Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгі құрылымын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 1654 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1654 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi:
      1) жергілiктi мемлекеттiк басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн;
      1-1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын қоспағанда, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымында көзделген әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, құқығын берсін;
      1-2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін және өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін;
      1-3) осы қаулымен бекітілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларында атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметін құруды штат саны лимиттерінің шегінде қамтамасыз етсін;
      2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.28 N 1107 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Орталық мемлекеттiк органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 3-тармақты қоспағанда 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                     Үкiметiнiң
                                              2004 жылғы 4 қазандағы
                                                 N 1022 қаулысымен
                                                     бекiтiлген

      Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.03.20 N 276 , өзгерту енгізілді - 2008.07.30 N 720
; 2008.11.28 N 1107 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі), 2008.12.20 N 1189 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасының жергiлiктi
мемлекеттік басқару үлгi құрылымы

1. Облыстық әкімдік

      1. Облыс әкімінің аппараты
      2. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
      3. Ішкі саясат басқармасы
      4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
      5. (алынып тасталды - 2008.11.28 N 1107 (2009 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
      6. Денсаулық сақтау басқармасы
      7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
         басқармасы
      8. Мәдениет басқармасы
      9. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен
         дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру
         басқармасы
      10. Білім басқармасы
      11. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      12. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
      13. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
          басқармасы
      14. Ауыл шаруашылығы басқармасы
      15. Құрылыс басқармасы
      16. (алынып тасталды - 2008.11.28 N 1107 (2009 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
       16-1. Қаржы басқармасы
      17. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
      18. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
      19. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы
      20. Жер қатынастары басқармасы
      21. Тілдерді дамыту басқармасы
       22. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі

      1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты
      2. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын
         әкімшілендіру басқармасы (Астана қаласы)
      3. Сәулет және қала құрылысы басқармасы
      4. Ішкі саясат басқармасы
      5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
      6. Жастар саясаты мәселелері басқармасы (Алматы қаласы)
      7. Тұрғын үй басқармасы
      8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
      9. Денсаулық сақтау басқармасы
      10. Мәдениет басқармасы
      11. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен
          дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру
          басқармасы
      12. Білім басқармасы
      13. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      14. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
      15. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
      16. Құрылыс басқармасы
      17. (алынып тасталды - 2008.11.28 N 1107 (2009 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
       17-1. Қаржы басқармасы
      18. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
      19. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
      20. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы
      21. Жер қатынастары басқармасы
      22. Тілдерді дамыту басқармасы
      23. Ауыл шаруашылығы басқармасы
       24. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

3. Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі

      1. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің аппараты
      2. Ішкі саясат бөлімі
      3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі
      4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және
         автомобиль жолдары бөлімі
      5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
      6. Жер қатынастары бөлімі
      7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
      8. Білім бөлімі
      9. Кәсіпкерлік бөлімі
      10. Ауыл шаруашылығы бөлімі
      11. Құрылыс бөлімі
      12. Дене шынықтыру және спорт бөлімі
      13. (алынып тасталды - 2008.11.28 N 1107 (2009 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).
       13-1. Қаржы бөлімі
      14. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады