Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметі" республикалық мемлекеттiк мекемесi аға, орта және кіші басшы құрамының погондары бар нысанды киiмi (киiм-кешегi) туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қазандағы N 1028 Қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 722 қаулысымен

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылы 5 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң аға, орта және кiшi басшы құрамы заңнамада белгіленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы ішкі iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешектің жаңа үлгiлерiне көшуi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1390  қаулысымен  бекiтiлген iшкi iстер органдарының ішкі қызметiне арналған үлгiдегi погондары бар нысанды киiммен (киiм-кешекпен) қамтамасыз етіледі деп белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады