Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 92 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      3. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 504 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 370 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 30, 373-құжат).

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына А.Ұ. Маминге жүктелсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-МинистріБ.Сағынтаев
 

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 27 ақпандағы
№ 92 қаулысымен
бекітілген


 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


Р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға
(іске асыруға) жауапты

Орындау
(іске асыру) мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Мыналарға:
1) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджеттің мұнай емес тапшылығын айқындауды нақтылауды, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің көздерін кеңейтуді және квазимемлекеттік сектордың сырттан қарыз алу көлемін келісуді көздейтін;
2) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына республикалық мүлікті сатудан түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағыттауды көздейтін өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы заңы жобасының тұжырымдамасы

ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)
 

2017 жылғы
наурыз
 

2

Мұнай емес тапшылық, мемлекеттік және үкіметтік борыш, квазимемлекеттік сектор борышы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2020 жылғы көлемі бойынша нысаналы параметрлерді нақтылау бөлігінде "Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ, Қаржымині
 

2017 жылғы
шілде
 

3.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін нақтылау мен кеңейтуді көздейтін өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині
 

2017 жылғы
сәуір
 

4.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ҰЭМ,
ҰБ (келісім бойынша)
 

2017 жылғы
маусым
 

5

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақ портфелінің активтерін теңдестірілген түрде бөлуге көшуді көздейтін өзгерістерді енгізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулысы

ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині
 

2017 жылғы
маусым
 

6.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2020 жылға қарай 2 трлн. теңгеге дейін кезең-кезеңімен төмендету шараларын қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині

жыл сайын
қыркүйек
 

7.

Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығын 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 6,0 %-ға дейін қысқарту бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині

жыл сайын
қыркүйек
 


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ЖІӨ – жалпы ішкі өнім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады