Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2004 жылғы 17 қыркүйектегi N 1443 Жарлығына
толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексi 123-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 1443 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 36, 469-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесінде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңге арналған тіркелген мiндеттемелердiң сомасы;
жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңде орындалмаған мiндеттемелердiң сомасы";
8-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"есептi қаржы жылына арналған тiркелген мiндеттемелердiң сомасы;
есептi қаржы жылында орындалмаған мiндеттемелердiң сомасы".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi