"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 шілдедегі N 563 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы 1995 жылғы N 9-10, 66-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 жылғы N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 жылғы N 23, 429-құжат; 1999 жылғы N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 жылғы N 10, 126-құжат; 2002 жылғы N 10, 102-құжат; 2003 жылғы N 11, 71-құжат; 2004 жылғы N 11-12, 65-құжат; 2006 жылғы N 12, 71-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 жылғы, N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат):
      26-баптың 3-тармағы және 40-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.
      2. "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы 1995 жылғы N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 жылғы N 11, 150-құжат; 1999 жылғы N 21, 787-құжат; 2003 жылғы N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 жылғы N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 жылғы N 16, 70-құжат; 2006 жылғы N 16, 99-құжат; 2007 жылғы N 2, 18-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат):
      1) 8-2-баптың 4-тармағындағы "құзыретті органның" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 36-3-баптың 2-тармағындағы "құзыретті органның", "Құзыретті орган" деген сөздер тиісінше "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның", "Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 жылғы N 16, 214-құжат; 1999 жылғы N 19, 646-құжат; 2000 жылғы N 3-4, 66-құжат; 2001 жылғы N 23, 309-құжат; 2002 жылғы N 23-24, 193-құжат; 2004 жылғы N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжат; 2006 жылғы N 2, 17-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 87-құжат; N 3, 20-құжат):
      1) 3-бапта:
      17-1) тармақша ", газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау аясындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өзіндік мұқтаждары мен ысыраптары үшін газ" деген сөздермен толықтырылсын;
      18-1) тармақшаның үшінші абзацындағы "саны бір жарым мың адамнан аз тұтынушыларға" деген сөздер "көлемі жылына 150 мың текше метрге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-2) шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінен туындаған, белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтік сметаға салынған шығындардың пайдаланылмаған бөлігін инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін бағыттауға;";
      3) 7-бапта:
      бірінші бөлікте:
      7-2) тармақшасындағы "тарифтік сметаны орындауға" деген сөздердің алдынан "осы Заңның 6-бабының 5-2) тармағында көзделген, жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақшадағы "тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіткен кезде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      17) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алып тасталсын;
      "18) табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қолдануға міндетті.";
      екінші бөліктегі "және 17)" деген сөздер ", 17) және 18)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 13-баптың 1-тармағында:
      5-1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарындағы "мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша" және "еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-2), 5-3), 5-4), 5-5), 5-6), 5-7) және 5-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-2) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилирленген тұлғалардың штат кестелерін оларға белгіленген тәртіппен келіседі;
      5-3) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басқарушы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін оларға белгіленген тәртіппен келіседі;
      5-4) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келіседі;
      5-5) Қазақстан Республикасы қалаларының, аудандары мен облыстарының жылу және электр желілерінің даму жоспарларын келіседі;
      5-6) нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізеді;
      5-7) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды;
      5-8) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;";
      5) 14-баптың 1-тармағының 20) тармақшасындағы "келісуге" деген сөз "мемлекеттік басқарудың тиісті аясына (саласына) басқаруды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "табиғи монополия субъектісінің" деген сөздердің алдынан "осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібі қолданылады.";
      8) 17-баптың 4-тармағындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) 18-4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, табиғи монополия субъектісі бір көзден, жабық тендерден, екі кезеңдік рәсімдерді, баға ұсыныстарын қолдана отырып тендерден сатып алуды жүзеге асыра алады.";
      10) 23-бапта ", суды" деген сөз алып тасталсын.
      4. "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 жылғы, N 23, 315-құжат; 2003 жылғы, N 10, 54-құжат; 2004 жылғы, N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 жылғы, N 3, 22-құжат; N 13, 87-құжат; N 14, 89-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 жылғы, N 9, 67-құжат):
      1) 14-баптың 2-тармағының 23), 24) және 26-2) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 57-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті органның" деген сөздер "оларға белгіленген тәртіппен табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 88-4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.
      5. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 жылғы, N 6, 33-құжат; 2004 жылғы N 23, 142-құжат; 2006 жылғы N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат):
      6-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
      6. "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 жылғы, N 3, 22-құжат: N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 жылғы, N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат):
      1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-2), 19-3) және 19-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      19-2) телекоммуникация және почта байланысы аясындағы табиғи монополиялар салаларындағы реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
      19-3) телекоммуникация және почта байланысы қызметтерінің нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      19-4) телекоммуникация және почта байланысы қызметтерінің нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тариф түзу мониторингін жүзеге асыру;";
      2) 26-баптың 1-тармағындағы "монополияға қарсы орган" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 32-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 7, 38-құжат; N 13, 87-құжат; N 24, 148-құжат):
      1) 5-бапта:
      5) тармақшадағы "бекітеді" деген сөздің алдынан "өз құзыретінің шегінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақша алып тасталсын;
      2) 6-баптың 2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
      "7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
      Электр энергетикасы саласындағы қызметтің жекелеген түрлері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.";
      4) 14-баптың 4 және 5-тармақтарындағы және 16-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті органның" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 15, 94-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) реттеуіш орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;";
      14) тармақшадағы "монополияға қарсы орган" деген сөздер "монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуіш орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-тараудың тақырыбындағы "органның" деген сөз "және реттеуіш органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
      "5-1-бап. Реттеуіш органның функциясы
      Реттеуіш органның функциялары:
      1) мыналарға:
      темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порттар, телекоммуникация мен почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне);
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеуді жүзеге асыру болып табылады;
      баға түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарын талдау болып табылады.";
      4) 6-баптың 1-тармағында:
      8) тармақшаның үшінші абзацы "бойынша" деген сөзден кейін "реттеуіш органмен бірлесіп" деген сөздермен толықтырылсын;
      24) тармақша "тіркелген бағалар енгізуге" деген сөздер "реттеуіш органға тіркелген бағаларды енгізу туралы ұсыныстар енгізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      "6-1-бап. Реттеуіш органның өкілеттігі
      1. Белгіленген функцияларға сәйкес реттеуіш орган:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекет реттейтін бағаларды енгізу қажет тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы жөнінде монополияға қарсы органмен бірлесіп ұсыныс енгізуге:
      2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарын талдау жөнінде әдістемелік ұсынымдар бекітуге;
      3) оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, олардың лауазымды және өзге тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратуға және алуға;
      4) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порттар, телекоммуникация мен почта байланысы саласындағы нарық субъектісіне және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуші нарық субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны көтеруге дәлелді қорытындымен тыйым салуға;
      5) осы Заңды бұзушылыққа жол берген нарық субъектілеріне монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша тіркелген бағаларды енгізуге құқылы.";
      2. Реттеуіш орган:
      1) мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректердің негізінде оларға белгіленген нысандар бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және тауар нарықтары субъектілерінің инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуге;
      2) өз құзыретінің шегінде тиісті тауар нарықтарына баға түзу тәртібінің мәселелері бойынша түсініктемелер беруге;
      3) коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынған мәліметтердің, сондай-ақ оған жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.";
      6) 10-баптың 8) тармақшасындағы "нормативтік құқықтық актілер" деген сөздер "Үкімет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) 30-бапта:
      1-тармақтағы "нормативтік құқықтық актілерде белгіленген" деген сөздер "Үкімет белгілеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "монополияға қарсы орган" деген сөздер "монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуіш орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 31-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Тізілімге енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порттар, телекоммуникация мен почта байланысы саласындағы нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуші нарық субъектілері реттеуіш органға ай сайын босату бағалары және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың табыстылық деңгейі туралы ақпарат беруге міндетті.";
      3-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тізілімге енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порттар, телекоммуникация мен почта байланысы саласындағы нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуші нарық субъектілері тауарға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаның алдағы көтерілуі және оларды көтерудің себептерін реттеуіш орган айқындайтын тәртіппен көтеру себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып реттеуіш органды отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндеті.";
      екінші бөліктегі "монополияға қарсы" деген сөздер "реттеуіш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Реттеуіш орган осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған жаңа бағалар қолданысқа енгізілгенге дейін, 30 күннің ішінде тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды арттыруға нарық субъектілеріне дәлелді қорытындымен тыйым салуға құқылы.
      Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды арттыруға тыйым салу туралы дәлелді қорытынды алған күннен бастап нарық субъектісі тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды арттыру жөніндегі іс-қимылды тоқтатуға және тұтынушыға осы іс-қимылдармен келтірілген залалдарды белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті.";
      4-тармақтағы "органның", "органы" деген сөздер тиісінше "және реттеуіш органдардың", "және реттеуіш органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 9-тараудың тақырыбы "(нұсқамаларын)" деген сөзден кейін "және реттеуіш органның шешімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 35-бапта:
      тақырып "(нұсқамаларына)" деген сөзден кейін "және реттеуіш органның шешімдеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
      35-баптың 1-тармағындағы "шешімдеріне (нұсқамаларына)" деген сөздерден кейін "және реттеуіш органның шешімдеріне" деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң ол ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады