Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27. N 1301 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1.
»
"Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесінде:
мынадай мазмұндағы Параграф 5-1-пен толықтырылсын:
"Параграф 5-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатын тұрғын үй салу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу ерекшеліктері
53-1. Конкурстық өтінімдерді дайындау және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатын тұрғын үй салу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық өтінімдер дайындау және ашық конкурсқа қатысу үшін ықтимал өнім берушілерге конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын конкурстық құжаттама»"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес үлгі негізінде жасалуы тиіс және бұдан басқа орындалатын жұмыстардың қолайлылығын растайтын құжаттардың мынадай тізбесін қамтуы тиіс:
1) техникалық айрықшалық. Ықтимал өнім беруші ұсынатын техникалық айрықшалық конкурстық құжаттамада көзделгеннен неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және/немесе жұмыстарды жақсы материалдардан орындау ұсынылатын жағдайды қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамасына және ықтимал өнім беруші ұсынатын Техникалық айрықшалыққа сәйкес келуі тиіс;
2) орындалатын жұмыс түрлерінің сапасын бақылау жүйесінің бар-жоғын және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес аккредиттелген зертхананың немесе осы функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғамен жасалған шарттың бар-жоғын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) еңбекті қорғау қызметінің және қауіпсіздік техникасының бар-жоғын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
4) осы жұмыс түрлеріне белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес материалдық-техникалық базаның және өндірістік-тұрмыстық жағдайдың бар-жоғын растайтын құжаттардың (техникалық паспорттар/техникалық паспорттармен бірге жалдау шарттары) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) ықтимал өнім берушіде мердігерлік жұмыстарды орындау үшін қажетті жеке капиталдың бар-жоғын растайтын құжаттар.
53-2. Конкурстық өтінімдердің шартты бағасын салыстыру мен салыстырып тексеру мақсатында оларды есептеу үшін барлық қабылданған конкурстық өтінімдерге тең мөлшерде қолданылатын бағадан басқа, конкурстық өтінімдерді бағалау мынадай өлшемдерді қамтуы тиіс:
1) "жұмыс тәжірибесі -»жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын ықтимал өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қарау кезінде конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығындағы жұмыс тәжірибесін ғана қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия ықтимал өнім берушінің сатып алынатын жұмыстардың нарығында бар жұмыс тәжірибесінің әрбір екі жылы үшін конкурстық өтінімнің бағасын бір жылдан бастап бір процентке, бірақ он проценттен артық емес шартты түрде азайтады";
2) орындалған жұмыстар кепілдігінің шарттары -»"ықтимал өнім беруші орындалатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың техникалық шарттарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, тұрғын үй ғимаратын пайдалану сипаттамасына кепілдік кезеңді көрсетеді. Бұл ретте кепілдік кезеңі объекті пайдалануға қабылданған күннен бастап екі жылдан кем болмауы керек. (Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада осы өлшем бойынша салыстырмалы мәнді көздеуге, сондай-ақ конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстыру тәсіліне сипаттама беруге тиіс);
3) жұмыстарды орындау мерзімі - "егер конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзіммен салыстырғанда конкурстық құжаттамада жұмысты аяқтаудың неғұрлым кеш мерзімімен конкурстық өтінімдерді ықтимал өнім берушілердің ұсыну мүмкіндігі көзделген болса, онда конкурстық комиссия жұмыстарды аяқтаудың талап етілетін мерзімімен салыстырғанда кешіктірудің әрбір аптасы үшін конкурстық өтінім құнының белгілі бір проценті негізінде осы процентті ақшалай түрде көрсетуге және осы процентті жұмыстарды аяқтаудың неғұрлым кеш мерзімімен конкурстық өтінім бағасына шартты түрде қосуға құқылы. Бұл рәсім жұмыстарды аяқтаудың неғұрлым кеш мерзімін көздейтін әрбір конкурстық өтінімге жеке қолданылады. Жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін бағаны шартты түрде төмендету көзделмейді.".