Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 651 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 26 маусымдағы
№ 651 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 тамыздағы № 1126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 40, 351-құжат).
      2. «Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1947 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 625-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 ақпандағы № 221 қаулысы.
      4. 3-тармағын қоспағанда, «Қазақстан спортшыларын кезекті 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситидегі (Америка Құрама Штаттары) XIX қысқы және 2004 жылғы Афиныдағы (Грекия) XXVIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 14, 180-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1947 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 мамырдағы № 708 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 19, 243-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1947 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы № 1514 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 40, 520-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады