Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы N 89 Заңы.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; 2005 жылғы 4 қарашада "Егемен "Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қазанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына ):

      207-бапта:

      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеке тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 10-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 80-баптың 2-тармағында:

      2) тармақшадағы ", құрылыстарды" деген сөз "(мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақша "iшкi топтың" деген сөзден кейiн "(топтың)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 82-баптың тақырыбында, 1-тармағының бiрiншi абзацында және 3-тармағында ", құрылыстарды" деген сөз "(мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "87-бап. Шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың

      (топтың) құн балансынан асып түсуiнен алынатын

      табыстар

      Егер iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IY топтар бойынша) шығып қалған тiркелген активтерiнiң құны салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер құны есепке алынған iшкi топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және ІY топтар бойынша) салық кезеңiнiң басындағы құн балансынан асып түссе, асып түскен шама жылдық жиынтық табысқа енгiзiлуге тиiс. Осы iшкi топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және ІY топтар бойынша) құн балансы салық кезеңiнiң аяғына қарай нөлге тең болады.";

      5) 100-бапта:

      тақырыбы "төлемдерге" деген сөздерден кейiн "және оқытуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Жұмыс берушінің қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға арналған шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шегерілуге жатады.

      4. Салық төлеушiмен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны салық төлеушiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқыту төлемiне жұмсаған шығыстары мынадай талаптар сақталған:

      1) салық төлеушiде кемiнде 3 жыл жұмыспен өтеу мiндеттемесi туралы жеке тұлғамен шарт жасалған;

      2) бiлiмнiң тиiстi деңгейiн жеке тұлға тұңғыш рет алатын;

      3) жеке тұлғаның оқуы Қазақстан Республикасында не мамандар даярлау Қазақстан Республикасында жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүзеге асырылатын жағдайларда шегерiлуге жатады.";

      6) 107-бапта:

      1-тармақтың бiрiншi абзацы "iшкi топтар" деген сөздерден кейiн ", топтар" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әрбiр iшкi топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормасын қолдану арқылы, бiрақ iшкi топтың, топтың салық кезеңiнiң соңындағы құн балансына осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген шектi нормадан асырмай есептеледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Үйлер мен ғимараттар (мұнай, газ ұңғымалары мен берiс құрылғыларын қоспағанда) бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объект бойынша жеке айқындалады және I топтың негiзгi құралының құны iшкi топтың құн балансына теңестiрiледі.";

      7) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "108-бап. Амортизациялық iшкi топтардың, топтардың

      құн балансын айқындау

      1. Әрбiр амортизациялық iшкi топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңiнiң басында iшкi топтың (I топтың), топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.

      I топтың құн балансы негiзгі құралдардың әрбiр объектiсi бойынша iшкi топтардың құн баланстарынан және осы Кодекстiң 113-бабының 2-1-тармағына сәйкес құралған iшкi топтың құн балансынан тұрады.

      2. Iшкi топтың (І топтың), топтың салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы:

      ішкі топтың (І топтың), топтың өткен салық кезеңінің соңындағы құн балансы ретінде айқындалған, өткен салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 111 және 113-баптарына сәйкес жүргiзiлетiн түзетулер ескерiлген iшкi топтың (I топтың), топтың салық кезеңiнiң басындағы құн балансы,

      қосу

      осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер,

      алу

      осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес айқындалған тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде айқындалады.

      3. 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкi топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тiркелген активтер ескерiле отырып, осы Кодекстiң 110-бабының 1-тармағында айқындалған топтар бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен бөлiнедi.";

      8) 109-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сатып алу, оның iшiнде қаржы лизингi шарты бойынша лизинг алушының сатып алуы, құрылыс салуы, жарғылық капиталға салым ретiнде өтеусiз алуы кезiнде келiп түскен тiркелген активтер осы Кодекстiң 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша мынадай тәртiппен есепке алынады:

      I топ бойынша - тиiстi iшкi топтың құн балансын құрайды;

      II, ІІІ және IV топтар бойынша - топтың құн балансына енгiзiледi.

      2. Шығып қалатын тiркелген активтер тиiстi iшкi топтардың құн балансын (І топ бойынша) немесе II, ІІІ және IV топтардың құн балансын:

      өткiзу, қаржы лизингiне беру кезiнде - өткiзу құнына;

      жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - осы Кодекстiң 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша;

      құрылтайшы, қатысушы мүлiктi алып қойған кезде - мәмiлеге қатысушылар айқындаған құн бойынша;

      тiркелген активтер сақтандырылған жағдайда, олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлiнген, ысырап болған кезде - сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтiн сақтандыру төлемiнiң сомасын негiзге ала отырып айқындалатын құн бойынша, өзге де жағдайларда - салық мақсаттарында айқындалған (І топ бойынша) қалдық құны бойынша;

      өтеусiз беру кезiнде - баланстық құны бойынша кемiтедi.";

      9) 110-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "110-бап. Тiркелген активтер амортизациясының

      шектi нормалары

      1. Амортизацияға жататын тiркелген активтер амортизацияның мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi:

Топ

N

Тiркелген активтердiң атауы

Амортизацияның

шектi нормасы

(%)

I

Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда)

10

II

Мұнай-газ өндiру машиналары мен

жабдықтарын қоспағанда,

машиналар және жабдық

25

III

Кеңсе машиналары мен компьютерлер

40

IV

Басқа топтарға қосылмаған

тiркелген активтер

15


      2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгiзiлген тiркелген активтер бойынша салық төлеушi кемiнде үш жылдың жылдық жиынтық табысын алу мақсатында осы тiркелген активтердi пайдаланған жағдайда, пайдаланудың бiрiншi салық кезеңiнде амортизациялық аударымдарды амортизацияның қосарлы нормалары бойынша есептеуге құқылы. Осы тiркелген активтер пайдаланудың бiрiншi салық кезеңiнде топтың құн балансынан бөлек есепке алынады. Келесi салық кезеңiнде осы тiркелген активтер тиiстi топтың құн балансына енгiзiлуге жатады.";

      10) 111-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Iшкi топтың (І топ бойынша) барлық тiркелген активтерi немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы шегерiмге жатқызылады.

      2. Егер iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы 300 айлық есептiк көрсеткiштен кем соманы құраған жағдайда, салық төлеушi iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) құн балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.";

      11) 111-1-бап алып тасталсын;

      12) 112-баптың 1 және 2-тармақтары "iшкi тобының" және "iшкi топтың" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", тобының" және ", топтың" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер

      1. Мына негiзгi құралдарды:

      1) осы топқа енетiн;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған iс жүзiндегi шығыстар бойынша әрбiр топқа қатысты шегерiм жасауға оларды жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланған жағдайда рұқсат етiледi.

      2. Қызмет етудiң нормативтiк мерзiмiн ұлғайтпайтын және негiзгi құралдардың өндiрiстiк қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттамаға сәйкес негiзгi құралды сақтау және оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргiзiлетiн, негiзгi құралдардың детальдарын (бөлшектерiн) ауыстыруға байланысты осы Кодекстiң 92-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылатын шығыстарды қоспағанда, негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстар сомасы топтың салық кезеңiнiң соңындағы құн балансынан белгiленген мынадай шекте әрбiр топ бойынша шегерiледi:

Топ

N

Топтың атауы

Шектi норма (%)

I

Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда)

15

II

Мұнай-газ өндiру машиналары мен

жабдықтарын қоспағанда,

машиналар және жабдық

25

III

Кеңсе машиналары мен компьютерлер

15

IV

Басқа топтарға қосылмаған

тiркелген активтер

15


      2-1. Осы баптың 2-тармағында аталған шектен асатын сома мынадай тәртіппен ескеріледі:

      1) I топ бойынша:

      егер iшкi топтың құн балансының құрамына кiретiн негiзгi құрал салық кезеңiнiң соңында iс жүзiнде шығып қалса - құн өсiмiнен түсетiн табыстың немесе iшкi топтың құн балансынан шығып қалған тiркелген актив құнының асып кетуiнен түскен табыстың тиiстi мөлшерiн iс жүзiндегi шығыстарға барабар азайтады және (немесе) iшкi топтың тиiстi құн балансын ұлғайтпайды;

      өзге де жағдайларда - iшкi топтың тиiстi құн балансын iс жүзiндегi шығыстарға барабар ұлғайтады;

      топтың құн балансына енгiзiлмейтiн негiзгi құралдар бойынша - жеке iшкi топтың құн балансын құрайды және келесi салық кезеңдерiнде осындай шығыстар iшкi топтың осы балансын ұлғайтуға жатқызылады;

      2) II, III және IV топтар бойынша: топтың құн балансы болған кезде - оның ұлғайтылуына жатқызылады;

      топтың құн балансы болмаған кезде - топтың келесi салық кезеңiнiң басталғандағы құн балансын құрайды.

      3. Бюджет қаражатынан алынған субсидиялар есебiнен жүргiзiлген жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтардың құн балансын ұлғайтпайды.

      4. Негiзгi құралдардың нормативтiк қызмет ету мерзiмiн ұлғайтпайтын және олардың өндiрiстiк қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттарға сәйкес негiзгi құралды сақтау әрi оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргiзiлетiн, негiзгi құралдардың детальдарын (бөлшектерiн) ауыстыруға байланысты жалгер жалға алынған негiзгi құралдарға қатысты жүргiзген және жалға берушiнiң жалға беруші шартына сәйкес өтемейтiн шығыстары осы Кодекстiң 92-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылады.

      5. Осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалған iс жүзiндегi сома осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалған тәртiппен шегерiмге жатқызылады.";

      14) 119-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн" деген сөздер алып тасталсын;

      15) 122-баптың 5-тармағындағы "2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған" деген сөздер алып тасталсын;

      16) 124-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "құрылыстарды, ғимараттарды" деген сөздер "(мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 139-баптың 7-тармағы "iшкi топтың" деген сөзден кейiн ", топтың" деген сөзбен толықтырылсын;

      18) 140-1-бапта:

      1-тармақта:

      бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасында:

      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызметтiң мынадай түрлерi:";

      үшiншi және төртiншi абзацтардағы "және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;

      төртiншi абзацтағы "жүргiзу нәтижесiнде алуға жататын (алынған) табыстарды жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн құрайтын заңды тұлғалар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады." деген сөздер "жүргiзу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесiншi - жетiншi абзацтармен толықтырылсын:

      "киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндiру;

      трикотаж бұйымдарын өндiру;

      тоқыма материалдарынан киiм өндiру бойынша өз өндiрiсi тауарларын (жұмыстарын, көрсетiлетiн қызметтерiн) өткiзуден алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн құрайтын заңды тұлғалар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады.";

      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың 3) тармақшасында аталған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) нақты түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:

      жер қойнауын пайдаланушылар;

      акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдар;

      арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;

      инвестициялық салық преференциялары берiлген ұйымдар жатпайды.";

      19) 140-2-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "50" деген цифр "100" деген цифрмен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi), сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға арналған әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер бойынша құрылыс объектiлерiн және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткiзу жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тараудың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерге кеңселiк, өнеркәсiптiк ғимараттар мен қоймалар жатады.";

      20) 144-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) осы Кодекстiң 100-бабының 4-тармағына сәйкес жүргiзiлген, оқытуға арналған шығыстар;";

      21) 208-баптың 3-тармағындағы "12 000 еселенген" деген сөздер "15 000 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) мынадай мазмұндағы 224-1-баппен толықтырылсын:

      "224-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында

      өткiзiлетiн тауарларға салық салу

      1. Осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу және пайдалануға беру процесiнде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзуге қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.

      Электр энергиясын, бензиндi, дизель отыны мен суды қоспағанда, осы тармақтың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi тұрғызу процесiне тiкелей тартылған тауарлар құрылыс процесiнде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледi.

      2. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының осы баптың 1-тармағында аталған айналымдар бойынша есеп беру кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып түскен сомалар арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейiн әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесінде нақты тұтынылу бөлігінде белгіленген мерзімдерде салық төлеушінің өтініші бойынша оған қайтарылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған атқарушы орган арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша беретiн, әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесiнде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшiн негіздеме болып табылады.

      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшін:

      1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында осы баптың 1-тармағында аталған объектiлердi салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарлар беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);

      2) тауарлар шығаруды еркiн кеден аймағының кеден режимiнде жүзеге асыратын кеден органы белгі қойған кедендiк жүк декларациясының көшiрмелерi;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдарға тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;

      4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.";

      23) 225-бапта:

      17) тармақшаның екiншi бөлiгі алып тасталсын;

      17) тармақшадағы "тауарларды өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздер "тауарларды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткiзiлетiн, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру процесiнде тұтынылатын тауарларды;

      19) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн және келiсiм-шарттың талаптары бойынша импортталатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) қосылған құн салығынан босатылған кәсiпорындарға өткiзiлетiн тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.";

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 17) және 18) тармақшаларында аталған тауарлардың тiзбелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.";

      24) мынадай мазмұндағы 230-1-баппен толықтырылсын:

      "230-1-бап. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты

      жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер

      Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жаңа объектiлердi салу кезiндегi жобалау, жобалау-құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстары жатады.

      Салықтан босату салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердiгер) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға жасасқан концессиялық шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсететiн қызметтерге қатысты қолданылады.

      Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң нақты түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi мен құны әрбiр жоба бойынша жаңа объектіні зерттеу, жобалау, салу мақсатын негiзге ала отырып және осы инфрақұрылымдық жобаны iске асыру үшiн қойылатын ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық талаптардың ерекшелiктерiн ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиiс.";

      25) 245-баптың 2-тармағындағы "224" деген цифрлар "224-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      26) 250-бапта:

      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қосалқы бөлшектердiң;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарларды қосылған құн салығын төлеушiлер өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн әкеледі.";

      2-тармақта:

      бiрiншi бөлiк "жөнiндегi мiндеттеменi" деген сөздерден кейiн "және аталған тауарларды нысаналы пайдалану туралы мiндеттеменi" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiктегi "мiндеттеме" деген сөз "мiндеттемелер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      27) 252-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) осы Кодекстiң 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзiлгенiн растау үшiн қажеттi құжаттар;";

      28) 258-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында еркiн айналым үшiн шығарылатын акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiне акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленедi және осы Кодекстiң 516-бабының 3-тармағына сәйкес жиынтық төлемнiң құрамына енгiзiлуi мүмкiн. Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн және жиынтық төлемнiң ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Жиынтық төлем осы Кодекстiң 276-278-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде төленедi.";

      29) 312-1-бапта:

      3-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарыда тiзiп көрсетiлген триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында аталған әдiстемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға берiлуге тиiстi пайда түсiретiн өнiмдегi үлестiң проценттiк мәнiн айқындау үшiн әрбiр триггерден алынған нәтиже өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта айқындалған төменгi мәндермен салыстырылады.

      Жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта айқындалған пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң нақты проценттiк мәнi жобаның экономикалық көрсеткiштерiне қарай осы бапта көзделген шектерде, осы Кодекстiң 285-бабында көзделген тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн оның қолданылу мерзiмi iшiнде өзгерiссiз сақталады.";

      4-тармақтың бесiншi - жетiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:

R-фактордың (кiрiстiлiк

көрсеткiшiнiң) мәнi

Жер қойнауын пайдаланушының пайда

түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң

проценттiк мәнi

1,2-ден аз немесе

соған тең

70 проценттен 90 процентке дейiн

1,5-тен көп немесе соған тең

10 процент


      Егер R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) алынған мәнi 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:

      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (A% - (A% - 10%)/0,3*(Х - 1,2)* 100%), мұнда:

      А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнiне сәйкес келетiн, 1,2-ден аз немесе соған тең проценттiк мәнi;

      X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.

      R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.";

      5-тармақтың төртiншi - алтыншы бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:

Рентабельдiлiктiң iшкi

нормасының (РIН) мәнi

Жер қойнауын пайдаланушының

пайда түсiретiн өнiмдегi

үлесiнiң проценттік мәнi

12 проценттен кем немесе

соған тең

70 проценттен 90 процентке

дейiн

20 проценттен көп немесе

соған тең

10 процент


      Егер рентабельділіктiң iшкi нормасының (РIН) алынған мәнi он екi проценттен астам және жиырма проценттен кем болған жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:

      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi = (А% - (А% - 10%)/8% * (Х - 12%)), мұнда:

      А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) мәнiне сәйкес келетiн, 12 проценттен аз немесе соған тең проценттiк мәнi;

      X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi рентабелдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) iс жүзiнде алынған мәнi.

      Рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Р-фактор (баға коэффициенті) есептілік кезеңіндегі өтемдік өнімнің нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есептілік кезеңiндегi пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң нақты құны сомасының есептiлiк кезеңiндегi мұнай өндiру көлемiне қатынасы ретiнде айқындалады.

      Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесiн айқындау үшiн қажеттi проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде белгiленедi:

Р-фактордың (баға

коэффициентiнiң) мәнi

Жер қойнауын пайдаланушының

пайда түсiретiн өнiмдегi

үлесiнiң проценттiк мәнi

1 баррель үшiн 12 АҚШ

долларынан кем немесе соған

тең

70 проценттен 90 процентке дейiн

1 баррель үшiн 27 АҚШ

долларынан астам немесе

соған тең

10 процент


      Егер Р-факторының (баға коэффициентiнiң) алынған мәнi 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан астам және 27 АҚШ долларынан кем болған жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:

      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi = (А% - (А% - 10%)/15 * (X - 12) * 100%), мұнда:

      А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан кем немесе соған тең мәнiне сәйкес келетiн проценттiк мәнi;

      X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.

      Р-фактордың (баға коэффициентiнiң) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.";

      30) 314-5-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартты орындау кезiнде мемлекет түсiмдерiнiң үлесi әрбiр салық кезеңiнде өндiру басталған кезден салынған инвестициялар қайтарылған кезге дейiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта белгiленген мәннiң бес процентiнен он процентiне дейiнгiден кем болмауға және жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде, келесi кезеңдерде алған өнiм көлемiнiң қырық процентiнен кем болмауға тиiс.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін мемлекет түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер болып табылатын, орындалған салықтық мiндеттемелерiн бiлдiредi.

      Мемлекет түсiмдерiнiң үлесi қосылған құн салығын және жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агентi ретiнде әрекет ететiн салықтарды қамтымайды.";

      31) 316-бапта:

      1-тармақтың бiрiншi абзацында:

      "1) тармақшасында" деген сөздер "3) және 4) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша" деген сөздер "қызмет көрсетудiң өтемдi шарттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "2) және 3) тармақшаларында" деген сөздер "1) және 2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 318-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 317-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында белгiленген ставкаларды осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес айқындалған салық жылы iшiндегi әлеуметтiк салық салу объектiсiне және Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар сомасына кемiту арқылы жүргiзiледі.";

      33) 355-бапта:

      1-тармақта:

      "2-тармағында" деген сөздер "2 және 2-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мен жеке кәсiпкерлер" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жеке кәсiпкерлер мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейдi.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.";

      34) 365-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "365-бап. Салық ставкалары

      Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық, салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледi:

1) 1 000 000 теңгеге дейін

қоса алғанда

салық салу объектілері құнының

0,05 проценті;

2) 1 000 000 теңгеден жоғары

- 2 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

500 теңге + 1 000 000 теңгеден

асатын сомадан 0,08 процентi;

3) 2 000 000-нан теңгеден

жоғары - 3 000 000 теңгеге

дейiн қоса алғанда

1 300 теңге + 2 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,1

процентi;

4) 3 000 000 теңгеден жоғары

- 4 000 000 теңгеге дейiн

қоса алғанда

2 300 теңге + 3 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,15

процентi;

5) 4 000 000 теңгеден жоғары

- 5 000 000 теңгеге дейiн

қоса алғанда

3 800 теңге + 4 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,2

процентi;

6) 5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

5 800 теңге + 5 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,25

процентi;

7) 6 000 000 теңгеден жоғары

- 7 000 000 теңгеге дейiн

қоса алғанда

8 300 теңге + 6 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,3

процентi;

8) 7 000 000 теңгеден жоғары

- 8 000 000 теңгеге дейiн

қоса алғанда

11 300 теңге + 7 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,35

процентi;

9) 8 000 000 теңгеден жоғары

- 9 000 000 теңгеге дейiн

қоса алғанда

14 800 теңге + 8 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,4

процентi;

10) 9 000 000 теңгеден жоғары

- 10 000 000 теңгеге дейiн

қоса алғанда

18 800 теңге + 9 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,45

процентi;

11) 10 000 000 теңгеден жоғары

23 300 теңге + 10 000 000

теңгеден асатын сомадан 0,5

процентi;


      35) 376-баптың 2-тармағында:

      1) тармақшада:

      екiншi абзацтағы "он бес" деген сөздер "жиырма бec" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "4500,0" деген цифрлар "10000,0" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:

      екінші абзацтағы "жиырма бес" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "9000,0" деген цифрлар "25000,0" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      36) 377-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке кәсіпкердің табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

Тоқсандық табысы

Ставкасы

3000,0 мың теңгеге дейін

қоса алғанда

табыс сомасының 3 проценті

3000,0 мың теңгеден жоғары - 6000,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда

90,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 4 процент

6000,0 теңгеден жоғары

210,0 мың теңге + 6000,0

теңгеден асатын табыс

сомасынан 5 процент


      3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық

      салынуға тиiс:

Тоқсандық табысы

Ставкасы

3000,0 мың теңгеге дейін

қоса алғанда

табыс сомасынан 3 проценті

3000,0 мың теңгеден жоғары - 10000,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда

90,0 мың теңге + 3000,0 мың

теңгеден асатын табыс

сомасынан 4 процент

10000,0 теңгеден жоғары -

18000,0 мың теңгенi қоса

алғанда

370,0 мың теңге + 10000,0

теңгеден асатын табыс

сомасынан 5 процент

18000,0 теңгеден жоғары

770,0 мың теңге + 18000,0

теңгеден асатын табыс

сомасынан 7 процент


      37) 516-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналым үшiн шығарған кезде кеден бажы мен акциз жиынтық төлем түрiнде төленуi мүмкiн.";

      38) 518-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "518-бап. Салық құпиясы

      1. Мына мәлiметтердi:

      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi туралы;

      2) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салық кезеңiнде бюджетке төлеген салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер туралы;

      3) салық төлеушiге салық жылында бюджеттен нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының қайтарылатын сомалары туралы;

      4) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн айқындау туралы iстердi және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті қарау барысында соттарға; мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткішін қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiлетiн;

      5) Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келiсiмдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға берiлетiн мәлiметтердi қоспағанда, салық қызметi органы салық төлеушi туралы алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.

      2. Салық төлеушiге қатысты ақпаратты салық төлеушiнiң жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды.

      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қызметi органдары, олардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды тұлғалары салық құпиясын жария етпеуге тиiс. Мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық құпиясын құрайтын мәлiметтерге қол жеткiзе алатын лауазымды тұлғалардың тiзбесiн бекiтедi.

      4. Салық қызметiнiң және мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн қалыптастыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды тұлғалары аталған органдарда жұмыс iстеген кезеңде де, сондай-ақ өзi қызметтен босағаннан кейiн де салық құпиясы болып табылатын деректердi жария етуге құқылы емес.

      5. Салық құпиясы болып табылатын мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту не осындай мәлiметтердi жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.".

      3. 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат):

      290-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналыс үшiн шығарған кезде кеден бажы мен акциз Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жиынтық төлем түрiнде төленуi мүмкiн.".

      2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады