Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1082 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1082 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      14-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) Үкіметтің заңнамалық бастамасы шеңберінде дайындалатын қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 256-1), 256-2), 256-3), 256-4), 256-5), 256-6), 256-7), 256-8), 256-9), 256-10) және 256-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "256-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      256-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;

      256-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;

      256-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      256-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;

      256-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      256-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

      256-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;

      256-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;

      256-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;

      256-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;".

      2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:

      8-тармақтың он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта кемінде бір рет талдайды және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда осы Үлгі ереженің 8-3-тармағында баяндалған келісу тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік органның пайдасы көзделмей қабылданған сот актісіне барлық сатыдағы соттарға шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді;";

      8-1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ескертулерсіз, "әдепкі қалпы бойынша" келісілген жобалардың, тіркелген НҚА санын;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ескертулермен келісілген, келісуден бас тартылған және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА-ның ескертулердің сипаты бойынша:

      Конституцияға қайшы келетін;

      жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

      бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;

      редакциялық ескертулер;

      заң техникасы бойынша ескертулер деп бөлінген санын;";

      мынадай мазмұндағы 8-3-тармақпен толықтырылсын:

      "8-3. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын міндетті түрде келісу (бұдан әрі – келісу) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;

      2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;

      3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволарымен келісуді жүзеге асырады;

      4) аумақтық департаменттердің аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық департаменттерімен келісуді жүзеге асырады;

      5) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі құрған, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкімдерімен немесе осы Үлгі ереженің 8-3-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес өзге тұлғамен келісуді жүзеге асырады;

      6) аудан әкімдері тиісті облыс әкімдерімен келісуді жүзеге асырады;

      7) қаладағы аудан әкімдері қаланың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті әкімдерімен келісуді жүзеге асырады;

      8) ауылдық округтің, кенттің және ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың әкімдері тиісті аудан әкімдерімен келісуді жүзеге асырады.

      Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай құрылымын құрайтын филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары және ұйымдары өздері апелляциялық шағым немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат берген жағдайда келісу жөніндегі талаптар қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің өздері апелляциялық шағым немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат берген жағдайда келісу тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.

      Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын келісу туралы сұрау (бұдан әрі – сұрау) тиісті орган басшысының қолы қойылып жазбаша нысанда жіберіледі.

      Сұрауға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес ресімделген апелляциялық шағымның немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттың жобасы қоса беріледі.

      Сұрау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген апелляциялық шағым немесе сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру мерзімдері өткенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда жіберіледі.

      Сұрауды келісуші органның заң қызметі немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі сот актісіне шағымдану жөніндегі заңнамада көзделген негіздердің болуы тұрғысынан қарайды. Келісуші органның заң қызметі немесе келісуші органның өзге құрылымдық бөлімшесі осы Үлгі ереженің 8-3-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес келісуші органның басшысына немесе өзге тұлғаға сот шешіміне апелляциялық немесе кассациялық шағымдану құқығын келісу немесе мұндай келісуден бас тарту туралы ұсыныс енгізеді.

      Келісу туралы шешімдерді келісуші органның басшысы қабылдайды.

      Келісу туралы шешім қабылдау немесе келісуден бас тарту жөніндегі өкілеттік осындай орган басшысының тиісті шешімімен келісуші орган басшыларының орынбасарларына, аппарат басшыларына және (немесе) заң қызметі басшысына жүктелуі мүмкін.

      Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлға сұрау келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті шешім қабылдайды.

      Келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім сұрауды жіберген органға осындай шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктер жүктелген тұлғаның қолы қойылып жазбаша нысанда жіберіледі.".

      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк кеңесшінің, Конституциялық Сот Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелері басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде – ұдайы;";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк кеңесшінің, Конституциялық Сот Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерi басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде – ұдайы;".

      4. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік кеңесші";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мемлекеттік орталық органдардың аппарат басшылары, министрлердің және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі, Парламенті Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, Мемлекеттік кеңесшісі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Парламенті Сенаты және Мәжілісі төрағаларының орынбасарлары, Сыртқы істер министрі және Үкіметінің өзге де мүшелері басшылық ететін Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларда:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулылары;".

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заңдардың жобаларын, сондай-ақ Заңның 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, орналастыру, жария талқылау, келісу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – консультативтік құжат) – нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемалары, оларды шешу жолдары, заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелер қамтылуға тиіс белгіленген нысандағы құжат;";

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) консультативтік құжатты әзірлеуді, оны мүдделі органдармен, ұйымдармен және нысаналы топтармен талқылауды;";

      2), 3) тармақшалар алып тасталсын;

      4), 5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) консультативтік құжатты жария талқылау үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастыруды, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің ұстанымдарын, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің (бұдан әрі – сараптамалық кеңестер), Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) қорытындыларын алуды;

      5) консультативтік құжатты Комиссия отырысына шығару мүмкіндігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі) жолдауды;

      6) консультативтік құжатты Комиссия отырысында қарауды;

      7) консультативтік құжатты Комиссия мақұлдаған жағдайда заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құруды;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) заң жобасын Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне (бұдан әрі – Үкімет регламенті) сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) заң жобасын Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен келіскеннен кейін олар Парламенттің қарауына енгізілгенге дейін заң жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Консультативтік құжатты, сондай-ақ заң жобасы бойынша және қабылданған заң бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі талаптар республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобаларына және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Заңның 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес дайындалған заңдардың жобалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары, сондай-ақ көрсетілген жобаларды іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі болған кезде ғана мемлекеттік органның бастамасы бойынша әзірленуі мүмкін.

      Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мерзімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісуін алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс.

      Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ашық НҚА порталында жария талқылау, сондай-ақ қоғамдық кеңестің ұсынымдарын, сараптамалық қорытындыларын ұсыну мерзімдері күнтізбелік 5 (бес) күнді құрайды.

      Комиссияның консультативтік құжатты қарау мерзімі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық НҚА порталында жария талқылау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен аспауға тиіс.

      Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс.

      Заңдардың жобаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын іске асыру үшін әзірленген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары сол жобалармен бір уақытта және дәл сол мерзімдерде әзірленеді және келісуге, жария талқылауға, сараптамаларға жатады.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әзірлеуші орган осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген шарттарды орындағаннан кейін консультативтік құжатты ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру арқылы оны жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Консультативтік құжатты, заң жобасын орналастыруды әзірлеуші органдардың қызметкерлері АЖО арқылы жүргізеді. Оператор әзірлеуші органдардың қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде ұсынады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Әзірлеуші органдар ұстанымдарды, сараптамалық қорытындыларды, ұсынымдарды алу үшін, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ҰКП-ға, сараптамалық кеңестерге, қоғамдық кеңестерге, "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ЗҚАИ), Комиссия мүшелеріне консультативтік құжаттың ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жібереді.

      Сараптамалық қорытындылар ҰКП-ның немесе сараптамалық кеңес мүшесінің жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде оған міндетті қосымшалар болып табылады.

      Консультативтік құжат бойынша сараптамалық қорытындыларды, қорытындыларды, ұсынымдарды ұсыну үшін белгіленетін мерзім оның ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама ҰКП-ға, сараптамалық кеңес, қоғамдық кеңес мүшелеріне, ЗҚАИ-ға келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.";

      17-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ҰКП, сараптамалық кеңестер, қоғамдық кеңестер, ЗҚАИ, Комиссия мүшелері консультативтік құжатқа өздерінің ұстанымдарын, сараптамалық қорытындыларын, қорытындыларын, ұсынымдарын ашық НҚА интернет-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

      Сараптамалық қорытындылар, қоғамдық кеңестердің қорытындылары, ұсынымдары ұсынымдық сипатта болады және консультативтік құжатқа, қабылданғанға дейін заң жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде оларға міндетті қосымшалар болып табылады.";

      19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) консультативтік құжат немесе заң жобасы бойынша ескертулер және (немесе) ұсыныстар жіберілген кезде жобаның нақты құрылымдық элементін (бөлім, бап, тармақ, тармақша) көрсету шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.";

      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жария талқылаулардың (ашық НҚА интернет-порталындағы жария талқылаулардың, жария тыңдаулардың, пікірталастардың) қорытындылары бойынша әзірлеуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп дайындайды. Есеп кейіннен заң жобасын қараудың барлық сатысында оған міндетті қосымша болып табылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Консультативтік құжатты Комиссияның қарауына шығару";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Консультативтік құжатты жария талқылау қорытындылары бойынша әзірлеуші заңнамалық өзгерістердің қажеттігі немесе қажет еместігі туралы шешім қабылдайды.

      Заңнамалық актіні қабылдау қажеттігін айғақтайтын дәлелдерді жазу жағымсыз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы заңнама тиімділігінің жеткіліксіздігі арасындағы байланысты егжей-тегжейлі белгілейтіндей нақты болуы тиіс. Дәлел ретінде орын алған жағдайлардың қысқаша фабуласын, тұжырымдар мен ұсыныстарды көрсете отырып, құқық қолдану практикасынан мысалдар келтіру қажет.";

      25 және 26-тармақтар алып тасталсын;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Әділет министрлігін қоса алғанда, Комиссия мүшелері Президент Әкімшілігі немесе Үкімет басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл тапсырмаларды қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде консультативтік құжатты қарайды және әзірлеушіге ашық НҚА интернет-порталы арқылы ресми ескертулер береді.";

      28-тармақ алып тасталсын;

      29, 30, 31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Комиссия мүшелерінің қандай да бір ескертулері және (немесе) ұсыныстары болмаған кезде мемлекеттік орган консультативтік құжатты Комиссия отырысында қарауды ұйымдастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.

      Комиссия мүшелерінде ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған кезде әзірлеуші оларды барынша алып тастауды қамтамасыз ету мақсатында бір ай мерзім ішінде осындай ескертулерді пысықтайды.

      Алынбаған ескертулер бойынша келіспеушіліктер хаттамалары жасалады, оларға ескертулер берген Комиссия мүшелері оны әзірлеушілер енгізген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қоюға тиіс.

      30. Пысықтау қорытындылары бойынша келіспеушіліктер хаттамалары бар пысықталған консультативтік құжат ашық НҚА интернет-порталында қайта орналастырылады, бұл туралы әзірлеуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне хабарлайды.

      Осыдан кейін Әділет министрлігін қоса алғанда, Комиссия мүшелері, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде пысықталған консультативтік құжатты қарайды және олар бұрын берген, жойылмаған ескертулер немесе Комиссияның басқа мүшелерімен пысықталғаннан кейін пайда болған жаңа ережелер бөлігінде ғана ескертулер бере алады.

      Комиссия мүшелерінің ұстанымдары ашық НҚА интернет-порталында қайта көрсетіледі.

      31. Әзірлеуші Комиссия мүшелерінің ескертулерімен келісіп, консультативтік құжатты пысықтай алады және осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес қайта қарауға енгізе алады не қосымша келіспеушіліктер хаттамаларын жасай алады және оны Комиссия отырысында қарауды ұйымдастыру үшін Әділет министрлігіне келіспеушіліктер хаттамалары бар консультативтік құжатты енгізе алады.

      Әділет министрлігі консультативтік құжатты, ал келіспеушіліктер хаттамалары болған жағдайда – осындай хаттамалармен бірге Комиссия мүшелерінің қарауына шығарады.

      Комиссия отырысында ескертулерсіз және (немесе) ұсыныстарсыз қарау үшін келіп түскен консультативтік құжат қысқаша таныстырылымнан кейін дауыс беруге шығарылады.

      Комиссия отырысы барысында ескертулер және (немесе) ұсыныстар дауысқа қабылданбайды.

      Келіспеушіліктер хаттамаларымен келіп түскен консультативтік құжат бойынша дауыс беру келіспеушіліктер хаттамаларына енгізілген әрбір ескерту бойынша жүзеге асырылады. Консультативтік құжат осындай жолмен алынбаған ескертулердің болмауы шартымен ғана мақұлдануы мүмкін.

      32. Комиссия:

      1) қолданыстағы заңнамамен жеткілікті реттелген қоғамдық қатынастарды регламенттеуді көздейтін;

      2) құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына қайшы келетін (адам құқықтарының, заңдылықтың, теңдіктің, әділдіктің басымдығы және т. б.);

      3) реттеу нысанасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкес келмейтін консультативтік құжаттарды мақұлдамайды.

      33. Комиссия отырысында мақұлданғаннан кейін консультативтік құжат әзірлеушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.";

      34-тармақ алып тасталсын;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Заңдардың жобаларын әзірлеу олардың консультативтік құжаттарының негізінде ғана және оларға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

      Заң жобасына Мемлекет басшысының елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы арнайы және жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ғана тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      Өзге жағдайларда, егер заң жобасын әзірлеу процесінде консультативтік құжатқа өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаса, мұндай мәселе әзірлеуші мемлекеттік органның өтініші бойынша Комиссия отырысына шығарылады.

      Комиссия көпшілік дауыспен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) егер өзгерістер тұжырымдамалық сипатта болса, осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерді жүргізе отырып, консультациялық құжат пысықтауға жіберілсін;

      2) егер өзгерістер құқықтық қатынастарды реттеу бойынша тұжырымдалған тәсілдерді айтарлықтай өзгертпесе, сондай-ақ бұрын қаралмаған проблемалық мәселелерді шешуге бағытталмаса, консультативтік құжатқа өзгерістер енгізу мақұлдансын.";

      50, 51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын әзірлеуші органның бірінші басшысы оны Әділет министрлігімен және БАҚ саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін заң жобасын келісу кезінде бекітеді.

      Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын іске асыру туралы есеп Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты талдайды және жинақтайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Премьер-Министр Кеңсесіне жібереді.

      51. Дайындалған заң жобасы ілеспе құжаттарымен бірге мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісу үшін жіберіледі.

      Мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған мынадай құжаттар ілеспе құжаттар деп танылады:

      1) заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Үкімет регламентінің талаптарына сәйкес дайындалған түсіндірме жазба;

      3) заң жобасының мақсаттары, міндеттері және негізгі ережелері егжей-тегжейлі сипатталған, жобаны қабылдау қажеттігі негізделген заң жобасына түсіндірме жазбаның жобасы;

      4) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баптардың қолданыстағы және ұсынылатын редакцияларының салыстырма кестесі қоса беріледі.

      Бұл ретте негіздемелерде Комиссия отырысында мақұлданған консультативтік құжаттың нақты тармағына немесе ережесіне міндетті түрде сілтеме жасалады;

      5) мақұлданған консультативтік құжат;

      6) заң жобасын БАҚ-та, оның ішінде Интернет желісінде талқылау және оларды пысықтау кезінде қоғамдық пікірді ескеру нәтижелері туралы анықтама.

      Анықтамаға ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы және консультативтік құжат пен заң жобасын жария талқылау қорытындылары бойынша есептер қоса беріледі;

      7) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерінің қысқаруына немесе шығыстарының ұлғаюына, халықаралық көздерден гранттарды, қарыздарды тартуға немесе демеушілікке әкеп соқса, қаржы-экономикалық есеп-қисаптар;

      8) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да) сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылар.

      Ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің сараптама, уәкілетті ұйымдарға жіберілген жазбаша дәлелді негіздемелерін қоса беруге тиіс;

      9) консультативтік құжат және заң жобасы бойынша ЗҚАИ қорытындылары;

      10) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына ҰКП және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі;

      11) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер заң жобасы азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, оған заң жобасын қоғамдық кеңестермен талқылау ұсынымдары қоса беріледі;

      12) республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі;

      13) тиісті заңнамалық актінің қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға тиіс заңнамалық актілердің тізбесі;

      14) егер заң жобасының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт қабылдау қажет болса, оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары;

      15) реттегіш құралды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасына кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерге талдау жүргізу қажеттігі Кәсіпкерлік кодексте көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі;

      16) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы.

      52. Заң жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар заң жобасы бойынша өз ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы заң жобасын әзірлеген әзірлеуші органға хабарлауға тиіс.

      Мемлекеттік органның, ұйымның заң жобасы бойынша ескертулері кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, негізделген және түпкілікті болуға тиіс.

      Үкіметтің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасын келісу кезінде Әділет министрлігі заң жобасын жан-жақты пысықтау және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша реттеу нысанасын ашу фактісінің белгіленуін қамтитын заң жобасы бойынша қорытынды береді.

      Кодекстердің жобаларын қоспағанда, заңнамалық актілерінің жобаларын мемлекеттік органдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде (Әділет министрлігі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде) келіседі.

      Қазақстан Республикасы кодекстерінің жобаларын мемлекеттік органдар 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (Әділет министрлігі 10 (он) жұмыс күні ішінде) келіседі.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Заң жобасы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілгеннен кейін және ол Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілгенге дейін заң жобасы ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады.";

      61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Оңайлатылған тәртіппен әзірленетін заңдардың жобаларына консультативтік құжатты әзірлеу жөніндегі талаптар қолданылмайды.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Заң жобаларын әзірлеудің оңайлатылған тәртібі:

      1) заң жобасын дайындауды;

      2) заң жобасын ашық НҚА интернет-порталында орналастыруды және осы Қағидаларға сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді;

      3) заң жобасын Үкіметке енгізуді және оны Үкімет регламентіне сәйкес қарауды;

      4) заңдардың жобаларын Заң жобаларын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу ережелеріне сәйкес Президент Әкімшілігімен келісуді;

      5) заңдардың жобаларына лингвистикалық сараптама жүргізуді;

      6) заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді;

      7) заңдардың жобаларын Парламент палаталарында қарау кезінде оларды ұсынуды және сүйемелдеуді қамтиды.";

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 1-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 3, 4-қосымшалар алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 6-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерін қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережеде:

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау шеңберінде берілген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің жолданымдарды қарау шеңберінде берілген тапсырмаларын жергілікті атқарушы органдардың уақтылы және толық іске асыруын бақылау.";

      9-тармақтың екінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі аппаратының, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің тапсырмаларының іске асырылуы бойынша жолданымдарды қарау жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бұқаралық сипаттағы күрделі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшылығының, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің тапсырмаларының орындалу барысын жергілікті жерге барып тексеру;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшылығының бақылауына қойылған тапсырмалардың орындалу сапасы мәселелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі аппаратының, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу, олардың орындалуына мониторинг ұйымдастыру;".

      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 835 қаулысында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Астана қаласының әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің заң шығару
жұмысының қағидаларына
1-қосымша

"______________________________________ _________________________________" реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты бойынша

      1. Проблеманың сипаты:

Р/с

Проблемалық сұрақ

Туындаған проблеманың негізгі себептері

Сипатталатын проблеманың деңгейі мен маңыздылығын көрсететін талдамалық мәліметтер

Проблеманы өлшеу тәсілдері











      2. Ағымдағы жағдайды талдау, ұлттық реттеумен неғұрлым ұқсас әлемдік тәжірибені салыстырып тексеру:

Р/с

Ағымдағы жағдай

Халықаралық тәжірибе







      3. Сипатталған мәселені шешудің ұсынылған жолдары:

Р/с

Шешім

Артықшылықтары

Кемшіліктері









      4. Ұсынылған шешім жолдарының мыналарға әсері:


Артықшылықтары

Кемшіліктері

1. Әлеуметтік дамуға (адами капиталды өлшеу деңгейі)



2. Кәсіпкерлікті дамытуға



3. Мемлекеттік билік органдарына



4. Экономикалық жүйеге



5. Экологиялық ортаға



6. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлеміне



7. Өзге



      5. Ұсынылатын шешу жолын енгізуден күтілетін нәтижелер:

Р/с

Ағымдағы көрсеткіштер

Нәтиже

Мерзім (негіздеме)









      6. Заңнамалық реттеу жағдайында іс-қимыл алгоритмдерін көрсете отырып, іске асыру тетіктері (институционалдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар):

Іс-Шаралар

Мерзім

Жауапты мемлекеттік орган (лауазымды тұлға)

Бюджет













      7. Ықтимал тәуекелдер:

Ықтимал тәуекелдер (оның ішінде әлеуметтік тәуекелдер)

Ықтимал тәуекелдердің себептері

Тәуекелдерді басқару жүйесі










      8. Жария талқылауға арналған нысаналы топтар:

      Тізім

      9. Жария талқылау тәсілі:

      Тізім (1 міндетті және 2 міндетті емес)

      10. Жария талқылау нәтижелері.

      (мәтін)

Р/с

Ұсынылатын шешім

Жұртшылықтың (нысаналы топтардың) қатынасы

1



2



      11. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны (заңнамалық актіні әзірлеу қажеттігі туралы шешім қабылданған жағдайда).

      (мәтін)

      12. Оларды қайта қарау мерзімдерін көрсете отырып, енгізілетін реттеудің тиімділігін бағалау индикаторлары

      (мәтін)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің заң шығару
жұмысының қағидаларына
6-қосымша

Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына салыстырма кесте

Р/с

Құрылымдық бөлік

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме (тапсырмаларға сілтемелерді, консультативтік құжаттың нақты тармағын/ережесін, түзетудің мәнін; енгізілетін әрбір түзетудің дәл және аражігі ажыратылған негіздемесін қоса алғанда)

1.





2.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады