"Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 501 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Міндеттер» деген жолдағы «1. Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн құру» деген сөздер «1. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қаржыландыру көздері және көлемдері» деген жолда:
      «1 099 373» деген сандар «877 170» деген сандармен ауыстырылсын;
      «533 302» деген сандар «304 478» деген сандармен ауыстырылсын;
      «18 109» деген сандар «44 476» деген сандармен ауыстырылсын;
      «99 556» деген сандар «75 810» деген сандармен ауыстырылсын;
      «451 034» деген сандар «396 533» деген сандармен ауыстырылсын;
      «237 263» деген сандар «172 678» деген сандармен ауыстырылсын;
      «6 500» деген сандар «20 436» деген сандармен ауыстырылсын;
      «22 372» деген сандар «18 520» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімнің «Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн құру» деген 1-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5.1. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету
      2011 жылы сервистік компанияларды тарта отырып, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін басқару, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі «пилоттық» жобаларды іске асыру.
      2011 жылы кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеудi қайтарымды қаржыландырудың жаңа тетiктерін әзiрлеу және енгiзу.
      Азаматтардың жинақ жүйесін және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді пайдалана отырып, 2012 - 2015 жылдары кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың жаңа тетіктерін іске асыру.
      Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн басқару мен күтiп-ұстау функцияларын кондоминиум объектiлерiн басқару органдары мен сервистiк компаниялардың арасында бөлетін тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделiн енгізу, сондай-ақ кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуді қаржыландыру тетіктерін құру.
      2011 жылғы 22 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде кондоминиум объектiсiн басқару функцияларын кондоминиум объектiлерiн басқару органдарына, ал күтiп ұстау функцияларын сервистiк қызметтің субъектілеріне заңнамалық түрде бекiтiп беру көзделген.
      Кондоминиум объектiсiн күтiп-ұстау дегеніміз кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалану, оған жөндеу жүргiзу үшiн объектiні басқару органымен шарттың негiзiнде сервистiк қызметтің субъектілері iске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралардың жиынтығы деп түсiну қажет. Қазақстанның жекелеген қалаларында жаңа схеманы сынақтан өткізу мақсатында шарттық негізде сервистік компанияларды тарта отырып, көп пәтерлі тұрғын үй қорын күтіп ұстау жөніндегі «пилоттық» жобалар іске асырылатын болады.
      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу үйдiң едендерiн, қабырғаларын, шатырларын жылылау есебiнен ғимараттың қоршау конструкцияларының жылу-техникалық сипаттамасын жақсарту жөнiндегi құрылыс жұмыстары түрiндегi терможаңғырту элементтерiн өзіне қамтуға тиiс. Ғимаратты терможаңғырту жөнiндегi кешендi жұмыстар кезiнде тұтынылатын жылуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi орнатылады.
      Терможаңғырту элементтерімен ағымдағы жөндеу жүргізу нәтижесінде 10 пайызға дейін, күрделі жөндеу жүргізу нәтижесінде – 30 пайызға дейін тұтынылатын жылуды үнемдеуге қол жеткізіледі.
      2011 – 2012 жылдары кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеу мынадай екі тетік бойынша жүргізілетін болады.
      1-тетік.
      Республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер бөлінеді, олар мамандандырылған өңірлік ұйымдарды – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) капиталдандыруға бағытталатын болады.
      Кондоминиум объектісін басқару органы, мердігер, ӘКК мен үй-жай (пәтер) иелерінің арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге шарт жасалады.
      Сервистік қызмет субъектісін таңдауды кондоминиум объектісінің үй-жай (пәтер) иелері жалпы жиналыста жүзеге асырады.
      Кондоминиум объектісін басқару органы әрбір объектіге екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашады.
      Шартта белгіленген мерзімі ішінде үй-жай (пәтер) иелері екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргізеді.
      ӘКК сервистік қызмет субъектісіне жөндеу жұмыстарының құнын төлейді.
      Жинақталған қаражат екінші деңгейдегі банктің шотынан орындалған жұмыстардың төлемі ретінде ӘКК-ге аударылады, қаражатты одан әрі ӘКК басқа үйлерді жөндеуге жұмсайды.
      2-тетік.
      2011 жылы республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер бөлінеді, олар мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкілетті ұйымдарды капиталдандыруға жұмсалатын болады.
      2012 жылы республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-ға жылына 0,1 % ставкамен 7 жылға кредит бөлінетін болады.
      Облыстың ЖАО облыстық маңызы бар қаланың, ауданның ЖАО-сына кредит береді.
      Облыстық маңызы бар қаланың, ауданның ЖАО-сы мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкілетті ұйым құрады немесе осындай жұмыс істеп жатқан ұйымдарды тартады және оларға кредит береді.
      Кондоминиум объектісін басқару органы, бас мердігер болып табылатын мамандандырылған уәкілетті ұйым мен үй-жай (пәтер) иелері арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге шарт жасалады.
      Үй-жай (пәтер) иелерінің жалпы жиналысымен келісім бойынша мамандандырылған уәкілетті ұйым жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосалқы мердігерлерді таңдайды.
      Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігерлерді тарту мүмкіндігімен ортақ мүлікті жөндеудің әрқилы түрлерін жүргізеді.
      Кондоминиум объектісін басқару органы әрбір объектіге екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашады.
      Шартта белгіленген мерзімі ішінде үй-жай (пәтер) иелері екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргізеді.
      Жинақталған қаражат екінші деңгейдегі банктің шотынан мамандандырылған уәкілетті ұйымға орындаған жұмыстарға бөліп-бөліп ақы төлеу ретінде аударылады.
      Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкілетті ұйым кондоминиумның басқа объектілерін жөндеуге жұмсайды.
      Тұрғын үй қорында және республиканың әлеуметтік саласында энергия пайдаланудың тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында 2011 – 2013 жылдары көп пәтерлі тұрғын үйлерге және әлеуметтік сала объектілеріне орталықтандырылған энергетикалық аудит жүргізу көзделіп отыр.
      Бұл үшін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне (бұдан әрі – ҚТКШІА) республикалық бюджеттен трансферттер бөлінеді. Осы қаражат есебінен ҚТКШІА әртүрлі конструктивті орындалған және республиканың әртүрлі климаттық аймақтарындағы ғимараттарға энергетикалық тексеру жүргізеді.
      2014 жылдан бастап көрсетілген трансферттер облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына бөлінеді, олар жөндеу жұмыстары жүргізілетін үйлерде энергетикалық аудит жүргізеді.
      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу аяқталып, жылыту маусымы өткеннен кейін жергілікті атқарушы орган осы жөндеудің энергия тиімділігін бағалау үшін қайта энергетикалық аудит жүргізеді.
      Энергия үнемдеудің мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында бюджет қаражатын пайдалана отырып, ортақ мүлікке жөндеу жүргізу шарттарының бірі олардың жылу-техникалық сипаттамаларын жақсарту, үйге ортақ есептеу құралдарын және жылуды тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнату болып табылады.
      Осы міндеттерді жөндеу жұмыстарының мынадай үлгілік түрлері негізінде жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу арқылы шешуге болады:
      «Жертөле» деген бірінші түріне үйге ортақ жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспабы мен сыртқы және ішкі ауаның температурасына байланысты жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнату, энергия үнемдейтін жарықтандыру жүргізу, Жертөленің қабырғаларын, төбесін және еденін жөндеу жұмыстары жатады.
      «Жертөле-кіреберіс» деген екінші түрге бірінші түрдің барлық жөндеу жұмыстары және қосымша энергия үнемдейтін кіреберісте терезелер мен есіктер орнату, кіреберісті жөндеу, домофондар, пошта жәшіктерін және өзге кіреберіс жабдықтарын орнату жатады.
      «Жертөле-кіреберіс-шатыр» деген үшінші түрге бірінші және екінші түрлердің барлық жөндеу жұмыстары мен қосымша шатырды жөндеу және энергия үнемдейтін материалдарды жылылау жатады, бұл ретте шатырдың конструкциясын тегіс түрден сырғымалы түрге өзгертуге болады.
      «Жертөле-кіреберіс-шатыр-қабырғалар» деген төртінші түрге бірінші, екінші және үшінші түрлердің барлық жөндеу жұмыстары және қосымша қабырғаларды жөндеу мен жылылау, тұрғын үйдің сыртқы түрін өзгерту жатады.
      Энергия тиімділігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарының бірінші, екінші, үшінші, төртінші түрлерін жүргізген кезде үй-жай (пәтер) иелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша үйге ортақ жылу энергиясын есепке алудың және жылуды тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi орнатылады.
      «Лифт» деген бесінші түрге лифтілерді және лифт жабдықтарын жөндеу немесе ауыстыру жұмыстары жатады.
      «Ағымдағы жөндеу» деген алтыншы түрге ғимараттың жекелеген элементтерін және конструкцияларын таңдаулы ағымдағы жөндеу жатады.
      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуге тиіс.
      2013 жылдан бастап кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу мынадай тетіктер бойынша жүргізіледі.
      Республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына нысаналы трансферттер бөлінеді, олар мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған уәкілетті ұйымдарды капиталдандыруға жұмсалатын болады.
      Мамандандырылған уәкілетті ұйымдарды капиталдандыруға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру экономикалық сараптаманың қорытындысын қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздеменің (ҚЭН) және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық тексеру актілерінің негізінде жүргізіледі.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары қажет болған жағдайда көрсетілген тетікті іске асыру үшін
жергілікті бюджеттің қаражатын пайдаланады.
      Кондоминиум объектісін басқару органы, үй-жай (пәтер) иелері мен бас мердігер болып табылатын мамандандырылған уәкілетті ұйым арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге шарт жасалады.
      Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігер ұйымды таңдаған кезде конкурстық комиссияның құрамына кондоминиумның жөнделетін объектілерінің үй-жай (пәтер) иелерінің өкілдерін қосады.
      Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігерлерді тарту мүмкіндігімен ортақ мүлікті жөндеудің әрқилы түрлерін жүргізеді.
      Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жай (пәтер) иелері бастапқы жарна жинақтауы үшін кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашады.
      Осы қаражатты кондоминиум объектісін басқару органы бастапқы жарна енгізуге және мамандандырылған уәкілетті ұйым орындаған жөндеу жұмыстарына ақы төлеуге пайдаланады.
      Шартта белгіленген мерзім ішінде үй-жай (пәтер) иелері екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргізеді.
      Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін үй-жайдың (пәтердің) пайдалы алаңның 1 шаршы метрі үшін орындалған жұмыс үшін төлемнің мөлшері ай сайын 3 % АЕК-тен артық болмауға тиіс.
      Төлемнің осы мөлшерін негізге ала отырып, үй-жай (пәтер) иелерінің шартты орындау мерзімі белгіленеді.
      Үй-жай (пәтер) иелері жинаған бастапқы жарнаның мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
      2013 жылдан бастап – 3 %;
      2014 жылдан бастап – 5 %;
      2015 жылдан бастап – кемінде 7 %.
      Бастапқы жарнаға ақшалай қаражаттан басқа кондоминиум объектілерін тіркеуге, техникалық аудит жүргізуге және ақау ведомосін әзірлеуге, жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу мен мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған шығындар, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге байланысты өзге де шығындар жатады.
      Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкілетті ұйым басқа кондоминиум объектілерін жөндеуге пайдаланады.
      Перспективада мамандандырылған уәкілетті ұйымның рөлін кәсіпкерлік құрылымдар, ал оларды қаржыландыруды – мамандандырылған қаржы институттары (агенттіктер) және екінші деңгейдегі банктер алады.
      Осы тетікті іске асыру үшін оған қатысушылар мынадай әрекет жасауға тиіс.
      Жергілікті атқарушы органдар:
      1) үй-жай (пәтер) иелерінің өтінімдері бойынша жоғарыда көрсетілген тетіктің шеңберінде жөндеуге жататын үйлердің тізбесін қалыптастырады;
      2) тұрғын үй инспекцияларына тиісті актілерді бере отырып, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады;
      3) тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізуді ұйымдастырады;
      4) ЖСҚ келісуді қамтамасыз етеді;
      5) мамандандырылған уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту үшін ҚЭН әзірлейді;
      6) ҚЭН-ге экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;
      7) ҚЭН және экономикалық сараптамасы бар бюджеттік өтінімді ҚТКШІА-ге жібереді;
      8) жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды және үй-жай (пәтер) иелерінен қаражаттың қайтарылуына мониторингті қамтамасыз етеді;
      9) аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін төлеуді ұйымдастырады.
      Мамандандырылған уәкілетті ұйым:
      1) басқару органы мен үй-жай (пәтер) иелері арасында жөндеу жұмыстарын орындауға шарт жасасуды;
      2) үй-жай (пәтер) иелерінің өкілдерімен бірлесіп, қосалқы мердігер ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізуді;
      3) жөндеу жұмыстарын орындау және шартқа сәйкес төлемдерді қабылдауды;
      4) үй-жай (пәтер) иелерінен – шартқа қатысушылардан берешектерді сот тәртібімен өндіріп алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Кондоминиум объектісін басқару органы:
      1) кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асырады;
      2) екінші деңгейдегі банктерден кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды қамтамасыз етеді;
      3) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне техникалық аудит жүргізуді және ақау ведомосін жасауды ұйымдастырады;
      4) ЖСҚ әзірлеуді және оған мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      5) мамандандырылған уәкілетті ұйыммен шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді;
      6) орындалған жұмысты қабылдауға қатысады;
      7) жалпы жиналыстың шешімін орындаудан бас тартқан және шартқа қатыспайтын үй-жай (пәтер) иелерінен берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап арыз беруді жүзеге асырады.
      Үй-жай (пәтер) иелерінің жалпы жиналысы:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды;
      2) ҚТКШІА бекіткен жөндеу жұмыстарының түрлерін таңдауды жүзеге асырады;
      3) бастапқы жарнаға жұмсалатын шығыстар сметасын бекітеді;
      4) қосалқы мердігерлерді таңдау жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу үшін өкілдерді таңдауды қамтамасыз етеді;
      5) қосалқы мердігерлерді таңдауға келісім беруді жүзеге асырады;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге арналған ЖСҚ-ны бекітеді;
      7) әрбір үй-жайға (пәтерге) жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жұмсалатын шығыстардың сметасын бекітеді, ол жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын (немесе) тұрғын емес пайдалы алаңның осы кондоминиум объектісіндегі барлық тұрғын пайдалы алаңның және барлық тұрғын емес алаңның сомасына қатынасы бойынша анықталады;
      8) екінші деңгейдегі банктердің шотында ай сайынғы жарналардың мөлшерін бекітеді;
      9) мамандандырылған уәкілетті ұйыммен шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді;
      10) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін өкілдерді таңдайды.
      Орындалған жұмыстарды қабылдауға ЖАО-ның тұрғын үй инспекциялары, кондоминиум объектісін басқару органдары және үй-жай (пәтер) иелерінің өкілдері қатысады.
      Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге қатысушы тұрғындар санының артуы тұрғын үй көмегіне мұқтаж тұрғындар санының артуына алып келеді. Осыған байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына тұрғын үй көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен трансферттер бөлінетін болады.
      Пәтер (үй-жай) меншік иелерінің тұрғын үй қорын терможаңғырту үдерісіне тарту үшін халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау жөнінде іс-шаралар жүргізу қажет.
      Халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау Бағдарламаны табысты іске асырудың негізі болып табылады және мынадай негізгі іс-шараларды қамтиды: ағартушылық және арнайы әдебиетті тираждау және тарату, өңірлік семинарлар, көрмелер және конференциялар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық акциялар мен жарнамалық науқандар өткізу.
      Осының нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйге өзінің жеке меншік тұрғын үй ретінде иелік ету қатынасы және энергияны үнемдеу қатынасы қалыптасуға тиіс.»;
      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қажетті ресурстар
      «2011 – 2020 жылдары Бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржы шығындары:

Жылдар

Қажеттi қаражаттың жалпы көлемi (млн. теңге)

Оның iшiнде

республикалық бюджет

жергiлiктi бюджет

кәсiпорындардың қаражаты

азаматтардың қаражаты

Барлығы

877 010

304 478

44 476

452 406

75 810

2011

71 464

37 267

5 614

28 583

-

2012

61 237

25 085

3 799

31 623

730

2013

82 207

37 406

3 733

38 258

2 810

2014

80 078

29 610

2 962

41 576

5 930

2015

101 547

43 310

4 328

44 859

9 050

2016

88 788

26 260

4 438

47 700

10 390

2017

94 897

29 160

4 728

49 819

11 190

2018

96 446

26 260

4 838

53 638

11 710

2019

98 762

25 160

4 928

56 704

11 970

2020

101 744

24 960

5 108

59 646

12 030

»;

      «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары 1-кезең

Р/с

Iс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

1. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету

1.

Қарағанды және Шымкент қалаларында сервистік компаниялар құру

Пилоттық жобалар

Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

2.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуді қамтамасыз ету

ҚТКШIА-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 – 2015 жылдары желтоқсан

3.

Көп пәтерлi тұрғын үйлерге энергетикалық аудит өткiзу

Тұрғын үйлердiң энергетикалық аудитiнiң паспорты

ҚТКШIА, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 – 2013 жылдары желтоқсан

4.

Көп пәтерлi тұрғын үйлерге энергетикалық аудит өткiзу

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2014 – 2015 жылдары желтоқсан

5.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды капиталдандыру

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктері

2011 – 2012 жылдар

6.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу үшiн мамандандырылған қаржы ұйымын капиталдандыру

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2011 – 2015 жылдар

7.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге кредит беру үшiн мамандандырылған қаржы ұйымына кредит беру

Жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктері

2012 жыл

8.

Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге тұрғын үй көмегiн беру

Жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 – 2015 жылдар

9.

Энергия үнемдеу саясатын насихаттау

Халықтың арасында кеңiнен ақпараттық - түсiндiру жұмысын жүргiзу

ҚТКШIА, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 – 2015 жылдары желтоқсан

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

10.

Инженерлiк желiлердiң (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерiнiң) техникалық жай-күйiне бағалау жүргiзу

Инженерлiк желiлердiң техникалық жай-күйi туралы есеп

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2011 – 2015 жылдары желтоқсан

11.

Жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерiн жаңғырту және қайта жаңарту жөнiндегi жобаларды iске асыру

Инженерлiк желiлерi жаңғырту

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «КЕГОК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 – 2015 жылдары желтоқсан

12.

ТКШ-ге мониторинг жүргiзудiң және бақылаудың ақпараттық-талдау жүйесiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу

Техникалық- экономикалық негiздемесiнің жобасы

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 жылғы
3-тоқсан

13.

ТКШ-тегi нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлеу

Нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша), «Қазақ Суарнажоба» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 – 2015 жылдары желтоқсан

14.

Халықаралық қаржы институттарын және екiншi деңгейдегi банктердi тарта отырып, коммуналдық сектордағы жобаларды бiрлесiп қаржыландыру үшiн арнайы құралдар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс

ҚТКIША, ЭДСМ, Қаржыминi, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 жылғы
3-тоқсан

15.

«Инженерлiк жүйелер мен желiлер» мамандығын әзiрлеу және жоғары кәсiптiк бiлiм беру жiктеуiшiне енгiзу

Жоғары кәсiптiк бiлiм беру жiктеуiшiне өзгерiс

БҒМ, ҚТКШIА, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 жылғы
4-тоқсан

16.

ТКШ саласы мамандарының бiлiктiлiгi мен құзыретiн арттыру жүйесiн дамыту жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу

БҒМ-ға ұсыныс

ҚазҰТУ, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 – 2015 жылдары 4-тоқсан

2-кезең

1. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету

17.

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуді қамтамасыз ету

ҚТКШIА-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2016 – 2020 жылдары желтоқсан

18.

Көп пәтерлi тұрғын үйлерге энергетикалық аудит өткiзу

Тұрғын үйлердiң энергетикалық аудитiнiң паспорты

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2016 – 2020 жылдары желтоқсан

19.

Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу үшiн мамандандырылған қаржы ұйымын капиталдандыру

Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2016 – 2020 жылдар

20.

Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге тұрғын үй көмегiн беру

Жергiлiктi атқарушы органдарға нысаналы трансферттер

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2016 – 2020 жылдар

21.

Энергия үнемдеу саясатын насихаттау

Халықтың арасында кеңiнен ақпараттық- түсiндiру жұмысын жүргiзу

ҚТКШIА, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 - 2015 жылдары желтоқсан

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

22.

Инженерлiк желiлердiң (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерiнiң) техникалық жай-күйiне бағалау жүргiзу

Инженерлiк желiлердiң техникалық жай-күйi туралы есеп

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2016 - 2020 жылдары желтоқсан

23.

Жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерiн жаңғырту және қайта жаңарту жөнiндегi жобаларды iске асыру

Инженерлiк желiлердi жаңғырту

«ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «КЕГОК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ (келiсiм бойынша)

2016 - 2020 жылдары желтоқсан

24.

ТКШ-тегi нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлеу

Нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келiсiм бойынша), «Қазақ Суарнажоба» АҚ (келiсiм бойынша)

2016 - 2020 жылдары желтоқсан

кестенің жалғасы

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

Бюджеттiк бағдарламаның (егер болса) №

2011

2012

2013

2014

2015

Барлығы

6

7

8

1. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету

Талап етілмейді




730

2 810

6 080

8 370

17 990

Азаматтардың қаражаты

-

210

210

210



630

РБ

007




210

210

420

РБ

007

1 842

5 000




6 482

РБ

031

5 500


26 000

26 000

26 000

83 500

РБ



8 000




8 000

РБ

027


563

543

456

500

2 062

РБ

028

200

150

150

150

150

800

РБ

007

2.Комуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

250

250

250

250

250

1 250

РБ

019

98 965

10 812

10 153

2 444

16 100

68 474

РБ

012

2 896

1 081

1 015

244

1 610

6 846

ЖБ

012

28 583

31 623

38 258

41 576

44 859

184 899

Кәсiпорындардың қаражаты


14






Меншікті қаражат


150

100

100

100

100

550

РБ


Талап етiлмейдi



Талап етiлмейдi



Талап етiлмейдi



2-кезең

1.Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету

10 620

13 180

15 610

17 940

20 310

77 660

Азаматтардың қаражаты


210

210

210

210

210

1 050

РБ

007

8 000

8 000

4 000

2 000


22 000

РБ


500

500

500

500

500

500

РБ

028

150

150

150

150

150

750

РБ

007

2.Комуналдық инфрақұрылымдық жаңғырту

250

250

250

250

250

1 250

РБ

019

17 200

20 100

21 100

22 100

23 900

104 500

РБ

012

1 911

2 233

2 355

2 455

2 655

11 609

ЖБ

012

47 700

49 819

53 638

56 704

59 646

267 507

Кәсiпорындардың қаражаты


100

100

100

100

100

500

РБ

003

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады