Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1324 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 тамыздағы N 803 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. "Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1324  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен қазақстан-қытай комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамына:
Бөлегенов              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер 
Ерғали Бөлегенұлы        министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
                         істері департаментінің директоры, өкілдің
                         орынбасары
енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Ордабаев Самат Исламұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады