"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1121 Қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінен қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2005.03.29.  N 272 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; 2004 жылғы 27 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актiлерiне сайлау заңдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi  Заңы ):
      1) 172-бапта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабында мәлiм болған мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда -
      екі жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе басқа табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      үшiншi бөлiк алынып тасталсын;
      2) 173-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "мемлекеттiк құпиясы", "мемлекеттiк құпияны" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк құпиялары", "мемлекеттiк құпияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      3) 386-бап алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргiзу  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж.,  23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат):
      1) 53-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "(мемлекеттiк, әскери және қызметтік құпия, жедел-iздестiру қызметi, анықтау және алдын-ала тергеу құпиясы)" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 275-баптың екiншi бөлiгiндегi "мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпия" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық іс жүргiзу  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 231-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; 2004 жылғы 27 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне сайлау заңдары мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi  Заңы ):
      278-баптың үшiншi бөлiгiндегi "мемлекеттiк құпия" деген сөздер "мемлекеттік құпиялар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшілік құқық бұзушылық туралы  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; 2004 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 10 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне кредиттiк бюролардың қызмет және кредиттiк тарихты қалыптастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi  Заңы ; 2004 жылғы 27 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сайлау заңдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi  Заңы ):
      1) 69-баптың екiншi бөлiгi "сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық," деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы құқық бұзушылық," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 386-бапта:
      бiрiншi бөлiгi "Мемлекеттiк құпияларға" деген сөздерден кейiн "қол жеткiзудiң немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер осы әрекеттерде қылмыстың белгілерi болмаса, мемлекеттiк құпиялармен және олар сақталған көздермен жұмыс iстеуге рұқсат етiлген жеке тұлғалардың құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, -
      бестен жиырмаға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      үшiншi бөлiк алынып тасталсын;
      3) 576-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "басқарма бастығы" деген сөздер "мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi жөнiндегi құрылымдық бөлiмшенің басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат):
      3-баптың 4) тармақшасындағы "мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиялар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2003 ж., N 15, 135-құжат):
      18-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- тәртiптi, қырағы болуға, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердің жария болуына жол бермеуге, келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелердi қатаң сақтауға мiндеттейдi.".

      7. "Жедел iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 жылғы 30 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне жедел iздестiру қызметi мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi  Заңы ):
      1) 2-баптың тоғызыншы абзацындағы "мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия мағлұматтардың" деген сөздер "мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 10-баптың 2-тармағының төртiншi абзацындағы "мемлекеттiк құпия" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 12-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрауы мүмкiн.";
      4) 23-баптың 4-тармағындағы "мемлекеттік құпия" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат):
      12-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтердi қарсы барлаудан қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға;"

      9. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат):
      14-баптың 2-тармағындағы "мемлекеттiк, коммерциялық және қызметтiк құпия" деген сөздер мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын құпиялар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат):
      1) 1-бапта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттiк құпиялар - жариялануы немесе жоғалуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн әскери, экономикалық, ғылым-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау қарсы барлау, жедел iздестiру және өзге де қызметтегі, мемлекет қорғайтын мәліметтер;";
      үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
      2) 4-баптың 2-тармағының үшiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер пайдаланылатын жұмыстардың көлемiне байланысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердi құрады және олар жүргiзетiн жұмыстардың ерекшелiгiн ескере отырып, олардың функцияларын анықтайды.";
      3) 7, 8, 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттігi
      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;
      2) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органның құрамы, құрылымы туралы ұсыныстар жасайды;
      3) өз құзыретінің шегiнде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi шығарады;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаның әзiрленуiн ұйымдастырады;
      5) бюджетте мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаны iске асыруға бағытталатын қаржы бөлудi көздейдi, мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстары материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;
      6) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі бөлiмшелердi ұйымдастыру, олардың жұмыс iстеу және таратылу тәртiбiн белгiлейдi;
      7) құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық тiзбелерiн әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
      8) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының айрықша режимдi және режимдi объектiлерінің санатына жатқызу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуi регламенттелген Қазақстан Республикасы аумақтарының тiзбелерiн айқындайды;
      9) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк құпияларға рұқсат берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
      10) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      11) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның, сондай-ақ мәлiметтердің құпияландырылуы салдарынан олардың көздерi иесiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау тәртiбiн белгiлейдi;
      12) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы халықаралық шарттарды жасасады және олардың орындалуын қамтамасыз eтeдi;
      13) осы Заңмен көзделген мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы өзге де өкiлеттіктерге ие болады.

      8-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiгi

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай саясатты жүзеге асырады және мынадай негізгi функцияларды атқарады:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi құқықтық, әкiмшiлiк, экономикалық бағдарламалық, техникалық және криптографиялық шаралар жүйесiн әзiрлеу жөнiндегi қызметiн үйлестiредi, олардың Қазақстан Республикасының аумағында орындалуын бақылайды;
      2) өз құзыретінің шегiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
      3) басқа мемлекеттік органдармен бiрлесiп, мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
      4) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
      5) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшелердiң кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн көтерудi ұйымдастырады;
      6) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      7) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      9-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен оның органдарының өкiлеттігi

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитетi мен оның органдары:
      1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаудан қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      2) өз құзыретінің шегiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi шығарады;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзумен байланысты қылмыстарды анықтайды, олардың жолын кеседi, ашады және тергеу жүргiзедi.

      10-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілеттігi

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары:
      1) құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық тiзбелерiн әзiрлейдi;
      2) өздерi әзiрлеген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның iшiнде өздерiне ведомстволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз етедi;
      3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етудiң немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн залалдың мөлшерiн айқындайды;
      4) өздеріне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етедi;
      5) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтердің құпиялылық дәрежесiн айқындайды;
      6) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегi бөлiмшелердi құрады, олардың жұмыс iстеуiн, қайта ұйымдастырылуын және таратылуын қамтамасыз етедi;
      7) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және орындауға қатысады;
      8) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      9) ұйымдарды айрықша режимдi және режимдi объектiлер санатына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
      10) өз құзыретiнің шегiнде мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс iстеуге рұқсат етiлетiн азаматтарға қатысты тексеру iс-шараларын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      11) мемлекеттiк құпияларды қорғау жүйесiн жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi.";
      4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлеттiгi
      Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) өз құзыретінің шегiнде мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерi жөнiнде қаулылар шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
      2) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың орындалуын қамтамасыз eтeдi;
      3) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамсыздандыруды қамтамасыз етедi;
      4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшелердi құрады, олардың жұмыс iстеуiн, қайта ұйымдастырылуын және таратылуын қамтамасыз етедi.";
      5) 11-бапта:
      1) тармақшада:
      "әскерлерді" деген сөзден кейiн ", Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      "құжаттарын, әскерлерді" деген сөздерден кейiн ", Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "саны," деген сөз алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) әскерлердi, Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiн жедел даярлаудың жай-күйiн құрамын және (немесе) әскерлердi басқару жүйесiнің жай-күйiн ашатын мәлiметтер;";
      5) тармақшада:
      "әскерлердің" деген сөзден кейiн ", Азаматтық қорғаныс (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет) бөлiмдерiн және (немесе) Азаматтық қорғаныс басқармасы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      "әскерлердi" деген сөзден кейiн ", Азаматтық қорғаныс (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет) бөлiмдерiн және (немесе) Азаматтық қорғаныс басқармасы органдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "әскери тасымалдаумен" деген сөздер "әскери тасымалдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қару-жарақ пен әскери техниканың бағыттарын, ұзақ мерзiмдi болжамдарын немесе дамыту жоспарларын, жеткiзу көлемдерiн, олардың сапалы жаңа деңгейiн, тактикалық-техникалық сипаттамаларын айқындайтын, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгiлерiн жасау немесе ескiлерiн жаңғырту жөнiндегi мақсатты бағдарламалардың, зерттеу тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың мазмұнын немесе оларды орындау нәтижелерiн ашатын мәлiметтер;";
      7) тармақша "тәртiбiн ашып көрсететiн" деген сөздерден кейiн ", олардың сапалы жаңа деңгейiн айқындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы "бактериялық" деген сөз "бактериологиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) тармақшада:
      "баллистикалық" деген сөз "баллиститтiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "өндiрудiң қасиеттерiн" деген сөздердің алдынан "түрлерiн" деген сөзбен толықтырылсын;
      11) тармақша "ұйымдық құрылымын" деген сөздерден кейiн "(бағыныстылығы)" деген сөзбен толықтырылсын;
      13) тармақша "міндеттемелерiне кiрмейтiн" деген сөздерден кейiн "айрықша режимдi," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 12-бапта:
      6) тармақшадағы "мәлiметтер" деген сөз "жиынтық мәлiметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада:
      "тактикалық-техникалық" деген сөздерден кейiн "түрлерiнің" деген сөзбен толықтырылсын;
      "сипаттамасы туралы" деген сөздерден кейiн ", олардың сапалы жаңа деңгейiн айқындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) әскери эталондардың метрологиялық сипаттамаларын ашатын, қару-жарақ пен әскери техниканың сапалы жаңа деңгейiн айқындайтын мәлiметтер;";
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) қару-жарақ пен әскери техника саласындағы стандарттардың мазмұнын ашатын, олардың сапалы жаңа деңгейiн айқындайтын мәлiметтер;";
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) отынның стратегиялық түрлерiн жеткiзудiң және олардың қорларының көлемдерiн ашатын мәлiметтер;";
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша пайдалы жер асты қазбалардың жекелеген түрлерінің теңгерiмдік қорларын ашатын мәлiметтер;";
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерiн өндiру туралы деректердi ашатын мәлiметтер;";
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) қару-жарақ пен әскери техниканың кейбiр түрлерiне тапсырыстарға, оларды әзiрлеуге, өндiруге арналған, режимдi объектілерде инженерлік-техникалық iс-шараларды жүргiзуге арналған қаржы бөлудi немесе нақты шығындарды ашатын мәлiметтер;";
      16) тармақшада:
      "әскерлердi ұстауға" деген сөздерден кейiн "және дамытуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      "баптары" деген сөз "ерекшелiктерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      21) тармақша "жасау" деген сөзден кейiн "және (немесе) жинақтау" деген сөздермен толықтырылсын;
      22) тармақша "маңызы зор" деген сөздерден кейiн "әуе-ғарыштық, гравиметриялық," деген сөздермен толықтырылсын;
      24) тармақшадағы ", ауыл шаруашылығы" деген сөздер алынып тасталсын;
      25) тармақшадағы "медициналық-санитариялық" деген сөздер "медициналық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "29) мемлекеттік және (немесе) жұмылдыру резервтерiнiң нақты қорларын ашатын жиынтық мәлiметтер;";
      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "33) елдi қорғау мүдделерiнде пайдаланылуы мүмкiн кен қазу орындары, табиғи үнгiрлер, метрополитендер немесе басқа да құрылыстар туралы мәліметтеp;";
      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "35) атом-энергетикалық кешенi объектілерінің қауіпсiздігін қамтамасыз ету туралы мәлiметтер;";
      7) 14-баптың 14) тармақшасында:
      "және салық" деген сөздер алынып тасталсын;
      "ішкi iстер" деген сөздерден кейiн "және қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 18-бапта:
      1-тармақтағы "қауіпсiздігі мен мемлекеттiң, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне" деген сөздер "қауiпсiздiгiне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктерi алынып тасталсын;
      9) мемлекеттік тiлдегi мәтінiндегі 19-баптың 4-тармағы өзгерiссiз қалдырылсын;
      10) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi құпияландыру мерзiмi жиырма жылдан аспауға тиiс. Бұл мерзiм мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде мәлiметтердi мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнiнде өкілеттіктер берiлген мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының шешiмi бойынша ұзартылуы мүмкін.";
      11) мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiндегi 21-баптың 1-тармағы өзгерiссiз қалдырылсын;
      12) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық (салалық) тiзбесiне мемлекеттiк органдардың өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi.";
      13) 26-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ұйым филиал немесе өкілдiк болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тапсырысшы бiрлескен және басқа жұмыстарды орындаушы ұйымда өзiнiң мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшесінің құрылымдық бөлiмшесiн құруға құқылы.";
      14) 27-баптың тақырыбы мен мәтінi "шет мемлекеттерге", "шет мемлекетке", деген сөздерден кейiн тиiсiнше "және халықаралық ұйымдарға", "және халықаралық ұйымға" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 29-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, азаматтарына, шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларымен жұмыс iстеуге рұқсат ету";
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi үшiншi абзац "келiсiмiн" деген сөз "жазбаша келiсiмiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "әкiмшiлiк пен" деген сөздер "жұмыс берушi мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "құпия немесе" деген сөздер "құпия және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Тұрақты негiзде мемлекеттiк құпияларға рұқсат берiлген Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтары үшін мемлекеттік құпияларға берiлген рұқсаттарының нысанына байланысты еңбекақыларына пайыздық үстемелер белгiленедi.";
      4-тармақтағы "шетелдiктерге" деген сөздер тиiсiнше "шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттiк құпияларға рұқсат ету туралы шартқа (келiсiм-шартқа) қол қоюдан бас тартуы;";
      17) 31-баптың 2-тармағындағы "әкiмшіліктің" деген сөз "жұмыс берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 32-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы "республикадан тыс жерлерге" деген сөздерден кейiн "тұрғылықты мекен-жайға" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "34-бап. Ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер пайдаланылатын жұмыстар жүргізуге рұқсат беру
      1. Ұйымдарға мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер пайдаланылатын жұмыстар жүргiзуге рұқсат Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және оның органдары беретiн рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      Рұқсат ұйымдарды арнайы сараптамадан өткiзу және олардың басшыларын аттестаттау нәтижелерінің негiзiнде берiледi.
      2. Президент қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарға, Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, Парламенттің аппараттарына, Орталық сайлау комиссиясына, Конституциялық Кеңес аппаратына, Жоғарғы сот аппаратына, орталық атқарушы органдарға, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiктерге мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер пайдаланылатын жұмыстар жүргiзуге рұқсат берудi аталған мемлекеттiк органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.";
      20) 35-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрленетiн мемлекеттiк стандарттарда айқындалады.";
      21) мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2-баптармен толықтырылсын:
      "36-1-бап. Ведомствоаралық және ведомстволық бақылау
      1. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияларды қорғаудың қамтамасыз етiлуiн ведомствоаралық бақылауды мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдігі мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттік органмен келiсiм бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктерде мемлекеттік құпияларды қорғаудың қамтамасыз етiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік органдар мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсiм бойынша ведомстволарда, аумақтық органдарда және өздерінің қарауындағы ұйымдарда мемлекеттiк құпияларды қорғаудың қамтамасыз етiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілігінде, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының аппараттарында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзетi қызметiнде мемлекеттiк құпияларды қорғаудың қамтамасыз етілуiн бақылауды олардың басшылары ұйымдастырады.
      4. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияларды қорғаудың қамтамасыз етiлуiн ведомствоаралық және ведомстволық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      36-2-бап. Прокурорлық қадағалау

      Мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi заңдардың қолданылуын және бұл ретте қабылданатын шешiмдердiң заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.";
      22) 37-баптың 1-тармағындағы "сондай-ақ шетелдiктер" деген сөздер "шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Қазақстан Республикасының патент заңы" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 718-құжат; 2004 жылғы 27, 28 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi  Заңы ):
      37-баптың 1-тармағындағы "мемлекеттiк құпия" деген сөздер "мемлекеттік құпиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат):
      26-бапта:
      12) тармақшадағы "мемлекеттiк, қызметтiк" деген сөздер "мемлекеттік құпияларды," деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақшадағы "бойынша бұзылуы мүмкiн" деген сөздер "бойынша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) егер оның негiзгi лауазымдық мiндеттерiне мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс iстеу кiретiн болса, қызметкерге мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеуге берiлген рұқсат мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада белгiленген тәртiппен тоқтатылған жағдайларда бұзылуы мүмкiн.".

      13. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; 2004 жылғы 27 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сайлау заңдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi  Заңы ):
      6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды бекiту;".

      14. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 15-16, 226-құжат):
      1) 5-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы "мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияға жататын" деген сөздер "мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 23-баптың 1-тармағының екiншi бөлігiндегі "Мемлекеттік немесе қызметтік құпия болып табылатын" деген сөздер "мемлекеттік құпиялар бар" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады