Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
7 ,
8 ,
9 ,
10,
11,
12-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
7-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң қызметiн қамтамасыз
ету" деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1117108 мың теңге (бiр миллиард бiр жүз жиырма сегіз миллион елу төрт мың теңге).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.06.
N 912
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудің және мемлекеттiк құпияларын қорғаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 1532
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мемлекетi құпияларын қорғаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 28 сәуiрдегi N 399қбү қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне басшылық жасау жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
өзiнің лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгін жетiлдiру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсіптiк қызмет саласындағы бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдi, iскерлiктi және кәсiби дағдыны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
3 |
|
007 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін мынадай үш бағыт бойынша арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
4 |
|
009 |
Мемлекеттік органдарды материалдық техникалық жарақтандыру |
Қызметті материалдық техникалық жарақтандыру. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
5 |
|
017 |
Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету |
Шығыс материалдарын, есептеу техникасы мен лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу.
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
:
Тiкелей нәтиже:
Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қызметiне басшылық жасау жөнiндегi қызметiн қамтамасыз ету.
кәсiптiк деңгейiн арттыру - 20 адам;
мемлекеттiк тiлдi оқыту - 125 адам;
ағылшын тiлiн оқыту - 24 адам;
Түпкi нәтиже:
мемлекеттiк атқарушы органдардың жүргізілетін мемлекеттік саясатты iске асыруға бағытталған тиiмдi қызметi.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиiмдiлiгi;
бiр мемлекеттік қызметшiнің бiлiктiлiгiн арттыруға арналған орташа шығындар - 51,0 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметшіге мемлекеттiк тілдi оқытуға арналған орташа шығындар - 35,1 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметшiге ағылшын тiлiн оқытуға арналған орташа шығындар - 18,6 мың теңге.
Уақтылығы:
бiр жыл iшiнде жоспарланған iс-шаралар мен қойылған мiндеттердi уақтылы орындау.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiне жүктелген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн белгiленген мерзiмдi ескере отырып, iс-шараларды сапалы орындау;
қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттыру;
бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткеннен кейiн жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалуы мүмкiн мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi 20 пайыз;
мемлекеттiк тiлдi оқыту курстарынан өткеннен кейiн мемлекеттiк тiлдi iс жүргiзуге көшетiн мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi 30 пайыз;
ағылшын тiлiн оқыту курстарынан өткеннен кейiн ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн мемлекеттік қызметшiлердің үлесi 30 пайыз.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
8-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету" деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 281312 мың теңге (екi жүз сексен бiр миллион үш жүз он екi мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасында ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің және мемлекеттiк құпияларды қорғаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 1532
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 390-16 қаулысымен бекiтiлген Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулық; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің "Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 435
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мемлекеттік құпияларын қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 28 сәуiрдегi N 399қбү қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: мемлекеттiк органдар мен мекемелерде ақпаратты техникалық қорғау және бiлiктi кадрларды даярлау арқылы ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту;
мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
|
100 |
Мемлекеттік органдарда ақпаратты техникалық қорғауды ұйымдастыру жөніндегі орталық |
1) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мемлекеттік құпияларын қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау:
|
Жыл бойы |
"Ақпараттық техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік мекемесі |
3 |
|
101 |
Ақпарат қауіпсіздігі саласында мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру орталығы |
1) Ақпараттық қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру.
|
Жыл бойы |
"Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру" мемлекеттік мекемесі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже:
мемлекеттік органдарды ақпаратты техникалық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы ақпараттың жария болу техникалық арналарының санын барынша азайту;
мемлекеттік органдар мен мекемелерде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы даярланған білікті мамандардың санын ұлғайту.
Түпкі нәтиже:
мемлекеттiк органдарда ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиiмдiлiгi.
Уақтылығы:
мемлекеттік органдарда ақпараттың жария болу техникалық арналарын уақтылы анықтау және оларды жою, сондай-ақ ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мамандардың кәсiби деңгейiн арттыру.
Сапасы:
мемлекеттiк органдарда ақпараттың жария болуын ескерту.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
9-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Мемлекеттік мекемелердi фельдъегерлiк байланыспен қамтамасыз ету" деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 407 915 мың теңге (төрт жүз жеті миллион тоғыз жүз он бес мың теңге).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.
N 597
қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы
Заңы
; "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1042қбү қаулысы;
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын сақтай отырып, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелердi үкiметтiк курьерлiк байланыспен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: арнайы жөнелтiмдердi жедел жеткiзудi қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету |
Мыналарды қамтамасыз ету:
|
Жыл бойы |
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже:
Арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы және толық жеткізу.
Қаржы экономикалық нәтиже:
Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі.
Уақытылығы:
Хат-хабарлар мен жүктерді уақытылы жеткізу.
Сапасы:
Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді толық көлемде жеткізу.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
10-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
""Қазына" орнықты даму қоры" АҚ үшiн әкiмшiлiк ғимарат сатып алу" деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны:
3000000 мың теңге (үш миллиард теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 16 наурыздағы
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 15 сәуiрдегi N 286
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену және пайдалану құқығына ие мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-ның тиiмдi корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру үшiн жағдайды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: объектiнің мемлекеттiк меншікке кезең-кезеңiмен сатып алу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
005 |
|
"Қазына" орнықты даму қоры" АҚ үшін әкімшілік ғимарат сатып алу |
Әкімшілік ғимаратты сатып алу үшін түпкілікті ақы төлеуді жүзеге асыру. |
2007 жылдың бірінші жарты жылдығы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
:
Тiкелей нәтиже:
- әкiмшiлiк ғимаратты мемлекеттiк меншiкке сатып алу үшiн төлеудің екiншi кезеңiн жүзеге асыру;
Түпкі нәтиже:
- объектiнi мемлекеттiк меншiкке сатып алу.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- мемлекеттiк меншіктің активтерiн көбейту.
Уақтылығы:
- белгiленген мерзiмдерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
11-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк органдардың қызметiн автокөлiкпен қамтамасыз ету" деген 007 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: автокөлiктi орталықтандырылған сатып алу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
007 |
|
Мемлекеттік органдардың қызметін автокөлікпен қамтамасыз ету |
Мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін автокөлікті орталықтандырылған сатып алу. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
:
Тiкелей нәтиже:
Мемлекеттiк органдарды автокөлiкпен қамтамасыз ету.
Түпкi нәтиже:
Мемлекеттiк органдардың оларға жүктелген функцияларды уақтылы орындауы.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиiмдiлiгi.
Уақтылығы:
Мемлекеттiк органдар үшiн автокөлiктi уақтылы жеткiзу.
Сапасы:
Сатып алынған автокөлiктің техникалық айрықшалық талаптарына сәйкес келуi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына
12-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2007 жылға арналған
"Электрондық үкiмет құру"
деген 112 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 168149 мың теңге (бiр жүз алпыс сегiз миллион бiр жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет
кодексi
; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтi" қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi нормативтiк құқықтық кесiмдерінің электрондық мұрағатын құру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi үшін Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Yкiметiнің, Министрлер Кабинетiнің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң кесiмдерiн қамтитын электрондық мұрағатын құру және енгiзу.
Мемлекеттiк билiк органдары нормативтiк құқықтық кесiмдерiнің мұрағаттары үшiн үлгi шешiм ретiнде пайдаланылуы мүмкiн бағдарламалық-техникалық кешен құру.
Құжаттардың қағаз қорының сақталу деңгейiн ұлғайту, қағаз нормативтiк құқықтық кесiмдер түпнұсқаларының тозу және жоғалу қауiптерiн азайту.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
112 |
|
Электрондық үкiмет құру |
Қазақстан Республикасы заңдарының, Президенті мен Үкіметі, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті кесімдерінің электрондық мұрағатын құру және енгізу үшін қызметтер, техникалық құралдар, лицензиялық бағдарламалық өнімдер сатып алу. |
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
:
Тiкелей нәтижесi:
Мұрағаттағы құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну уақытын қағаз технологиямен салыстырғанда 30 минутқа азайту.
Түпкi нәтижесi:
Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Yкiметiнiң, Министрлер Кабинетiнiң, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің кесiмдерiн қамтитын электрондық мұрағатқа рұқсатты қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесi:
Республикалық бюджет қаражатының жұмсауын оңтайландыру және оның тиімдiлiгi.
Уақтылығы:
Жоспарланған іс-шараларды және қойылған міндеттерді жыл бойы уақытылы орындау.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлеріне жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.