Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 6-тармақтың 10) тармақшасындағы ", инвестициялар" деген сөз алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 8-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
"14. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі