Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын
немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің
алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау
мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-08, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж.,№ 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат, № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16, 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористiк және экстремистiк қызметке қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 16 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне пробация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
82-бапта:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары - ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайлардан басқа, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында, адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерінде, ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында, алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды мәжбүрлеп емдеу мекемелерінде болған кезде адамдармен әңгімелесуден кейін оларға айқындалған адамдар мен мән-жайларға қатысты.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористiк және экстремистiк қызметке қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңы; 2012 жылғы 16 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне пробация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу мақсатында «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұлттық алдын алу тетігі жүзеге асырылады.»;
2) 19-2-бап алып тасталсын;
3) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотталғандарды кино, фото және бейнекөрiнiске түсiру, олармен сұхбат жүргiзу, соның iшiнде аудиобейнетехника құралдарын пайдаланып жүргiзу түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың өз келiсiмiмен жүзеге асырылады.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23,171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат;№ 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8,19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1,4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар;№ 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат;№ 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 ж, № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12,111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне банк қызметiн және қаржы ұйымдарын тәуекелдердi азайту тұрғысынан реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне газ және газбен жабдықтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 1 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 20 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 31 қаңтарда«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне телерадио хабарларын тарату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 11 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 16 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне пробация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 17 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет процесiне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершiлiгiн күшейту және бюджеттiк рәсiмдердiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 388-1-баппен толықтырылсын:
«388-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының өз
өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі келтіру
1. Жеке және лауазымды тұлғалардың ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының өз құзыретiне сәйкес өкілеттіктерін орындау барысында болуына құқығы бар мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдар саны туралы ақпаратты, түзеу мекемелеріндегі адамдармен қарым-қатынасқа қатысты ақпаратты, сондай-ақ осындай мекемелер мен ұйымдарда қамауда ұсталатын адамдармен, олардың өкілдерімен және ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларына ақпарат бере алатын басқа да адамдармен әңгіме өткізуге бас тартуға тең болатын жағдайда кедергiлер келтiру, -
жеке тұлғаларға - бес айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғаларға - жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғаларға - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 541-баптың бірінші бөлігінде «388,» деген цифрлардан кейін «388-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 637-баптың бірінші бөлігінде «381-1,» деген цифрлардан кейін «388-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
4. «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды мәжбүрлеп емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат):
1-тарау мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды мәжбүрлеп емдеу мекемелерінде азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу мақсатында «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұлттық алдын алу тетігі жүзеге асырылады.».
5. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар, 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 ақпандағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-тарау мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3, 15-4, 15-5, 15-6, 15-7, 15-8-баптармен толықтырылсын:
«15-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
1. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу мақсатында адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде үнемі болу жүйесін құрады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғамдық байқау комиссияларының мүшелері, ұлттық алдын алу тетігі қызметін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шартты жасаған қоғамдық бірлестіктердің мүшелері ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары болып табылады.
2. Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде үнемі болуды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын тәртіппен республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары аталған мекемелерде болу қорытындылары бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға, білім беру, ішкі істер, прокуратура органдарына, сондай-ақ қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер әкімшілігіне:
1) адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға қарым-қатынасты және оларды ұстау жағдайларын жақсарту, сондай-ақ азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар береді.
4. Қоғамдық байқау комиссиялары мен қоғамдық бірлестіктердің қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде құрамы төрт адамнан артық болмай жылына кемінде екі рет болуды жүзеге асырады.
15-2-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының құқықтары
1. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының мынадай:
1) адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерінде ұсталатын адамдар саны, сондай-ақ қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелердің саны, сондай-ақ олардың орналасқан жерi туралы кез келген ақпаратты алуға;
2) қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды күтіп ұстауға қатысты кез келген ақпаратпен танысуға;
3) қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы кез келген мекемелерде болуға;
4) қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдармен куәларсыз, жеке өзi немесе қажет болғанда аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат ұсынуы мүмкiн кез келген басқа адаммен жеке сөйлесулер өткiзуге;
5) өздері болғысы келетiн орындарды және әңгiмелескiсi келетiн адамдарды кедергiсiз таңдауға;
6) Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптау және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу жөніндегі кiшi комитетінің мүшелерімен кездесуге және байланыстар орнатуға, оған ақпарат жiберуге;
7) қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға қатысты азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді қолдану мәселелері, сондай-ақ оларды күтіп ұстау жағдайларын жақсарту, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбек, демалыс және оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша шағымдар мен арыздарды қабылдау;
8) қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға қатысты азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді қолдану мәселелері, сондай-ақ оларды күтіп ұстау жағдайларын жақсарту, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбек, демалыс және оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларымен өзара іс-қимыл етуге, ақпарат алмасуға және талқылауға құқықтары бар.
2. Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде болу табиғи апаттар, осы арнаулы мекемелердегі көшіру аудандарында төтенше, ерекше немесе әскери жағдайларында, сотталғандардың топтасып қасақана бағынбаса, сондай-ақ жаппай тәртiпсiздiктерге байланысты бас тартылуы мүмкін.
3. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруден басқа жағдайларда ешбір орган немесе лауазымды тұлға ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларына кез келген ақпаратты хабарлағаны үшін қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде қамауда ұсталатын кез келген адамға қатысты кез келген санкцияны немесе оның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін шектеуді тағайындауы, қолдануы, рұқсат етуі немесе жол беруі мүмкін емес.
15-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жыл сайынғы
баяндамалары
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары тұрақты болу нәтижелері бойынша жыл сайынғы баяндамаларды, өз қызметінің нәтижелері бойынша жыл сайынғы есебінде есепке алып отыруы және оның қызметін жүзеге асыруға көзделген қаражат есебінен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, сондай-ақ оның ресми сайтында орналастыру үшін ұсынымдар мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге береді.
15-4-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларына талаптар
1. Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары болып табылады.
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары болуы тиіс емес:
1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
2) қылмыс жасағанға күдікті немесе айыпты адамдар;
3) сот әрекет етуге қабiлетсiз немесе іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер.
15-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары өкiлеттiгiн
тоқтату
1. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының өкiлеттiктері:
1) осы Заңның 15-4-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар орын алған кезде;
2) қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің немесе қоғамдық бірлестіктердің өз өкілеттіктерін тоқтату туралы жазбаша өтiнiш берген кезде;
3) қоғамдық байқау комиссия мүшесi немесе қоғамдық бірлестіктердің қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімi заңды күшіне енген кезде;
4) қоғамдық байқау комиссиялары мүшелерінің немесе қоғамдық бірлестіктердің немесе бірлестіктердің кемiнде үштен eкiciнің тиісті комиссияның хаттамасымен ресімделген шешімдері арқылы;
5) ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының, құқық қорғау тәртібін бұзуға, қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдардың жаппай қасақана бағынбауына, жаппай тәртіпсіздікке, оның ішінде қызметкерлердің немесе қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдардың қайтыс болуына немесе өміріне зиян келтіретін бүлікке соқтыратын қамауда ұсталатын адамдарға бару тәртібі мен жағдайларды бірнеше рет бұзуы;
6) осы Заңның талаптарын бұзу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайлардың болуы арқылы тоқтатылады.
2. Қоғамдық бірлестіктен ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының өкiлеттiгiн тоқтату және ауыстыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
15-6-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
1. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары өз өкілеттіктерін орындаған кезде адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер қызметінің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, сондай-ақ қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін сақтауға міндетті.
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелердің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қылмыстық іс жүргізу қызметіне және әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізуге және прокурор қызметіне араласуына жол берілмейді.
15-7-бап. Ақпараттың құпиялығы
Азаптау және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қатысы жоқ ақпарат жарияланбайды.
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинаған жеке сипаттағы мәліметтер қоғамнан уақытша оқшаулау арнаулы мекемелерінде қамауда ұсталатын адамның жазбаша келісімімен немесе оны әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайда заңды өкілінің жазбаша келісімі арқылы ғана жарияланады.
15-8-бап. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
Ұлттық алдын алу тетігі қатыушыларының Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру бойынша ұсынымдары, ұсыныстары уәкілетті мемлекеттік органдармен қаралады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар қарау нәтижесі бойынша қабылданған шаралар туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлауға міндетті.».
6. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
Ерекше тәртіпте ұстау арқылы білім беру ұйымдарында азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу мақсатында «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұлттық алдын алу тетігі жүзеге асырылады.».
7. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) аумақтық әділет органдарының (облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана) ұлттық алдын алу тетігі шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыруы;».
2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті