"Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1722 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары туралы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларымен наградтау ережесі;
      2) Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ,құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      3. Қоса беріліп отырған Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      4. Мемлекеттік органдардың басшылары үш ай ішінде Комиссияның ұсынымдары негізінде ведомстволық наградалардың сипаттамасын бекіту жөнінде шаралар қабылдасын.
      5. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3526 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 22, 191-құжат; 2002 ж., N 16, 169-құжат):
      тақырыбындағы, кіріспедегі, 4 және 6-тармақтардағы "мен ведомстволық наградалары" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын.
      6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен ведомстволық наградаларының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы N 882 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 16, 169-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медальдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі N 1157 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 281-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 2 шілдедегі N 358 Жарлығы;
      4) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медальдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы N 865 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 136-құжат);
      5) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы  N 865 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 1393 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 26, 331-құжат).
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлық қолданысқа енгізілген күнінен бастап үш ай ішінде:
      1) Қазақстан Республикасының кейбір мемлекеттік органдарының ведомстволық наградаларымен наградтау ережесін;
      2) Қазақстан Республикасының кейбір мемлекеттік органдарының ведомстволық наградаларының тізбесін бекітсін;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      8. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2009 жылғы "__" _______
N ___ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларымен наградтау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларымен наградтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының жүйелі тәсілдерін және бірыңғай бірізділігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбегін көтермелеу мен ынталандыру мақсатында әзірленді және ведомстволық наградалармен наградтаудың бірыңғай тәртібі мен принциптерін айқындайды.
      2. Ведомстволық наградалар қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметінде басқа да жетістіктері мен өзге де еңбегі үшін қызметкерлердің, жұмыскерлердің және өзге де тұлғалардың еңбектерін көтермелеу және ынталандыру нысандарының бірі болып табылады.
      3. Мыналар: медальдар, төсбелгілер ведомстволық наградалар болып табылады.
      4. Медальдармен, төсбелгілермен наградтау тәртібі осы Ережемен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және мемлекеттік органдардың актілерімен айқындалады.
      5. Ведомстволық наградаларды, сондай-ақ тиісті куәліктерді дайындау жөніндегі шығыстар республикалық бюджетте тиісті мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік рәміздердің бейнесін (Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба) ведомстволық наградалардың элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.

2. Медальдармен және төсбелгілерімен марапаттау тәртібі

      7. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп  беретін органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, сондай-ақ әлуетті құрылымдардың қызметкерлерін медальдармен, төсбелгілермен наградтау туралы өтініштерге олардың басшылары бастамашылық етеді, олар мемлекеттік органның кадр қызметіне тиісті өтініштер жібереді.
      8. Бұл өтініштер мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелерді және мерейтой күндерін мерекелеу жағдайларына орай, сондай-ақ ерекше жағдайларда өзге де еңбегі үшін қаралады.
      9. Кадр қызметі қажетті құжаттарды дайындайды және медальдармен  және төсбелгілерімен марапаттау туралы мәселені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына шығарады.
      10. Шешімді (медальдарды, төсбелгілерді беруге ұсыну немесе ұсынбау туралы) Комиссия ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде қабылдайды және егер оған Комиссия мүшелері даусының жалпы санынан басым көпшілігі дауыс берген жағдайда, ол қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      11. Мемлекеттік органда медальдармен көтермелеу практикасы туралы ақпарат жыл сайын, 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияға жіберіледі.
      12. Медальдарға, төсбелгілерге ұсыну үшін мынадай құжаттарды беру қажет:
      медальдармен, төсбелгілермен наградтау туралы өтініш;
      мемлекеттік органдардың актілеріне сәйкес объективті бағалау үшін (қажет болған жағдайда) қажетті қосымша мәліметтер.
      13. Медальдарды, төсбелгілерді тапсыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      14. Наградталған әрбір адамға медальдарды және (немесе) төсбелгілерді тапсырумен бір мезгілде медаль және (немесе) төсбелгілерді берген тұлға қол қойған тиісті куәлік тапсырылады.
      15. Медальдар кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған кезде, олар солардан кейін орналастырылады.
      Төсбелгілер кеуденің оң жағына тағылады. Нысаны және өлшемі бойынша медальдарға арналған тағандарға сәйкес келетін тағандар болған кезде, төсбелгілер кеуденің сол жағына тағылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2009 жылғы "__" _______
N ___ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының тізбесі 1. Медальдар 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      1. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      2. "Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін"
      3. "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
      4. "Қарулы Күштер ардагері"

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      5. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      6. "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
      7. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін"
      8. "Ішкі істер органдарының ардагері"

Ішкі әскерлер комитеті

      9. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      10. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      11. "Төтенше жағдайлар қызметінің ардагері"
      12. 1, 2, 3 дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін"
      13. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі

      14. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      15. 1, 2, 3 дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін"
      16. "Президент Күзеті қызметінің ардагері"

5. Қазақстан Республикасы Республикалық Ұланы

      17. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      18. "Республикалық Ұланның ардагері"

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      19. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      20. "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін"
      21. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері"
      22. "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
      23. 1, 2, 3 дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік қалқаны"

Шекара қызметі

      24. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      25. "Шекараны үздік күзеткені үшін"

7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      26. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      27. "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
      28. "Прокуратура ардагері"

8. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

      29. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      30. "Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері"
      31. "Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"

9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

      32. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      33. "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"

10. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

      34. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      35. "Қаржы полициясының ардагері"
      36. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін"

11. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

      37. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"
      38. "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін"
      39. "Сот жүйесінің ардагері"

12. Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      40. 1, 2, 3 дәрежелі "Қаржы сақшысы"

13. Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі

      41. "Сырбар" қызметінің ардагері"
      42. "Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін"
      43. 1, 2, 3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін"

      Ескертпе: Қарулы Күштерге, Ішкі әскерлерге, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның шекара қызметтеріне, Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне, Республикалық Ұланға - "Мінсіз қызметі үшін" медальдары бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша дизайні бірдей, өйткені бұл бәріне ортақ белгі.
      Өзге ведомстволар - Ішкі істер министрлігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Кедендік бақылау комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Қаржы полициясы - медальдарды символикаларымен бірге әртүрлі дизайнде жасау ұсынылады.

2. Төсбелгілер 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      1. 1, 2 дәрежелі "Қарулы күштер үздігі"
      2. 1, 2 дәрежелі "Спортшы-жауынгер"
      3. "Үздік спортшы-жауынгер"

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      4. 1, 2 дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі

Ішкі әскерлер комитеті

      5. 1, 2 дәрежелі "Ішкі әскерлер қызметінің үздігі"
      6. 1, 2 дәрежелі "Спортшы-жауынгер"
      7. "Үздік спортшы-жауынгер"

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      8. "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"
      9. "Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері"
      10. "Оқу орнын үздік бітіргені үшін"
      11. "Үздік құтқарушы - жауынгер"
      12. "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін"
      13. "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін"
      14. 1, 2, 3 дәрежелі "Халықаралық дәрежелі құтқарушы"

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі

      15. 1, 2 дәрежелі "Президент Күзеті қызметінің үздігі"

5. Қазақстан Республикасы Республикалық Ұланы

      16. 1, 2 дәрежелі "Республикалық Ұланның үздігі"
      17. 1, 2 дәрежелі "Спортшы-жауынгер"
      18. "Үздік спортшы-жауынгер"

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      19. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері"
      20. 1, 2 дәрежелі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі"

Шекара қызметі

      21. 1, 2 дәрежелі "Шекара қызметінің үздігі"
      22. "Құрметті шекарашы"
      23. 1, 2 дәрежелі "Спортшы-жауынгер"
      24. "Үздік спортшы-жауынгер"

7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

      25. 1, 2 дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі"

8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

      26. "Кеден қызметінің үздігі"

9. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      27. 1, 2 дәрежелі "Прокуратура қызметінің үздігі"

10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

      28. "Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі"
      29. "Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері"

11. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

      30. 1, 2 дәрежелі "Қаржы полициясының үздігі"

12. Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      31. 1, 2 дәрежелі "Қаржы бақылау саласының үздігі"
      32. "Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері"

13. Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі

      26. "Сырбар" қызметінің үздігі"

      Ескертпе: "Спортшы-жауынгер" және "Үздік спортшы-жауынгер» төсбелгілері - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Ішкі әскерлеріне, Шекара әскерлеріне, Республикалық Ұланына арналған, бірдей дизайні бар біріңғай наградалар.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2009 жылғы "__" _______
N ___ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты ведомстволық наградаларды геральдикалық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселесі бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларын бекіту және жою туралы ұсыныстарды қарау;
      2) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларының сипаттамасы жөніндегі ұсыныстарын қарау;
      3) ведомстволық наградалар мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметіне ведомстволық наградалар мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
      3) Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
      4) отырыстарда Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
      5) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады.
      7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізетін орны мен уақытын Комиссияның төрағасы айқындайды.
      10. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
      11. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
      12. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
      Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатқа ие.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      13. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2009 жылғы "__" _______
N ___ Жарлығына  
ҚОСЫМША     

Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның құрамы

Саудабаев                   - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы             Хатшысы, төраға

Коломийцев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Владимир Иванович             Кеңсесі Бастығының орынбасары, хатшы

      Комиссия мүшелері:

Әбдірахымов                 - Қазақстан Республикасының
Ғабидолла Рахметоллаұлы       Премьер-Министрі Кеңсесінің
                              Басшысы

Құл-Мұхаммед                - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы               Мәдениет және ақпарат министрі

Нұрпейісов                  - Қазақстан Республикасы
Қайрат Айтмұхамбетұлы         Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
                              төрағасы

Мыңбай                      - Қазақстан Республикасы
Дархан Қамзабекұлы            Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат
                              бөлімінің меңгерушісі

Есім Ғарифолла              - Қазақстан Республикасы
                              Парламенті Сенатының депутаты
                              (келісім бойынша)

Өмірбеков                   - Қазақстан Суретшілер одағының
Байтұрсын Есжанұлы            төрағасы (келісім бойынша)

Сүлейменов                  - Қазақстан Дизайнерлер
Тимур Бимашұлы                одағының төрағасы (келісім бойынша)

Мұратаев                    - өнертанушы, профессор (келісім бойынша)
Құрман Қалиұлы

Әлин                        - суретші-дизайнер (келісім бойынша)
Меңдібай Қойшыбайұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады