Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 731 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 737 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 36, 407-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "Ұйымдастыру іс-шаралары" деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 1.6-жолда:
      2-бағанның екінші және үшінші абзацтарындағы "және салуға" деген сөздер ", салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1.7-жолда:
      2-бағандағы "және салуға" деген сөздер ", салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "28,7", "9,6", "9,6" және "9,5" деген сандар тиісінше "42,834", "8,734", "21,6" және "12,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1.8-жолда:
      2-бағандағы "дамытуға және жайластыруға" деген сөздер "дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "90,0 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 30,0" деген сөздер "89,905 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 29,905" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1.11-жолдың 6-бағанындағы "6 млрд. 508 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 1 млрд. 123" деген сөздер "6 млрд. 18 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 633" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.12-1-жолмен толықтырылсын:
"

1.12-1

"Жергілікті атқарушы Қазақстан органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині

2009 жылғы наурыз

";

      "Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру" деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірі 2.4-жолда:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008 жыл";
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008 жылы 15 млрд. теңге";
      "Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту" деген 3-бөлімде:
      реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы "және резервтік" деген сөздер алып тасталсын;
      "Жиыны: Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатының көлемі" деген жолда:
      6-бағандағы "300,8", "110,3", "102,8" және "87,7" деген сандар тиісінше "299,349", "106,598", "100,123" және "92,628" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады