Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.
Республикада зияткерлiк әлеуеттi, жаңа бiлiмдердi генерациялауды, таратуды және коммерциялауды тиiмдi пайдалану негiзiнде елдiң бәсекеге қабiлеттi экономикасын тұрақты дамытуға арналған жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкiметiне жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-күнiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 25 сәуірдегі
N 387 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық
жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi
2005-2015 жылдарға арналған
бағдарлама
Астана, 2005 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жай-күйi мен
проблемаларын талдау
3.1. Әлемдiк экономиканың инновациялық даму үрдiстерi
3.2. Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
3.2.1. Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске
асыру тетіктері
3.2.2. Инновациялық кәсіпкерлiк
3.2.3. Инновациялық инфрақұрылым
3.2.4. Қаржылық инфрақұрылым
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетігі
5.1. Ғылыми әлеуетті дамыту
5.2. Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту
5.3. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту
5.4. Қазақстандағы Ұлттық инновациялық жүйенiң қаржы
инфрақұрылымдарын дамыту
5.4.1. ҒЗТКЖ және инновациялық жобаларды мемлекеттiк
ынталандыру
5.4.2. Венчурлік қорлар құру
5.4.3. Венчурлiк инвестициялардың өтiмділігін қамтамасыз
ету
5.4.4. Зияткерлiк меншіктің объектiлерiн бағалау жүйесiн
жақсарту
5.4.5. Кәсiби инновациялық менеджментті қалыптастыру
5.4.6. Жеке инвесторлардың желiлерiн дамыту
5.5. Ұлттық инновациялық жүйе элементтерiнiң өзара
iс-әрекетін қамтамасыз ету
5.5.1. Ұлттық инновациялық жүйенің жұмыс iстеуiн ақпараттық
қамтамасыз ету
5.5.2. Ұлттық инновациялық жүйенi мемлекеттiк басқарудың
тетіктері
5.5.3. Ұлттық инновациялық жүйенiң жұмыс iстеуiн
институционалдық қамтамасыз ету
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық
атауы жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегі
2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы
негiздеме 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003-2006
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi іс-шаралар жоспары (2.6.11.);
Қазақстан Республикасының Үкiметi мәжiлiсiнiң
2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 20 хаттамасы
үзiндiсiнiң 2.2-тармағы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
Мақсаты Отандық, сондай-ақ шетелдiк ғылыми әлеуеттi және
технологияларды пайдаланудың негiзiнде бәсекеге
қабiлеттi түпкiлiктi өнiмдi жасауды қамтамасыз
ететiн ашық үлгiдегi инновациялық жүйені
қалыптастыру.
Мiндеттер Ғылыми әлеуеттi дамыту;
инновациялық кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру және
қолдау;
көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымды
қалыптастыру мен дамыту;
қаржы инфрақұрылымының элементтерi мен тетiктерiн
берілетін гранттар түрлерiн ұлғайту және
венчурлiк қорлар құру бөлiгiнде қалыптастыру мен
дамыту;
ұлттық инновациялық жүйе элементтерінің арасында
тиiмдi өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз ету;
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
Iске асыру 2005-2015 жылдар
мерзiмдерi Бiрiншi кезең: 2005-2007 жылдар - мемлекеттiң
белсендi қатысуымен ҰИЖ-дi қалыптастыру:
ғылыми әлеуеттi дамыту, ғылыми-технологиялық
дамытудың басымдықтарын айқындау;
инновациялық бизнес-ортаны дамыту, мемлекеттiк
ресурстарды шоғырландыруды талап ететiн
кластерлердiң ядросын қалыптастыратын жүйелік
инновациялық жобаларды іске асыру:
инновациялық инфрақұрылымдарының негiзгі
элементтерiн құру және дамыту;
қаржы инфрақұрылымдарының негізгі элементтерін
берілетін гранттар түрлерiн кеңейту бөлігінде
құру және дамыту әрi отандық инвесторлармен
венчурлiк қорлар құру және озат шетелдiк
венчурлiк қорлардағы инвестициялау
Екiнші кезең: 2008-2010 жылдар - ҰИЖ
элементтерiнiң өзара іс-қимылдары мен жұмыс iстеу
тетiктерiн жетiлдiру:
ҰИЖ-дiң қалыптасқан элементтерiнiң өзара iс-
қимылының сапасын арттыру;
шетелдiк инвесторлармен венчурлiк қорлар құру
арқылы венчурлiк қаржыландыру тетігін белсендi
дамыту;
бiріншi кезеңде қалыптасқан жобалар маңындағы
кластерлік кооперацияны дамыту;
жетекші әлемдiк компаниялармен өңiрлiк және
ауқымды технологиялық альянстарды қалыптастыру
жөнiндегi жобаларға ҰИЖ субъектiлерiнiң қатысуы.
Үшiншi кезең: 2011-2013 жылдар - мемлекеттік
шығыстар үлесiнiң кемуiмен және жеке
инвестициялардың өсуiмен ҰИЖ-дың тұрақты дамуы:
артықшылықты ынталандырудың жанама құралдарын
пайдалану;
Төртіншi кезең: 2014-2015 жылдар - мемлекеттiң
венчурлiк қорлар мен инновациялық жобалардан
"шығуы".
Қажеттi 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарламаның жалпы
ресурстар мен құны 139795,13 млн. теңгенi, оның iшiнде
қаржыландыру республикалық бюджеттен - 77272,3 млн. теңгенi
көздері және жергілiктi бюджеттен - 2112 млн. теңгенi
құрайды және 60410,83 млн. теңгеден кем емес
сомада жеке отандық және шетелдiк капиталды
тарту жоспарланады
___________________________________________________________________
| | оның ішінде жылдар бойынша
______|________|___________________________________________________
| | 2005 | 2006 | 2007 | 2008- | 2011- | 2014-
| | | | | 2010 | 2013 | 2015
___________________________________________________________________
Бар- |
лығы: |139795,13 11313,51 15824, 11659, 48782, 31328, 20885,
| 94 04 67 98 98
_______|____________________________________________________________
рес- | 77272,3 6654,9 10728,3 7403,53 30814, 13002, 8668,6
публи- | 03 9
калық |
бюджет |
_______|____________________________________________________________
жергі- | 2112 512 800 800 - - -
лікті |
бюджет |
_______|____________________________________________________________
жеке | 60410,83 4146,61 4296,61 3455,51 17968, 18326, 12217,
капитал| 64 08 38
_______|____________________________________________________________
Бұл ретте республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Күтiлетiн Бағдарламаларды iске асырудың нәтижесiнде мыналар
нәтижелер күтіледi:
IЖӨ-дегi ғылыми және ғылыми-инновациялық
қызметтердiң үлестiк салмағын 2005 жылы 0,8%-дан
2015 жылға 1,7%-ға дейiн ұлғайту;
Қазақстанның инновациялық және ғылыми-зерттеу
қызметіне тiкелей шетелдiк инвестициялар тартуды
2003 жылмен салыстырғанда 2015 жылға қарай 15-20
есеге ұлғайту;
қолданбалы ҒЗТКЖ-ларды бюджеттік қаржыландыру
жүйесiн оңтайландыру;
Қазақстан Республикасындағы инновациялық
қызметтiң бiрыңғай ақпараттық базасын қамтитын
тиiмдi инновациялық инфрақұрылым құру;
мынадай ұлттық технологиялық парктер мен аймақтар
құру: ақпараттық технологиялар паркi; ядролық
технологиялар паркi, биотехнологиялар паркi,
индустриялық мұнай-химия технопаркi; жаңа
материалдар паркі; агроөнеркәсіптік
технологиялар паркi және экономика үшін басқа
басымдықты салалар бойынша;
бiрiншi кезеңнiң өзiнде 7 өңiрлiк технопарктер
құру;
iрi технологиялық университеттер мен
технопарктердiң жанынан 12 технологиялық
бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанынан 8
оқу орталықтарын ұйымдастыру;
отандық та, сол сияқты шетелдiк капиталдың
да қатысуымен венчурлiк қаржыландыру жүйесiн
қалыптастыру;
венчурлiк қорлар мен жас технологиялық
компаниялардың (IРО рыногы) бағалы қағаздарының
рыногын құру;
инновациялық менеджмент деңгейiн көтеру;
инновациялық дамудың жүргiзілген саясатына сәйкес
заңнаманы жетілдiру.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі
N 903 қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2.6.11-тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде айқындалады; экономика мен қоғамды одан әрi серпiндi дамыту үшін инновацияларды толыққанды пайдалану мемлекет мақсатты инновациялық саясатты жүргізген кезде мүмкiн болады.
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалар да кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жүйелiк сипаттағы ықпалдастықты, өзара байланысты шаралар кешенi, бiлiмдердi жинақтау, тарату және коммерциялау тетіктерiн өзiне қамтитын тиiмдi әрекет ететiн ұлттық инновациялық жүйе (бұдан әрі - ҰИЖ) арқылы қалыптастыру қажеттілігінен туған.
3. Қазақстанның инновациялық дамуының қазiргi
жай-күйi мен проблемаларын талдау
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің, ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар - технологияларының Даму деңгейi - бай және кедей елдер арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн құрайтыны, күштер орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатыны анық болды. Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.
Сонымен қатар жаһандану процестері және экономикалардың өспелі өзара тәуелдік инновациялық процестерді басқару міндетін барынша қиындата түседi және жекелеген мемлекеттiң инновациялық әлеуетiн дамытуға меншiкті стратегиялық әдiстердi дұрыс белгiлеу қабілетіне тәуелдi етедi.
3.1. Әлемдiк экономиканың инновациялық даму үрдістері
Әлемнiң дамыған елдерiндегі инновациялық саясатты қалыптастыру кезiнде жүйелiк әдiсті қолдану әсiресе мынадай әлемдiк экономиканы дамытудың қазiргi заманғы үрдістердің арқасында бiрiншi кезектегi мәнге ие болды:
сапалы адамдық капитал үшiн бәсекесi әлемдiк инновациялық дамудың маңызды сипаттамасы болады, жоғары білікті персоналдың өсiмтал ұтқырлығы да, сондай-ақ білiмдi тарату процесiн қамтамасыз етедi;
білімдi тарату процесiндегi ақпараттық технологиялардың рөлi инновациялық белсенділiктiң одан әрi өсуi үшiн өзектi бола түсуде, бiлiм тарату процестерi жеке экономиканың шегiнен шықты;
жаһандану компанияларды технологиялардың мейлiнше жоғары деңгейлерiне бәсекелесуге мәжбүрлейдi және сонымен бiрге инновацияларды мамандандыру мен оқшауландыру процестерiн ынталандырады.
Инновациялық саясат жүргiзуге жүйелік әдiс тұжырымдамасын iске асырған елдер уақыттың тарихи қысқа кезеңiнде мемлекеттiң өзара іс-қимыл тетіктерiн, бизнестi, ғылымды және білiмдi қамтитын тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе құра алды және жалпы ғылымды қажетсiнетiн ЖIӨ-нi ұлғайтуға қол жеткiздi.
Мысалы, соңғы жылдардағы ғылыми-техникалық саланы жылдам кеңейткен өңiрлерi Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi, Скандинавия елдерi (Финляндия, Швеция) болды. Жаңа индустриялық елдер бір жарым-екі есе ЖIӨ-нiң ғылымды қажетсiнуiн ұлғайтты және еуропа мен АҚШ елдерiнiң көрсеткiштерiне жақындады.
Ғылымға деген "мемлекеттiк тапсырысты" тұрақтандыру немесе қысқарту жағдайында ұлттық бюджеттегi мемлекеттiк сектордың үлесiн қысқарту жаңа оң үрдiс болып табылады. Iрi корпорациялардың ғылыми бөлiмшелерi, шағын және орта ғылымды қажетсiнетiн фирмалар мемлекеттiң көмегiмен құрылған бiлiм беру, инфрақұрылым және экономикалық сипаттағы кейбiр жеңiлдiктер жүйесiне сүйене отырып, ұлттық ғылыми-техникалық дамытудағы өз ұстанымдарын күшейтедi.
Көптеген дамушы елдерде ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi бюджеттен тыс қаржыландыру осы салаға бюджеттiк бөлулердің көлемдерiнен едәуiр асып түседi. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер (бұдан әрі - ЭЫДҰ) бойынша ол орташа алғанда 1981 жылғы 55%-дан 90-жылдың бас кезiнде 65%-ға дейiн өстi.
Бюджеттен тыс қаражаттың бас көзi - iрi ұлттық және трансұлттық корпорациялар жетекшілік ететiн кәсіпкерлік сектор. Дамушы елдердегi кәсiпкерлiк сектордың корпорациясы ұлттық инновациялық жүйенiң маңызды құрылымдары ретiнде тарихи қалыптасты. Солар ғана, зерттеулердi бiр уақытта қаржыландыра отырып және нақты өнiмдер мен технологияларды, ғылыми нәтижелер мен өнертабыстарды iске асыра отырып, ғылыми-техникалық прогрестің (бұдан әрi - ҒТП) негiзгі бағыттары үшiн өзiне экономикалық жауапкершілік алады, олардың үлесiне ғылымды жеке сектордың күштерiмен қаржыландырудың қомақты бөлiгi тиедi. Кәсiпкерлiк сектор жұмсалатын қаражаттың көлемi бойынша, дәл солай ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар мен инженерлердiң саны бойынша ҒЗТК-нiң перспективадағы iрi орындаушысы болып табылады және қала бередi.
3.2. Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары
және оны талдау
Жиырмасыншы жүз жылдықтың 90-жылдары ғылыми-технологиялық әлеуеттi әлсіретуге, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң дағдарысына әкелген, Қазақстанда ғылыми-технологиялық дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарындағы зерттеулердi күрт қысқарту, ғалым беделiнiң және ғылыми нәтижелердiң сұранысқа ие болуының құлдырауы, кәсiпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуi, мамандар мен зияткерлiк меншіктердi шетелге қайтару болды.
Инновациялық процестердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi.
Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі проблемаларды бөлуге болады:
оларды тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды рынокқа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi.
технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi.
инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем қабілетті тапсырыстың болмауы. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет қызметтер саласына жатады және бұл қызметтердi рынок талап етуi тиiс. Өкiнiшке орай ғылыми қызметтер мен ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң отандық рыногы қазiргi уақытта өте аз. Кәсiпорындардың көпшілігі ғылымның қызметтерiн "сатып ала" алмайды.
Инновациялық жүйе қалыптастыруға жүйелiк әрекет жасауды iске асыру үшiн мемлекет тiкелей немесе жанама қатысу арқылы инновациялық саясатты тиiмдi iске асыра алатын, оның негізгі кiшi жүйелерiн бөлу және қайта талдау қажет.
Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын мынадай негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:
ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi "жетілдiрудi" жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;
ғылыми әлеует мыналарды қамтиды:
мемлекеттiк ғылыми ұйым - ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;
жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
материалдық-техникалық база;
Бүгiнгi күнi елдің ғылыми әлеуетi Білiм және ғылым министрлiгiнiң, салалық министрлiктердiң ғылыми ұйымдарымен, жеке ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, шаруашылық жүргiзу құқығындағы сәйкес бейiмдi институттарының қызметiн үйлестіретiн ғылыми зерттеулер бағыттары жөнiндегi зерттеу орталықтарымен, сондай-ақ ұлттық компанияның қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарымен (бұдан әрi - ҒЗИ) танымал.
инновациялық кәсiпкерлiк ғылыми-техникалық және өндiрiстiк салалар арасындағы (делдалдық) рөлдердi байланыстыратын дамуды көздейдi. Инновациялық кәсiпкерлiктiң түпкі мақсаты жаңа буынның рыноктың ағымдағы конъюнктуралық ахуалына жедел ден қоюға және бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсiнетiн өнiмдi сериялық өндiрудi және әлемдiк стандарттар деңгейiндегi жоғарғы сұранысты жолға қоюға қабiлеттiк кәсiпорындарды дамыту болып табылады;
инновациялық кәсiпкерлiк мыналарды қамтиды:
бизнес-серілер;
кәсiпорындар;
инновациялық менеджерлер;
инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым;
инновациялық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады:
ұлттық технологиялық парктер;
өңiрлiк технологиялық парктер;
технологиялық бизнес-инкубаторлар;
ғылым қалашықтары;
және с.с.
инновациялық кәсiпкерлiктi және инфрақұрылымды тiкелей және жанама мемлекеттік қолдаудың әртүрлi тетiктерiнiң ұштастырылуына негізделген инновациялық-технологиялық даму саласындағы ғылыми-өндiрiстiк және бiлiм беру процестерiн кешендiк қаржыландыруды қамтамасыз ететiн қаржылық инфрақұрылым.
қаржылық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады:
мемлекеттiк даму институттары;
венчурлiк қорлар;
кәсiпорындар;
жеке кәсiпкерлер;
екiншi деңгейдегі банктер;
және басқалары.
3.2.1. Ғылыми-техникалық қызметтiң
жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi
Инновациялық даму елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiмен ажырағысыз байланысты. Экономиканың дамудың инновациялық жолына көшуi жағдайында ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру жөніндегі мемлекеттiң рөлi өседi.
Ғылыми-техникалық әлеуеттің жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алынған нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады. Соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды мемлекеттiк қаржыландыру деңгейi өсiп келедi: ЖIӨ-ге 2002 жылы - 0,13%, 2003 жылы - 0,14%, 2004 жылы - 0,16% . Бiрақ, ол бұған қарамастан әлемнiң дамыған елдерiмен салыстырғанда жоғары емес күйде қалып отыр.
Төменде ғылымды жылдар бойынша бюджеттiк қаржыландырудың
деректерi келтiрiлген:
2000 ж. |
2001 ж. |
2002 ж. |
2003 ж. |
2004ж. |
|
Қаржылан- |
2104314 |
3653177 |
4332136 |
6022384 |
8141116 |
ЖIӨ-ге % |
0,08 |
0,1 |
0,13 |
0,14 |
0,16 |
Қаражаттың көп бөлiгі (90%-дан астамы) ғылыми-технологиялық жұмыстарды жүргізуге бағытталған.
2003 жылы мемлекет ғылыми-зерттеу жұмыстарының 88,7% қаржыландырды.
Кейiндеп қалған материалдық базаға қарамастан Қазақстан ғалымдары өнеркәсiптің - көптеген салалары үшiн бәсекелi технологиялық әзiрлемелерге ие. - тау-кен-металлургиялық кешен, химия және мұнай химиясы, биотехнологияның ядролық және әртүрлi салаларға және басқаларына арналған ғарыштық технологиялар саласындағы.
Бұдан басқа, БҰҰ-ның 1995 жылы коммерцияландыру ғылымды бойынша өткiзілген миссиясына сәйкес академиялық институттарының технологияларын iрiктеп сараптамада қазақстандық ғалымдардың 23 әзiрлемесi әлемдiк деңгейде танылғандығын атап өту қажет. Соңғы жылдары халықаралық бағдарламалар шеңберiнде республиканың ғалымдары өз зерттеулерiн қаржыландыруға гранттар ұтып алуда.
Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады.
Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр.
Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижеге өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр.
Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.
Инновациялық дамудың көзқарасы тұрғысынан қаражатты тиiмдi пайдалану, нақты айтсақ ғылыми әзiрлеменiң жылдамдығын нарықтық өнiмге дейiн жеткiзу оны коммерциялау ең бiрiншi маңызға ие. Сондықтан осы бағдарлама негізiнен қолданбалы ғылыми-технологиялық зерттеулерді дамытуға, қолдауға және ынталандыруға бағдарланған болады.
Қазiргі кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орган болып табылады. Бұл министрлiктен өзге ғылыми-техникалық қызметпен салалық министрлiктер де айналысады.
Уәкiлеттi органның функциясына бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми зерттеулердiң барлығына дерлiгіне тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру кiредi.
Сараптау кезінде бағдарламаның ғылыми негізділігі, ғылыми ұжымның оңтайлы мөлшерi мен құрамы, зерттеулердiң бас ұйымы жобалауының негізінде мақсаттарға жетудің нақтылығы, орындасушы ұйымдарды тарту қажеттілігі және тағы басқалар тексеру мен бағалауға түседі.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, осының шеңберінде ғылыми ұйымдар ҒЗТКЖ жүргізуге мемлекеттік тапсырыс алатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру арқылы заңнамалық бекітілген бағдарламалық-мақсаттағы қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.
Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ұсынылатын бағдарламалар мен ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық тәуелсiз сараптама мiндеттi жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Қазiргi заманғы кезеңде бағдарламалық-мақсаттық әдiс шеңберiнде мынадай ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру жүзеге асырылады:
табиғи және әлеуметтiк жүйелер туралы қағидаттық жаңа бiлiмдердi және экономиканың жүйелiк қайта құрылуының, қоғамның, мәдениеттiң және ғылымның өзiнiң тұрақты дамуының ғылыми негіздерiн әзiрлеудi алу мақсаты бар ғылымның және ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының сол шектеулi саны бойынша iргелiк зерттеулер;
- өнеркәсiптiк-технологиялық және әлеуметтiк экономикалық дамудың бас басымдықтарында ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыруға қабілеттi мемлекеттiк ғылыми-технологиялық саясатты iске асырудың маңызды құралы ретiндегi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар;
- ғылыми-техникалық қызметтiң нақты және кешендiк-салааралық бағыттарын, қолданбалы және ендiрмелi зерттеулер мен әзiрлемелердi, өңiр үшiн басым ғылыми зерттеу бағдарламаларды бiлдiретiн қолданбалы (салалық, салааралық және өңiрлік ғылыми-техникалық) бағдарламалар;
- айқындалған басым бағыттар шеңберiнде "тәуекелдiк" пен перспективалық iргелiк және қолданбалы зерттеулердi ынталандыру және өңiрлердегі ғылыми зерттеулердi дамытуға ықпал ету мақсаты бар Ғылым қорының жобалары.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған.
Басым бағыттар шеңберiнде iргелiк және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын iске асыруды ғылыми және ғылыми-өндiрiстік орталықтар мен Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң басқа да ғылыми ұйымдары, бағдарламаның басқа әкiмшiлерi жүзеге асырады. Орталықтардың қызметi, ғылыми бағыттардың үйлестірушiлерi ретiнде ғылыми ұйымдарды жетелейтiн әлеуеттерді сақтауға және одан әрi дамытуға, пәнаралық өзара әрекеттi, материалдық және кадрлық резервтi шоғырландыруға, ғылымның өндiрiспен және біліммен ықпалдасуын жүзеге асыруға бағдарланған.
Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықтар қолданбалы зерттеулердiң басым бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бас ұйымдар болып айқындалған. Оның жекелей алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Радиоэлектроника және байланыстар жөнiндегi, минералдық шикiзатты кешендiк қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтары.
Сонымен қатар ұлттық ғылыми орталықтар үшін "бас ұйымдар" мәртебесi заңды түрде бекiтiлмеген, ел экономикасының қажеттілігіне сүйене отырып, ғылыми бағыттарды үйлестiру бойынша оларға жүктелген функциялар толық көлемде iске асырылған емес.
Ғылыми зерттеулердiң жоғарыда аталған бағдарламаларын орындауға ғылыми-зерттеу институттарымен қатар көптеген жоғары оқу орындары да қатысуда. Бұл ретте iргелiк және қолданбалы бағдарламаларды iске асырудағы жоғары оқу орындардың үлесi орта есеппен тиiсiнше 12 - 20%-ды құрайды.
Одақтас мемлекеттiң орталықтандырылған жоспарлық жүйесi жағдайында республиканың ғылыми-техникалық кешенi жекелеген және едәуiр тар ғылыми проблемаларды шешуге бағдарланды. Iрi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және ғылыми мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда басымдықпен шоғырланды. Дегенмен, республикада катализ, органикалық синтез, микробиология, металлургия саласында әлемдiк деңгейдегі күшті ғылыми мектептер қалыптасты.
Қазақстанның тәуелсіздiк алғаннан кейiнгі алғашқы жылдары қабылданған ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландырудың бағдарламалық-мақсаттық әдiсi елдiң ғылыми әлеуетiн сақтауға және оны ғылымның мүлде жаңа бағыттарына сәйкес келетiн ғылыми зерттеулердi орындауға бағыттауға мүмкiндiк бердi.
Соған қарамастан, мемлекеттiк тапсырыс нысанындағы қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру ел дамуының қазіргі заманғы кезеңiнде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде алға қойылған мiндеттердi толық түрде жүзеге асыруға және ашық ұлттық инновациялық жүйенi құруға мүмкiндiк бермейдi. Қаржыландыруды гранттар нысанында емес мемлекеттiк тапсырыс нысанында бөлу зерттеушiлер үшiн iшкi ынталар жасамайды және жартылай заңды енгiзу компанияларын туындатады.
Бұдан өзге, iргелiк ғылымға негізiнен Білiм және ғылым министрлігі, ал қолданбалы ғылымға министрлiктердiң тиiстi салалары жетекшілiк ететiнiне байланысты республикада елдегi барлық ғылыми зерттеулердi үйлестiретiн бiрыңғай органның жоқ екенiн атап кету керек. Осыған байланысты инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту жөнiндегi уәкілеттi орган ретiнде Индустрия және сауда министрлігі салалық органдармен бiрлесiп өткiзiлген және өткiзілетiн, оның iшiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде орындалғандардың инновациялылығының және экономиканың нақты секторында сұранысқа иелілiгiнiң, сондай-ақ бiрнеше бағдарламалар шеңберiнде зерттеулердi қаржыландырудың қолда бар тәжiрибелерiн алып тастау мақсатында қолданбалы зерттеулердiң талдауын жүргізедi және тиiмділігiн айқындайды.
3.2.2. Инновациялық кәсiпкерлiк
Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады.
Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.
Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi мыналарға:
- жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды
бағалауға;
- қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;
- жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;
- ақшалай табыс алуға негізделген.
Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық) рөлдi жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер - мамандардың институты мүлдем жоқ.
Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың негiзгi тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі.
Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының болуынсыз мүмкiн емес.
Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық өнімді рынокқа жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.
3.2.3. Инновациялық инфрақұрылым
Инновациялық инфрақұрылым субъектілерi орындайтын негiзгі функциялардың тiзбесi:
- инновациялық даму субъектісiн ұйымдық-құқықтық қалыптастыру процесiне жәрдемдесу жөнiндегi қызметтер;
- бизнес-қызметтердiң кешенi (кешендiк консалтинг);
- ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету;
- жалпы пайдалану - зертханалық, өндiрiстік жабдығына қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
- бiлiм беру қызметтер кешенi;
- технологиялар трансфертi;
- өкілдiк қызметтер (серiктестік байланыстар орнату).
Қазiргi сәтте Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттiк бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекет қатысатын ұйым қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған, сондай-ақ мемлекет құрған сервистік даму институттарының қатысуымен құрылған жұмыс iстеп тұрған субъектілер құрайды.
Қолданыстағы инфрақұрылым оның субъектілерiнiң арасындағы өзара әрекет етудiң қажетті деңгейiн қамтамасыз етпейдi және ҰИЖ-ға қатысушылардың қызметiнiң процесiне және өзара iс-әрекетiне қажеттi сервистердiң барлық тiзбесiн ұсынатын кешендiк ұйымдардың жүйесi болып табылмайды.
Қазақстанда ұсынылған инновациялық инфрақұрылымның сапасы мен саны Қазақстанның инновациялық даму ерекшелiгiн, нақты алғанда мыналарды:
инновациялық әлеуетке ие өңiрлердi аумақтық шоғырландыру және өңiрлердiң инновациялық инфрақұрылымды жеткiлiксiз қамтуы;
қолдау инфрақұрылымын салалық та, өңiрлiк инновациялық даму процестер ретінде де құру қажеттілігін;
Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының бiрiншi кезеңiндегі, бiр өңiрде инновациялық инфрақұрылым объектілерiнiң көп санын қажет етпейтiн инновациялық бастамалардың салыстырмалы төменгi санын;
шығындардың орындылық қағидатының қажеттілiгiн және олардың мемлекеттiк бюджеттiң мүмкiндiгiне сәйкестігін;
инновациялық инфрақұрылым ұйымдарының олар жекелеген функцияларды қайталаумен болдырмау үшiн мейлiнше оңтайлы нысандарын таңдауды;
ҰИЖ-дың барлық элементтерi мен қатысушыларының өзара iс-қимыл процестерiн ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiнiң нақты болмауын және оны құрудың аса қажеттілiгiн қанағаттандырмайды.
3.2.4. Қаржылық инфрақұрылым
Дамыған инновациялық жүйелерi бар барлық елдердегі инновациялық қызметтi қаржыландыру ағыны мынадай компоненттерден қалыптасады:
- ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік гранттар жүйесi, олардың нәтижелерiн патенттеу және басқа да мақсаттар;
- венчурлiк капитал;
- ҒЗТКЖ-ға арналған корпоративтiк шығындар мен олардың нәтижелерiн енгізу;
- жекелеген инвесторлардың шығыстары.
Қазiргi уақытта Қазақстанның ҒЗТКЖ-ның қаржылық инфрақұрылымы мына көздерден жүргiзiледi:
- Ғылым қорын қоса алғанда, ғылыми зерттеулер бағдарламаларына арналған республикалық бюджет қаражаты;
- ұлттық компаниялар мен кәсiпорындардың қаражаты;
- жеке инвесторлардың қаражаты;
- "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың қаражаты;
- венчурлiк қорлардың қаражаты.
ҒЗТКЖ-ды бюджеттік қаржыландыру республикалық бюджеттiң, Ғылым қорының қаражатынан жүзеге асырылады. Бұдан өзге, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың (бұдан әрi - ҰИҚ) (елдегі инновациялық белсенділікті жандандыру мақсатында 2003 жылы құрылған және басқалармен қатар "қорлар қорының" функциясын орындайтын мемлекеттiк даму институты) инвестицияларының бағыттарының бiрi қолданбалы ҒЗТКЖ-ды конкурстық негізде гаранттар беру жолымен қаржыландыру болып табылады.
Инновациялық жобаларды қаржыландыру құрылған мемлекеттiк даму
институттары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң күш салымы инновациялық процеске кәсiпкерлер мен жеке капиталдың қатысуынсыз жеткілікті түрде тиімді емес. Қазiргі кезде кәсіпкерлердің отандық ғылыми әзiрлемелердi iздестiруде, бағалауда және жылжытудағы қызығушылығының әлсiздiгі байқалып отыр.
Венчурлік қорлар венчурлiк инвестициялаудың негізгі тетiгi болып табылады. Венчурлік инвестициялауды дамытудың бастапқы кезеңiнде қызметi инновацияларды құруға және/немесе коммерцияландыруға бағытталған жеке отандық және шетелдiк капиталды тарту мемлекеттiң тiкелей үлестік қатысуымен венчурлiк қорларды құру кезiнде мүмкiн болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттiк қаражат бұл қорға кiретiн жеке инвесторлардың тәуекелдерiн төмендетедi. Венчурлiк индустрияны қалыптастырудың бастапқы кезеңiндегi мемлекеттiк жәрдемдесудiң мұндай нысаны барлық елдерде дерлiк өзiнiң тиiмділігін көрсеттi.
Мемлекеттiң венчурлiк қорларды құруға қатысуы ҰИҚ арқылы жүзеге асырылады. ҰИҚ-тың инновациялық саясатының негiзгi бағыттарының бiрi құрылатын венчурлiк қордың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу (49%-ға дейiн) жолымен отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлiк қорлар құру болып табылады.
Осы Бағдарлама қызметi компанияның/жобаның тiршiлiк ету кезеңiнiң бастапқы кезеңiне арналған инновацияларды құру және коммерцияландыруға бағытталған компаниядағы инвестицияларды венчурлiк инвестициялау ұғымын ғана шектейдi.
Осыған байланысты осы Бағдарламада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Венчурлiк инвестициялау - идеяларды жаңа өнiмнiң тұсаукесер үлгiлерiн құруға және оның коммерциялық әлеуетiн бағалауға дейiн жеткiзуге байланысты қолданбалы ҒЗТКЖ-ның зерттеулерi (1); бастапқы сериялық өндiрiс және өнiмдi бiрiншi сату (2); өндiрiстi ерте ұлғайту және өнiмдi өткiзудiң жаңа рыноктарына шығу (3) кезеңдерiнде инновацияларды құруға және/немесе коммерцияландыруға бағытталған инвестициялау.
Венчурлiк қор - венчурлiк инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға құрумен де, құрмай да жасақталған заңды және/немесе жеке тұлғалардың бiрiктiрiлген капиталы.
Венчурлiк қордың компаниясын басқарушы (менеджер) - инвестициялардың объектiлерiн таңдау және бағалау, компаниялармен мәмiлелер жасасу, олардың қызметiн бақылау және олардан шығуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi қамтитын венчурлiк қорды басқару үшiн жауапты заңды тұлға.
Шығу - инвестордың оның иелігіндегi акциялардың пакетiн/қатысу үлесiн сатудағы венчурлiк инвестициялау процесiнiң аяқталған кезеңi.
Венчурлiк инвестициялауды дамытудың бұл кезеңiнде мынадай сәттердi ескеру қажет:
бүкіл әлемдегi венчурлiк қаржыландыру 2000-2001 жылғы дағдарыстан кейiн стагнациялық кезеңдi бастан кешiрiп отыр, венчурлiк қорларға қаражат тартудың көлемi Еуропада да, АҚШ-та да қысқарып жатыр, бұл Қазақстандағы венчурлiк инвестицияларды тарту жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын қатты қиындатады;
дамыған елдердегi венчурлiк қор менеджерлерiнiң басым көпшiлiгi инвестициялаудың географиясын дамыған елдерден тысқары ұлғайту туралы мәселеге және жекелей алғанда Қазақстандағы инвестициялау ұсыныстарына сақтана қарайды;
барлық қор менеджерлерiн бiрiншi кезекте елдегi венчурлiк кәсiпкерлiктi дамыту мәселесi және оны қолдау жүйесi қызықтырады. Егер елде идеялар мен ғылыми-зерттеу ұжымдары түрiнде емес, мемлекеттiк қолдау жүйесi бар инновациялық менеджерлер мен кәсiпкерлер жетекшілік ететiн тiркелген компаниялар объектілерiне таңдау болмаса шетелдiк қорлар елге келмейдi;
кейбiр басқарушы компаниялар бiрiншi қадам ретiнде жобаларды ғылыми-техникалық талдау, инвестициялау процесi, инвестициялар қоржынын әртараптандыру, тәуекелдердi бағалау, жобадан шығу әдiстемесi бойынша консалтингтiк қызметтердi, екiншi ынтымақтастық кезеңін (кем дегенде бiр жылдан кейiн) олар Қазақстанда олардың қатысуынсыз толықтырылатын венчурлiк қорларды басқару бойынша бiрлескен компаниялар құру туралы мәселенi қарауға дайын болады. Тек бiрлескен жұмыстың үшiншi кезеңiн ғана акционерлердiң алдына Қазақстандағы өз қорларының қаражатын тарту бойынша мәселе қоятын болады. Бұл жолдың болуы мiндеттi түрде деп ұғынылады және еуропа қор менеджерлерiнiң тәжiрибесiн, жұмыс технологиясын қабылдауға, оларға елдегi венчурлiк капиталға сұраныстың және инвестициялардың кiрiстiлiгінiң бар екенiн көрсетуге мүмкiндiк бередi;
көптеген қорлармен және венчурлiк қорлардың активтерiн басқару жөнiндегi компаниялармен жұмыстық өзара iс-қимылын орнату үшiн оларға ақшаны инвестициялау, олардың акционерлерiмен өзара қатынасты орнату, өз мамандарын тағылымдамаға жiберу және одан әрi Қазақстандағы инвестициялауға бұл қорларды тартуға, бiздiң елiмiзде инвестициялау үшiн бұл қорларды тартуға мүмкiндiк беретiн олардың акционерлерi (пайшылары) болу қажет. Венчурлiк капиталды елге тартудың бұл тәсiлiн Оңтүстiк Шығыс Азия, Корея және тағы басқа елдер пайдаланды;
Қазақстандағы венчурлiк инвестициялауды, әсiресе Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде дамыту, венчурлiк капитал рыногын капиталдандыру тек отандық институционалдық инвесторлар мен қаржылық институттардың белсендi қатысуы кезiнде ғана мүмкiн болады. Дамыған елдерде нақ осылар венчурлiк капиталдың негізгі көздерi болып табылады. Мәселен, АҚШ-та 2000 жылы институционалдық инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 60%-ына жуығы ал банктер үлесiне 23%-ы тиесiлi болды. Еуропада қаржылық институттар сияқты институционалдық инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 30%-ына таяуы тиесiлдi болды.
Қазақстанда қазiргi сәтке екiншi деңгейдегi банктер, инвестициялық қорлар, қаржы-өнеркәсiп топтары олардың бiр бөлiгі реттегіш режимiн ырықтандырудан экономиканың нақты секторына, оның iшiнде венчурлiк капитал түрiнде құйылған қаржылық ресурстардың үлкен көлемiн жинақтады.
Сонымен қатар, Қазақстанда институционалдық инвесторлар мен қаржы институттарының венчурлiк қаржыландыруға қатысуы үшiн елеулi кедергілер бар. Мәселен, "Инвестициялық қорлар туралы" Заңға сәйкес акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерi компаниясы басқарушы бола алмайды. Тыйым салу тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды. Бiрақ тәуекелдiк инвестициялау қорының қызметiне елеулi шектеулер орнатылады. Мысалы, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорының акциялары сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда-саттық жүйелерiнiң айналымына жiберiлмейдi. "Сақтандыру қызметi туралы" Заңға сәйкес сақтандыру ұйымы өз активтерiн жоғары өтiмдi құралдарға, оның iшiнде ең жоғары санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы эмитенттерiнiң мемлекеттiк емес эмиссиондық бағалық қағаздарын орналастыруды жүзеге асырады. Зейнетақы қорлары "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиондық бағалы қағаздарына инвестициялауға құқығы бар. Екiнші деңгейдегi банктердiң инвестициялық қызметi капитал реттегiшiн есептеу кезiнде жүргiзілген инвестициялардың барлық сомалары алынып тасталатын оларға қарсы активтер мен шартты мiндеттемелердiң жiктелiмi және провизиялар құрудың ережесiн ескере отырып, жүзеге асырылады.
Жаңа өспелi компанияларға (бизнес қамқоршылары, немесе ресми емес инвесторлар) тiкелей қаржы қаражатын инвестициялайтын жеке инвесторлар венчурлiк капиталдың ресми емес рыногын құрады. Абсолюттік көрiнiстегi венчурлiк капиталға салыстырмалы түрдегi өзiнiң елеусiз үлесiне қарамастан, бизнес қамқоршылары компания дамуының бастапқы кезеңiнде (бастапқы және сөре кезеңдерiнде) инвестициялаудың маңызды көздерiнiң бiрi болып табылады.
Қазақстанда реформалар жылдарында жеке кәсiпкерлерде, халықта венчурлiк жобаларға инвестициялануы мүмкiн елеулi қаржы ресурстары жинақталды. Сонымен қатар инвестициялық инфрақұрылымның жоқтығы, кәсiпкерлiк дағдының төменгi деңгейi, ақпараттық желiлердiң жоқтығы венчурлiк инвестицияға жеке инвесторлардың қатысуына кедергi жасайды.
Консультациялық қызметтерге және оларға жеке инвесторларды енгiзетiн жобалар бойынша деректер қорын құру жолымен жобаларды жылжытуға дайын жеке консалтингтiк компаниялар бар. Алайда, бұл компаниялардың қызметтерi бiрiншi кезекте олардың инвестиция тарту және/немесе жобаны iске асыру түрiнде нәтижелерге жету емес, бизнес жоспарларға әзiрлеуге өтiнiш бiлдiрушілерден төлем алу есебiнен қысқа мерзiмдiк пайда алуға бағытталған. Яғни, мұндай компаниялар идеялар кезеңiнде перспективалық жобаларды тиiсiнше iрiктеуге мүдделi емес, ал өздерiнiң қызметтерiне тапсырыстар алуға және ағымдағы пайдаға ғана мүдделi.
Осылайша мемлекет инновациялық қызметтi қаржыландырудың қазiргi заманғы жүйесiн құру үшiн төменде ұсынылған iс-шаралар кешенiн iске асыруы тиiс.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Осы бағдарламаның мақсаты отандық, сондай-ақ шетелдiк ғылыми әлеуеттi және технологияларды пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi түпкіліктi өнiмдi жасауды қамтамасыз ететiн ашық түрдегi инновациялық жүйенi қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
ғылыми әлеуеттi дамыту;
инновациялық кәсiпкерлiк ортаны қалыптастыру және қолдау;
көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
гранттарды беру түрлерiн кеңейтуге және венчурлiк қорлар құруға қатысты қаржылық инфрақұрылымның элементтерi мен тетiктерiн қалыптастыру және дамыту;
ҰИЖ-дың элементтерi арасында тиiмдi өзара iс-әрекеттi қамтамасыз ету;
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiгi
Осы Бағдарлама елдiң экономикасындағы инновациялардың пайда болуы, таралуы мен пайдаланылуының мейілінше оңтайлы тетiктерiне белсендi мемлекеттiк реттеу жүргiзудi, яғни олардың тиiмдi коммерцияландырылуын болжайды.
Мыналарды қоса алғанда қоғамның барлық салаларының мүдделерiн көрсететiн ұлттық инновациялық жүйе әзiрленетiн болады:
мемлекет;
iскер топтар;
өндiрушiлер;
тұтынушылар;
әзiрлеушiлер;
ғылыми-техникалық зиялы қауым;
қаржы институттары.
Қазақстанда ҰИЖ-ды қалыптастырудың негiзгi қағидаттары:
мемлекеттiң ҰИЖ-ны қалыптастыру мен дамыту процесiндегi белсендi рөлi;
мемлекеттің жеке капиталмен серiктестiгi;
жүйенiң ашық сипаты.
Мемлекеттің белсендi рөлi бiрiншi кезекте ҰИЖ-ды қалыптастыру үшiн қажет. Шетелдiк тәжiрибенi талдау көрсетiп отырғандай әлемнiң бiр де бiр елiнде рынок, жеке сектор ҰИЖ-ды дербес қалыптастырған жоқ. Барлық елдерде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыру үшiн мемлекет жүйеге белсендi қатысушының рөлiн өзiне алуға тура келдi. Мемлекеттiң белсендi рөлi ҰИЖ-дың барлық элементтерiнiң өзара iс-қимылдарын мемлекеттiк деңгейде үйлестiрудi жүзеге асыруға; дамудың ұлттық, салалық және өңiрлiк басымдықтарының келiсушiлігін қамтамасыз етуге; ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiң жеке капиталмен серiктестiгi инновациялық даму процесiнде жеке сектордың ресурстарын тарту үшiн қажет. Мемлекет жеке секторды алмастыруы тиiс емес, ол ҰИЖ-ды қалыптастыру мен дамыту процесiнде ұйымдастырушы, катализатор және үйлестiрушi ретiнде ғана көрiнедi, бiрақ оның басты мақсаты - жеке капиталды инновациялық процестерге белсендi қатысуға тарту болып табылады. ҰИЖ-дың қалыптасуына қарай оның жұмыс iстеуiндегi және одан әрi дамуындағы мемлекеттiң рөлi қысқаратын болады.
Ұлттық инновациялық жүйенiң ашық сипаты оның тиiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн шешушi маңызы бар. Ашықтық дәстүрлiк ғылыми ортада да, дара өнер тапқышта туындаған iшкi және сыртқы инновацияларды қабылдау жүйесiнiң қабілетiн білдiредi. ҰИЖ кез келген қызықты өнертабысты, кез келген коммерциялық перспективалық әзiрлеменi iске асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл өндiрiс пен ғылыми зерттеулердiң жаһандану процестерiнен барынша нәтиже алуға, инновациялық қызметке елдiң барлық талантты адамдарын тартуға мүмкiндiк бередi.
5.1. Ғылыми әлеуеттi дамыту
Ғылыми әлеуеттi дамыту жөнiндегi шаралар қолданбалы ғылымның өндiрiске, бизнеске барынша жақындауы, ҒЗТКЖ-дың нәтижелерiн өндiрiске енгiзу, оларды коммерциялық пайдалануға лицензияларды сату нысанындағы түпкілiктi нәтижеге толық бағдарлауға бағытталатын болады.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру үшiн бағдарламалық-мақсатты әдiс технологиялық проблемаларды шешу және энергиямен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. саладағы жеке кәсiпорынның бәсекеге қабiлетiн көтеру үшiн үлкен мәнге ие нақты жобаларды қаржыландыру үшiн мемлекет қаржылық көмек көрсету үшiн қолданатын әлемнiң озық елдерiнiң тәжiрибесiн пайдалану қажет.
Төменде мазмұндалған қағидаттар мен тетiктер қоғамдық ғылымдарға, iргелiк ғылыми-зерттеулерге қажеттi емес екенiн атап кету қажет.
ҰИЖ-дың ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту жөнiндегi барлық iс-шаралар мынадай қағидаттарға құрылатын болады:
1. ҒЗТКЖ-ды гранттық негiзде қаржыландыру,
2. ҒЗТКЖ-ды жеке сектормен тете қаржыландыру,
3. Ғылыми-техникалық сараптаманың тәуелсiздiгi,
4. Қолданбалық ғылыммен айналысатын ҒЗИ-дi жекешелендiрудi қоса алғанда, ұйымдық құрылымды өзгерту.
Инновациялық қызметтi жандандыру үшiн бiрiншi кезекте қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды және қолданбалы ҒЗТКЖ-ды қаржыландырудың схемасын қаржыландыру тәсілi өзгертiлетiн болады.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты әдiсi мынадай қағидаттарға негiзделуi тиiс:
ғылыми-техникалық бағдарлама мақсатының, мiндетiнiң және мазмұнының нақтылығы;
зерттеулер нәтижелерiнiң ашықтығы,
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны және ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiндегi жобаларды қаржыландырудан өзге елдiң экономикасы үшiн маңызды мәнi бар қолданбалы iрi жобалар қаржыландырылатын болады.
Олар үшiн қаржыландыру схемасы мыналарды көздейтiн болады:
1. Жобаларды жекелеген, сол сияқты конкурстық негiздегi ғылыми-техникалық бағдарлама.
Конкурсты ұтып алған бекiтiлген технологиялық басымдықтар негiзiнде зерттеушiлер грант нысанында қаржыландыру алады. Бұл ретте қаражат бақылаусыз және қайтарусыз негiзде емес, ал үлестерi 50 %-дан аспайтын әзiрлеушi, ұйым және мемлекет арасында зерттеулердiң нәтижелерiне арналған мүлiктiк құқықтарды бөлу шартында бөлiнетiн болады. Қаржыландырудың бұл нысаны зерттеушiлер үшін де және перспективада орындалған ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн коммерциялық пайдаланудан кiрiстiң дербес көздерiн алатын ғылыми ұйымдар үшiн де күштi ынта бередi.
2. Қолданбалы ғылыми зерттеулердi жеке капиталмен тең қаржыландыру. Бұл ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға өнеркәсiп салаларының проблемалы мәселелерiн, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жекелеген проблемаларын шешу үшiн, сондай-ақ бизнес қызығушылық танытқан ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi құру үшiн мүдделi жеке бизнестің қосылатындығын бiлдiредi. Бизнестiң инновациялық белсендiлігінiң төмендiгiн ескере отырып, қазiргi уақытта экономика секторларының көпшiлiгі, мемлекет бұл секторлардағы зерттеулердi 100 % қаржыландыруды, бiрақ ҒЗТКЖ-дың кейiнгi кезеңдерiндегi қаржыландыруға бизнестi бiртiндеп қоса отырып, мемлекеттiң қатысуын 10-30 %-ға бiртiндеп қысқарта отырып, iрi кәсiпкерлiктiң де, орта және шағын кәсiпкерлiктiң де мүдделi өкiлдерiмен тұрақты сұхбат жағдайы кезiнде өздерiне алуы тиiс.
Елдiң ғылыми әлеуетiн дамыту үшiн сараптама жүргiзу үшiн ұлттық компаниялар, iрi бизнес, ғылыми ұйымдар, даму институттары өкiлдерiнiң отандық сарапшыларынан өзге жоғары бiлiктi шетелдiк сарапшыларды тарту жолымен тәуелсiз ғылыми сараптама институтын жетiлдiру қажет. Тәуелсiз сарапшылардың еңбегін төлеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргізiледi.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жоғарыда көрсетiлген қағидаттары бағдарламалық-мақсатты әдiс ретiнде де, дәл сондай жеке мега-жобалар ретiнде де кәсiпорынның, саланың нақты технологиялық проблемаларын мақсатқа сай шешуге, олардың бәсекеге қабiлеттігін көтеруге, жаңа, нақты қажеттiлік тудырған өнiмді немесе қызметтердi құруға мүмкiндiк бередi.
Елдiң ғылыми әлеуетiн инновациялық процеске белсендi тарту үшiн олардың қызметiнiң ғылыми және инновациялық кәсiбiн сақтау үшiн инвестициялар тарту мақсатында ғылыми-техникалық саланың жекелеген объектiлерiн қайта жаңғырту және жекешелендiрудi жалғастыру қажет.
Мемсектордың құрамына мемлекеттiк басқаруға және бюджеттiк салаға (денсаулық сақтау, білiм беру, экология, қорғаныс және т.б.) тiкелей қызмет көрсететiн институттар ғана енетiн болады.
Шетелдiк консультанттардың көмегiмен дамыған елдердiң тәжiрибесiн пайдалана отырып, оларды озық ғылыми-техникалық ұйымдарға айналдыру мақсатында жұмыс iстейтiн зерттеу орталықтарынан, ғылыми-зерттеу институттарынан, жекелеген ғылыми зертханалардан бастапқы топ әзiрленетiн болады.
Мұндай озық ғылыми орталықтар Қазақстанның университеттерi мен зерттеу институттары, iскер топтары өкiлдерiнiң, сондай-ақ көрнекті халықаралық ғалымдардың қатысуы кезiнде екi басты өлшем бойынша iрiктелетiн болады:
- әлемдiк деңгейде ғылыми зерттеулер жүргiзу бойынша әлеуеттiң болуы;
- мұндай зерттеулердiң Қазақстанның ағымдағы және келешектегi экономикалық дамуы үшiн маңыздылығы.
Әлемнiң барлық индустриялық дамыған елдерiнде көптеген өнеркәсiп компанияларының бұл елдерде жүзеге асырылатын қолданбалы зерттеулер мен әзiрлемелердiң негiзгi көлемiн орындайтын меншiктi ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалары бар. Нақ осы бөлімшелер жоғары тиімдi жаңалықтардың тұрақты фирмаiшiлiк бастамасын, зерттеулерге нақты практикалық бағдар берудi, ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн өндiрiсте жедел пайдалануды қамтамасыз етедi. Бұдан өзге, өнеркәсiп компанияларында ғылыми бөлімшелердiң болуы мұндай бөлiмшелер өнеркәсiпте практикалық қолдану үшiн көптеген ғылыми зерттеулердi бейімдей алатын болғандықтан, iрi iргелiк жаңалықтар базасында қағидатты жаңа технологияларды құруға және игеруге ықпал етедi.
Қазақстанда қазiргi кезде қолданбалы зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындайтын ғылыми ұжымдар (салалық және бұрынғы салалық, қазiргi акционерлiк ғылыми ұйымдар) әдетте "Ғылым - өндiрiс-рынок" циклінiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн барынша елеулi кедергiлердiң бiрi болып табылатын өнеркәсiп кәсiпорындарынан ұйымдық, экономикалық және психологиялық бөлiнген.
Осыған байланысты мемлекеттiк сектордың бiрқатар ұйымдарын iрi компаниялар, iрi бизнес ғылыми саланы сақтау жағдайында (корпоративтiк ғылымды дамыту) жағдайларында жекешелендiрiлетiн болады (инвесторларға сату). Екiншi жағынан бiрқатар ғылыми ұйымдар жоғары оқу орындарының құрамына кiредi.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны, әсiресе мемлекеттiк қаржыландыру есебiнен жүргiзiлетiндердi үйлестiру қажет. 2005-2006 жылдар iшiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілеттi орган ретiнде және Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегі уәкiлеттi орган ретiнде салалық министрлiктермен, Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссиямен, ҰИҚ-пен, "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ-пен, бизнеспен және кәсiпкерлiкпен өзара әрекетiнiң рәсiмдерi мен тетiктерi пысықталатын болады.
Бұл үшiн көрсетiлген уәкілеттi органдардың, ғылыми-техникалық қызметтiң басқа қатысушыларының арасындағы функциялардың нақты жiгiн ажырату жөніндегі тиiстi нормативтік құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
Технологиялар трансфертi
2005 жылдың iшiнде мемлекет есебiнен жүргiзілген немесе жүргізiлiп жатқан нақты ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн олардың өзектiлігін және әлеуметтiк-экономикалық дамытудың қолданыстағы шарттарында коммерциялизациялау мүмкiндігін айқындау мақсатында сараптау және iрiктеу жөнiндегi жұмысқа кiрiсу қажет.
2005-2006 жылдарда жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiне мемлекеттің зияткерлiк меншігі құқықтарын пайдалану тәртiбiн айқындау жөнiнде ұсыныстар әзiрленетiн болады.
2005 жылы Дүниежүзiлiк банкпен бiрлесiп Озық технологиялар орталықтарын құру бойынша жоба бастама алатын болады. Дүниежүзiлiк банк әлемдiк рынокта коммерциялизациялаудың жоғарғы әлеуетiне ие ғылым саласын айқындайтын маркетингтiк зерттеулер жүргізетiн болады. Озық технологиялардың құрылған орталықтары осы салалардағы инновациялық әзiрлемелерге технологиялық қаржылық, құқықтық және ұйымдық жәрдем көрсету жолымен қолдауды қамтамасыз ететiн болады.
Озық технологиялар орталықтарын дамыту жетекшi шетелдiк сарапшылардың техникалық жәрдемiмен жүргізiлетiн болады.
Технологиялар трансфертi процесiндегi маңызды рөл дамуында Қазақстан әлемдiк рыноктағы еңбектi халықаралық бөлуге сәттi енуi үшiн салыстырмалы артықшылыққа ие болатын Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы жүргiзген зерттеулерге тиесiлi болмақ.
Ақпараттық инфрақұрылым
Ақпараттық алмасу дамыту процесiнiң және әсiресе, бiлiмдердi, технологияларды, ақпараттарды беру процестерiне негiзделген инновациялық дамытудың шешушi факторының бiрi болып табылады.
Қазақстанда жалпы жүйе құру қажет. Ол Қазақстанның мемлекет iшiндегі, дәл сондай шетелдiк серiктестерге индустриялық-инновациялық дамуы процестерiнiң жалпы кешенiн ашып көрсететiн болады - "Виртуалдық технопарк" инновациялық дамытудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - "Виртуалдық технопарк" БАЖ).
Ақпараттық жүйе әрiптестер мен инвесторларды iрiктеу мақсатымен ұсынылатын және талап етiлетiн технологиялар бойынша ақпаратты жинауға, талдауға және пайдалануға мүмкiндiк беретiн iргетасын бiлдiруi тиiс. Инновациялық дамудың "Виртуалдық технопарк" БАЖ даму және ұйымның инновациялық дамуына iске қосылған басқа да институттардың қызмет көрсетуiн бiлдiретiн көп деңгейлi дерекқорды бiлдiредi деп жоспарлануда. Жүйе қазiргi заманғы технологияларды әлеуеттi жеткiзушiлер мен тұтынушылардың арасындағы барынша мүмкiн болатын байланыстардың санын ұйымдастыру процесiн қамтамасыз ететiн болады, ғылыми-технологиялық дамуды болжау үшiн негiзге болады.
Мемлекеттiк институттардан жеке секторға "Виртуалдық технопарк" БАЖ шеңберiнде ұсынылатын қызмет көрсетулердiң көлемi мен бағытын назарға ала отырып, "Виртуалдық технопарк" БАЖ сервистерi электронды Қазақстан Республикасының даму инфрақұрылымының мемлекеттiк бағдарламасына енгiзiлген.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы ақпараттық жүйе шеңберiнде елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң картасы және мемлекеттiк индустриялық инновациялық саясатты қалыптастыру, iске асыру, оның мониторингi кезiнде, сондай-ақ зерттеушiлердiң, кәсiпкерлердiң, шетелдiк инвесторлардың жұмысында пайдаланылуы мүмкiн электрондық дерекқор құрылатын болады. Мұндай жұмыс бiлiмнiң қазiргi кластерлерiн орналастыру кестесiн, жекелеген зерттеушілердiң білiктілiгiн айқындайды, әртүрлi ғылыми пәндер арасында әлеуеттi байланыстарды бөледi.
"Виртуалдық технопарк" БАЖ сапасын және оның қойылған мiндеттердi орындауды қамтамасыз ету қабiлетiн айқындайтын негiзгi факторлар мыналар болады:
- ҰИҚ субъектілерi қызметiнiң ақпараттандыру дәрежесi;
- ҰИҚ арқылы субъектілер арасындағы өзара iс-қимылдың деңгейi.
2005 жылы "Виртуалдық технопарк" БАЖ-дың техникалық-экономикалық негiздемесi әзiрленетiн және 2006 жылы оны құруға шығыстар жоспарланатын болады.
5.2. Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту
Осы бағдарлама шеңберiнде мемлекет инновациялық кәсiпорындар жүйесiн қалыптастыру және оларды жандандыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдайды.
Инновациялық кәсiпорындардың тиiмдi төлемдiгiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi Қазақстанда технологияларды коммерцияландырудың iскерлiк қағидаттарына, құқықтық қорғаудың теориясы мен практикасына және зияткерлiк меншiктi пайдалануға ие болып отырған, инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды басқара білетiн кәсiби инновациялық менеджер-мамандардың институтының жоқтығы болып табылады.
Осыған байланысты жақын перспективада инновациялық кәсiпкерлiктi дамытудың маңызды бағыттары жоғары оқу орындарында да жоғары оқу орындарынан кейiн де, оның iшiнде шетелдерде оқуды, сондай-ақ мұндай бағдарламаларды қаржыландыруда мемлекет қатыса отырып, жұмыс iстейтiн менеджерлердiң білiктілiгiн арттыру үшiн қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, дөңгелек үстелдердi қамтитын инновациялық кәсiпкерлiк саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру болып табылады.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде Бiлiм және ғылым министрлiгi, Индустрия және сауда министрлiгi және ҰИҚ жетекшi шетелдiк бизнес-мектептермен және жетекшi қазақстандық жоғары оқу орындарымен бiрлесiп, "Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша басқару кадрларын даярлау жөнiндегi оқу бағдарламасы әзiрленетiн болады.
Инновациялық кәсіпкерлік саласында кадрларды дайындау және қайта дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1439 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен қаржы ресурстары көзделетiн болады.
Сондай-ақ мақсаты инновациялық кәсiпкерлерге, инфрақұрылымдық ұйымдар қызметкерлерiне, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың менеджерлерiне инновациялар менеджментiнiң теориясы мен практикасын енгiзу жөніндегі қысқа және орта мерзiмдi бағдарламаларды жүргізу болатын технопарктер жанындағы бiлiм беру орталықтары ашылатын болады.
Мемлекеттiң инновациялық кәсiпкерлiктi ынталандыру жөнiндегi күш-жiгерi мына бағыттарға да шоғырланатын болады:
меншiк нысанына және қаржыландыру түрлерiне қарамастан барлық субъектiлердiң инновациялық қызметтi жүргiзуi үшiн тиiмдi жағдайлар жасау мақсатында салық жүйесiн одан әрі жетiлдiру;
бiлiмдердiң мамандандырылған желiлерiн құруға және олардың жаңа технологияларды дамытудың аумақтық аймақтарында коммерцияландыруға бағытталған кластерлiк стратегияларды әзiрлеу;
ақпараттық алмасу және инновациялық қызметте қажеттi деректерге, регламенттерге, дерекқорға және т.б. ену жүйесiн дамыту;
инновациялық қызмет үшiн iскер және ақпараттық қызметтердi дамытуға жәрдемдесу - қаржылық және құқықтық консалтинг, патенттiк қорғау және басқалары;
инновациялық қызметтiң басым бағыттарын дамыту саласындағы шетелдiк мамандарды шақыру;
кәсiпкерлiктiң тиiмдi түрлерiнiң бiрi ретiнде инновацияны насихаттау;
шетелдiк инвесторлармен бiрлескен инновациялық кәсiпорындар құруды ынталандыру;
монополияны реттеу және адал бәсекенi қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
өнер табыстарды патенттеу рәсiмдерiн оңайлату;
мемлекет пен жеке бизнес арасындағы диалогты оңайлатуға жәрдемдесетiн бизнес қауымдастықтарды құруға жәрдемдесу;
инновациялық инфрақұрылым элементтерiн құруға пайдаланылмаған өндiрiстiк алаңдарды және ресурстарды беру жолымен инновациялық қызметті күшейту мақсатында мемлекеттiк меншiктi тиiмдi пайдалануды арттыру;
жабдықты қайта бөлу үшiн инфрақұрылымдарды құру (ақпараттық және лизингтiк агенттіктер, пайдаланылған жабдықты сату жөнiндегi сауда кәсiпорыны және т.б.);
өнiмдердi стандарттау және технологиялық процестердi, тауарлар мен қызметтердi сертификациялау жүйелерiн құру;
мемлекеттiк сектордан технологияларды мемлекеттiк емес секторға берудiң тиiмдi тәртiбiн әзiрлеу;
инновациялық тәуекелдердi сақтандырудың тетiгiн құру;
басқармалық және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту;
зияткерлiк меншiк құқығын қорғау бөлiгiнде заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi шараларды қабылдау.
5.3. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту
Қазақстанның ҰИЖ инновациялық инфрақұрылымының негiзгi ұйымдық институттары ұйымдық құрылымы бар, инновациялық дамудың барлық кезеңдерi мен процестерiне жәрдемдесу үшiн қажеттi және жеткілiктi қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлген технологиялық парктер (технопарктер) және технологиялық бизнес-инкубаторлар болады.
Шетелдiк тәжiрибе көрсететiндей инновациялық саладағы шағын және орта кәсiпкерлiк - өнеркәсiптi дамыған елдердiң инновациялық әлеуетiнiң алғашқы бұқаралық және неғұрлым серпiндi құрылым. Шағын және орта инновациялық фирмалар экономиканың пайда болатын салаларында, рыноктың жаңа сегменттерiн ашатын, жаңа өндiрiстi дамытатын, өндiрiстiң ғылыми сыйымдылығын және бәсекеге қабілетiн арттыратын және сонымен, жаңа технологиялық тәртiптi қалыптастыруға жәрдемдесетiн технологиялық көшбасшылар болып табылады.
Шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пәрмендi тетiктерiнiң бiрi бизнес-инкубация процесi болып табылады, яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау әлi күрделi, оларды дамытудың әлi ерте, қауіптi кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс.
Инновациялық жүйенi қалыптастырудың бастапқы барысында инновациялық кәсiпорындарды дамытудың бастапқы барысында жинақталған, инновациялық инфрақұрылымның бөлiгi болуы тиiс, "технологиялық бизнес-инкубаторлардың" жүйесiн Қазақстанда құру инновациялық кәсiпкерлiктi дамытуда мемлекеттiң басты мiндеттерiнiң бiрi болады.
Технологиялық бизнес-инкубаторлар дербес бiрлiк және технологиялық парктердiң бөлiгі ретiнде көрiнiс бередi.
Бұдан өзге, инновациялық компанияларды қаржыландыру желiсi бойынша технологиялық бизнес-инкубаторлар қаржыландырылатын жобаларды басқару және оларды ағымдағы мониторинг бойынша ҰИЖ агентiнiң функциясын орындайтын болады. Осы функцияларды iске асыру үшiн технологиялық бизнес-инкубаторлар бiлiктi менеджерлердiң, бухгалтерлердiң, экономистердiң және заңгерлердiң штатына ие болады. Бұл ретте, технологиялық инкубаторлардың қызметi инкубацияланатын шағын инновациялық компаниялар үшiн тегін болады. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың бiрiншi кезеңдегі оларда орналастырылған инновациялық кәсiпкерлер мен инновациялық фирмаларға, ҒЗТКЖ-ға мемлекеттiк гранттарды алушыларға қызмет көрсетумен байланысты шығындарын тиiстi даму институттарын капиталдандыру жолымен мемлекет өтейтiн болады.
Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай функцияларды орындауы тиiс:
1. Жаңа технологиялық компанияларды ұлғайту және оларды "Start-up" кезеңiнде қолдау, өйткенi инкубаторлар кәсiпорынды басқаруда тұрақты көмек көрсететiн болады, қаржыландыруға қол жеткiзуге және кәсiпорынды бизнестi жоспарлау, бухгалтерлiк және заңгерлiк мәселелерiнде маркетингтiң жоспарларын жасау кезiндегi көмектi қоса алғанда, қажеттi қызмет пен технологиялық көмектiң кешенiн қамтамасыз етедi.
2. Компания иелерiн инновациялық менеджмент негіздерiне оқыту.
Практика көрсететiндей, технологиялық инкубаторлар кәсiпорындарға кез-келген басқа жерде бастайтын кәсiпорындармен салыстырғанда, олардың дамуын 7-12 есе жылдамдата отырып, "жедел мәре" бередi. Инкубаторлар бұған арнайы дайындалған мамандардың, рәсiмдердiң және әдiстердiң көмегiмен қол жеткiзедi.
2007 жылға дейiнгi кезеңде технологиялық парктердiң құрамынан Қазақстанның әртүрлi өңiрлерiнде және Қазақстанның жетекшi техникалық, аграрлық және медициналық жоғарғы оқу орындарының жанынан кем дегенде 12 арнайы технологиялық бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанындағы 8 оқу орталықтарын құру болжануда.
Жетекшi технологиялық жоғары оқу орындары жанынан бизнес инкубаторлар мен технопарктер құру қазақстандық әзiрлеушiлер ұсынатын барлық инновациялық бастамаларды бiрте бiрте қамтуға алып келедi деп болжанады, бұл жыл сайын 300-ден астам жобаларды құрайды.
Инновациялық процестi басқарудың көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлардың желiсiн құру:
технологиялық бизнес-инкубаторлардың аумағында жоғары технологиялық кәсiпорындардың ҰИЖ гранттық қаржыландыруы үшiн қажеттi материалдық ресурстарды жинақтауға;
инновациялық циклдың ұзақтығын қысқартуға мүмкiндiк беретiн басқару шешiмдерiн жедел қабылдауға;
инфрақұрылымды ұстап тұруға жүк-құжаттама шығыстарының деңгейiн азайтуға;
инвестициялық шешiмдердi қабылдауда бюрократиялық рәсiмдердiң санын қабылдауға;
инновациялық кәсiпорындардың басқару құрылымын оңтайландыруға;
инновациялық жүйеде бiлiмдi алмастыру және беру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi.
Бизнес-инкубаторларда жұмыс үшiн компаниялар мен инновациялық кәсiпорындарды iрiктеу өтiнiш берушiнiң жеке басына, ғылыми дәрежелерi мен атақтарының болуына қарамастан жобалар мен идеялардың конкурсы ретiнде конкурстық негізде жүргізiлетiн болады.
Бизнес-инкубаторлар өткiзетiн және ұйымдастыратын осы жобаларды рәсiмдеу, ғылыми-техникалық сараптама жасау, экономикалық есептерiн жүргiзу әлемдiк практика көрсететiндей, құрылатын технопарктерде орналастыру қажеттілігі кезiнде және ҰИЖ қаржыландыру үшiн мәлiмделген жобалардың 5-10 %-ы iрiктеуге алып келедi.
Технопарктердi деңгейлер бойынша олардың ҰИЖ элементтерi мен қатысушыларына бөлу Қазақстанның инновациялық дамуының жағдайы үшiн мейлiнше қолайлы болып табылады:
ұлттық ғылыми-технологиялық парктер;
өңiрлiк технологиялық парктер.
Ұлттық ғылыми-технологиялық парктер нормативтiк құқықтық актілердiң ережелерiне сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму үшiн басымдықты болып табылатын салаларды, өңiрлердi, білiм беру салаларын қарқынды (жедел) дамытуды қамтамасыз ету үшiн құрылады.
Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердiң аумақтарындағы инновациялық қызметтi ынталандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтар мәртебесi берiледi.
Өңiрлiк технопарктер инновациялық әлеуеттi, өңiрдiң инновациялық қабiлеттiлiгiн айқындау, ашу және дамыту, өңiр экономикасының инновациялық өнiмдерге қажеттiлiгін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Мемлекеттiк бюджеттiң қаражатын пайдалануды жоспарлау мақсатында ұлттық сол сияқты өңiрлiк технопарктердi құру мен дамыту кезiнде Технопарктердi құру мен дамытудың бағдарламасы қалыптасады.
Таяудағы екi жыл "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын дамытудың негізгi бағыттары екiншi кезектегi құрылысты жалғастыру болып табылады.
Арасында Биотехнологиялар паркi, Ядролық технологиялар паркi, Жаңа материалдар паркi, Агротехнологиялар паркi және т.б. бар 2005-2006 жылдары құрылатын басқа ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi дамытудың нақты бағыттары тиiстi құжаттарды әзiрлеу және бекiту барысында айқындалатын болады. Мұндай құжаттар Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшiн басымдықты ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi құрудың мүмкiндiктерi мен мақсатқа сай болуының тұжырымдамалары, техникалық-экономикалық негіздемелерi, ұлттық технопарктердi дамыту жөніндегі iс-шаралар жоспары болып табылады.
Осы немесе өзге салалардың басымдықтарының негiздемелерi технологиялық дамудың әлемдiк үрдiстерiне, сондай-ақ Қазақстанның қолданыстағы ғылыми және өндiрiстiк жасап шығаруларына негiзделе отырып, ұлттық ғылыми-технологиялық тұжырымдамалары мен техникалық-экономикалық негiздемелерiн жасау жұмыстары барысында әзiрленетiн болады. Осы жұмысқа тиiстi салаларда ғылыми-технологиялық парктердi құру және басқару тәжiрибесi бар озық шетелдiк компаниялар тартылатын болады.
Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi дамытудың нақты бағыттарын айқындау, оларды технологиялық толтыру бойынша жұмысты ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi құру мен дамытуға жауапты тиiстi уәкiлеттi орган ұлттық технопарктердi құру және дамыту жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi тiкелей жүзеге асырушы ұйым ретiнде "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-мен, сондай-ақ өзге де мүдделi органдармен бiрлесiп жүргiзетiн болады.
Инновациялық белсендiлiктi ынталандыруда барынша жалпы ұлттық әсерге қол жеткiзу үшiн өңiрлiк технопарктердi дамыту саласында қолданыстағыларға толықтыру енгiзу, мынадай өңiрлерде төрт өңiрлiк технопарк құру қажет:
Шығыс Қазақстан облысы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы,
Солтүстiк Қазақстан облысы,
Астана қаласы.
Ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi барлық технопарктер үшiн 2006-2007 жж. кезеңiнде дамудың келесi кезеңдерi мынадай бағыттардағы Тұжырымдамада, технопарктердiң әрқайсысын дамыту бағдарламаларында көзделген iс-шара болады:
технопарктердi дамытудың анағұрлым тиiмдi нысандарын айқындау жөнiндегi қажетті талдамалық, зерттеу, маркетингтiк жұмыстарды жүргiзу;
физикалық инфрақұрылымды, оның iшiнде құрылыс, зертханалық, зерттеу базаларын құру;
технопарктердегi жобаларға жәрдемдесудiң ұйымдық жүйесiн қалыптастыру, оның iшiнде қаржыландыру үшiн оларды ресiмдеу және дайындау;
технопаркке жобаларды тарту, енгiзу, дамыту жүйелерiн құру, оның iшiнде технопарктердi мамандандыру салаларындағы өндiрiс пен зерттеу саласындағы отандық және шетелдiк жетекшiлердiң қатысуымен;
оның аумағында технопарктер мен жобаларды дамыту процестерiнiң ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн дамыту;
бiлiм беру орталықтарын ұйымдастыру, олардың қызметiнiң әдiстемелерiн әзiрлеу, оқытушылар құрамын даярлау;
технопарктердiң тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн отандық және шетелдiк серiктестермен тұрақты байланыстар орнату.
Өңiрлiк технопарктер желiлерiн құру және дамыту жөнiндегi қызметін iске асыруды, тұжырымдамалық құжаттарды әзiрлеу сатысынан бастап және технопарктердiң ағымдағы қызметiне iлесумен аяқтайтын технопарктердi қалыптастыру процестерiнiң идеологиялық бiртұтастығымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн тиiсті уәкiлеттiк органдармен бiрлесе отырып, "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы жүзеге асырады.
Мемлекеттiк бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекеттiң қатысуымен ұйымдардың қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған инновациялық инфрақұрылымның қазiргi уақыттағы субъектiлерi осы бағдарламаның ережелерiне және оны орындауға қабылданған нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес өз қызметiнiң бағыттары мен тетiктерiн қайта қарауы тиiс. Мұндай ұйымдардың қызмет бейiнiн өзгертудiң мүмкiн еместігі кезiнде осы ұйымдардың құрылтайшылары инновациялық дамуды қолдау жүйесiне жататын ұйымдардың және шағын және орта кәсiпкерлiкке жәрдемдесу, жұмыспен қамту ұйымдардың қызметiн екiтүрлi түсiндiрудi болдырмау мақсатында олардың атауларына өзгерiс енгiзу тиiс. Өз кезегiнде, аталған ұйымдар ҰИЖ құру және дамыту процестерiмен байланысты бюджеттiк қаржыландыру саласында орналаспайтын болады.
Ескерту. 5.3.-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.24. N 319 қаулысымен.
5.4. Қазақстандағы ҰИЖ-нiң қаржы
инфрақұрылымдарын дамыту
Венчурлiк инвестициялауды дамытуда мемлекеттiк саясаттың ұлттық инновациялық жүйесiнiң төмен инновациялық белсенділiгi, жүйе құру элементтерiнiң нашарлығы жағдайында мемлекеттiң жеке капиталмен тiкелей әрiптестігінiң тетiктерiнiң жанама ынталандыру құралдарымен қатар қосатын болады.
Мемлекет венчурлiк капиталға және оның қосымшасына сияқты сұраныс ықпалын көрсететiн болады.
Венчурлiк капиталдың ұсынысын мемлекеттiк ынталандыру мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:
венчурлiк қорларды құруға қатысу;
институционалдық инвесторлар мен қаржы институттары венчурлiк инвестициялауда қатысу үшiн жағдай жасау;
дербес инвесторлар желiсiн ("бизнес қамқоршысы") құруға жәрдемдесу;
венчурлiк инвестициялардың өтiмділiгін қамтамасыз ету;
ҒЗТКҚ және инновациялық жобаларды қаржыландыруда жеке капиталмен әрiптестік;
инновациялық жобаларды iске асыруда инвестицияларды мемлекеттiк сақтандыру жүйесiн құру;
инновациялық менеджментi, оның iшiнде венчурлiк қорлардың менеджмент қызметiн жүзеге асыратын кәсiби басқару институттары (басқарушы компаниялар) болуын дамытуға жәрдемдесу.
Егер бастапқы кезеңде мемлекеттiк ынталандыру жоғарыда көрсетiлген шаралардың барлығын қамтитын болса, онда келешекте мемлекет венчурлiк қорлар мен компаниялардан "шығу" шаралары бойынша осы қаражат қолданбалы ҒЗТКҚ-не және инновациялық инфрақұрылым элементтерiн қаржыландыруға бағытталатын болады және мемлекеттiк ынталандыру ҒЗТКҚ қаржыландыру нысанында, сондай-ақ жанама нысанда (салық салу және басқа) артықшылықтарын жүзеге асыратын болады.
5.4.1. ҒЗТКҚ және инновациялық
жобаларды мемлекеттiк ынталандыру
Қолданбалы ҒЗТКҚ-iн қаржыландыру ҰИЖ гранттарын ұсыну жолымен жүзеге асырылатын болады:
бiр жобаға 55 мың АҚШ доллары сомасындағы "шағын грант";
гранттық бағдарламалар бойынша:
өтiнiш берушiге 5 мың АҚШ долларына дейiнгi сомада толық кешендi құжаттар дайындау үшiн "жоба алдындағы грант" (толық техникалық жазылуы, бизнес жоспар және басқа да құжаттар);
зерттеулердi аяқтау және оларды тәжiрибелiк үлгiге немесе өнертапқышқа және өндiрiске беруге дайындыққа дейiн жеткiзу үшiн "iрi грант". Қазақстанның жағдайында жеке тұлға мен шағын инновациялық кәсiпорындардың қатарынан әрбiр өтiнiш берушiге 250 мың доллары жеткiлiктi, бұл ретте осындай гранттардың санын 2007-2008 жылдары жылына бiрте-бiрте 100-ге дейiн жеткiзу қажет.
50-100 мың доллары сомасында шетелдегi ҒЗТКҚ нәтижесiнде патенттердi ресiмдеуге қажеттi "патенттеу үшiн гранттар";
және басқа да бағдарламалар.
Бастапқы сатыдағы инновациялық жобаларды мемлекеттiк инвестициялау жеке капиталмен тiкелей әрiптестік (құрылған компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысуы) жолымен жүзеге асырылатын болады. Осындай жолмен, мемлекет тиiстi даму институты арқылы кәсiпкермен және жеке инновациялық жобаға тән жеке тәуекел инвестормен бөлiседi.
Мемлекет ҒЗТКҚ жүзеге асыру, бастапқы кезеңдегі инновациялық жобаларды қаржыландыру кезiнде айтарлықтай жеңiлдiктер ұсынатын фискалды инструменттер әзiрлейтiн болады. Осы кезде қызмет түрi бойынша белгiленген инвестициялық преференция инвестициялардың көлемiнен тәуелдi. Сонымен қатар, айтарлықтай емес инвестициялардың көлемiне қарамастан инновациялық жобалар ғылымды қажетсiнетiн өмiрлiк циклының ерекшелiктерiне байланысты өтелiмдiлiктiң ұзақ мерзiмi болуы мүмкiн.
Бұдан өзге, инновациялық жобаларды iске асыруда жеке инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру компаниясы құрылатын болады. Бұл компания шағын және орта бизнес үшiн және iрi қазақстандық және халықаралық корпорациялар үшiн және венчурлiк қорлар үшiн венчурлiк инвестициялардың қатерiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
5.4.2. Венчурлiк қорлар құру
Венчурлiк қорлар венчурлiк инвестициялаудың негiзгi тетігі болып табылады. Оларды құру және дамыту үшiн мыналар қажет:
венчурлiк қорлар қызметiнiң нормативтiк негiзiн бұл ретте, олардың қызметiнiң артық регламенттауынан бас тарта отырып, оларды тiркеудiң жеңiлдетiлген тәртiбiн енгiзе отырып жетілдiру;
заңды тұлғаны құру жолымен және құрмастан, венчурлiк қорларға бақылаусыз үлестiк қатысу жолымен инновациялық бағыттылықтың венчурлiк қорларын құруға ҰИЖ инвестицияларын жүзеге асыру;
шетелдiк қорларға ҰИЖ мамандарын тағылымдамаға жiберуге, олардың акционерлерiмен және Директорлар Кеңесiнiң мүшелерiмен өзара жұмыс iс-қимылын орнатуға, ал келесi кезеңде осы қорлардың ресурстарын Қазақстанда инвестициялауға тартуға мүмкiндiк беретiн үш жетекшi шетелдiк қорларға қаражатты инвестициялау жолымен венчурлiк қорларды басқару саласындағы алдыңғы қатарлы тәжiрибенi тарту, шетелдiк венчурлiк капиталмен ҰИЖ-бен белсендi ынтымақтастық.
5.4.3. Венчурлiк инвестициялардың
өтiмділiгiн қамтамасыз ету
Венчурлiк қорлардың жаңа құрылатын технологиялық компаниялардың бағалы қағаздарын "A" және "В" санатындағы қор биржаларының ресми тiзiмiне кiрмейтiн венчурлiк санаттардың сауда-саттығын ұйымдастырушылардың арнайы тiзiмiне енгiзу жөніндегі талаптарды айқындау;
осындай бағалы қағаздардың салық салу бойынша белгiлi бiр преференциялар құру;
венчурлiк санат сауда-саттықтарының жұмыс iстеуiне байланысты қаржылық шығындарын жабудың тетiктерiн айқындау.
5.4.4. Зияткерлiк меншiк объектiлерiн
бағалау жүйесiн жақсарту
Инновациялық қызметті дамыту үшін жаңадан құрылған өндірістегі немесе жақсартылған технологиядағы зияткерлiк меншiк баға алатын болады. Осы мақсатта зияткерлiк меншiк бағасының өлшемiн әзiрлеу және республикада зияткерлiк меншiктi бағалаушылар институтын құру қажет.
Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң құнын оларды шаруашылықтық айналымға (компанияның жарғылық капиталына жарналар) енгiзу үшiн сапалық бағалауды жүзеге асыру үшін лицензиаттардың рейтингiн айқындау және бағалаушы-компаниялардың "қысқаша тiзiмiн" қалыптастыру жүйесiн құру қажет.
Бағалауды жүргізудiң нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындаған бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыруды дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет.
5.4.5. Кәсіби инновациялық менеджментті қалыптастыру
Мемлекет, инновациялық қызмет саласындағы мамандардың дамуына бағытталған негiзгi шаралар ретiнде:
мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарында көрсетiлген мамандықтарды енгiзуге байланысты, Қазақстанда инновациялық қызметтi жүзеге асыратын тиiстi сұраныстағы мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында жүйелiк оқытуды ұйымдастыру;
менеджменттiң білiктiлігін арттыру, сондай-ақ қазiргi заманғы әдiстемелiк қабылдаулар мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды, бұл ретте даму институттарының әлеуетiн пайдалану мүмкiндiгiн пайдалана отырып интерактивтi режимде оқып үйретудi жүргiзу;
басқарушылық және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту;
жоғарғы оқу орындары мен жоғарғы оқу орындарынан кейiн оқып-үйрететiн, оның iшiнде шетелдерде қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, жұмыс iстейтiн менеджерлердiң бiлiктілігін арттыруға арналған дөңгелек үстелдердi қамтитын кадрларды дайындаудың жүйесiн құруды болжап отыр.
5.4.6. Жеке инвесторлардың желiлерiн дамыту
Бизнес қамқоршыларының желiсiн құру жобалары жекелей алғанда ұлттық инновациялық инфрақұрылымның элементтерiнiң Инновациялық Қормен жасалатын құрылымға кiретiн консалтингтiк қызмет базасында ҰИҚ қаржыландыруы;
мемлекеттiк органдарды ақпаратқа Интернет дүниежүзiлiк желiсiне әсiресе Қазақстан Республикасының заңнамасымен таратуға шектелген ақпаратты қоспағанда, Статистика жөнiндегi агенттіктiң, кеден және салық органдары бойынша ақпаратқа еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
5.5. ҰИЖ-i элементтерiнiң өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету
Ұлттық инновациялық жүйенiң тиiмдi ұзақ мерзiмдi жұмыс iстеуiнiң негiзгi шарттарының бiрi негізгi элементтердiң тұрақты өзара iс-әрекетi болып табылады.
ҰИЖ-дiң элементтерi мен олардың жинақтамалары ақпараттардың еркiн ағымын, бiлiм идеялары мен iшкi жүйелердегі және оның шегiндегi тәжiрибелердi бiр жүйеге қалыптастыруы тиiс.
ҰИЖ-дi қалыптастырудың желiлiк қағидаты инновациялық процестерге жаңа қатысушыларды тартудың тұрақты шаралары бойынша дамуына мүмкiндiк бередi.
Осы көзқараспен алғанда мемлекет бастапқы кезеңде ҰИЖ-i қатысушыларының ашықтық қағидаты мен ақпаратқа тең қол жеткiзiлуiн, зияткерлiк және материалдық құралдары қағидатында ҰИЖ-i өзара iс-қимылын қамтамасыз етуi өте маңызды.
5.5.1. ҰИЖ-iнiң жұмыс iстеуiн ақпараттық қамтамасыз ету
Ақпараттық қамтамасыз ету оның барлық iшкi элементтерi мен қоршаған орта арасындағы тұрақты ақпарат алмасуын болжау бойынша ҰИЖ қалыптастырудың бiрден-бiр негiзгi жетiстiк факторы болып табылады. Осылайша, мемлекет Ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастырудың негiзгi бастамашысы ретiнде екi секторға ақпараттардың алмасу ағымдарының инфрақұрылымын көздеуi және жоспарлауы тиiс:
а) инновациялық жүйелер элементтерiнiң объектілерi болып табылатын ұйымдар:
ғылыми ұйымдар;
инновациялық кәсiпкерлiк;
технологиялық және ғылыми парктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар;
қаржылық ұйымдар.
б) инновациялық жүйелердiң объектiлерiне тыстан ықпал ететiн ұйымдар:
бiлiм беру жүйелерi және кадрларды дайындау;
мемлекеттiк органдар;
инновацияларды талап етудi айқындайтын рынок;
Қазақстан қатысып отырған әлемдiк инновациялық жүйе.
Осы бағдарлама шеңберiнде қалыптасқан Инновациялық дамытудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi ҰИЖ-i элементтерi арасындағы сияқты, сондай-ақ сыртқы ортадағы сияқты Қазақстанның iшкi инновациялық даму процесiне тұрақты ықпал ететiн ақпараттық алмасу процестерiн шешуге арналған.
Сонымен қатар ақпараттық алмасу жүйелерiн қалыптастыра отырып, оның тұрақты сапалы және сандық жұмыс iстеуiн, ақпарат алмасуды және осы жүйедегi пайдаланушылардың санын көптеп тарту есебiнен қамтамасыз ету қажет.
5.5.2. ҰИЖ-ны мемлекеттiк басқару тетiктерi
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 6 қазандағы N 1027 қаулысымен Индустрия және сауда министрлiгi инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілеттi орган болып айқындалған. Осыған байланысты, осы бағдарламаны iске асыру мақсатымен ұлттық инновациялық жүйенi құру және инновациялық қызметтi дамыту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, даму институттарының, кәсiпкерлiк субъектілерiнiң қызметiн үйлестiру бөлiгінде уәкілеттi органның функцияларын ұлғайту қажеттілігі туындайды.
Елдiң инновациялық дамуын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органдар инновациялық қызметті дамыту саласында - Индустрия және сауда министрлiгi және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында - Білiм және ғылыми министрлiгi өз құзыретi шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асыратын болады:
1) ғылымның ел экономикасының инновациялық дамуының ғылыми-техникалық қамтамасыз етуiнiң басым бағыттары, iргелiк және қолданбалы ҰИТКЖ-н қаржыландыру жөнiнде бюджет бағдарламасын әкiмшiлiк ету, ғылыми-техникалық өнiмдердiң рыногын қалыптастыру;
2) орта және жоғарғы оқу орындарын қоса алғанда кәсiптiк, инженерлiк, ғылыми, басқару кадрларын дайындау және қайта дайындауды жүзеге асыратын инновациялық қызмет үшiн кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесiн қалыптастыру;
3) инновациялық өнiмдердi шығаратын кәсiпорындарды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылымды кейiннен қалыптастыру, инновациялық кәсiпорындарды және өндiрiстердi құрайтын және ықпал ететiн ұйымдар, технологиялық парктер, бизнес инкубаторлар, арнайы конструкторлық және технологиялық бюро және т.б.;
4) отандық өндiрiстiң ішкi және сыртқы рыногына жоғары технологиялық өнiмдердiң кіру жүйесiн қалыптастыру. Отандық өндiрушiлердiң экспорттық және жоғарытехнологиялық өнімдері үшін жеңiлдiк жүйелерді, жағдайларды жасау;
5) инновациялық даму үшiн тікелей әсер ету, оның iшiнде, жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеушiлер, өнертапқыштар және бастамашылардың мүдделерi мен зияткерлiк меншігін қорғайтын заңнама базасын қалыптастыру.
5.5.3. ҰИЖ жұмыс iстеуiн институционалдық қамтамасыз ету
ҰИЖ-нiң жұмыс істеуiнiң институционалды сүйемелдеуi жүйе элементтерiнiң өзара iс-әрекетiн үйлестiрудi қамтамасыз етеді. Бұл ретте, басқару функцияларын қайталауы болмауы тиiс және инфрақұрылым мен ақпараттық ағымдарды оңтайлы пайдалану кезiнде елдiң инновациялық даму басымдықтарынан шығатын қажетті ресурстарды шоғырландыруды қамтамасыз етілуі тиiс.
ҰИЖ-i институционалды қамтамасыз ету елдегi қазiргi кездегi "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттардың ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының ақпараттық қолдауымен ҰИҚ "Инжиниринг және трансферт технологиялары орталығы" акционерлік қоғамы даму институттары арқылы жүзеге асырылуы тиiс және инновациялық процестердi басқарудың функционалды жүйесiн бiлдiретiн болады. Бұдан өзге, инновациялық жобалардағы инвестицияларды сақтандыру жөнiнде сақтандыру компаниясы құрылатын болады.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның жалпы құны 2005-2015 жылдарға 139 795,13 млн.теңге, оның iшiнде, республикалық бюджеттен - 77 272,3 млн.теңге және жергiлiктi бюджеттен - 2 112 млн.теңге құрайды және кем дегенде 60 410,83 млн.теңге сомасында отандық және шетелдiк капиталды тарту жоспарлануда.
млн.теңге
шығындар, |
оның ішінде |
|||
инновация- |
венчурлік |
Басқа |
||
Барлығы: |
139 795, 13 |
7544,80 |
126 787,23 |
5 463,10 |
республика- |
77 272,30 |
5 282,80 |
66 526,40 |
5463,10 |
жергілікті |
2 112,00 |
2112,00 |
- |
- |
жеке |
60410,83 |
150,00 |
60260,83 |
- |
1 кезең |
38 797,50 |
7544,80 |
28156,73 |
3095,97 |
республика- |
24786,77 |
5282,80 |
16408,00 |
3095,97 |
жергілікті |
2112,00 |
2112,00 |
- |
- |
жеке |
11898,73 |
150,00 |
11748,73 |
- |
2005 жыл |
11313,51 |
4094,80 |
6668,21 |
550,50 |
республика- |
6654,90 |
3582,80 |
2521,60 |
550,50 |
жергілікті |
512,00 |
512,00 |
- |
- |
жеке |
4146,61 |
- |
4146,61 |
- |
2006 жыл |
15824,94 |
1850,00 |
12034,61 |
1940,33 |
республика- |
10728,33 |
900,00 |
7888,00 |
1940,33 |
жергілікті |
800,00 |
800,00 |
- |
|
жеке |
4296,61 |
150,00 |
4296,61 |
- |
2007 жыл |
11659,04 |
1600,00 |
9453,91 |
605,13 |
республика- |
7403,53 |
800,00 |
5998,40 |
605,13 |
жергілікті |
800,00 |
800,00 |
- |
- |
жеке |
3455,51 |
- |
3455,51 |
- |
2008-2010 |
48782,67 |
- |
47670,54 |
1112,13 |
республика- |
30814,03 |
- |
29701,90 |
1112,13 |
жергілікті |
- |
- |
- |
|
жеке |
17968,64 |
- |
17968,64 |
|
2011-2013 |
31328,98 |
- |
30575,98 |
753 |
республика- |
13002,9 |
- |
12249,9 |
753 |
жергілікті |
- |
- |
- |
- |
жеке |
18326,08 |
- |
18326,08 |
|
2014-2015 |
20885,98 |
- |
20383,98 |
502 |
республика- |
8668,6 |
8166,60 |
502 |
|
жергілікті |
- |
- |
||
жеке |
12217,38 |
- |
12217,38 |
Инновациялық қызметтi дамытуға арналған қаражаттан басқа ғылыми-техникалық бағдарламалардың және маңызды жобалардың шеңберiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қолданбалы ғылыми зерттеулердi қаржыландыру сақталады. Салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша орындалған қолданбалы ғылыми әзiрлемелердiң бiраз көпшiлiгi ҰИҚ және технологиялық парктер арқылы одан әрi коммерциялизацияланатын болады.
Қолданбалы ғылыми зерттеулердiң шығыстары 2005 жылы 7972,4 млн. теңгенi құрайды, 2006 жылы - 7972,4 млн. теңгенi құрайды, 2007 жылы - 7175,16 млн. теңгенi құрайды және 797,24 млн. теңге жеке капитал қаражаты есебiнен.
Осы ретте, республикалық бюджеттен инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, инновациялық жобаларды және инновациялық қызметтi дамыту жөніндегі басқа iс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ қолданбалы ғылыми-зерттеулердi, оның iшiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар арқылы қаржыландыруға бөлiнетiн жыл сайынғы қаражат көлемi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер
Бағдарлама іс-шараларын іске асыру экономиканың барлық салаларында инновациялық процестерді күшейтетін ұлттық инновациялық жүйені құруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте 2015 жылы:
ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің 2005 жылы ЖІӨ 0,8%-дан 2015 жылы 1,7%-ке дейін үлес салмағын көбейтуге;
Қазақстанның инновациялық және ғылыми-зерттеулер қызметiнiң тiкелей шетелдiк инвестицияларын 2003 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 15-20 рет ұлғайтуға;
ҒЗТКЖ-ның қолданбалы бюджеттiк қаржыландыру жүйесiн оңтайландыруға қол жеткiзiлетiн болады.
Осы бағдарламаны iске асыру кезеңдер бойынша жүзеге асырылатын болады.
Бiрiншi кезеңде - 2005-2007 жылдар - мемлекеттiң белсендi қатысуымен ҰИЖ-ды қалыптастыру болады.
Басты назар ғылыми әлеуеттi дамытуға, ғылыми-технологиялық дамытудың басымдықтарын айқындауға аударылатын болады.
Қаржылық инфрақұрылымның мынадай негiзгi элементтерi қалыптастыра бастайды:
берілетін гранттардың жүйесiн кеңейту;
озат шетелдiк венчурлiк қорларды инвестициялау үшiн отандық, дәл солай шетелдiк капиталдың қатысуымен венчурлiк қаржыландыру жүйесi;
венчурлiк қорлар мен жас технологиялық компаниялардың (IРО рыногы) құнды қағаздарының рыногы.
Инновациялық бизнес-орта құрылатын және дамитын, мемлекеттiк ресурстардың шоғырлануын талап ететiн кластерлердің ядросын қалыптастыратын жүйелік инновациялық жобаларды іске асыру болады.
Инновациялық инфрақұрылымның негiзгі элементтерiн қалыптастыру құрылатын және басталатын болады:
мынадай ұлттық технологиялық парктер мен аймақтар құру: ақпараттық технологиялар паркі; ядролық технологиялар паркi; биотехнологиялар паркi; индустриялық мұнай-химиялық паркі; жаңа материалдар паркі; агроөнеркәсiптiк технологиялар паркi;
7 өңiрлiк парктер құру;
iрi технологиялық университеттер мен технопарктер жанынан 12 технологиялық бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанынан 8 оқу орталықтарын құру;
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтiң бірыңғай ақпараттық базасы.
Инновациялық менеджменттің деңгейi көтерiлетiн болады.
Екiншi кезеңде - 2008-2010 жылдар - ҰИЖ элементтерiнiң өзара iс-қимылдары мен жұмыс iстеу тетiктерiн жетілдiру жалғастырылады.
ҰИЖ қалыптасқан элементтерінің өзара іс-қимылының сапасы артады.
Шетелдiк инвесторлармен венчурлiк қорлар құру арқылы венчурлік қаржыландыру тетiгiн белсендi дамуға қол жеткiзедi.
Бiрiншi кезеңде қалыптасқан жобалар маңындағы кластерлік кооперация дами бастайды.
Жетекшi әлемдiк компаниялармен өңiрлiк және ауқымды технологиялық альянстарды қалыптастыру жөнiндегi жобаларға ҰИЖ субъектiлерi кеңiнен қатысатын болады.
Үшiншi кезеңде - 2011-2013 жылдар - мемлекеттiк шығыстар үлесiнiң кемуiмен және жеке инвестициялардың өсуiмен ҰИЖ тұрақты қалыптасатын және дамитын болады.
Осы ретте артықшылықты ынталандырудың жанама құралдары пайдаланылатын болады.
Төртiншi кезеңде - 2014-2015 жылдары мемлекеттiң венчурлiк қорлар мен инновациялық жобалардан "шығуы".
ҰИЖ-ның одан әрi қалыптасуы мен дамуында жеке капиталдың қатысуы кең таралымға ие болады.
ҰИЖ-i құрамына кiретiн құрылымды дамыту тиiмдiлiгiн талдау, инновациялық даму болжамдарын айқындау мақсатында көрсеткiштер (мақсатты индикаторлар) жүйесi әзiрленетiн болады. Қазiргi әлемде инновациялық жүйелердi дамыту деңгейiнiң бірқатар индикаторлары қолданылады. Төменде жалпы және Қазақстанның жағдайына бейiмделген индикаторлар келтiрiлген.
1. Адам ресурстары. Адам ресурстарының саны мен сапасы жаңа бiлiмдi құрайтын да, оны таратуды айқындайтын да басты фактор болып табылады.
2. ҒЗТКЖ инвестициялары. ҒЗТКЖ қаржыландыру экономиканы құруда басты орынды алады, бiлiмге негiзделген мұндай экономиканың серпiлiсi мен бәсеке қабiлеттiлігі бiрiншi кезекте бiлiмдi және ақпаратты құруға, таратуға және пайдалануға байланысты болады. Осы тәсiлге сәйкес бiлiм өндiрiстiң факторы болып, ал бiлiм инвестициялары экономикалық құралдардың көмегімен ынталандыруы мүмкiн.
3. Ғылыми және технологиялық өнiмдiлігі. Инновациялық жүйенi дамытудың көрсеткiшi, бiлiмнiң өзiнiң нарықтық көрiнiсiн инновация түрiнде білдiретiн және экономикалық тиiмдiлiк әкелуi мүмкін бiлiмнiң табыстылығын бiлдiредi.
4. Экономиканың бәсеке қабiлетiне және жұмыспен қамтуға ҒЗТКЖ-ның ықпалы. Экономиканың бәсеке қабiлеттiгі тауарлар мен қызметтер қабiлетiне ресурстардың аз жұмсалуымен бағаланады. Өндiрiс дәстүрлi факторлардың өнiмдiлiгiн арттыру арқасында осы инновацияларды енгiзу көмегiне қол жетуi мүмкiн.
Осындай мақсатты индикаторлардың негiзiнде елдiң өндiрiстiк әлеуетiнiң барынша жылдам дамуын қамтамасыз ететiн инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттік қолдауды шоғырландыруды көздейтiн және мемлекеттiк ресурстардың тiкелей және жанамалық нысанда бөлiнетiн мемлекеттiк инновациялық саясаттың стратегиялық басымдықтарын айқындайтын болады.
ҰИЖ-i тиiмдi дамыту экономиканың еңбек өнiмдiлiгiн және бәсекеге қабiлеттiлiгін арттырады, бұл өз кезегiнде Стратегияны iске асырудан күтiлетiн нәтижелердiң орындалу қарқынына әсер етедi. Сондықтан бұл көрсеткiштер ҰИЖ-дi дамытудың пысықтайтын мақсатты индикаторлары болып табылады.
Сонымен қатар экономикалық қызмет түрi бойынша инновациялық қызметтiң ерекшелiгiн ескере отырып, сондай-ақ ҰИЖ салалық және өңiрлiк құрылымды дамытуды сипаттайтын салалық және өңiрлiк мақсатты индикаторлар әзiрленетiн болады. Бұл көрсеткiштер жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн салаларды, өнеркәсiптiк орталықтарды, ұлттық технопарктердi, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үрдiстерiн талдау үшін, сондай-ақ ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi құру саласындағы әлеуеттi басымдықтарды айқындау мақсатында пайдаланылатын болады.
8. Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық
жүйесін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі 2005-2015
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.24. N 319 қаулысымен.
N |
Іс-шара |
Аяқталу |
Орын- |
Орындау |
Бол- |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Ғылыми әлеуетті дамыту | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1.1 |
Қазақстан Респу- |
Қазақ- |
БҒМ |
2005 |
Қажет |
|
1.2 |
"Маркетингтік- |
Қазақ- |
ИСМ |
2005 |
Қажет |
|
1.3 |
Мемлекет есебiнен |
ИСМ-не |
БҒМ, |
2005 |
Қажет |
|
1.4 |
Конкурстық |
Қазақ- |
ИСМ |
2005 |
Қажет |
|
1.4.1 |
Ғылыми қолданбалы |
Қазақ- |
ИСМ |
2005 жылғы |
РБ қа- |
Респу- |
1.5 |
ҒЗТКЖ жобаларының |
Қазақ- |
ИСМ |
2006 |
Қажет |
|
1.5.1 |
ҒЗТКЖ жобаларының |
ИСМ-не |
БҒМ, |
2006 |
Қажет |
|
1.5.2 |
Тәуелсiз сарап- |
Респуб- |
ИСМ |
2006 |
2007- |
Респу- |
1.6 |
Ғылыми-зерттеу |
Қазақ- |
ИСМ |
2006 |
Қажет |
|
1.6.1 |
Озық технология- |
ИСМ-не |
БҒМ |
2005 |
Қажет |
|
1.6.2 |
Озық технология- |
Келісім |
ИСМ |
2005 |
Қажет |
|
1.6.3 |
Зерттеу орталық- |
Қазақ- |
ИСМ |
2006 |
Қажет |
|
1.6.4 |
Дүниежүзілiк |
ИСМ-не |
БҒМ, "ИТТО" |
2006 |
2006- |
Респу- |
1.7 |
Индустрия және |
ИСМ-не |
ИСМ |
2005 |
Қажет |
|
1.8 |
Қазақстан Респуб- |
ЭБЖМ-ге |
ИСМ |
2005 |
2005- |
Респу- |
1.9 |
ҒЗТКЖ-ны гранттық |
Бірлес- |
Әділет- |
2005 |
Қажет |
|
2. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту | ||||||
2.1 |
Жетекшi техноло- |
ИСМ-ге |
БҒМ, |
2005 2006 |
2005 - |
Респу- |
2.2 |
Шетелдiк оқыту- |
БҒМ-ге |
ИСМ, |
2006 |
Шығыс- |
Респу- |
2.3 |
"Инновациялық |
БҒМ-ге |
ИСМ, |
2005 2006 |
Шығыс- |
Респу- |
2.4 |
Инновациялық |
ИСМ-ге |
Қаржы- |
2005 |
Қажет |
|
2.5 |
Технопарктердiң |
ИСМ-ге |
облыс- |
2005 2006 |
Қажет |
|
2.6 |
Кәсiпкерлiктiң |
ИСМ-ге |
МАСМ, |
2006 |
2006 - |
Респу- |
2.7 |
Венчурлiк жәр- |
ИСМ-ге |
Облыс- |
2006 2007 |
2006 - |
Респу- |
2.8 |
Коммуникативтік |
ИСМ-ге |
АБА, |
2007 |
2006 - |
Респу- |
2.9 |
Арнайы конкурстар |
ИСМ-ге |
Облыс- |
2006- |
2006 - |
Респу- |
2.10 |
Инновациялық |
Қазақ- |
ИСМ |
2005 |
Қажет |
|
2.11 |
Ғылыми қызметтің |
Әділет- |
ИСМ, |
2005 |
Қажет |
|
2.12 |
Технологиялық |
Қазақ- |
ИСМ |
2006 |
Қажет |
|
2.13 |
Құрылатын техно- |
ИСМ-ге |
Облыс- |
2006 |
Қажет |
Тиiстi |
3. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту | ||||||
3.1 |
"Ақпараттық тех- |
ИСМ-гe |
Алматы |
2005 |
2005 - |
Респу- |
3.2 |
"Ақпараттық тех- |
ИСМ-гe |
Алматы |
2005 |
2005 - |
Респу- |
3.3 |
2004 жылы құрыл- |
ИСМ-гe |
Облыс- |
2005- |
РБ қа- |
Респу- |
3.4 |
"Ақпараттық |
ИСМ-гe |
ИСМ, |
2005 |
Қажет |
|
3.5 |
"Техникалық- |
ИСМ-гe |
ЭМРМ, |
2005 |
2005 - |
Респу- |
3.6 |
Биотехнология, |
Қазақ- |
ИСМ |
2006 |
Қажет |
|
3.7 |
Биотехнология, |
Қазақ- |
ИСМ |
2006 |
Қажет |
|
3.7.1 |
Технопарктердi |
Қазақ- |
ИСМ |
2006 |
Қажет |
|
3.8 |
"Техникалық- |
ИСМ-ге |
"ИТТО" |
2005 |
2005 - |
Респу- |
3.9 |
Астана қаласын- |
ИСМ-ге |
Облыс- |
2005 |
Қажет |
|
3.10 |
Олардың атаула- |
ИСМ-ге |
БҒМ, |
2005 |
Қажет |
|
3.11 |
Инновациялық да- |
ИСМ-ге |
АБА, |
2005 |
2005 - |
Респу- |
3.12 |
Инновациялық да- |
ИСМ-ге |
"ИТТО" |
2006 |
2006 - |
Респу- |
3.13 |
"Қазақстан Рес- |
Қазақ- |
ИСМ |
2005 |
Қажет |
|
4. Қаржылық инфрақұрылымды дамыту | ||||||
4.1 |
Инновациялық да- |
Қазақ- |
ИСМ |
2005 |
Қажет |
|
4.2 |
ҒЗТКЖ-ны шетелде |
ИСМ-ге |
"ҰИҚ" |
2005- |
2005 - |
Респу- |
4.3 |
Отандық және ше- |
ИСМ-ге |
"ҰИҚ" |
2005- |
2005 - |
Респу- |
4.4 |
Венчурлiк қор- |
ИСМ-ге |
"ҰИҚ" |
2005- |
2005 |
Респу- |
4.5 |
Инновациялық |
ИСМ-ге |
"ҰИҚ" |
2005- |
РБ қа- |
Респу- |
4.6 |
Зияткерлiк мен- |
ИСМ-ге |
Әділет- |
2005 |
Қажет |
|
5. ҰИЖ элементтерінің өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету | ||||||
5.1 |
ҰИЖ құру жөнiн- |
Қазақ- |
ИСМ |
2005 |
Қажет |
|
5.2 |
Отандық иннова- |
Қазақ- |
ИСМ |
2007 |
Қажет |
|
5.3 |
"ҰИҚ" АҚ және |
Қазақ- |
ИСМ |
2007 |
Қажет |
Болжамды шығыстардың жиыны (млн. теңге):
2005 жыл - 20776,58, оның ішiнде:
Республикалық бюджет - 16348,34
Жергілiктi бюджет - 512
Жеке капитал - 3916, 24
2006 жыл - 20992,44 оның ішінде:
Республикалық бюджет - 16926,2
Жеке капитал - 4066,24
2007 жыл - 17092,54 оның iшiнде:
Республикалық бюджет - 12382,54
Жеке капитал - 4710,0
Ескерту: әрiптiк қысқартылған сөздердiң ажыратылуы
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
БҒМ - Бiлiм және ғылым министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Қаржыминi - Қаржы министрлiгi
Әдiлетминi - Әдiлет министрлiгi
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлiгi
ҚМ - Қорғаныс министрлiгi
ККM - Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
СIМ - Сыртқы iстер министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
Еңбекминi - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
ДМ - Денсаулық министрлiгi
АБА - Ақпараттандыру және байланыстар агенттiгi
"ИТТО" АҚ - "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы
"ҰИҚ" АҚ - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы
ҰИЖ - Ұлттық инновациялық жүйе
ҒЗТКЖ - ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар