Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 818 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2005 жылғы 5 тамыздағы  
N 818 қаулысына      
қосымша          

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Республикада тұрғын үй реформасын дамытуды жетілдіру бойынша ұсыныс жасау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 шілдедегі N 938  қаулысы .

      2. "Мемлекеттік қабылдау комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1006  қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтарындағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігін арттыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы N 308  қаулысы .

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1006 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 445  қаулысы .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады