Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектердi оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) жылына екi рет, жарты жылдың қорытындылары бойынша 10 ақпанға және 20 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жыл сайын 25 ақпанға қарай жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 17 қаулысымен
бекiтiлген
Мүгедектердi оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2006 жыл МАЗМҰНЫ
Бағдарламаның паспорты
Кiрiспе
1. Мүгедектiктiң және мүгедектердi оңалтудың қазiргi жай-күйi
2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
3. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiгi
Параграф 1. Мүгедектiктiң алдын алу жүйесiн жетiлдiру
Параграф 2. Медициналық-әлеуметтiк сараптаманы жетiлдiру және
азаматтардың тыныс-тiршiлiгiнiң шектелу дәрежесiн айқындаудың жаңа
технологияларын әзiрлеу
Параграф 3. Мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн дамыту
және оларды әлеуметтiк қолдауды күшейту
Параграф 4. Мүгедектердi оңалту жүйесiн жетiлдiру және
медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту жөнiндегi қызметтер
аясын кеңейту
Параграф 4.1. Медициналық оңалту
Параграф 4.2. Әлеуметтiк оңалту
Параграф 4.3. Кәсiптiк оңалту
Параграф 5. Мүгедектердiң жұмыспен қамтылуына және жұмысқа
орналасуына белсендi жәрдемдесу нысандарын дамыту
Параграф 6. Оңалту мекемелерi желiсiн дамыту, олардың қызмет
нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту
Параграф 7. Мүгедектердiң техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарға, протездiк-ортопедиялық көмекке қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейiн арттыру
Параграф 8. Мүгедектердiң әлеуметтiк, көлiк және рекреациялық
инфрақұрылым объектiлерiне кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
үшiн жағдай жасау
Параграф 9. Жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi мен
жауапкершiлiгiн арттыру
Параграф 10. Мүгедектердiң орталықтандырылған дерекқорын құру
Параграф 11. Медициналық-әлеуметтiк сараптама, оңалту,
мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру және оңалту
индустриясы салаларын кадрмен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру
4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
5. Күтiлетiн нәтижелер
6. Мүгедектердi оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
Ескерту. Бағдарламаның паспортына өзгерту енгізілді -
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.09 N 550 Қаулысымен.
Бағдарламаның атауы Мүгедектердi оңалтудың 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiздеме "Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi
Заңы ;
Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге
қабiлетті Қазақстан үшiн, бәсекеге
қабiлеттi экономика үшін, бәсекеге
қабiлеттi халық үшiн" Қазақстан
халқына Жолдауы ;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004
жылғы 30 қарашадағы N 1241 қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасында
әлеуметтiк реформаларды одан әрi
тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспарының 3.2-тармағы
Бағдарламаны әзiрлеуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
жауапты мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау министрлiгi
орган
Бағдарламаның мақсаты Оңалту жүйесiн жетiлдiру, мүгедектердi
әлеуметтiк қолдауды күшейту және олардың
өмiр сүру сапасын жақсарту
Бағдарламаның Мүгедектiктiң алдын алу жүйесiн дамыту:
мiндеттерi медициналық-әлеуметтiк сараптаманы жетiлдiру
және азаматтардың тыныс-тiршiлiгiнiң
шектелу дәрежесiн айқындаудың жаңа
технологияларын әзiрлеу;
мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру
жүйесiн дамыту және оларды әлеуметтiк
қолдауды күшейту;
мүгедектердi оңалту жүйесiн жетiлдiру
және медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк
оңалту жөнiндегi қызметтер аясын ұлғайту;
мүгедектердi жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудiң белсендi нысандарын дамыту;
оңалту мекемелерiнiң жүйесiн дамыту,
олардың қызметiнiң нысандары мен әдiстерiн
жетiлдiру, материалдық-техникалық базасын
нығайту;
мүгедектердiң техникалық көмекшi
(компенсаторлық) құралдарға, протездiк-
ортопедиялық көмекке қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру деңгейiн арттыру;
мүгедектердiң әлеуметтiк, көлiк және
рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне
кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн
жағдай жасау;
жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi мен
жауапкершiлiгiн арттыру;
мүгедектердiң орталықтандырылған
дерекқорын құру;
медициналық-әлеуметтiк сараптама, оңалту,
мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi
ұйымдастыру және оңалту индустриясы
салаларын кадрмен қамтамасыз ету жүйесiн
жетiлдiру.
Қажеттi ресурстар
мен қаржыландыру Бағдарламаны iске асыруға мемлекеттiк
көздерi бюджеттiң, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасы тыйым салмаған
басқа да қаражат бағытталатын болады.
Мемлекеттiк бюджеттен жалпы шығындар
27069,5 млн. теңгенi, оның iшiнде 2006
жылы - 7043,1 млн. теңгенi, 2007 жылы -
7316,5 млн. теңгенi, 2008 жылы - 12709,9
млн. теңгенi; оның iшiнде: республикалық
бюджеттен - 5874,1 млн. теңгенi, оның
iшiнде 2006 жылы - 2026,7 млн. теңгенi,
2007 жылы - 1571,5 млн. теңгенi, 2008
жылы - 2275,9 млн. теңгенi, жергiлiктi
бюджеттен - 21195,4 млн. теңгенi, оның
iшiнде 2006 жылы - 5016,4 млн. теңгенi,
2007 жылы - 5745 млн. теңгенi, 2008
жылы - 10424 млн. теңгенi құрайды.
Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асырудан:
2008 жылдың аяғына қарай мүгедектердi
оңалту жүйесiн жетiлдiру және оларды
әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн жыл сайын
арттыру;
мүгедектiкке әкеп соқтыратын туа бiткен
және тұқым қуалайтын ауруы, даму кемiстiгi
бар балалардың туу қатерiнiң дәрежесiн
азайту жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз
ету;
медициналық-әлеуметтiк сараптаманың
сапасын арттыру;
оңалту ұйымдарының жұмысына қазiргi
заманғы техникалық, ұйымдық, медициналық,
әлеуметтiк және кәсiптiк технологияларды
енгiзу;
мүгедектерге көрсетiлетiн медициналық,
әлеуметтiк, бiлiм беру және өзге де оңалту
қызметтерiнiң тiзбесiн кеңейту және сапасын
арттыру;
протездiк-ортопедиялық өндiрiстi басқару
құрылымын оңтайландыру жөнiнде шаралар
қабылдау;
мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым
нысандарына және ақпараттық ортаға қол
жеткiзуiн жақсарту;
жалпы жұмыс орындары санының үш пайызы
мөлшерiнде мүгедектерге арналған жұмыс
орындарына квота белгiлеу және әлеуметтiк
жұмыс орындарын құру есебiнен мүгедектердiң
лайықты еңбекке қол жеткiзуiн ұлғайту;
оңалту мекемелерiнiң жүйесiн дамыту,
олардың қызметiнiң нысандары мен әдiстерiн
жетiлдiру, материалдық-техникалық базасын
нығайту;
мемлекеттiк органдардың мүгедектердi
әлеуметтiк қорғау процесiн басқарудағы
әдiстемелiк, iске асыру және бақылау
функцияларын оңтайландыру;
мүгедектердiң орталықтандырылған
дерекқорын құруды және медициналық-
әлеуметтiк сараптама мен мүгедектердi
оңалту мекемелерiнiң, оңалту индустриясы
кәсiпорындарының қызметiн ақпараттандыруды
аяқтау;
медициналық-әлеуметтiк сараптама және
мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк оңалту
саласындағы мамандардың кәсiптiк деңгейiн
арттыру күтiледi.
Iске асыру мерзiмi 2006 - 2008 жылдар
Ескерту. Бағдарламаның паспортына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.25. N 56 қаулысымен.
Кiрiспе
Мүгедектiк пен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау проблемасының көкейкестiлiгi оның ауқымына байланысты. БҰҰ сарапшыларының деректерi бойынша мүгедектердiң жалпы әлемдiк саны 600,0 млн. адамды немесе халықтың 10% құрайды. Олардың iшiнде 385 миллионы еңбек етуге қабiлеттi жастағы адамдар болып табылады.
Соңғы 30-ыншы жылдардың iшiнде әлемде мүгедектерге қатысты саясатты қалыптастырудың, әртүрлi елдер үкiметтерiнiң осы әлеуметтiк топтың проблемаларын шешу тәсiлдерiн әзiрлеуге қолдау көрсетуiнiң және мемлекеттiк және қоғамдық институттарға мүгедектерге арналған саясатты айқындауда көмек көрсетудiң тұрақты үрдiстерi мен тетiктерi қалыптасты.
Мүгедектердiң жағдайын жақсарту Қазақстанда да әлеуметтiк саясаттың басымдықты бағыттарының бiрi болып табылады.
Экономикалық өсу анағұрлым белсендi әлеуметтiк саясат жүргiзуге алғышарттар жасады. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама қызметiн қайта құру қамтамасыз етiлдi, стационарлық әлеуметтiк қызмет көрсету мекемелерiнiң, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiнiң желiсi ұлғайды, мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдардың көлемi көбейiп, сапасы арттырылды, мүгедектердiң инфрақұрылымға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар көзделдi.
Практика көрсетiп отырғанындай, мүгедектердi оңалту проблемаларын тиiмдi шешу мемлекеттiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне қабылданатын бағдарламалар шеңберiндегi белсендi қолдауын талап етедi. Осыған байланысты, жақын арадағы болашақта мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және оңалту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау үшiн осы жаңа Бағдарлама әзiрлендi.
Бағдарламаны әзiрлеу үшiн:
"Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" Қазақстан халқына Жолдауы ;
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 30 қарашадағы
N 1241 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негiздеме болып табылады.
Бағдарлама Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарының шеңберiнде әзiрлендi.
1. Мүгедектiктiң және мүгедектердi оңалтудың
қазiргi жай-күйi
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы барлық санаттағы мүгедектердiң саны 413,6 мың адамды немесе барлық халықтың шамамен 3%-ын құрайды.
Алғашқы мүгедектiктiң төмендеу үрдiсi байқалды.
Алғашқы мүгедектiктiң 10 000 адамға шаққандағы серпiндi көрсеткiшi 1-кестеде берiлдi.
1-кесте
Көрсеткіштер |
жылдар |
||
2002 |
2003 |
2004 |
|
Алғаш рет мүгедек деп танылғандар |
46727 |
44658 |
42825 |
Оның ішінде: |
7734 |
7081 |
7017 |
38993 |
37577 |
35808 |
|
Алғашқы мүгедектің серпінді көрсеткіші |
31,2 |
29,9 |
28,4 |
Оның ішінде: |
17,4 |
16,5 |
15,0 |
36,9 |
35,0 |
34,4 |
Алғашқы мүгедектiктiң нозологиялық құрылымы тұрақты. Ересек халықтың арасындағы мүгедектiк көбiнесе қан айналымы жүйесiнiң ауруынан (22-23%), қатерлi iсiктерден (17-18%), жарақаттардан (11-12%) және психиканың бұзылуынан (8-9%) туындайды. Мүгедек-балалардың арасында шамамен әрбiр бесiншiсi туа бiткен даму аномалиясынан немесе хромосомалық сырқаттан зардап шегедi, балалардың 20%-да мүгедектiк себебi жүйке жүйесiнiң аурулары болып табылады, ал психиканың бұзылуы 17,3%-ды құрайды.
Ағза функцияларының бұзылуы және мүгедектердiң тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi дәрежесi туралы топтардың ауырлығы бойынша мүгедектiк құрылымы куәландырады. 2000-2004 жылдары мүгедектердiң арасында екiншi топтағы мүгедектердiң үлесi басым - 60%, бiрiншi топ мүгедектерi - 11%, үшiншi топтағылар - 29% болды.
2004 жылы барлығы 151191 адам қайта куәландырылды, бұл ретте iшiнара оңалту көрсеткiшi 8,7%-ды құрады, мүгедектiк тобының ауырлау көрсеткiшi - 7,0%, толығымен оңалту көрсеткiшi - 5,0% болды.
Мүгедектердiң жас құрылымында еңбек етуге жарамды жастағы адамдар басым (мүгедектердiң жалпы санының шамамен 70%-ы).
Мүгедектiк көрсеткiштерi мынадай бiрқатар факторларға:
елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi мен әлеуметтiк саясат басымдықтарына;
ұлт денсаулығының жай-күйiне;
денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуына, медициналық қызметтердiң қол жетiмдi болуына және олардың сапасына;
оңалту қызметтерiнiң сапасына және олардың қол жетiмдiлiгiне;
еңбектi қорғаудың және еңбек қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне;
экологиялық ортаның жай-күйiне және өзге де себептерге байланысты болады.
Көлеңкелi факторлар:
биологиялық деңгейде созылмалы, туа бiткен және генетикалық аурулардың жоғары деңгейi байқалды;
медициналық-ұйымдық деңгейде - аурулардың кеш анықталуы, аурулар мен мүгедектiктiң алдын алуға жеткiлiктi мән берiлмеуi, тегiн медициналық көмекке қол жеткiзудiң, медициналық қызметтер сапасының төмендеуi, бiрыңғай оңалту жүйесiнде мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiн үйлестiрудiң болмауы;
әлеуметтiк-орта деңгейiнде - денсаулыққа қауiптi және зиянды еңбек жағдайларының орын алуы, өндiрiстiк жарақаттанушылық, кедейлiктiң сақталуы, әлеуметтiк жәрдемақылардың салыстырмалы төмен деңгейi, бiрқатар өңiрлердiң экологиялық қолайсыздығы.
Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi тыныс-тiршiлiгiнiң шектелу дәрежесi бойынша мүгедектiк санатын айқындап, әрбiр мүгедек үшiн медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту iс-шараларын қамтитын оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрi - ОЖБ) әзiрлейдi.
Жүргiзiлетiн медициналық оңалту аурудың, жарақаттың, мертiгудiң салдарларын жоюға немесе жеңiлдетуге бағытталған диагностикалық, емдеу және оңалту iс-шаралары кешенiн жүргiзудi көздейдi.
Медицинаның озық салаларын дамыту, күрделi жедел араласуды енгiзу мен дәрi-дәрмек терапиясындағы жетiстiктер елiмiзде мүгедектердi тиiмдi емдеу мен олардың тыныс-тiршiлiгiн қалпына келтiруге қолайлы мүмкiндiктер туғызды. Алайда, бұл мүмкiндiктер тиiсiнше пайдаланылған жоқ.
Мүгедектiктiң алдын алу мен оңалту арасында өзара байланыс орнатылмады. Медициналық оңалту технологиясы, мүгедектерге медициналық қызмет көрсетудiң ғылыми негiзделген стандарттары әзiрленген жоқ.
Медициналық оңалтудың нәтижелерiн жақсартуға оңалту мекемелерi жүйесiнiң шектеулiлiгi кедергi болып отыр. Республикамызда қалыптасып отырған функционалдық негiзде стационарлық төсек бөлу тәжiрибесi стационарлық оңалту кезеңiн iске асыру үшiн жеткiлiксiз (қазiргi кезде медициналық оңалту бөлiмшелерiне арналған төсек қоры республикамызда жалпы қуаттың
3,0%-ын ғана құрайды).
Емдеу мен оңалтуды амбулаториялық-емханалық бөлiмшелер мен санаторлық-курорттық мекемелерде жалғастырудың да төмен тиiмдiлiгi ерекшеленiп отыр.
Соңғы жылдары мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қаржыландыру көлемiнiң өсуiне қарамастан, ол оңалту қызметтерiн көрсетудiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi деп мойындауға болмайды.
Медициналық оңалту сатысында аурудың ағза функцияларының толық қалпына келтiрiлмеуi және тiршiлiк әрекетiнiң айқын бiлiнетiн шектелулерiнiң сақталуы әлеуметтiк оңалту шараларын қабылдауды талап етедi.
Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту мүгедектердiң әлеуметтiк мәртебесiн, олардың әлеуметтiк-тұрмыстық және әлеуметтiк-ортаға бейiмделуiн қалпына келтiруге бағытталған. Ол мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыруды, оларға қажеттi әлеуметтiк қызметтер көрсетудi, оларды көмекшi (компенсаторлық) техникалық құралдармен қамтамасыз етудi, мүгедектердiң әлеуметтiк, көлiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге, ақпараттық ортаны пайдалануға тең мүмкiндiктер туғызуды, материалдық және әлеуметтiк-психологиялық қолдау көрсетудi және т.б. қамтиды.
2005 жылға дейiн әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төлемдерiн қамтыды. Қабылданып жүрген шараларға қарамастан, соңғы жылдары жәрдемақылардың мөлшерi шамалы болды. Сондықтан 2005 жылы мүгедектiгi бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының орташа мөлшерi 6700 теңгеге дейiн, немесе 50%-ға: бiрiншi топ мүгедектерiне - 3 айлық есептiк көрсеткiшке (2895 теңгеге); екiншi топ мүгедектерiне - 2,5 АЕК-ке (2412,5 теңгеге); үшiншi топ мүгедектерiне - 2 АЕК-ке (1930 теңгеге); 16 жасқа дейiнгi мүгедектерге - 3 АЕК-ке (2895 теңгеге) арттырылды.
Бөгде адамның күтiмiне және көмегiне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесi республикамызда интернат-үйлерi мен үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi желiсiн қамтиды. Қазiргi кезде 79 интернат-үйлерi жұмыс iстейдi, олардың 35-i қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат-үйлерi, 26-ы - жүйке-неврологиялық ауруларға, 17-і - ақыл-есi кемiс мүгедектерге, 1-i - дене кемiстiгі бар балаларға арналған. Бұл мекемелерде 17 мыңнан астам адам толық мемлекет қарауында тұрып жатыр. Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi 339 бөлiмше мен 7 аумақтық орталық жүзеге асырады. Олар 34 мыңнан астам мүгедектер мен жалғызiлiктi қарттарға қамқорлық жасайды. Жеке интернат-үйлерi пайда болды.
Мүгедек-балалары бар отбасыларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi құрылуда, олардың негiзгi мiндеттерi бөгде адамның күтiмiне мұқтаж мүгедек-балаларды анықтау, оларды әлеуметтiк дағдыларға, өзiне өзi қызмет көрсету дағдыларына үйрету, демалысын ұйымдастыру, ата-аналар мен отбасы мүшелерiн мүгедек балалармен араласуға және оларды күтуге үйрету, медициналық және құқықтық консультациялық көмек көрсету болып табылады. 2003-2004 жылдары 10 мыңнан астам мүгедек-балаға қызмет көрсететiн осындай 90 бөлiмше құрылды.
Соңғы жылдары мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтiк мекемелердi қаржыландыру жақсарып келедi. Егер 2003 жылы мүгедек балаларға арналған интернат-үйлерiнiң қамқорлығындағы бiр баланы ұстауға арналған шығындар 231 мың теңгенi құраған болса, 2004 жылы бұл сома 286,7 мың теңгенi құрады.
Интернат-үйлерiнде тұратын балаларға күтiм, тамақтандыру, әлеуметтiк-тұрмыстық және медициналық қызмет, әлеуметтiк бейiмдеу, еңбекпен оңалту, оқыту сияқты қызметтер көрсетiледi.
Мүгедек балаларға әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсету проблемасын үлгiлiк медициналық-әлеуметтiк мекемелер есебiнен түбегейлi шешуге қол жеткiзу күрделi болып отыр.
94 000 адам сурдоқұралдар мен сурдокөмекке, 18841 адам тифлоқұралдарға және 28 872 адам - протездiк-ортопедиялық бұйымдарға мұқтаж болып отыр. Протездiк-ортопедиялық бұйымдар өндiрiсiн қаржыландыру көлемi соңғы үш жылда шамамен 4 есеге жуық көбейдi (106,6 млн. теңгеден 436,2 млн. теңгеге дейiн). Бұл 2004 жылы 16 840 мүгедекке протездiк-ортопедиялық көмек көрсетуге мүмкiндiк бердi, олардың бестен бiр бөлiгi модульдiк протездер пайдаланыла отырып, қазiргi заманғы жаңа технологиямен протезделдi.
Нашар еститiн мүгедектерге берiлетiн сурдоқұралдардың тiзбесi ұлғайтылды. 2004 жылы нашар еститiн мүгедектер үшiн 6,9 мың есту аппараттары (оның iшiнде 1,5 мыңы - мүгедек-балаларға арналған), 320 телефакс, 1000 көпфункционалды дабылдатқыш жyйесi, 2,2 мың мәтiндi хабарлайтын және хабар қабылдайтын ұялы телефон сатып алынды.
Нашар көретiн мүгедектер тифлоқұралдармен қамтамасыз етiледi. 2002-2004 жылдары көзi нашар көретiн мүгедектер үшiн 11 мыңнан астам тифломагнитола, 28 оқитын машина, Брайль дисплейi бар 15 компьютер, 8 мыңнан астам арнаулы қол сағаттары сатып алынды.
Жүрiп-тұруы шектеулi, көру немесе есту кемiстiгi бар адамдарға тиiстi инфрақұрылымды ыңғайлау талап етiледi. Мүгедектердiң тұрғын үйдi, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарды, көлiктi, мәдени-көрiнiстiк ұйымдар мен спорт кешендерiн қоса алғанда, әлеуметтiк инфрақұрылымға қоғамның әлеуметтiк инфрақұрылымына қиналмай қол жеткiзуi олардың өмiрiнде елеулi өзгерiстер туғызады.
Қазақстанда мүгедектердiң ақпараттық ортаға қолы жете бермейдi. Радио мен теледидардағы ақпараттық және көркем хабарлардың көпшiлiгiне нашар көретiн және нашар еститiн мүгедектердiң қолы жетпейдi, кiтапханалар арнаулы қарiп пайдаланылатын әдебиеттермен қамтамасыз етiлмеген.
Мүгедектердi қоғамға кiрiктiру мақсатында, сондай-ақ кәсiптiк оңалту шаралары да қажет. Мүгедектерге қатысты Бүкiлдүниежүзiлiк iс-әрекеттер бағдарламасы кәсiптiк машықтар алуды немесе бұзылғандарын қалпына келтiрудi, кәсiптiк бағдарлану мен жұмысқа орналастыруды кәсiптiк оңалту шараларына жатқызады.
Арнаулы түзеу ұйымдарының саны (бiрлiк) және олардағы кемтар балалардың саны (адам) 2-кестеде берiлдi
2-кесте
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының |
Жылдар |
||
2002 |
2003 |
2004 |
|
Мектепке дейінгі арнаулы мақсаттағы |
36 |
39 |
45 |
Арнаулы топтары бар, жалпы |
236 |
201 |
119 |
Мектепке дейінгі түзеу |
9876 |
9380 |
11229 |
Арнаулы білім беру түзеу ұйымдары |
103 |
102 |
103 |
Арнаулы білім беру түзеу |
23604 |
24214 |
24737 |
Кемтар балаларды оқыту ғылыми-әдiстемелiк, ұйымдық және қаржылық жағынан толық қамтамасыз етiлмеген, педагог-дефектолог, әлеуметтiк психолог, педагог-психолог және медициналық қызметкерлерi жеткiлiксiз жалпы мектептерде жүзеге асырылады, бұл дамуында ауытқушылығы бар балалардың өз мұқтажына барабар бiлiм ала алмауына әкеп соғады.
Мектеп ғимараттары мен үйлерi түзеу-педагогикалық және оңалту шараларының қажеттi көлемiн жүргiзуге бейiмделмеген, жиһазы мен жабдықтары да ескiрген. Балаларды тасымалдау, оқулықтармен және оқу жабдықтарымен, техникалық және көмекшi құралдармен қамтамасыз ету мәселелерi шешiлмеген.
Кәсiп таңдау және кәсiптiк бiлiм алу мүмкiндiктерi де шектеулi. Бұл топтағы балалар мен жасөспiрiмдердi кәсiптiк оқыту бұрынғыдай арнаулы мектептермен шектелiп отыр, ондағы бiлiм беру деңгейi қазiргi заманғы өндiрiс пен еңбек нарығынан артта қалған, балалардың өздерiнiң де мүдделерi мен мүмкiндiктерiне сай емес. Кемiстiгi бар балаларды даярлайтын дәстүрлi кәсiптерге бүгiнде сұраныс аз, ал жұмыс берушiлер талап ететiн кәсiптерге әдетте қол жете бермейдi. Нәтижесiнде осы топтағы балалар мен жасөспiрiмдер оқытылуы мүмкiн кәсiптер шеңберi тарыла бередi және дамуында ерекше қажеттiлiктерi бар балалардың әлеуметтiк шеттеуi туындайды, оларды жұмысқа қабылдауда қарсы айғақтамалар қалыптасады.
Соңғы үш жылда жұмысқа орналастырылған мүгедектердiң жалпы саны бiр жарым есе көбейдi (5910-нан 9128 адамға дейiн). Бұл ретте, екiншi топтағы мүгедектердiң арасында жұмысқа орналасу 0,7%-дан 3,7%-ға дейiн, үшiншi топтағыларда - 8,9%-дан 16,1%-ға дейiн. Абсолюттiк көрсеткiштердiң бiршама өсiп отырғанына қарамастан, жұмысқа орналастырылған мүгедектер еңбек етуге қабiлеттi мүгедектердiң жалпы санының шамалы ғана бөлiгiн құрайды.
Қазақстандағы мүгедектердiң жұмыспен қамтылуы, көптеген басқа елдердегi сияқты, әжептәуiр кедергiлерге кездеседi, оның iшiнде ең бастысы мүгедектердiң еңбек нарығындағы бәсекелестiк қабiлетiнiң төмендiгi. Мүгедектерге арнайы жасалған еңбек және еңбекақы төлеу шарттары жұмыс берушiлер үшiн экономикалық жағынан тиiмсiз.
Сондықтан, жұмысқа орналастырудың барынша көп тараған жолы мүгедектер қоғамдық бiрлестiктерiнiң арнаулы мамандандырылған кәсiпорындары болып табылады.
Республикадағы Қазақ зағиптар қоғамының 33 оқу-өндiрiстiк кәсiпорындары мен Қазақ саңыраулар қоғамының 18 кәсiпорнында жалпы саны төрт мыңға жуық мүгедек еңбек етуде. Бұл кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi түрлерi тiгiн өнiмдерiн, тоқыма, картонаж, электротехникалық, пластмасса бұйымдарын өндiру, жиhаз жасау, баспахана қызметтерi мен жөндеу-құрылыс жұмыстарымен айналысу болып табылады.
Қазiргi кезде мамандандырылған цехтар мен кәсiпорындарындағы өзектi проблемалардың бiрi инвестициялық қаражаттың жетiспеушiлiгi болып отыр, бұл олардың жеке сектордағы бәсекелестерiнен әжептәуiр қалыс қалуына әкелуде.
Осылайша, Қазақстандағы мүгедектiктiң және оңалту жөнiндегi шаралардың жай-күйiн талдау мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды ұйымдастырудағы оң өзгерiстермен қатар бiрқатар шешiлмеген проблемалардың да бар екенiн дәлелдейдi.
Шетелдiк тәжiрибе (Германия, Финляндия, Нидерланды) көрсетiп отырғанындай, жеткiлiктi регламенттелген күн тәртiбiмен тұру жағдайлары, ал ең бастысы - мүгедек баланы өзiнiң үйреншiктi ортасынан оқшаулау оның психикалық және физикалық жай-күйiне қолайсыз әсер етедi, бейiмсiздендiру реакциясының дамуына ықпал етедi.
Бұл орайда, Орталық Еуропа елдерiнiң тәжiрибесi қызығарлық, олар балаларды интернат ұйымдарында ұстауды қысқарту, оларды отбасыларына қайтару, балаларды күтудiң баламалы отбасылық нысандарын дамыту (патронат, асырап алушы отбасылар, басқа да нысандар), қамқорлықтағылардың бұрынғы тұратын жерiне жақындатылған отбасы үлгiсiндегi шағын мекемелер, күндiзгi және 5 күндiк болу мекемелерiн құру жөнiнде жұмыс жүргiзедi.
АҚШ-та халыққа жеке (ақылы) әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесi анағұрлым дамыған.
Осыған байланысты, әлеуметтiк қызмет көрсету мекемелерi (ұйымдары) желiсiн кезең-кезеңмен қайта құруды жүргiзу, балаларға арналған медициналық-әлеуметтiк мекемелер мен арнаулы түзеу бiлiм беру ұйымдарының базасында оңалту бөлiмшелерiн, күндiзгi және 5 күндiк болу бөлiмшелерiн ашу, қалалар мен аудан орталықтарында шағын интернат-үйлерiн салу қажеттiгi туындап отыр, бұл мүгедек балаларға үйдiкiне жақын жағдай туғызуға ықпал ететiн болады.
Мынадай Мемлекеттiк стандарттар:
"Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтiк қызмет көрсету және әлеуметтiк қамсыздандыру";
"Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмшелерiнде, аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында, мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда әлеуметтiк қызмет көрсету";
Yйде, медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда), аумақтық орталықтарда әлеуметтiк қызмет көрсетудiң үлгiлiк Ережесi қабылданды.
2002 жылы тұрғын үй салу, әлеуметтiк инфрақұрылымды жабдықтау кезiнде мүгедектердiң қажеттiлiктерiн ескеретiн Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтер бекiтiлдi.
2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты: оңалту жүйесiн жетiлдiру, мүгедектердi әлеуметтiк қолдауды күшейту және олардың өмiр сүру деңгейiн жақсарту.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу мынадай мiндеттердiң шешiлуiн талап етедi:
мүгедектiктiң алдын алу жүйесiн дамыту;
азаматтардың тыныс-тiршiлiгiнiң шектелу дәрежесiн айқындаудың жаңа технологияларын әзiрлеу жолымен медициналық-әлеуметтiк сараптама жүйесiн жетiлдiру;
әлеуметтiк қолдауды күшейту жолымен мүгедектердiң әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн дамыту;
мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту жөнiндегi қызметтер аясын кеңейту жолымен мүгедектерді оңалту жүйесiн жетiлдiру;
мүгедектердi жұмыспен қамтуға белсендi жәрдемдесу нысандарын дамыту;
оңалту мекемелерiнiң желiсiн дамыту, олардың қызмет ету нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүгедектердiң техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарға, протездiк-ортопедиялық көмекке қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейiн арттыру;
мүгедектердiң (халықтың ұтқырлығы төмен топтарының) әлеуметтiк, көлiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау;
жергiлiктi атқарушы органдардың ролi мен жауапкершiлiгiн арттыру;
мүгедектердiң орталықтандырылған дерекқорын құру;
медициналық-әлеуметтiк сараптама, оңалту саласындағы кадрлармен қамтамасыз ету жүйесiн, мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыруды және оңалту индустриясын жетiлдiру.
3. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске
асыру тетiгi
Бағдарлама:
Ағза қызметiнiң, тiршiлiк әрекетiнiң шектелулерi мен денсаулығының халықаралық жiктемесiн Оныншы рет қайта қаралған аурулардың халықаралық статистикалық жiктемесiне бейiмдеудi;
мүгедектiктiң алдын алуды;
медициналық-әлеуметтiк сараптаманы жетiлдiрудi;
мүгедектердi оңалтуды және мүгедектер үшiн бiлiм алу, физикалық және мәдени ортаның, тұрғын үй жағдайларының, жұмыстың, көлiк пен демалыс жағдайларының қол жетерлiк болуын негiзгi бағыттар ретiнде айқындайды.
Бұл бағыттарды iске асыру кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады. Бiрiншi кезеңде (2006-2008 жылдар) оңалтудың қолданылып жүрген жағдайларын белсендi дамыту және мүгедектiктi қазiргi заманғы тануға негiзделген мүгедектердi оңалтудың жаңа үлгiсiн қалыптастыру көзделедi. Бұдан кейiнгi кезеңдерде оңалту жүйесiнiң жаңа тетiктерi басым дамуға ие болады және оңалтудың мүгедектердiң қажеттiлiктерiне жауап беретiн әрi нарық шаруашылығы жағдайларына лайықты жаңа үлгiсiн жасау аяқталатын болады.
Параграф 1. Мүгедектiктiң алдын алу жүйесiн жетiлдiру
Мүгедектiктiң алдын алу жүйесiн жетiлдiру мақсатында физикалық, ақыл-ой, психикалық және сенсорлық кемiстiктердiң туындауын болдырмауға (бiрiншi деңгейдегi алдын алу) және кемiстiктiң тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектiкке ұласуының алдын алуға бағытталған (екiншi деңгейдегi алдын алу) шаралар кешенi көзделетiн болады.
Олар:
1) әйелдер консультациялары мен босандыратын мекемелерде әйелдерге; жас балаларға скринингтiк тестiлеудi уақытында жүргiзудi және оның сапасын арттыруды қамтитын болады, бұл патологияны оның бастапқы даму кезеңiнде анықтауға мүмкiндiк бередi;
2) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргiзудi, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережесiн сақтауды қамтамасыз етудi;
3) мүгедектiгi бар адамдардың дерекқорын құруды қамтитын болады.
Параграф 2. Медициналық-әлеуметтiк сараптаманы жетiлдiру
және азаматтардың тыныс-тiршiлiгiнiң шектелу
дәрежесiн айқындаудың жаңа технологияларын әзiрлеу
Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүйесiн жетiлдiру халыққа көрсетiлетiн медициналық-әлеуметтiк сараптамалық қызметтердiң сапасын жақсартуға бағытталатын болады, атап айтқанда:
ағза қызметiнiң, тiршiлiк әрекетiнiң шектелулерi мен денсаулығының халықаралық жiктемесiн Оныншы рет қайта қаралған аурулардың халықаралық статистикалық жiктемесiне бейiмдеу жөнiнде жұмыс жүргiзу, ол өзiне өзi қызмет етудiң, жүрiп-тұрудың, қарым-қатынас жасаудың, бағдарланудың, оқудың және еңбек қызметiмен айналысудың төмендеуiне әкеп соғатын функционалдық бұзылушылықтар нәтижесiнде туындаған әлеуметтiк бейiмсiзденудi бағалауға мүмкiндiк бередi;
18 жасқа дейiнгi балалардың ағза функцияларының бұзылуының бiлiну және тыныс-тiршiлiгiнiң шектелу дәрежесiне қарай мүгедектiк ауырлығы топтарын саралау жөнiнде жұмыс жүргiзу;
Кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнiң жоғалу дәрежесiн белгiлеу жөнiндегі әдiстемелiк ұйғарымдарды әзiрлеу;
куәландыру мен оңалту кезеңдерiнiң әрқайсысындағы кемiстiктер жiктемесiне (құжаттарды талдауға, сараптамалық-оңалту диагностикасына, сараптамалық қорытынды қабылдауға және оңалту нәтижелерiн бағалауға) негiзделген медициналық-әлеуметтiк сараптаманың сапасы мен оңалтуды жүргiзудiң тиiмдiлiгiн бағалауды жетiлдiру;
медициналық-әлеуметтiк сараптама қызметiн алдын алу, емдеу, куәландыру және мүгедектердi оңалту сатыларында ведомстволық тиiстiлiгiне қарамай медициналық ұйымдар қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру.
Параграф 3. Мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн дамыту және оларды әлеуметтiк қолдауды күшейту
Мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн жетiлдiру:
мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн дамытумен;
мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiрумен байланысты.
Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн дамытудың негiзi әлеуметтiк стандарттар жүйесiне өзгерiстер енгiзу және ең төмен күнкөрiс деңгейiне базалық әлеуметтiк норматив ролiн бекiту болды. Ең төмен күнкөрiс деңгейi мүгедектiгi бойынша базалық мемлекеттiк жәрдемақылар есептеу үшiн объективтi негiз болады.
Мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыруға әлеуметтiк қамсыздандырудың көп деңгейлi жүйесiн құру, қаржыландырудың қосымша көздерiн тарту және еңбек ету қабiлетiнен айрылу кезiндегi әлеуметтiк қамсыздандыру үшiн жауапкершiлiктi мемлекеттiң, жұмыс берушiнiң және қызметкердiң арасында тiкелей айырып бөлу негiзiнде қол жеткiзiлетiн болады.
Туғаннан немесе бала кезiнде мүгедек болғандардың табысын қолдау базалық мемлекеттiк жәрдемақы болып түрлендiрiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлеу есебiнен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, олар арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы да алатын болады.
Ресми сектор қызметкерлерi үшiн әлеуметтiк қатер туындаған кезде (еңбек ету қабiлетiнен айрылу) әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесi:
бiрiншi деңгей (базалық) - бұл мемлекет кепiлдiк берген, мүгедектiгi бойынша берiлетiн базалық мемлекеттiк жәрдемақылар;
екiншi деңгей (мiндеттi) - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру есебiнен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдер және сақтандыру ұйымдарынан еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру есебiнен төленетiн сақтандыру төлемдерi;
үшiншi деңгей (қосымша) - әлеуметтiк қатерлердi сақтандырудың ерiктi және кәсiптiк схемалары көзделген.
Параграф 4. Мүгедектердi оңалту жүйесiн жетiлдiру және
медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту
жөнiндегi қызметтер аясын ұлғайту
Мүгедектердi оңалту жүйесiн дамыту оңалту қызметтерiне қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуге және олардың сапасын арттыруға, кемтар адамдардың мәселесiмен айналысатын ұйымдар мен мекемелердiң қызметiн үйлестiруге, медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалтудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталатын болады.
Параграф 4.1. Медициналық оңалту
Пайда болған ауру және/немесе зақым салдарын жеңу ағза функцияларын, аурудың тыныс-тiршiлiгiн қалпына келтiруге және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге бағытталатын болады.
Ол үшiн:
функционалдық-қалпына келтiру iс-шараларының сапалы жүргiзiлуiн;
функционалдық бұзылушылықтар салдарларының орнын толтыруды;
әлеуметтiк қайта бейiмдеудi қамтамасыз ету;
емдеу-алдын алу мекемелерiнде медициналық оңалтуды кезең-кезеңмен реформалау жөнiндегi ұйымдық iс-шараларды жетiлдiру:
клиникалық және облыстық ауруханалар құрамында стационарлық медициналық оңалту бөлiмшелерiн (көп бейiндi және мамандандырылған көп бейiндi) ұйымдастыру;
ауданаралық бiр- және көпбейiндi стационарлық медициналық оңалту бөлiмшелерiн ұйымдастыру;
амбулаторлық-емханалық медициналық оңалту бөлiмшелерiн (кабинеттерiн) ұйымдастыру;
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң санаторлық-курорттық емделуiн ұйымдастыру талап етiледi.
Реконструктивтi хирургия мен протездiк-ортопедиялық көмек сапасын арттырудың ерекше маңызы бар. Мүгедектерге медициналық-әлеуметтiк қызметтердiң мұндай түрiн көрсету медициналық ұйымдардың травмотологиялық, ортопедиялық бөлiмдерiнiң протездiк-ортопедиялық орталықтармен тығыз өзара бiрлесiп әрекет етуiн қажет етедi.
Параграф 4.2. Әлеуметтiк оңалту
Әлеуметтiк оңалтудың нәтижелiлiгiн арттыру мақсатында мынадай шаралар қолданылатын болады:
мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудiң стандарттарын енгiзу. Бұл ретте, әлеуметтiк қызметкерлер, үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмшелерi, медициналық-әлеуметтiк мекемелер, аумақтық орталықтар мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қызметтердi азаматтарға тегiн көрсетедi, ал қосымша қызметтер - iшiнара және толық төлеу шарттарында көрсетiлетiн болады;
мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң тiзбесiн кеңейту (жеке көмекшiлердiң, ымдау тiлi мамандарының қызметтерiн көрсету);
әлеуметтiк және әлеуметтiк-консультативтiк көмектi (ерекше мұқтаждықтар мен қажеттiлiктерге қарай);
медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк, бiлiм беру және түзеу қызметтерiн;
барлық жас топтарындағы мүгедектерге арналған күндiзгі оңалту мекемелерiнде бiлiм беру және медициналық қызметтердi;
медициналық және басқа көмек алуды, шығындарды реттеудi, шаруашылықты ұстауды және тұрмыстық қызметтер көрсетуді, әлеуметтік қарым-қатынасқа жәрдемдесудi көздейтiн үйде әлеуметтiк көмек көрсетудi;
барлық жас топтарындағы мүгедектерге патронаждық қызмет қызметтерiн көрсету.
Ол үшiн жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топ мүгедектерiне көмекшi және құлағы естiмейтiн мүгедектерге ымдау тiлiнiң маманын беру республикамызда алғаш рет заңмен бекiтiлдi.
Параграф 4.3. Кәсiптiк оңалту
Мүгедектердi кәсiптiк оңалту үшiн қазiргi уақытта жеткiлiктi де қолайлы мүмкiндiктер қалыптасып отыр.
Еңбек нарығындағы жағдай тұрақтанып, жұмыссыздық деңгейi төмендеп келедi.
Кәсiптiк оңалтудың нәтижелiлiгiн арттырудың мынадай шаралары:
кәсiптiк оңалту мәселелерiн шешуде ОЖБ-ға сәйкес жеке тәсiлдiң болуы;
мүгедек балаларды бiлiм беру жүйесiнде және үйде оқытудың сапасын арттыру;
мүгедек балаларды медициналық-әлеуметтiк мекемелерде, үйде, бiлiм беру жүйесiнде оқыту жөнiндегi әдiснамалық базаны әзiрлеу;
мүгедек балаларды үйде жеке оқытуды жетiлдiру;
мүгедек балаларды ерте жасынан әлеуметтiк бейiмдеудi және кәсiптiк оңалтуды жүзеге асыру;
мүгедектердiң биопсихоәлеуметтiк мәртебесiн, денсаулық жай-күйiн және еңбек ету қабiлетiн зерттеу негiзiнде кәсiптiк бағдарлау жөнiндегi тестiлердi әзiрлеу жолымен, олардың кәсiптiк мүдделерiн, бейiмдiлiгi мен қалауын ескере отырып мүгедектердi, оның iшiнде 14 жастан 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды кәсiптiк бағдарлауды жетiлдiру. Ұсынылатын кәсiптер бұзылған функцияларды қалпына келтiруге немесе орнын толтыруға мүмкiндiгiнше ықпал етуге тиiс;
мүгедектерге кәсiптiк бiлiм беру жүйесiне қол жетiмдiлiктi болуын кеңейту және оны жетiлдiру көзделедi. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер үшiн жоғары оқу орындарына түсу кезiнде квоталар белгiленедi, оқып жүрген мүгедектердiң стипендияларына арнайы қосымша ақылар көзделдi.
Параграф 5. Мүгедектердiң жұмыспен қамтылуына және жұмысқа орналасуына белсендi жәрдемдесудiң нысандарын дамыту
Мынадай шаралар қабылданатын болады:
мүгедектердi кәсiптiк даярлау және қайта даярлау;
жұмыс орындарын квоталау;
жұмыс берушiнiң мүгедектерге еңбекақы төлеу шығындарын iшiнара өтей отырып, мүгедектердi басымдықты немесе нысаналы түрде жұмысқа орналастыру;
әлеуметтiк жұмыс орындарын құру.
Мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек балаларды белсендi өмiр сүруге тарту мақсатында көркемөнерпаздар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да шығармашылық түрлерiнiң облыстық, республикалық конкурстары, мүгедектердiң шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары шығаратын өнiмдердiң сату көрмелерi, Қазақ зағиптар қоғамының және Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндiрiстiк кәсiпорындарының және мүгедектер жұмыс iстейтiн басқа да кәсiпорындар өнiмдерiнiң көрме-жәрмеңкелерi өткiзiлетiн болады.
Параграф 6. Оңалту мекемелерi желiсiн дамыту, олардың қызмет нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту
Мүгедектерге әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн құрылымдық және ұйымдық қайта құру мыналарды көздейдi:
қолданыстағы интернат-үйлер кезең-кезеңiмен ықшамдау, олардың қызметi мамандандырылған көмек көрсетуге бағытталатын болады;
сыйымдылығы шағын әлеуметтiк үйлер желiсi және отбасылық үлгiдегi мекемелер дами бастайды, бұл медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын мүгедектердiң оларда тұруын үй жағдайына жақындатуға және қоғамнан оқшау қалуын жеңуге мүмкiндiк бередi;
әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарын құру. Бұл орталықтардың құрылымы мүгедектердiң әлеуметтiк қызметтердiң белгiлi бiр нысандары мен түрлерiне қажеттiлiгiне байланысты модульдiк қағидат бойынша салынатын болады;
әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарын және әлеуметтiк қызмет көрсететiн мамандарды лицензиялау және аккредиттеу тәртiбiн әзiрлеу.
Параграф 7. Мүгедектердiң техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдарға, протездiк-ортопедиялық көмекке қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейiн арттыру
Мүгедектердi техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етудi жақсарту мүгедектердiң қажеттiлiктерiнiң неғұрлым дәл есебiнiң, оңалту индустриясының отандық рыногын қалыптастыру және қызметтер көрсетудi мүгедектер тұратын жерге жақындату негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Протездiк-ортопедиялық қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында:
Республикалық экспериментальдық протездеу орталығы базасында протездiк-ортопедиялық бұйымдарды мiндеттi сертификаттау, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында протездiк-ортопедиялық бұйымдардың қауiпсiздiгiне және сапа талаптарына сәйкестiгiне сынақтар өткiзу үшiн сынақ зертханаларын құру;
протездiк-ортопедиялық бұйымдарды өндiру iсiн басқару құрылымын оңтайландыру, мүгедектердiң протездiк-ортопедиялық көмекке шынайы қажеттiлiктерiне қарай өңiрлерде протездiк-ортопедиялық бұйымдарды өндiру және жөндеу жөнiндегi шеберханалар құру және оларды дамыту;
модульдiк технология бойынша жасалатын протездік-ортопедиялық өндiрiсiн техникалық қайта жарақтандыру және ұлғайту көзделедi.
Сурдологиялық көмек қызметiн дамыту:
денсаулық сақтау, бiлiм беру және әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң функцияларын саралауға және қызметтерiн үйлестiруге негiзделген сурдологиялық көмек жүйесiнiң жаңа түрiн құруды және дамытуды;
естудi түзету республикалық орталығын және оның филиалдарын оңалту аудиологиясы орталығы (бұдан әрi - орталық) етiп қайта құруды;
жоғары сапалы аудиологияны және есту аппараттарын тексерудi қамтамасыз ету үшiн орталық пен оның филиалдарын техникалық қайта жарақтандыруды;
аудандық, қалалық, облыстық сурдологиялық кабинеттер желiсiн ұйымдастыруды;
сурдологиялық көмекке мұқтаж, нашар еститiн балаларды есепке алуды және оларды серпiндi бақылауды жетiлдiрудi қарастырады.
Нашар көретiн мүгедектердiң тифлоқұралдарға қажеттiлiгiн қанағаттандыру жөнiнде қосымша шаралар қабылданатын болады.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру үшiн мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi компенсаторлық құралдардың тiзбесi, оған мiндеттi гигиеналық құралдар енгiзу есебiнен ұлғаятын болады.
Параграф 8. Мүгедектердiң әлеуметтiк, көлiк және
рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне кедергiсiз
қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау
Мүгедектердiң қолы жетерлiктей тыныс-тiршiлiк ортасын құру жөнiндегi iс-шаралар олардың әлеуметтiк кiрiгу мүмкiндiктерiн кеңейтуге бағытталатын болады.
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi, автомобиль көлiгi саласында қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес:
а) жобалау және құрылыс бөлiгiнде:
мүгедектердiң тұруына және тiршiлiк әрекетiне қолайлы, қауiпсiз және басқа да қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында әзiрленген мемлекеттiк стандарттарды iске асыру;
қала құрылысы регламентiне сәулет-жоспарлау тапсырмаларын мүгедектер мен халықтың ұтқырлығы төмен топтарының әлеуметтiк, көлiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi мiндеттi түрде ескере отырып өзгерiстер енгiзу;
жобаларды сараптау сатысында мүгедектер мен халықтың ұтқырлығы төмен топтарының көрсетiлген объектiлерге қол жеткiзу жөнiндегi құрылыс нормалары мен ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн;
объектiлер салу барысына және мемлекеттiк нормалар мен стандарттардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды күшейту үшiн өзгерiстер енгiзу қарастырылады. Пайдалануға берiлетiн ғимараттар мен құрылыстардың әзiрлiгiн бағалау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамына әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн енгiзу көзделiп отыр;
б) жұмыс iстеп тұрған объектiлер бөлiгiнде:
жұмыс iстеп тұрған әлеуметтiк, көлiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне түгендеме жүргiзу, қайта жаңартуды талап ететiн объектiлер тiзбесiн жасау. Әлеуметтiк, көлiк және рекреациялық инфрақұрылымды мүгедектердiң қол жетуi үшiн ыңғайлау жөнiндегi жұмыс жоспарын жасау және оны iске асыру.
Мүгедектердiң ОЖБ-да көзделген тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Мүгедектердiң тұрғын үй-жайды ғимараттың қабатын, үлгiсiн, көркейту дәрежесiн және басқа да қажеттi жағдайларды ескере отырып таңдау құқығы сақталды;
в) жалпы пайдаланудағы көлiк бөлiгiнде:
халыққа қызметтер көрсету құқығына конкурс өткiзу ережесiне мүгедектердiң жалпы пайдаланудағы көлiк құралдарына еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi көздейтiн өзгерiстер енгiзу;
жалпы пайдаланудағы көлiктi мүгедектердi отырғызу және түсiру құрылғыларымен жабдықтау;
жүрiп-тұруда қиындық көретiн мүгедектердi жалпы пайдаланудағы көлiкке отырғызу аялдамаларын көркейту;
г) ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз ету бөлiгiнде:
республикалық және өңiрлiк теледидар арналарындағы ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармасын ұйымдастыруды кеңейту.
Брайльдiң рельефтi-нүкте қарпiмен аудиокассеталарда, дисктерде және сурдоаудармамен бейнекассеталарда шығарылатын мерзiмдi, ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық және көркем әдебиет шығаруды ұйымдастыру.
Параграф 9. Жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi
мен жауапкершiлiгiн арттыру
Мемлекеттiк басқару деңгейлерiнiң арасында әдiснамалық, iске асыру және бақылау функцияларын қайта бөлудi ескере отырып, мемлекеттiк билiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының функциялары мынадай болады:
мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу;
кепiлдiктi медициналық қызметтер көрсету көлемiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету, олардың сапасын арттыру;
өңiрлердегi мүгедектiкке әкелiп соғатын патологиялармен аурудың алдын алу жөнiнде мақсатты бағдарламалар әзiрлеу;
мемлекеттік органдардың үкiметтiк емес ұйымдармен (оның iшiнде мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен) өзара тиiмдi ынтымақтастығын ұйымдастыру;
мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң мүгедектерге қатысты мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға, олардың мүдделерiне қатысты шешiмдердi дайындауға және қабылдауға қатысуын қамтамасыз ету.
Мүгедектерді әлеуметтiк қорғау саласындағы заңнаманы iске асыруда атқарушы билiк органдарының жауапкершiлiгiн арттыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан арнаулы Үйлестiру кеңесi құрылатын болады және оған мүгедектер қоғамдық бiрлестiктерi өкiлдерiнiң қатысуы қамтамасыз етiледi.
Параграф 10. Мүгедектердiң орталықтандырылған дерекқорын құру
Ақпараттық сүйемелдеу мүгедектердi оңалту жүйесiнiң мiндеттi элементi болып табылады.
Мүгедектердiң дерекқорына:
жасы мен оңалту шараларының қажеттiлiгi туралы деректер көрсетiле отырып, алғашқы рет және қайтадан мүгедек деп танылған адамдардың саны туралы;
арнаулы түзеу және жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқып жүрген мүгедек-балалардың саны;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшiн квоталанған жұмыс орындарының саны мен осы орындардың нақты жұмыспен қамтылуы;
медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту нәтижелерiнiң статистикасы туралы мәлiметтер енгiзiлетiн болады.
Қолданылып жүрген ақпараттық жүйе мен құрылған дерекқор негiзiнде, аудандық, облыстық және республикалық деңгейлердi қамтитын, деректер алмасудың бiрыңғай форматы, ақпараттық жүйелер мен дерекқордың өзара әрекет ету хаттамаларымен иерархиялық құрылымы бар кiрiктiрiлген функционалдық жүйе қалыптасатын болады.
Параграф 11. Медициналық-әлеуметтiк сараптама, оңалту,
мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру
және оңалту индустриясы салаларын кадрмен қамтамасыз
ету жүйесiн жетiлдiру
Әр деңгейдегi және бейiндегi, қажеттi кәсiптiк бiлiмi мен ұйымдық қабiлеттерi бар бiлiктiлiгi жоғары мамандарды мақсатты түрде даярлаудың республикалық жүйесiн құру алда тұр.
Ол үшін:
қызмет саласы, мақсаты, жағдайлары, қаражат пен ұйымдастыру тәсiлдерi айқын анықталған, мүгедектермен әлеуметтiк жұмыс әдiстемесiн әзiрлеу;
Дәрiгер лауазымдары мен мамандықтарының номенклатурасына "дәрiгер-реабилитолог" мамандығын енгiзу;
осы санаттағы халықтың айрықша мұқтажы мен қажеттiлiгiн ескере отырып, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және оңалту жүйесiнде iстейтiн қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау;
медициналық-әлеуметтiк сараптама, медициналық оңалту саласындағы, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және оңалту жүйесiнде iстейтiн мамандарды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды институционалдық, ұйымдық қамтамасыз ету;
көрсетiлген қызмет саласы үшiн мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру, нормативтiк бекiту және қамтамасыз ету қажет.
4. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске асыруға мемлекеттiк бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады.
Мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 25345,5 млн. теңге, оның iшiнде:
2006 жылы - 7043,1 млн. теңге;
2007 жылы - 7316,5 млн. теңге;
2008 жылы - 12709,9 млн. теңге.
Республикалық бюджеттен - 5874,1 млн. теңге, оның iшiнде:
2006 жылы - 2026,7 млн. теңге;
2007 жылы - 1571,5 млн. теңге;
2008 жыл: - 2275,9 млн. теңге.
Жергiлiкті бюджеттен - 21195,4 млн. теңге, оның iшiнде:
2006 жылы - 5016,4 млн. теңге;
2007 жылы - 5745 млн. теңге;
2008 жылы - 10434 млн. теңге құрайды.
Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.09 N 550 Қаулысымен.
5. Күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру:
2008 жылдың аяғына қарай мүгедектердi оңалту жүйесiн жетiлдiруге және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн жыл сайын арттыруға;
мүгедектiкке әкеп соқтыратын туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруы, даму кемiстiгi бар балалардың туу қатерiнiң дәрежесiн азайту жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз етуге;
медициналық-әлеуметтiк сараптаманың сапасын арттыруға;
оңалту ұйымдарының жұмысына қазiргi заманғы техникалық, ұйымдық, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк технологияларды енгiзуге;
мүгедектерге көрсетiлетiн медициналық, әлеуметтiк, бiлiм беру және өзге де оңалту қызметтерiнiң тiзбесiн кеңейтуге және олардың сапасын арттыруға;
протездiк-ортопедиялық өндiрiстi басқару құрылымын оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдауға;
мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне және ақпараттық ортаға қол жеткiзуiн жақсартуға;
жалпы жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерiнде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгiлеу және әлеуметтiк жұмыс орындарын құру есебiнен мүгедектердiң лайықты еңбекке қол жеткiзуін ұлғайтуға;
оңалту мекемелерiнiң жүйесін дамытуға, олардың қызметiнiң нысандар мен әдiстерiн жетiлдiруге, материалдық-техникалық базасын нығайту (2006-2008 жылдар);
мемлекеттік органдардың мүгедектердi әлеуметтiк қорғау процесін басқарудағы әдiснамалық, iске асыру және бақылау функцияларын оңтайландыруға;
мүгедектердiң орталықтандырылған дерекқорын құруды және МӘС пен мүгедектердi оңалту мекемелерінің, оңалту индустриясы кәсiпорындарының қызметiн ақпараттандыруды аяқтауға;
медициналық-әлеуметтiк сараптама және мүгедектердi медициналық, оңалту саласындағы мамандардың кәсiптiк деңгейiн арттыруға ықпал ететiн болады.
6. Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.01.25. N 56 , 2008.06.09 N 550 Қаулыларымен.
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқталу |
Орын- |
Орын- |
Болжа- |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Мүгедектіктің алдын алу жүйесін жетілдіру | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Мыналарды: |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
талап етіл- |
|
2 |
Өндірістік объектілер- |
Қазақ- |
Еңбек- |
2007- |
талап |
|
2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру және азаматтардың тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін анықтаудың жаңа технологияларын әзірлеу |
||||||
3 |
Кәсіптік еңбек ету |
Бір- |
Еңбек- |
2006 |
талап |
|
4 |
Мемлекеттік органдар- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
талап |
|
5 |
Халықаралық жұмыс |
Бір- |
Еңбек- |
2007 |
талап |
|
6 |
Медициналық-әлеуметтік |
Бір- |
Еңбек- |
2007 |
талап |
|
7 |
Аурулар мен мүгедектік |
Қазақ- |
Еңбек- |
2007 |
талап |
|
8 |
18 жасқа дейінгі |
Қазақ- |
Еңбек- |
2008 |
талап |
|
3. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту және оларды әлеуметтік қолдауды күшейту |
||||||
9 |
Халықты мемлекеттік |
Қазақ- |
Еңбек- |
2006 |
талап |
|
10 |
Мүгедектік бойынша |
Қазақ- |
Еңбек- |
2007 |
талап |
|
4. Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту жөніндегі қызметтер спектрын кеңейту |
||||||
4.1. Медициналық оңалту | ||||||
11 |
Медициналық ұйымдардың |
Бір- |
Еңбек- |
2006 |
талап |
|
12 |
Амбулаторлық-емханалық |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
13 |
Медициналық оңалтудың тұрақты, амбулаторлық- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
14 |
Мүгедектердің ОЖБ-ға |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
4.2. Әлеуметтік оңалту | ||||||
15 |
Мүгедек балаларды |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
16 |
Әлеуметтік көмекті |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
17 |
Жүріп-тұруы қиындыққа |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Респуб- |
18 |
Есту бойынша мүгедек- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Респуб- |
19 |
Оңалту орталықтары |
Қазақ- |
Еңбек- |
2007 |
талап |
|
20 |
Мүгедектер арасында |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
21 |
Мүгедектердің және |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
22 |
Мүгедектер арасында |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
23 |
Мүгедектердің респуб- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
24 |
Мүгедектердің халықа- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
25 |
Мүгедек спортшылардың |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
26 |
Жарыстарға қатысушы - |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
4.3. Кәсіптік оңалту | ||||||
27 |
Мүгедек балаларды |
Қазақс- |
БҒМ, |
2008- |
2007 |
Респуб-ликалық бюджет |
28 |
Кемтар балаларға республикалық және аудандық орталықтарда- |
Еңбек- |
БҒМ, |
2007- |
2006 |
Жергі- |
29 |
Оқу жоспарына сәйкес |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
30 |
Мүгедектерді, оның |
Әдісте- |
Еңбек- |
2008 |
талап |
|
31 |
Бірінші және екінші орта кәсіптік оқу |
Еңбек- Еңбек- |
Облыс- Облыс- |
2007- |
бөліне- бөліне- |
Респуб-ликалық бюджет |
32 |
Оқитын мүгедектерді |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
бөлі- |
Жергі- |
5. Мүгедектерді жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға белсенді жәрдемдесудің нысандарын дамыту |
||||||
33 |
Мүгедектерді жұмысқа |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
бөліне- |
Жергі- |
34 |
Мүгедектерді, оның |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
талап |
|
35 |
Мүгедектерді даярлау- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
36 |
Мүгедектердің шығарма- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 жылы - |
Жергі- |
6. Оңалту мекемелерінің желісін дамыту, олардың қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту | ||||||
37 |
Мыналарды: |
Еңбек- |
Облыс- |
2006 |
талап |
|
38 |
Сыйымдылығы шағын |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
39 |
Астана қаласында, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында интернат- |
Еңбек- |
Қарағанды, Қызыл- |
2007- |
2006 |
Респуб- |
39- |
Астана қаласында |
Қазақ- |
Ең- |
2009 |
2008 |
Респуб- |
40 |
Медициналық-әлеуметтікмекемелерді салуды, Медициналық-әлеуметтік мекемелерді күрделі жөндеуді, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 2006 |
Жергі- Жергі- |
41 |
Мыналарды: Атырау қаласында оңалту орталығын салуды; Атырау облысындағы Сарайшық психоневрологиялық интернаты үшiн 100 орындық қосымша ғимарат, сондай-ақ кәрiз-сорғы станциясын салуды қамтамасыз ету |
Еңбек- |
Атырау облысы- |
2007 |
2007 |
Респуб- |
41-1 |
Мыналарды: |
Еңбек- |
Қарағанды, Жамбыл облыстарының әкiмдерi |
2008 жылғы 20 шiлде, 2009 жылғы 10 ақпан |
2008 жылы - 188,0 |
Респуб- |
7. Мүгедектердің техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарға, протездік-ортопедиялық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін арттыру | ||||||
42 |
Мүгедектерді оңалтудың |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
43 |
Протездеу мен ортез- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
44 |
Протездік-ортопедиялық |
Қазақс- |
Еңбек- |
2006 |
талап етіл- |
|
45 |
Сурдологиялық көмек |
Қазақс- |
Еңбек- |
2008 |
талап |
|
46 |
Аудандық, қалалық, |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
47 |
Есту бойынша мүгедек- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
48 |
Көру бойынша мүгедек- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
49 |
Оңалтудың жеке бағдар- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Респуб- |
8. Мүгедектердің әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау | ||||||
50 |
Қолданыстағы әлеумет- |
Еңбек- |
Облыс- |
2006 |
талап |
|
51 |
Мүгедектердің тұрғын |
Еңбек- |
Облыс- |
2006 |
2006 |
Жергі- |
52 |
Қайта құрылуға тиіс |
Еңбек- |
Облыс- |
2006 |
талап |
|
53 |
Қайта құрылуға тиіс |
Еңбек- |
Облыс- |
2007 |
2007 |
Жергі- |
54 |
Мүгедектердің салынып |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
Жобалау |
Құры- |
55 |
Жалпы пайдаланыстағы |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
Жалпы |
|
56 |
Жүріп-тұруы қиындыққа |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
57 |
Жүріп-тұруы қиындыққа |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
58 |
Мүгедектерге қызмет |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
59 |
Әрбір облыс орталы- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
60 |
"Хабар" және "Қазақс- |
Еңбек- |
Мәдениетмині |
2007- |
2006 |
Респуб- |
61 |
Өңірлік телеарналар- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
62 |
Брайльдің рельефті- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
бөліне- |
Жергі- |
63 |
Зағип және құлағы естімейтін мүгедектер- |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
9. Жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру |
||||||
64 |
Облыстық, қалалық, |
Әкім- |
Облыс- |
2007- |
бөліне- |
Жергі- |
65 |
Өңірлерде мүгедектікке |
Әкім- |
Облыс- |
2007- |
талап |
|
66 |
Біріккен Ұлттар |
Еңбек- |
Облыс- |
2007- |
талап |
|
10. Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құру | ||||||
67 |
Мүгедектігі бар адам- |
Қазақс- |
Еңбек- |
2007 |
2006 |
Респуб- |
11. Мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптама, оңалту, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оңалту индустриясы саласында кадрлармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру | ||||||
68 |
Мыналар: |
ДСМ-ге |
Еңбек- |
2006 |
талап |
|
69 |
Медициналық-әлеуметтік |
Қазақс- |
Облыс- |
2007- |
2006 |
Жергі- |
Шығындардың жиынтығы: 27 069,5 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы - 7043,1; 2007 жылы - 7316,5 млн. теңге, 2008 жылы - 12709,9 млн. теңге;
республикалық бюджеттен: 5874,1 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы - 2026,7 млн. теңге; 2007 жылы - 1571,5 млн. теңге; 2008 жылы - 2275,9 млн. теңге;
жергілікті бюджеттен: 21195,4 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы - 5016,4 млн. теңге; 2007 жылы - 5745 млн. теңге; 2008 жылы - 10434 млн.теңге
Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға көзделген шығыстар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер қалыптасқанда нақтыланады.
Ескертпе:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Мәдениетминi - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
ОЖБ - оңалтудың жеке бағдарламасы.
ЮНЕСКО - БіріккенӨҰлттар ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет бойынша агенттігі
ЮНИСЕФ - Біріккен Ұлттар ұйымының Балалар қоры
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм жәнe спорт министрлiгi