"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 маусымдағы N 492 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi
мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы"

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексiне  (Жалпы бөлiм), (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат, N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат, N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат;  N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):
      16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Азаматтың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекетке қатысты пайдаланатын заңды мекен-жайы бар. Азаматтың заңды мекен-жайын тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.".
      2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат, N 17-18, 72-құжат, N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат, N 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газетте жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы:
      217-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi және төртiншi абзацтарында "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168, 169-құжаттар; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар, N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат;  N 20, 116-құжат; N 23, 140-142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж.,  N 7-8, 23-құжат, N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24- құжат; 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газетте жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газетте жарияланған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 31-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде, 69-баптың 10-тармағының 1) тармақшасында "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 52-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "тiркеу нөмiрлерi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 209-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi;";
      4) 235-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында "салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 242-баптың 3-тармағының 2) тармақшасында, 243-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында "тiркеу нөмiрi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 518-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi туралы;";
      7) 520-бапта:
      2-тармақ "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiн көрсете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Салық төлеушiнiң куәлiгi - шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаты болмаған жағдайда шетел азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме (филиал, өкiлдiк) құрмай қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, олар Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген кезiнде берiлетiн және жеке сәйкестендiру немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi қойылатын қатаң есептегi бланкi болып табылатын құжат.";
      8) 520-1-бапта:
      1-1-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн бере отырып," деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiк алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi салық төлеушi табыс ететiн салық есептiлiгiнiң құжаттарында, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн орындаумен байланысты өзге де құжаттарда көрсетiлуi тиiс.
      5. Жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiн салық қызметi органдары оның салық мiндеттемелерiне қатысты жiберiлетiн салық төлеушiнiң барлық құжаттарында көрсетiлуi тиiс.";
      9) 521-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы Кодекстiң 520-1-бабының 1-1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердi қоспағанда, салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық төлеушi салық органына салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш бергеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде оған салық төлеушiнiң куәлiгiн бере отырып жүзеге асырады.";
      10) 522-баптың 1-тармағында "мемлекеттiк тiркеуден өту және салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн алу" деген сөздер "салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 523-бап алып тасталсын;
      12) 524-бапта:
      5-тармақта "салық төлеушi заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi" деген сөздер "заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ алып тасталсын;
      10-тармақта:
      "салық төлеушiнiң бұрынғы тiркеу нөмiрi сақталған және салық төлеушiнiң бұрын берiлген куәлiгi жойылған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;
      "салық төлеушінің бұрын берілген куәлігін жоя отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақта "салық төлеушiге бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 525-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "тiркеу нөмiрi сақтала отырып" деген сөздер алып тасталсын;
      14) 526-бапта "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн", "тiркеу нөмiрiнiң" деген сөздер тиiсiнше "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiн", "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 528-бапта:
      "салық төлеушiнiң", "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру" деген сөздер "салық төлеушi ретiнде", "салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн" деген сөздер "жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 530-баптың 5-тармағында "салық төлеушiнiң тiркеу нөмірін" деген сөздер "тұлғаның жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмірін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 536-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiн;";
      18) 540-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында "тiркеу нөмiрiн" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 541-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi;";
      20) 554-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi;".
      4. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139 құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 356-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "тiркеу нөмiрлерi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 460-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi;".
      5. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      32-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi;".
      6. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж. N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат):
      1-бапта "тiркеу нөмiрiн" деген сөздер "бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiрiздендiрiлiп, бiрдейлендiрiлген және басқа да жүйелiк-есептiк кодтардың берiлгенiн және Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмге есепке қойылғанын растайтын құжат мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк болып табылады.".
      7. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат):
      1) 27-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгiнде "аумақтық" деген сөз алып тасталсын;
      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер өтiнiште өзге мерзiм көзделмесе, дара кәсiпкердi (бiрлескен жеке кәсiпкерлiк) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк мерзiмсiз берiледi.
      Дара кәсiпкердi (бiрлескен жеке кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
      4-тармақта:
      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекет алдындағы салық мiндеттемесiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтiнiшті;";
      үшiншi бөлiгiнде "дара кәсiпкердi" деген сөздерден кейiн "бiрлескен жеке кәсiпкерлiктi" деген сөздермен толықтырылсын;
      6, 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге өтiнiште көрсетілген бiрлескен қызмет шартындағы (жай серiктестiң шарты) деректер өзгерген ретте жеке кәсiпкер (бiрлескен жеке кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi тұлғасы) өзгерiстер туралы осы орган белгілеген нысан бойынша тiркеу органына хабарлауға міндетті. Мемлекеттік тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген дара кәсiпкер (бiрлескен жеке кәсіпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) қайта тiркеудi жүзеге асыруы және жаңа куәлiк алуға мiндеттi.
      7. Дара кәсіпкердi (бірлескен жеке кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда, оның (олардың) өтiнiшi бойынша оған мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың төлнұсқасы берiледi.
      Мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн дара кәсiпкерден (бiрлескен жеке кәсiпкерлiктен) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртiппен алым алынады.";
      8-тармақтың екiншi бөлiгiнде "уәкiлеттi тұлғаға" деген сөздер "бiрлескен жеке кәсiпкерлiкке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ "дара кәсiпкер" деген сөздерден кейiн "(бiрлескен жеке кәсiпкерлiк)" деген сөздерiмен толықтырылсын;
      2) 38-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат, N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142 құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 1-баптың 30) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 18-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша алып тасталсын;
      4-1) тармақшада "әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiгi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлгенiн растайтын құжаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 30-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
      "әлеуметтiк жеке коды" деген сөздер "жеке сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "орналасқан жерi" деген сөздерден кейiн ", бизнес-сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен толықтырылсын.
      9. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      177-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiкте "жынысы" деген сөзден кейiн "жеке сәйкестендiру нөмiрi," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiкте "Жазылған" деген сөздiң алдынан "Жеке сәйкестендiру нөмiрi көрсетiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын.
      10. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 24, 149-құжат; 2005 ж., N 24, 121-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 121-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
      екiншi абзац "және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзац "тұрғылықты жерi," деген сөздерден кейiн "жеке сәйкестендiру нөмiрi," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi абзацта "әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТН)" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12-баптың 4-тармағында "әлеуметтiк жеке кодының берiлгенi туралы куәлiктi," деген сөздер алып тасталсын.
      11. "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., N 2, 2-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      39-баптың 3-тармағында:
      3) тармақшада "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" деген сөздер "бизнес-сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "салық төлеушi заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi" деген сөздер "заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын, "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 17-18, 76-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      15-баптың 2-тармағындағы төртiншi және бесіншi абзацтары алып тасталсын.
      13. "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., N 17-18, 247-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      3-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн" деген сөздер "жеке сәйкестендiру нөмiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат, 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 23, 104-құжат):
      24-бапта:
      3-тармақта "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" деген сөздер "бизнес-сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрлерi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру нөмiрлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      1) тармақшасында:
      "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" деген сөздер "жеке сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшасында:
      "салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" деген сөздер "бизнес-сәйкестендiру нөмiрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 11, 38-құжат):
      1) 10-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 29-баптың 6-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.
       2-бап.  Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14-тармақтарын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады