"Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 915 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы
№ 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

      «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      1) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота беру және оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу жөніндегі функцияларды қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
      2) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің аумақтық органдары (сот кеңселері) - мемлекеттік мекемелеріне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы сот әкімшілері - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін таратсын;
      2) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Сот актілерін орындау комитетін құрсын;
      3) Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта
ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің аумақтық органдары (сот кеңселері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат, 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж. № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат, № 30 320-құжат; 2007 ж., № 30,
330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты 164» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті            6563
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты),
оның ішінде:
аумақтық органдар (сот кеңселері)                          6357";
      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің штат санының лимиті алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлыққа 4-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары» деген жолдағы «3945» деген цифрлар «3970» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)» деген жолдағы «338» деген цифрлар «363» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2) «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 3-4, 7-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1) құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру;»;
      1) және 1-1) деген цифрлар тиісінше 1-1) және 1-2) деп есептелсін;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін талдау, мониторинг жасау, инспекциялау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және реформалау, Қазақстан Республикасының Президентіне осы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
      3-2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2) құқық қорғау органдары, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын өзге де мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау;»;
      3) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1999 ж. № 58, 559-құжат; 2002 ж. № 18, 196-құжат, № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат, № 21, 265-құжат, № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат, № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат, № 39, 429-құжат, 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
      «Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі, Қазақстан Республикасының Жоғары Соты аппараттарының басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының басшылары» деген жолдағы «Қазақстан Республикасының Жоғары Соты» деген сөздер «Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медицина орталығының бастығы және оның орынбасарлары» деген жолдағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары,» деген сөздер алып тасталсын;
      4) «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:
«Қазақстан Республикасы   Президент  Жоғарғы       Әкімшілік
Жоғарғы Соты жанындағы                Сот           Басшысы
Сот әкімшілігі                       Төрағасы
комитетінің төрағасы
      және
«Қазақстан Республикасы   Комитет                  Әкімшілік
Жоғарғы Соты жанындағы    төрағасы                 Басшысы, Жоғарғы
Сот әкімшілігі жөніндегі                           Сот Төрағасы
комитет төрағасының
орынбасарлары                                                    »
      деген жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы   Төраға                   Жоғары Сот Кеңесі
Жоғарғы Соты жанындағы
Соттардың қызметін
қамтамасыз ету
департаментінің басшысы
      мына:
«Астана және Алматы      Сот                       Әкімшілік Басшысы,
қалаларының,             әкімшілігі                облыстық және оған
облыстардың              комитетінің               теңестіртірілген
сот әкімшілері           төрағасы                 соттар төрағалары»
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы   Қазақстан                Облыстық және
Жоғарғы Сотының           Республикасы             оған
жанындағы Соттардың       Жоғарғы                  теңестірілген
қызметін қамтамасыз ету   Сотының                  соттар
департаментінің облыстар, жанындағы                төрағалары
республикалық маңызы бар  Соттардың
қала және астана бойынша  қызметін
Сот кеңселерінің          қамтамасыз
басшылары                 ету
                          департаментінің
                          басшысы                                ".
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
      «Әкімшілікте келісілуге тиіс мемлекеттік саяси қызметшілердің және де басшы қызметкерлердің лауазымдарын оның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу» деген 3-бөлімде:
      21-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын.
      5) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына:
      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін агенттіктердің төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы» деген жолдағы «, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы» деген сөздер (Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін агенттіктер төрағаларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Сот әкімшілігі комитетінің төрағасының орынбасарлары» деген жолдағы «, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Сот әкімшілігі комитетінің төрағасының орынбасарлары» деген сөздер «, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
      «В санаттарының тобы» деген бөлімнің тақырыбында:
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты» деген сөздер «Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «С санаттарының тобы» деген бөлімнің тақырыбында:
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті» деген сөздер алып тасталсын;
      7) «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж. № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 2007-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
      32-тармактың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы «Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне» деген сөздер алып тасталсын;
      5. (Құпия).
      6. (Қызмет бабында пайдалану үшін).
      7. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы;
      2) «Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылы 12 қазандағы № 471 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 2-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру
жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 2-құжат);
      4) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1514 Жарлығы;
      5) «Қазақстан Республикасы Президентінің сот әкімшілігі мәселелері жөніндегі кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 387 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 30, 330-құжат);
      6) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 970 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27,
205-құжат).
      8. Мемлекеттік органдар осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      9. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                               Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2010 жылғы « » 
№ Жарлығына   
ҚОСЫМША    

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі
      жөніндегі комитеттің облыстардағы, республикалық маңызы
бар қаладағы және астанадағы қайта ұйымдастырылатын сот
әкімшілері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Ақмола облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Ақмола облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Ақмола облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      2. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Ақтөбе облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      3. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Алматы облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Алматы облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Алматы облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      4. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Атырау облысы бойынша Сот әкімшілігі мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сотта қызметін қамтамасыз ету департаментінің Атырау облысы бойынша кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Атырау облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      5. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сотта қызметін қамтамасыз ету департаментінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      6. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Жамбыл облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жамбыл облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      7. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      8. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Қарағанды облысы бойынша Сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қарағанды облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      9. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      10. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Қостанай облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қостанай облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Қостанай облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      11. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Маңғыстау облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Маңғыстау облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      12. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Павлодар облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Павлодар облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Павлодар облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекетгік мекемесіне бөлу жолымен.
      13. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      14. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      15. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Астана қаласы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана қаласы бойынша Сот актілерін орындау департаменті" мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.
      15. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Алматы қаласы бойынша Сот кеңсесі» мемлекеттік мекемесіне;
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Алматы қаласы бойынша Сот актілерін орындау департаменті" мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы « »  
№ Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН   

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаменті сот кеңселерінің
аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Ақмола облысы бойынша Сот кеңсесі.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Ақтөбе облысы бойынша Сот кеңсесі.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Алматы облысы бойынша Сот кеңсесі.
      4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Атырау облысы бойынша Сот кеңсесі.
      5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот кеңсесі.
      6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жамбыл облысы бойынша Сот кеңсесі.
      7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот кеңсесі.
      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қарағанды облысы бойынша Сот кеңсесі.
      9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облысы бойынша Сот кеңсесі.
      10. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қостанай облысы бойынша Сот кеңсесі.
      11. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Маңғыстау облысы бойынша Сот кеңсесі.
      12. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Павлодар облысы бойынша Сот кеңсесі.
      13. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот кеңсесі.
      14. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот кеңсесі.
      15. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Астана қаласының Сот кеңсесі.
      16. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Алматы қаласының Сот кеңсесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады