"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 975 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне жарнама мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсін:

      1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегi Азаматтық   кодексiне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N  3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):
      1025-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Тауар белгілерi және тауар белгілерімен көрсетілген тауарлар жарнамасының ерекшеліктерi Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңымен айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат):

      1) 349-бапта:
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "349-бап. Жарнаманы тарату, орналастыру тәртiбін бұзу";

      бiрiншi және екiншi бөлiктерi алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлiкпен толықтырылсын:
      "5. Жарнаманы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңында белгіленген оның тіліне қойылатын талаптарды бұза отырып тарату, орналастыру, -
      жеке тұлғаларға айлық eceптік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, жеке кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - елуден жетпіске дейiнгi мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік cубъектілepi немесе коммерциялық емес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 349-1-бапта:
      төртiнші бөліктiң eкiнші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға айлық eceптік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерінде, жеке кәсiпкерлерге, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде шағын немесе орта кәсiпкерлік субъектілерi немесе коммерциялық емес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейінгi мөлшерінде, iрi бизнес субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      бесінші бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Темекi және темекi бұйымдары жарнамасын кез келген көліктiң сыртқы жағында және қоғамдық көлiктiң iшкi жағында орналастыру, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - жетпiстен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, iрi бизнес субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бipiнші және он екіншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "6. Темекi және темекі бұйымдарының сыртқы (көрнекi) жарнамасы -
      лауазымды адамдарға айлық eceптік көрсеткіштің елуден жетпiске дейiнгі мөлшерiнде, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларға - жүздeн екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден төрт жүзге дейінгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Темекіні және темекі бұйымдарын теледидар мен радиода жарнамалау, кәмелетке толмағандардың жарнамалауы; теледидар бағдарламаларында, ол бағдарлама авторы ойының ажырамас бөлігі болып табылатын жағдайларды  қоспағанда, темекі шегушілікті көрсету; темекі шегушілікті көрсететін, көптеген адамдардың темекі бұйымдарын пайдаланатындағы туралы бекітетін не темекі бұйымдарының емдік әсері туралы мәліметтерді қамтитын темекі және темекі бұйымдарын жариялау, -
      жеке кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Кәмелетке толмағандарға темекi және темекi бұйымдарын жарнамалау мақсатында өткiзілетiн iс-шараларға рұқсат беру, -
      айлық еceптiк көрсеткіштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Темекi және темекi бұйымдары жарнамасын оларды тікелей сатуды жүзеге асыратын сауда залынан тыс сауда орындарда не жeкeлeген графикалық бейненiң шекті мөлшерiнен асыра орналастыру -
      айлық есептiк көрсеткiштің елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Темекi және темекi бұйымдары жарнамасының маңдайшаларын Қазақстан Республикасының темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы заңында белгiленген оның шектi мөлшері талаптарын бұза отырып орналастыру -
      айлық есептiк көрсеткiштің елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Tемекі бұйымдарын насихаттайтын теле-, радиобағдарламалар және жарнамалық роликтерінің эфирге шығу тәртiбiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайта жасалған әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға жекелеген теле- және радиобағдарламалар, жарнамалық роликтерінің шығарылымдарын тәркiлей отырып, жүз айлық есептік көрсеткiштің мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) мынадай мазмұндағы 349-2-баппен толықтырылсын:

      "349-2-бап. Жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың
                  (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) жарнамасы

      1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердің) жарнамасы -
      жеке кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштiң елуден жетпіске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсіпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъeктілepi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрінші бөлігінде көзделген әкiмшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшінде қайта жасалған әрекеттер, -
      жеке кәсiпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштiң жетпістен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде, iрi бизнес субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      3. "Этил спиртi мен алкоголь өнімiнiң өндiрілуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар):
      14-бап алып тасталсын.

      4. "Темекi шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 149-құжат):

      1) 4-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) темекі және темекi бұйымдарын сыртқы (көрнекi) жарнамалауға;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "7-1) кәмелетке толмағандарға темекi және темекі бұйымдарын жарнамалау мақсатында өткізілетiн iс-шараларға рұқсат беру;";
      11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) темекi және темекі бұйымдары жарнамасын кез келген көлiктің сыртқы жағында және қоғамдық көліктің iшкi жағында орналастыруға;";
      мынадай мазмұндағы 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) кәмелетке толмағандардың темекiнi және темекі бұйымдарын жарнамалауы;
      13) көптеген адамдардың темекi бұйымдарын пайдаланатындығы туралы бекітетін темекі және темекi бұйымдарын жарнамалау;
      14) темекi бұйымдарының емдік әсерi туралы мәлiметтердi қамтитын темекi және темекі бұйымдарын жарнамалау;
      15) темекi шегушілікті көрсететін темекі және темекі бұйымдарын жарнамалау.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Темекi және темекi бұйымдарының жарнамасы оларды тікелей өткізетін сауда орындарында, сауда залының шегінде орналастырылуы мүмкін. Темекі және темекі бұйымдары жарнамасының жекелеген графикалық бейнесінің көлемі бір шаршы метрден артық болмау қажет.";
      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Темекі және темекі бұйымдарының жарнамасы олар сатылатын сауда орындарын белгілеу үшін, маңдайшадағы жазу түрінде орналастырылу мүмкін және де сауда орындарымен іргелес болу қажет, бұл ретте маңдайшадағы жазудың шекті мөлшері 0,6 шаршы метрден артық болмауы қажет.
      4. Темекі және темекі бұйымдарының жарнамасы темекi шегушіліктің зияны туралы мынадай талаптарға сәйкес ескерту жазбасын қамтуы тиіс:
      1) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы;
      2) жарнама материалының жалпы көлемінен жиырма пайыздан кем болмауы;
      3) оңай оқылуы және мәтіннің тұтастығын қамтамасыз ету үшін тиiсiнше орналасуы.
      Ecкерту жазбасы мәтінін уәкілетті орган бекітеді.
      Темекі бұйымдарының немесе олардың элементтерінің маркаларын темекi шегу керек-жарақтарда (үстелдегі күлсалғыштарда, тұтандырғыштарда, сіріңкілерде) ескерту жазбасынсыз орналастыруға рұқсат берiледi.";

      2) 8-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) он сегiз жасқа толмаған адамдарға және сондай адамдардың сатуына;";
      6) тармақша мынадай peдaкцияда жазылсын:
      "6) акциздiк таңбалар немесе есепке алу-бақылау таңбаларыңсыз;".

      5. "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 174-құжат):

      1) 6-бапта:
      2-тармақта "теледидардағы, радиодағы және сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоса," деген сөздер "мерзімдi баспасөз басылымдарындағы жарнаманы қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Мерзімдi баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлiкте бекітілген тiлде таратылады.";
      3-тармақ алып тасталсын;
      7-тармақта "азаматтарды" деген сөз "жеке тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Стационарлық орналастыру объектілеріне ілінген қозғалу кеңiстiгi жоқ сипаттағы ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде және елдi мекендердегi үй-жайлардан тыс ашық кеңiстікте орналастырылған жарнама сыртқы (көрнекi) жарнама болып табылады.
      Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру плакаттар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде және осы баптың 2-7-тармақтарында көзделген тәртiппен өзге де тәсiлдерде жүзеге асырылады.
      Жаймасөрелерді (терезелерді) ресімдеу, сыртқы және есікке ілінетін жазулар мен плакаттар, сауда (дәріханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарды ішкi ресiмдеу, егер бұл ресiмдеу осы кәсiпорында сатылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы жарнамалық ақпараттарды қамтитын болса, сыртқы жарнама объектiлерi болып табылмайды.
      Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көлік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгiлерiмен және сiлтемелерімен ұқсас болмауға, олардың көрiнуiн немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көзiн қарықтырмауға тиiс.";
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманың объектілерiн орналастыру epeжeлepгe сәйкес жергіліктi атқарушы органмен берiлетiн рұқсат болған жағдайда жол берiледi.";
      6-тармақта "Уәкiлеттi орган" деген сөздер "Осы баптың 2-тармағында белгіленген уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын:

      3) 14-баптың 6) тармақшасында "азаматтарды" деген сөз "жеке тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Тауар белгiлерiн және олармен белгіленетін
                 тауарларды жарнамалау ерекшеліктерi

      1. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгiлері түпнұсқа тілінде және (немесе) басқа тілде жазылуы мүмкiн.
      2. Бiр тауар белгiсi алкоголь өнiмдерiнің және темекi бұйымдарының атаулары қосылған бірнеше тауарлар мен қызметтер тізбесі бойынша тіркелген жағдайда, көрсетілген тауар белгiлерiн пайдалана отырып жарнама тарату, орналастыру кезінде жарнамаланатын тауарлар және/немесе қызметтер міндетті түрде анық белгiленуi қажет.
      Бұл ретте тауарлар мен қызметтердің мөлшерi тауар белгiсiнің мөлшерiне қарағанда кемінде 40 процент болуы қажет.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды бұза отырып, таратылған, орналастырылған жарнама алкоголь өнімі мен темекі бұйымдарының жарнамасы болып танылады.";

      5) мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-баптармен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Мемлекеттiк органдардың құзыретi

      Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегінде:
      1) жарнама саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлеуге қатысады;
      2) жарнама саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетiлдiру жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
      3) жарнама саласындағы заңнаманы бұзушыларға жауапкершілік шаралар қолданады;
      4) жеке және заңды тұлғалардың жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
      5) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын сақтау үшін бақылауды жүзеге асырады.

      17-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар:
      1) елді мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастыруға pұқсат бередi;
      2) жарнама саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушыларға жауапкершiлiк шараларын қолданады;
      3) жеке жәнe заңды тұлғалардың жарнама қызметі мәселелері бойынша өтiніштерiн қарайды;
      4) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын сақтау үшін бақылауды жүзеге acырады.";

      6) 20-баптың 1-тармағы "мазмұнына" деген сөзден кейiн ", тіліне" деген сөзбен толықтырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады