"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 маусымдағы № 636 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы  Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 31, 381-құжат; 2005 ж., № 30, 381-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 1615 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 381-құжат).
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады