"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 900 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республиканың Заңы
 
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж. N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 11, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N-17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжат; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат, N 23, 104-құжат.; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 жылғы 12 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңы ; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы ):
      321-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "алуға" деген сөзден кейін (;) қойылсын, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) кепіл берушіде өзге мүлік болмаған кезде кепіл ұстаушы талабының алдында басымдыққа ие болмайтын кепіл берушінің үшінші тұлғалар алдындағы атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алуға құқылы.".
      2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж. N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 229-бапта:
      тақырыбында "жекеше нотариустардың" деген сөздерден кейін ", жеке сот орындаушыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөлігінің бірінші абзацында "Жекеше нотариустың," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушының" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 23-баптың 2-тармағы "сотталғандар жөнінде" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 57-бапта:
      1-тармақ "атқару үшін" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақ "тұрған жері бойынша" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      3) 59-бапта:
      тақырыбы мен мәтінінде "Сот атқарушысының", "Сот атқарушысы", "сот атқарушысы", "сот атқарушысының" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік сот атқарушысының", "Мемлекеттік сот атқарушысы", "мемлекеттік сот атқарушысы", "мемлекеттік сот атқарушысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақта "сот атқарушысының өзі тұратын" деген сөздер алып тасталсын;
      4) 62-бапта "мүмкін болса," деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
      4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 12, 88-құжат):
      406-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен мүлікті сату кезінде сатушы ретінде сот орындаушысы шығады.".
      5. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 жылғы 23 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 24 шілдеде "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 141-баптың екінші бөлігінің 2) және 3)-тармақшалары "оның" деген сөзден кейін "туылған күні," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 146-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4)-тармақшалары "көрсетілген болса)," деген сөздерден кейін "туылған күні," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 150-баптың екінші бөлігінде:
      2) тармақша "талап қоюшының атауы, оның" деген сөздерден кейін "туылған күні," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша "құжатта көрсетілген болса)," деген сөздерден кейін "туылған күні," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 236-бапта:
      екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тарабы мемлекет болып табылатын, мүлік тәркілеген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, мерттігуден немесе денсаулыққа езге де зиян келуден, асыраушысынан айрылуынан келтірілген залалдың орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жолдайды.";
      төртінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары "құжатта көрсетілген болса)," деген сөздерден кейін "туылған күні," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-бөлікпен толықтырылсын:
      "6. Атқарушылық іс жүргізу органдары сот шешімінің орындалғандығы туралы шешім шығарған сотты хабарландыруы, не орындаудың белгіленген қылмыстық іс жүргізу мерзімі өткен соң орындалмаудың себептері туралы жазбаша ақпарат беруі тиіс";
      5) 240-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "240-4-бап. Сот орындаушысының ұсыныстарын қарау
      1. Судья сот орындаушысының ұсынысын сотқа келіп түскен күннен бастап он күн ішінде шешеді. Сот борышкерді және өндіріп алушыны сот орындаушысының ұсынысы келіп түскені туралы хабардар етеді, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды. Судья сот орындаушысының ұсынысын қарап, ұйғарым шығарады.
      Сот ұйғарымының көшірмесі борышкер мен өндіріп алушыға үш күн мерзімде жіберіледі.
      2. Соттың ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағымдануға немесе наразылық білдірілуі мүмкін.";
      6) мынадай мазмұндағы 240-7-баппен толықтырылсын:
      "240-7-бап. Сот орындаушының қаулысын санкциялау
      1. Заңмен белгіленген жағдайларда сот орындаушысы соттың санкциялануына жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулы шығарады. Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдауда қажеттілік туғызған уәждер мен негіздер жазылуы тиіс.
      2. Санкциялануға жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыны сот орындаушысы сотқа ұсынады. Қаулыға қоса санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізудің материалдары тіркеледі.
      3. Сот орындаушының қаулысы сотқа материалдар түскен күні сот қарауы тиіс.
      4. Сот орындаушының қаулысын және оған қоса тіркелген атқарушылық іс жүргізудің материалдарын қарай келіп, сот атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.
      Санкция беру судьяның қолымен расталатын "Санкциялаймын" деген сот мөртаңбасын сот орындаушысының қаулысына қою жолымен жүзеге асырылады.
      Санкция беруден бас тартқан жағдайда судья атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы уәж етілген ұйғарым шығарады.
      5. Соттың ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағымдануға немесе наразылық білдіруге болады.".
      6. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 11, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжат; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 12 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киімді киіп жүруі (пайдалануы) мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 23 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 24 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 34-баптың:
      тақырыбында "жеке нотариустар" деген сөздерден кейін ", жеке сот орындаушылар" деген сөздермен толықтырылсын:
      екінші бөлік "жеке нотариус," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушысы," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік "жеке нотариустар," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушылары," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 48-баптың екінші және үшінші бөліктерінің екінші абзацтары "жеке нотариусқа," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушысына," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 52-баптың бірінші бөлігі "жеке нотариустарды," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушыларын," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 88-бапта:
      үшінші бөлікте:
      бірінші абзац "жеке нотариустың," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушысының," деген сөздермен толықтырылсын;
      сегізінші абзац "жеке нотариустарға," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушыларына," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөліктің екінші абзацы "жеке нотариустарға," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушыларына," деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 88-1-баптың екінші бөлігінде:
      бірінші абзац "жекеше нотариустың," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушысының," деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац "жеке нотариустарға," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушыларына," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 175-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы "жеке нотариустарға" деген сөздерден кейін ", жеке сот орындаушыларына" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 541-баптың бірінші бөлігі "жекеше нотариустар," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушылар," деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы елу екінші абзацпен толықтырылсын:
      "атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (175-бап (екінші бөлік) (осы бұзушылықтарды жеке сот орындаушылары жасаған кезде))";
      9) 650-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын;
      10) 708-бапта:
      бірінші бөлігі алып тасталсын;
      екінші бөлігінде:
      "мәжбүрлеп" деген сөз алып тасталсын;
      "сот" деген сөзден кейін ", уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлігі "сотқа" деген сөзден кейін ", уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлігі:
      "шығарған сот" деген сөздерден кейін ", уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;
      "орындату үшін" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      11) 709-бапта:
      бірінші бөлігі алып тасталсын;
      екінші бөлігінде:
      бірінші абзацта:
      "мәжбүрлеп" деген сөз алып тасталсын;
      "Сот" деген сөзден кейін ", уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық қызметінің органдары орындайды";
      төртінші бөлігінде:
      "мәжбүрлеп" деген сөз алып тасталсын;
      "қаулы" деген сөз "қаулыны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "сот орындаушысына жіберіледі" деген сөздер "сот, уәкілетті орган мемлекеттік сот орындаушысы жібереді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 709-1-бап алып тасталсын.
      7. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1,4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж.,  N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 6-7, 25, 27-құжаттар; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 16 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 17 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 10-баптың 1-тармағының 20) тармақшасында "жеке нотариус," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушысы," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 68-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде "жеке нотариустар," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушылар," деген сөздермен толықтырылсын;
      144-баптың 30) тармақшасында "жеке нотариус," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушысы," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 154-баптың 1) тармақшасында "жеке нотариустар мен" деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушыларының," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 163-баптың 3) тармақшасында "адвокаттар мен" деген сөзден кейін "жеке сот орындаушыларының," деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 164-баптың 1 және 2-тармақтарында "Адвокаттар мен" деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушыларының," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 25-тараудың 2-параграфының тақырыбында "адвокаттар мен" деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушылар," деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 167-бапта:
      тақырыбында "Адвокаттар мен" деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушыларының," деген сөздермен толықтырылсын;
      "адвокаттар мен," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушыларының," деген сөздермен толықтырылсын;
      "адвокаттық" деген сөзден кейін ", жеке сот орындаушылық" деген сөздермен толықтырылсын;
      "заң көмегін" деген сөздерден кейін "атқарушылық іс-әрекеттер," деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 168-баптың 1-тармағында "Адвокаттар мен" деген сездерден кейін "жеке сот орындаушыларының," деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 225-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы "нотариаттық іс-әрекеттерді" деген сөздерден кейін "және жеке сот орындаушыларының қызметін" деген сөздермен толықтырылсын:
      10) 315-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы ", жеке сот орындаушылары" деген сөздермен толықтырылсын:
      11) 317-баптың 2-тармағы "жеке нотариустар," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушылары," деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 318-баптың 1-1-тармағындағы "жеке нотариустар," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушылары," деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 342-бапта:
      1 және 2-тармақтарында "жеке нотариустар мен" деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушыларын," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы "жеке нотариустар," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушылары," деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 344-баптың 1-тармағында "жеке нотариустар мен" деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушылары," деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 348-бапта:
      2-тармақтың бірінші абзацында "жеке нотариустар," деген сөздерден кейін "жеке сот орындаушылары," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта "жеке нотариустар," және "жеке нотариустарға," деген сөздерден кейін тиісінше "жеке сот орындаушылары," және "жеке сот орындаушыларына" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 518-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
      "прокурордың" деген сөз "соттың" деген сөзбен ауыстырылсын.
      8. 2003 жылғы 5 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж, N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 24-баптың 1-тармағының 17) тармақшасында "сот актілерін," деген сөздерден кейін "сот орындаушыларының қаулыларын," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 26-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) атқарушылық іс жүргізу органдары мен жеке сот орындаушыларына - олардың іс жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органының немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сотпен санкцияланған сот орындаушысының қаулысы негізінде;".
      9. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Жаршысы, 1995 ж. N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2,184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N Ц, 56, 67-құжат; N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4,98, 170-құжат):
      1) 50-баптың 6-тармағында:
      д-1)-тармақшасында "прокурор" деген сөз "сот" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы д-2) тармақшасымен толықтырылсын:
      "д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы негізінде.";
      2) 51-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
      бірінші сөйлемде:
      "жүргізу органдарының" деген сөздер "жүргізу органдары мен жеке сот орындаушысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "прокурор" деген сөз "сот" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші сөйлемде:
      "Атқарушылық іс жүргізу органдары" деген сөздерден кейін "және жеке сот орындаушысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "салынған айыппұлдар" деген сөздерден кейін ", жеке сот орындаушысының іс-әрекетін төлеу" деген сөздермен толықтырылсын.
      10. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж. N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 31 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 21-баптың 1-тармағының 5-3) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 44-баптың 8-1) тармақшасы алынып тасталсын.
      11. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2008 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 31 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      10-баптың 1-тармағы 9) тармақшада ", сондай-ақ" деген сөздерден кейін "атқарушылық іс жүргізуі бойынша борышкерлерді және" деген сөздермен толықтырылсын.
      12. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат, N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат, N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 9, 67-құжат; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 27-баптың 2-тармағында "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", жеке сот орындаушыларының алқасына" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 67-баптың 2) тармақшасында "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", жеке сот орындаушыларының алқасына" деген сөздермен толықтырылсын.
      13. "Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997., N 13-14, 201-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжаттар; 2007 ж., N 8, 52-құжат; N 20, 152-құжат):
      мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      "9-1-бап. Сот приставының әрекеттеріне шағым жасау
      Сот приставының әрекетіне мүдделі тұлға сотқа шағым жасауы мүмкін. Шағым Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде сотқа беріледі.".
      14. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24,198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22,160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23,140, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23,104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 30-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 24, 178-құжат):
      1) 22-1-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлік "Адвокаттар," деген сөзден кейін "жеке сот орындаушылары," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлік "адвокат" деген сөзден кейін ", жеке сот орындаушысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 50-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "2-1) сот орындаушыларына - олардың іс жүргізіп жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот санкция берген сот орындаушысының қаулысы негізінде;".
      15. "Ақша төлемі мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат):
      1) 14-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде "өндіріп алу туралы" деген сөздерден кейін ", жеке сот орындаушыларының" деген сөздерімен толықтырылсын;
      2) 20-баптың 1-тармағында:
      "аумақтық бөлімінің мөрімен" деген сөздерден кейін "немесе жеке сот орындаушысының мөрімен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "прокурор" деген сөз "сот" деген сөзбен ауыстырылсын.
      16. "Кредиттік серіктестіктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 11, 55 құжат):
      21-баптың 5-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1) атқарушылық іс жүргізу органдарына және жеке сот орындаушыларына: атқарушылық іс жүргізу органының немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот санкция берген сот орындаушысының қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу бойынша;".
      17. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат; 2004 ж., N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж, N 3, 20-құжат; N 20, 152-құжат; N 24,178-құжат):
      1) 1-баптың 12)тармақшасын:
      "нотариус," деген сөзден кейін "жеке сот орындаушысы," деген сөздермен толықтырылсын.
      18. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14,119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24 - құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 жылғы 16 шілдедегі "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 17 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы ):
      43-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) атқарушылық іс жүргізу органдарына және жеке сот орындаушыларына: атқарушылық іс жүргізу органының немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот санкция берген сот орындаушысының қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу бойынша;".
      19. "Микрокредиттік ұйымдар туралы" 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 4, 23 - құжат; 2006 ж., N 11, 55 құжат; N 23, 140-құжат):
      16-баптың 4-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1) атқарушылық іс жүргізу органдарына және жеке сот орындаушыларына: атқарушылық іс жүргізу органының немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот санкция берген сот орындаушысының қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу бойынша;".
      20. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) жеке сот орындаушыларының қызметі;";
      2) 32-баптың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;".
      21. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат):
      мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:
      "44-1-бап. Сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен сатып алынған мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
      Сот орындаушысы мен сатып алушы қол қойған сатып алу-сату шарты сатып алушы сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен сатып алынған мүлікке меншік құқығын тіркеу үшін, негіз болып табылады.".
       2-бап. Осы Заң оны алғаш рет ресми жариялағаннан кейін алты ай өткен соң күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады