"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі N 840 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі N 372 Жарлығының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат, N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; N 39, 429-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
      "Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Жауапты хатшылар";
      2) "Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 319 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 561-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру тәртібінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ант салтанатты жағдайда:
      1) мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсыруымен өзге лауазымды тұлғаның (осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда);
      2) жауапты хатшының;
      3) белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның;
      4) тиісті мемлекеттік орган (құрылымдық бөлімше) қызметкерлерінің қатысуымен қабылданады.
      Ант беру салтанатына басқа да лауазымды тұлғалар шақырылуы мүмкін.";
      5-тармақта "мемлекеттік орган басшысы немесе оның тапсыруымен өзге лауазымды тұлға, тиісті мемлекеттік органның (құрылымдық бөлімшенің) қызметкерлері, шақырылған лауазымды тұлғалар" деген сөздер "осы тәртіптің 4-тармағында көрсетілген тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      бірінші абзацта "мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсыруымен өзге лауазымды тұлғаның" деген сөздер "осы тәртіптің 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "мемлекеттік орган басшысы немесе оның тапсыруымен өзге лауазымды тұлға" деген сөздер "осы тәртіптің 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 562-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде:
      32, 35-тармақтарды қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік органның басшысына", "мемлекеттік орган басшысының", "мемлекеттік орган басшысы", "мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік органдардың басшыларына" деген сөздер "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаларға", "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғалардың", "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар", "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар", "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші тарауда:
      үшінші абзацта "(әдетте, мемлекеттік органның басшысы. Бұдан әрі - мемлекеттік органның басшысы)" деген сөздер", әдетте, мемлекеттік органның басшысы (осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда), жауапты хатшы немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Жауапты хатшы немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға мемлекеттік органның басшысымен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, мемлекеттік орган қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді.";
      төртінші тарауда:
      20-тармақта:
      бірінші абзацта "бұйрығымен" деген сөз "бұйрықтарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "бұйрығы" деген сөз "бұйрықтары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      20-1-тармақтың бірінші абзацында "алтыншы" деген сөз "жетінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші тарауда:
      25-тармақта "бұйрығымен" деген сөз "бұйрықтарымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      31-тармақтың бірінші абзацында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы тарауда:
      32-тармақта:
      "Мемлекеттік органның басшысы" деген сөздер кейін "(осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Жауапты хатшы немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша мынадай шешімдер қабылдайды: тиісті жаза қолданады немесе жаза қолданбайды. Жауапты хатшы немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға материалдарды қосымша қызметтік тексеруге жібере алады.";
      35-тармақта:
      "мемлекеттік органның басшысы" деген сөздерден кейін "(осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Жауапты хатшы немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша жаза қолдану орынсыз болған жағдайда қызметшіге қатаң тәртіп сақтау қажеттігі жөнінде ескертумен шектелуі мүмкін.";
      36-тармақтың бірінші абзацында "мемлекеттік органның немесе уәкілетті органның басшысы" деген сөздер "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар немесе уәкілетті органның басшысы" деген тиісінше сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші тараудың 40-тармағында:
      "басшылардың" деген сөз "осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Жауапты хатшы немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға тәртіптік жазаны мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша қолданады.";
      тоғызыншы тарауда:
      46-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      Жауапты хатшы немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға жазаны мерзімінен бұрын алып тастау шешімін мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша қабылдайды.";
      47-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жаза қолданған, осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар тиісті өтінішті оны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен асырмай қарауға міндетті.";
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "51. Осы Ереженің бірінші тарауы үшінші абзацында көрсетілген тұлғалардың іс-әрекеттерімен немесе шешімдерімен келіспеген жағдайда жауапкершілікке тартылатын қызметші уәкілетті органға немесе сотқа осы іс-әрекеттер мен шешімдер жөнінде жазбаша түрде шағымдануға құқылы.";
      4) "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 1, 1-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат; 2003 ж., N 15, 149-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерінде:
      17-тармақты қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша "Мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік орган басшысының", "мемлекеттік орган басшысы", "мемлекеттік орган басшысына", "Мемлекеттік орган басшысының" деген сөздер "Осы Ережелердің 6-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар", "осы Ережелердің 6-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар", "осы Ережелердің 6-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалардың", "осы Ережелердің 6-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар", "осы Ережелердің 6-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаларға", "Осы Ережелердің 6-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Аттестация өткізуге дайындықты:
      1) мемлекеттік орган басшысының (осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда);
      2) жауапты хатшының;
      3) белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның тапсырмасы бойынша мемлекеттік органның кадр қызметі ұйымдастырады.";
      екінші абзацта "Ол" деген сөз "Аттестация өткізуге дайындық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта "бұйрық" деген сөз "бұйрықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      37-тармақта "бұйрығына" деген сөз "бұйрықтарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      38 және 39-тармақтарда "бұйрықты" деген сөз "бұйрықтарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 141-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат; 2003 ж., N 15, 149-құжат; 2004 ж., N 14, 172-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:
      бүкіл мәтін бойынша "Мемлекеттік орган басшысының", "Мемлекеттік орган басшысы", "мемлекеттік органның басшысы", "Мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік орган басшысының" деген сөздер "Осы Ереженің 7-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалардың", "Осы Ереженің 7-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар", "осы Ереженің 7-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар", "осы Ереженің 7-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының заңдарымен," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Үкіметтің, министрдің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының орнынан түсуі жауапты хатшылардың өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соқпайды.";
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Мемлекеттік органды құру кезеңінде қызметтік қажеттілік жағдайында бос әкімшілік лауазыммен көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін, оған орналасуға конкурс өткізу туралы міндетті хабарландыру жариялау шартымен, адамдарды үш айдан аспайтын мерзімге жұмысқа қабылдауға:
      1) мемлекеттік орган басшысының (осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда);
      2) жауапты хатшының;
      3) белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның құқығы бар.
      Қабылданатын адамдардың саны мемлекеттік органның штат санының 20 процентінен аспауға тиіс";
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Жауапты хатшы немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымдан босатады.
      Жауапты хатшы немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға мемлекеттік орган басшысының келісімінен кейін мемлекеттік орган департаменттер мен басқармаларының басшыларын, мемлекеттік орган аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және басшының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымдан босатады.";
      12, 13, 14 және 14-1-тармақтарында "Мерзімді еңбек", "мерзімді еңбек" деген сөздер "Еңбек", "еңбек" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтың екінші абзацында "үшінші және төртінші" деген сөздер "төртінші және бесінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30-тармақтың бірінші абзацында "тиісті мемлекеттік органның басшысы" деген сөздер "осы Ереженің 7-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 372 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 200-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат):
      2-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы "министрлердің бірінші орынбасарлары және орынбасарлары;" деген сөздерден кейін "жауапты хатшылар;" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 17, 212-құжат, N 21, 265-құжат; 2005 ж., N 29, 362-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесінде:
      мына:
"Министрлердің       Үкімет      Министрлер    Президентпен немесе
орынбасарлары                                  оның тапсыруы
                                               бойынша Әкімшілік
                                               Басшысымен"
      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жауапты хатшылар    Президент                 Премьер-
                                               Министрмен";
      8) "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж.,N 47, 524-құжат; 2004 ж., N 21, 265-құжат; 2006 ж., N 1, 1-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережеде:
      бүкіл мәтін бойынша "орталық мемлекеттік органның басшысына", "орталық мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік органдардың басшылары", "мемлекеттік органдардың басшыларын", "орталық мемлекеттік органдардың басшыларын", "орталық мемлекеттік орган басшысына" деген сөздер "осы Ереженің 23-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға", "осы Ереженің 23-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар", "осы Ереженің 23-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар", "осы Ереженің 23-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды", "осы Ереженің 23-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды", "осы Ереженің 23-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жауапты хатшылар;";
      3) тармақша алынып тасталсын;
      22-тармақтың 1) тармақшасында:
      "ведомстволарды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      "басшылары орынбасарларының," деген сөздерден кейін "жауапты хатшылардың," деген сөздермен толықтырылсын;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның жұмыс органы мемлекеттік саяси қызметтің бірінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидатуралардың тізімдерін ұсыну мерзімдері мен нысаны туралы:
      1) мемлекеттік органдардың басшыларын (осы мемлекеттік органдарда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда);
      2) жауапты хатшыларды;
      3) белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларды;
      4) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерін;
      5) ұлттық компаниялардың бірінші басшыларын;
      6) ұйымдардың басшыларын хабардар етеді.";
      23-2-тармақтың екінші абзацында және 23-10-тармақтың екінші абзацында "осы мемлекеттік органның басшысы" деген сөздер "осы Ереженің 23-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат; N 27, 329-құжат; N 28, 345-құжат; N 30, 380-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
      "С" санаттарының тобында:
      С-1 санаты мынадай редакцияда жазылсын:
      "С-1 санаты
      Аппарат жетекшісі 1
      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі
      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін қоспағанда, орталық аппараттың штат саны кемінде 100 бірлік болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда енгізіледі";
      10) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж.,N 19, 234-құжат, N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат, N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат, N 38, 420-құжат, N 39, 429-құжат):
      аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"Қазақстан  7,13 7,49 7,84 8,20 8,56 8,77 8,98 9,20 9,41 9,48 9,63"
Республикасы
Президенті
Әкімшілігінің
бөлім меңгерушілері
және өзге де
құрылымдық
бөлімшелерінің
жетекшілері,
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі
бастығының орынбасарлары
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Министрліктің жауапты
хатшысы 7,13  7,49 7,84 8,20 8,56 8,77 8,98 9,20 9,41 9,48 9,63
Агенттіктің жауапты
хатшысы 6,57 6,90 7,23 7,56 7,88 8,08 8,28 8,48 8,67 8,74 8,87";
      11) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 483-құжат; 2005 ж., N 29, 362-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесінде:
      25-тармақтың 2) тармақшасы "бірінші басшысының" деген сөздерден кейін "(осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда), жауапты хатшының немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 19, 225-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерінде):
      төртінші абзац "Мемлекеттік органдардың басшылары" деген сөздерден кейін "(осы мемлекеттік органдарда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда), жауапты хатшылар немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ "басшысының" деген сөзден кейін "(осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда), жауапты хатшының немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 329-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері туралы ережеде:
      6-тармақта:
      1) тармақшасы "әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің," деген сөздерден кейін "мемлекеттік органдар басшылардың (егер осы мемлекеттік органдарда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда), жауапты хатшылардың немесе белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалардың," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшасы "әкімдер мен өзге де мемлекеттік органдардың басшыларына" деген сөздерден кейін "осы Ереженің 6-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      1) тармақшасында "мемлекеттік органдардың, олардың бөлімшелерінің" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшасында "мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларына" деген сөздер "осы Ереженің 6-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтың 1) тармақшасында "мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына" деген сөздер "осы Ереженің 6-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі, оған Қазақстан Республикасының тиісті орталық атқарушы органдары жауапты хатшыларының лауазымдарына тағайындалған күннен бастап қолданысқа енгізілетін жауапты хатшының өкілеттіктері қосылмайды.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады