"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 785 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы
N 1598  Жарлығын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жергілiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерi және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi санында:
      "Барлығы, штат саны* (бiрлiк)" деген бағанда:
      "Ақмола" деген жолдағы "3548" деген сандар "3544" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Ақтөбе" деген жолдағы "2670" деген сандар "2665" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Алматы" деген жолдағы "4176" деген сандар "4171" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Атырау" деген жолдағы "1724" деген сандар "1720" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "4485" деген сандар "4481" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Жамбыл" деген жолдағы "3020" деген сандар "3014" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Батыс Қазақстан" деген жолдағы "2591" деген сандар "2586" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қарағанды" деген жолдағы "3880" деген сандар "3874" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қостанай" деген жолдағы "3816" деген сандар "3811" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қызылорда" деген жолдағы "2039" деген сандар "2035" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Маңғыстау" деген жолдағы "1164" деген сандар "1162" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Павлодар" деген жолдағы "3183" деген сандар "3179" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Солтүстiк Қазақстан" деген жолдағы "3003" деген сандар "2998" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Оңтүстiк Қазақстан" деген жолдағы "4462" деген сандар "4456" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Алматы қаласы" деген жолдағы "1784" деген сандар "1777" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласы" деген жолдағы "1001" деген сандар "996" деген сандармен ауыстырылсын;
      "ЖИЫНЫ" деген жолдағы "46546" деген сандар "46469" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) өздерiнiң кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерінің төрағаларын және хатшылық қызметкерлерiн қысқарту жөнiнде шаралар қабылдасын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311  қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 мамырдағы
N 556  қаулысы .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады