Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 маусымдағы N 466 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 336 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 336 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " 2005 жылғы 13 сәуірдегі және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
      2) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
                                 Үкіметінің     
2007 жылғы 6 маусымдағы
N 466 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызмет (бұдан әрі - әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызмет) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес лицензиялауға жатады.
      Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізу құқығына лицензия мынадай кіші қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
      1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету;
      2) психикалық неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсету;
      3) жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету;
      4) балалар психикалық неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсету.

      2. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізуге құқық лицензия берілген күннен бастап туындайды және лицензияның қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап тоқтатылады.

      3. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізу құқығына берілетін лицензия иеліктен шығарылмайтын бас лицензия болып табылады және лицензиат оны өзге заңды немесе жеке тұлғаға бере алмайды.

      4. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізу құқығына лицензиялар мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сай келетін заңды және жеке тұлғаларға беріледі.

      5. Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізу құқығына лицензияны жеке немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - лицензиар) береді.

2. Лицензияны берудің шарттары мен тәртібі

      6. Өтініш беруші әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүргізу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін лицензиарға Заңның 42-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

      7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар Заңда белгіленген мерзімде береді.

      8. Лицензияны беру не беруден бас тарту туралы шешім өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерді талдау, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайларды зерделеудің медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) орналасқан жеріне бару кезінде алынған нәтижелері негізінде қабылданады.

      9. Егер:
      1) осы субъектілер санаты үшін әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;
      2) Заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
      3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
      5) өтініш берушіге қатысты әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылуы мүмкін.

      10. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша өзінің қолданылуын Заңның 48-бабында көзделген жағдайларда тоқтатады.
      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ одан айыру тәртібі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінде айқындалады.

3. Есепке алу және бақылау

      11. Лицензиар лицензияларды есепке алуды лицензиялар тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      12. Осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады

      13. Лицензиар өз құзыреті шегінде:
      1) лицензиаттың біліктілік талаптарына және осы Ережеге сай келу мәніне оның қызметіне тексеру жүргізеді;
      2) лицензиаттан тексерулер жүргізу кезінде туындайтын мәселелер бойынша қажетті түсіндірулер мен құжаттарды сұратады;
      3) тексерулер нәтижелері негізінде нақты бұзушылықтарды көрсете отырып актілер жасайды;
      4) лицензиатты анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттейтін шешімдер шығарады және оларды жою мерзімін белгілейді;
      5) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      14. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары, сондай-ақ өзге де мемлекеттік билік органдары өз құзыреті шегінде осы Ереженің талаптарын және біліктілік талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде лицензия берген лицензиарға анықталған бұзушылықтар мен қабылданған шаралар туралы хабарлайды.

      15. Лицензиат лицензиарға тексерулер жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз етеді, оның ішінде заңнамаға және осы Ережеге сәйкес қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынады.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2007 жылғы 6 маусымдағы
                                                N 466 қаулысымен
                                                   бекітілген

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мыналардың:
      1) ғимаратқа (үй-жайға) құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және көрсетілген ғимараттың (үй-жайдың) техникалық түгендеу органы берген әр қабаты бойынша жоспардың нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталатын әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысу үшін жарамды меншік құқығындағы ғимараттың немесе үй-жайдың;
      2) үй-жайдың, ғимараттардың және әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық , құрылыс нормалары мен ережелеріне, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келуі туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындыларының;
      3) өзінің меншік құқығындағы стандарттардың, техникалық жағдайлардың және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін жабдықтардың, аппаратураның, аспаптардың, жиһаздың, мүкәммалдың, көлік және басқа да құралдардың саны мен сапасы туралы өтініш берушінің мәліметтерімен расталатын көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның;
      4) осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес қызметкерлер туралы мәліметтермен расталатын әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында белгіленген көрсетілген штаттық нормативтерден кем емес қызметкерлер (тиісті кәсіптік білімі, біліктілігі, кәсіптік даярлығы, оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті білімдері мен тәжірибесі бар) штатының;
      5) медициналық және дәрігерлік қызметке лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесінің;
      6) жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда және балалар психикалық неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызмет үшін - өтініш берушінің білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесінің болуын көздейді.

                                  Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік
                                     мекемелерде және мемлекеттік
                                     емес медициналық-әлеуметтік
                                     ұйымдарда әлеуметтік қызмет
                                      көрсетуді ұсыну жөніндегі
                                         қызметке қойылатын
                                        біліктілік талаптарына
                                               қосымша

                 Қызметкерлер туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
            (медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) атауы)
                 (20 жылғы "___"_________жағдай бойынша)

Р/с
N
 

Тегі,
аты,
әке-
сінің
аты

Ту-
ған
жылы
және
жері

Атқа-
ратын
лауа-
зымы

Негізгі
білімі,
маман-
дығы, оқу
орны,
бітірген
жылы,
білімі
туралы
құжаттың
нөмірі
мен
берілген
күні

Қосым-
ша
жұмыс
орны
(ұйым-
ның
атауы,
қыз-
меті)

Ма-
ман-
ды-
ғы
бойы
-нша
жал-
пы
ең-
бек
өті-
лі

Ғылыми
дәрежесі,
маманды-
ғының шифры,
берілген
жылы

Ғылыми
атағы

Ғы-
лым
кан-
ди-
даты

Ғылым
док-
торы

До-
цент

Про-
фес-
сор












  Басшы_________________________Т.А.Ә.
            (қолы)

      М.О.
Кадрлар бөлімінің бастығы (кадрлар жөніндегі маман)___________Т.Ә.А.
                                                     (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады