Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 және 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1482 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.05 № 370 Қаулысымен;
      2) «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 220-құжат):
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Даму жоспары бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесінде белгіленген тәртіппен Мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілімінің құрылымына қосу үшін даму жоспарларын ұсынуды қамтамасыз етсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесінде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Компанияның даму стратегиясы Компанияның қаржылық тұрақтылығының, соның ішінде жиынтық борышының деңгейін және валюта позицияларын сипаттайтын көрсеткіштерін қамтуға тиіс»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесінде:
      3-тармақта:
      «дивидендтер» деген сөз «дивидендтерді, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Компанияның даму жоспарында қолданылатын қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің толық тізбесі мен нысаналы мәндерін, соның ішінде акциялары (қатысу үлестері) Компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалар борышының деңгейін Компания айқындайды.»;
      7.2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) борыш деңгейін сипаттайтын мынадай көрсеткіштерді:
      қаржылық левередж коэффициентін;
      ағымдағы өтімділік коэффициентін;
      пайыздардың өтелу коэффициентін;
      қарыз/EBITDA коэффициентін (экономиканың нақты секторының компаниялары үшін) міндетті түрде көрсете отырып, Компанияның және акциялары (қатысу үлестері) Компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың негізгі қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері;»;
      7.4-тармақ:
      үшінші абзац «қарыздарды тарту және олардың негіздемесі» деген сөздердің алдынан «борыштың орнықты жай-күйінің қамтамасыз етілуін есепке ала отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Компаниялардың бекітілген даму жоспарларын Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілімінің (бұдан әрі - Тізілім) құрылымына косу үшін ұсыну мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) Компания «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына сәйкес анықталған Тізілімді ұстаушы (бұдан әрі - тізілім ұстаушы) әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, Даму жоспарларын дайындайды. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу нәтижесінде Компанияның даму жоспары бар электронды есеп (бұдан әрі - электронды есеп) қалыптастырылады, оған ұлттық куәландырушы орталық берген Компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылуы кажет;
      2) Даму жоспары бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Компания Директорлар кеңесінің оны бекіту туралы сканерленген шешімін электронды есепке тіркеп, электронды есепті тізілім ұстаушыға жібереді;
      3) тізілім ұстаушы Компанияның электронды есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның электронды мекенжайына электронды есептің Тізілімге қосылғаны немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарландыру жібереді. Осы Ережеде көрсетілген талаптарды Компанияның орындамауы тізілім ұстаушының электронды есепті қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады;
      4) қарыз алу туралы келісім жасасу барысында Компаниялар 5 жұмыс күні ішінде Тізілім жүйесінде осы Ереженің 7.2-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштер бойынша ақпаратты көрсетеді.»;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Компания түзетілген Даму жоспарын Тізілім құрылымына қосу үшін осы Ереженің 11-1-тармағында белгіленген тәртіппен ұсынады.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.05 № 370 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады