Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық
салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат):
19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде есепке алуды білдіреді.».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат;№ 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат;№ 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат;№ 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86,87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар;№ 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж.,№ 1, 4-құжат; № 2,16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар;№ 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 21 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 шілдедегі Заңы; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы; 2012 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 28 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
1) тақырыбында:
205-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті жүзеге асыру»;
206-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу»;
206-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу»;
708-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«708-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысы мен адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату»;
мынадай мазмұндағы 710-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі»;
2) 67-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту.
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған тұлға деп осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнің нақ сол бір бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап есептелетін он екі айлық кезең ішінде, сондай-ақ осы Кодекстің 66-бабында көзделген мерзім өтіп кеткен жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған тұлға түсініледі.
2. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн залалды өз еркiмен өтеуi деп Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес қосымша және (немесе) камералды бақылау нәтижелері жөнінде хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыстау түсініледі.»;
3) 68-баптың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген санкцияның, әкiмшiлiк айыппұл мөлшері орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесі сомасының пайызымен көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.
Мүліктік емес сипаттағы зиян келтірген құқық бұзушылық жасағаны үшін тұлғаны көрсетілген негіздер бойынша жауаптылықтан босату кезінде қол сұғу нысанын, оны жасаудың нақты мән-жайларын негізге алу керек.»;
4) 88-бапта:
үшінші бөліктің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларды, дара кәсiпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, заңды тұлғаларды ескертуге әкеп соғады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – аударылмаған (уақытында аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының отыз пайызы, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін тұлға, егер уақтылы емес және (немесе) толық есептелмеген, ұсталған (есептелген) және (немесе) төленген (аударылған) мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жаза анықталған күнге қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болға жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатпайды.»;
5) 88-1-бапта:
екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларды, дара кәсiпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, заңды тұлғаларды ескертуге әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы баптың 2-1-бөлігінің мақсаттары үшін тұлға, егер уақтылы және (немесе) толық аударылмаған әлеуметтік аударымдар мен өсімақы сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жаза анықталған күнге қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, осы бапта көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.»;
6) 166-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – жеті, дара кәсiпкерлерге – жүз жиырма бес, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялықемес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 179-бапта:
бірінші бөлігінде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркеу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға және қаржылық есептілік депозитарийіне, қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу дұрыс емес қаржылық есептiлiктi табыс ету, қаржылық есептiлiктi табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелсiз себеппен табыс етпеу;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мүдделігі жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтердiң сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде бұзуы;»;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«мүдделігі жария ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтері қол қойған қаржылық есептілігін табыс ету,-»;
8) 205-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы, дара кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркелуін есепке алу туралы, қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелуін есепке алу салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, -
жеке тұлғаларды, дара кәсiпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, заңды тұлғаларды ескертуге әкеп соғады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-1-бөлік алып тасталсын;
мынадай редакциядағы 2-2-бөлікпен толықтырылсын:
«2-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - сегiз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсiпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес айлық есептiк көрсеткiш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға есепке тұрмаған кезең үшiн салық салынатын айналым сомасының отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
9) 205-1-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларды, дара кәсiпкерлерді, заңды тұлғаларды ескертуге әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің сегізі мөлшерінде, дара кәсiпкерлерге – он бес мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дара кәсiпкердiң патент алу үшін есептеуді беру мерзiмiн бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
10) 205-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы
салық органы шешімінің қолданысы кезеңінде қызметті
жүзеге асыру
1. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салық органы шешімінің қолданысыкезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы –
дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 206-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«206-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк салымымен
байланысты құжаттарды табыс етпеу»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі, –
дара кәсiпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, заңды тұлғаларды ескертуге әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға – он бес, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға – отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мониторинг жөніндегі есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде табыс етпеуiн білдіретін, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілерге бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші және жетінші бөліктер алып тасталсын;
12) 206-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«206-1-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті,
сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде
бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды
табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрдегi)салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы -
дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелер мониторингі бойынша есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде алшақтықтарды анықтау -
дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалынған әрекет (әрекетсіздік) -
дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
13) 206-2-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 207-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
15) 208-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсiпкерлерге жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
16) 208-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге – отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде жүргізілген есептеулер сомасынан айыппұл салуға немесе құқық бұзушылық жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасаудың салдарынан алынған мүліктер тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;
17) 209-бап ескертулерінің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертулер.
1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығына есептелген сома бойынша әкімшілік жаза сомасын анықтау кезінде салық кезеңінде қосылған құн салығын төлеудің белгіленген күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қосылған құн салығына артық төленген сома есепке алынады.
Бір салық кезеңінен артық кезеңге салық тексерісі болған жағдайда, әрбір кейінгі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төлем сомасы осы салық тексерісіне енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн салығының есептелген және (немесе) азайтылған сомасын есепке ала отырып айқындалады.»;
18) 210-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
19) 211-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсiпкерлерге отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, - шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының екi жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
20) 215-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, заңды тұлғаларды ескертуге әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
21) 218-1-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының елу пайызы, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушінің салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемелерді табыс етпеуі және оларды орындамауы - »;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Салық органдарын мынадай жағдайларда хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу:
әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу кезінде;
әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды уақытша әкету кезінде -
жеке тұлғаларға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бір жүз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
22) 358-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
23) 580-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы Кодекстің 710-1-бабында көзделген талаптар орындалған жағдайда.»;
24) 584-баптың ескертуі мынадай мазмұндағы екінші бөлігімен толықтырылсын:
«Осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп салық қызметі органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға жіберген хабарлама (хабардар ету)да танылады.»;
25) 638-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлға жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, осы Кодекстің 168, 168-6, 168-7, 169, 172-2 (бірінші және екінші бөілктер), 179 (үшінші және төртінші бөліктер) 180, 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам табылған кезден бастап, айыппұлдың белгіленген мерзімде төленбеу факті анықталғаннан кейін хаттама жасалатын осы Кодекстің 710-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, он жұмыс күні ішінде жасалады.
Осы Кодекстің 710-1-бабының 1-бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.»;
26) 639-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1, 1-2 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған кезде қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
«1-2. Егер адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын адам) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған фактіні мойындаған және қолданылған жазаға келiскен, сондай-ақ осы Кодекстің 710-1-бабына сәйкес айыппұл төлеген жағдайда, салық қызметінің органдарында істері қаралатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.»;
27) 657-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулы көшірмесі берілген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде, ал салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген салық міндеттемесінің немесе міндеттемелерінің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауына байланысты шығарылған қаулыларға отыз жұмыс күні ішінде беріледі, ал егер осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.»;
28) 708-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«708-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке
сот орындаушысы мен адвокатқа айыппұл салу туралы
қаулыны мәжбүрлеп орындату»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiпте салық қызметiнiң органдары орындайды.»;
29) 709-баптың 1-бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiпте салық қызметiнiң органдары орындайды.»;
30) мынадай мазмұндағы 710-1-баппен толықтырылсын:
«710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау
тәртібі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметі органы жіберген (тапсырған) салық органына келу туралы алынған хабарлама негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама алған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұлды төлейді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар, беру күнін жаза қолданылған лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметті, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға туралы мәліметтерді, осы бұзушылық жауапкершілігін көздейтін осы Кодекстің бабын, әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған уақыты мен орны, әкімшілік айыппұлдың сомасы, айыппұлды төлеу үшін реквизиттерді де қамтиды.».
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 21 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 шілдедегі Заңы; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы; 2012 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 28 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру әселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
1) Салық кодексінің 12, 14, 22, 72, 228, 231, 232, 237, 242, 243, 244-1, 245, 246, 247, 248, 255, 256, 268, 276-1, 276-2, 276-3, 276-4, 276-5, 276-6, 276-8, 276-10, 276-11, 276-12, 276-13, 276-14, 276-15, 276-16, 276-17, 276-18, 276-19, 276-20, 276-21, 276-22, 276-23, 277-1, 282, 285, 288, 290, 291, 292, 293, 296, 298, 299, 332, 334, 556, 627, 632, 635, 642 және 653-баптарында бүкіл мәтіні бойынша «кеден одағының», «кеден одағына», «кеден одағынан», «кеден одағында», «кеден одағындағы» деген сөздер «Кеден одағының», «Кеден одағына», «Кеден одағынан», «Кеден одағында», «Кеден одағындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 37-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«37-1-бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген
санаттарының салық міндеттемесін орындау
ерекшеліктері»;
43-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің
жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау
ерекшеліктері»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерінің өзгертілуі. Салықтық міндеттемені тоқтату негіздері»;
мынадай мазмұндағы 51-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«51-1-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомасын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есептілікті құру туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және бухгалтерлік есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерлердің салықтық есеп жүргізу ерекшеліктері»;
мынадай мазмұндағы 60-1, 60-2, 60-3 және 111-1-баптардың тақырыбымен толықтырылсын:
«60-1-бап. Жалпы ережелер
60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары мен оларды жасау бойынша талаптар
60-3-бап. Салықтық есепті жүргізу ерекшеліктері
111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер»; 127, 128, 151-2, 151-7, 151-8 және 172-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«127-бап. Ұзақ мерзімді орындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыс
128-бап. Ұзақ мерзімді орындалатын туынды қаржы құралы бойынша табыс
151-2-бап. «Ұлттық индустриялық мұнай-газ технопаркі» арнайы экономикалық аймағы, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
151-7-бап. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы аумағында қызмет атқаратын ұйымдарға салық салу
151-8-бап. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызмет атқаратын ұйымдарға салық салу
172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар»;
мынадай мазмұндағы 180-1, 180-2, 180-3 және 196-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«180-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне арналған арналы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен табыс
180-2-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне арналған арналы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен табыс
180-3-бап. Шағын бизнес субъектілеріне арналған салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезіндегі құн өсімінен табыс
196-1-бап. Салықтық есептілік берудің ерекшеліктері»;
227-1, 244-2 және 244-3-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«227-1-бап. Депозитарийлік қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ төлем көздерінен ұсталатын табыс салығын қайтару тәртібі
244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақ аумағында өткізілетін тауарларға салық салу
244-3-бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағында өткізілетін туарларға салық салу ерекшеліктері»;
мынадай мазмұндағы 253-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«253-1-бап. Білім берудің дербес ұйымдарының білім беру саласындағы қызмет көрсетуі»;
266-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«266-бап. Қосылған құнға салықты есептеу»;
мынадай мазмұндағы 427-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«427-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің табыстарды салық есебінде тану ерекшеліктері»;
429, 431, 433, 435, 441, 599, 602, 605 және 606-баптардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«429-бап. Қолдану шарттары
431-бап. Қолдану тәртібі
433-бап. Қолдану шарттары
435-бап. Қолдану тәртібі
441-бап. Қолдану тәртібі
599-бап. Артық төленген салық, төлемақы, алым мен өсімпұл сомаларын есепке жатқызу
602-бап. Салықтың, төлемнің, алым мен өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару
605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару
606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару және есепке жатқызу»;
3) 12-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:
«20-2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, өндіру, бірлесіп барлау жүргізу мен өндіруге арналған не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты имараттарының құрылысына және (немесе) пайдалануға немесе жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған шарт. Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын берудің басқа да түрлері жатады;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) салық төлеуші – салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;»;
мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
«38-1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – ол арқылы электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын қазынашылық қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;»;
4) 14-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметінің тоқтатылуына(осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарында белгіленген жағдайларды қоспағанда), заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) салық органдарын мынадай жағдайларда хабардар ету:
әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу кезінде;
әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды уақытша әкету кезінде.
Осы тармақшаның мақсатында тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
5) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Салық берешегін өтеу тәртібі
Салық берешегін өтеу мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) бересі сомасы;
2) есептелген өсімпұлдар;
3) айыппұлдар сомасы.»;
6) 37-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 37-1-бабына сәйкес қызметі тоқтатылған резидент заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі белгіленген резидент заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
7) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
«37-1-бап. Қызметі тоқтатылған резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай тиісті шарттарға сәйкес келетіні:1) қосылған құнға салық төлеуші болып табылмайтын (болып табыл маған);
2) лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын (жүзеге асырмаған);
3) заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнiмiн, суда өсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндiрушiлер және селолық тұтыну кооперативтеріне арналы салық режимін қолданбайтын (қолданбаған);
4) қайта құрылмаған және заңды тұлға мемлекеттік тіркелген сәттен бастап оның қызметі кезеңінде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылмайтын (болып табыл маған);
5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемелерін орындауының ерекше тәртібін белгілейді.
Осы бап Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде осы тармақта айқындалған тиісті шарттармен заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы баптың ережесі Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз құрылуған күнінен басталатын кезеңде заңды тұлғаларға да қолданылады.
2. Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) осындай есеп болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіпте бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты таратылатын заңды тұлға бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда ұсынады.
3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.
4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн мерзімнен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органы таратылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде:
1) уәкілетті мемлекеттік органдарға - қызметін тоқтататын заңды тұлға мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелер туралы, сондай-ақ салық органының сұратуын алған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
2) кеден органдарына - қызметін тоқтататын заңды тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ кеден төлемдері және салық бойынша салық органының сұратуын алған күніне берешегінің жоқтығы туралы растауды табыс ету туралы;
3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметін тоқтататын заңды тұлғаның салық органының сұратуын алған күніне банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жібереді.
Салық органының осы тармақта көрсетілген сұратулары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.
6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей камералдық бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіпте қорытынды жасайды.
Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері және салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептеулердің жай-күйлері көрсетіледі.
Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы таратылған заңды тұлғаға беріледі, ол салық органы қорытындысының данасына оны алғандығы туралы қолын қоюға міндетті.
7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда таратылған заңды тұлғаға қорытынды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауына белгіленген тәртіпте камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беріледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды таратылатын заңды тұлға осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Хабарламаны орындамаған және (немесе) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда таратылатын заңды тұлғаға қатысты құжаттамалық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттамалық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей басталуы тіис.
8. Таратылатын заңды тұлғаның оның ішінде, осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша туындайтын салықтық берешегі оның ақшасы, оның ішінде, оның мүлкін сатудан түскен ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген кезектілік тәртібінде өтеледі.
9. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салықтық берешектің толық көлемін өтеуге жеткіліксіз болса, салықтық берешектің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіпте осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
2) салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіпте осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіпте осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіпте осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
11. Таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) тарату балансын;
2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
3) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы және (немесе) болуы туралы мәліметтерді алу үшін салықтық өтінішті табыс етедi.
Таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бір мезгілде мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы сақталған жағдайда, камералдық бақылау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары бойынша бұзушылықтар болған жағдайда таратылатын заңды тұлға осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын айтарған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
13. Осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгіленген ережелер орындалғанан кейін салық органы таратылған заңды тұлғаға осы Кодексте белгіленген тәртіпте және мерзімде салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі жоқтығы туралы анықтама беруге міндетті.»;
8) 41-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мұндай куәлік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жағдайда – дара кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген жағдайда қағаз тасығыштағы түсіндірмені;»;
9) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің
жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау
ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын (болып табылмаған);
2) патент және (немесе) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін үздіксіз пайдаланатын дара кәсіпкерлерді қосапағанда, лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын (жүзеге асырмаған);
3) шаруа немесе ферма қожалықтарына арналы салық режимін қолданбайтын (қолданбаған);
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген қызметі тоқтатылған дара кәсіпкерлердің салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібін айқындайды.
Осы бап Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде осы тармақта айқындалған тиісті шарттармен дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы баптың ережесі Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен басталған кезеңде дара кәсіпкерлерге қатысты да қолданылады.
2. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) осындай есеп болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) мұндай куәлік 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жағдайда – дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені;
5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты;
6) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіпте бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
Осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжат қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда табыс етіледі.
3. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.
4. Қызметі тоқтатыталын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Таратудың салық еселтілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізіледі.
5. Салық органы дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) уәкілетті мемлекеттік органдарға - қызметін тоқтататын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелер туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
2) кеден органдарына - қызметін тоқтататын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ кеден төлемдері және салық бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігі туралы растауды табыс ету туралы;
3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жіберуге міндетті.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күнге дейін салық төлеушіге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.
6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауал бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.
7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, оның нәтижелері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіпте қорытынды жасалады.
Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептеулердің жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды тұлғалары қол қояды. Қорытындының бір данасы дара кәсіпкерге беріледі, ол салық органы қорытындысының данасына оны алғандығы туралы қол қоюға міндетті.
8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда дара кәсіпкерге қорытынды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіпте камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беріледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды таратылатын заңды тұлға осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Хабарламаны орындамаған және (немесе) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге қатысты құжаттамалық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттамалық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей басталуы тиіс.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтық берешегі көрсетілген дара кәсіпкердің ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден түскен ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібінде өтеледі.
10. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіпте осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіпте есепке жатқызылуға жатады.
11. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстіңт 601-бабында белгіленген тәртіпте осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіпте осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіпте осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіпте осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
12. Қызметiн тоқтататын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда орналасқан жерi бойынша салық органына:
1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылған банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
2) ішкі істер органдарының дара кәсіпкер мөрінің (ол болған кезде) жойылғаны туралы құжатын;
3) тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.
Қызметiн тоқтататын дара кәсіпкер осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, қорытынды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
13. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары бойынша бұзушылықтар болған жағдайда қызметін тоқтатын дара кәсіпкер осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейін келетін күннен;
5) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жойылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
14. Дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды беру күні болып табылады.
15. Салық органы осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің тіркелу есебінен шығарылғанын растайтын құжат береді немесе себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде тіркелу есебінен шығарудан бас тартады.
Тіркелу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіздеме осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген ережелердің сақталмауы болып табылады.»;
10) 46-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі - бес жыл. Салық міндеттемесі бойынша талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық қызметінің органы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға, сондай-ақ осы Кодекстің 94 және 107-баптарына сәйкес кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер бөлігінде корпоратвитік табыс салығы және онымен байланысты жиынтық жылдық табысты түзету сомасын есептеуге жазуға немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткіші) қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағы 3) тармақшасын қолдану кезінде салық төлеуші, салық қызметінің органы жеке тұлғаны оқыту кезеңінің ішінде және жеке тұлғаны оқыту аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде салық салынатын табыстың сомасын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығының сомасын есептеуге немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Салықтық тексеру үргізу уақытында трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сұрау жолдаған жағдайда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап ету мерзімі сұраулар жолдау және (немесе) олар бойынша ақпарат алу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте оны тоқтата тұруды ескере отырып салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап ету мерзімінің жалпы мерзімі жеті жылдан аспауы тиіс.»;
11) 47-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа), бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін салық төлеушінің өтініші негізінде неғұрлым кеш, бірақ осы Кодекстің 49, 50, 51-1-баптарында белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге ауыстыру салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстің 51-1-бабында өзгеше белгіленбесе, салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіпте салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.»;
12) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті орган
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықты және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
2. Осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жергілікті бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықты және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органы қабылдайды.
3. Салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіпте салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы қабылдайды.
Егер салық төлеуші орналасқан жері бойынша жоғары тұрған салық органында тіркелген жағдайда салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді тікелей көрсетілген салық органы қабылдайды.»;
13) 49-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте салық (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.»;
14) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа) төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан асапайтын мерзімге жүргізіледі.»;
15) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
«51-1-бап. Салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада
көрсетілген есептелген салықтардың, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің және
(немесе) өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық
міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
1. Салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген сомалармен келіскен және олар осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес болған жағдайда салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарлама алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына салық төлеуші (салық агенті) табыс етеді. Өтінішке мыналар қоса беріледі:
салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеуді көздейтін салық міндеттемесін орындау кестесі;
жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлік субъектілері санаттарының біріне салық төлеушінің тиесілілігін жазбаша растау.
Егер салық төлеуші (салық агенті) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды ішінара төлеген болса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың қалған бөлігін төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш беруге құқылы.
2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту, егер жиынтығында мұндай сомалар:
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес болса;
орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 153000 еселенген мөлшерінен кем емес болса;
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300000 еселенген мөлшерінен кем емес болса, осы бапта белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
3. Осы баптың ережелері мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілерге:
салық төлеуші ретінде тіркелген күннен бастап осы баптың 1-тармағында көзделген өтініш берілген күнге дейінгі кезең кемінде бес жылды құрайтын болса;
есептелген және (немесе) есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға түзетуді есепке алмай заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициенті уәкілетті орган белгілеген орта салалық мәннен төмен болса қолданылмайды.
Салық органына өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталғанға дейінгі кезеңде осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішті табыс ету кезінде салық жүктемесiнiң коэффициенті өтініш беру күніне корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталған соңғы күнтізбелік жылға түзетуді есепке алмай заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысына (дара кәсіпкердің табысына) есептелген және (немесе) есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қатынасы ретінде айқындалады.
4. Егер салық төлеуші (салық агенті) оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты осы баптың 1-тармағында белгіленген өтінішті беру мерзімін өткізіп алса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында, осы тармақта көрсетілген тұлғалардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына өтініш және қолдаухат беруге құқылы.
Осы тармақтың ережелері ұйымдастырушылық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған уақытта оларды алмастыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру туралы қолдаухатқа:
осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын;
осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдастырушылық құрылымын белгілейтін құжат қоса беріледі.
5. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа), бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік отыз алты айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.
6. Салық қызметінің органы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күнен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай шешімдердің:
1) салық төлеушімен келісілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін салық міндеттемесін орындау кестесін қоса бере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
7. Салық қызметі органдары осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімдерді қабылдаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар сомаларын осындай шешім қолданылатын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төлеуді жүзеге асыруға міндетті.
8. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтардың, бюджетке басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
9. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.»;
16) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылады, оның ішінде:
1) салық төлеуші салықтың, бюджетке басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың барлық сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда;
2) салық бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау кестесін бұзған жағдайда;
3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салық қызметі органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық қызметі органы осы Кодекстің 51-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.»;
17) 56-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы баптың 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есеп деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуді жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган осы тарауда және осы Кодекстің 7-1-тарауында бекіткен ережелерге сәйкес бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жүргізуді жүзеге асырады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, шаруа қожалықтары немесе фермер шаруашылықтары үшін арналы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осындай арналы режим қолданылатын қызмет бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салықтық есепке алу саясаты, осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бастапқы есепке алу құжаттары – осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін;»;
18) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есептеу әдісі - есепке алу әдісі, оған сәйкес операциялар мен өзге де жағдайлардың нәтижелері олардың жасалған фактісі бойынша, оның ішінде ақшаны немесе оның эквивалентін алған немесе төлеген күннен бастап емес, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында тауарларды сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген өкіліне тиелген және берілген күннен бастап танылады.»;
19) 58-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын заңды тұлға жалпыға ортақ белгіленген тәртіпте салық салуға жататын кірістер пайда болған кезде, шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимінде салық міндеттемелерінен бөлек жалпыға ортақ белгіленген тәртіпте салық міндеттемелерін есептеп шығару мақсатында салық салумен байланысты объектілердің және (немесе) салық салу объектілерінің бөлек салықтық есебін жүргізуге міндетті.»;
20) 59-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық түрде жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша осындай құжаттаманың, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды есептемегенде, қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін ұсынуға міндетті.»;
21) 60-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлігімен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 5), 9), 10), 11) тармақшаларының ережелері бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды;»;
22) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепті жүргізу ерекшеліктері
60-1-бап. Жалпы ережелер
Осы Кодекстің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі мен салық есебін жүргізу бөлігінде нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бастапқы eceпкe алу құжаттары – салықтық есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;
2) активтер - дара кәсiпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүліктер;
3) мiндеттеме - дара кәсiпкердiң мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады;
4) капитал - дара кәсiпкердiң барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлесі;
5) кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеледі;
6) тауарлық-материалдық қорлар – бұл сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер;
7) негізгі қаражат – бұл:
тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде өндірісте қолдануға немесе әкімшілік мақсаттарға арналған, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беру үшін;
бір жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуы болжанатын материалдық активтер;
8) материалдық емес актив – бұл физикалық нысаны жоқ, өндірісте қолдану үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беру үшін бірдейлендірілетін сенімсіз актив;
9) биологиялық актив – ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік.
60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысаны мен оларды
жасау талаптары
1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер нысандары мен жасау жөніндегі талаптарын уәкілетті орган бекітетін бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады.
2. Салық тіркелімдеріндегі жазулар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
60-3-бап. Салықтық есепті жүргізу ерекшеліктері
1. Дара кәсіпкерлер операциялардың салықтық есебін операцияны жасаған күнге валютаны нарықтық айырбастау бағамын қолдана отырып шетел валютасымен жүзеге асырады. Бағамдық айырмашылық салық салу мақсатында ескерілмейді.
2. Салықтық есепте тауар-материалдық қорлар (бұдан әрі – қорлар) оларды дара кәсіпкер не ол уәкілеттік берген тұлға алған кезде, оның ішінде құрамынан өзге де активтерді ауыстыру арқылы негізгі құралдарды бөлшектеудің нәтижесінде дара кәсіпкер оларды өндіргеннен кейін өзіндік құны бойынша танылады.
Қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге арналған барлық шығындарды және оларды ағымдағы жай-күйіне жеткізу және ағымдағы орналасу орындарына дейін жеткізу мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.
Иелініп алуға арналған шығындар, импорт баждарын, салықтарды (өтелетіннен басқа), тасымалдау, өңдеу және тікелей сатып алуға байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Жеткізуші ұсынған сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және өзге де ұқсас жеңілдіктер шығындарды айқындаған кезде есептен шығарылады.
Қорларды қайта өңдеу шығындары дайын өнімге қайта өңдеумен байланысты, оның ішінде еңбекақыға арналған тікелей шығындарды, сондай-ақ өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.
Салық есебінің мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құны осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген нақты шығындар бойынша қорлардың осындай бірлігіне айқындалады.
Дара кәсіпкер салық есебінің мақсаттары үшін орташа өлшемделген құн әдісі бойынша қорлар бірлігінің өзіндік құнын айқындауға құқылы. Орташа өлшемделген құн әдісі бойынша қорлардың өзіндік құны кезеңнің басына алғандағы қорлардың және кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас қорлардың өзіндік құнының орташа мәні ретінде айқындалады. Бұл әдісті таңдауды салықтық есеп саясатында көрсету арқылы дара кәсіпкер жүзеге асырады.
Тауарлар өндірісін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ орташа өлшемделген құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер қорларда нысандарын өздері дербес әзірлейтін салық тіркелімдеріне олардың түсуі мен шығып қалуы кезінде ескереді.
Қорлардың ішкі ауыстырылуы арқылы түсуі дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды. Қорлардың ішкі ауыстырылуы деген олардың дара кәсіпкер тағайындаған бір материалдық жауапты тұлғадан сол дара кәсіпкер тағайындаған басқа материалдық жауапты тұлғаға ауыстырылуы білдіреді.
Дара кәсіпкердің салық есебінің мақсаттары үшін қорларды сақтауға немесе алыс-беріс шикізаты ретінде беру қорлардың шығып кетуі болып табылмайды.
Қорларды сақтауға алуды дара кәсіпкер сақтау шартының негізінде немесе егер дара кәсіпкер қорларды алған және осы қорларды жеткізушілердің төлем талаптарының акцепт шотынан және оларды төлеуден бас тартқан жағдайда акцептен бас тарту туралы өтініштің негізінде жүзеге асырады. Осындай қорлардың құны дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды.
Мыналар:
1) актив ретінде, оның ішінде қорларды басқа жаққа өткізу, қайтарымсыз беру, өндіріс процесінде, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және басқа да мақсаттарда пайдалану, жарғылық капиталға жарна ретінде беру, айырбастау кезінде, түгендеу кезінде кемшіліктерді анықтау, ұрлау, мүлікті бұзу, сақтау мерзімдерінің өтуі, моральдық тозуы мен өзге де тұтынушылық қасиеттерін жоғалту жағдайлары кезінде тануды тоқтату;
2) активті қайта сыныптау, оның ішінде негізгі құралдардың, өзге де активтердің құрамына аудару қорлардың шығып қалуы болып табылады.»;
23) 63-бапта:
3-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кезекті есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет туындаған салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда – салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;»;
24) 65-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға байланысты резидент емес заңды тұлғаның есептен шығаруға жататын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары бойынша;»;
25) 66-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.»;
26) 67-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес салық агенттері, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес (жеңілдетілген декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер шаруашылықтары үшін қолданылатын әлеуметтік салықтық режимдерін қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларация:
1) жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына, және ұсталатын жеке тұлғалардың табыстары туралы ақпараттарды көрсетуге арналған;»;
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияларға қосымшалардың нысандары құрылымдық бөлімшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың сомалары, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеу туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.»;
27) 69-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 3-тармағының 3-1-тармақшасына сәйкес салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40-42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;»;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салықтық есептілікті кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтару жүргізіледі.»;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық органдары салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мынадай мерзімдерге хабарлама жіберуге міндетті:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішінің негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – осындай өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салық органы шешімініңнегізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындау үшін қарастырылған мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.»; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
28) 70-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұсыну мерзімі міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелері орындалған кезде салық төлеушінің тіркеу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) аваннстық төлемдерді төлеу мерзімі келген салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін – алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырғанға дейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер жөнінде;
6) ағымдағы салық кезеңінде 20 делтоқсаннан кейін – алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырғанға дейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
7) резидент емес заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.»;
29) 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушіде осы баптың 1-тармағында көрсетілген сол салықтық өтінім берген күнге алдындағы он екі айлық кезеңде мониторинг бойынша есептілік беру мерзімдерінің бұзылу фактілері болған жағдайда қабылданады.»;
30) 72-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін осы Кодекстің 76-бабында белгіленген тәртіпте тіркелу есебі орны бойынша салық органына береді.»;
31) 74-баптың 6, 7, 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық төлеуші салық есептілігін беруді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей салық органына салық есептілігін беруді тоқтата тұру (ұзарту, қайта қалпына келтіру) туралы салықтық өтініш беруге құқылы. Мұндай өтініш онда көрсетумен қызметті қайта қалпына келтіру күніне дейін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.
7. Салық төлеуші салық органдарына қызметті қайта қалпына келтіру күнінен бастап алдыңғы кезеңге арналған патент құнының есеп-қисабынберу арқылы қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта қалпына келтіруге құқылы.
8. Салық есептілігін беруді тоқтата тұру кезеңінде патент құнының есеп-қисабы табыс етілген кезде салық төлеуші осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен бастап қызметті қайта қалпына келтірілген болып танылады.
9. Салық төлеушінің салықтық өтінішті немесе осы баптың 6, 7-тармақтарында көрсетілген патент құнының есеп-қисабынтабыс етпеген жағдайда, салық төлеушінің қызметі салық есептілігін беруді тоқтата тұру (ұзарту, қайта қалпына келтіру) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталған күннен бастап қайта қалпына келтірген болып танылады.»;
32) 77-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөліктегі 5) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) табыстарды есепке алу;
2) сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді есепке алу;
3) төлем көздерінде салық салынатын заңды тұлғалардың табыстарын, осындай табыстар бойынша салықтық міндеттемелерді, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есебі бойынша міндеттемелерді есепке алу бойынша;
4) салық міндеттемелерін:
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есепке алу;
жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есепке алу бойынша ақпараттарды көрсету үшін салықтық тіркелімдер нысандарын белгілеуге құқылы.»;
33) 78-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (алушыларға) лизингке мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып беру танылады:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүлікті қаржылық лизингке беру лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті өткізуі ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер - лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қаралады.»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мыналар қаржы лизингі болып табылмайды:»;
3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) лизинг алушыны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша міндеттемеде тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг алушы өзгерген лизингтік мәмілелер;
3-1) қайта құру арқылы оны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг беруші өзгерген лизингтік мәмілелер;»;
34) 85-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер табыстардың бірнеше баптарында бір және нақ сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаты үшін табысты тану, оны таныған күнді қоса алғанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Табысты қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану табысты осы Кодекске сәйкес танудыанықтау мен танудан ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсатына орай бір рет есепке алынады.»;
35) 87-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құн өсімінен түсетін табыс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға үлес ретінде беру жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда құн өсімінен түсетін табыс:
бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – тарату салық есептілігі табыс етілген салық кезеңінде;
бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – бөліну балансы бекітілген салық кезеңінде танылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мыналардан:
осы Кодекстің 115-бабының 14) тармақшасында көрсетілген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);
осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмдерге жататын шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдардан басқа, егер осы баптың 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындардың жиынтық құны болып табылады.»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың 2-тармағының 7), 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны нөлге тең деп танылады.
4-2. Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген активтердің бастапқы құны деп шығып қалған күніне қайта бағалау мен құнсыздануы есепке алынбаған мұндай активтердің баланстық құны танылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген үлестің мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.»;
9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусіз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес осы Кодекске сәйкес, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын ұлғайтуға жататын осы баптың 4, 7-тармақтарында көрсетілген шығындарды ескере отырып өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген осы активтердің құны осы баптың мақсатына орай бастапқы құн болып табылады.»;
36) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс
1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің есебіне жазылған табыстар мен осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіпте айқындалған үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, шағын кредиттер) бойынша күмәнді міндеттемелер табысына алынған кредиттің (қарыздың, шағын кредиттің) сомасы қосылмайды.
Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы Кодекстің 8-бөлімінде белгіленген тәртіпте, есепке жатқызылудан алып тасталуға тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс мыналар бойынша есептелетін үш жылдық кезең өткен салық кезеңінде:
1) кредит (қарыз, шағын кредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, шағын кредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу күнінің басталуынан кейінгі күннен бастап;
2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлем төлеу басталған күннен бастап;
3) қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстары есептелген күннен бастап;
4) осы Кодекстің 1) - 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:
орындау мерзімі айқындалған сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;
орындау мерзімі айқындалмаған сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап танылады.»;
37) 90-бапта:
1-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Есептік салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен өткен салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы теріс айырма провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге құқығы бар салық төлеушілерге қолданылады.»;
38) 91-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.»;
39) 92-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс осы Кодекстің 119-бабына сәйкес мұндай активтердің шығып қалуы болған салық кезеңінде танылады.»;
40) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар
сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөнiндегi
нақты шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін табыс
1. Егер кен орындарын пайдаланудың барлық кезеңіне қалыптастырылған кен орындарын әзірлеу салдарын жою қоры есебінен жүргізілген жер қойнауын пайдалану келісімшартын қолданудың барлық кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырмасы жер қойнауын пайдалануға қолданылатын келісімшарт тоқтатылатын салық кезеңінің жиынтық табысына енгізілуге жатады.
Бұл ретте жылдық жиынтық табысқа енгізілуі тиіс мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану келісімшартын пайдалану кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жиынтық жылдық табысты түзету сомасына азайтылады.»;
41) 95-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке тұлға салық төлеуші олар бойынша осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының ережелерін қолданған оқытуға арналған шығыстарды өтеген жағдайда мұндай өтеу сомасын жеке тұлға жеке тұлғаны оқыту аяқталған салық кезеңін қамтитын уақыт ішінде жеке тұлға осындай өтеуді жүргізген кезде алдындағы салық кезеңдерінде салық салынатын табысты азайтуға жатқызылған мұндай шығыстар сомасы бөлігінде мұндай өтеу сомасы салық төлеушінің жиынтық жылдық табысына қосылады.»;
42) 96-бапта:
екінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызмет көрсету түріндегі табыс осындай мүлік алынған, жұмыстар атқарылған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.»;
43) 100-баптың 16-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1. Жарнама мақсатына орай өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда құны мұндай тауарды беру жүзеге асырылған салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылуға жатады.»;
44) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«102-бап. Өкілдік шығыстар сомаларының шегерімі
1. Өкілдік шығыстарға мынадай:
1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау;
2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге де басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша көрсетілген іс-шаралардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.
Өкілдік шығыстарға сонымен қатар:
1) осы Кодекстің 101-бабының 1) тармақшасына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыға жататын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз ету;
2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай тұлғаларды тамақтандыру;
3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар қызметтеріне ақы төлеу;
4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін орын-жайларды жалдау және (немесе) ресімдеу шығыстары да жатады.
2. Шақырылған тұлғалардың тұруына, мұндай тұлғалар үшін визалар ресімдеуге, бос уақытын, ойын-сауықты, демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар, сондай-ақ осы тармаққа сәйкес өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатқызылмайтын шығыстар өкілдік шығыстарға кірмейді және шегерімге жатпайды.
Өкілдік іс-шараларға қатысушылардың теміржолмен, теңізбен және әуе жолымен жүру шығыстары көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатпайды.
3. Мыналар:
1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараларды өткізу мақсаттарын және оны өткізуге жауапты тұлғаларды көрсете отырып оларды өткізу туралы жазбаша бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
2) салық төлеуші бекіткен мұндай іс-шаралардың шығыстар сметасы;
3) өткізілген күні мен орнын, жүргізілген іс-шаралар нәтижелерін, қатысушылар құрамын, іс-шаралар бағдарламасын, нақты шығарылған шығыстарды көрсете отырып жауапты тұлғалардың өткізілген өкілдік іс-шаралар туралы есебі;
4) өкілдік шығыстардың негіздемесін және жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстардың шегерімін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
4. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметкерлердің салық салуға жататын табыстары бойынша жұмыс берушінің салық кезеңіндегі шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.»;
45) 103-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыйақы шегерімі осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Осы баптың мақсатына орай мыналар сыйақылар болып танылады:
1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
3) өзара байланысты тарапқа кепілдік үшін төлемақы.
Сыйақы сомасы:
1) есептік салық кезеңінде есептік салық кезеңінде және (немесе) есептік салық кезеңінің алдындағы кезеңдерде шығыс деп танылған сыйақы сомасының шегінде;
2) есептік салық кезеңінің алдындағы кезеңдерде есептік салық кезеңінде шығыс деп танылған сыйақы сомасы шегінде төленген, осы тармаққа сәйкес танылған мөлшерде айқындалады.»;
46) 105-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, күмәнді талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.
Осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аударылған:
1) корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, басқа банктерде орналастырылған депозиттер бойынша сыйақыларды;
2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;
3) құжаттамалық есеп айырысулар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;
4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар деп танылмайды.»;
47) 106-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіпте құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқылы.
Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезінде кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құны оларға қарсы провизиялар (резервтер) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.
Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Осы тармақтың ережелері,өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мыналарға:
1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген осындай депозиттер бойынша сыйақылар;
2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген осындай кредиттер бойынша сыйақылар;
3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешек;
4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша активтерге,шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтарымен толықтырылсын:
«1-2. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер есептік салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен өткен салық кезеңінің соңында айқындалған динамикалық резерв мөлшерінің арасындағы оң айырма сомасын шегеруге құқылы.
Серпінді резервтің мөлшері күтілетін залалдың уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіпте айқындалған мөлшері мен осы баптың 1-тармағына сәйкес шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) арасындағы айырма ретінде айқындалады.
1-3. Лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіпте:
1) қаржы лизингін;
2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқылы.
Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезінде кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құны оларға қарсы провизиялар (резервтер) құрылатын активтің мөлшерін азайтады.
Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.»;
48) 111-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн іс жүзінде жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомасы, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру, осы Кодекстің 116-бабының 2-тармағының 1-1) – 5), 7) – 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға мыналар жатады:
1) осы Кодекстің 116-бабының 2-тармағының 1-1) – 5), 7) – 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар. Осындай шығындарға осы Кодекстің 118-бабының 2-тармағына сәйкес аталған активтердің бастапқы құнына енгізілетін шығындар, сондай-ақ осы Кодекстің 122-бабына сәйкес өндірілген осындай активтер бойынша кейінгі шығыстар;
2) басқа да шығыстар жатады. Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда осы тармақшада көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобына жататын шығыстардың мөлшері корпоративтік табыс салығының мақсаттары арналған осындай шығыстарды шегерімдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңінің соңында, осы бапта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.
Көрсетілген тәртіп егер жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу мен бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салық кезеңінің соңына қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялалық аударымдар түрінде жиынтық жылдық табыстан шегерімге жатады.
Өндіруге арналған жеке келісімшарт немесе бірлесіп барлау мен өндіру шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда соңғы салық кезеңінің соңына қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобының құндық балансы шегерімге жатады.
Осы Кодекстің 111-1-бабы мен осы баптың мақсаттарына орай коммерциялық табудан кейінгі өндіру:
1) қорлары бекітілмеген пайдалы қазбаларды барлауға, сондай-ақ бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндіруді бастауды;
2) қосымша геологиялық зерттеуді және геологиялық-экономикалық бағалауды талап ететін қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың қорлары мемлекеттік баланста тіркелген және осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасыныңуәкілетті мемлекеттік органының сараптамалық қорытындысымен расталған бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – егер мұндай жұмыстар келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген жағдайда, осы келісімшарттар жасалған күннен бастап пайдалы қазбаларды өндіруді бастауды білдіреді.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жер қойнауын немесе оның бір бөлігін пайдалану құқығын іске асырудан алынған табыстарының сомасына азайтылады.»;
49) мынадай мазмұндағы 111-1-баппен толықтырылсын:
«111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң
жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге
дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша
шегерімдер
1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден соңғы кезеңде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде жүргізген жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарының (полигнодардың) дайындығына арналған шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Мұндай шығыстардың тізбесі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен белгіленеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар ретінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдар сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
С1 + С2
S = ------------ * V3
V1 + V2
S – амортизациялық аударымдар сомасы;
C1 – салық кезеңінің басындағы амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны;
C2 – ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар;
V1 – салық кезеңінің басындағы уран қорларын өндіруге дайын нақты көлем;
V2 – салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты көлемі;
V3 – салық кезеңіндегі уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны болып 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығыстар сомасы танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде салық кезеңінің басындағы амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны мынадай тәртіпте айқындалатын алдыңғы салық кезеңінің соңында активтердің көрсетілген тобының құны болып табылады:
салық кезеңінің басындағы амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны
қосу
ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар,
минус
салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.
2009 жылғы салық кезеңі үшін салық кезеңінің басындағы уран қорларын өндіруге дайын нақты көлем 2009 жылғы 1 қаңтарға алғандағы жағдай бойынша уран қорларын өндіруге дайын нақты көлем болып танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде салық кезеңінің басындағы уран қорларын өндіруге дайын көлем мынадай тәртіпте айқындалатын алдыңғы салық кезеңінің соңында қорларды өндіруге дайын нақты көлем болып табылады:
салық кезеңінің басындағы уран қорларын өндіруге дайын нақты көлем
қосу
салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемдері аяқталған уран қорларының нақты көлемі,
минус
салық кезеңіндегі уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
Өндіруге арналған жеке келісімшарт немесе бірлесіп барлау мен өндіру шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны салық кезеңінің соңында осындай қызмет аяқталған салық кезеңінде шегерімге жатады.»;
50) 116-баптың 2-тармағында:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес әділ құны бойынша осындай активтерді ескере отырып, амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, биологиялық активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;»;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтер.»;
51) 118-бапта:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын салық төлеушінің жалпыға ортақ белгіленген тәртіпке ауысуы кезінде тіркелген активтердің бастапқы құны салықтарды есептеудің жалпыға ортақ белгіленген тәртібіне ауысуы күніне, құнсыздану мен қайта бағалаулар есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарымен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған арналы салық режимінде қолданылған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің баланстық құны болып табылады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 11-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің ішінде салық кезеңдерінің кез келгенінде жалпыға ортақ белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын салық төлеушінің жалпыға ортақ белгіленген тәртіпке ауысуы кезінде осындай ауысу күніне тіркелген активтердің бастапқы құны амортизацияның есептеу құнына азайтылған активті сатып алу құны болып табылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін активті сатып алу құны осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, арналы салық режимінде қолданылған негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық актвитерді сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы болып табылады.
Осы тармақтың, осы Кодекстің 180-3-бабы 3-тармағының және 397-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін реконструкциялау және жаңғырту болып нәтижелері бір мезгілде мыналар болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту танылады:
негізгі құрал конструкциясының өзгеруі, оның ішінде жаңаруы;
негізгі құралдың қызмет етуін үш жылдан астам мерзімге ұлғайту;
реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін негізгі құралдың осы негізгі құрал уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғандағы техникалық сипаттамаларын жақсарту.
Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін осындай активтің сатып алу құны осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған оның құны болып табылады.
Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, активті сатып алу құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнге активтің нарықтық құны болып табылады.
Бұл ретте активтің нарықтық құны жалпыға ортақ белгіленген тәртіпке ауысу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындалуы тиіс.
Амортизацияны есептеу сомасы мынадай тәртіпте айқындалады:
осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнын, техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасына
көбейту
осындай салық төлеушінің активті толық пайдалану жылының санына көбейту керек.
Бұл ретте амортизацияны есептеу сомасы активті сатып алу сомасынан аспауы тиіс.»;
52) 122-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтерге қатысты осы тармақтың ережелері қолданылады.»;
53) 126, 127, 128, 129 және 130-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«126-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары мынадай:
1) хеджирлеу;
2) базалық активті жеткізу;
3) өзге демақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.
2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 127, 128-баптарына, 136-бабының 3-тармағына сәйкес табыс немесе залал айқындалады.
3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті жеткізу мақсаттарында қолданылған жағдайда туынды қаржы құралының салық есебі осы Кодекстің 129, 130-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағы 3) тармақшасында белгіленген табыс осы Кодекстің 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар бойынша қалыптасады және мынадай тәртіпте айқынадалады:
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мақсаттарда пайдаланылатын және осы Кодекстің 127, 128-баптарында белгіленген тәртіпте айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша табыстардың жалпы сомасы
минус
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша залалдардың жалпы сомасы
минус
алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылған туынды қаржы құралдары бойынша залалдар.
127-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы құралын қоспағанда,
туынды қаржы құралы бойынша табыс
1. Осы Кодекстің 128-бабына сәйкес табысы айқындалған туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс түсімдердің туынды қаржы құралы бойынша шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
Салық есебінің мақсаттары үшін мұндай табыс туынды қаржы құралы бойынша салық төлеушінің құқықтарды немесе міндеттемелерді орындаған күніне, мерзімінен бұрын немесе басқалай тоқтатылған күніне, сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күніне танылады.
2. Туынды қаржы құралы бойынша түсімдер мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
3. Туынды қаржы құралы бойынша шығыстар мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі осы туынды қаржы құралы бойынша аралық есеп айырысулар кезінде төлеуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.
128-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы құралы бойынша
табыс
1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін, мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық ставкалар көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты, өзге туынды қаржы құралы бойынша табыс осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып, түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.
Салық есебі мақсатындағы осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша табыс осы баптың 1-тармағында көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша түсімдер есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша алуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша шығыстар есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша төлеуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.
129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің
ерекшеліктері
1. Хеджирлеу – бағаның, валюта бағамының, пайыздық ставканың қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткіші нәтижесінде ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектлері болып табылады.
2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (жете пайда алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп айырысуды жасайды.
3. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал, хеджирлеу объектісі үшін белгіленген осы Кодекстің нормаларына сәйкес салық есебінде хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі танылған күнге ескеріледі.
. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал тиісінше жиынтық жылдық табысқа кіреді немесе мұндай табыс немесе залал осы Кодекстің 127, 128-баптарына сәйкес танылған сол салық кезеңіндегі шегерімдерге жатады.
130-бап. Салық есебінің базалық активті жеткізу арқылы
атқарылған кездегі ерекшеліктері
1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсатында қолданылса, онда көрсетілген базалық активтерді сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төлеуге жататын (шеккен) шығыстар және алуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатқызылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардың түсімдері мен шығыстары салық есебі мақсатында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес ескеріледі.»;
54) 133-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері мынадай жағдайларда:
оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен оны оқыту аяқталған күннен бастап үш ай ішінде, жеке тұлғаның оны оқыту аяқталған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қоса алғандағы уақыт кезеңі ішінде оқыту шығыстарын толық немесе ішінара өтеуі жағдайын қоспағанда, еңбек шарты жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Осындай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері жеке тұлға өтемеген оқыту шығыстарының сомасы мөлшерінде қолданылмайды;
оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен, мұндай тұлғамен еңбек шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін, жеке тұлғаның еңбек шарты бұзылған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қоса алғандағы уақыт кезеңі ішінде оқыту шығыстарын толық немесе ішінара өтеуі жағдайын қоспағанда, еңбек шартының бұзылуы жағдайында қолданылмайды. Осындай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері жеке тұлға өтемеген оқыту шығыстарының сомасы мөлшерінде қолданылмайды;
жер қойнауын пайдаланушының оқытудың осындай шығыстарына қатысты осы Кодекстің 112-бабының ережелерін қолдануы жағдайында қолданылмайды;»;
2-тармақтың 6) тармақшасында:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан көп емес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатындар (болып табылатын) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi.»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар деп жеке қажеттіліктері үшін жер асты суларын өндіру құқығына ие болуына байланысты осындай пайдаланушыболып табылатын жер қойнауын пайдаланушы танылмайды;»;
55) 134-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Осы баптың ережелері:
1) осы кодекстің 135-1-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
2) осы кодекстің 135-бабына сәйкес әлеуметтік сала ұйымдары деп танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.»;
56) 135-1-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;
жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;
мынадай:
қосымша білім беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мынадай білім беру деңгейлер:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;»;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бір мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға тиесiлi болатын не осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын;
осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлiк және депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі табыстарын ескере отырып, жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай қызметтің бір немесе бірнеше түрін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім беру қызметінің мынадай деңгейлері:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша қызмет көрсетуді;
ғылым саласындағы қызметтi, атап айтқанда: iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық, ғылыми-зерттеу қызметiн;
осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құрайтын ұйым дербес білім беру ұйымы деп танылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған және жұмсалған құрылтайшының түсімдері де жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;
5) осы тармақтың 3) тармақшасында аталған ұйымды қоспағанда, егер бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғаларға тиесiлi болатын не тек қана осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалар құрған коммерциялық емес ұйым болып табылатын ұйым дербес білім беру ұйымы деп танылады;
осындай ұйымның есепті салық кезеңіндегі табысы ғылым саласындағы мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады:
ғылыми-техникалық;
инновациялық;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу.
Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақтың осы тармақшасында көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның қорытындысымен расталады.
Ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім беру қызметінің мынадай деңгейлері:
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша қызмет көрсетуді;
аталған қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса, оларға осы тармақша қолданылмайды.»;
57) 136-баптың 3-тармағымынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шығыстардың осы Кодекстің 127, 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі туынды қаржы құралы бойынша залал болып табылады.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залалқұқықтардың орындалуы, мерзімінен бұрын немесе өзге де тоқтатылу күніне, сонымен қатар туынды қаржы құралы бойынша талаптар туынды қаржы құралымен бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралыменмәміле жасалған күнге танылады.
Айырбас бойынша, сондай-ақ мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық ставкалардың, индекстер мен осындай туынды қаржы құралымен белгіленген көрсеткіштің өзгеруіне байланысты, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін, қолданылу мерзімі ол жасалған күннен бастап он екі айдан асатын өзге де туынды қаржы құралы бойынша залал осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залалосы Кодекстің 137-бабы 8-тармағында белгіленген тәртіпте ауыстырылады.
Хеджирлеу мақсатында пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 129-бабына сәйкес ескеріледі.»;
58) 137-бапта:
3-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан көп емес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлігімен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар деп жеке қажеттіліктері үшін жер асты суларын өндіру құқығына ие болуына байланысты осындай пайдаланушыболып табылатын жер қойнауын пайдаланушы танылмайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша залалдар осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебінен өтеледі.
Егер осындай залалдар орын алған кезеңде өтеле алмайтын болса, онда олар, қоса алғанда келесі он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.»;
59) 141-бап мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі ішіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейінгі кезеңде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын қосымша есептеуді мынадай жағдайларда ұсынуға құқылы:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейінгі кезеңде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының бұрын ұсынылған есептеуіне сомалар өзгерген кезде – ағымдағы салық кезеңінің 20 қаңтарын қоса алғанға дейін;
2) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағы 7) тармақшасында көзделген хабарламаның негізінде осындай хабарламада көрсетілген соманың мөлшерінде, - осы Кодекстің 608-бабы 2-тармағында белгіленген мерзімдерде.»;
60) 143-баптың 2-тармағы 12) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағы 1)-2) тармақшаларында көзделген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақыға төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.»;
61) 147-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквакультура (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 33-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы өнімін, аквакультура (балық өсіру шаруашылығы), бал ара шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс 10 проценттік ставка бойынша салық салынуға жатады.»;
62) 150-бапта:
1 және 2-тармақтармынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің мақсаттары үшін қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға болып табылады;
1) заңды тұлғаның орналасқан жері арнайы экономикалық аймақтың аумағы болып табылады;
2) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылады;
3) заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
4) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, - жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткiзуден алуға жататын (алынған) табыстар құрайды:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылады;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырадыю.»;
5) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, - заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткiзуден алуға жататын (алынған) табыстар құрайды:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету арнайы экономикалық аймақ қатысушысының арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылады;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырады.
Осы тармақтың 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тiркелген;
2) Қазақстан Республикасының «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылады;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
4) мынадай шарттар сақталған жағдайда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылатын;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асыратын заңды тұлға танылады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалар тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірге бекітеді.
Осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
63) 151-1-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.
Осы тармақтың ережелері жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, оқушылар сарайлары, спорт кешендерінің құрылысы мен оларды пайдалануға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.»;
64) 151-2-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«151-2-бап. Қызметін «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия
технопаркі» арнайы экономикалық аймағының,
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында
жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметін «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде:»; 1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;
65) 151-3-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстiң 150-бабы 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;
66) 151-4-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстiң 150-бабы 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 150-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:»;
3-тармақта:
1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.
5. Бюджетке төленуге тиіс әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 359-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде 100 пайызға азайтылады:
1) жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі - қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым ретінде тіркелген күннен бастап 5 жыл;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құрайды;
3) корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығыстарының 90 пайызын қызметкерлерге - Қазақстан Республикасының резиденттеріне еңбекақы төлеу шығыстары құрайды.
6. Егер ағымдағы салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған болса, салық төлеуші:
1) осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай осы Кодекстің 357-бабында белгіленген тәртіпте әлеуметтік салық есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік салық осы Кодекстің 70-бабына сәйкес осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай осы Кодекстің 357-бабына сәйкес есептеуге жататын салықтық кезеңдерге әлеуметтік салық бойынша қосымша салықтық есептілік ұсынуға міндетті.»;
67) 151-5-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;
68) 151-6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) туристік қызметтер көрсету;
2) мынадай талаптарды сақтаған жағдайда туристер орналасатын орындар, санаториялық және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру:
ойын бизнесіне байланысты емес салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер;
құрылыс пен пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылса.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;
69) мынадай мазмұндағы 151-7 және 151-8 баптармен толықтырылсын:
«151-7-бап. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы аумағында
қызмет жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағы 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлерімыналар:
1) металлургия өнеркәсібі;
2) машиналар және жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдар өндірісі;
3) басқа санаттарға қосылмаған машиналар және жабдықтар өндірісі;
4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелер өндірісі;
5) компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі;
6) электр жабдықтары өндірісі;
7) химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі;
8) резина және пластмассалық бұйымдар өндірісі;
9) құрылыс материалдары мен металл емес минералдық өнімдер өндірісі болып табылады.
2. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді есептеуде:
салық салуға қатысты, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін іске асыруда пайдаланылатын объектілер бойынша:
жер салығын есептеуде тиісті ставкаға 0 коэффициенті;
жерді уақытша ақылы пайдалану ( жалдау) келісімшартында көрсетілген мерзімде, бірақ жер учаскелерін уақытша ақылы пайдалану (жалдау) құқығын берген күннен он жылдан артық емес уақытқа жер учаскелерін пайдалану үшін төлемді есептеу негізінде тиісті мөлшерлемеге 0 коэффициент;
мүлікке салықты есептеу барысында салық салу объектілерінің орта жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;
151-8-бап. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын
ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағы 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
2) тамақ өнімдері өндіру;
3) тері және оған жататын өнім өндірісі;
4) тоқыма бұйымдарының өндірісі;
5) өзге де металл емес минералдық өнім өндірісі;
6) химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі;
7) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі;
8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;
9) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер, мұражайлар ұйымдастыруға арналған ғимараттар, қойма және әкімшілік ғимараттарын салу және қолданысқа беру болып табылады.
2. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді есептеуде:
салық салуға қатысты, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
жер салығын есептеуде тиісті ставкаға 0 коэффициенті;
жерді уақытша ақылы пайдалану (жалдау) келісімшартында көрсетілген мерзімде, бірақ жер учаскелерін уақытша ақылы пайдалану (жалдау) құқығын берген күннен он жылдан артық емес уақытқа жер учаскелерін пайдалану үшін төлемді есептеу негізінде тиісті мөлшерлемеге 0 коэффициент;
мүлікке салықты есептеу кезеңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз ставкасы қолданылады.
3. Бюджетке төленуге тиіс корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.»;
70) 154-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген ставкалар бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен жүргізеді.
Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу кезінде осы тарауға және осы Кодекстің 19-тарауына сәйкес осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдері қолданылады.»;
71) 155-бапта:
3-тармақта:
4) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезеңі ішінде әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезеңі ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;»;
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазалсын:
«21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;
22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы және Қазақстан Республикасының аумағындағы және жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазалсын:
«24) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жалдау шарты бойынша төлем есебіне есептелмейтін жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) егер мұндай тауардың бір бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда жарнама мақсатына орай өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;»;
72) 156-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлігі 7) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитент - заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан көп емес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөліктің екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар деп жеке қажеттіліктері үшін жер асты суларын өндіру құқығына ие болуына байланысты осындай пайдаланушыболып табылатын жер қойнауын пайдаланушы танылмайды;»;
13) тармақшада:
жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«"мүгедек бала" деген санаты бар адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қамқоршысының, асыраушысының;
"бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - оның ата-анасының бірінің, қамқоршысының, асыраушысының.»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережесі қамқоршыға және асыраушыға мұқтаж тұлғаның қамқоршысы және асыраушысы болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты қолданылмайды.»;
15) тармақшада:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитент - заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан көп емес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi.»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар деп жеке қажеттіліктері үшін жер асты суларын өндіру құқығына ие болуына байланысты осындай пайдаланушыболып табылатын жер қойнауын пайдаланушы танылмайды;»;
24) тармақшаның сегізінші және тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкердің оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - қызметкердің оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы жатады;»;
мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2) және 27-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және білім беру ұйымдарында оқитындарға мұндай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мөлшерлерде төлейтін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы стипендиялар мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;
27-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және білім беру ұйымдарында оқитындарға мұндай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мөлшерлерде төлейтін мемлекеттік атаулы стипендиялар;
27-3) оқытуды ұйымдастырумен және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы ұйғарылатын конкурс жеңімпаздарының тағылымдамадан өтуіне байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мөлшерлерде төлеуге арналған төлемдер;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған мүлікке, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтiн зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41)осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымының:
осындай дербес білім беру ұйымының қызметкерлері;
осындай дербес білім беру ұйымына жұмыстар орындау, қызмет көрсету жөнінде Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын тұлға;
осындай дербес білім беру ұйымдарының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін резидент емес заңды тұлға қызметкері болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында тұруға, медициналық сақтандыруға, әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда.»;
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаның осы бапта белгіленген шектерде осындай түзетудің мөлшерін көрсете отырып, салық салуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға өтінішінің;»;
73) 162-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді.»;
74) 163-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе салық салуға жататын қызметкерлердің жұмыс беруші есептеген Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысанда қызметкердің меншігіне беруі тиіс ақша;
2) осы Кодекстің 164-бабына сәйкес қызметкердің заттай нысандағы табыстары;
3) осы Кодекстің 165-бабына сәйкес қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары болып табылады.»;
75) 164 және 165-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«164-бап. Қызметкердiң салық салуға жататын, заттай нысандағы
табысы:
1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкердің меншігіне беруге жататын тауарлардың, бағалы қағаздардың құны, қатысу үлесі және өзге мүлкі. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығына тиісті сомаларды және акциздерді ескере отырып мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;
2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетуі. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтің құны қосылған құн салығына тиісті сомаларды және акциздерді ескере отырып мұндай жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге байланысты келген жұмыс берушінің жұмсаған шығыстары мөлшерінде айқындалады;
3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны қызметкердің жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге байланысты келлген жұмыс берушінің жұмсалған шығыстары мөлшерінде айқындалады;
4) қызметкер үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң немесе үшінші тұлғаның төлеуi болып табылады.»;
165-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi табысы
Қызметкердiң салық салуға жататын, материалдық пайда түріндегі табысы:
1) қызметкерге тауарларды, жұмыстарды, қызметерді өткізу кезінде – қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
2) қызметкердiң қарызының сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
3) қызметкермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;
4) қызметкерге – шығындарын өтеу кезінде қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.»;
76) 168-баптың 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлғаларға табыстар төлемдері, оның ішінде:
жеке тұлғаның үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаға төлеуі;
берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;
борышты кешіру;
мәміле талаптарының өзгеруіне байланысты тұрақсыздық айыбын қоспағанда борышкерге талаптар мөлшерін азайту;
репо операциясы бойынша сыйақы төлеу жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы болып табылады.»;
77) 172-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар
1. Салық агенті дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде төлейтін, осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыс болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаты үшін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін, сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза табысы да дивидендтерге жатады.
2. Жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын, дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі есебіне жазылған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.
3. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде салықтарды есептеу мен төлеуді осы Кодекстің 178 және 179-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.»;
78) 177-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табысы мүліктік табыс болып табылмайды.»;
79) 180-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«180-бап. Мүліктік табыс
1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік табысына:
1) шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын жеке тұлғаның, сондай-ақ дара кәсіпкердің осы Кодекстің 180-1-бабында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінің табысы;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаның, сондай-ақ дара кәсіпкердің жарғылық капиталға салым ретінде мүлікті өткізу (ақшадан басқа) кезіндегі құн өсімінен түскен табысы;
3) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның алған табысы;
4) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердіңөзге активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінің табысы жатады.
2. Жеке тұлға шетел валютасында алған (алуға жататын) мүліктік табысты салық агенті Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгеге мұндай табыстарды есептеу күніне нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып қайта есептейді.»;
80) мынадай мазмұндағы 180-1, 180-2 және 180-3-баптармен толықтырылсын:
«180-1-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық
режимін қолданатын жеке тұлғаның, сондай-ақ дара
кәсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінің
табысы
1. Осы Кодекстің 180-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаның, сондай-ақ дара кәсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінің табысыҚазақстан Республикасының аумағында тұрған мынадай мүліктерді:
1) меншік құқығында меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраса, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген мақсаттар үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
5) инвестициялық алтынды;
6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;
7) меншік құқығында меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт болған мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;
8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.
2. Егер осы баптың 3-7-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізу жағдайында мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен табыс болып табылады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын беру жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізу жағдайында мүлікті өткізу бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен табыс болып табылады.
5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаның, сондай-ақ дара кәсіпкердің бұған дейін өтеусіз алынған мүлік түрінде осы Кодекстің 427-бабы 4-тармағына сәйкес салық салу объектісіне қосылған немесе бұған дейін осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған осы баптың 1-тармағы 1)-7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінің табысымүлікті өткізу бағасы (құны) мен бұған дейін табысқа қосылған өтеусіз алынған мүлік құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
6. Жеке тұрғын үйді салған және өткізетін тұлғаның жеке тұрғын үйді, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) түрінде алынған осы баптың 1-тармағы 1)-7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күніне мүлікті өткізген нарық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
Бұл ретте мұндай нарықтық құн мұндай мүлік сатылған салықтық кезеңге салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы баптың 1-тармағы 1)-7) тармақшаларында көрсетілген сатылған мүлікке меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарық құнын айқындау мерзімін сақтамаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмауының басқа жағдайларында құн өсімінен табыс:
1) осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен мүліктік бағалау құны арасындағы оң айырма құнның өсімі болып табылады. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына қарай мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы баптың 1-тармағы 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының арасындағы оң айырма. Бұл ретте кадастрлық (бағалау) құны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган неғұрлым кеш мерзімге:
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннен алдыңғы соңғы күнге айқындаған құн болып табылады.
3) осы баптың 1-тармағы 5) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша - осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
8. Осы баптың 1-тармағы 8) тармақшасына көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен табыс:
1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – оны өткізу бағасы (құны) мен сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма. Бұл ретте опцион бойынша жеке тұлға сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйақысы мөлшері айқындалады;
2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
180-2-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін
қолданатын жеке тұлғаның, сондай-ақ дара кәсіпкердің
жарғылық капиталға салым ретінде мүлікті өткізу
(ақшадан басқа) кезіндегі құн өсімінен түскен табысы
1. Осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағы 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаның, сондай-ақ дара кәсіпкердің жарғылық капиталға салым ретінде мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс осы баптың 2-6-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады.
2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма болып табылады.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы ғимараттан үлесті талап ету құқығын беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен салық төлеушінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттан үлесті талап ету құқығын алған құн арасындағы оң айырма болып табылады.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаның, сондай-ақ дара кәсіпкердің бұған дейін өтеусіз алынған мүлік түрінде осы Кодекстің 427-бабы 4-тармағына сәйкес салық салу объектісіне қосылған немесе бұған дейін осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағы 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кездегі құн өсімінен түскен табыс заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен бұған дейін табысқа қосылған өтеусіз алынған мүлік құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
5. Жеке тұрғын үйді салған және оны беретін тұлғаның жеке тұрғын үйді, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) түрінде алынған осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағы 1)-7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күніне жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің нарық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
Бұл ретте осындай нарықтық құнды салық төлеуші мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүргізілген салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауы тиіс. Бағалаушы мен салық төлеуші арасында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн осы баптың мақсатына орай нарықтық құн болып табылады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайда, меншік құқығы туындаған күнге айқындалған заңды тұлғаның құрылтай құжатына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағы 1)-7) тармақшаларында көрсетілген мүліктің нарықтық құны болмаған кезде, не осы баптың 5-тармағында белгіленген нарық құнын айқындау мерзімін сақтамаған кезде, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілмеген мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда құн өсімінен табыс:
1) осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына қарай мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағы 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте кадастрлық (бағалау) құны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган неғұрлым кеш мерзімге:
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннен алдыңғы соңғы күнге айқындаған құн болып табылады;
3) осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағы 5)-7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжатына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.
7. Осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс:
1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте, заңды тұлғаның жарғылық капиталына опцион бойынша жеке тұлға сатып алған бағалы қағаздарды салу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.
8. Осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағы 1) - 8) тармақшаларында көрсетілмеген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен табыс:
1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен мұндай мүлікті сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма;
2) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.
9. Сенім білдірілген адам механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік табысты айқындау үшін, көлік құралының иесіне осы көлік құралының өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу құнын және оны өткізу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу күнін хабарлайды немесе көлік құралы иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы иесінің салықтық міндеттемесін орындау болып табылады.
180-3-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін
қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізу
кезіндегі құн өсімінің табысы
1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауарлық-материалдық қорлар мен талаптар болып табылмайтын мынадай активтер жатады:
1) осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда негізгі құралдар;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған жабдық;
4) материалдық емес активтер;
5) биологиялық активтер;
6) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар дара кәсіпкер бұған дейін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есептер жүзеге асырған кезең ішінде салықтық кезеңдерде тіркелген активтер болып табылған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда мұндай негізгі құралдар;
7) егер дара кәсіпкер бұған дейін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есептер жүзеге асырған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда құны толығымен шегерімге жатқызылған Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған келісімшарт бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген активтер.
2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер өзге де активтерді өткізген жағдайда өсім өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құны арасындағы оң айырма сияқты әрбір актив бойынша айқындалады.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы баптың мақсатында өзге активтердің бастапқы құны осы Кодекстің 115-бабы 1)-5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа сатып алу, өндіру, құрылыс салу, монтаждау, орнату, реконструкциялау және жаңғыртуға арналған шығындар (шығыстар) жиынтығы.
Бұл ретте реконструкциялау, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабы 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер өзге актив өтеусіз алынған жағдайда осы баптың мақсатында бастапқы құн осы Кодекстің 427-бабы 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған осы активтің құны болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге активтерді өткізу кезінде бастапқы құны шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы активке меншік құқығы туындаған күнгі мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны болып табылады.
Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны мұндай мүлік өткізілген салықтық кезеңге жеке табыс салығы бойынша декларация ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуы тиіс.
6. Өзге активтердің бастапқы құны мынадай жағдайларда:
1) өзге активке меншік құқығы туындаған күні оған айқындалған нарықтық құны болмаған жағдайда;
2) осы баптың 5-тармағында белгіленген нарықтық құнды айқындау мерзімін сақтамаған жағдайда;
3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайда;
4) осы баптың 1-тармағы 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша нөлге тең.»;
81) 183-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 427-бабы 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;
82) 184-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған медиаторлардың табысы.»;
83) 191-баптың 1-тармағы 5) тармақшасы алып тасталсын;
84) 192-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық,қаржылық, консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.
Осы бөлімнің мақсатында:
сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;
банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (банк шоттарын ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валюталарымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассаға қабылдау бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне көрсетілген қызметтерді қоспағанда);
орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі қаржы қызметтері деп танылады;»;
4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге қосылған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстары.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оларға резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органы (директорлар кеңесі немесе өзге орган) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде оның құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;
мұндай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарда болған мемлекеттік қызметшінің қонақ үйлерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
мұндай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған шығыстар;
басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде қырық күнтізбелік күннен аспайтын кезең ішінде – әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық күнтізбелік күннен аспайтын кезеңі ішінде – әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден табысы болып табылмайды. Бұл ретте, басқарушылық міндеттерді орындау орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуі тиіс.»;
85) 193-бапта:
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы өнім беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер.
Егер тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға арналған шығыстар қосылған жағдайда, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстарды ескермей айқындалады.
Егер тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар қосылған, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сомасы мұндай шығыстардан жеке көрсетілген жағдайда, онда сатып алынған тауар бойынша құн осындай шығыстар құнын есепке алмай айқындалады;»;
3) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге қосылған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаға төлейтіндерді қоспағанда бiр мезгiлде мынадай:»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаның активтері құнында дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтердi төлеу күнiне 50-ден аспайтын пайызды құрайды.»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар деп жеке қажеттіліктері үшін жер асты суларын өндіру құқығына ие болуына байланысты осындай пайдаланушыболып табылатын жер қойнауын пайдаланушы танылмайды;»;
7) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бір мезгілде мынадай:»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан көп емес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге қосылған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағы 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар деп жеке қажеттіліктері үшін жер асты суларын өндіру құқығына ие болуына байланысты осындай пайдаланушыболып табылатын жер қойнауын пайдаланушы танылмайды;;»;
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі табыстар.»;
86) 195-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгеннен басқа жағдайда, есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша - табысты есептеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;»;
87) мынадай мазмұндағы 196-1-баппен толықтырылсын:
«196-1-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктері
Осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент еместер корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген мерзімде орналасқан жерi бойынша салық органына ұсынады.»;
88) 197-бапта:
1-тармақта:
«бесінші абзацындағы «құн өсiмiнен түсетiн табыстарына» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының көздерінен» деген сөздермен толықтырылсын:»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар деп жеке қажеттіліктері үшін жер асты суларын өндіру құқығына ие болуына байланысты осындай пайдаланушыболып табылатын жер қойнауын пайдаланушы танылмайды;»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Кодекстің осы бабы мен 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күнгі заңды тұлғаның акциялары (қатысу үлестері) немесе дивиденд төлемдері құнындағы мүлік үлесі оның (олардың) дивидендтер немесе акцияларын (қатысу үлестерін) төлейтін заңды тұлға иеленетін, акциялары (қатысу үлестері) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына өткізілетін жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкінің құны сомасының арақатынасы ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің осы бабы мен 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) қатысу үлестерін өткізу күні консорциумға қатысушылар (олардың) активтерінің жалпы құнындағы мүлік үлесі олардың акцияларын (қатысу үлестерін) қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құны сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны:
1) дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) (онда) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесінің;
2) дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) (онда) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.
Дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) (онда) өткізілетін заңды тұлғаның барлық активтерінің баланстық құн сомасы осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құны болып танылады.
Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) (онда) өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:
1) дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнгі жеке қаржы есептілігінің;
2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігі болмаған кезде акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күннің алдындағы соңғы есепті күнгі жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін салық агентіне жүктеледі.
Бұл ретте резидент емес - заңды тұлға қызметі осы Кодекс немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі, сондай-ақ филиалының, өкілдігінің болуы немесе болмауына қарамастан салық агенті болып танылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде салық агенті болып табылмайтын тұлғадан табыс алатын резидент емес осындай табыс сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставканы қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Табыс салығының сомасын бюджетке аударуды салық агентi осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептелген бюджетке табыс салығын аудару салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін оның Қазақстан Республикасында тіркелу есебінде тұрған жері бойынша салық органына осы Кодекстің 196 және 203-баптарында белгіленген мерзімде салық агенті ұсынады.
Осы баптың 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент еместер осы Кодекстің 196-1 және 205-баптарында белгіленген мерзімде табыс салығы бойынша декларация тапсырады.
9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін мұндай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi (салық төлеуші) аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.»;
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде резидент емес үшiн құн өсiмiнен түсетiн табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарындағы ережелердi қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.»;
89) 198-баптың 6-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырумен байланысты басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.»;
90) 200-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 562-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылған декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті.»;
91) 200-1-баптың 1-тармағындағы:
4) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге қосылған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетінді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан көп емес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар деп жеке қажеттіліктері үшін жер асты суларын өндіру құқығына ие болуына байланысты осындай пайдаланушыболып табылатын жер қойнауын пайдаланушы танылмайды;»;
8) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8) эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан көп емес жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге қосылған жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның табыстарын қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағы 5) тармақшасында көрсетiлген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар:»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар деп жеке қажеттіліктері үшін жер асты суларын өндіру құқығына ие болуына байланысты осындай пайдаланушыболып табылатын жер қойнауын пайдаланушы танылмайды;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
13) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымының тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасындағы қызметті жүзеге асыру орнына дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға нақты жұмсаған шығыстарын төлеу (өтеу) түрiндегi:
осындай дербес бiлiм беру ұйымының қызметкері болып табылатын;
осындай дербес бiлiм беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын;
осындай дербес бiлiм беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызметтерді көрсететін резидент емес заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын резидент емес жеке тұлға алған материалдық пайда.»;
92) 201-баптың 1-тармағы үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдік валютамен табысты төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері табыс есептеу күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.»;
93) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезінде бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегеруге халықаралық шарттың ережелерімен жол берілген жағдайда, онда мұндай шығыстардың сомасы, мынадай:
1) шығыстарды барабар бөлу әдісі;
2) шығыстарды шегерімге тура (тікелей) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады.
Осы Кодекстің және 209-211-баптардың мақсаттары үшін бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде нақты жұмсаған басқару және жалпыәкімшілік шығыстары деп мыналардан басқалары танылады:
қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келген резидент емес заңды тұлғаның тікелей филиалы немесе өкілдігі немесе резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай осы Кодекстің 100-122-баптарына сәйкес шегерімге жататын тұрақты мекеме жұмсаған басқару және жалпыәкімшілік шығыстары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары);
басқа елдерде резидент емес заңды тұлғаның тікелей филиалдары, өкілдіктері немесе тұрақты мекемелері шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстары (бұдан әрі – басқа елдерде тұрақты мекемелердің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары).
2. Бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары - бұл ұйымды басқаруға, өндірістік процеспен байланысты емес басқарушы персоналдың еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.
3. Резидент емес заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салық кезеңі ішінде басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің бірін ғана қолданады.
Бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу бойынша ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшада көрсетіледі.
4. Бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде мынадай растайтын құжаттар:
1) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резидент емес заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
3) резидент емес заңды тұлға құрылған және (немесе) резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған атауы жазылған резидент емес заңды тұлғаның мөрі басылған (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қолтаңбасымен осындай заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі болған кезде ғана шегерімге жатқызылады.
Бұл ретте, осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының жалпы сомасы бөлек жазып көрсетілуі тиіс;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген қаржылық есептілікте көрсетілген басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының сомасын бөлумен:
шығыстардың түрлері бойынша Бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын;
Қазақстан Республикасы тұрақты мекемесінің басқару жәнежалпыәкімшілік шығыстарын;
басқа елдердегі тұрақты мекемелердің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын таратып жазу;
5) резидент емес заңды тұлғаға орындалған (көрсетілген) жұмыстардың, қызметтердің байланыстылығын растайтын, олар бойынша шығыстар Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыруға бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарына енгізілген құжаттар.
Осы тармақшаның ережелері резидент емес заңды тұлға шығыстарды пропорционалды бөлу әдісін қолданған жағдайда қолданылады;
6) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде).
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне байланысты мынадай деректер:
1) тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
2) тұтас алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы;
3) тұтас алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны ашып көрсетілуге тиіс.
Егер осы тармақта көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте нотариус куәландырған осындай құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
5. Осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін резидент емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді.
6. Осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің шегеріміне қабылданбайды.»;
94) 209-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Барабар бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабы 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының сомасы бас кеңсенің шығыстары мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде анықталады.»;
95) 211-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бас кеңсенің басқару немесе жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі бас кеңсенің және тұрақты мекемелердің табыстары мен шығындарын (басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есептеуді жүргізген жағдайда пайдаланылады.
2. Бас кеңсенің басқару және жалпыәкімшілік шығыстары, егер олар растайтын құжаттар негізінде айқын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында тікелей жұмсалса, осы бапқа сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 208-бабы 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы бас кеңсе жұмсаған шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде бас кеңсе жұмсаған шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;
3) Қазақстан Республикасында да, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында бас кеңсе жұмсаған шығыстардың есебі бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есептік құжаттардың негізінде жасалған салық тіркелімдері.
Бас кеңсе жұмсаған шығыстардың есебі бойынша салық тіркелімінің нысаны, оны толтыру тәртібі тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық есебі саясатында бекітіледі.»;
96) 212-баптың 6-тармағы екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі, табыс ету мерзімі осы баптың 3-тармағына сәйкес резидент еместің салық агентіне осындай құжатты тапсырғаннан кейін басталатын, салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде табыс етіледі.»;
97) 212-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резидент емес салық төлеушінің (түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, табыс ету мерзімі резидент еместің осы Кодекстің 212-бабы 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде осындай құжатты салық агентіне тапсырғаннан кейін басталатын салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде беріледі.»;
98) 212-2-баптың 2-тармағы екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті. Мұндай көшірме, табыс ету мерзімі резидент еместің осы Кодекстің 212-бабы 3-тармағында көрсетілген күндердің бірінде мұндай құжатты салық агентіне тапсырғаннан кейін басталатын салық есептілігін табыс ету үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде беріледі.»;
99) 219-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында резидент еместің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы-резидент еместің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.
Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.
Егер резиденттікті растайтын құжатта резидент еместің резиденттігінің уақыт кезеңі көрсетілмеген жағдайда, резидент емес осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.
Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы-резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.
5. Егер осы тармақта немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қойған қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қолы мен мөрі осы баптың 1-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариаттық куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
Егер халықаралық шарт шеңберінде уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің құзыретті органы резиденттікті растайтын құжатты заңдастырудың өзге тәртібін көздейтін өзара келісімге келген жағдайда онда аталған тәртіп қолданылады.»;
100) 223-баптың 1-тармағы екінші және үшінші бөлектері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шетел тілінде жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.»;
101) 224-баптың 1-тармағы бірінші бөлігі бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мынадай шарттарға бір уақытта сәйкес келетін: осы бап мақсатында резидент емес заңды тұлға жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес болып табылады:»;
102) 225-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсатта тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға салықтық өтініш табыс етеді.»;
103) 227-1-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару түрінде резидентке табыс бойынша салық агенті төлейтін салық міндеттемесін орындау тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарды түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеген кезде салық агенті бір мезгілде мынадай талаптарды орындаған кезде осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіпте төлем көзінен мынадай табыстарды табыс салығынан алмауға немесе осы Кодекстің 158-бабы 2-тармағында көзделген резидент жеке тұлғаның табысына табыс салығының ставкасын қолдануға құқылы:
1) мыналар:
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауы;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні қамтылған депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың болуы;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариат, куәландырылған көшірмесінің болуы.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариаттық куәландырылған көшірмесі салық агентіне осы Кодекстің 12-бабы 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірмей табыс етіледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімін егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияның эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым жасайды.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстау қызметін көрсететін мынадай тұлғалардың біреуі:
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым;
олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер алумен клиенттердің құжаттық қаржы құралдарын сақтау, қаржы құралдары мен клиенттердің ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызмет көрсететін, сондай-ақ осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеу және бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растауды жүзеге асыратын өзге де ұйым береді.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, дивидендтер түріндегі табысты алған кезең үшін резидент салық агентіне:
1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
2) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің;
3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табысты алғанын растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті.»;
104) 230-бап мынадай редакциядағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Шет мемлекет аумағында тұрақты мекеме ретінде тіркелген, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін өткізу бойынша айналым Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.»;
105) 231-баптың 3-тармағы 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер осындай тауар бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күніне қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын тауарды (оның ішінде сыйға тарту түрінде) жарнамалық мақсатта өтеусіз беру;»;
106) 235-баптың 2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шот-фактураларды жазған жағдайда шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазылады.
4. Шот-фактураларды қағаз жеткізгіште жазған жағдайда жазылып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда қызметті жүзеге асыру үшін тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер сатып алынатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.»;
107) 237-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мына жағдайларда:
кезең-кезеңдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;
уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні болып табылады.»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарларды кері импорт кедендік рәсімінде әкелген жағдайда:
1) кезең-кезеңдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, тауарды экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде Кеден одағының кеден шекарасын кесіп өткен күн;
2) кезең-кезеңдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37, 39-41 баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;»;
108) 238-бапта:
мынадай редакциядағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, оларды алу кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған осындай жұмыстарды, қызметтерді орындау үшін пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны негізінде өтеусіз орындалған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің салық салынатын айналым мөлшерi айқындалады.
Бұл ретте тіркелген активтерді салық салынатын айналымға қосу үшін өтеусіз пайдалануға берген жағдайда олардың құны:
Қ та = (ҚҚС пр / Спи) * (Тф) / (ҚҚС%),
мұнда:
Қ та – өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға қосылатын тіркелген актив құны;
ҚҚС са – тіркелген активтерді сатып алу кезінде есепке алынған қосылған құн салығына салық сомасы;
Мпқ – күнтізбелік айларға есептелген халықаралық қаржылық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған тіркелген активті пайдалы қолдану мерзімі;
Тн – есептік салықтық кезеңге өтетін пайдалануға беру айларының нақты саны;
ҚҚС % - пайдалануға беру күніне қолданыстағы пайызда қосылған құн салығына ставка.»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері сыйақы негізінде:
кәсіпкерлiк қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шарт бойынша;
кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шарт бойынша айқындалады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
3) қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы, осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде, қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығы сомаларын енгізбестен, осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне айқындалады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның көлік экспедициясының шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сенім білдірілген адам сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген адамның салық салынатын айналымының мөлшері оның тапсырма бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде тауарды әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің осы тауарды кері импорт кедендік рәсімінде әкелген кезде салық салынатын айналымының мөлшері қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауар құнының негізінде экспортты ресімдеген кезде қолданылған өлшем бірлігінде әкелінген тауар көлеміне барабар айқындалады.»;
109) 239-баптың 2-тармағы 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімінде әкелуді қоспағанда, тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;»;
110) 241-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төленедi.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны осы Кодекстің 276-8-бабына сәйкес айқындалатын Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленіп, осы Кодекстің 37-1-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе.»;
111) 243-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«кезең-кезеңдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;»;
112) 244-2-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«244-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін
тауарларға салық салу»;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық органының сұратуы бойынша тиісті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы беретін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың пайдаланылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.»;
113) 244-3-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«244-3-бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының
аумағына өткізілетін тауарларға салық салу
ерекшеліктері»;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодекстің 244-2-бабында өзгеше көзделмесе, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру үдерісінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізуге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару, осы бапқа сәйкес «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісінде әкелінген, іс жүзінде тұтынылған тауарлар бөлігінде жүргізеді. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұратуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу үдерісінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.»;
114) 248-бап мынадай мазмұндағы 23) және 24)тармақшалармен толықтырылсын:
«23) оларды діни бірлестіктер сатқан жағдайда діни керек-жарақтар.
Діни керек-жарақтардың тізбесі мен діни бірлестіктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
24) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары қосылған құн салығынан босатылады.»;
115) 249-баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінде (бұдан әрі – Жіктеуіш) көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізуді немесе жалға беруді.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар поселкелерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды;
2) жіктеуіште көзделген тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері студенттердің және мектеп оқушыларының жатақханаларында, жұмысшылар поселкелерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) өткізу және (немесе) жалға беру кезінде қолданылмайды.»;
116) 252-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер
Қосылған құн салығынан:
1) осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде қызмет көрсетулермен;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің жоралар мен рәсімдерді жүзеге асыруы бойынша қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар босатылады.»;
117) 253-баптың 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдары, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағы 2), 4) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдары жүзеге асыратын кітапхана қызметін көрсету жөніндегі;»;
118) мынадай мазмұндағы 253-1-баппен толықтырылсын:
«253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдарының білім беру
саласындағы қызмет көрсетулері
Осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшада көрсетілген шарттарға сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары іске асыратын 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшада көрсетілген білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.»;
119) 254-баптың 1-тармағы 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тиісті медициналық (ветеринариялық) қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бойынша медициналық (ветеринариялық) қызмет көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.»;
120) 255-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған діни бірлестіктер әкелетін діни керек-жарақтар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері егер діни керек-жарақтар:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге кірсе;
одан әрі өткізуге арналмаған болса, қолданылады.»;
121) 256-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:»;
1) тармақша алып тасталсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шот-фактура жазылған күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжатты жазып берген болса;
3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілген болса;
қосылған құн салығы төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:
жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;
қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;»;
2-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«отырғызу талонының немесе тасымалдаушы берген әуе көлігінде жол жүру фактісін растайтын құжаттың болуы;»;
122) 258-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағы 1)-7) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы баптың 4-1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, тауар-материалдық қорлар бойынша - түзету сомасы осы күні тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына түзетуді жүзеге асыру күні қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығы мөлшерінде;
2) сатып алынған негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша – аталған активтерді сатып алу күніне қолданыстағы қосылған құн салығының ставкасын қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай түзету күніне баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың 1-тармағы 1) – 7) тармақшаларында белгіленген жағдайлар басталған жекелеген активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын түзету осы тармақта белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақтың мақсаты үшін жекелеген активтерге қосылған құн салығын төлеуші салған (құрған) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар жатады.
Егер тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер тек қосылған құн салығымен бағалар бойынша және бір мөлшердегі қосылған құн салығы ставкасы бойынша сатып алынған жағдайда, есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген актив құрылысына (құруға) пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу күніне қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасын түзету күніне жекелеген активтің баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
Қалған жағдайларда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген актив құрылысына (құруға) пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу күніне қолданыстағы қосылған құн салығы ставкасын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір тобының есептік құнына қолдану жолымен есептелген қосылған құн салығының сомасын қосу жолымен айқындалады. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір тобының есептік құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ то.. 1, 2,… n = (Қ б х Ү то.1, 2,… n)
мұнда:
Қ то. 1, 2,… n – әртүрлі қосылған құн ставкалары бойынша сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір тобының есептік құны;
Қ б – түзету күніне жекелеген активтің баланстық құны;
Ү то.1, 2,…n – жекелеген активтің бастапқы құнындағы тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің әрбір тобының үлес салмағы.
Тауарлардың әрбір тобы қолданылған қосылған құн салығы ставкасына байланысты тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны бойынша бөлек қалыптасады.
4-2. Осы баптың 1-тармағы 8) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізуші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.»;
123) 263-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардан басқа, шот-фактуралар нысанын салық төлеуші осы баптың ережесін ескере отырып өзі дербес айқындайды.
1-2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде жазып беріледі.
Электронды түрде жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі электронды түрде жазып беретін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда мыналар көрсетіледі:
шот-фактуралар нысаны;
шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшелігі;
шот-фактураларды сақтау тәртібі;
қазынашылық қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен салық қызметі органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі.
Қазынашылық қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
электронды түрде жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануына, тіркелуіне, өңделуіне және берілуіне, сондай-ақ олардың сақталуына;
электронды түрде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген берілетін мәліметтердің дұрыстығына;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің жарияланбауына жауапты.»;
3-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша «ҚҚС-сыз» белгісін көрсетеді.»;
5-тармақта:
2) және 2-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шот-фактураның жазып берiлген күні. Шот-фактуралар электронды түрде жазып берілген кезде электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды тіркеген күн жазып берілген күн болып табылады;
2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының тұрған жері көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының мекенжайы. Бұл ретте:
почталық индексін көрсетпей орналасқан орнының мекенжайын көрсетуге;
әкімшілік-аумақтық бірлікті көрсету бөлігінде дәстүрлерге, оның ішінде іскерлік айналым дәстүрлеріне сәйкес қысқартуға жол беріледі;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өнім беруші-қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші немесе алушы болып табылатын заңды тұлға болып табылған жағдайда, осы тармақтың 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғалардың деректемелері көрсетілуге тиіс.
Егер заңды тұлға атынан тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі шығатын болса және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген жағдайда, сондай-ақ егер заңды тұлға атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші болып шыққан жағдайда:
осы тармақтың 2-1), 3), 3-1) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында шот-фактурада құрылымдық бөлімшенің дерекетемелерін көрсетуге жол беріледі;
осы тармақтың 5) тармақшасының талаптарын орындау мақсатында құрылымдық бөлімшесі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның - қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірін көрсетуге тиіс.»;
7-тармақта:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және:
қағаз жеткізгіште жазып берген жағдайда өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi бес күннен кешiктiрiлмей;
электронды түрде жазып берген жағдайда өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi жеті күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
екінші бөліктін екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн көрсетудi, коммуналдық қызмет көрсетудi, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, вагондар (контейнерлер) операторларының қызмет көрсетуін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;»;
мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Қазынашылық қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган растаған электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйедегі техникалық қателіктері туындауынан осы тармақта белгіленген мерзімдер бұзыла отырып, электронды түрде шот-фактуралар жазып беру осы тармақтың ережелерін бұзу болып табылмайды.»;
8-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен оған уәкілеттік берілген қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушылардың танысуы үшін қол жетімді болуға тиіс.»;
екінші бөліктен кейін үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізушіге шот-фактураға қол қоюға уәкілетті тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесін беру талабымен жүгінуге құқылы, ал жеткізуші бұл талапты Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті.»;
үшінші бөлік жаңа редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ол жазып берген шот-фактураны заңды тұлғаның атауы жазылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген, осындай құрылымдық бөлімшесінің мөрімен салық төлеушінің шешімі бойынша куәландыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және есептік саясатына сәйкес басшы немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізген жағдайда, бас бухгалтердің, қолының орнына «көзделмеген» деп көрсетіледі.
Осы тармақтың ережелері электронды түрде жазып берілген шот-фактураларға қолданылмайды.»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6) - 10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы болуға тиіс.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері, қаржы лизингі бойынша сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде көрсетіледі.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасында қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.
13. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі дана етіп жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға беріледі.»;
14-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының қағаз жеткізгіште жазып берілген түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірiнiң болуына:»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:
1) есеп айырысу бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, коммуналдық қызмет көрсетулер, байланыстық қызмет көрсетулер үшін банктер арқылы жүзеге асырылған;
2) әуе көлігінде берілетін электрондық билеттерді қоспағанда, жолаушы тасымалдау жол билетімен ресімделген;
2-1) жолаушы тасымалдау әуе көлігінде берілетін электрондық билеттермен ресімделген;
3) осы Кодекстiң 276-бабы 1-тармағында аталған адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;
3-1) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
4) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсеткен.»;
16. Осы баптың 15-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге шот-фактура жазып беру туралы талаппен өтiнiш бiлдiруге құқылы, ал оларды берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы туралы мәліметтерде сенімді тұлғасы арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алушы дара тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.
Осы баптың 15-тармағы 2-1) тармақшасында көзделген жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы өнім берушіге осындай жеткізуші көрсеткен тасымалдар қызметі бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында әуе көлігімен жүру фактісін растау үшін өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші:
жеке тұлғаның әуе көлігімен жүру фактін растайтын құжатты
немесе
осы баптың ережелерін сақтаумен, оның ішінде сенімді тұлға арқылы әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтерді алу немесе әуе көлігімен тасымалдау бойынша жеке тұлғаның қызметтерді алу жүзеге асыратын заңды тұлға деректемелері тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді алушы туралы міліметтерді көрсету бөлігінде жүзеге асырылуы тиіс жазып берген шот-фактураны тегін жазып беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Осы баптың 16-тармағы талаптарын орындау мақсатында шот-фактуралар жазып беру:
1) осы баптың 15-тармағының 1), 2), 2-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні және одан кейiн жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактураларды жазып беру күнімен қатар қызмет көрсетуді жеткізуші айналым жасалған күнге қолданыстағы ставка бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;
2) осы баптың 15-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзген жерi бойынша жүзеге асырылады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмаушылық болған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактура жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, (қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы қосылмаған) босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс;
2) мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша қаржы лизингі бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс.»;
124) 264-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көліктік экспедиция шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін жүк тасымалдауға шот-фактураны жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.
Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар және басқа да жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өнім берушілер жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.
Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.»;
2-тармақтың үшінші бөлегі мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспедитордың салық салынатын айналымы мөлшеріне енгізілетін көліктік экспедиция шарты бойынша сыйақы сомасы шот-фактурада бөлек жазып көрсетілуге тиіс.»;
3-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шот-фактураның бірінші данасы көліктік экспедиция шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа беріледі.»;
бірінші, екінші және үшінші бөлектер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шот-фактура қағаз тасығышта жазып берілген жағдайда экспедитор шот-фактураны екі дана етiп жазып бередi.
Шот-фактураның бірінші данасы көліктік экспедиция шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа беріледі.
Шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.»;
төртінші бөлік алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Көліктік экспедиция шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экпедиторда осындай шарттың шеңберінде көрсетілетін жұмыстарды, қызметтерді тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететін құжаттың болуы міндетті.
Бұл ретте мұндай құжат экспедиторда осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі ішінде сақталады.
Құжатта мынадай ақпараттық деректер:
1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушының шот-фактурасының реттік нөмірі және жазып берiлген күні;
2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушы салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы;
4) егер тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
5) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны бөлек көрсетіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аталған талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көліктік экспедиция шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.»;
125) 265-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өнім берушi жазып бередi және қағаз тасығышта жазып берілген жағдайда аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы растайды.»;
126) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«266-бап. Қосылған құн салығын есептеу
Қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептеп шығарылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Бұл ретте:
1) оң айырма осы Кодексте белгіленген тәртіпте бюджетке төленуге тиіс салық сомасы болып табылады;
2) теріс айырма есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелетін салық сомасынан асып кетуі болып табылады.»;
127) 267-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуге құқылы.»;
2-тармақта:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың мақсатына орай ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:»;
1)-тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«крахмал-cірне өнеркәсібі өнімін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасын айқындау мақсатында осы баптың ережелері қолданылған кезде:
1) есепті салық кезеңінің басына өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі – қосылған құн салығы сомасының асып кетуі) болмаған жағдайда – осы Кодекстің 266-бабына сәйкес бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы 70 процентке азайтылады; 2) есепті салық кезеңінің басына өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі болған жағдайда - осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы мен осындай қосылған құн салығы сомасының асып кетуі сомасы арасындағы оң айырма 70 процентке азайтуға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы бапты қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға осы баптың ережесін күнтізбелік жылға кіретін салық кезеңдерінің барлығына қолдануға міндетті.»;
128) 270-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 68-бабында және осы тармақта өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар шот-фактуралар тізілімінде қағаз тасығышта, сол сияқты электронды түрде жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.
Егер қосылған құн салығын төлеуші:
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электронды түрде жазып берген жағдайда салық органдарына салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімін табыс етпейді;
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электронды түрде алған жағдайда салық органдарына салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімін табыс етпейді.»;
129) 271-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеуші бюджетке төлеуге жататын салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.»;
130) 273-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық кезеңдері ішінде осы Кодекстің 267-бабының ережелерін қолданған салық төлеушіге қайтарылмайды.»;
131) 276-6-баптың 2-тармағында:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның көшірмелері) негізінде белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«халықаралық почталық жөнелтілімдер бойынша тауарларды жөнелту кезінде – Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында почта штемпелі қойылған күн белгіленеді.»;
132) 276-8-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау жөніндегі шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Осы баптың мақсаты үшін сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаларды айқындау принциптері негізінде анықталады. Салық салу мақсатында баға айқындау принципі шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге тиіс мәміле бағасының негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса, және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа шығыстардың құны жеке көрсетілген болса, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорт мөлшері болып табылады.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса, және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа шығыстардың құны жеке көрсетілмеген болса, онда аталған шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле құны салық салынатын импорт мөлшері болып табылады.»;
6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық қызметi органдары Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің атқарылуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
Бұл ретте салық төлеуші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жоғарыда көрсетілген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін дербес түзетеді.»;
133) 276-11-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты, зат түрінде қарыз беру жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ олардың көрсетілген операциялар бойынша алған тауарлардың (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) импортын растайтын құжаттардың болуы есепке алынады.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша өңделетін өнімдердің экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) импортын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың (жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің) импортын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
134) 276-13-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Осы Кодекстің 635-бабы 4-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.»;
135) 276-15-бапта:
2-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«2. Келесі тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады:
1) осы Кодекстiң 255-бабы 1-тармағының 1), 3) - 13) тармақшаларында көзделген тауарлардың импорты.
Осы тармақтың екінші абзацында көрсетiлген Кеден одағы шеңберiнде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарлар.»;
3-тармақ алып тасталсын;
136) 276-19-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.»;
137) 276-20-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш табыс етілмеген жағдайда, салық органдарына табыс етілмеген деп саналады.
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда, салық органдарына табыс етілмеген деп саналады.»;
138) 276-21-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші Салық кодексінің 276-20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты салық органына:
1) тауарлар экспорты кезінде тауарлар өткізу бойынша;
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап жүз сексен күнтізбелік күн ішінде табыс етуге міндетті.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлар экспортын жүзеге асырған немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жұмыстарын орындаған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осы Кодекстің 276-20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімде қағаз жеткізгіште табыс етпеген кезде, тауарлардың экспорты кезінде тауарларды өткізу бойынша немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайларда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға және өткізу бойынша айналым жасау күніне келетін салық кезеңі үшін төлеу мерзімі бойынша бюджетке төлеуге жатады.»;
139) 276-22-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қате табыс етілген;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен жүргізіледі:
1) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан қате табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш жойылатын жою әдісімен;
2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші жаңа өтінішті бір мезгілді табыс ете отырып, бұрын табыс етілген өтінішті ауыстыру әдісі кері қайтару жолымен жүргізеді.
Осы тармақтың мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеттемесі осы Кодексте көзделмеген жағдайда қате табыс етілген деп есептеледі.»;
4-тармақ алып тасталсын;
140) 276-23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен осындай тауарлар әкелінген ай аяқталғанға дейін ішінара қайтару жүзеге асырылған жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште осындай тауарлар бойынша мәліметтерді көрсету жүргізілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен осындай тауарлар әкелінген ай аяқталғанға дейін толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және осындай тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық органдарына табыс етілмейді.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды, осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілуге тиіс.
3. Осы баптың мақсаты үшін экспорттаушы салық төлеуші және импорттаушы салық төлеуші тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен қайтаруға жататын импорталған тауарлардың саны туралы мәліметті қамтитын келісімен құжат Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды тиісінше сапасыз және (немесе) толық жинақталмау себебінен қайтаруды растау болып табылады.»;
141) 280-бапта:
3-тармақ екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақта:
екінші бағандағы атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
р/н № |
КО СЭҚ ТН коды |
»;
бірінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. |
2207-ден |
80 көлемдiк пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медицина мекемелеріне берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған) |
600 теңге/литр |
»;
үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
2208-ден |
80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) |
100% спирт |
»;
төртінші және бесінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4. |
2207-ден |
Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті. |
60 теңге/литр |
5. |
2208-ден |
Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер |
100% спирт |
»;
оныншы және он бірінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
10. |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа) |
170 теңге/литр |
11. |
2204, 2205, 2206 00-ден |
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы |
0 теңге/литр |
»;
142) 281-бабы 1-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыңшы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 279-бабының 4) тармақшасында көзделген экспортқа арналған акцизделетін тауарларды қоспағанда, өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;»;
143) 310-бапта:
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бағамдық айырма тікелей себептік-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметке жатқызылмайтын болса, бағамдық айырмашылық бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.»;
9-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде алған тікелей табыстарының жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір жеке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында өндірген мұнайды және (немесе) тек бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізуден түскен табыс Қазақстан Республикасы трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын сақтай отырып, олардың өткізу бағасы негізге алына отырып, бірақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өндірілген мұнайдың, бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған минералды шикізаттың және (немесе) тауар өнімінің төмен емес негізде айқындалады.
Өндірілген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған жағдайда, осындай операция бойынша табысты өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнмасының талаптарына сәйкес айқындалатын және 20 процентке ұлғайтылған өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына осындай кейіннен қайта өңдеунәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған табыс пен осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына қосылатын табыс сомасы арасындағы оң айырмаға тең сома жатады.
Осы бөлімнің мақсатына орай шахта, кен, карьер, ұсату зауыты (қондырғы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыт) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.»;
144) 312-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«312-бап. Жалпы ережелер
Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте келісімшарт аумағы кеңейген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі қол қойылатын бонус болып табылады.»;
145) 314-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Келісімшарт аумағы кеңейген кезде қол қойылатын бонус мөлшері мынадай тәртіпте айқындалады:
1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағына пайдалы қазбалар қоры бекітілсе – осындай қорларға қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіпте пайдалы қазбалар түріне қарай айқындалады;
2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағына пайдалы қазбалар қоры бекітілмесе – келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бастапқы сомасының туындысы ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентін келісімшарт аумағы кеңейтілетін аудан мөлшерінің келісімшарт аумағының ауданының бастапқы мөлшеріне қатысы ретінде құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңетуі жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қойылатын бонус мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады.»;
146) 315-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:
1) белгіленген соманың елу проценті - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңiмпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) белгіленген соманың елу проценті - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осындай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде төленеді.»;
147) 317-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы әрбір коммерциялық табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.»;
148) 319-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«319-бап. Салық салу объектісі
1. Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі коммерциялық табу бонусын салық салу объектісі болып табылады.
2. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқық шеңберінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталған кезеңге жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
барлауға арналған келісімшарт шеңберінде аталған жер қойнауын пайдаланушы тиісті келісімшарт аумағында бұрын жариялаған;
кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының нақты көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдында бекітіліген пайдалы қазба қорларының нақты көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады.
3. Ол бойынша жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсат үшін уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталған кезеңге жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу кезінде мемлекеттік баланстағы және осы мақсат үшін уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдында бекітіліген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады.
4. Ол бойынша жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсат үшін уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталған кезеңге жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік баланстағы және осы мақсат үшін уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады;
кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдында бекітіліген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады.
5. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы жариялаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табу үшін бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдында бекітіліген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырмасы ретінде айқындалады.
Осы баптың және осы Кодекстің 320 және 323-баптарының мақсаттары үшін көмірсутек шикізаты бойынша пайдалы қазба қорлары деп алынатын пайдалы қазба қорлары білдіреді.»;
149) 320-бапта:
бірінші бөлігі және екінші бөлігі бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiпте айқындалады:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондонның металл биржасында немесе Лондонның қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, қорлардың құны өндiруге арналған Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен келісімшарттың техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, 20 процентке ұлғайтылған жоспарлы шығындар сомасының негiзiнде айқындалады.»;
150) 323-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазбалар қорларының қосымша көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;
3) бірiктiрiлген барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында пайдалы қазбалар қорларын Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.»;
151) 339-баптың кестесінде:
1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Рет |
Пайдалы қазбалардың атауы |
Ставкалар, %-бен |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi |
Хром кенi (концентраты) |
16,2 |
Марганец, темір-марганец кенi (концентраты) |
2,5 |
||
Темір кенi (концентраты, окатыштар) |
2,8 |
||
Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс) |
17,5 |
»;
152) 339-баптың кестесінде:
1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Рет |
Пайдалы қазбалардың атауы |
Ставкалар, %-бен |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi |
Хром кенi (концентраты) |
16,2 |
Марганец, темір-марганец кенi (концентраты) |
2,5 |
||
Темір кенi (концентраты, окатыштар) |
2,8 |
||
Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс) |
18,5 |
»;
153) 355-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.»;
154) 365-бапта:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
3-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалпы меншiк құқығында бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысына және (немесе) оның мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушiлер:»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, сондай-ақ бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысы және (немесе) оның мүшелерi:»;
155) 367-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы мақсаты үшін:»;
156) 373-баптың 2-тармағының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан орны бойынша салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
157) 381-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер
учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық
ставкалары
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
р/н № |
Елді мекеннің санаты |
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары (теңге) |
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қалалар: |
||
2. |
Алматы |
28,95 |
0,96 |
3. |
Астана |
19,30 |
0,96 |
4. |
Ақтау |
9,65 |
0,58 |
5. |
Ақтөбе |
6,75 |
0,58 |
6. |
Атырау |
8,20 |
0,58 |
7. |
Қарағанды |
9,65 |
0,58 |
8. |
Қызылорда |
8,68 |
0,58 |
9. |
Көкшетау |
5,79 |
0,58 |
10. |
Қостанай |
6,27 |
0,58 |
11. |
Павлодар |
9,65 |
0,58 |
12. |
Петропавл |
5,79 |
0,58 |
13. |
Талдықорған |
9,17 |
0,58 |
14. |
Тараз |
9,17 |
0,58 |
15. |
Орал |
5,79 |
0,58 |
16. |
Өскемен |
9,65 |
0,58 |
17. |
Шымкент |
9,17 |
0,58 |
18. |
Алматы облысы: |
||
19. |
облыстық маңызы бар қалалар |
6,75 |
0,39 |
20. |
аудандық маңызы бар қалалар |
5,79 |
0,39 |
21. |
Ақмола облысы: |
||
22. |
облыстық маңызы бар қалалар |
5,79 |
0,39 |
23. |
аудандық маңызы бар қалалар |
5,02 |
0,39 |
24. |
Облыстық маңызы бар басқа қалалар |
облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 85 проценті |
0,39 |
25. |
Аудандық маңызы бар басқа қалалар |
облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 проценті |
0,19 |
26. |
Кенттер |
0,96 |
0,13 |
27. |
Селолар (ауылдар) |
0,48 |
0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес белгіленеді.»;
158) 382-бапта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.»;
159) 384-баптың 1 және 2-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында аталған жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында аталған жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына базалық ставкалар жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентінен аспауға тиіс.»;
160) 391-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте, жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.»;
161) 393-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.»;
1-1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.»;
162) 394-баптың 2-тармағының бірінші - екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан орны бойынша салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
163) 396-бапта:
1-тармақта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайға жататын ғимараттар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде есептелетін сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарты бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бір бөліктері.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайға жататын және осы Кодекстің 60-1-бабының7) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.»;
164) 397-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Концессия объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалған осындай объектiлердiң құны салық базасы болып табылады. Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы есепті салық кезеңінің 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешек мөлшерінде белгіленеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатып алуға, өндіруге,олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға шығындардың, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға шығындардың жиынтығы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салынатын объектілері бойынша салық базасы болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабы 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға, сондай-ақ бағасы (құны) белгісіз мәмілелер бойынша, не тегін, оның ішінде сыйға тарту,..., қайырмалдық, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнге салық салу объектісінің нарықтық құны салық базасы болып табылады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 406-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салық базасы осы бапта көзделген тәртіпте айқындалады.»;
165) 398-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.»;
166) 399-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.»;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын енгізеді.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мүлік салығын есептеу бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.
8. Шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.»;
167) 402-баптың 1-тармағының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге міндетті.
Шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге міндетті.»;
168) 405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап бұдан әрі (бұдан әрі – пайдалану кезінен бастап) оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.»;
169) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«406-бап. Салық базасы
1. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг.
Осындай тіркеуден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған құн мемлекеттік тіркеуі ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген жаңадан салынған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
C = C б x S x К функц х К айм.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
Қ - салық салу мақсаты үшін мүліктің құны,
Қ б - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының бір шаршы метрінің базалық құны,
S - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының шаршы метрмен пайдалы ауданы,
К таб - табиғи тозу коэффициенті,
К функц - функционалдық тозу коэффициенті,
К айм - аймақтау коэффициенті,
К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті.
2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының теңгемен көрсетілген бір шаршы метрінің базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:
Рет № |
Елді мекеннің санаты |
Базалық құн, теңгемен |
1 |
2 |
3 |
Қалалар: |
||
1. |
Алматы |
30000 |
2. |
Астана |
30000 |
3. |
Ақтау |
18000 |
4. |
Ақтөбе |
18000 |
5. |
Атырау |
18000 |
6. |
Қарағанды |
18000 |
7. |
Қызылорда |
18000 |
8. |
Көкшетау |
18000 |
9. |
Қостанай |
18000 |
10. |
Павлодар |
18000 |
11. |
Петропавл |
18000 |
12. |
Талдыкорган |
18000 |
13. |
Тараз |
18000 |
14. |
Орал |
18000 |
15. |
Өскемен |
18000 |
16. |
Шымкент |
18000 |
17. |
Облыстық маңызы бар қалалар |
12000 |
18. |
Аудандық маңызы бар қалалар |
6000 |
19. |
Кенттер |
4200 |
20. |
Селолар (ауылдар) |
2700 |
Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес белгіленеді.
3. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм.
Осындай тіркеуден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған құн мемлекеттік тіркеуі ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген жаңадан салынған тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
Қ - салық салу мақсаты үшін құн,
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері бойынша -25 процент,
гараж бойынша - 15 процент,
S - тұрғынжайдың салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтік) құрылыстарының, шығыңқы ірге қабаттарының, жертөлелерінің, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,
К таб - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған табиғи тозу коэффициенті,
К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті,
К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймақтау коэффициенті.
4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының табиғи тозу коэффициенті амортизация нормаларын және тиімді уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:
К таб = 1 - М таб, мұнда:
М таб - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының табиғи тозуы.
Табиғи тозу мына формула бойынша айқындалады:
М таб = (Т баз - Т п.б) х Наморт/100, мұнда:
Т баз - салық есептелген жыл,
Т п.б - объектінің пайдалануға берілген жылы,
Н аморт - амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
№ |
Күрделілік тобы |
Ғимараттың сипаттамасы |
Н аморт, % |
Қызмет ету мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
1 |
Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар; |
0,7 |
143 |
2. |
2 |
Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темір-бетонды, бетонды немесе ағаш; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар |
0,8 |
125 |
3. |
3 |
Қабырғалары жеңілдетіліп қаланған кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, жеңілдетіліп монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар |
1,0 |
100 |
4. |
4 |
Қабырғалары аралас, кесілген ағаштан немесе бедерлі кірпіштен қаланған ғимараттар |
2,0 |
50 |
5. |
5 |
Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар |
3,3 |
30 |
6. |
6 |
Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар |
6,6 |
15 |
Егер тастан қаланған немесе тасымалды панелді тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның ішінде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициенті қолданылады.
5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының сапасына қойылатын талаптарды ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мына формула бойынша есептеледі:
К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:
К қаб - тұрғынжайдың орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін есепке алу коэффициенті,
К бұр - тұрғынжайдың құрылыстың бұрыштағы учаскелерінде орналасуын есепке алу коэффициенті,
К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициенті,
К жайл - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін есепке алу коэффициенті,
К жылу - жылыту түрін есепке алу коэффициенті.
Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:
Рет № |
Қабат |
К қабат |
|
1 |
2 |
3 |
|
1. |
Бірінші |
0,95 |
|
2. |
Аралық немесе жеке тұрғын үй |
1,00 |
|
3. |
Соңғы |
0,9 |
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.
Тұрғынжайдың ғимараттың бұрыштағы учаскелеріндегі орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:
Рет № |
Тұрғынжайдың ғимараттың бұрыштағы учаскесінде орналасуы |
К бұр |
1 |
2 |
3 |
1. |
Бұрыштағы пәтер |
0,95 |
2. |
Бұрышта орналаспаған пәтер немесе жеке тұрғын үй |
1,0 |
Қабырға материалына байланысты мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:
Р/н № |
Қабырға материалы |
Коэффициент |
1 |
2 |
3 |
1. |
Кірпіштен |
1,1 |
2. |
Керамзит бетон блоктардан құралған |
1,0 |
3. |
Керамзит бетон блоктардан құралған, кірпішпен қапталған |
1,05 |
4. |
Темірбетон панелден |
1,0 |
5. |
Кiрпiшпен қапталған темірбетон панелден |
1,05 |
6. |
Балшықтан - саманнан |
0,5 |
7. |
Саманнан, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған |
0,6 |
8. |
Монолитты шлакты-бетонды |
0,7 |
9. |
Темірбетон блоктардан |
1,0 |
10. |
Жиналмалы-қалқанды |
0,6 |
11. |
Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған |
0,75 |
12. |
Кесiлген ағаштан |
0,85 |
13. |
Шпалдан |
0,75 |
14. |
Шпалдан, кiрпiшпен қапталған |
0,95 |
15. |
Қамыс-қаңқалы |
0,6 |
16. |
Өзгелері |
0,1 |
Тұрғынжайды, саяжай құрылыстары барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.
Адамдардың тұруы (тұрмыстық), келуі үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде, 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.
Жылыту түріне байланысты мынадай жылытудың түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:
Р/н № |
Жылыту түрі |
К жылу |
1 |
2 |
3 |
1. |
Орталықтан жылыту |
1,0 |
2. |
Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту |
0,98 |
3. |
Қатты отын арқылы сумен жергiлiктi жылыту |
0,95 |
4. |
Пешпен жылыту |
0,9 |
6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алатын аймақтау коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жергіліктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша айқындайды.
7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. өзг = аг. ж. аек/өткен ж. аек, мұнда:
ағ. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;
өткен ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өткен қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.
8. Салқын жапсаржайлар, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстар, шығыңқы iрге қабаттар, жертөлелер, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық базасы осы бапқа сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.
9. Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылса, салық базасы әрбір объект бойынша дербес есептеледі.
10. Пайдалану фактісі анықталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық қызметі органдары мынадай тәртіппен салық салынатын объектілерінің құны ағымдағы салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:
С = Сб х S х 2
С – салық салу мақсаты үшін мүлік құны,
Сб – осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны,
S – аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы ауданы.»;
170) 409-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша аяқталмаған құрылыс объектісін меншік құқығына немесе пайдалануға иелік етудің нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Бұл ретте салықты есептеу әрбір салық кезеңі үшін бөлек жүргізіледі.
2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса, немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану кезеңі он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалануында болған нақты кезең айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте меншік құқығында болған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалануында болған нақты кезең салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану фактісі анықталған айдың 1 күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объекті осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын, уәкілетті мемлекеттік орган беретін құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс.
Салықтың жылдық сомасын салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.»;
171) 426-бапта:
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Патент – патент құнын төлеуді растайтын электронды құжат.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арналы салық режимді таңдауды:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұру кезінде жеке тұлғалар - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – жаңадан құрылған дара кәсіпкер);
2) бір салық салу режимінен басқа салық салу режиміне ауысу кезінде салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар – осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер табыс ететін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тарауды қолдану мақсатында, бұдан әрі - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) жүзеге асырады.
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан орны бойынша салық органына қағаз тасығышта немесе электронды түрде, оның ішінде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы табыс етеді.
4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі:
1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арналы салық режимін таңдауды жүзеге асырмау;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, қолданылатын осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етпеу;
3) осы Кодекстің 431-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде патент құнының есебін табыс етпеу деп есептеледі.
5. Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен патент негізіндегі арналы салық режиміне немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысқан кезде дара кәсіпкерлер табыс етпейді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
172) 427-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«427-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.
2. Арналы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіпте жүргiзiледi.
3. Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында алынған (алынуға жататын) осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арналы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері осы тарауға сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:
1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс;
2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері(салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырған кезде, егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);
6) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға арнап алынған сомалар;
7) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы;
8) кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық және демеушілік көмектіқоспағанда);
9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға алушының жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге шығыстарын өтеу;
10) жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жалға алушының шығыстары.
5. Заңды тұлғалар осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеуді және төлеуді және осы Кодекстің 4 және 5-бөлімдеріне сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте олар бойынша салық есептілігін табыс етуді жүзеге асырады.
6. Дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар:
1) осы Кодекстің 180 - 180-3-баптарында белгіленген тәртіпте мүліктік табыстың;
2) осы Кодекстің 184-бабында белгіленген тәртіпте өзге табыстардың;
3) осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіпте төлем көзінен салық салынатын табыстардың;
4) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіпте осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында және осы баптың 4) тармақшасында көрсетілмеген табыстардың мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте, жеке табыс салығын есептеу және төлеу осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша салық есептілігін табыс ету тиісті табыс түрі үшін осы Кодекстің 20 және 21-тарауларында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
7. Салық салу мақсатында шағын бизнес субъектілері үшін арналы салық режимін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде:
1) мүлікті беруші салық төлеуші үшін – өтеусіз берілген мүліктің құны;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін сатып алынған активтерді өткізу;
3) егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған және осындай беру күнінде қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген дара кәсіпкер өтеусіз алған тауардың құны қаралмайды.
8. Осы тарау мақсаты үшін бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.
Осы тармақтың 4-тармағында көрсетілген табыстар:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгерген;
3) бағалар, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін өтемақы өзгерген;
4) бағалардан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер;
5) шарт талаптарын негізге ала отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютада төлеуге жататын сомалар өзгерген;
6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құруға әкелген филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.
Осы тармақшада көзделген табысты түзету:
1) салық төлеуші – дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші – кредитор талап;
2) салық төлеуші заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талапты есептен шығарған жағдайда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.
Осы тармақшада көзделген табыстарды түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттарды болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыс сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлар басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Табыстарды түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, түзету бұрын түзетуге жататын табыс танылған салық кезеңінде жүргізіледі.
9. Егер бір табыстар бірнеше табыстар баптарында көрсетілетін жағдайда, аталған табыстар табысқа бір рет енгізіледі.
Салық салу мақсаты үшін табысты тану күні осы тарау ережелеріне сәйкес айқындалады.
10. Осы тарау мақсатында егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқару құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы үшін немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесі жүктелген жағдайда, мұндай салық төлеушінің табысына мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары енгізіледі.»;
173) мынадай мазмұндағы 427-1-баппен толықтырылсын:
«427-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы
заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу
мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын
даракәсiпкерлердің табыстарды салықтық есепке алуда
тануының ерекшелігі
1. Осы баптың ережелерін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікжасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, табыс дара кәсіпкер беретін кез келген сауда және көтерме сауда жеңілдіктерінің сомасы ескеріле отырып, алынған немесе алуға жататын өтем құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын табыс сомасы дара кәсіпкер мен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасында орындалған шарт негізінде айқындалады.
3. Тауарларды өткізуден түскен табыс төменде аталған барлық талаптар қанағаттандырылған кезде танылады:
1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақылар берсе;
2) дара кәсіпкер меншік құқығымен үйлесетін басқаруға бұдан әрі қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса;
3) табыс сомасы сенімді түрде өлшенген болса;
4) операциямен байланысты экономикалық пайда дара кәсіпкерге түсу ықтималдығы болса;
5) операциямен байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенген болса.
4. Жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге құжат негізінде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге құжатқа қол қойылған кезеңінде танылады.
5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:
1) дара кәсіпкер міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;
2) салық төлеуші таратылған кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы дара кәсіпкерiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті табыс еткен;
2) қалған жағдайларда есептен шығарылған күні төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс:
1) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредитор міндеттемені есептен шығарған;
2) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына тарату салық есептілігі табыс етілген;
3) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап ету мерзімі өткен;
4) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот шешімі заңды күшіне енген есептілік кезеңде танылады.
6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы түріндегі табыс түгендеу аяқталған және осындай артықшылықтар фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салық кезеңінде танылады. Артықшылықтар сомасын дара кәсіпкер Қазақстанда қолданыстағы бағалар мен тарифтердің негізінде дербес айқындайды.
7. Айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкция түрлері түріндегі табыс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе олар борышкер деп танылған салық кезеңінде танылады.
8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе қызмет көрсетулері басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе қызмет көрсетулеріне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді қабылдау-беру актісі жасалуға тиіс. Қабылдау-беру актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциялардан түсетін табыс қабылдау-беру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің құны мен берілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
9. Салық кезеңіндегіұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) ішіндегі табыс болып танылады.
10. Мыналар:
1) талап ету құқығын алатын салық төлеуші үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын алу құны арасындағы оң айырма. Мұндай талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыссатып алынған талапты борышкер өтеген салық кезеңінің табысы болып табылады;
2) талап ету құқығын басқаға беретін салық төлеуші үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға беру күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс болып табылады. Мұндай талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табысбасқаға беру жүргізілген салық кезеңінің табысы болып табылады.
11. Заңды тұлға құрмай бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушысы болып табылатын дара кәсіпкер осы Кодекстің 80-бабының ережесін ескере отырып, салықтық есепке алу жүргізеді.
12. Егер дара кәсіпкер осындай мүлікті алған салық кезеңінде оны кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланса, дара кәсіпкер өтеусіз меншігіне алған мүлік құны кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс болып табылады.
Кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, осындай мүлік алынған салық кезеңінде танылады.
Кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусіз алынған жылжымайтын мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс осындай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусіз алынған көлік құралы (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс осындай көлік құралын мемлекеттік тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Мүлікке меншік құқығы туындаған күні Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған мүліктің нарықтық құны дара кәсіпкер меншігіне өтеусіз алған мүліктің құны болып табылады.
13. Жалға алушының жалға беруші дара кәсіпкердің шығыстарын, жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге шығыстарын өтеу түріндегі табыс осындай өтем алынған салық кезеңінде танылады.
Жалға берушінің жалға алу шарты бойынша төлем есебіне жатқызылатын жалға алынған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жалға алушының шығыстары түріндегі табыс осындай есепке жатқызу жүргізілген салық кезеңінде танылады.»;
174) 428-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлігінде:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) құрылтайшысы немесе қатысушысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың;»;
мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің;
7) коммерциялық емес ұйымдардың;
8) дивидендтер, сыйақылар, роялти түрінде алынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлігімен толықтырылсын:
«Осы тараудың мақсаты үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) ұғынылады, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін басқа тараптың кепілдігі бойынша өз атынан, бірақ басқа тараптың есебінен, не басқа тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді.»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолдануғамынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің құқығы жоқ:»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырлысын:
«5. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарының мақсаттары үшін даракәсіпкердің шекті табысы:
1) осы Кодекстің 427-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
2) дара кәсіпкердің негізгі құралдары болып табылатын мүлікті өткізуге және жарғылық капиталға беруге байланысты туындайтын осы Кодекстің 180-бабында көрсетілген құн өсімі түріндегі табыстардан;
3) осы Кодекстің 183-бабы 1-тармағына сәйкес айқындалатын табыстан тұрады.
6. Осы Кодекстің 433-бабының мақсаттары үшін заңды тұлғаның шекті табысы:
1) осы Кодекстің 427-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;
2) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте айқындалатын жылдық жиынтық табыстан тұрады.»;
175) 429-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«429-бап.Қолдану шарттары
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін осы Кодекстің 428-бабы 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін:қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын; 3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.»;
176) 431-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«431-бап. Қолдану тәртібі
1. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабы (бұдан әрі, осы тараудың мақсатында – есеп-қисап) табыс етіледі.
Есеп-қисапты қағаз тасығышта немесе электронды түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:
1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану айының 1-не дейін;
3) кезекті патент алу үшін патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патент әрекетінің мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күні жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану басталатын күні болып табылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін есеп-қисап табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн және патент қолданысы мерзімінің басталатын күні болып табылады.
2. Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады.
Патент құны осы Кодекстің 432-бабы 1-тармағына сәйкес есептеледі.
Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисап табыс еткенге дейін жүргізеді.
Патент құнының төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз тасығышта табыс етілген кезде табыс етіледі.
Электронды түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табыс етілген есеп-қисапта дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын салық және төлемдер сомаларын төлеу бойынша төлем құжаттарынан мәліметтерді көрсетеді.
Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патентті қалыптастыруды жүргізеді.
Патент нысанын уәкілетті орган бекітеді. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, патент негізінде арнаулы салық режимі бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.
Патент негізінде арнаулы салық режимін:
1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;
2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер кемінде бір ай мерзім ішінде қолданады.
3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру үшін дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіптесалықтық өтінішті табыс етеді.
4. Патенттің қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылдаған жағдайда дара кәсіпкерлер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етедi.
Бұл ретте:
1) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi патент негізінде арналы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) патенттiң қолданылу мерзiмiнiң аяқталған күнiнен кейiнгi күн жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше көзделмесе, патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, оның ішінде салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылдаған жағдайда, дара кәсіпкерлер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етеді.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi патент негізінде арналы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
6. Патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда дара кәсіпкерлер шарттармен сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.
Бұл ретте:
1) осындай шарттар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осындай шарттар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
7. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 429-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, мұндай салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында осындай сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейін салық төлеушіге осы Кодекстің 607 және 608-баптарында белгіленген мерзімдерде және тәртіпте камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді.
Бұл ретте:
1) осындай сәйкес келмеу туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осындай сәйкес келмеу туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе салық төлеушi таңдаған өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
177) 432-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«432-бап. Патент құнын есептеу
1. Патент құнына төленуге тиіс жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомалары қосылады.
Патент құнына қосылатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:
1) есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;
2) әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актілерге сәйкес жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
2. Егер нақты алынған табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.
Осы тармақтың ережелері егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабы 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асып кеткен жағдайда қолданылмайды.
Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.
3. Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 431-бабы 5 және 6-тармақтарына сәйкес оның мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларды ескере отырып, патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты табыс етуге құқылы.
Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.
4. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабы 3-тармағында белгіленген шекті табыс сомасынан асып түскен жағдайда, осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап алынған жеке кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте немесе арнаулы салық режимімен белгіленген тәртіпте салық салынады.»;
178) 433-бапта:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«433-бап. Қолдану шарттары»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін осы Кодекстің 428-бабы 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынада шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:»;
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық кезеңі ішінде шекті табысы республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі жалақының 1500-еселенген мөлшерін құраса;»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық кезеңі ішінде шекті табысы республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі жалақының 3000-еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.»;
179) 434-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«434-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.»;
180) 435-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«435-бап. Қолдану шарттары
«1. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жаңадан құрылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушiлер орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етеді.
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны:
1) жаңадан құрылған (туындаған) заңды тұлғалар заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысқан кезде – оңайлатылған декларация қолдану айының бірінші күніне дейін;
3) патент негізінде арнаулы салық режимінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер:
патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
өзге жағдайларда – патент қолданысының немесе салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етеді.
2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні:
1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн;
2) осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін – әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күн;
3) осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
4) осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін:
осы Кодекстің 431-бабы 4-тармағына сәйкес патент қолданыс мерзімі өткен күннен кейінгі күн;
осы Кодекстің 431-бабы 5-тармағына сәйкес қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
осы Кодекстің 431-бабы 6-тармағына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмеу туындаған айдың бірінші күні болып табылады.
3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысқан жағдайда салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етiлген айдың соңғы күнi оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтау күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етiлген айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастау күнi болып табылады.
4. Осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда, салық төлеушілер талаптарға сай келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасқан жеру бойынша салық органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етуге міндетті.
Бұл ретте:
1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеу туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастау күнi болып табылады.
5. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
Бұл ретте:
1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеу туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
181) 436-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 435-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап алған салық төлеушінің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте немесе өзге арнаулы салық режимінде белгіленген тәртіпте салық салынуға жатады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
182) 439-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі;
3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.»;
183) 441-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«441-бап. Қолдану тәртібі
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етедi.
Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін таңдауды осы Кодекстің 426-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.
Бұл ретте:
жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін – дара кәсіпкерді салық органдарында мемлекеттік тіркеу күні;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер үшін – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні аталған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады.
2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде дара кәсіпкерлер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны табыс етуге мiндетті.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде, дара кәсіпкерлер талаптарға сәйкессiздiк туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етедi және жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режимiне ауысады.
Бұл ретте:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
4. Салық органы дара кәсіпкерлердің осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
Бұл ретте:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
184) 442-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы кодекстің 441-бабы 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайда жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режимiн қолдануды бастаған күннен бастап алған салық төлеушінің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгiленген тәртiпте немесе өзге де арнаулы салық режимiнде белгіленген тәртіпте салық салуға жатады.»;
185) 443-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«443-бап. Салық салу объектісі
Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан, қаладағы аудан, қала) бойынша орташа жердің және жер учаскесі ауданының 1 гектарының бағалау құны негізге алына отырып, айқындалады.»;
186) 444-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бірыңғай жер салығын жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептейді.
Жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалаудың құнын он екіге бөлу және жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі айларының санына көбейту арқылы айқындалады.
Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін учаскесіне иелік етудің (пайдаланудың) нақты кезеңі үшін есептейді.
Жалға алушының нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.
Жалға берушінің нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесі жалға берілген айды қоса алғанда, жер учаскесіне нақты иелік ету кезеңі үшін жүргізіледі.»;
187) 448-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквакультура (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквакультура (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі - арнаулы салық режимі);
оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквакультура (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін таңдаған кезде осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы режимді қолдану шарттарына сәйкес бір күнтiзбелiк жылдан кем емес мерзімде қолданады.
Арнаулы салық режимі корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режимі:
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквакультура (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквакульура (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;
толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, аквакультура (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ызметіне;
2) селолық тұтыну кооперативтерінің:
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквакультура (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу;
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквакультура (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, кірістер мен шығыстардың, мүлікті есепке алу және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.»;
188) 450-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«450-бап. Қолдану шарттары
1. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiнен көшкен кезде салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етедi.
Ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғарыда көрсетілген күннен кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда, ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны аталған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.
Жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режимiн қолдану үшiносы Кодекстің 577-бабы 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламанысалық органына табыс етедi.
Бұл ретте, арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні мыналар болып табылса:
1) жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режимiн қолдану үшiн - әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні;
2) жаңадан құрылғандарды (пайда болғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс еткен жылдан ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні.»;
2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiнен ауысу туралы шешім қабылдағанда салық төлеушi салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс етуге міндеттi.
Бұл ретте:
1) арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс еткен күнтізбелік жылдың соңғы күні болып табылады;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану күні салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны табыс еткен жылдан ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні болып табылады.
3. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық салудың қолданып отырған режимi туралы хабарламаны салық органына табыс етедi және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге арнаулы салық режимiне ауысады.
Бұл ретте:
1) арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні болып табылады;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану күні салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың бірінші күні болып табылады.
4. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Бұл ретте, камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
Бұл ретте:
1) арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күні болып табылады;
2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану күні салық режимiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың бірінші күні болып табылады.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнiнен бастап алған салық төлеушiнiң табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте немесе өзге арнаулы салық режимi тәртібінде салық салуға жатады.»;
189) 451-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«451-бап. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін
пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі
1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте есептелген корпоративтік табыс салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерінпайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.
2. Осы бапта көзделген корпорациялық табыс салығының сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.
3. Бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында осы бапты қолданған кезде:
1) есепті салық кезеңінің басында қалыптасқан өсу қорытындысымен есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кетуі) болмаған жағдайда, осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасы 70 пайызға азайтылады;
2) есепті салық кезеңінің басында қалыптасқан өсу қорытындысымен қосылған құн салығының асып кетуіболған жағдайда, осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасы мен осындай қосылған құн салығының асып кетуі арасындағы оң айырма 70 пайызға азайтуға жатады.»;
190) 455-баптың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін;»;
191) 456-бапта:
кестенің 4 және 4.1-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
4. |
Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін |
- |
4.1. |
жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын,әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті мемлекеттік тізілімнен тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін: |
- |
»:
кестенің 4.2-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.2. |
жылжымалы мүлік кепілінің және кеменің немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарылмайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін |
0,5 |
»;
192) 458-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша олардың осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте төленген орны бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеу органы берген құжаттарды олар табыс еткеннен кейін салық органдары жүргізеді.»;
193) 461-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) жалпы нақты салмағының рұқсат етілетін жалпы салмақтан асып кеткені үшін есеп-қисап, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшеріндегі алым ставкасынан асып кеткен әрбір (толық емесін қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;»;
194) 462-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы бюджетке белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және рұқсат құжаттарын алғанға дейін төленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттарын ресімдемей автокөлік құралының жол жүру фактісі анықталған жағдайда алым сомасы бюджетке осындай факті анықталған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде төленеді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттарын ресімдемей автокөлік құралының жол жүру фактісі анықталған жағдайда алым сомасы бюджетке алым төлеушінің орналасқан орны бойынша және (немесе) мемлекеттік (ақылы) автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша төленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттарын ресімдемей автокөлік құралының жол жүру фактісі анықталған жағдайда алым сомасы бюджетке алым төлеушінің орналасқан орны бойынша және (немесе) мемлекеттік (ақылы) автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша төленеді.»;
195) 463-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«463-бап. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сату кезінде алынады.»;
196) 467-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
197) 472-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейін, осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте олардың төленген орны бойынша салық органдары жүргізеді.»;
198) 476-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды бергенге дейін рұқсатты (рұқсаттың телнұсқасын) алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын тиісті байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген құжатты табыс еткеннен кейін, осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте олардың төленген орны бойынша салық органдары жүргізеді.»;
199) 478-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан орны бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқығы бар.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
200) 483-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан жер учаскелерi бойынша және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етеді.»;
201) 493-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқығы бар.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
202) 495-бапта:
4-тармақтың кестесінде 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3 |
Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін |
0,24 |
»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Белгіленген нормативтерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.»;
203) 496-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.
3. Рұқсат құжатын осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Төлемақы сомасы ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда,қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатта көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Ластанудыңқозғалмалы көздерінің төлемақы сомасы бюджетке:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – осындай тіркеуді жүргізген кезде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан жері бойынша енгізіледі.»;
204) 498-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ластанудың қозғалмалы көздерiбойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.
Ластанудың қозғалмалы көздерiбойынша декларациясалық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – осындай тіркеуді жүргізген кезде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша декларация табыс етіледi.»;
205) 507-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде орманның тозу немесе жойылу қаупі туындаған кезде ағаш ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша ол мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты табыс еткеннен кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте ол төленген жердегісалық органдары жүргізеді.»;
206) 508-бапта:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Төлемақы жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай жер санатына тиесілігіне қарамастан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегіндегі жер учаскелерінде орналасқан және осы Кодекстің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін алынады.»;
207) 511-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жүргізіледі.»;
5-тармақ алып тасталсын;
208) 513-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқығы бар.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
209) 515-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмеген резидент емес заңды тұлғалартөлемақы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді.»;
210) 524-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган жыл сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешiктiрмей уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіпте және нысан бойынша уәкiлеттi органға навигация мерзiмдерi туралы мәліметтерді бередi.»;
211) 527-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3.Салық кезеңінің қорытындылары бойынша бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы төлемақы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімінен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.»;
6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.»; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Төлемақы үшін салық кезеңі 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.»;
212) 528-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайынесепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.»;
213) 529-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарнама объектілерін орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқығы бар.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
214) 530-баптың 2-тармағындағы кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
Рет № |
Жолдардың санаты |
Төлемақы ставкасы (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Қалаға кiреберiстер |
8 |
2. |
I, II |
7 |
3. |
III |
3 |
4. |
IV |
2 |
»;
215) 531-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Төлемақысы мемлекеттік тіркеуден өткен жері бойынша бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы бюджетке сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, оларға мемлекеттік тіркеу жүргізген кезде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын осындай көлік құралдарын тіркеу орны бойынша бюджетке төленеді.
5. Төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды салық органдары осы Кодекстің 599 және 602-баптарымен белгіленген тәртіпте, салықтық өтініш пен осындай төлеушіде төлемақының артық төленген сомасының барын және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналастырмау фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік органнан алған құжаттың негізінде жүргізеді.»;
216) 532-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«532-бап. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк баж – уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәнi бар iс-әрекеттерге теңестіріледі.
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тоқсан сайын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік бажды төлеушілер туралы ақпаратты өзінің орналасқан орны бойынша салық органына табыс етеді.»;
217) 536-баптың 20) тармақшасының қазақ тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгерген жоқ;
218) 556-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) акцизделетін тауарларға, сондай-ақ авиациялық отын, биоотын және мазутқа бақылау;»;
219) 557-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есептелген сомасы туралы;
6-2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;»;
220) 558-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді жүргізу туралы хабаламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін тапсырудың мүмкін болмауы;»;
3)-тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшада көзделген салықтық зерттеуді жүргізуге негіздеме, осы Кодекстің 73 және 74-баптарында белгіленген тәртіпте салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.»;
4-тармақты мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық органы салық төлеушінің орналасқан жерінің болуын (болмауын) растау туралы хабарламаны салық төлеушіге жіберген кейінгі күннен кешіктірмей, оның сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, аты, әкесінің аты (ол бар болса), салықтық зерттеу актісін өткізу күнін көрсетуменосындай салық төлеуші туралы ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы:
1) осы Кодекстің 611-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады немесе
2) жазбаша түсіндірме табыс етуге осы тармақпен белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушінің ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағында белгіленген тәртіпте мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастайды.»;
221) 561-бапта:
2-тармақта:
4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алушы (сатушы) немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес, - осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын. Егер осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.
Егер мұндай резидент емес бағалы қағаздарды, актив құндарының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін сатып алған (сатқан) жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына резидент емес туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасында осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, мүлік сатып алушы (сатушы), осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес - мүліктің орналасқан жері бойынша. егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды;»;
222) 562-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алушы (сатушы) немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін резидент емес, мүлік сатып алғанға (сатқанға) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:»;
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Мүлік салығын, көлік құралдары салығын немесе жер салығын салық салу объектiлерi болып табылатын, Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан орны бойынша салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) ондай нөмір бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін немесе (оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
223) 564-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде немесе оның салықтық өтінішімен мынадай себептер бойынша:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрғылықты тұратын жерге кетуі, егер мұндай адамда Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерi болмаған жағдайда;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстің 562-бабы 4-тармағында көрсетілген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамдардың салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылуы;»;
224) 565-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салықтық өтiнiштi электронды түрде табыс еткен жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар табыс етілмейдi.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюдан салық органдары бас тартуы, мынадай жағдайда жүргізіледі, егер:
1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың деректері салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы жеке тұлғалар туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес келмесе;
2) салықтық өтініште көрсетілген нотариустық, қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға құқыққа берілген лицензияның деректері салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы лицензия туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес келмесе;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан орнының мекенжайы әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы туралы, олардың бөлімдері, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан орны туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректері бойынша жоқ болса.»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Дара кәсіпкер орналасқан орны бойынша салық органына дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін салықтық өтінішті табыс еткен жағдайда, салық органы салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде осындай куәлікті береді.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Дара кәсіпкер ретінде тіркелген жекетұлғатуралы ақпарат дара кәсіпкер ретінде тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның сайтына орналастырады.»;
225) 566-бапта:
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер;
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері.
Осы тармақта көрсетілген салықтық өтінішті табыс ету үшін мерзім, осы баптың 2-1-тармағына сәйкес салықтық өтінішті табыс еткен кезде таралмайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі жоқ болған жағдайда, дара кәсіпкердің орналасқан орны бойынша салық органына табыс еткен салықтық өтінішінің негізінде мұндай куәлікті ауыстыруға тиіс.
Бұл ретте салықтық өтініш осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында көзделген құжаттарды қоспай-ақ табыс етіледі.»;
3-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дара кәсіпкер - Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде табыс етілетін құжаттар;
2) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат – түпнұсқаны көрсетумен, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесі.»
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттыңтіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш электронды түрде табыс еткен жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар табыс етілмейдi.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық органы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органы дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық органдары дара кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуден бас тартуы, мынадай жағдайда жүргізіледі, егер:
1) дара кәсіпкер осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз салық төлеуші деп танылса;
2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың деректері салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы жеке тұлғалар туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес келмесе;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан орнының мекенжайы әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы туралы, олардың бөлімдері, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан жері туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректері бойынша жоқ болса.
5. Салық органы жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық органдары осы Кодекстің 565-бабы 4-тармағында белгіленген жағдайларда жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.»;
226) 567-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлға туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның сайтына орналастырылуы тиіс.»;
227) 568-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сенімгерлік басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не егер құрылтайшы сенімгерлік шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Өзге жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгер басқарушыны міндетті түрде тіркеу есебіне қою осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат:
1) жылжымайтын мүлікке меншік (оларды пайдалану) құқығын растайтын құжат, немесе
2) оның меншік құқығында жылжымайтын мүлік орналасқан жері ретінде мәлімдеген жеке тұлғаның жазбаша келісімі болып табылады.»;
228) 571-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жазбаша түсіндірме табыс етуге осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушінің ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеушінің осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамауы;»;
5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 4-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;»;
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 4-тармағы 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;»;
7-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасы аумағында филиал, өкілдіктер арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, - осы Кодекстің 37, 41-баптарында көрсетілген салықтық өтінішті тапсыру күнінен бастап;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайдаосы Кодекстің 564-бабы 1-тармағында белгіленген тәртіпте салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарған күнінен бастап;»;
229) 573-баптың 5-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды салық органы бір жұмыс күнi iшiнде мынадай жағдайларда:»;
230) 574-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ұтыссыз ойын автоматтарын, оның ішінде балалардың ұтыссыз ойын автоматтарын ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) ұтыссыз ойын автоматтарын, оның ішінде балалардың ұтыссыз ойын автоматтарын пайдалана отырып, осы баптың 1-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - ойын автоматтарының әрбір түріне (ол болған кезде) техникалық паспорты және сертификаты;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындары) болған жағдайда, тіркеу карточкасы әрбір ойын мекемесіне (стационарлық орынға) беріледі. Стационарлық орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, оның ішінде балалардың ұтыссыз ойын автоматтарын ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.»;
231) 577-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi ұсыну бойынша мiндеттеме, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес заңды тұлғаның шешімімен мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде танылған құрылымдық бөлімшеге де таралады. Өтiнiшке осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы заңды тұлға шешімінің көшірмесі қоса беріледі.»;
4- тармақ алып тасталсын;
232) 578-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған салық салудың барлық объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға, салық органында аталған мәліметтер жоқ болған жағдайда салық органына мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
3. Бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған салық салудың барлық объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару, концессия келісімшарты бойынша құқығы тоқтаған заңды тұлға, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық өтініштің негізінде мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығарылады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері тіркеу есебінен салық салудың барлық объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтініштің негізінде:
заңды тұлға осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімін жойғанда;
заңды тұлғаның бір салық органында құрылымдық бөлімшені тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған салық салудың барлық объектілері және (немесе) және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құқығы тоқтатылған жағдайларда шығарылады.
Бұл ретте заңды тұлғамүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімін жойған жағдайда, салықтық өтінішке мұндай шешімнің көшірмесін қоса береді.
Бұл тармақтың ережелері салық салудың барлық объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша құқықтар тоқтатылған жағдайда, егер мұндай заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркеу есебінен шығарылған заңды тұлғаларға таралмайды.»;
4-тармақ алып тасталсын;
233) 579-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әрекетсіз заңды тұлға болып осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімі бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
1) корпорациялық табыс салығы бойынша;
2) ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген декларация бойынша, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларация тапсырылмаған жағдайда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі танылады.
3. Әрекетсіз дара кәсіпкер болып осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімі бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
жеке табыс салығы бойынша;
ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген декларация бойынша, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларация тапсырылмаған жағдайда немесе соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған дара кәсіпкер танылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Салық төлеушіні Заңды тұлғалар мемлекеттік тiзiлiмнен шығарып тастаған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекетсіз салық төлеушілер тiзiлiмнен шығарылады.»;
234) 580-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген тұлға тарату сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
Тарату сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішберген тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.»;
235) 581-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында жеткілікті ақшасы болған кезде, бірінші кезектегі тәртіпте банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Осындай тәртіпте салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей орындауға міндетті.»;
12) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкердің;»;
236) 582-баптың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ кері тіркеу және әуе кемесін әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуге;»;
237) 587-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы мыналар:
1) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін, немесе
2) осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес олар бойынша түсініктемені табыс етуі,немесе
3) осындай хабарламаны жіберу бойынша салық қызметі органдарының лауазымды қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар болып танылады.
Салық төлеуші (салық агенті) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме береді.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті):
1) камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына - қағаз немесе электрондық жеткізгіште анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктеме, және (немесе)
2) жоғары тұрған салық қызметі органына - камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық қызметі салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым береді.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда қорытынды жасайды.»;
238) 590-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен
әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген
сомаларын есепке алу
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарында есептелген, кемітілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген, қосылған құн салығын төлеуші кемітуді қолданған жағдайда, салық есептілігі деректерінің негізінде қосылған құн салығын төлеушінің дербес шотында:
1) есептелген сома ретінде – бюджетке төлеуге тиіс қосылған құн салығының сомасы (осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кемітуді қолданбай);
2) кемітілген сома ретінде –осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кеміту сомасын есепке алуы тиіс.»;
239) 598-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне және тұрақты мекемесіне - осы Кодекстің 37-бабының 12-тармағында және 37-1-бабының 11-тармағына көрсетілген құжаттарды салық органына тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;»;
240) 599-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«599-бап. Артық төленген салық, алым және өсімпұл сомаларын
есепке жатқызу
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтың, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші (бұдан әрі осы Кодекстің осы бабының және 600-бабының мақсаты үшін - есепке жатқызуға салықтық өтініш) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің осы бабында және 600-бабында көзделген басқа да негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, алымның және өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, алымның және өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма артық төленген салық, алым және өсімпұл сомасы болып танылады.
Осы Кодекстің 217-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып табылады.
3. Осы баптың және осы Кодекстің 600, 602-баптарының мақсатында:
1) жер учаскелерін, жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыстарды бергені үшін төлемақы болып табылады;
2) аукциондардан алым алым болып табылады.
4. Артық төленген салық, алым және өсімпұл сомаларын есепке жатқызуды салық төлеушінің артық төленген сома есептелген дербес шоты бойынша салық органы ұлттық валютада жүргізеді.
5. Артық төленген салық, төлем, алым және өсімпұл сомаларын осы баптың 13-16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу шотына есепке алуға жатқызылмайды.
6. Салықтың, төлемнің осы және басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акциз сомаларын есепке жатқызу осы тауарларды өндіру бойынша салық төлеушінің қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда жүргізілмейді.
7. Салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда артық төленген соманы есепке жатқызу оны табыс ету мерзіміне дейін жүргізілмейді.
8. Есепті жүргізу мерзімі он жұмыс күнін: 1) есепке салықтық өтініш бойынша – салық органына мұндай өтінішіті табыс ету күнінен бастап;
2) өтінішсіз – жеке шотта артық төленген соманың құрылған күнінен бастап қамтиды;
9. Салық органы салықтың, алымның артық төленген сомасын есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы олар бойынша мерзімі бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген салықтың, алымның артық төленген сомасына мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда, есепке жатқызу күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
10. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет жіктемесінің коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, алымны есепке жатқызу жүргізілген есепке жатқызуға арналған салықтық өтініште көрсетілген күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.
11. Артық төленген салық, алым сомасы салық берешегін өтеу және алдағы төлемдерді төлеу есебіне мынадай тәртіпте:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша өсімпұлдарды;
салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:
салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
егер осы баптың 13, 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады.
12. Бюджетке артық төленген өсімпұлдардың сомасы мынадай тәртіпте:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша бересіні;
салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша айыппұлды өтеу есебіне;
2) есепке жатқызуға салықтық өтініші бойынша:
салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
егер осы баптың 14 және 16-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне есепке жатқызылады.
13. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде артық төленген салық, төлем, алым сомалары осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіпте есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша бересісін;
2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша өсімпұлын;
3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
14. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіпте есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша бересісін;
2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша өсімпұлын;
3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
15. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген салық, алым сомасы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіпте есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) заңды тұлғаның салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша бересісін;
2) заңды тұлғаның салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша өсімпұлын;
3) заңды тұлғаның салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
16. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіпте есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
) заңды тұлғаның салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша бересісін;
2) заңды тұлғаның салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша өсімпұлын;
3) заңды тұлғаның салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.»;
241) 600-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«600-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының/
есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке
жатқызу
Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес бюджеттен қайтарылуы тиіс есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы артық төленген салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың сомасын есепке жатқызу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіпте жүргізеді.»;
242) 602-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«602-бап. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген
сомаларын қайтару
1. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару, егер осы баптағыдан өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.
2. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, төлем, өсімпұл бойынша дербес шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.
3. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
4. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
5. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотына жүргізіледі.
Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Салық берешегi болған кезде салық органы салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызудың салықтық өтінішін ұсынбай-ақ, бар салық берешегiн өтеу есебіне жатқызады.
Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда салық органы салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызудың салықтық өтінішін ұсынбай-ақ, заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесінің бар салық берешегiн өтеу есебіне жатқызады.
Салықтың, төлемнің, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомаларының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтаруға жатады.
6. Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акциз сомаларын қайтару салық төлеушінің аталған тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, жүргізілмейді.
7. Салық органы салықтың, төлемнің, алымның артық төленген сомасын қайтаруға арналған салықтық өтініш бойынша есепке қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, төлемақыны, алымды қайтару жүргізілген күні салық төлеушінің қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.»;
243) 603-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық берешегі болмаған кезде оның банк шотына орналасқан жері бойынша осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.
Салық берешегi болған кезде салық органы қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтаруды есепке жатқызудың салықтық өтінішін ұсынбай-ақ, бар салық берешегiн өтеу есебіне жатқызады.
Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық органы қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтаруды есепке жатқызудың салықтық өтінішін ұсынбай-ақ, заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесінің бар салық берешегiн өтеу есебіне жатқызады. Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызуды жүргізгеннен кейін қайтаруға жатады.»;
244) 605-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзшылықтар
бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын,
сондай-ақ артық төленген сомасын қайтару
1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзшылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе көлемін азайту салдарынан оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге берілген салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі. Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішкеайыппұлды заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе көлемін азайтуды қарастыратынсоттың, жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) айқындаулары қоса берілуі тиіс.
2. Айыппұл сомасын қайтаруға өтініштісалық төлеуші қайтаруға жататын айыппұл сомасы дербес шотына түсетін салық органына ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банкі шотына айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті табыс еткен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.
4. Әкімшілік өндіріп алу жазасын қолдану туралы қаулы орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген айыппұл сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жүргізіледі.»;
245) 606-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің төленген сомасын қайтару
Осы Кодекстің 599, 601-602-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару және есепке жатқызу осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіпте және негіздер бойынша жүргізіледі.»;
246) 607-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - осы Кодекстің 37-1-бабы 7-тармағында және 43-бабы 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
247) 608-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Егер осы баптың 1-2, 1-3-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіпте куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізу күні осындай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 4) - 9) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарғанкүннен кейінгі күннен кешіктірмей, салық төлеуші туралы ақпаратты, оның сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, аты-жөнін (болған кезде), хабарламаны қайтару күнін көрсетуменуәкілетті мемлекеттік органның сайтына орналастырады.»;
248) 609-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар;
2) өтініштері осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіпте қарастырылатын салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қолданылмайды.»;
5-тармақ алып тасталсын;
249) 611-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;»;
2-тармақ мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде жүргізіледі.»;
250) 614-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
251) 615-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол күнмен шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.
4. Банк немесе банк операцияарының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде, салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, сол күнге, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіпте және аталған өкім алынғаннан кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Салық органы оған салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.»;
252) 616-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банктiк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс еткен күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алынуға жатады.»;
253) 623-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетiлгеносы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп сенім бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) және (немесе) аталған келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнайгазоконденсаты кен орындарында қызметін жүзеге асыратындар iрi салық төлеушiлердiң мониторинг жүргiзiлуiне жатқызылады және осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгзiледi.»;
254) 624-бапта:
2 және 3-тармақтардың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың2-5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткентәртіпте және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.»;
255) 625-бапта:
4-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салық бақылауын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде мынадай мақсатта:
1) салық тексерулерін жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау мақсатында тәуекел деңгейіің өлшемдері мен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
256) 627-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;»;
5-тармақтың 2) тармақшасында:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;»;
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
екінші бөліктін төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері осындай бірлестіктермен келісім бойынша тартылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасын қолданған жағдайда жедел режимде жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері бойынша салық қызметі органдарына бақылау-касса машинасының болуы және бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізілмейді.»;
9-тармақтың 2) тармақшасында:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;»;
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген, қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапқа, салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне жасаған шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде жүргізіледі.»;
257) 629-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында айтылғанмәселелері бойынша өткізілген хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер;»;
258) 632-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
6-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
259) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамы, мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың түпнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі тапсырылады. Түпнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкерінің нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны, күні және нұқсаманың көшірмесін алған уақыты туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
260) 635-бапта:
4-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары осындай қорытындыны жасау күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сауал жібереді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өнім берушіге міндетті қарсы тексеру тағайындау және(немесе) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтық есептілігі негізінде салық қызметі органына қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау туралы сауал жіберу туралы шешім «Пирамида» аналитикалық есеп талдауының нәтижесі бойынша айқындалған алшақтық бойынша тікелей өнім берушілер бойынша қабылданады.
Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» аналитикалық есеп – бұл қосылған құн салығы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) тапсырған салық есептілігін зерттеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижесі.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«қарсы тексеруді жүргізудің мүмкіншілігі болмағандыққа байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған, оның ішінде мынадай себептерден:
орналасқан орны бойынша өнім берушінің жоқтығы;
өнім берушінің есептік құжаттамаларын құқық қорғау органдарының алып қоюы;
өнім берушінің есептік құжаттамаларын жоғалтуы.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы баптың ережелері талап етілген және қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексерумен салық төлеушіге, оған қатысты қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған, бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тексеруді жүргізген, сондай-ақ салық қызметі органы қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да осы баптың ережесі қолданылады.»;
261) 638-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есептелген сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімі егер осы Кодекстің 51-1 бабында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) төлеу кестесі қоса берілетін өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.»;
262) 645-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде, қолма-қол ақша арқылы жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу мiндеттi түрде егер осы бапта өзгеше белгіленбесе бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.
Осы тармақтың ережесi:
1) жеке нотариаттық қызметті немесе орындау құжаттарын орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;
2) мыналарға:
шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін біржолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратын;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) ақшалай есеп айырысуларына;
3) уәкілетті органмен келісім бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда билеттер беретін қалалық қоғамдық көліктегі тасымалдар бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі ақшалай есеп айырысуға;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
Сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде қолма-қол ақша арқылы бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілер жедел режимде жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасын қолдануы тиіс.
Бұл ретте:
1) бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын – 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап;
2) алкоголь өнімін - 2014 жылғы 1 шілдеден бастап көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушіде мұндай бақылау-касса машинасын қолдану бойынша міндет туындайды.
Жедел режимде салық қызметі органдарына ақшалай есеп туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасын қолдану бойынша ережелер сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде қолма-қол ақша арқылы бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілерге таралмайды, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде, олардың аумағында уәкілетті мемлекеттік орган деректері бойынша көлік, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласында жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ.
Олардың аумағында жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат көлік, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласында уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіпте уәкілетті орган сайтында орналастыруға жатады.»; 263) 649-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Фискалдық есепті алу үшін, осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, салық органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар:»;
264) 650-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері қолма-қол ақша есебі кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысы жоқ қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомасы ескеріле отырып, фискалды есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келуге тиіс.
Осы Кодекстің 649-бабы 1-тармағының1) тармақшасына сәйкес фискалды есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақша есептеуді салық төлеуші(оның лауазымды тұлғасы) салық қызметі органы тексерушісінің қатысуымен жүргізіледі.»;
265) 667-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары тұрған салық қызметі органы өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша жарамсыздығы дәлелді себеп ретінде таниды.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың уақытша жарамсыздық кезеңі біткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген жағдайда ғана қанағаттандырылады.»;
266) 677-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында уәкілетті орган оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша жарамсыздығы дәлелді себеп деп таниды.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша жарамсыздық фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың уақытша жарамсыздық кезеңі біткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген жағдайда ғана қанағаттандырылады.».
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжат; № 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 21 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 шілдедегі Заңы):
1) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Провизиялар (резервтер)
1. Динамикалық резерв – бұл банктердің банк қызметін жүзеге асырумен байланысты зияндарын өтеу үшін қалыптастыратын міндетті резерв.
Банктер динамикалық резервті салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі бойынша Ұлттық Банк белгілейтін тәртіпте және талаптармен қалыптастыруға міндетті.
Динамикалық резерв жай акциялар бойынша дивидендтер төленгенге дейін құрылады. Егер динамикалық резервтің нақты мөлшері салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі бойынша Ұлттық Банк белгілейтін ең аз мөлшерден аз болса, банктер жай акциялар бойынша дивидендтер есептеуге (төлеуге) құқылы емес.
2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылауды және оның сенімдiлiгiн тиiстi дәрежеде қамтамасыз ету мақсатында банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құруға міндетті.»;
2) 50-баптың 6-тармағының д) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге қатысты;».
5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 2-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
1) 22-баптың 4-1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
2) 2-1-баптың 2-тармағындағы үшінші бөлігі алып тасталсын:
1) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) сомалары жөнiнде мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацяны тоқсан сайын табыс етеді.
Декларацияның нысанын және оны жасаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.».
6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2011 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжат; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 21 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 шілдедегі Заңы):
1) 9-бапта:
1-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан табыстар және мүлік туралы аталған мүлiктiң тұрған жерi көрсетiлген мәлiмдеме;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де деректемелерін көрсете отырып, акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы;»;
3-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің орналасқан жерін көрсете отырып, декларациялар тапсырады;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де деректемелерін көрсете отырып, акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы;».
7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжат; № 15, 92-95-құжат; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжат; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
27-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасы алып тасталсын.
8.«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50- құжат; 2010 ж., № 5, 23- құжат; № 7, 28- құжат; 2011 ж., № 6, 49- құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; №8, 64-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, төлеушi тоқсан сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар жөнiнде мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны тоқсан сайын табыс етеді.
Декларацияның нысанын және оны жасаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.».
9. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжат; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжат; № 9-10, 47, 48-құжат; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 28 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
27-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу кезінде мәлімделген орналасқан жері бойынша салық органында (бұдан әрі - тіркеу органы) дара кәсіпкер ретінде есепке қою болып табылады.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:
1) төлем көзінен салық салынатын;
2) мүлік табысы болып табылатын,құн өсімінен түсетін табыс;
2-1) мүлікті жалға беруден алған табыс;
3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші орган қағаз тасығышта немесе электрондық түрде береді.
Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дара кәсіпкер мемлекеттік тіркеу үшін:
1) мемлекет алдындағы салықтың міндеттемесінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық өтінішті;
2) алып тасталсын;
3) түпнұсқаны көрсетіпжеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) алып тасталсын;
5) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растау құжатын тіркеу органына ұсынады.
Азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке жекеменшік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
Осы баптың 3), 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну бойынша салықтық өтінішін электрондық түрде берегенде талап етілмейді.
Егер өтініш беруші кәмелет жасына толмаса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушының немесе қамқоршының келісімі, ал мұндай келісу болмаса, кәмелет жасына толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі қоса беріледі.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тіркеуші орган осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен кейінгі бір жұмыс күн ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.
Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуден бас тарту егер:
өтініш беруші:
әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған;
әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, және (немесе);
хабарсыз кеткен деп танылған, және (немесе);
қайтыс болған деп жарияланған және (немесе);
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болған;
салықтық өтініште көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың деректері жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорда бар уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес келмеген;
салықтық өтініште көрсетілген орналасқан мекенжайы әкімшілік-аумақтықбірліктер, олардың бөліктері туралы, Қазақстан республикасының аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан орны туралы мемлекеттік дерекқорда бар уәкілетті мемлекеттік органның деректері бойынша болмаған жағдайда жүргізіледі.»;
5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкер салықтық өтінішті тіркеуші органға келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электронды түрде табыс етуге құқылы.
Кәмелет жасқа толмаған жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу жағдайында салықтық өтініш қағаз жеткізгіште табыс етіледі.»;
7-тармақ алып тасталсын.
10. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 21 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 шілдедегі Заңы):
1) 1-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) кәсіби бухгалтер - кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - халықаралық стандарттар) және шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі Кеңес бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;»;
2) 2-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:
1) патент, оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимдерін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қолданатын;
2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған;
3) табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген өлшемдердің бірі сәйкес келмеген кезде, дара кәсіпкер өлшемдердің бірінің сәйкессіздігі туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды бастауға міндетті.
Осы тармақта көрсетілген өлшемдерге сәйкес келетін және бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасау туралы шешім қабылдаған дара кәсіпкер осындай шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап осындай есепті жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар қаржылық есептілікті жасауды ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жасайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есептілік саясатты бекіткен басшы органдардың шешімі бойынша:
1) осы баптың 3-тармағында аталған ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға немесе шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы;
2) осы баптың 3-1-тармағында аталған ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.»;
3) 7-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталады және жүйеленеді.»;
4) 15-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға, шағын және орта кәсіпорындар үшін халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.
Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.
Бұқаралық мүддедегі ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы және кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтер қол қояды.»;
5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялаған халықаралық стандарттарға және шағын және орта кәсіпорындарға арналған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.».
6) 21-бапта:
5-тармақта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәсіби ұйымның құрамында бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл расталған жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш жүз кәсіби бухгалтерінің болуы;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
7) 22-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
11. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 3-баптың 4-тармақтың 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұруға жатпайтын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру, соның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды аудару, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн орындау;
5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда банк шоттарын ашу және жүргiзу;»;
2) 9-баптың 5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендiру нөмiрiн ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру алгоритміне сәйкес дұрыс көрсетiлуiн бақылауға мiндеттi.».
12. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжат; № 6, 43-құжат; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
1) Заңның барлық мәтіні бойынша 3-3, 21, 25, 49 және 49-1-баптарыңда «кеден одағы» деген сөздер «Кеден одағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-2-бап алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қолдану мақсатында, 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін шет ел валютасында табыстарды төлеген кезде, 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген, төлем көзінен салынатын табыс көлемі табыстарды төлеу күніне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолданумен теңгеде қайта есептеледі.»;
4) 25-бапта:
5-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары осындай қорытындыны жасаған күнгі жағдай бойынша валюта түсімдері туралы тиісті сауал жібереді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Салықтық тексеру аяқталған күнгесомалардың шектерiнде қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлмейдi:
1) өнім берушімен өзара есеп-қисаптардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізу туралы сауалдарға жауаптар алынбаған болса;
2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұдан бұрын жіберілген сауал бойынша қарсы тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жоймаған болса;
3) бұрын жiберiлген сауалбойынша салық қызметі органы алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталмаса;
4) қарсы тексеруді жүргізу мүмкіндігінің болмауына байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған, оның ішінде мынадай себептерден:
орналасқан орны бойынша өнім берушінің жоқтығы;
өнім берушінің есептік құжаттамаларын құқық қорғау органдарының алып қоюы;
өнім берушінің есептік құжаттамаларын жоғалтуы.
Бұл ретте, салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өнім берушіге міндетті қарсы тексеру жүргізу және (немесе) ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша есептілік негізінде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы салық қызметі органына сауал жіберу туралы шешім «Пирамида» аналитикалық есеп талдауының нәтижесі бойынша айқындалған алшақтық бойынша тікелей өнім берушілер бойынша қабылданады.
Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» аналитикалық есеп – бұл қосылған құн салығы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) тапсырған салық есептілігін зерттеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижесі.»;
5) 32-1-бап алып тасталсын;
6) 47-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 39, 40, 561, 562, 563, 564, 580-баптарын, 562-бабының 8, 9-тармақтарын, 570-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірімен», «сәйкестендіру нөмірлерімен» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері», «салық төлеушінің тіркеу нөмірімен», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен» деген сөздер болып саналсын;»;
7) 48-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 562-баптың 8-12-тармақтарының;»;
8) 49-бапта:
1) тармақшаның жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 28-баптың 2-тармағын:»;
1) тармақшаның алпыс алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе өндірісі Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын тауарлар енгізіледі.»;
9) 49-1-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте және мөлшерде, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есептеле отырып төленуге тиіс.».
13. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; 2012 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 28 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
1-баптың 61) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«61) қол қойылатын бонус - келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген тәртіпте келісімшарттық аумақты кеңейткен кезде жер қойнауын пайдаланушының тіркелген біржолғы төлемі;»;
2) 111-баптың 6-тармағын мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Объектіні жоюмен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа аударады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады. Тарату қорын құрудың тәртібі, тарату қорына аударымдардың мөлшері, осындай төлемдердің мерзімділігі туралы талаптар келісімшартта белгіленеді.
Жасалған және қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылмаған жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша тарату қорына аударымдарды жүзеге асыра бастаған және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін салық кезеңінде шегерімге жатқызған жер қойнауын пайдаланушы, аталған аударымдардың сомасын Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа аударуы тиіс. Арнаулы депозиттік шотқа аударылуы тиіс аударымдардың бұл сомасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткен кен орындарын әзірлеу салдарын жою бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы осындай кен орындарын әзірлеу салдарын жою қоры есебінен пайдаланған сомаға азайтылады.
Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады. Тарату қорын құрудың тәртібі, тарату қорына аударымдардың мөлшері, осындай төлемдердің мерзімділігі туралы талаптар келісімшартта белгіленеді.».
14. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңына (ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 28 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
7-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) көзделгендерді қоспағанда тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді;».
15. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжат; № 3, 21, 25, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; 2012 жылғы 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 28 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңы):
16-баптың 3-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) алкоголь өнімі, мұнай өнімдері мен биоотынға берілетін ілеспе жүк құжаттарының болуы мен түпнұсқалығы;»;
4) тармақшасы алып тасталсын.
17. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зияткерлік мектептер:
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қамтитын бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
қосымша білім беру бойынша білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады;
Зияткерлік мектептер өзінің жарғысына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
Зияткерлік мектептер білім беру бағдарламалары мен технологияларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізу мен іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.»;
2) 10-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру бағдарламалары осы Заңда белгіленген білім беру деңгейлері бойынша Зияткерлік мектептерде іске асырылады.».
18. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 14, 117-құжат):
2-бапта:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі дамудың ұлттық институт банкті қоспағанда, банктер және банктiк қарыз операцияларын жүргiзуге арналған лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа), мынадай күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге:»;
1) мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде, салық кезеңі ішінде кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде Салық кодексінің 106-бабының 1-тармағынасәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомалары 2011 жылғы 1 қаңтар мен 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайтыны белгіленсін.
Біріктірілген көрсеткіш пен ең жоғарғы арақатынас мөлшерін айқындау тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілейді.
Осы бап кредит (қарыз) (кредиттер (қарыздар)бойынша борышкердің үмітсіз берешегі кешірілген жағдайда, бір мезгілде мына шарттар сақталған кезде:
мөлшері мен тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, кешірілген кредит сомасы есептік көрсеткіштен аспаған кезде;
уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген негіздер бойынша және тәртіпте кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек кешірілген кезде, қолданылады.
Егер Салық кодексінің 90-бабында өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) бойынша міндеттеменің тоқтатылуы (есептен шығару), сондай-ақ сауда-саттықта «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс тәртіпте негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен - кредиттің кепілге қойылған мүлкін сатқаннан кейін өтелмеген сомаға, ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін, кепілге қойылған мүлікті сату кезінде кредитті қайтару бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару) кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру деп танылады.»;
3) 7-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:»;
мынадай мазмұндағы жетінші-оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«5) осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші мынадай тәртіпте есептейтін:
уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық Банк айқындаған тәртіпте алдыңғы салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған провизияларды (резервтерді) шегеруге бұған дейін жатқызылған,
минус
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес алдыңғы салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған провизиялардан (резервтерден) асып кету сомасы танылады.».
19. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., шілде, № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Заңның 11-бабы 8-тармағында белгіленген тәртіпте қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, нақты мекенжайы бойынша осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен бір ай мерзімінде орналасқан орнының өзгергені туралы әділет органын хабардар етуге міндетті.».
20. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 11-құжат):
1-баптың 3-тармағы 7) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында «кедендік жүк декларациясы» және «толық кедендік жүк декларациясы» деген сөздер «тауарларға декларация көшірмесі» және тиісінше «тауарларға толық декларация көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;».
2-бап.
1. 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін салық органдары осы баптың айқындалған тәртіпте мәжбүрлеп таратылуға (есептiк тiркеуден шығару, қызметін тоқтату) жататын заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің және дара кәсіпкерлердің соңғы тiзiмiн қалыптастырға міндеттілігі белгіленсін.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тiзiмге мыналарды енгізуге жатады:
1) резидент заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi;
2) филиалдар, өкілдіктер ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
3) олар туралы Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнде ақпарат жоқ резидент заңды тұлғалар, резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi;
4) салық органдарындағы дара кәсіпкерлер.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген субъектілер (бұдан әрі – субъектілер), сонымен бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
1) 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» ҚазақстанРеспубликасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген талап ету мерзімінен кем емес:
салық есептілігiн табыс етпеген;
экспорт-импорт операцияларын жасамаған;
егер төлемдерiнің және (немесе) ақша аударымдарының сомасы күнтізбелік жыл үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын ең төмен жалақы мөлшеріндегі жалақының 12-еседен аспайтын, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алу жағдайларын қоспағанда, төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар;
2) 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:
қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiне тұрмаған;
салық заңнамасымен белгіленген тәртіптесалық есептілігiн табыс етпеген;
мүлік салығына, көлік құралдары салығына, жер салығына, бірыңғай жер салығына, аталған салықтарды жеке тұлғаларға салық салу объектiлерiн қоспағанда, салық салу объектiлерiне меншiк құқығы жоқ.
Осы тармақта айқындалған шарттар осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында аталған субъектілерге қолданылмайды.
4. Салық қызметі органдары:
1) 2013 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей осы баптың 3-тармағы шарттарына сай келетін субъектілердің бастапқы тiзiмiн қалыптастырады;
2) 2013 жылдың 1 наурызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай мәліметтерді көрсетумен қалыптастырған тiзiмдi жариялайды:
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН);
сәйкестендiру нөмiрiн (оның болған кезінде);
тегiн, атын, әкесiнiң атын (оның болған кезінде) не болмаса субъектінің атауын;
СТН, сәйкестендiру нөмiрiн (оның болған кезінде), заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі (мұндай мәліметтердің болған кезінде) басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын (оның болған кезінде);
субъектінің орналасу (келу) орны бойынша салық органының атауын;
субъектіні мәжбүрлеп таратқан (есептiк тiркеуден шығару, қызметін тоқтату) жағдайда кредиторлардың және (немесе) салық төлеушiлердiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) қабылдауға арналған салық органының мекенжайы;
3) 2013 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей субъектілердің қалыптастырған тiзiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін, мәліметтерді алу үшін мыналарға сауал жібереді:
банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында айқындалған төлемдердi және (немесе) ақша аударымдары туралы;
уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүлікінің, көлік құралдарының, жер участкілерінің бары туралы;
әділет органдарына – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде бары/жоғы туралы.
5. Осы баптың 4-тармағында аталған мәліметтерді салық қызметінің органдарына 2013 жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етілуі тиіс.
6. Кредиторлардың және (немесе) өзге де тұлғалардың, қойып отырған талаптарын растайтын құжаттарды қоса отырып өткізетін өтiнiштерiн (талаптарын) салық қызметінің органдары 2013 жылдың 1 мамырына дейін қабылдайды.
7. Салық қызметі органдары осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді алғаннан кейін 2013 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей мәжбүрлеп таратуға (есептік тіркеуден алып тастауға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесін қалыптастырады.
8. Салық қызметі органдары осы баптың 7-тармағында көрсетілген субъектілерге қатысты 2013 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей кәсіпкерлік қызметті мәжбүрлеп тоқтату үшін сотқа талап-арыздар жібереді.
3-бап. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кез келген салық кезеңдерінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 267-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу тәртібін қолданған қосылған құн салығын төлеушілер 2013 жылдың ішінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңге келетін барлық салық кезеңдеріне қолданылатын мұндай тәртіпті қолданбау туралы шешім қабылдауға құқылы деп белгіленсін.
Салық кодексінің 267-бабының ережесін қолданбау туралы қабылданған шешімді қосылған құн салығын төлеуші орналасқан орны бойынша салық органына еркін нысанда жасалған және басшының қолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіде мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылған өтініште ұсынады.
Салық кодексінің 267-бабының ережесін қолданбау туралы шешім қабылдаған қосылған құн салығын төлеушіге Салық кодексінің 273-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы қолданылмайды.
4-бап.
1. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі,мыналарды қоспағанда:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 10) тармақшасының төртінші-бесінші абзацтары, 40) тармақшасының, 48) тармақшасының екінші-он екінші абзацтары, 49), 50) 52) тармақшаларының, 72) тармақшасының жиырма бірінші-жиырма төртінші абзацтары және отыз екінші-отыз үшінші абзацтары, 127) тармақшасының жетінші-сегізінші абзацтары, 130), 143), 151), тармақшаларының, 154) тармақшасының төртінші-сегізінші абзацтары, 158), 199), 201), 217), 229) тармақшаларының, 255) тармақшасының екінші-төртінші абзацтары, 260) тармақшасының он екінші-он үшінші абзацтары, 17-тармағы 1) тармақшасының төртінші-бесінші абзацтары;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 208), 213) тармақшалары;
3) 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 107) тармақшасының екінші-тоғызыншы абзацтары, 108) тармақшасының жиырма бесінші-жиырма алтыншы абзацтары, 109) және 111) тармақшаларынын, 256) тармақшасының он сегізінші-он тоғызыншы абзацтары;
4) 2010 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасының үшінші-төртінші абзацтары, 13-тармағының 2) тармақшасы;
5) 2010 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 248) тармақшасының алтыншы абзацы, 250) тармақшасы;
6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармақтың 2) тармақшасы және 19-тармағы;
7) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 5) және 56) тармақшасы, 64) тармақшасының екінші-сегізінші абзацтары, 72) тармақшасының жиырма жетінші-отыз бірінші абзацтары, 85) тармақшасының жиырма бірінші-жиырма екінші абзацтары, 91) тармақшасының он алтыншы-жиырмасыншы, 112), 113) 118), 141) тармақшасының он бесінші абзацы, 165), 210) тармақшаларының, 211) тармақшасының бесінші-сегізінші абзацтары, 244), 253) тармақшаларының, 254) тармақшасының үшінші-төртінші абзацтары, 257) тармақшасының, 9-тармағының отыз жетінші-отыз сегізінші абзацтары, 12-тармағының 5), 6), 7) тармақшаларының, 8) тармақшасының екінші-үшінші абзацтары, 17-тармағының 1) тармақшасының екінші-үшінші абзацтары;
8) 2012 жылғы 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағының 8) тармақшасының төртінші-бесінші абзацтары;
9) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2) тармақшасының алтанша-жетінші абзацтары, 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларының, 37) тармақшасының екінші-үшінші абзацтары, 72) тармақшасының жетінші-он екінші абзацтары, 160), 161), 165), 167), 171), 172), 173), 174) және 183) тармақшаларының, 248) тармақшасының екінші-бесінші абзацтары, 261) тармақшасы; 10) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасының жетінші-сегізінші абзацтары, 20) және 106) тармақшалары, 123) тармақшасының екінші-он алтыншы абзацтары, жиырма бірінші абзацы, отыз төртінші-отыз жетінші абзацтары, қырық екінші абзацы, елу екінші-елу төртінші абзацтары, елу тоғызыншы-алпыс бірінші абзацтары, 124) тармақшасының он бірінші-жиырма төртінші абзацтары, 125), 128), 261) тармақшалары.
2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 151) тармақшасы 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті