Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiне
(Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995, N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж.,
N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар;
N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат, N 14, 58-құжат):
10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аса маңызды мемлекеттiк мәнi бар және жеке кәсiпкерлiк болып табылатын қауiптілігi жоғары объектiлерге байланысты жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу мемлекеттiк лицензиялар бойынша жүзеге асырылады. Қызметтiң мұндай түрлерiнiң тiзбесi, лицензиялау шарттары және кейiннен лицензиялық бақылау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында айқындалады.
Жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау егер Қазақстан Республикасының заң құжаттарында белгiленген өнiмге қойылған талаптар, жекелеген өнiм түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi растау жөнiндегi талаптар және қызметке мемлекеттiк бақылау мемлекеттiк әкiмшiлендiру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi.".
2. Қазақстан Республикасының 1997 ж. 13 желтоқсандағы қылмыстық-атқару
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж.,
N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 13, 53-құжат):
14-баптың 2-тармағындағы "тиiстi қызмет түрлерiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға" деген сөздер "лицензиатты жекелеген қызмет түрлерiмен айналысуға берiлген лицензиясынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасының 2001 ж. 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат;
N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; 2005 ж. 3 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және 2005 ж. 29 қарашадағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 ж. 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2005 ж. 1 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және 2005 ж. 26 қарашадағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 ж. 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
1) 52-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Жекелеген қызмет түрлерiне (операциялар жасауға) берiлген лицензиядан айыруды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша, өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.";
2) мынадай мазмұндағы 137-1-баппен толықтырылсын:
"137-1-бап. Лицензиарға лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайтармау
Лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензиарға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайтармаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, бұл iс-әрекет азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 149-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"149-бап. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) беру мерзiмiн бұзу
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) беру мерзiмiн бұзу,-
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) 152-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"152-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру
Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк емес ұйымдарға, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен тәуелсiз сарапшыларға мемлекеттiк бақылау және қадағалау функцияларын беруге әкеп соқтырған iс-әрекеттер жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 436 және 437-баптардың бiрiншi бөлiгiндегi "мұндай лицензия керi қайтарылып алынса" деген сөздер "лицензиат мұндай лицензиядан айырылса" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
1) тармақшаның жиырма, жиырма алтыншы, жиырма жетiншi, жиырма тоғызыншы, отызыншы абзацтары "137," деген сандардан кейiн "137-1," деген сандармен толықтырылсын;
3) тармақша "137," деген сандардан кейiн "137-1," деген сандармен толықтырылсын.
4. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық
кодексi
)" 2001 ж. 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2005 ж. 3 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және 2005 ж. 29 қарашадағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 ж. 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2005 ж. 1 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және 2005 ж. 26 қарашадағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 ж. 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
1) 371-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мыналарды:
медициналық, дәрiгерлiк қызметтi, мал дәрiгерлiк саласындағы қызметтi: мал дәрiгерлiк мақсаттағы препараттарды өндiру және өткiзудi; мал дәрiгерлiк мақсаттарға арналған дәрi-дәрмек құралдарды, биологиялық препараттарды өткiзудi; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзудi; мал дәрiгерлiк емдеу-профилактикалық қызметтерiн;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газбен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды, жөндеудi және салуды;
күзет сигналы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
өрт сигналы мен өрт сөндiру автоматикасын жобалауды;
жолаушылар лифтілерiн жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
автомобиль көлiгiмен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;
дәрілiк заттарды көтерме және бөлшек саудада сатуды;
жобалау-iздестiру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарын;
алкоголь өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды;
пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметтi, теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiнде қызмет көрсетудi, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желiлерiн жобалауды, салуды және радиожиiлiк спектрiн пайдалануды;
жолаушылар мен жүктi өзен көлiгiмен тасымалдауды;
жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi;
өлшеу құралдарын жасауды және жөндеудi;
тарих және мәдениет ескерткiштерiне археологиялық және (немесе) жөндеу-жаңғырту жұмыстарын;
жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтердi:
жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеудi, пайдалануды;
пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөнiндегi қызметтi;
бiлiм беру қызметiн:
мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың;
мамандырылған және арнайы бiлiм беретiн бағдарламаларды iске асыратын заңды тұлғалардың;
жалпы бастауыш, негiзгi жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсiптiк бiлiм, оның iшiнде кәсiптер бойынша; орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк, жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк, оның iшiнде мамандықтар бойынша бiлiм беретiн заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметiн;
рухани бiлiм беретiн бағдарламаларды iске асыратын заңды тұлғалардың;
халықаралық және шетелдiк заңды тұлғалардың қызметiн;
жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруын;
электр және жылу энергиясын өндiрудi, берудi және таратуды, электр станцияларын, электр желiлерiн және кiшi станцияларды жобалауды және iске қосуды;
тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ қайта өңдеу өндiрiстерiн және газ, мұнай және мұнай өнiмдерiн сақтау, магистральды газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары объектілерiн жобалауды және пайдалануды;
химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғанған электротехникалық жабдықтарды, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерiн жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеудi;
астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазалауды, сақтауды және тиеудi;
темiр жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеудi; қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлердi жасау мен жөндеудi;
шетелдiк валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет көрсетудi жүзеге асыруды;
мемлекеттiк құпияларды техникалық қорғау жөнiндегi қызметтiң барлық түрлерiн:
мемлекеттiк құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын әзiрлеу, өңдеу, жөндеу және оларға сервистiк қызмет көрсету;
мемлекеттiк құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждау, орнату, оларға қызмет көрсету, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң жария болу техникалық арналарының қорғалу тиiмдiлiгiн тексеру, iздеу;
экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды, нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлерiне қолданылмайды.";
2) 530-баптың 3-тармағындағы "керi қайтарып алынған немесе" деген сөздер алып тасталсын.
5. Қазақстан Республикасының 2003 ж. 5 сәуiрдегi Кеден
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж.,
N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; 2005 ж. 3 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және 2005 ж. 29 қарашадағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 ж. 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 64-баптың 3-тармағындағы "қайтарып алынған" деген сөздер "одан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"67-бап. Кедендiк тасымалдаушы ретiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айыру
1. Лицензиясынан айыру үшiн:
1) тауарларды тасымалдауға тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган берген лицензиядан айыру;
2) кедендiк тасымалдаушы табыс еткен дұрыс емес мәлiметтер негiзiнде лицензия беру;
3) осы тарауда белгiленген шарттардың сақталмауы;
4) осы Кодекстiң 66-бабында белгiленген мерзiм iшiнде лицензияның қолданылуының бұрын тоқтатыла тұруына негiз болған себептердiң жойылмауы негiз болып табылады.";
3) 70-баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларындағы "лицензия керi қайтарып алынғанда" деген сөздер "лицензиядан айырғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 88-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "немесе еркiн қойма құруға арналған лицензия" деген сөздер "құруға арналған лицензия және еркiн қойма құруға арналған шешiм" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"107-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензиядан айыру
1. Лицензиясынан айыру үшiн:
1) көрiнеу жалған мәлiметтер беру;
2) лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;
3) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұру себептерiнiң жойылмауы;
4) соттың лицензиатқа уақытша сақтау қоймасының қызметiн көрсету жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салуы негiз болып табылады.";
6) 108-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) лицензиядан айырған;";
7) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"139-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензиясынан айыру
1. Лицензиядан айыру үшiн:
1) көрiнеу жалған мәлiметтер беру;
2) лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;
3) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұру себептерiнiң жойылмауы;
4) соттың лицензиатқа кеден қоймасы қызметiн көрсету жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салуы негiз болып табылады.";
8) 140-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "лицензия қайтарып алынған" деген сөздер "лицензиядан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 146-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"146-бап. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған шешiм
1. Бажсыз сауда дүкенiн қазақстандық тұлға кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган берген шешiмдi алғаннан кейiн құрады.
2. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган қолданыстағы бажсыз сауда дүкендерi туралы ақпаратты, оның iшiнде ақпараттық технологияларды пайдаланып отырып жариялауды қамтамасыз етедi.";
10) 147-бапта:
тақырыбындағы және 1-тармақта "лицензияны", "лицензия" деген сөздер тиiсiнше "шешiмдi", "шешiм" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
1) тармақшадағы "белгiленген нысан бойынша" деген сөздер "еркiн нысандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтағы "лицензиат" деген сөз "бажсыз сауда дүкенiнiң иесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 148 және 149-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"148-бап. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған шешімнiң қолданылуын тоқтата тұру
1. Бажсыз сауда дүкенiнiң иесi өз мiндеттерiн және бажсыз сауда дүкенiнiң қызметiне қойылатын талаптарды орындамаған жағдайларда, шешiмнiң қолданылуын тоқтата түру себебi көрсетiле отырып, алты айға дейiнгi мерзiмге кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Шешiмнiң қолданылуын тоқтата тұру кезiнде бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне тауарларды орналастыруға жол берiлмейдi. Шешiмнiң қолданылуын тоқтата тұруға дейiн бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне орналастырылған тауарлар өзге кедендiк режимге ауыстырылуға тиiс.
3. Шешiмнiң қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылғаннан кейiн мұндай шешiм қабылданған күннен бастап кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен жаңғыртылады.
149-бап. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған шешiмдi қайтарып алу
1. Шешiмдi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) көрiнеу жалған мәлiметтер берiлген;
2) бажсыз сауда дүкенiнiң иесi шешiмдегi талаптарды орындамаған;
3) шешiмнiң қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептерi жойылмаған;
4) сот бажсыз сауда дүкенiнiң иесiне бажсыз сауда дүкенi қызметiн көрсету жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салған жағдайларда қайтарып алуы мүмкiн.
2. Қайтарып алу туралы шешiм, мұндай шешiм негiзделе отырып, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
3. Шешiмдi қайтарып алу кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының қайтарып алу туралы бұйрығы қолданысқа енгізiлген күнiнен бастап қолданылады.
4. Шешiм қайтарып алынған жағдайда, бажсыз сауда дүкенiнiң иесi қайтарып алу туралы шешiмдi алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей шешiмдi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтаруға мiндеттi.
5. Бажсыз сауда дүкенiн құруға арналған шешiмдi беру туралы қайталама өтiнiш оны қайтарып алуға негiз болған себептер жойылған жағдайда, белгiленген тәртіппен қаралуы мүмкiн.";
12) 150-баптың тақырыбындағы және мәтiн бойынша "лицензияның", "лицензия", "лицензиясы" деген сөздер тиiсiнше "шешiмнiң", "шешiм", "шешiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 244-баптың 5) тармақшасындағы "лицензия" деген сөз "шешiм" деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 246-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "лицензия" деген сөз "шешiм" деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 247-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"247-бап. Еркiн қойманы құруға арналған шешiм
1. Еркiн қойма кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган берген шешiм алынғаннан кейiн құрылады. Мұндай шешiм еркiн қойма құруға арналған алаңдардың меншiк иесi немесе оларға шаруашылық жүргiзу мен жедел басқару құқығында иелiк етушi болып табылатын қазақстандық тұлғаға берiледi.
2. Еркiн қойма құру туралы кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша ресiмделедi.
3. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган құрылған және жұмыс iстеп тұрған еркiн қоймалар туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етедi.";
16) 248-бапта:
тақырыбындағы және мәтiн бойынша "лицензия" деген сөз "шешiм" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
1) тармақшадағы "белгiленген нысан бойынша" деген сөздер "еркiн нысандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтағы "лицензиат" деген сөз "еркiн қойманың иесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 249, 250-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"249-бап. Еркiн қойманы құруға берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру
1. Еркiн қойманың иесi осы Кодексте белгіленген талаптар мен мiндеттердi сақтамаған жағдайда, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша тоқтата тұру себептерi көрсетiле отырып, шешiмнiң қолданылуы алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Шешiмнiң қолданылуы тоқтатыла тұрған кезiнде тауарларды еркiн қоймаға орналастыруға жол берiлмейдi. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейiн еркiн қоймаға орналастырылған тауарлар кедендiк бақылаумен өзге еркiн қоймаға орналастырылуы немесе өзге кедендiк режимге орналастырылуы тиiс.
3. Шешiмнiң қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылғаннан кейiн мұндай шешiм қабылданған күннен бастап кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен жаңғыртылады.
250-бап. Еркiн қойманы құруға арналған шешiмдi қайтарып алу
1. Шешiмдi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) көрiнеу жалған мәлiметтер берiлген;
2) еркiн қойманың иесi шешiмдегi талаптарды орындамаған;
3) шешiмнiң қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептерi жойылмаған;
4) сот бажсыз сауда дүкенiнiң иесiне бажсыз сауда дүкенi қызметін көрсету жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салған жағдайларда қайтарып алуы мүмкiн.
2. Шешiмдi қайтарып алу, мұндай шешiмге негiзделе отырып, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi және қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
3. Шешiм қайтарылған жағдайда, еркiн қойманың иесi қайтарып алу туралы шешiмдi алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей шешiмдi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтаруға мiндеттi.
4. Еркiн қойманы құруға арналған шешiмдi беру туралы қайталама өтiнiш оны қайтарып алуға негiз болған себептер жойылған жағдайда, белгiленген тәртiппен қаралуы мүмкiн.";
19) 251-бапта:
тақырыбындағы және мәтiн бойынша "лицензияның", "лицензия", "лицензияны" деген сөздер тиiсiнше "шешiмнiң", "шешiм", "шешiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еркiн қойманы құруға арналған шешiмнiң қолданылуын тоқтату мұндай тоқтатудың себептерi көрсетiле отырып, кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.";
20) 298-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
21) 403-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"403-бап. Кеден брокерi ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айыру
1. Лицензиясынан айыру үшiн:
1) көрiнеу жалған мәлiметтер беру;
2) бiр жылдың iшiнде бiрнеше рет кеден iсi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
3) бiлiктiлiк аттестаты жоқ маманның, бiлiктiлiк аттестаты қайтарып алынған маманның немесе бiлiктiлiк аттестатының қолданылуы сот шешiмi бойынша тоқтатыла тұрған не бұл қызметпен айналысу құқығынан айырылған маманның қызметтерiн пайдалану;
4) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұру себептерiнiң жойылмауы;
5) соттың лицензиатқа брокерлiк қызметтер көрсету жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салуы негiз болып табылады.";
22) 404-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) лицензиядан айырған;";
3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "лицензияны қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиядан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 405-баптың 6-тармағындағы "ол қайтарып алынған" деген сөздер "онан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Қазақстан Республикасының 2003 ж. 20 маусымдағы Жер
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж.,
N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат):
150-баптың 2-тармағы "лицензиялау туралы" деген сөздермен толықтырылсын.
7. Қазақстан Республикасының 2003 ж. 9 шiлдедегi Орман
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж.,
N 16, 140-құжат; 2005 ж., N 23, 142-құжат):
1) 41-баптың 4) тармақшасындағы "лицензияның керi қайтарылып алынуы" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"89-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман пайдалану жөнiндегi қызметтi және бөрене тiлу жөнiндегi жұмыстарды лицензиялау
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi қызмет және бөренелер тiлу жөнiндегi қызметтер көрсету лицензиялануға жатады.".
8. Қазақстан Республикасының 2003 ж. 9 шiлдедегi Су
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2005 ж., N 23, 142-құжат):
1) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "немесе рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру және оларды қайтарып алу" деген сөздер "қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру туралы немесе рұқсатты қайтарып алу" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) 66-баптың 1-тармағындағы "және көлiктiң" деген сөздер алып тасталсын;
3) 75-бапта:
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "арнайы су пайдалануға берiлген лицензияны немесе рұқсатты" деген сөздер "лицензиатты арнайы су пайдалануға берiлген лицензиясынан айыру немесе керi қайтарып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "лицензияны" деген сөздерден кейiн "лицензиатты лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"76-бап. Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау
Арнайы су пайдалану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақтан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.".
9. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 ж. 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 15, 363-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 23, 142-құжат):
34-бапта:
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, реставрациялау жөнiндегi жұмыстарды қызметпен айналысу құқығына тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде мамандандырылған ғылыми-реставрациялық ұйымдар, басқа да ұйымдар мен азаматтар жүргiзедi.";
үшіншi бөлiкте:
"жөндеу, реставрациялау" деген сөздер алып тасталсын;
"осы қызметпен айналысуға құқық беретiн лицензиялар және (немесе) арнайы рұқсат" деген сөздер "арнайы рұқсат" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 ж. 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж.,
N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):
10-баптың 2-тармағының алтыншы абзацындағы "рұқсат" деген сөз "лицензия" деген сөзбен ауыстырылсын.
11. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 ж. 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат;
N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат;
N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат;
N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):
1) 15-баптың бiрiншi бөлiгiнiң е) тармақшасындағы "лицензияны қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 56-баптың и) тармақшасының екiншi абзацындағы "лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Тауар биржалары туралы" 1995 ж. 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының
3аңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 143-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2005 ж., N 23, 142-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағындағы "өзiне берiлген биржалық лицензияның негiзiнде" деген сөздер алып тасталсын;
2) 14-бап алып тасталсын;
3) 24-баптың екiншi абзацы алып тасталсын;
4) 25-баптың 1-тармағының үшiншi абзацы алып тасталсын.
13. "Мұнай туралы" 1995 ж. 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат):
1) 8-2-баптың 4-тармағындағы "рұқсаты" деген сөз "лицензиясы" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 36-3-баптың 2-тармағындағы "жазбаша рұқсаты", "рұқсат" деген сөздер "лицензиясы", "лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж.,
N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж.,
N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат;
N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат):
1) 47-бапта:
2-тармақтың б) тармақшасындағы "лицензияны тоқтата тұруға не оны қайтарып алуға" деген сөздер "лицензияның қолданысын тоқтата тұруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алу" деген сөздер "лицензиясынан (лицензияларынан) айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алғаннан" деген сөздер "лицензиясынан (лицензияларынан) айырғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "лицензия қайтарып алынғаннан" деген сөздер "лицензиядан айырғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "лицензияны қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 48-бапта:
тақырыбындағы "оны қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "оны қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушысы болып табылмайтын банк депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған лицензияларынан айырылады.";
2-тармақтағы "оны қайтарып алады" деген сөздер "одан айырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 57-баптың 6-тармағының бесiншi абзацындағы "банктiң лицензиясын қайтарып алуға" деген сөздер "банктi лицензиясынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 70-баптың б) тармақшасындағы "лицензияларды қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиялардан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 72-бапта:
1-тармақтағы "лицензияларын қайтарып алу" деген сөздер "лицензиялардан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "банктiң банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларын қайтарып алады" деген сөздер ", банк, банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларынан айырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 ж. 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, ст. 321; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 78, 23-құжат):
1) 1-баптың отыз төртiншi бөлiгiндегi "немесе лицензиясы" деген сөздер алып тасталсын;
2) 71-бап алып тасталсын.
16. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы" 1995 ж. 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж.,
N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат,
N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж.,
N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 155-құжат):
11-баптың 1-тармағының 33) тармақшасының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"33) заводы тұлғаларға Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тiзбелер бойынша түрлi-түсті бейнедегi көбейту-көшiру техникасын, жарылғыш, күштi әсер ететiн улы заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектілердi және үй-жайларды пайдалануға, атыс тирлерi мен стендтерiн ашуға, ал жеке тұлғаларға - азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтап қоюға, сақтауға және алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруге;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың, тасымалдаудың, жоюдың, әкелудiң, әкетудiң, сондай-ақ күштi әсер ететiн улы заттарды сатып алудың, сақтаудың, тасымалдаудың, әкелудiң, әкетудiң ережелерiн белгiлеуге;".
17. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 ж. 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 6, 191-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат; 2003 ж., N 23, 169-құжат):
1) 3-баптағы "экспортқа бағдарланған" деген сөздер алып тасталсын;
2) 14-бап "лицензиялау туралы" деген сөздермен толықтырылсын.
18. "Экспорттық бақылау туралы" 1996 ж. 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 240-құжат; 2000 ж., N 20, 377-құжат; 2003 ж., N 18, 143-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
7-баптың алтыншы бөлiгiндегi "оны керi қайтарып алуға немесе" деген сөздер алып тасталсын.
19. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 ж. 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; N 24, 177-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 6-баптың 5) тармақшасындағы "лицензиялау мен" деген сөздер алып тасталсын;
2) 9-2-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы алып тасталсын;
3) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы сертификаттау
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы сертификаттау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.".
20. "Банкроттық туралы" 1997 ж. 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, ст. 7; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж.,
N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат):
9-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша лицензиядан айырса не оның қолданылуы уақытша тоқтатылса;".
21. "Экологиялық сараптама туралы" 1997 ж. 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 6, 67-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
11-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;".
22. "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 ж. 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат):
12-баптың 2-тармағындағы "лицензиялар" деген сөз "куәлiктер" деген сөздермен ауыстырылсын.
23. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 1997 ж. 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 83-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
5-баптың 1-тармағының бесiншi абзацы "атом" деген сөздiң алдынан "алу деңгейiнен төмен иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланатын сынақ зертханаларын техникалық реттеу жүйесiндегi акредиттелген қызметтердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
24. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 1997 ж. 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 185-құжат; N 22, 333-құжат; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
35-баптың 2) тармақшасындағы "лицензия қайтарылып алынады не оның қолданылуы тоқтатыла тұрады" деген сөздер "лицензиясынан айырады не оның қолданылуын тоқтата тұрады" деген сөздермен ауыстырылсын.
25. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 ж. 20 маусымдағы. Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237 құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар):
1) 42-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қолданысын тоқтата тұруға не лицензиядан айыруға құқылы.";
1-4-тармақтағы "оны уәкiлеттi органның қайтарып алуына" деген сөздер "одан айыруына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 45-2-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "қоры лицензияларының керi қайтарылып алынуына" деген сөздер "қорының лицензияларынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "оның лицензиясын керi қайтарып алу" деген сөздер "оны лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "қорының лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылданған" деген сөздер "қорын лицензиясынан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын.
26. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 ж. 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж.,
N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат; N 23, 137, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 14, 57-құжат):
1) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау";
2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
3) 23-баптағы "Лицензияны қайтарып алу" деген сөздер "Лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 83-3 баптың 5-тармағының 8) тармақшасындағы "лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
27. "Сот сараптамасы туралы" 1997 ж. 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 10, 32-құжат):
1) 1-баптың жетiншi абзацы алып тасталсын;
2) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот-сараптама қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес тәртiппен жүзеге асырылады.".
28. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 ж. 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 86-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 138-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):
1) 8-баптың 2-тармағының 5-1) тармақшасындағы "лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
7-тармақтағы "керi қайтарып алынуы" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-бапта:
тақырыптағы және 3-тармақтағы "Лицензияны қайтарып алудың", "оның қайтарып алынуы" деген сөздер тиiсiнше "Лицензиядан айырудың", "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын лицензиат Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен лицензиясынан айырылуы мүмкiн.";
3-тармақтағы "оның қайтарып алынуы" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
29. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" 1998 ж. 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж.,
N 24, 448-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; 2004 ж., N 23, 142 құжат):
1) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қару мен оның патрондарын жасауға, өндiруге, жөндеуге, сатуға, иемденiп алуға, коллекциялауға, экспонаттауға берiлген лицензиялар мерзiмi шектелмей берілетiн бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
Лицензиялар бiрыңғай технологиялық кешендi ескере отырып, бiрнеше қызмет түрiне де, сол сияқты жекелеген қызмет түрлерiне де берiледi.
Қару мен оның патрондарын сатып алуға лицензия бiр жолғы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.";
2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Лицензиядан айыру және оның қолданылуын тоқтата тұру
Лицензиядан айыру және оның қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
3) 20-баптың 1) тармақшасының үшiншi абзацындағы "жойылғанда" деген сөз "алып қойылғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 21-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "жүрген заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы лицензиялау туралы заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 28-баптың 2), 7) тармақшалары алып тасталсын;
6) 29-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiне лицензия бередi;".
30. "Мемлекеттiк құпиялар туралы" 1999 ж. 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат):
9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiне лицензия бередi;".
31. "Бiлiм туралы" 1999 ж. 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж.,
N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат;
N 23, 142-құжат):
1) 9-баптың 2-тармағындағы "ол қайтарып алынған" деген сөздер "одан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-бапта:
5-тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктерi алып тасталсын;
7-тармақтағы "керi қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "лицензияны керi қайтарып алуға немесе оның" деген сөздер "лицензияның" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензиядан айыруға:";
3) 30-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiне лицензия бередi;
4) 31-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы, 4-тармағының 5) тармақшасындағы "және қосымша" деген сөздер алып тасталсын.
32. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 ж. 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат; N 23, 142-құжат):
1) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады.";
2) 18-бап алып тасталсын;
3) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Лицензиядан айыру
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына байланысты қызмет түрлерiне берілген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.".
33. "Күзет қызметi туралы" 2000 ж. 19 қазандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 14-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 17-1-баптың 3-тармағының екiншi бөлiктегi "лицензияны сот тәртiбiмен керi қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиатты лицензиядан сот тәртiбiмен айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 21-баптағы "лицензияларды керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиялардан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
34. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" 2000 ж. 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 3, 19-құжат; N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
9-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi "басшысы" деген сөзден кейiн "немесе ол уәкiлеттiк берген адам" деген сөздермен толықтырылсын.
35. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 ж. 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):
1) 43-баптың 16) тармақшасындағы "лицензияларды керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиялардан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 53-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "лицензияны керi қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиядан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 55-бапта:
тақырыбындағы "брокерiнiң лицензиясын керi қайтарып алу" деген сөздер "брокерiн лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың жетiншi абзацындағы "лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс.";
3-тармақтағы "Лицензиясы керi қайтарып алынған" деген сөздер "Лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 56-баптың тақырыбында және мәтiн бойынша "брокерiнiң лицензиясын қайтарып алудың", "брокерiнiң лицензияларын керi қайтарып алу", "Лицензияны керi қайтарып алу", "Лицензия керi қайтарылып алынған", "Лицензияны керi қайтарып алу", "лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер тиiсiнше "брокерiн лицензиясынан айырудың", "брокерiн лицензияларынан айыру", "Лицензиядан айыру", "Лицензиядан айырған", "Лицензиядан айыру", "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 60-бапта:
"Актуарийдiң лицензиясын керi қайтарып алу" деген сөздер "Актуарийдi лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиат назарына жеткiзiлген күннен бастап ол лицензиясынан айырылған болып есептеледi.";
6) 69-баптың 6-тармақшасындағы "лицензияны керi қайтарып алуына", "оның лицензиясын керi қайтарып алу" деген сөздер тиiсiнше "лицензиясынан айыруға", "оны лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
36. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 ж. 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):
22-баптың 6-тармағындағы "адвокаттың лицензиясын керi қайтарып алу" деген сөздер "адвокатты лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
37. "Астық туралы" 2001 ж. 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж.,
N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 24-1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 25-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Заңның 26-бабында белгiленген негiздер бойынша астықты сақтау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензияны тоқтата тұруға;";
3) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиядан айыру
1. Лицензиядан айыру үшiн:
1) лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарын бұзуы;
2) лицензиаттың өзi жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрiмен айналысуына соттың тыйым салуы;
3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептердiң жойылмауы;
4) лицензия алған кезде лицензиаттың көрiнеу жалған ақпарат беруi негiз болып табылады.";
4) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау қабiлетiн қалпына келтiруге жеткiзбесе, лицензиат сот тәртiбiмен лицензиясынан айрылады.".
38. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 ж. 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10 құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2005 жылғы 8 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қазанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға;";
3) 10-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты қызметтi мұндай қызмет түрiмен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен берілген лицензиясы болған жағдайда жеке агенттiктер жүзеге асырады.";
4) 11-баптың 5-тармағындағы "Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және" деген сөздер алып тасталсын.
39. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 ж. 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; 2003 ж., N 23, 168-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Лицензиядан айыру сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.".
40. "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" 2001 ж. 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 320-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 23; 142-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасындағы "лицензияның" деген сөздер "сертификаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
3) 5-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
4) 6-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "пайдаланушы сертификаты және тиiстi лицензиясы" деген сөздер "әуежай пайдаланушы сертификатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "пайдаланушы сертификаты мен халықаралық және (немесе) iшкi әуе тасымалдарын жүзеге асыруға лицензиясы" деген сөздер "әуежай пайдаланушы сертификаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-бап алып тасталсын;
7) 14-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "лицензияның" деген сөз "сертификаттың" деген сөзбен ауыстырылсын.
41. "Әдiлет органдары туралы" 2002 ж. 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):
19-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы "оларды қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату" деген сөздер "оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiне лицензиялау".
42. "Геодезия және картография туралы" 2002 ж. 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 141-құжат; 2005 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):
6-баптың 8) тармақшасындағы ", геодезиялық және картографиялық жұмыстарды" деген сөздер "жұмыстарын" деген сөзбен ауыстырылсын.
43. "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 ж. 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 140-құжат; 2004 ж,. N 17, 98-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 12-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Тiркеу, өндiрiстiк сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшiн әкелiнген пестицидтердiң (улы химикаттардың) санын уәкiлеттi орган айқындайды.";
2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.".
44. "Ветеринария туралы" 2002 ж. 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 15 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):
12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында бекiтiлген тәртiппен жүзеге асырылады.".
45. "Сақтандыру төлемдерiне кепілдiк беру қоры туралы" 2003 ж. 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 63-құжат; 2005 ж., N 14, ст. 55):
1) 6-баптың 2) тармақшасындағы "қайтарып алуды" деген сөздер "одан айыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "құқығына лицензияны қайтарып алуға" деген сөздер "құқығы лицензиясынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
46. "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" 2003 ж. 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 7-баптың 13) тармақшасындағы ", сондай-ақ қызметi бiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана шегiнен тыс қолданылатын" деген сөздер "бар" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағының 11-1) тармақшасында:
бiрiншi абзацтағы ", сондай-ақ қызметi бiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегiнен тыс қолданылатын" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi абзацтағы "дайындауды," деген сөз алып тасталсын;
үшiншi абзац алып тасталсын;
3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау
Медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялануға тиiс.";
4) 33-баптың 3-тармағындағы "қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
47. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 ж. 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 12, 88-құжат; 2005 ж., N 23, 142-құжат):
10-бапта:
тақырыбындағы "оны керi қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.".
48. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 ж. 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы "лицензиялар бередi, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, сондай-ақ оларды қайтарып алады" деген сөздер "лицензия бередi, оның қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және лицензиаттарды лицензиясынан айырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-бапта:
тақырыбындағы "Лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер "Лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Лицензиядан айыру үшiн:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата түру себептерiнiң жойылмауы;
2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарының, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттарының жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) бұзылуы;
3) уәкiлеттi органның ұйғарымдары жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) орындалмауы;
4) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген өзге де негiздер негiз болып табылады.";
5-тармақтағы "заң актiлерiнде" деген сөздер "лицензиялау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "оны керi қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 68-баптың 4-тармағындағы "ол керi қайтарып алынған" деген сөздер "одан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 93-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасындағы "қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 99-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "лицензия керi қайтарып алынған" деген сөздер "лицензиясынан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 102-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "керi қайтарып алынуы" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 106-баптың 3) тармақшасындағы "керi қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
49. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 ж. 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жағдайларда қаржы рыногындағы кәсiптiк қызметтi, қаржы ұйымдарындағы аудиттi жүзеге асыруға лицензиялар беру, оның қолданылуын тоқтата түру және одан айыру тәртiбiн белгiлейдi, лицензиялар бередi, оның қолданылуын тоқтата тұрады және лицензиаттарды көрсетiлген лицензиядан айырады;";
2) 10-баптың 10) тармақшасы "жағдайларда" деген сөзден кейiн "лицензиатты" деген сөздермен толықтырылып, "лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 10) тармақшасы "жағдайларда" деген сөзден кейiн "лицензиалы" деген сөздермен толықтырылып, "лицензияны керi қайтарып алу" деген сөздер "лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
5) 13-баптың 7) тармақшасындағы "қорларының лицензиясын керi қайтарып алу" деген сөздер "қорларын лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
50. "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 ж. 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 134-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат):
13-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;".
51. "Дәрiлiк заттар туралы" 2004 ж. 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат):
1) 6-баптың 4) тармақшасындағы "және қайтарып алады" деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) лицензия бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады";
3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Фармацевтикалық қызмет түрлерiн лицензиялау
Фармацевтикалық қызмет түрлерiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
4) 25-баптағы "дәрілiк заттар дайындауға лицензиясы бар," деген сөздер алып тасталсын.
52. "Байланыс туралы" 2004 ж. 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат):
1) 17-бапта:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "лицензиялау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.".
53. "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" 2004 ж. 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат):
1) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "лицензияны қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың тақырыбындағы және бiрiншi абзацындағы "бюроның лицензиясын қайтарып алу" деген сөздер "бюроны лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
54. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 ж. 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат):
1) 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "қайтарып алған" деген сөздер "одан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-баптың 6-тармағындағы "қайтарып алынғаны" деген сөздер "одан айырғаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 33-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "лицензиясы қайтарып алынса", "лицензияны қайтарып алған" деген сөздер "лицензиясынан айырылса", "лицензиядан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 34-баптың 2, 3-тармақтарындағы "қайтарып алынған" деген сөздер "одан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 36-баптың 3-тармағындағы "(қайтарып алынуына)" деген сөздер "(одан айыруға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 44-баптың 7) тармақшасындағы "асыруға лицензиясы қайтарып алынған" деген сөздер "асыру лицензиясынан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын.
55. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 ж. 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 7-8, 18-құжат):
24-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысуға халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн тиiстi лицензиясы бар тұлғалар құқылы.".
2-бап.
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті