" деген сөз "Салық агенттерiмен жасасқан шарт негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;
133) 374-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Кезектi патент алу үшiн патент алуға өтiнiш алдыңғы патенттің қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушi салық органдарына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есептеулерді ұсынбайды.";
134) 377-бапта:
1-тармақта мемлекеттiк тiлдегі мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды төлеумен бiр мезгiлде салық төлеушiлер Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеудi де жүргізеді.";
135) 378-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығы осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бередi.";
136) 379-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын;
137) 380-бапта:
1-тармақта "негiз" деген сөз "салық салу объектiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын;
138) 381-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
139) 382-баптың 1-тармағында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "салығы" деген сөзден кейiн "мен әлеуметтік салық" деген сөздермен толықтырылсын;
140) 383-бапта:
1-тармақта "шаруа (фермер) қожалығының басшысын және мүшелерiн қоса алғанда," деген сөздер алынып тасталсын, "қызметкер" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жерлер бойынша жүргізiледi.";
141) 384-бапта:
бiрiншi абзацта "салығы" деген сөзден кейiн "мен әлеуметтiк салықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша алынып тасталсын;
142) 387-бапта:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын;
4-тармақта:
"тiркеу есебiне қойылған" деген сөздер "әдiлет органдарында мемлекеттiк (есептiк) тiркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда салық төлеушi аталған жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған сәттен бастан отыз күнтiзбелiк күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiшті салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бередi.";
143) 388-баптың 5-тармағы:
"және есепті салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей салық органына патент құнының өзгертiлген есебiн табыс етедi" деген сөздермен толықтырылсын;
144) 389-бапта "бюджетке төлеу" деген сөздерден кейiн "жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
145) 390-бап мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жерлер бойынша жүргiзiледi.";
146) 391-баптың 11) тармақшасында, 392-баптың 7-тармағында, 395 және 396-баптарда мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
147) 397-бапта:
1-тармақта мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгеріссiз қалдырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "өзгерген жағдайда" деген сөздерден кейiн "осы өзгерiстер туындаған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын.";
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстiң 392-бабының 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге acыруды тоқтатқанда, сондай-ақ салық салу объектiлерiнiң жалпы саны (тұрақты нүкте) шыққан кезде, объектiлердiң есебiн тiркеу карточкасы қызметтi жүзеге асыру тоқтаған, салық салу объектiлерiнiң (тұрақты нүкте) шығып қалған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына тапсырылуы тиiс.";
148) мынадай мазмұндағы 70-1-тараумен толықтырылсын:
"70-1-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшін алым
406-1-бап. Жалпы ережелер
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
406-2-бап. Алым төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заң актiсіне сәйкес тiркелуге тиiс, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды;
406-3-бап. Алымды есептеу төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi.
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиісті құжаттарды бергенге дейiн төленген алым сомасын қайтару жүргізілмейдi.
Бұл ретте тиiсті тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды көрсетілген тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi бергеннен кейiн қайтару жүргізiледi.";
149) 428-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;";
150) 430-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерiнiң күші жоқ деп таныған жағдайларды қоспағанда төленген алым сомалары қайтарылмауға тиiс.";
151) 450-баптың 5-тармағында:
"декларация" деген сөз "ағымдағы төлемдер сомаларының есептемесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"он" деген сөзден кейiн "күнтiзбелiк" деген сөзбен толықтырылсын;
152) 451-баптың 2-тармағында және 454-баптың 3-тармағында "рұқсат" деген сөз "рұқсат беру құжаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
153) 466-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарларды ен салу, сақина салу, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда көшiру, жерсiндiру мен будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде төлемақы алынбайды.";
154) 488-баптың 6-тармағында "бюджетке" деген сөзден кейiн "рұқсат беру құжатында көрсетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
155) 495-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар мен бекiре балығын, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгі беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған аэрозольдi және басқа құрылғыларды, үрлемелi қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын пневматикалық қаруды қоспағанда және калибрi 4,5 миллиметрге дейiнгілерiн қоса алғанда) әрбiр бiрлігін тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;";
13) тармақшада:
"куәлігін" деген сөзден кейін ", тракторшы-машинистің куәлігін, механикалық" деген сөздермен толықтырылсын";
156) 496-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарында "және", "айыппұлдардың" деген сөздер алынып тасталсын;
157) 500-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"сирек кездесетін және құрып кету қатерi төнген жануарлар түрлерi мен бекiре балығын, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшін - 200 процент;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мыналарды бергенi үшiн:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық қызметтік қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 10 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 50 процент;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған аэрозольдi және басқа құрылғыларды, үрлемелi қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын пневматикалық қаруларды қоспағанда және калибрлi 4,5 миллиметрге дейiнгiлерiн қоса алғанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) мыналарды бергенi үшiн:
тракторшы-машинист куәлігі - 50 процент;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, оларға тiркемелердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, өздігінен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгісi - 100 процент;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттік тiркеу үшiн техникалық паспорт - 50 проценті;
158) 501-бапта:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) бюджет заңдарына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк қарыздарды қайтару жөнiнде шағыммен сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);";
21) тармақшада:
"банктердiң" деген сөз "қаржы ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қарыз" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
"22) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлетті банктер:
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қайтарым негiзiнде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;
мүлiктен өндiрiп алу туралы;
борышкерлердiң сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қойған кезде";
159) 506-баптың 4-тармағында:
"ықтиярхат" деген сөзден кейiн "және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi" деген сөздермен толықтырылсын;
"азаматтар" деген сөзден кейiн ", қарттарға арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар, мемлекеттің толық қарамағындағы және балалар үйлерi мен интернат ұйымдарында тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
160) 507-баптың 2-тармағында:
6-1) тармақшада:
"куәлiктерiн," деген сөзден кейiн "тракторшы-машинист куәлiктерiн, механикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлшектерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қарудың (аңшылық суық қаруды, белгі беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған аэрозольдi және басқа құрылғыларды, үрлемелi қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын пневматикалық қаруды қоспағанда және калибрi 4,5 миллиметрге дейiнгілерiн қоса алғанда) әрбiр бiрлігін тiркегенi және қайта тіркегенi үшiн - тиiсті құжаттарды бергенге дейiн;";
161) 520-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушiнiң куәлiк нысанын уәкiлетті мемлекеттік орган белгiлейдi.";
162) 525-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiнде "Осы тармақтың мақсатында әрекетсiз" деген сөздер "Әрекетсiз" деген сөздермен ауыстырылсын;
163) 526-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттің банктегi ақшасы жеткiлiктi болған жағдайда, салық төлеушiнiң банк шотынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi.
Белгiленген мерзiмде енгізiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер сомаларын, өсімпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассалық өкiмдерiн осындай тәртiппен салық органдары нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей орындауға мiндеттi.
Банктегi ақша клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз немесе болмаған кезде банк салық берешегiн өтеу шотына ақшаны алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгіленген кезектiлiк тәртібiмен жүргізедi.";
164) 533-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселесi бойынша";
165) 534-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы "түрi бойынша," деген сөздерден кейiн "акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде:
қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы, сондай-ақ лицензиар лицензияның iс-әрекетiн тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәнiне:
осы Кодекстiң 52-бабына сәйкес салық төлеушiнiң және оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды белгілеу мәселесi бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезiнде;";
166) 536-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада:
салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi;
мiндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалуды және (немесе) есептеу мәселелерi;
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар осы Кодексте белгіленген мiндеттемелердi орындау мәселелерi;
трансферттік бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi;
акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi;
салық төлеушiнiң және оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды анықтау мәселелерi көрсетiледі.";
167) 545-баптың 3-тармағында:
"тәртiппен" деген сөзден кейiн "және мерзiмдерде" деген сөздермен толықтырылсын;
168) 549-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген акциз алымы таңбаларымен және есептiк-бақылау таңбаларымен таңбалауға акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импортерлер, сондай-ақ банкроттың мүлігін (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар өндiредi.
Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген акциз алымы таңбаларымен және есептiк-бақылау таңбаларымен таңбалаудың дұрыстығы үшiн акцизделетiн тауарлардың дайындаушылар мен импортерлерi, сондай-ақ банкроттың мүлкін (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жауапты болып табылады.";
169) 551-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"551-бап. Жергілiктi атқарушы органдарға және уәкiлетті органдарға бақылау жасау";
"уәкiлеттi органдарға" деген сөздердiң алдынан "жергілiктi атқарушы және" деген сөздермен толықтырылсын;
"органдары" деген сөзден кейiн "салық және" деген сөздермен толықтырылсын.
170) 555-баптың 1-тармағында:
"салық органында" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушiлердiң мониторингтелуі тиiс шағындары бойынша шағымды қарайтын салық қызметi органы көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауы тиiс.";
171) 557-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушiлердiң мониторингтелуі тиiс шағымдары бойынша уәкiлетті мемлекеттiк орган көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауы тиiс.".
4. 2004 жылғы 6 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне :
1) 46-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
"4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер;";
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) экспортқа шығарылатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
6) үстеме пайдаға салынатын салық;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;";
2) 48-баптың 1-тармағында:
7) тармақшаның алтыншы және жетiншi абзацтары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;";
3) 49-баптың 1-тармағында:
7) тармақшаның алтыншы және жетiншi абзацтары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;".
5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 жылғы 16 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 маусымдағы Заңы; 2004 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 10 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне кредиттiк бюро қызметi және кредиттік тарихты қалыптастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңы; 2004 жылғы 20 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне инвестициялық қорлар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңы):
50-баптың 6-тармағының д) тармақшасы "байланысты" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 жылғы 16 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 маусымдағы Заңы):
1) 22-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және/немесе салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi болмаған жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге шыққан) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен аударылады.";
2) 22-4-бапта:
1-тармақта "1,5" деген сандар "2,5" деген сандармен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешектер шегіндегi ақшаны агенттердiң банктегі шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектердi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен агентке жiберiлген хабарлама негізiнде жүргiзiледi.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Агент хабарлама алған күннен бастап бес күн жұмыс құн iшiнде салық органына:
мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн;
әр жинақтаушы зейнетақы қор бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн бepугe мiндеттi.
Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу-салық органының инкассалық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Банктегi ақша клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз немесе болмаған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгіленген кезек тәртiбiмен жүргiзеді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектер пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн ұсынбаса, мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектерi болса, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар агенттердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары мен салықтық берешектi аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмiн банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күнiнен кейiнгі 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған салық органы жояды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Агенттiң банк шоттары болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен агенттің қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.";
3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептеп, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есеп-қисапты тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде берiп отырады. Есеп-қисаптың нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлетті орган белгiлейдi.".
7. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 ж. 29 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 5, 138-құжат):
14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық қызметi органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектердi өндiрiп алуға инкассалық өкiмдерi пайдасына берешек өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiмен қоса банктерге табыс етiледi.".
8. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 196-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат):
1) 6-бапта:
3-тармақ "мүлiк кепiлi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта үшiншi сөйлем алынып тасталсын;
2) 9-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiп мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Өтінiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуi тиiс.";
5-тармақ алынып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-баптармен толықтырылсын:
"9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тіркегенi үшiн алынатын алым
Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленген тәртіппен алым алынады.
9-2-бап. Ақпараттық қызметтер көрсету және өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берілген қателердi түзету үшiн төленетiн ақы
Ақпараттық қызметтер көрсеткенi үшін, сондай-ақ өтінiш берушiнiң кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берiлген қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақы алады.";
4) 11-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат болмаса.";
4-тармақ алынып тасталсын;
5) 15-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
6) 18-баптың 4 және 5 тармақтары алынып тасталсын;
7) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы.".
9. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 448-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат):
1) 15-баптың 5-тармағында:
"бip жолғы алым" деген сөздер "салық заңдарына сәйкес мемлекеттiк баж алымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем алынып тасталсын;
2) 26-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қару-жарақ пен оның патрондарын Қазақстан Республикасына әкелуге және оларды Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беру үшiн салық заңына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.";
3) 28-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жеке және заңды тұлғаларға лицензиялар беру кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымдар ставкаларын бекiтедi;".
10. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат):
1-баптың 1) тармақшасы "өнiмi -" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiмдердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 ж. 25 сәуiрдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; N 11, 56-құжат; 2003 ж., N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 жылғы 14 шiлдеде "Егемен-Қазақстан" және 2004 жылғы 13 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегі Заңы):
26-бап алынып тасталсын.
12. "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат):
1) 15-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
2) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, төлеушi Қорға әлеуметтiк аударымдарды, төлемдердi Орталықтың банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгі айдың 15-iнен кешiктiрмей төлейдi.";
2-тармақ алынып тасталсын;
3) 17-бапта:
1-тармақта "2" деген сан "2,5" деген сандармен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтiк аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, салық органдары төлеушiнiң банк шоттарынан құралған берешек шегiнде ақшаны өндiрiп алуға құқығы.
Әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртiппен төлеушiге хабарлама жiберiле отырып, салық органының инкассалық өкiмi негізiнде жүргізiледi.
Төлеушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетін мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмде салық органына беруге мiндетті.
Банктегi ақша клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда банк ақшаны алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгіленген кезектілiк тәртiбiмен жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Төлеушiнiң банк шоттары болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен төлеушiнiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.";
4) 18-бапта:
"есептердi" деген сөз "есептi" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Есеп-қисаптың нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлетті орган белгiлейдi.".
13. "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 ж. 13 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат):
32-бапта:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегін қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу";
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер бойынша берешегiн" деген сөздер "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi