Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi
N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.3.3-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар Бағдарламаның уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын 20 шiлдеден және 20 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жыл сайын 1 тамызға және 1 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 27 қаңтардағы
N 67 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігін
және еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң
2005-2007 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының еңбек
қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды
қамтамасыз етудің 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
үшiн негіздеме 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006
жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының
6.3.3-тармағы
Әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi
Бағдарламаның мақсаты Қызметкерлердiң қауiпсiз еңбек
жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету
Негiзгi мiндеттерi Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi
қорғауды нормативтiк құқықтық
қамтамасыз ету;
еңбекті қорғауды басқару жүйесiн
жетiлдiру;
қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгін
және еңбектi қорғау мәселелерi
бойынша оқыту, еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау саласында
ақпараттық қамтамасыз ету;
еңбек қауiпсiздiгi мен еңбекті қорғау
туралы заңнаманың сақталуын
мемлекеттік қадағалау мен бақылау
жүйесiн институционалдық дамыту;
еңбек қауiпсiздiгi мен еңбекті
қорғауды ғылыми қамтамасыз ету;
еңбек қатынастары саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру
оларды қаржыландыру кәсiпорындардың өз қаражаты,
көздерi халықаралық және қоғамдық
ұйымдар қаражаты мен республикалық
бюджет қаражаты есебiнен: 174838,8 мың
теңге көлемiнде, оның iшiнде:
2005 жылы - 64449,0 мың теңге;
2006 жылы - 79359,7 мың теңге;
2007 жылы - 31030,1 мың теңге
мөлшерінде жүзеге асырылатын болады.
2006-2007 жылдары Бағдарламаны iске
асыру үшiн қажетті бюджет қаражатының
көлемi тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджетті қалыптастыру
кезiнде нақтыланатын болады
Бағдарламаны iске Бағдарламаны iске асыру
асырудан күтiлетiн 2007 жылдың аяғына:
нәтижелер еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау
саласындағы бiрыңғай мемлекеттік
саясатты жүргізудің тиiмдiлiгiн
арттыруға;
еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау
туралы заңнаманың сақталуын бақылауды
күшейтуге;
еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау
жөнiндегі нормативтік құқықтық
кесiмдердi әзiрлеу және бекiту кезiнде
бiрыңғай талаптар белгілеуге;
республика ұйымдарында XEҰ ұсынған
ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001 "Еңбек
қауiпсiздігін басқару жүйелерi
жөнiндегi басшылыққа" сәйкес еңбектi
қорғауды басқару жүйесiн енгiзуге;
өндiрiстiк жарақаттану және кәсiптiк
аурулар деңгейiн 2-3 пайызға
төмендетуге;
санитарлық-гигиеналық нормаларға
жауап бермейтiн жағдайларда жұмыс
істейтіндер санын 5-6 пайызға
азайтуға;
жұмыс уақытының өндірістік емес
шығындарын 4-5 пайызға қысқартуға;
өндірісте зардап шеккендерді емдеуге,
оңалтуға және зиянды өтеу шығыстарын
5-6 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.
Іске асырылу мерзімі 2005-2007 жылдар
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігін және еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.3.3-тармағының негізінде әзiрлендi.
Бағдарлама аса маңызды жалпы мемлекеттiк проблемаларды шешуге, республика халқының денсаулығын жақсартуға, оның өмiр сүру деңгейi мен сапасын арттыруға, еңбектi қорғау мен еңбек қауіпсіздігін жетiлдiруге бағдарланған және Қазақстан Республикасы Конституциясының әр азаматтың қауiпсiздiк және гигиена талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайларына құқығын белгiлейтiн 24-бабын iске асыруға бағытталған.
"Қазақстан-2030" Даму стратегиясына сәйкес Қазақстан азаматтарының денсаулығы ұзақ мерзiмдi басымдықтардың бiрi болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибе ел халқының денсаулығына әсер етушi маңызды фактор - мемлекеттiң ауруларды болдырмау жөнiндегі қадамдары екенiн көрсетiп отыр.
Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрi - ХЕҰ) деректерi бойынша жыл сайын әлемнiң барлық елдерiнде өндiрiсте шамамен 270 миллион жазатайым оқиға және 160 миллион кәсіптік ауру тiркеледi, оның iшiнде өндiрiсте екi миллионнан астам адам қайтыс болады.
Өндiрiстегі жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк аурулар орасан зор материалдық зиян келтiредi және адамдар өмiрiн әкетедi.
Бұл саладағы қызмет дамушы әлем мен экономикасы ауыспалы елдерде бiлiм мен ақпараттың жетiспеушілігінен қиындап отыр. Инвестициялық шешiмдер көбiнесе, еңбектi қорғау және еңбек гигиенасы немесе қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн ескерместен қабылданады.
Өндiрiстегі жазатайым оқиғалардың пайда болуы және олардың халықтың денсаулығы мен ел экономикасына әсерiнiң жалпы әлемдiк заңдылықтарынан Қазақстан да сырт қалған жоқ.
Бүгiнде, экономиканы реформалау және өндiрiстiң өрлеу жағдайларында, қызметкерлер қауiпсiздiгiн тiкелей кәсiпорындарда қамтамасыз ету проблемалары айқын көрiнiп отырған республика ұйымдарындағы еңбек қауiпсiздігі мен оны қорғаудың жай-күйi ерекше алаңдатушылық туғызады.
1. Еңбек қауiпсiздігінiң және еңбектi қорғаудың
қазiргi жай-күйін талдау
Қазақстанда жүргiзілiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың көптеген проблемаларын, еңбек жағдайларының нашарлауын, өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурудың жоғары көрсеткiштерiн айқындап отыр.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2003 жылы өнеркәсiп, құрылыс, көлiк және байланыс, денсаулық сақтау және ғылым мекемелерiнде 1286,8 мың адам зиянды және қауiптi еңбек жағдайларында жұмыс iстеген.
247,9 мың адам немесе жалпы жұмыспен қамтылғандар қатарындағы әрбiр бесiншi адам (19,3%) осындай қызмет түрлерiнде рұқсат етiлетін нормаларға жауап бермейтiн, қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс iстеген. Олардың әрбiр үшiншiсi (35,8%) - шу және дiріл деңгейi жоғары, әрбiр екiншiсi (48,7%) - жұмыс аймағындағы ауаның жоғары шаңды және газды әсерi, әрбiр бесiншi (19,8%) - қолайсыз температуралық режим жағдайларында жұмыс iстеген.
2003 жылы 33,8 мың қызметкер адам ағзасын күрделі патологиялық өзгерiстерге шалдықтыратын ауыр қол жұмысын орындаған; олардың 7,9 пайызы әйелдер. Қауiпсiздiк талаптарына жауап бермейтiн жабдықтарда әрбiр оныншы адам (10,1%) жұмыс iстеген.
Мемлекеттiк гендерлік саясаттың маңызды мәселесi еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн әйелдердiң санын қысқарту болып табылады. Әйелдер арасында әрбiр оныншы әйел (62,2 мың адам) санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтiн жағдайларда жұмыс iстеген, олардың 40 пайызы (24,9 мың адам) шаңды және газды ортада еңбек еткен.
Еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғау саласындағы iстердiң қолайсыз жағдайы туралы экономиканың осы салалары ұйымдарындағы қолайсыз еңбек жағдайларындағы жұмысы үшiн жеңiлдiктер мен өтемақыларды пайдаланатын қызметкерлердiң саны туралы деректер куәландырады. 2003 жылы жеңiлдiктер мен кепiлдiктер тек 461,6 мың адамға берiлдi.
2003 жылы еңбекті қорғау іс-шаралары мен зиянды және қауiптi еңбек жағдайы туралы жұмысы үшін берілетін жеңiлдiктер мен өтемақыларға 12538,8 млн. теңге жұмсалды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға артық.
Өндiрiстiк жарақаттанудың динамикасы кейiнгі үш жылда өндiрiсте жыл сайын үш мыңнан астам жазатайым оқиғаға жол берілетінiн, адам өлімімен аяқталатын зардап шегушілер санының жоғары деңгейде сақталғанын көрсетедi. 2001 жылы өндiрiсте - 307 адам, 2002 жылы - 355 адам, 2003 жылы - 315 адам қаза тапты.
Еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда істейтін қызметкерлер саны 2001 жылы - 1251 мың адамды, 2002 жылы - 1281 мың адамды, 2003 жылы - 1286,8 мың адамды құрады.
Кәсiптiк ауру бойынша зиян шеккендердiң (бiрiншi рет анықталғандардың) саны 2001 жылы - 378 адамды, 2002 жылы - 431 адамды, 2003 жылы - 392 адамды құрады.
Түрлi салалардағы жарақаттану себептерiнiң өз ерекшелiктерi бар, бiрақ: жұмыс өндiрiсiн қанағаттанғысыз ұйымдастыру, еңбек және өндiрiс тәртiбiн бұзу, жұмыстың қауiпсiз тәсiлдерiне үйретудiң жеткiлiксiздiгі, қауiпсiздiк техникасының талаптарын бұзу барлығына ортақ болып табылады.
Экономика салалары ұйымдарындағы өндiрiстiк жарақаттанудың өсуiне еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік базаның жетілдiрiлмеуi, оның экономикалық реформалар қарқынынан қалыс қалуы айтарлықтай деңгейде ықпал етедi. Республикада нормалары нарықтық экономиканың талаптарына жауап бермейтiн, өткен ғасырдың жетпiсiншi және сексенiншi жылдары кезеңiнде әзiрленген нормативтiк құқықтық кесiмдер осы уақытқа дейiн қолданылуда.
Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласындағы iстiң қолайсыз жағдайларының басты себептерiнiң бiрi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау саласында ғылыми зерттеулердiң жоқтығы болып табылады. Министрлiктер тарапынан сияқты, жұмыс берушілер тарапынан да қабылданып жатқан еңбекті қорғау жөнiндегі экономикалық, құқықтық және ұйымдық-техникалық iс-шаралар ғылыми негiздемемен жеткілiктi нығайтылмаған.
Республиканың көптеген ұйымдарында еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау қызметтерi жоқ, осындай қызметтерi бар ұйымдарда олар әлсiз немесе біліктілігі жеткiлiксiз мамандармен жасақталған.
Нәтижесінде, жұмыс орындарында қызметкерлердi жұмыстың қауiпсiз тәсілдерiне үйретудiң және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нұсқамалар жеткiлiктi сапалы жүргiзiлмейдi.
Жеткiлiктi тәжiрибесi жоқ және өндiрiс технологиясын игермеген адамдарды күрделi өндiрiстiк процестердi басқаруға қою жағдайларына жол беріледi. Станоктардың, тетiктердiң, машиналардың, жабдықтардың, өндiрiстiк объектілердiң және құрылыстардың жоспарлы - алдын алу мен күрделi жөндеулер уақтылы және сапалы жүзеге асырылмайды.
Қазiргi уақытта еңбектiң жағдайлары мен еңбекті қорғауға ұйымдардың экономикалық жағдайы, өндiрiстің материалдық-техникалық базасының жай-күйi, пайдаланылатын технологиялардың деңгейi және жұмыс iстейтiндердi қорғау жөнiндегі ғылыми-техникалық және экономикалық-құқықтық институттардың дамуы айтарлықтай әсер етедi.
Өндiрiстердi, оның iшінде өнеркәсiптiң базалық салаларының объектiлерiн техникалық қайта жарақтандыру өте баяу қарқынмен жүзеге асырылуда.
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың қолайсыз жоғары тозуы (2003 жылдың басында негізгі қорлардың тозу дәрежесi тау-кен өнеркәсiбiнде - 25,4%, химия өнеркәсiбiнде - 38,4%, металлургияда - 39,5% құрады), сондай-ақ ұйымдарды қалпына келтіру, техникалық қайта жарақтандыру жөнiндегi шектеулi инвестициялық мүмкiндiктер жағдайларында республикада өндiрiс қалдықтарының қоршаған орта мен тұрғын халық үшін қауіптілiгiн арттыратын терiс үрдiс пайда болды.
Сондықтан, өнеркәсiп қатерлерiн бақылауды және төмендетудi қамтамасыз ететiн техникалық шешiмдердi iздеу ерекше көкейкестi болып табылады. Бұл проблеманы шешудiң неғұрлым перспективалық және экономикалық жағынан негiзделген тәсiлдерiнің бiрi жетілдiру, ал шын мәнiсiнде еңбектi қорғауды басқарудың - еңбек қауiпсiздiгiне жету үшiн шектеулi материалдық және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн және қауiпсiз технологияларды әзiрлеудi және енгiзудi экономикалық ынталандыратын жүйесiн құру болып табылады.
2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты қауiпсiз еңбек жағдайларына қызметкерлердiң құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарлама еңбек жағдайларын жақсартуды және өндiрiстiк қатердi төмендетудi қамтамасыз ететiн өндiрiстік, ғылыми-зерттеу, әлеуметтiк, экономикалық, ұйымдық және басқа да iс-шаралар кешенiн танытады, оларды iске асыру тиiстi материалдық және қаржы ресурстары, бiлiктi орындаушылар болғанда ғана мүмкiн болады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғауды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
еңбектi қорғауды басқару жүйесiн жетiлдiру;
қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту;
еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласында ақпараттық қамтамасыз ету;
еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылау жүйесiн институционалдық дамыту;
еңбек қауiпсiздігі мен еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету;
еңбек қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
3. Бағдарламаның негізгі бағыттары және
оны iске асыру тетігі
Негiзгi бағыттар өндiрiсте қолайлы еңбек жағдайларын, өндiрiстiк жарақаттануды болдырмауды және оның алдын алуды, құқықтық, ұйымдық-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық шараларды әзiрлеу және iске асыру есебiнен еңбек процесiнде адамның денсаулығы мен өмiрiнiң сақталуын қамтамасыз етудi көздейдi.
Республиканың ДСҰ-ға кiруiне әзiрлiкке байланысты республикада қолданылатын нормативтік құқықтық кеciмдердi халықаралық талаптармен сәйкестiкке келтiру, стандарттау саласындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiнде заңнама жүйесiн қалыптастыру қажет.
Нарықтық экономикасы бар көптеген елдердегi тәжiрибенiң алуан түрлерiнiң арасында ең тиiмдiсiн мыналар қамтамасыз етедi:
республика ұйымдарында өнеркәсiп қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау санасындағы менеджмент жүйесін - OHSAS-18001 халықаралық стандарты және ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001 "Еңбектi қорғауды басқару жүйелерi жөнiндегi басшылыққа" сәйкес ХЕҰ ұсынған еңбектi қорғауды басқару жүйесiн енгізу;
өндiрiстiк объектiлерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргiзу.
Бағдарламалық iс-шаралар жүйесі мынадай негiзгi бағыттар бойынша жұмыстарды бiрiктiредi:
3.1. Еңбек қауiпсiздігі мен еңбектi қорғауды нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету;
3.2. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетiлдiру;
3.3. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту. Еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ақпараттық қамтамасыз ету;
3.4. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылау жүйесiн институционалдық дамыту;
3.5. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды ғылыми қамтамасыз ету;
3.6. Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
3.1. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi
қорғауды нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
Нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру үшiн бұрынғы КСРО министрлiктерi мен ведомстволары бекiткен, көпшiлiгi өзiнiң құқықтық мәнiн жоғалтқан, қазiргі талаптарға сәйкес келмейтiн еңбек қауiпсiздігін және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтік құқықтық кесiмдерге өзгерiстер енгiзу көзделiп отыр.
2005-2007 жылдардың барысында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк-құқықтық кесiмдердi халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әзiрлеу жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарланды.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласында әзiрленетiн стандарттарды Достастық елдерiнiң өнеркәсiптiк қауiпсiздігі мен еңбектi қорғау сапасы жүйелерiнiң стандарттарына сәйкес келу бөлiгінде жүйелеу жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Сапаның халықаралық стандарттарының және экологиялық менеджмент талаптарына бейiмделген технологиялық процестердi ұйымдастыру және өндiрiстiк жабдықтау бойынша санитарлық нормалар мен ережелердi әзiрлеу жалғастырылады.
3.2. Еңбектi қорғауды басқару жүйесiн жетiлдiру
Еңбекті қорғауды басқару, тиiмділігі жоғары ұжымдық және жеке қорғау құралдарын әзiрлеудi және өндiрудi дамытуды қоса алғанда, еңбектi қорғау жөніндегі техникалық құралдарды өндiру жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi шараларды белгiлеу көзделедi.
Басқару жүйесiн жетiлдiру практикалық нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкiндiк беретін ұйымдық, ғылыми, технологиялық және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердiң орындалуын көздейдi.
Осы мақсаттарда:
республиканың өндiрiстiк ұйымдарында халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес еңбектi қорғауды басқару жүйелерiн енгізуге ықпал ететiн салаiшiлiк iс-шараларды жүргiзу;
өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызметтер құру;
еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау және өндiрiстiк жарақаттанушылық жөнiнде мониторинг жүргiзу;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң web-сайтын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi бөлiммен толықтыру;
ұйымдарда еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткiзудi қамтамасыз ету және оның нәтижелерi жөнiнде ақпарат әзiрлеу қажет.
Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерi жұмыс берушілерге ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру, технологияларды жақсарту, жаңа техниканы енгізу, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдану жөнiндегi, еңбектi қорғау, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуге, кейiн оларды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
3.3. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi
қорғау мәселелерi бойынша оқыту. Еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау саласындағы ақпараттық
қамтамасыз ету
Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi негізгі бағыттарды iске асыру еңбектi қорғауды басқару жүйесi мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруды талап етедi.
Бөлiмде:
жұмыс берушілер мен қызметкерлер, басшылар мен мамандар үшiн еңбек қауiпсiздігі, еңбектi қорғау және еңбек гигиенасы саласында бiлiктігін арттыру курстарын ұйымдастыру;
еңбек қауiпсiздiгiн және еңбекті қорғау жөнiндегi анықтамалық әдебиетті, плакаттарды, брошюраларды, бейнефильмдер мен жарнамалық таспалар әзiрлеудi жүзеге асыру;
ұйымдар арасында еңбектi қорғау, өнеркәсiптiк санитария, өндiрiс қауiпсiздігі, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi жұмысты үздiк ұйымдастыруға байқаулар жүргізу;
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторларын оқытуды жүргiзу жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдi әзiрлеу;
кәсiптер мен жұмыс түрлерi бойынша оқыту және олар бойынша білiмдерiн тексеру жөнiнде компьютерлiк және мультимедиялық бағдарламалар әзiрлеу белгіленiп отыр.
3.4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалау және бақылау жүйесiн институционалдық дамыту
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк қадағалау және бақылау жүйесiн институционалдық дамыту шеңберiнде:
жұмыс берушiлер мен қызметкерлер ұйымдарының халықаралық ұйымдармен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi байланысын қамтамасыз ету;
министрлiктiң аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторларын компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету;
мемлекеттiк еңбек инспекторларын бақылау-өлшеу аспаптарымен және тiркеу жабдығымен қамтамасыз ету;
қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылаудың жүзеге асырылуына жәрдемдесу көзделiп отыр.
Өңiрлiк деңгейде еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды, қызметкерлердiң еңбек құқықтарын қорғауды жақсарту алда тұр.
3.5. Еңбек қауiпсiздігі мен еңбекті қорғауды
ғылыми қамтамасыз ету
Бұл бағытта еңбектi қорғауды ғылыми қамтамасыз етудi қалпына келтiру және дамыту, ғылымның өндiрiске кiрiгуi, еңбекті қорғау жөніндегі нормативтiк құжаттарды жетілдiру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу жоспарланып отыр.
Осы мақсатта:
құрылған "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының базасында еңбек шарттарын, қауіпсіздігін және еңбектi қорғауды ғылыми зерттеулердi жүргiзу;
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн "Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен және бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандыру;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң жанындағы Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ақпараттық орталықтың жұмысын жетiлдiру қажет.
3.6. Еңбек қатынастары саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мыналарды:
Халықаралық Еңбек ұйымымен, Еңбек инспекцияларының халықаралық қоғамдастығымен, басқа да мемлекеттермен еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру жөнiнде өзара iс-қимыл жасауды;
халықаралық ұйымдардың еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi жобаларын әзiрлеуге және оларды iске асыруға қатысуды;
еңбек қауiпсiздігі мен еңбектi қорғау саласындағы мемлекетаралық, үкiметаралық және ведомствоаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуды;
ХЕҰ-ның бекiтiлген конвенциялары бойынша баяндамалар дайындауды көздейдi.
4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру кәсiпорындардың өз қаражаты, халықаралық және қоғамдық ұйымдар қаражаты мен республикалық бюджет қаражаты есебiнен: 174838,8 мың. теңге көлемiнде, оның iшiнде:
2005 жылы - 64449,0 мың теңге;
2006 жылы - 79359,7 мың теңге
2007 жылы - 31030,1 мың теңге көлемiнде жүзеге асырылады.
2006-2007 жылдары Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде өндiрiстегi зиянды және қауiптi өндiрістiк факторлар әсерiнiң едәуiр төмендеуi күтіледi. Қауiпсiз еңбек жағдайларын туғызу өндiрiстi қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыру, жұмыс берушiлердiң мүдделiлiгi мен жауапкершiлігін арттыру және қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға жеделдетiп көшуiне жәрдемдесу есебiнен жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаны iске асыру 2007 жылдың аяғына қарай:
нарықтық экономиканың талаптары мен халықаралық стандарттарды ескере отырып, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында түбегейлi жаңа заңнамалық, нормативтiк және құқықтық базаны құруға;
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер көлемiн ұлғайтуды және олардың жетiстiктерiн өндiрiске енгiзудi қамтамасыз етуге;
жұмыс iстеушiлердi арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және өзге де жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудi жақсартуға, қызметкерлерге арналған жаңа санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың салынуын және қолданыстағыларын кеңейтудi ұйымдастыруға, ұйымдарды халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн жаңа техникалық құралдармен, қауiпсiздiк және бақылау аспаптарымен жарақтандыруды жеделдетуге;
мемлекеттiк еңбек инспекторларының бақылау-қадағалау функцияларын жетiлдiруге, мемлекеттiк еңбек инспекцияларының аумақтық бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтуге;
республиканың өндiрiстiк ұйымдарына ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001 "Еңбектi қорғауды басқару жүйелерi бойынша басшылыққа" сәйкес ХЕҰ ұсынған еңбектi қорғауды басқару жүйелерiн енгізуге;
өндiрiстiк жарақаттану және кәсiптiк аурулар деңгейiн
2-3%-ға төмендетуге;
санитарлық-гигиеналық нормативтер талаптарына жауап бермейтiн жағдайларда жұмыс iстейтiндердiң санын 5-6%-ға азайтуға;
жұмыс уақытының өндiрiстік емес шығындарын 4-5% қысқартуға;
өндiрiсте зардап шеккендердi емдеуге, оңалтуға және зиянды өтеу шығыстарын 5-6% азайтуға мүмкiндiк бередi.
6. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
N |
Іс-шара |
Аяқ- |
Орын- |
Орын- |
Болжалды |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғауды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету |
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1.1 |
Еңбек қауіпсiз- |
Бұй- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
2005 ж.- |
Респуб-ликалық |
1.2 |
Еңбек қауіпсiз- |
Бұй- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
2006 ж.- |
Респуб-ликалық |
1.3 |
Еңбек қауіп- Сапаның халық- |
Қазақ- |
ИСМ, ДСМ |
4-тоқ- |
Талап |
|
2. Басқару жүйесiн жетiлдiру | ||||||
2.1 |
Өндiрiстік |
Қазақ- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
Ұйымдар |
|
2.2 |
Еңбек жағдайлары |
Қазақ- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
Ұйымдар |
|
2.3 |
Еңбектi қорғау |
Қазақ- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
Талап |
|
2.4 |
Қазақстан Респуб- |
Қазақ- |
Еңбек- |
2-тоқ- |
2006 ж.- |
Респуб-ликалық |
3. Еңбек қауiпсіздігi және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлердi оқыту Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау саласын ақпараттық қамтамасыз ету |
||||||
3.1 |
Жұмыс берушілер |
Қазақ- |
БҒМ, |
Қараша, |
Ұйымдар |
|
3.2 |
Еңбек қауiпсiз- |
Қазақ- |
Еңбек- |
Қыр- |
2006 ж.- |
Респуб-ликалық |
3.3 |
Еңбектi қорғау, өнеркәсіптік санитария, өндiрiс қауiп- |
Кон- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
Қоғам- |
|
3.4 |
Еңбек және ха- |
Бұйрық |
Еңбек- |
Қараша, |
Талап |
|
3.5 |
Еңбек қауiпсіз- |
Қазақ- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
Ұйымдар |
|
4. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесiн институционалдық дамыту |
||||||
4.1 |
Жұмыс берушілер |
Бiр- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
Талап |
|
4.2 |
Еңбекминінiң |
Қазақ- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
41387,7 |
Респуб-ликалық |
4.3 |
Мемлекеттiк еңбек |
Қазақ- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
21024,0 |
Респуб-ликалық |
5. Еңбек қауiпсiздігi мен еңбектi қорғауды ғылыми қамтамасыз ету |
||||||
5.1 |
"Еңбек қауiпсiз- |
Қазақ- |
Еңбек- |
4-тоқ- |
33225,0 |
Респуб- |
5.2 |
Еңбек қауiпсiз- |
Қазақ- |
Еңбек- |
2-тоқ- |
5138,0 |
Респуб- |
6. Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық | ||||||
6.1 |
Еңбек қауiпсіз- |
ХЕҰ |
Еңбек- |
Қажет- |
Талап |
|
6.2 |
Еңбек қауiпсiз- |
Халық- |
Еңбек- |
Қажет- |
Талап |
Ескертпе:
1. Республикалық бюджеттен талап етілетін қосымша қаражаттың барлығы - 174838,8 мың теңге, оның ішiнде: 2005 ж. - 64449,0 мың теңге; 2006 ж. - 79359,7 мың теңге; 2007 ж. - 31030,1 мың теңге.
2. Әріптік аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі;
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі;
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі;
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi;
МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi;
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.