Пәкістан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысы

      Пәкістан Ислам Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Пәкістан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» РМК-мен келісім бойынша Пәкістан Ислам Республикасына ізгілік жүгін Чаклала әскери әуежайына дейін әуе көлігімен уақтылы тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны алу жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 18 қаңтардағы
№ 12 қаулысына    
қосымша        

Пәкістан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін
мемлекеттік материалдық резервтен шығарылатын материалдық
құндылықтардың тізбесі

Р/с

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

Жарма (күріш)

тн

30

2.

Ет консервілері (338 гр.)

н.қ.

26415

3.

10 орынды палаткалар (қысқы)

дана

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады