2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналардың:
       1 ,   2 ,   3 ,   4-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына    
1-ҚОСЫМША        

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
               Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1542973 мың теңге (бiр миллиард бес жүз отыз екi миллион жиырма жетi мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.06.  N 912  Қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiгін арттыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457  Жарлығы ; "Байқоңыр" кешенiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнің арнаулы өкiлi туралы ереженi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 25 шілдедегi N 155  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тұрақтылықты, халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiн, Конституцияның мызғымастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің егемендiгiн, конституциялық құрылысын қорғау мен күшейту жөнiндегi, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi саясатын жүзеге асыру, Қазақстанның күллi халқының игiлiгi үшiн қоғамдық келiсiм мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамудың конституциялық қағидаларын, қазақстандық патриотизмдi өмiрге енгізу және мемлекет өмiрiнің неғұрлым маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешу, елдің әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын, оны iске асыру, әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетiгi мен тактикасын жетiлдiру жөнiндегi шаралар кешенiн тұжырымдау, өзiнің қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгін жетiлдiру жөнiнде қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес, бiлiм беру бағдарламалары бойынша кәсiптiк қызмет саласында теориялық және практикалық бiлiмiн, iскерлiгi мен кәсiби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :
1) Қазақстан Республикасы Президентiнің, Мемлекет басшысы жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың қызметiн құжаттамалық, құқықтық, ұйымдық, ақпараттық-талдау, хаттамалық және сыртқы саяси жағынан қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiк органдардың қызметiне жалпы бақылау, соның ішінде Мемлекет басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылау жасау;
3) республика Президентiнiң шешімдерiн мүлтiксіз, егжей-тегжейлi әрi уақтылы орындау;
4) республика Президентiн елдегi және шетелдегi iстің жай-күйi туралы уақтылы әрi толық хабардар ету;
5) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсіптiк шеберлiгiн жетiлдiру жөнiнде қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес, бiлiм беру бағдарламалары бойынша кәсiптiк қызмет саласында теориялық және практикалық бiлiмiн, iскерлiгi мен кәсiби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттің iшкi және сыртқы саясатының негiзгi қағидаларын "Байқоңыр" кешенiнде орналасқан қазақстандық мемлекеттiк билiк органдарының iске асыруы жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
7) "Байқоңыр" кешенінде жұмыс iстейтiн қазақстандық мемлекеттiк органдардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңдық құзiретiн және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде, оның iшiнде Мемлекет басшысының тапсырмалары мен актілерiнің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Мемлекет Басшысының қатысуымен елде және шетелде өтетін іс-шараларды дайындау мен өткізу;
мемлекет Басшысының жергілікті өкілді органдармен, атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
мемлекет Басшысы актілерінің, Жарлықтары мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуді, шығаруды және жариялауды қамтамасыз ету;
мемлекет Басшысы актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау мен тексеруді қамтамасыз ету;
елдегі және шетелдегі ішкі және сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайға талдау жасау;
ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
Президент Әкімшілігінің саяси партиялармен, БАҚ-пен, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
"Қазақстан-2030"» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын, Президенттің Қазақстан халқын жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөнінде іс-шаралар өткізу;
бірқатар Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау мен үйлестіруді жүзеге асыру:
"Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамыту", Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығымен бекітілген;
"Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беру ісін дамыту", Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығымен бекітілген;
"2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту", Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

3

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметшілердің (соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының) біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді жеті тақырып бойынша сатып алу:
1) мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет;
2) экономика;
3) ақпараттық технологиялар;
4) мемлекет және құқық;
5) әлеуметтік саясат;
6) электрондық құжат айналымы;
7) құжаттардың құндылығына сараптама жасау және мұрағатты жинақтау.
Мемлекеттік тілге және ағылшын тіліне оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

4

  

009

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Материалдық-техникалық жарақтандыру.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі

5

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Техникалық, технологиялық, бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу. Интернет желісіне қосылу қызметтерін сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі

6

  

100

"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнайы өкілдіктің аппараты

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш кешенін пайдаланудың негізгі қағидаттары мен талаптары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімді, Қазақстан Республикасының заңдық құзыретін және»"Байқоңыр" ғарыш айлағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бөлігіндегі 1994 жылғы 10 желтоқсандағы жалдау шарттары мен қосымша келісімдер шартын іске асыру.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі 

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
- Қазақстан Республикасы Президентiнің қызметiн толығымен қамтамасыз ету, соның iшiнде мемлекеттiк органдардың қызметiне және нормативтiк-құқықтық актiлердің орындалуына бақылау жасау;
- бiр мемлекеттiк инспектордың жылына 7 iссапарда болуы (16 адам);
- 151 адамның кәсiби бiлiктiлiгi деңгейiн арттыру (соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының 11 қызметкерi);
- 280 адамды мемлекеттiк тiлге оқыту;
- 48 адамды ағылшын тiлiне оқыту;
- "Байқоңыр" кешенiндегi арнаулы өкiлдiктi материалдық-техникалық және ақпараттық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету.
Түпкi нәтиже:
- елдің саяси тұрақтылығын, ұлттық қауiпсiздiгін, мемлекеттiк егемендiгін нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, халықтың саяси мәдениетiн қалыптастыру, азаматтарды мемлекет басқару мен шешiмдер қабылдауға тарту, атқарушылық билiк жүйесiн орталықтан алу,
жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту;
- экономиканың индустриялық-инновациялық дамуы, кәсiпкерлiк ортаны дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау, республика азаматтарының әлеуметтiк жағдайын жақсарту, сапалы әрi қол жетiмдi бiлiм беру, денсаулық сақтау;
- мемлекеттiк тiлдің қолданылу аясын кеңейту, елде тұратын түрлi этностық топтардың мәдениетi мен тiлдерiн дамыту, рухани өркендеу мен конфессияаралық келiсiм;
- өңiраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- бiр мемлекеттiк қызметшінің бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалатын орташа шығындар 18,4 мың теңге (соның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағаты бойынша - 38,6 мың теңге);
- бiр мемлекеттiк қызметшiнi мемлекеттiк тiлге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 35,9 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшiнi ағылшын тiлiне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар 20,8 мың теңге.
Уақтылығы:
жасалған шарттарға және қойылған мiндеттерге сәйкес жыл бойына орындалуы.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшілігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткiзу үшiн белгiленген мерзiмдердi ескере отырып, iс-шараларды 100 пайыз сапалы және уақтылы орындау. Кәсiби мемлекеттiк қызметтің талаптарына сай, қазiргi экономикалық жағдайларға орай мемлекеттiк қызметкерлердің кәсiби деңгейiн арттыру; мемлекеттiк тiлдi оқыту курсынан өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметшiлердің 40 пайызға мемлекеттiк тілде iс жүргiзуге көшкен; ағылшын тiлiн оқыту курсынан өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметкерлердің 20,8 пайызға ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейдi; бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметшiлердің 33,1 пайызға жоғары лауазымдарға тағайындалған.

      Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына    
2-ҚОСЫМША        

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
               Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық аспектiлерiн болжамды-талдамалық қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 95856 мың теңге (тоқсан бес миллион сегiз жүз елу алты мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1235  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 977  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасы басшылығының республиканың саяси, әлеуметтiк, экономикалық дамуының түрлi салаларында шешiмдер қабылдауы, мемлекеттің стратегиялық даму аспектiлерiн ұлттық қауiпсiздiк тұрғысынан әзiрлеу және негiздеу үшiн баламалы ғылыми-талдамалық базаны қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясы мен ұлттық қауiпсiздiгi саласында тұжырымдамалық негiздер мен практикалық ұсынымдарды әзiрлеу;
- шет мемлекеттердің сыртқы саяси бағыты мен әлемдегi және шектес өңiрлердегi әскери-стратегиялық ахуалға талдау мен болжау;
- Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтiк, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға талдау мен болжау;
- экологиялық қауiпсiздік проблемаларын зерттеу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету

1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты аспектілері шеңберінде ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды қамтитын ғылыми-талдамалық зерттеулердің орындалуын қамтамасыз ету, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының геосаяси ортасы мен сыртқы саясатының негізгі стратегиялық аспектілері саласында:
- Қазақстанның айналасындағы елдердің (ҚХР, РФ, Түркия, Иран, Пәкістан, Ауғанстан) ішкі саяси, әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын зерделеу;
- Қазақстанның РФ-мен, ҚХР-мен, АҚШ-пен, Түркиямен, ЕО елдерімен, ТМД мемлекеттерімен екі жақты қарым-қатынастарын талдау;
- орталық Азия аймағындағы жалпы жағдайға сыртқы саяси мониторинг;
- аймақтық интеграцияның ерекшеліктерін, аймақтық қауіпсіздік проблемаларын және т.б. зерттеу.
Қазіргі Қазақстандағы саяси және әлеуметтік үдерістер саласында:
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси мониторингі;
- республикадағы ішкі саяси және әлеуметтік үдерістердің дамуын талдау және болжау;
- Қазақстандағы көші-қон үдерістеріне талдау және т.б.
Экономикалық қауіпсіздік саласында:
- Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу;
- әлемдік экономиканың даму үрдістерін зерттеу және олардың Қазақстан экономикасына әсерін талдау;
- ғаламдану проблемаларын және олардың Қазақстанға әсерін зерттеу;
- республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мониторинг және т.б.
2. Халықаралық, қоғамдық және саяси ұйымдармен тақырыптық конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу. Аталған қызмет бағытының орындылығы ұлттық аймақтық қауіпсіздіктің тұрақты жүйесін құру жөнінде ортақ тұжырымдар әзірлеу үшін халықаралық сарапшылардың қатысуымен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын тұрақты талдау, зерттеу, талқылау қажеттігімен байланысты.
3. Қазақстан Республикасының және оның саяси көшбасшысының ел ішіндегі, сонымен қатар шетелдегі де жағымды бедел-бейнесін насихаттау және қолдау үшін халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен және ұйымдармен байланыстар ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
4. Басшының бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу.

Жыл бойына

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
- мынадай тақырыптар бойынша шамамен 4 iрi халықаралық конференция өткiзу:
"Қазақстан Республикасының ғаламдану жағдайындағы қазiргi заманғы қаржы жүйесiнің жай-күйi", "Орталық Азиядағы жаңа болмыстар: қазiргi заманғы геосаяси проблемалар және оларды шешуге көзқарас", "Орталық Азия мемлекеттерi саяси транзиттің ерекшеліктерi", "Каспий өңiріндегi ынтымақтастықтың қазiргi заманғы қауіпсiздiк проблемалары мен басымдықтары";
- 4 мынадай тақырып бойынша әлеуметтiк зерттеу жүргiзу: "Қазақстан Республикасындағы этносаяси ынтымақтастықтың жай-күйi мен оны дамыту перспективалары", "Қазақстан Республикасы өңiрлерiндегi шағын және орта бизнестi дамытудың қазiргi заманғы жай-күйi", "Қазақстан Республикасы саяси жаңғыруының негiзгi бағыттары", "Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық қатынастардың жай-күйi және оны дамытудың перспективалары туралы";
- жүргiзiлiп жатқан зерттеулердi талдау баяндамалары, ғылыми мақалалар мен монографиялар түрiнде жариялау, атап айтқанда, конференциялар материалдарының 4 жинағын, 6 монография (iшкi саясат мәселелерi бойынша - 1, сыртқы саясат мәселелерi бойынша - 3, экономикалық саясат мәселелерi бойынша - 2) шығару, олар Қазақстан дамуындағы өзектi мәселелерге арналатын болады;
- төрт мерзiмдi басылым шығару: "Казахстан - Спектр" (ғылыми сипаттағы материалдар жариялау - 4 нөмiр), "ANALYTIC" (таза ғылыми зерттеу шеңберiнен тыс, қолданбалы сипаттағы талдау материалдарын жариялау - 6 нөмiр), "Central Asia's Affairs" (әлемнің жетекшi талдау орталықтарының сарапшыларымен тiкелей диалог орнату мүмкiндiгiн беретiн Орталық Азияда ағылшын тiлiнде шығатын бiрден-бiр басылым - 4 нөмiр), "Қоғам және Дәуiр" (халықаралық қатынастар мен аймақтық қауiпсіздiктің өзектi мәселелерiне, Қазақстан дамуының iшкi саяси және экономикалық мәселелерiне, қазiргi уақыттағы тарихи-философиялық және мәдени проблемаларға арналған - 4 нөмiр);
- өткiзiлетiн конференцияларды көрудi қамтамасыз ету үшiн 4 теледидар сатып алу;
- ҚСЗИ қызметкерлерiнiң кабинеттерiн жабдықтау мен еңбек жағдайын жақсарту үшiн 5 дана компьютер, 3 дана ноутбук, 1 дана баспалдақ сатып алу.
Түпкi нәтиже:
Шет мемлекеттердiң сыртқы саяси бағытына, әлемдегi әскери-стратегиялық ахуалға, Қазақстан Республикасындағы экономикалық, әлеуметтiк, этнодемографиялық және қоғамдық-саяси ахуалға болжау жасау арқылы Қазақстан Республикасының тұрлаулы да қауiпсiз дамуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- журналдар мен монографиялар шығару бойынша бiр баспа қызметiн көрсетудің орташа жылдық құны 226,67 мың теңге;
- бiр әлеуметтану зерттеуiн жүргiзудің орташа құны 1 250 мың теңге;
- бiр халықаралық конференция өткiзудің орташа құны 183,5 мың теңге;
- бiр қатысушыға шаққандағы халықаралық конференциялар құнының арақатысы 1,0 мың теңге.
Уақтылығы және сапасы:
- тиiстi кезеңге арналған көзделген жоспар бойынша iс-шаралардың орындалуын 100 пайыз сапалы да уақтылы ұйымдастыру, сондай-ақ елдегi ахуалдың дамуына байланысты жоспардан тыс iс-шаралар өткiзу, зерттеулер жүргiзу.

     Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына    
3-ҚОСЫМША        

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
               Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

     1. Құны : 109722 мың теңге (бiр жүз тоғыз миллион жетi жүз жиырма екi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Қазақстан Республикасы Президентiнің Архивiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1994 жылғы 14 қаңтардағы N 1502  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Президентiнің Мұрағаты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 15 маусымдағы N 52  өкiмi .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ақпарат тасығыштардың барлық түрлерiнде тұрақты мемлекеттiк сақтауды жақсарту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :
- Қазақстан Республикасының Президентi Әкімшілігінің қызметінде пайда болатын құжаттарды және мұрағатта сақталған басқа да құжаттарды тұрақты мемлекеттiк сақтау, олардың сақталуын және мемлекеттiк есепке алынуын, мекемелердегi уақытша ведомстволық сақтаудағы құжаттарға мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
- мұрағатты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік мекемелердің құжаттарымен жасақтау;
- мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау және дамыту;
- мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру және оларды ғылыми жариялау;
- құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға қатысу және оның жағдайын бақылау;
- мемлекеттік құпиялар бар құжаттармен жұмыста құпиялылық режимін сақтау.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану

1) Қазақстанның жаңа тарихын зерделеу үшін зерттеушілерге деректемелік құжаттық базаны кеңейту мақсатында құжаттардың құндылығына сараптама жүргізіп, істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау.
2) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуді жақсарту үшін:
- ерекше құжаттардың көшірмелерінің сақтандыру қорын құру үшін микрофотокөшірме жасау;
- қабылданған істерді тігу және түптеу, құжаттардың беттерін қалпына келтіру, құжаттардың нашар көрінетін мәтіндерін компьютерлік графикамен қайта жасау;
- микрофильмдер мен қағаздағы құжаттарға цифрлау жүргізу.
3) Азаматтардың, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін:
- тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұрауларын орындау;
- зерттеушілерге оқу залына қажетті құжаттар беру.
4) Мұрағаттық ақпаратты іздестіруді жақсарту үшін:
- "Электрондық мұрағат" және "Электрондық құжат айналымы мұрағаттық технологияларын енгізуді жүргізу;
- мұрағат қорларына каталог пен ғылыми анықтамалық аппаратты жетілдіруді жүргізу.
5) Тарихи-мұрағат мұрасын танымал етуге және ғылыми айналымға жаңа фактологиялық материалды енгізу үшін мақалалар мен ғылыми жарияланымдар әзірлеп, тарихи-құжаттамалық көрмелер өткізу.
6) Бақылауды қамтамасыз ету үшін мұрағаттың мекемелерінде -
жинақтау көздерінде мұрағаттардың құжаттандырылуы және ведомстволық сақталуы жағдайын тексеру.
7) Басшының бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
- мемлекеттiк мекемелердің басқару құжаттамасынан, мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерiнің жеке тұрғыдағы құжаттарынан мемлекеттiк сақтауға 3,7 мың iс қабылдау;
- 938 сақталу бiрлiгiнің микрокөшiрмесiн жүргiзу және аса маңызды құжаттардың көшiрмелерi сақтандыру қорының 125,3 мың кадрын дайындау, 4 мың iстi тiгу және түптеу, құжаттардың 140 мың парағын жөндеп-реттеу, компьютерлiк графикамен нашар көрiнетiн мәтiндердің 2,5 мың парағын қалпына келтiру, микрофильмдердің 4 мың кадрына және қағаздағы құжаттардың 3 мың парағына цифрлау жүргiзу;
- мекемелер мен азаматтардың кем дегенде 200 тақырыптық және әлеуметтiк-құқықтық сұрауларын орындау, зерттеушiлердi мұрағаттың оқу залы арқылы талап етiлген ақпаратпен қамтамасыз ету;
- каталогтың 29,8 мың карточкасын және 27,6 мың iстiң ғылыми-анықтамалық аппаратты жетiлдiру;
- бұқаралық ақпарат құралдарында 4 мақала және ғылыми жарияланымдар әзiрлеу, мектеп пен жоғары оқу орындары оқушыларымен 4 тарихи-құжаттамалық көрме және 7 экскурсия өткiзу болжанып отыр;
- "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" ҚР Заңының талаптарын орындау жөнiнде құжаттандыру жағдайы және құжаттамаларды басқару, сондай-ақ құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелерi бойынша мекемелерде 7 тексеру жүргiзу болжанып отыр;
- өндiрiстiк мiндеттердi шешу үшiн 14 дербес компьютер, 1 магнитофон, 3 жылжымалы сөрелер, 1 электр қағаз кескiш, 1 қылышты қағаз кескiш, 1 микрофильмдер үшiн оқу аппаратын сатып алу көзделiп отыр.
Түпкi нәтиже:
1. Мұрағаттық қор 0,6 пайызға өсiп, 659,3 мың сақтау бiрлiгiне жетедi деп болжануда. 130-150 зерттеушiге басқарушылық мiндеттердi шешуде, жарияланымдар мен ғылыми еңбектерде мұрағаттық құжаттарды пайдалану үшiн 10 мыңға жуық iс беру болжанып отыр.
2. Микрофотокөшірмеден өткен iстердiң саны 1,7 пайызға көбейедi деп болжанып отыр, сақтандыру қорының көлемi 2,4 пайызға өсiп, 6275,7 мың кадрды құрайтын болады. Нашар көрiнетiн мәтiндердi қалпына келтiру есебiнен бұрын зерттеушілерге алу мүмкiн болмайтын құжаттардың оқылу деңгейi артады, сондай-ақ ақпаратты ұзақ уақыт сақтау мен оның қауiпсiздiгi қамтамасыз етiледi.
3. Мемлекеттiк мекемелер мен азаматтардың сұрауларын орындау қажеттi ақпарат алу құқығына деген Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ол ақпаратты әлеуметтiк-экономикалық, ғылыми және мәдени мақсаттарда пайдалануға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің ақпараттық сұраулары 100 пайыз қамтамасыз етiледi деп күтiлуде және азаматтардың 80-85 пайызға өздерiнің заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшiн құжаттардың көшiрмесiн ала алады.
4. 5 автоматтандырылған дерекқор мен электрондық мұрағат негiзiнде ақпаратты iздеудің жылдамдығы мен сапасы одан әрi артатын болады.
5. Қазақстанның азаматтары көп зерттелмеген тарихи процестермен және оқиғалармен танысуға мүмкiндiк алады. Орта мектептің және жоғары оқу орындарының 200 оқушысы 4 тарихи-деректi көрмеге барады, 7 лекция тыңдайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында тарихи тақырыптарға 4 мақала жарияланады және 55 баспа табақ көлемiндегi 1 құжаттар жинағы дайындалады.
6. Мемлекеттiк мекемелерде құжаттаудың және Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақтаудың жай-күйiне мемлекеттiк бақылау қамтамасыз етiлетiн болады. Мекемелерде нормативтiк-әдiстемелiк құжаттардың 100 пайыздық болуы, мұрағаттардың техникалық жай-күйiн жақсарту және мемлекеттiк сақтауға 3,7 мың iс тапсыру көзделуде.
7. Жұмыс орындарын электрондық-есептеу техникасымен жабдықтаудың 100 пайызға жетуi, ақпараттық ресурстарды iздеудi автоматтандыру күтiлуде.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
тиiмдiлiктің өлшемдерi 1 iстi сақтаудың 13,12 теңге; 1 iстi тiгудің 246,47 теңге; құжаттың 1 парағын жөндеп-реттеудің 4,79 теңге; құжаттың 1 парағының микрофотокөшiрмесiн жасаудың және микрофишалар дайындаудың 806,96 теңге; мәтiнi нашар көрiнетiн құжаттың 1 парағын қалпына келтiрудің 368,63 теңге орташа құнының негiзiнде айқындалатын болады.
Уақтылығы:
нақты тапсырмаларды және жұмыстардың көлемiн орындаудың уақтылығы негiзгi iс-шаралардың белгiленген мерзiмдерiмен айқындалады.
Сапасы:
- мұрағаттың сарапшы-тексеру комиссиясының жұмыс нәтижелерi бағалаумен (iстердi мемлекеттiк сақтауға дайындау, қабылдау, көрмелердің, лекциялардың, экскурсиялардың тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, т.б.), зерттеушілердің мұрағаттық ақпаратқа деген қажеттiктерiнің қанағаттандырылуы туралы пiкiрлерiмен айқындалады;
- аса бағалы құжаттардың көшірмелерiнің сақтандыру қорын құру жөнiндегi жұмыстардың сапасы микрофильмдер дайындаудың технологиялық регламентiмен, нашар көрiнетiн мәтiндердi жөндеп-реттеу, түптеу мен қалпына келтiру арнаулы нұсқаулықтармен айқындалды.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына    
4-ҚОСЫМША        

101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
               Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 141097 мың теңге (бiр жүз қырық бiр миллион тоқсан жетi мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегi Қазақстан Республикасының Конституциялық  Заңы ; "Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнің мұражайын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1431  Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстанның қазiргi тарихының, президенттiк институттың дамуын және тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің рөлiн айғақтайтын деректі, тарихи материалдарды көрсету арқылы халықтың мәдениетiнің, тарихи дара санасының деңгейiн көтеру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : тарихи-мәдени және әлеуметтiк-саяси ақпаратты топтау мен зерделеудің мәдениеттанушылық және ғылыми-әдiстемелiк процесi үшін жағдай жасау.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өміріне, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты материалдарды кешенді жинақтау, жүйелеу, сақтау, зерттеу мен танымал ету негізінде тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпаратты топтастыру мен зерделеу процесін мәдениеттанушылық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Құрал-жабдық сатып алу.
Материалдық емес активтерді сатып алу.

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайы

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тiкелей нәтиже:
- мұражайға келетiндер саны 50000 адамнан кем болмауға тиiс;
- жоспарланған шетелдiк келушiлер саны кемiнде 600 адамды құрайды;
- мектеп оқушыларының саны кемiнде 23000 баланы құрайды;
- 1 (бiр) ғылыми-зерттеу конференция өткiзу;
- мұражайға келушiлерге кемiнде 1600 экскурсия жүргiзу;
- құрал-жабдық сатып алу 1 дана маршрутизатор, 1 дана кiтапша түптегiш, электрондық мұрағат жасау үшін құрал-жабдық, кемiнде 4 дана мұражай экспонаттары, түптеу аппараты 1 дана, 1 дана әмбебап сканер, 1 дана әмбебап қолмен жылжытқыш, 1 дана объективтер жиынтығы, 1 дана фотоаппарат үшін объектив, 1 дана сканерлеу модулі, 1 дана компьютермен қосатын бақылағыш;
- лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу:
iс-шаралар бойынша автоматтандырылған мұражай ақпараттық жүйесiн;
Веб-сайтты жаңарту және ақпаратпен толтыру үшiн құрылымды;
- 54 дана мұражай құрал-жабдығын дайындау жөнiндегi қызметтердi сатып алу.
Түпкi нәтиже: Қазақстанның қазiргi тарихының дамуын жинақтау, есепке алу мен сақтау, зерделеу мен танымал ету негiзiнде мәдени-бiлiм беру және ғылыми-зерттеу қызметiн жүргiзу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұражайдың бiр экспонатын сақтаудың орташа құны 2020 теңге.
Уақтылығы: тиiстi кезеңге арналған көзделген кесте бойынша iс-шаралардың орындалуы.
Сапасы: Республика халқының мәдени, рухани деңгейiн көтеру және әлем жұртшылығын Қазақстанның қазiргi тарихының, президенттiк институттың дамуымен және тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің рөлiмен мұражай коллекциясы негiзінде таныстыру.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.20.  N 1108  Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады