Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1815 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.02.2014 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 60, 825-құжат):
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және(немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызмет «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармақшасының, «Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» 2009 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), «Үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» 2009 жылғы 21 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтiк квоталар енгiзiлген еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттiк қызметтің аяқталу нысаны жекелеген тауарлар түрлерінің импортына (экспортына) лицензия (қағаз тасығыштағы және (немесе) электронды түрдегі құжат) беру не лицензия беру үшін белгіленген мерзімде қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.»;
      11-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) әзірлеген және сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға өтеусіз негізде беретін бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен жасалған Комиссия бекіткен форматтағы өтініштің электронды көшірмесі. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы өтініштің Комиссия бекіткен форматқа қатаң түрде сәйкес болатын электронды көшірмесін қалыптастыратын өз бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана алады;»;
      бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық органында есепке қойылғаны туралы құжаттың көшірмесі;
      егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына (экспортына) лицензия беруге арналған өтініш бланкісінің үлгiсi Министрлік пен Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ веб-порталында орналастырылады.»;
      көрсетілген стандартқа 123-қосымшаларда:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданған кезде импортқа және (немесе) экспортқа лицензия беру» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады