Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қазандағы N 912 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II»"Шығындар" бөлімінде:
      01»"Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
      01»"Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында:
      101»"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" әкімшісі бойынша:
      "1737605" деген сандар "1748551" деген сандармен ауыстырылсын;
      001»"Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасында:
      001»"Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасында "1499967" деген сандар»"1510913" деген сандармен ауыстырылсын;
      001»"Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасында»"1532027" деген сандар "1542973" деген сандармен ауыстырылсын;
      104»"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" әкімшісі бойынша:
      "1728054" деген сандар "1717108" деген сандармен ауыстырылсын;
      001»"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасында:
      001»"Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасында "858537" деген сандар»"847591" деген сандармен ауыстырылсын;
      001»"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасында "1128054" деген сандар "1117108" деген сандармен ауыстырылсын;

      2)»"2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысында :
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  1-қосымшада :
      "Құны" деген 1-тармақта»"1532027" деген сандар "1542973" деген сандармен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  7-қосымшада :
      "Құны" деген 1-тармақта "1128054" деген сандар "1117108" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады