Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 629 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006 - 2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспары (бұдан әрi - Ұлттық жоспары) бекiтiлсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделi ұйымдар Ұлттық жоспарда көзделген іс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей жыл қорытындылары бойынша Ұлттық жоспар iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
 

      3. Жергiлiктi атқарушы органдарға адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк iс-қимыл жоспарын әзiрлеу және бекiту ұсынылсын.
 

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Ұлттық жоспарды белгiленген тәртiппен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөнiндегi халықаралық гуманитарлық құқық және халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясына енгiзсiн.
 

      5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2007 жылғы 15 желтоқсанға қарай Ұлттық жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсiн.
 

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң      
2006 жылғы 30 маусымдағы
N 629 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы
бiлiм беру жөнiндегi 2006 - 2007 жылдарға арналған
ұлттық iс-қимыл жоспары

Мазмұны

1.  Кiрiспе
2.  Ұлттық жоспардың мақсаттары мен басымдықтары
3.  Адам құқықтары саласындағы бiлiмге шолу
4.  Ұлттық жоспардың iс-шаралары
5.  Қорытынды
6.  Ұлттық жоспардың iс-шаралар жоспары
7.  Ескертпелер

1. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ұсынған Адам құқықтары саласындағы дүниежүзiлiк бағдарламаның мақсаттарын қолдайды және адам құқықтары саласындағы бiлiм беру адам құқықтарын жүзеге асыру iсiне зор үлес қосатынын атап өтедi.
      Дүниежүзiлiк бағдарламаның бiрiншi кезеңiнiң (2005-2007 жылдар) шеңберiнде адам құқықтары жөнiндегi комиссияның 2004/71 қарарында бастауыш және орта бiлiм беру жүйелерiне басты назар аударылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өзiне орта мектеп жүйесiнде адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу және Адам құқықтары саласындағы 2006 - 2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын (бұдан әрi - Ұлттық жоспар) әзiрлеу жөнінде мiндеттемелер алды.
      Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан заңнаманы жетiлдiру және оны бiздiң ел ратификациялаған адам құқықтары туралы халықаралық құжаттардың нормаларына сәйкес келтiру жөнiнде орасан зор жұмыстар атқарды.
      Қазақстан өзiне алған мiндеттемелерге сәйкес құқықтық реформаларды белсендi жүргiзуде. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999  қаулысымен Қазақстан Республикасында Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық iс-қимылдар жоспары бекiтiлдi. Бiлiм беру саласында да реформалар белсендi жүргiзiлуде. Қазақстанның Дакар iс-қимыл шеңберiне қол қоюы баршаға арналған Бiлiм беру жөнiндегi кешендi ұлттық iс-қимыл жоспарын әзiрлеу қажеттiлiгiн негiздедi.
      Осыған байланысты Қазақстанның Адам құқықтары саласындағы дүниежүзiлiк бiлiм беру бағдарламасы бойынша науқанға қатысуы адам құқықтарын қалыптастыру, дамыту және қамтамасыз ету жағына жасалған тағы да бiр оң қадам деп бағалауға болады.
      Аталған бағдарлама адам құқықтары саласындағы бiлiм берудiң көп жылдық процесiндегi алғашқы емес екендiгiн атап айту керек. Адам құқықтары мәселелерi бойынша ағарту саласындағы бастамаларға жәрдем көрсету мақсатында ұлттық деңгейде адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мүддесiнде бәрiн қамтитын, тиiмдi және тұрақты стратегиялар әзiрлеуге және жүзеге асыруға ықпал еткен БҰҰ-ның 1995 - 2004 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы бiлiм берудiң онжылдығы сияқты нақты халықаралық iс-қимыл шеңберi қабылданды.
      Дүниежүзiлiк бағдарлама бiлiммен алмасу, дағдыларды бойына сiңiрту және:
      адам құқықтарын және негiзгi еркiндiктердi құрметтеудi нығайтуға;
      адамдық жеке тұлғаны және адамгершiлiк ар-намыс сезiмiн жан-жақты дамытуға;
      өзара түсiнiстiкке, шыдамдылыққа, ер адам мен әйел адам арасындағы теңдiкке және барлық ұлттардың, байырғы халықтың және нәсiлдiк, ұлттық, этникалық, дiни және тiлдiк топтар арасындағы достыққа жәрдем көрсетуге;
      құқық үстемдiк ететiн еркiн және демократиялық қоғам өмiрiне барлық адамдардың тиiмдi қатысу мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге;
      бейбiтшiлiктi құруға және қолдауға;
      қоғам және әлеуметтiк әдiлдiк мүддесiнде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымдарды қалыптастыру жолымен адам құқықтарының жалпыға бiрдей мәдениетiн қалыптастыру үшiн қабылданатын бiлiм беру, оқыту мен ақпараттандыру жөнiндегi күш ретiнде айқындалуы мүмкiн  "адам құқықтары саласындағы бiлiм беру"  ұғымының контексiн және оны айқындауды көздейдi.
      Тиiмдiлiктi арттыру және мәселеге неғұрлым сапалы келу мақсатында осы Ұлттық жоспарды әзiрлеу процесiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi сарапшылар мен социологиялық ұйымдарды тарта отырып, жалпы орта бiлiм беретiн мектептерде адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәнiне ұлттық зерттеу жүргiздi.
      Осыған сәйкес адам құқықтары жөнiндегi бiлiм мониторингi үшiн көрсеткiштер әзiрлендi. Олардың iшiнде: адамның негiзгi құқықтары туралы мектеп оқушыларының хабардар болу көрсеткiшi, адам құқықтарын оқытуға бөлiнетiн сағаттар саны, адам құқықтары жөнiндегi оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етiлу т.б. бар.
      Жүргiзiлген зерттеулер жиынтығында орта мектептегi адам құқықтары саласындағы бiлiм бойынша жалпы көрiнiстi көруге мүмкiндiк бердi.
      Әртүрлi сыныптарда адам құқықтарын оқытуға арналған сағаттар саны айына төрттен беске дейiнгi сағатты құрайды, осыған қосымша факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс iс-шаралар өткiзiледi.
      Сұрау салу нәтижелерi оқушылардың мектептегi өз құқықтарын неғұрлым терең зерделеуге үлкен қызығушылық (96%) танытатынын көрсеттi. Егер құқықтары бұзылса, қайда жүгiнетiнiн бiлетiн балалардың пайызы төменгiден жоғарғы сыныптарға қарай (43-тен 58-ға дейiн) ұлғайып отырады.
      Адам құқықтары мәселелерi бойынша балалардың бiлiмiн қалыптастыруда және оларға практикалық көмек көрсетуде ата-аналар мен отбасылардың рөлi аса зор, өйткенi оқушылардың жартысынан көбi адам құқықтары туралы ақпаратты өз ата-аналарынан алады және егер олардың құқықтары бұзылса, олар тағы да ата-аналарына жүгiнедi.
      Зерттеу нәтижелерiн кеңiнен талқылау, сондай-ақ әзiрленген ұсынымдар мен ұсыныстар адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жетiлдiруге, азаматтануды және адам құқықтарын оқытудың маңыздылығын ескере отырып түзетуге жәрдемдеседi. Ұлттық зерттеу жобасын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлмен, үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесiп, ЕЫҚҰ орталығының қолдауымен бiрқатар iс-шаралар өткiзiлдi.
      Республикада адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жағдайындағы оң үрдiстердi атап өту маңызды. Адам құқықтары барлық бiлiм беру жүйесi шеңберiнде және бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде енгiзiледi және iске асырылады.
      Сонымен қатар Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәселелерi нақты пысықтауды талап етедi. Ұлттық жоспарды әзiрлеу кезiнде министрлiктер мен ведомостволардың түскен материалдар адам құқықтарына нақты тоқталмай-ақ, құқықтық және азаматтық бiлiм беру туралы куәлiк етедi.

2. Ұлттық жоспардың мақсаттары және басымдықтары

      Адам құқықтары мәдениетi бiлiмiн жетiлдiру;
      адам құқықтары саласындағы бiлiм берудiң негiзгi қағидаттары мен әдiстерiн жалпы түсiнуге қол жеткiзу;
      ұлттық және халықаралық деңгейлерде адам құқықтары саласындағы бiлiм беруге деген ерекше назарды күшейту;
      барлық мүдделi тараптардың адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi дамыту мен жетiлдiру iсiндегi өзара iс-қимылын және ынтымақтастығын кеңейту;
      Қазақстан Республикасында мектептiк және кәсiптiк-техникалық бiлiм берудiң және формальды және формальды емес оқытулардың барлық деңгейлерiнде адам құқықтары саласында бiлiм берудi одан әрi дамытудың қажеттiлiгiн бағалау және оның тиiмдi стратегияларын әзiрлеу;
      жаңа бағдарламалар әзiрлеу және қолданыстағыларын түзету, адам құқықтары саласында бiлiм беру үшiн педагогтар мен оқытушыларды даярлау (қайта даярлау);
      адам құқықтары саласында бiлiм беруге арналған оқулықтар және оқу-әдiстемелiк материалдар әзiрлеудi үйлестiру;
      адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi көтермелеу iсiнде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлi мен мүмкiндiктерiн нығайту.

3. Адам құқықтары саласындағы бiлiмге шолу

      Қазақстанда орта бiлiм беру жүйесi 2,8 млн. оқушы контингентi бар 8171 мектептi қамтиды, оның iшiнде 1246 - бастауыш, 218 - негiзгi, 5423 - орта мектеп. Олардың 6034-i 1,3 млн. оқушылар контингентi бар ауылдық мектептер, 1853-i 1,4 млн. оқушы контингентi бар қалалық мектептер.
      Республика заңнамасының нормативтiк құқықтық базасы халықаралық деңгейде қолданылатын контексте және айқындамада орта бiлiм беруде адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жетiлдiруге сәйкес келедi.
      Нормативтiк базаға енгiзiлетiн бiрқатар елеусiз өзгерiстер адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi нақтылауға және жетiлдiруге мүмкiндiк бередi.
      Адам құқықтары бiлiм беру мақсаттарының бiрi ретiнде және бiлiм берудi бағалаудың сапалы өлшемдерi сияқты бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi негiзгi нормативтiк құжаттарға енгiзiлуi қажет.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiнде ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарлар мен симпозиумдарды өткiзу, халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде бiлiмдi тарату және ересектердi оқытудың қажеттiлiгiн атап өткен жөн.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру мәселелерiн көрсететiн бағдарламалық нормативтiк құқықтық кесiмдердi талдау мемлекеттiң салааралық деңгейде барлық билiк құрылымдарының өзара iс-қимыл жасауы жолымен адам құқықтары саласындағы бiлiм беру бойынша ұзақ мерзiмдi айқын саясат жүргiзiп отырғанын көрсетедi.
      "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 мамырдағы N 591 қаулысымен Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқудың 1996 - 1998 жылдарға арналған кешендiк бағдарламасы бекiтiлдi. Yкiметтiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1382 қаулысымен Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы қабылданды.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бiлiм алушылардың құқықтық дайындығын нығайту арқылы адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу негiзгi мiндеттердiң бiрi болып табылады.
      "Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетiн одан әрi пайдалану жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 4 мамырдағы N 1568  Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне бiлiм беру ұйымдарында осы ұйымдарға қажеттi әдiстемелiк көмек көрсете отырып, конституциялық құрылыстың негiздерiн, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын оқытудың сапасын арттыру жөнiндегi шаралар қабылдау тапсырылды.
      Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарға сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептерде қоғамдық-құқықтық пәндер топтамасы: бастауыш сыныптарда "Дүниетану", жоғары сыныптарда "Тарих", "Қоғамтану негiздерi" мен "Құқықтану негiздерi" пәндерi оқытылады. Бұдан басқа әр түрлi курстар, мысалы 670 мектептiң 44 мыңға жуық оқушысын қамтитын "Азаматтануға кiрiспе" бағдарламасы бойынша Сайлау Жүйелерiнiң Халықаралық Қоры әзiрлеген курс өткiзiлуде.
      Адам құқықтары бойынша да, қоғамдық-құқықтық пәндер бойынша да жекелеген оқу құралдарының белгiлi бiр саны бар. Республика мектептерiнде барынша кеңiнен пайдаланылатын оқу құралдарына мыналарды жатқызуға болады:
      Ғ.С Сапарғалиев. Қазақстан мемлекетi мен құқығының негiздерi. - Алматы: Атамұра, 1998.
      H.P. Күнқожаев. Адам және қоғам. - Алматы: Мектеп, 2002.
      К.М.Жүкеш. Адам және қоғам. - Алматы: Глобус, 2003.
      Дж. Пилон және басқалар. Азаматтық бiлiм беруге кiрiспе - Алматы: СЖХҚ, 2003.
      Дж. Пилон және басқалар. Азаматтық және басқаруға қатысу - 21 ғасырдың азаматтық қоғамындағы сiздiң рөлiңiз. - Алматы: СЖХҚ, 2004.
      Бiрқатар құралдар үкiметтiк емес ұйымдардың тiкелей қатысуымен, ал құқықтық пәндер бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң қатысуымен дайындалды және жарияланды. Бұл Ө. Акыпбековтың "Құқық әлiппесi", Р.Завотпаевтың "Терроризм әлiппесi", Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымның сынып сағаттарын өткiзу жөнiндегi "He соглашайся на рабство" атты құралы, "Қамқор" дағдарыс орталығының "қазiргi заманғы қоғам балалары" деген материалдар жинағы, "Құқық және бiлiм" деген электрондық материалдардың жинағы.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру контексiндегi бiлiм беру қызметiнiң қосымша нысандары аудиториялық сабақ жүйесiне енбейтiн түрлi мектептен тыс іс-шаралар түрiнде iске асырылды. Республикада адам құқығы мен демократия мәселелерi бойынша жасөспiрiмдердiң құқықтарын қорғау форумдары, құқықтық олимпиадалар, семинар-тренингiлер, құқықтық бiлiм викториналары, құқықтың ең үздiк бiлгiрлерiне арналған конкурстар, құқықтық идеялар фестивалдары, әлемдегi және елдегi саяси оқиғаларды талқылау жөнiндегi брифингтер сияқты iс-шаралар өткiзiледi.
      Қазақстанда адам құқықтары саласындағы бiлiм беруге арналған кадрларды даярлау мәселелерiмен Бiлiм беру жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру республикалық институты, облыстық бiлiктiлiктi арттыру институттары, әдiлет органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институттары, үкiметтiк емес ұйымдар айналысады.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметi тұтастай алғанда мемлекеттiк қолдаудың қажеттi деңгейiн көрсетедi. Алайда, осы мәселе бойынша олардың өзара iс-қимылы мен келiсiмдiлiгi әлi де пысықтауды талап етедi. Адам құқықтары саласындағы бiлiм беру процесiне бiлiм беру органдарымен қатар құқықтық мәдениет пен халықты ағартудың ұдайы және тұрақты өсуiне барынша мүдделiлер ретiнде әдiлет органдары мен құқық қорғау органдары белсендi түрде тартылған. Адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жетiлдiру мемлекеттiң қаржылық-ұйымдастырушылық қолдаумен тiкелей байланысты. Құқықтық түсiндiру жұмысы, құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру үшiн ғана республикалық бюджет қаражатынан 198 млн. теңге бөлiндi.
      Адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жүзеге асыру процесiне үкiметтiк емес ұйымдардың қатысу үлесi елеулi. Yкiметтiк емес ұйымдардың адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi жетiлдiруге қатысуы қажеттiлiгiн қосымша ұйымдастырушылық-қаржылық және оқу-әдiстемелiк ресурстар ретiнде қарастыруға толық негiзделген алғышарттар бар. Бiлiм беру ұйымдарымен бiрлесiп, адам құқықтары бойынша мектептiк бiлiм беру саласындағы белсендi қызметтi мынадай үкiметтiк емес ұйымдар: Сайлау Жүйесiнiң Халықаралық Қоры халықаралық ұйымдар өкiлдiгi, "Street-Law-Казахстан", "Ашық әлем" Қоғамдық ақпараттық орталығы", "Тең-теңге", "Бiтiмгершiлiк", Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөнiндегi Қазақстан халықаралық Бюросы, "Жас көшбасшылар ассоциациясы", "Конфликтологиялық орталық" қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Қызыл Жарты ай қоғамы және басқалар жүзеге асырады.

4. Ұлттық жоспардың iс-шаралары

      Ұлттық жоспар мәлiмделген басымдықтарды негiзге ала отырып, iске асырылуы адам құқықтары саласында бiлiм беру бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге ықпал ететiн iс-шаралар топтарын қамтитын өзара байланысты бiрнеше блоктардан тұрады.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер енгiзудi және БҰҰ Адам Құқықтарының Жалпыға бiрдей Декларациясы қағидаттары мен ережелерiн насихаттауды көздейтiн блок шүбәсiз негiзгi болып табылады. Негiзгi министрлiктердiң осы блок бойынша келiсiлген жұмысы, белгiленген iс-шараларды iске асырып қана қоймай, сонымен бiрге бiздiң елдегi орта бiлiм беру саласын ғана қозғамайтын дайындалып жатқан заң жобаларына басқаша қарауға мүмкiндiк бередi.
      Бiлiм беру саласындағы және адам құқықтары саласындағы қызметтiң мониторингi мен оны талдау жөнiндегi iс-шаралар блогына келетiн болсақ, осы блокта топтастырылған iс-шаралар керi байланысты, бiлiм беру мекемелерiнде адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жағдайын тиiстi бағалауды қамтамасыз етедi, ал қажеттi жағдайда Ұлттық жоспар iс-шараларына жедел ден қою және оларды түзету мүмкiндiгiн бередi. Блоктың нақты мониторингтерi адам құқықтары саласындағы бiлiм беру ахуалын толық көрсетуге арналған.
      Осы Ұлттық жоспарда ең көлемдiсi iс-шаралардың үшiншi блогы: жалпы орта бiлiм беру жүйесiнде құқықтық пәндердi оқытуды оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету болып табылады. Еш күмәнсiз, нақ осы блок мәлiмделген мақсаттар мен басымдылықтарға барынша толық жауап бередi.
      Ең маңызды аспектiлердiң бiрi - Ұлттық жоспардың iс-шараларын iске асыруға түрлi деңгейдегi үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуы.
      Оқушылар, жастар, ата-аналар, оқытушылар өмiр сүретiн ортаның таптаурындарын жеңбестен, орта бiлiм берудегi бұқаралық ақпарат құралдарының елеулi әсерiнсiз қоғамдық процестерге мүмкiндiгiнше, қатысушылардың барынша кең жiгiн тартпай, адам құқықтарының құндылықтарын қалыптастыру мүмкiн емес. Ұлттық жоспардың iс-шаралары мемлекеттiк басқару органдары мен билiктiң қолда бар резервтерi мен тетiктерiне олардың адам құқықтары саласындағы бiлiм берудегi орнын анықтау үшiн байыппен қарауға мүмкiндiк бередi, өйткенi бiрқатар ұстанымдар бойынша мемқұрылымдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың (оның iшiнде халықаралық) бiлiм беру мекемелерiнiң өкiлдерiнiң ынтымақтастық пен сындарлы диалогы шарттарында бiрлескен қатысуы көзделедi.

5. Қорытынды

      Осы Ұлттық жоспар ұлттық зерттеу жүргiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мақсаттарды, басымдылықтарды, сондай-ақ оны iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қамтиды. Ұлттық жоспарда Адам құқықтары саласындағы дүниежүзiлiк бiлiм беру бағдарламасы ұсынған орта мектепте адам құқықтары саласында бiлiм беру компоненттерi ескерiле отырып жасалған 8 басымдық көзделген.
      Ұлттық жоспардың мақсатына қол жеткiзудiң 2006 - 2007 жылдарға арналған қысқа мерзiмдi сипаты бар, бұл Дүниежүзiлiк бағдарламаның бiрiншi кезеңiн (2005 - 2007 жылдар) iске асыру қажеттiлiгiнен туындаған. Осы Ұлттық жоспарды iске асыру қорытындылары бойынша жетiстiктердi бағалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу және Дүниежүзiлiк бағдарламаның келесi кезеңдерiн iске асыру жоспарын әзiрлеу жоспарланған.
      Ұлттық жоспардың негiзi мақсаттары: адам құқықтары бiлiмiнiң мәдениетiн жетiлдiру, адам құқықтары саласында бiлiм берудiң негiзгi қағидаттары мен әдiстерiн жалпы түсiнуге қол жеткiзу, адам құқықтары саласындағы бiлiм беруге ұлттық және халықаралық деңгейде айрықша назар аудару барлық мүдделi тараптардың адам құқықтары саласындағы бiлiм берудi дамыту және жетiлдiру iсiндегi өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңейту сондай-ақ адам құқықтары саласындағы бiлiм берудiң қолданыстағы оқу бағдарламаларын жетілдіру болып табылады.
      Ұлттық жоспар iс-шараларын iске асыру өз құқықтарын белсендi және сауатты пайдалануға қабілетті, мектеп оқушысында адам құқықтары мәдениетін қалыптастырудан, оқушылардың құқықтық санасы деңгейiн көтеруден, балалар қылмысын азайтудан, сондай-ақ құқықтық тұрғыдағы басқа да оң көрiнiсінен белгісін тиiмдiлiк беруге арналған. Алайда, адам құқықтары саласындағы жүйелi бiлiм берудi жетiлдiру және оқушыларды адам құқықтарын құрметтеу рухында тәрбиелеу жөнiндегi жұмыс үлкен қиындықтарға байланысты және оларды шешу ұзақ және мақсатқа сай жұмыстар жолымен ғана мүмкiн болатынын еске сақтаған жөн.
      Қойылған мақсаттарды iске асыру мақсатында осы процеске мүдделi барлық қатысушылардың: мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың, үкiметтiк емес сектордың, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлер мен оқушылардың өздерiнiң тығыз ынтымақтастығы қажет.
      Осы Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы орта бiлiм беру шеңберiнде адам құқықтары саласында бiлiм берудi жетiлдiруге бағытталған бiрқатар бiрiншi кезектегi жоспарланған нақты iс-қимылды бiлдiредi.

      6.   Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы
   білім беру жөніндегі 2006 - 2007 жылдарға арналған ұлттық
      жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1. Нормативтік құқықтық база

1.1.

Білім беру арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді қалыптастыру туралы ережелерді (нормаларды) әзірлеу және оны»"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жаңа редакциясының жобасына енгізу

Үкіметке ақпарат

БҒМ

2006 жылғы желтоқсан

Қаржыландыруды талап етпейді

1.2.

Адам құқықтары саласындағы міндетті білім беруді регламенттейтін нормативтік құқықтық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру

Бұйрық

БҒМ

2007 жылғы ақпан

Қаржыландыруды талап етпейді

1.3.

Баспаларға дәптерлерді, күнделіктерді, оқу және балалар әдебиетін басып шығару кезінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, Бала құқықтары туралы конвенцияның, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның ережелерін пайдалану жөнінде және»"Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты баланың құқықтары туралы" Конвенцияның факультативтік хаттамасына, "Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты баланың құқықтары туралы" Конвенцияның факультативтік хаттамасына ұсынымдарды әзірлеу

Ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), МАМ

2006 жылғы тамыз

Қаржыландыруды талап етпейді

1.4

Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартының жобасын әзірлеу кезінде Дүниежүзілік адам құқықтары саласындағы білім беру бағдарламасының ұсынымдарын ескеру

Бұйрық

БҒМ

2006 жылғы тамыз

Қаржыландыруды талап етпейді

2. Адам құқықтары саласындағы білім беру аясындағы қызметтің мониторингі және оны талдау

2.1

Адам құқықтары саласындағы білім беру жөніндегі ұлттық зерттеудің қорытындылары бойынша есепті бекіту

Бұйрық

БҒМ

2006 жылғы тамыз

Қаржыландыруды талап етпейді

2.2

Адам құқықтары саласындағы білім беруді іске асырудың дәлме-дәл мониторингін мыналарда:
түзеу мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектептерде;
жалпы орта білім беретін арнайы ұйымдарда;
балалар үйлерінде жүргізу

Облыстық БД-ға (ББ)-ға ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), Әділетмині, ЮНИСЕФ

2007 жылғы желтоқсан

Қаржыландыруды талап етпейді

2.3

"Балаға мейірімді қарым-қатынас мектебінің" (БМҚМ) сандық индикаторларын әзірлеу

Білім беру ұйымдарына ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), "САНДЖ" ЗО ЮНИСЕФ

2006 жылғы қазан

Қаржыландыруды талап етпейді

2.4

Бірқатар өңірлерде балалар құқықтарының бұзылуы туралы деректерді жинау және бағалау

Білім беру ұйымдарына ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), АҚҰО

2006 жылғы қараша

Қаржыландыруды талап етпейді

2.5

Балаларға арналған интернаттық және басқа да мекемелерде балалар құқықтарының бұзылушылықтарына мониторинг жүргізу

Білім беру ұйымдарына ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), АҚҰО

2007 жылғы желтоқсан

Қаржыландыруды талап етпейді

3. Жалпы орта білім беру жүйесінде құқықтық пәндердің оқытылуын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

3.1

Жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларын оқу құралдарымен және ғылыми-көпшілік басылымдармен қамтамасыз ету

Бұйрық

БҒМ (жинақтау), Әділетмині

2006 жылғы қазан

Әділетминінің 006 "Құқықтық насихат" бағдарламасы шеңберінде

3.2

Жалпы білім беретін мектептерге арналған құқықтық пәндерді оқытуды ұйымдастыру, сабақта және сабақтан тыс уақытта адам құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

Әдістемелік ұсынымдар

БҒМ

2006 жылғы қыркүйек

Қаржыландыруды талап етпейді

3.3

Үздік оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, әдістемелік әзірлемелерге, сынып сағаттарына, мектептен тыс іс-шараларға "Құқықтық мәдениет әлемінде" атты республикалық конкурс өткізу

Бұйрық

БҒМ (жинақтау), ЮНЕСКО, СЖХҚ

2007 жылғы қазан

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

3.4

Мектеп оқушылары үшін адам құқықтары, балалар құқықтары тақырыбы көрсетілетін ұсынылған әдебиет тізбесін қалыптастыру және бекіту

Бұйрық

БҒМ (жинақтау), Әділетмині, МАМ, АҚҰО

2006-2007 жылдардағы желтоқсан

Қаржыландыруды талап етпейді

3.5

Баланың денсаулық сақтау құқықтары, оның ішінде балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің және АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі тақырып көрсетілетін мұғалімдер мен ата-аналарға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

Білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), ДСМ, ІІМ

2007 жылғы мамыр

Қаржыландыруды талап етпейді

3.6

Ата-аналарға арналған»"Сіздің балаңыздың Сізге деген сеніміне ие болуға көмектесетін кеңестер" жаднамасын, жасөспірімдерге арналған»"Егер Сен өмірде қиын жағдайға душар болсаң" жаднамасын (250 мың дана) әзірлеу және басып шығару

Жаднамалар

БҒМ

2006 жылғы тамыз

Қаржыландыруды талап етпейді

3.7

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар жинағын әзірлеу және басып шығару

Құжаттар жинағы

АҚ және ЗСҚХБ

2007 жылғы желтоқсан

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

4. Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына қосымша білім беруді ұйымдастыру

4.1

Мектеп оқушыларының облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқару органдарының жұмысына қатысуы күнін өткізу

Облыстық БД-ға (ББ)-ға ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), СЖХҚ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері

2006 - 2007 жылдардағы қараша

Қаржыландыруды талап етпейді

4.2

Елдің жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың өзін-өзі басқаруын үздік ұйымдастыруға арналған»"Мектеп өмірінің айнасы" атты өңірлік конкурстарды өткізу

Бұйрық

БҒМ (жинақтау), Облыстық БД-ға (ББ)

2007 жылғы желтоқсан

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

4.3

Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сыныптарының оқушылары арасында өткізілетін республикалық олимпиада пәндерінің тізбесіне құқықтық пәндерді енгізу

Бұйрық

БҒМ

2007 жылғы сәуір

Қаржыландыруды талап етпейді

4.4

Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында Адам құқықтары күніне, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына арналған іс-шаралар өткізу

Бұйрық

БҒМ (жинақтау), Әділетмині, АҚҰО

2006-2007 жылдардағы желтоқсан

Қаржыландыруды талап етпейді

4.5

Оқушылардың ғылыми жобаларының республикалық конкурсы шеңберінде адам құқықтары саласындағы білім беру мәселелері бойынша оқушылардың ғылыми жобаларды әзірлеуі мен қорғауын практикаға енгізу

Бұйрық

БҒМ (жинақтау), Әділетмині, ІІМ

2007 жылғы сәуір

Қаржыландыруды талап етпейді

4.6

Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен ата-аналар үшін ғалым-заңгерлерді, саясаттанушыларды, нотариустарды, адвокаттарды, құқық қорғау органдарының мамандарын, ҮЕҰ-ның өкілдерін тарта отырып, құқықтық тақырып бойынша дәрістер циклдарын әзірлеу және өткізу

Дәрістер циклы

БҒМ (жинақтау), Әділетмині, ІІМ

2006-2007 жылдардағы желтоқсан

Қаржыландыруды талап етпейді

4.7

"Қазақстан Республикасында бала құқықтары жөнінде уәкіл жүйесін құру" жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

БҒМ (жинақтау), ЮНИСЕФ, АҚҰО

2006 жылғы желтоқсан

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

5. Педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

5.1

БҒМ БАИ жүйесінде құқықтық пәндерді оқыту және жалпыға бірдей оқуды ұйымдастыру әдістемесі бойынша дәрістер циклы мен практикалық сабақтарды әзірлеу

Әдістемелік құралдар

БҒМ

2007 жылғы қазан

Қаржыландыруды талап етпейді

5.2

Адам құқықтары саласында білім беру жөніндегі инновациялық педагогикалық технологиялардың деректер банкін құру

Деректер банкі

БҒМ

2007 жылғы қараша

Қаржыландыруды талап етпейді

5.3

Астана қаласында бала құқықтары жөніндегі ақпараттық-ресурстық орталық құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ (жинақтау), ЮНИСЕФ, АҚҰО

2006 жылғы желтоқсан

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

5.4

Астана қаласы мектептерінің оқытушылары мен балалармен жұмыс істейтін ҮЕҰ үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің басым бағыттары бойынша "Қазақстандағы ұлттық омбудсмен кеңсесінің операциялық мүмкіндіктерін дамыту" атты екі жақты әріптестік бағдарламасы жобасының шеңберінде семинарлар өткізу

Семинар

АҚҰО

2006 жылғы желтоқсан

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

6. Адам құқықтары саласындағы білім беруді іске асыруға Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуы

6.1

БҒМ-ның веб-сайтында "Адам құқықтары бойынша білім беру" айдарын ашу ("Қазақстандағы білім беру" бөлімінде)

Айдар

БҒМ

2006 жылғы қараша

Қаржыландыруды талап етпейді

6.2

"Внешкольник Казахстана", "Қазақстан тарихы", "История Казахстана: преподавание в вузах и школах", "Учитель Казахстана", "Қазақстан мұғалімі", Қазақстан мектебі", "Столичное образование" мерзімді журналдары мен газеттерінде адам құқықтары саласындағы білім беру проблемалары бойынша арнайы материалдар дайындау және жариялау

Жарияланымдар

БҒМ (жинақтау), МАМ, Әділетмині

2006 - 2007 жылдар ішінде

Қаржыландыруды талап етпейді

6.3

Теледидардан көрсету үшін»"Адам құқығы бала құқығынан басталады" тақырыбында бейнероликтер дайындау

Бейнеролик

БҒМ (жинақтау), МАМ

2007 жылғы қыркүйек

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

6.4

"Заң газеті", "Юридическая газета", "Закон и правосудие", "Страна и мир" мерзімді баспасөз басылымдарында адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша тұрақты айдарлар ашу

Жарияланымдар

БҒМ (жинақтау), МАМ

2007 жылғы ақпан

МАМ-ның 016 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы шеңберінде

7. Адам құқықтары саласындағы білім беру және насихаттау жұмыстарына жұртшылықты тарту

7.1

Балалар құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған Республикалық қоғамдық ата-аналар кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу

Білім беру ұйымдарына ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), Әділетмині

2007 жылғы маусым

Қаржыландыруды талап етпейді

7.2

Заңгерлік жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерінің "Мектеп оқушыларына - құқықтық білім" республикалық акциясын өткізу

Бұйрық

БҒМ (жинақтау), Әділетмині

2006 жылғы қараша

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

7.3

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері үшін адам құқықтары бойынша қосалқы өңірлік семинар өткізу

Үкіметке ақпарат

БҒМ (жинақтау), ЮНЕСКО

2006 жылғы қараша

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

7.4

Бала құқықтарын қорғау бойынша Орталық Азия форумын өткізу

Білім беру ұйымдарына ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), ЮНИСЕФ

2006 жылғы қараша

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

7.5

ҮЕҰ-ның балаларды адам құқықтарына оқыту саласындағы бірегей материалдарының озық тәжірибесіне республикалық конкурс өткізу

Білім беру ұйымдарына ұсынымдар

ОІГСҰК (жинақтау), МАМ, БҒМ, АҚҰО

2007 жылғы қыркүйек

Бюджеттен тыс қаражат есебінен

7.6

ҮЕҰ-ның адам құқықтары саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларын әзірлеуге арналған конкурстарда лоттарды көздеу

БҒМ-ге ақпарат

МАМ

2006 жылғы желтоқсан

МАМ-ның 018 "Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу" бағдарламасы шеңберінде

8. Адам құқықтары саласында білім беру аясындағы халықаралық ынтымақтастық

8.1

Халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттермен адам құқықтары, балалар құқықтары саласында білім беру мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту

БҒМ-ге ақпарат

СІМ, Әділетмині ІІМ, Еңбекмині, Қорғанысмині, МАМ, ДСМ, ОІГСҰК

2006 - 2007 жылдардағы желтоқсан

Қаржыландыруды қажет етпейді

Ескертпелер :
IIМ                  - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
СIМ                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                       министрлiгi
ДСМ                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                       министрлiгi
БҒМ                  - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
                       министрлiгi
Қорғанысминi         - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi
Еңбекминi            - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                       әлеуметтiк қорғау министрлiгi
МАМ                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                       министрлiгi
Әдiлетминi           - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
БҒМ БАИ              - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
                       министрлiгiнiң бiлiктiлiктi арттыру
                       институттары
ОІГСҰК               - Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы
                       Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi
                       ұлттық комиссия
АҚҰО                 - Адам құқықтарын қорғау жөнiндегi ұлттық
                       орталық
"САНДЖ" ЗО           - "САНДЖ" зерттеу орталығы

АҚ және ЗСҚХБ        - Адам құқықтары және заңдылықты сақтау
                       жөнiндегi Қазақстан халықаралық бюросы
СЖХҚ                 - Сайлау Жүйесiнiң Халықаралық Қоры
YEҰ                  - үкiметтiк емес ұйымдар
Обл БД (ББ)          - Облыстық бiлiм департаменттерi (бiлiм
                       басқармалары)
БҰҰ                  - Бiрiккен Ұлттар Ұйымы
ҚҰ                   - қоғамдық ұйымдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады