"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
"3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде:
"1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері" деген кіші бөлімде:
"Ұсынылатын ақпараттың сапасын арттыру" деген 1-стратегиялық бағытта:
"Статистикалық ақпаратты таратуды жетілдіру" деген 1.3-мақсатта:
"Пайдаланушылардың статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етілуін жақсарту" деген 1.3.1-міндетте:
тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
"
10 | Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру | X | X | X | X | X |
";
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
"3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде:
"3.1 Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері" деген кіші бөлімде:
"Мемлекеттік қаражат тұрақтылығы" деген 1-стратегиялық бағытта:
"Республикалық бюджеттің теңгерімділігі, Ұлттық қор активтерін 2020 жылда ЖІӨ-ге шаққанда кемінде 30 % деңгейге жеткізу және қолайлы деңгейде үкіметтің борыш көлемін қолдау" деген 1.1 -мақсатта:
"Республикалық бюджеттің тапшылығын азайту, мемлекеттік шығыстар құрылымының тиімділігін арттыру және үкіметтік борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру" деген 1.1.1-міндетте:
тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шараларда:
"Үкімет борышы мониторингі х х х х х" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштың тәуекелдерін бағалау | X | X | X | X | X |
Үкіметтік борыштың қауіпсіз деңгейін қолдау кезінде табыс ауытқымасын құру үшін қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін қажетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығаратын МБҚ-нің жеткілікті көлемін қолдау | X | X | X | X | X |
";
мынадай мазмұндағы 1.1.1-1-міндетпен толықтырылсын:
"
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері: 1.1.1-1 міндет. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының мониторингі | |||||||||
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері | Ақпарат көзі | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Жоспарлы кезең | |||||
2009 жыл (есеп) | 2010 жыл (ағымдағы жоспар) | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл | |||
Мониторингпен қамтылған квазимемлекеттік сектор ұйымдарының үлесі | Мониторингпен қамтылған квазимемлекеттік сектор ұйымдарының саны/квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жалпы саны * 100 | % | - | - | 50 | 100 | 100 | 100 | 100 |
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар | іске асыру мерзімі | ||||||||
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | |||||
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының қалыптасу, өзгеру және оған қызмет көрсету үдерісін есепке алуды ұйымдастыру | X | X | X | X | X | ||||
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының қалыптасу, өзгеру және оған қызмет көрсету үдерісін талдау | X | X | X | X | X | ||||
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышы жай-күйінің шешуші көрсеткіштерін және тәуекелдер деңгейін бағалау, ден қою шараларын қолдану | X | X | X | X | X |
";
3) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.02.2017 № 92 қаулысымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 және 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1482 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |