Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.02.2014 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2)3) тармақшаларына,29-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      2) «Талқылау объектілері болып табылатын тауарлардың импортына сандық шектеулерді қолданбай Қазақстан Республикасының аумағына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      3) «Тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      4) «Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      5) «Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      6) «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1815 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 865 қаулысымен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1815 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс; телефоны: 8 (7172) 74-91-16, интернет-ресурстары: www.minplan.kz, www.comtorg.kz.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармақшасының, «Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» 2009 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), «Үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» 2009 жылғы 21 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтiк квоталар енгiзiлген еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1815 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрi – Министрлік) және Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ Комитеттің үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стендтерде орналастырылады.
      Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      5. Мемлекеттiк қызметтің аяқталу нысаны жекелеген тауарлар түрлерінің импортына (экспортына) лицензия (қағаз тасығыштағы және (немесе) электронды түрдегі құжат) беру не лицензия беру үшін белгіленген мерзімде қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1815 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
      1) лицензия беру немесе оны беруден бас тарту құжаттарды тапсырған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      2) Комитетте құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – осы стандарттың 11-тармағында белгіленген 10 минуттан аспайды.
      3) құжаттарды алу кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет Комитетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты (түбіртек, чек) ұсыну жолымен ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшасыз аудару жолымен алым төлеушінің тұрған жерінде бюджетке төленеді.
      9. Комитетте демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін құжаттарды күнделікті қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
      Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Веб-портал жұмысының кестесі – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет күтуге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылған «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      осы стандарттың 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және рәсімделген лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) әзірлеген және сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға өтеусіз негізде беретін бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен жасалған Комиссия бекіткен форматтағы өтініштің электронды көшірмесі. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы өтініштің Комиссия бекіткен форматқа қатаң түрде сәйкес болатын электронды көшірмесін қалыптастыратын өз бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана алады;
      сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшасы және (немесе) оған толықтыру (бір жолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
      салық органында есепке қойылғаны туралы құжаттың көшірмесі;
      егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаты;
      егер олар Комиссия шешімімен айқындалса тауардың осы түріне лицензиялау енгізуге негіз болған өзге де құжаттар.
      Құжаттардың берілген көшірмелерінің әрбір парағы алушының қолымен және мөрімен куәландырылуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және алушының қолымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
      Бұдан басқа, алушы сканерден өткен құжаттармен қоса бере отырып алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат түріндегі өтінішті веб-портал арқылы жібере алады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1815 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына (экспортына) лицензия беруге арналған өтініш бланкісінің үлгiсi Министрлік пен Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ веб-порталында орналастырылады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1815 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Өтініш қоса берілген құжаттарымен Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй мекенжайындағы «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында (рұқсаттама бюросы, 5-кіреберіс) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Комитет маманына тапсырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда электронды сұранысты жіберу алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде Комитетке жіберіледі.
      14. Комитеттің маманы лицензия беру үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде қолхат (атын, тегін және әкесінің атын көрсете отырып) ресімдейді, ол Комитеттің құжаттарды қабылдау күні туралы белгісімен алушыға беріледі.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» өтінішті жіберу туралы хабарлама (сұраныстың нөмірі) жіберіледі.
      Жіберілген және өтінішке нөмір берілген сәттен бастап екі күннен кешіктірмей Комитет өтінішті тіркеуге міндетті, бұл ретте алушының «жеке кабинетіне», сондай-ақ тіркеу кезінде веб-порталда көрсетілген электронды мекенжайына Комитеттің өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама қабылданған күнін көрсете отырып жіберіледі.
      15. Комитет қабылдаған дайын құжаттарды беруді Комитет маманы сенім хат бойынша не алушының өзі келгенде, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден - 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін терезе арқылы жүзеге асырады.
      16. Мыналар лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      алушы лицензия алу үшін ұсынатын құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
      Заңда көзделген талаптардың сақталмауы;
      лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар әрекетінің тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
      оны іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін Тараптар мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
      квотаның бітуі (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда).

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттiң қызметi қызметтiк борышын орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Алушыларға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенедi.
      19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткiштерiнің нысаналы мәнi Министрліктің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Комитет қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай және телефон бойынша жүзеге асырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым Комитет немесе Министрлік басшылығына жасалады.
      Комитет басшысының мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген. Комитеттiң электрондық поштасының мекенжайы: www.kt.kense@minplan.kz.
      Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Комитет жұмысының регламентіне сәйкес айқындалады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы веб-порталдағы «виртуалдық қабылдау бөлмесі» арқылы Комитетке өтініш жібере алады.
      22. Мемлекеттiк қызметті тiкелей Комитет жүзеге асырады. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жасалатын Комитет басшысының электрондық поштасының мекенжайы, жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 21-тармағында көрсетiлген.
      23. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайларда, алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электронды түрде немесе жұмыс күндері Комитет кеңсесі арқылы тікелей қолға беріліп қабылданады.
      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, ал заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға алушы қол қоюы тиіс.
      25. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағым қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы алушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе қол қойғызып, тікелей қолына беріліп хабарланады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитеттің телефоны бойынша алуға болады.
      Электронды өтінішті веб-портал арқылы жіберу кезінде алушыға «жеке кабинеттен» Комитетте өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді.
      26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.minplan.kz және www.comtorg.kz интернет-ресурстарының «Лицензиялау» бөлімінен және мына телефон бойынша: 8 (7172) 74-91-16 алуға болады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі    
және (немесе) Еуразиялық экономикалық   
комиссия шешімдерінің негізінде сыртқы   
сауда қызметінің кедендік-тарифтік және  
тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы   
қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар 
импортына және (немесе) экспортына лицензия
беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша              

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
беру туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1815 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі

3. Лицензияның типі
БІР ЖОЛҒЫ | ИМПОРТ

4. Келісімшарт

5. Өтініш беруші СТН

6. Сатушы

7. Жөнелтілу елі |

8. Сатушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны (факс)
Қолы және мөрі
Күні

«Қазақстан Республикасының Үкіметі    
және (немесе) Еуразиялық экономикалық   
комиссия шешімдерінің негізінде сыртқы   
сауда қызметінің кедендік-тарифтік және  
тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы   
қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар 
импортына және (немесе) экспортына лицензия
беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша            

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
беру туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1815 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі

3. Лицензияның типі
|ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жөнелту елі

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығыралған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі
Күні

«Қазақстан Республикасының Үкіметі    
және (немесе) Еуразиялық экономикалық   
комиссия шешімдерінің негізінде сыртқы   
сауда қызметінің кедендік-тарифтік және  
тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы   
қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар 
импортына және (немесе) экспортына лицензия
беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
3-қосымша           

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1815 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті көрсету оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті көрсетудің тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 865 қаулысымен 
бекітілген    

«Талқылау объектілері болып табылатын тауарлардың импортына сандық шектеулерді қолданбай Қазақстан Республикасының аумағына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық веб-порталы» немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс; телефоны: 8 (7172) 74-91-16, интернет-ресурстары: www.minplan.kz, www.comtorg.kz.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысының 10-тармағының 28) тармақшасына және «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрi – Министрлік) және Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ Комитеттің үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стендтерде орналастырылады.
      Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады. 5. Мемлекеттiк қызметтің аяқталу нысаны лицензия беруге белгіленген мерзімде жекелеген тауарлар түрлерінің импортына лицензия беру (электронды түрде) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
      1) лицензия алуға өтініш пен қажетті құжаттарды тиісті және толық түрде тапсыру кезінде 10 жұмыс күні ішінде лицензия беріледі.
      2) Комитетте құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – осы стандарттың 11-тармағында белгіленген 10 минуттан аспайды.
      3) құжаттарды алу кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет Комитетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты (түбіртек, чек) ұсыну жолымен ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшасыз аудару жолымен алым төлеушінің тұрған жерінде бюджетке төленеді.
      9. Комитетте демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін құжаттарды күнделікті қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
      Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Веб-портал жұмысының кестесі – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет күтуге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылған «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      заңды тұлға үшін – алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      жеке тұлға үшін – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; дара кәсіпкер үшін – алушыны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      алушының салық органында есепке қойылғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгендігін растайтын құжат;
      тауарларға экспорт және импорты лицензиялауға жататын, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімге және импорты автоматты түрде лицензиялауға жататын жекелеген тауарларға сыртқы сауда мәмілелерінің қатысушылары арасында сатып алу -сату келісімшарты (шарты) немесе өзге де иеліктен шығару құжаты.
      12. Лицензияның жоғалған, бүлiнген бланктерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып, жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын бередi.
      13. Лицензия мынадай жағдайларда:
      1) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;
      2) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде қайта ресімдеуге жатады.
      Қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      Лицензиат қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттарды, лицензия көшірмелерін (болған жағдайда) қоса ұсына отырып күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
      Өтінішке осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса ұсынбаған жағдайда лицензиар лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.
      Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны (болған жағдайда) қайта ресімдейді.
      Лицензиат қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
      Сонымен қатар, алушы қосымшада сканерден өткен құжаттармен қоса алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтінішті веб-портал арқылы жібере алады.
      14. Талқылау объектілері болып табылатын тауарлар импортына лицензия беру туралы өтініш бланкісінің үлгiсi Министрлік пен Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ веб-порталында орналастырылады.
      15. Өтініш қоса берілген құжаттарымен Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй мекенжайындағы «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында (рұқсаттама бюросы, 5-кіреберіс) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Комитет маманына тапсырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда электронды сұранысты жіберу алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде Комитетке жіберіледі.
      16. Комитеттің маманы лицензия беру үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде қолхат (атын, тегін және әкесінің атын көрсете отырып) ресімдейді, ол Комитеттің құжаттарды қабылдау күні туралы белгісімен алушыға беріледі.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» өтінішті жіберу туралы хабарлама (сұраныстың нөмірі) жіберіледі.
      Жіберілген және өтінішке нөмір берілген сәттен бастап екі күннен кешіктірмей Комитет өтінішті тіркеуге міндетті, бұл ретте алушының «жеке кабинетіне», сондай-ақ тіркеу кезінде веб-порталда көрсетілген электронды мекенжайына Комитеттің өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама қабылданған күнін көрсете отырып жіберіледі.
      17. Алушы қызмет көрсетудің нәтижесін веб-портал арқылы қадағалайды.
      18. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған болса;
      2) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген. Алушы көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
      3) алушыға қатысты осы қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі заңды күшіне енген жағдайларда лицензия беруден бас тартылады.
      Комитет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы фактілер анықталған жағдайда Комитет аталған мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

3. Жұмыс қағидаттары

      19. Комитеттiң қызметi қызметтiк борышын орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      20. Алушыларға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенедi.
      21. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапа және қол тиімділік көрсеткiштерiнің нысаналы мәнi Министрліктің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      22. Комитет қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай және телефон бойынша жүзеге асырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      23. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым Комитет немесе Министрлік басшылығына жасалады.
      Комитет басшысының мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген. Комитеттiң электрондық поштасының мекенжайы: www.kt.kense@minplan.kz.
      Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Комитет жұмысының регламентіне сәйкес айқындалады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы веб-порталдағы «виртуалдық қабылдау бөлмесі» арқылы Комитетке өтініш жібере алады.
      24. Мемлекеттiк қызметті тiкелей Комитет жүзеге асырады. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жасалатын Комитет басшысының электрондық поштасының мекенжайы, жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 21-тармағында көрсетiлген.
      25. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайларда, алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      26. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электронды түрде немесе жұмыс күндері Комитет кеңсесі арқылы тікелей қолға беріліп қабылданады.
      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, ал заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға алушы қол қоюы тиіс.
      27. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағым қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы алушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе қол қойғызып, тікелей қолына беріліп хабарланады.  Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитеттің телефоны бойынша алуға болады.
      Электронды өтінішті веб-портал арқылы жіберу кезінде алушыға «жеке кабинеттен» Комитетте өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді.
      28. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.minplan.kz және www.comtorg.kz интернет-ресурстарының «Лицензиялау» бөлімінен және мына телефон бойынша: 8 (7172) 74-91-16 алуға болады.

«Талқылау объектілері болып табылатын 
тауарлардың импортына сандық шектеулерді
қолданбай Қазақстан Республикасының  
аумағына лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензия телнұсқасын беру»      
мемлекеттік қызмет көрсету      
стандартына             
1-қосымша              

Импорт лицензиясына өтініш

1. ЛИЦЕНЗИЯ №

2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны

3. Тапсырмасы бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекенжайы, телефоны)

7. Сатушы, оның мекенжайы

4. Тұтынушы, оның мекен-жайы

8. Сатушының елі

5. Шыққан елі

9. Қолданылу мерзімі

6. Кеден органы

10. Мәміле сипаты

11. Төлем валютасы

12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

13. Тауардың  ҚР СЭҚ ТН бойынша коды

15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі/ қосалқы)

17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында теңгеде: USD долларында:

14. Тауардың  бақылау тізімдері бойынша коды

16. Саны

18. Лицензия сұрау үшін негіздеме

20. Келісілді

19. Өтініш берушіден
Т.А.Ә.
лауазымы
қолы, МО күні

21. ҚР мемлекеттік органы -
лицензиар
Өтініш қарауға қабылданды
200__ж. "___" __________

22. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы

23. Лицензияның ерекше шарттары

«Талқылау объектілері болып табылатын 
тауарлардың импортына сандық шектеулерді
қолданбай Қазақстан Республикасының  
аумағына лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензия телнұсқасын беру»      
мемлекеттік қызмет көрсету      
стандартына             
2-қосымша              

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті көрсету оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті көрсетудің тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 865 қаулысымен   
бекітілген     

«Тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық веб-порталы» немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс; телефоны: 8 (7172) 74-91-16, интернет-ресурстары: www.minplan.kz, www.comtorg.kz.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңның 4-бабына және «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысының 10-тармағының 30) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрi – Министрлік) және Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ Комитеттің үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стендтерде орналастырылады.
      Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      5. Мемлекеттiк қызметтің аяқталу нысаны рұқсат беруге белгіленген мерзімде жекелеген тауарлар түрлерін әкелуге рұқсат (қағаз тасығыштағы және (немесе) электронды түрдегі құжат) беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
      1) осы стандарттың 11-тармағының талаптарына сәйкес рұқсат жобасы түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде рұқсат беріледі.
      2) Комитетте құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – осы стандарттың 11-тармағында белгіленген 10 минуттан аспайды.
      3) құжаттарды алу кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
      9. Комитетте демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін құжаттарды күнделікті қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
      Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Веб-портал жұмысының кестесі – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет күтуге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылған «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібі

      11. Рұқсат алу үшін алушы уәкілетті органға осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес рұқсат жобасының қағаз жеткізгіштегі бір данасын және Кеден одағы комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) әзірлеген және сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға өтеусіз негізде беретін бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен жасалған, Комиссия бекіткен форматтағы рұқсат жобасының электронды көшірмесін береді. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы рұқсат жобасының Комиссия бекіткен форматқа қатаң сәйкестіктегі электронды көшірмесін қалыптастыратын өз бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана алады;
      Рұқсат алу үшін рұқсат беру жобасы мен оның электронды көшірмесінен басқа құжаттарды ұсыну талап етуге жол берілмейді.
      Сонымен қатар, алушы қосымшада сканерден өткен құжаттармен қоса алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтінішті веб-портал арқылы жібере алады.
      12. Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге рұқсат беру жобасы бланкісінің үлгiсi Министрлік пен Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ веб-порталында орналастырылады.
      13. Өтініш қоса берілген құжаттарымен Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй мекенжайындағы «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында (рұқсаттама бюросы, 5-кіреберіс) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Комитет маманына тапсырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда электронды сұранысты жіберу алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде Комитетке жіберіледі.
      14. Комитеттің маманы лицензия беру үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде қолхат (атын, тегін және әкесінің атын көрсете отырып) ресімдейді, ол Комитеттің құжаттарды қабылдау күні туралы белгісімен алушыға беріледі.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» өтінішті жіберу туралы хабарлама (сұраныстың нөмірі) жіберіледі.
      Жіберілген және өтінішке нөмір берілген сәттен бастап екі күннен кешіктірмей Комитет өтінішті тіркеуге міндетті, бұл ретте алушының «жеке кабинетіне», сондай-ақ тіркеу кезінде веб-порталда көрсетілген электронды мекенжайына Комитеттің өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама қабылданған күнін көрсете отырып жіберіледі.
      15. Комитет қабылдаған дайын құжаттарды беруді Комитет маманы сенім хат бойынша не алушының өзі келгенде, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден - 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін терезе арқылы жүзеге асырады.
      16. Мыналар лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      алушы лицензия алу үшін ұсынатын құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
      Заңда көзделген талаптардың сақталмауы;
      лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар әрекетінің тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
      оны іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін Тараптар мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
      квотаның бітуі (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда).

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттiң қызметi қызметтiк борышын орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Алушыларға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенедi.
      19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткiштерiнің нысаналы мәнi Министрліктің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Комитет қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай және телефон бойынша жүзеге асырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым Комитет немесе Министрлік басшылығына жасалады.
      Комитет басшысының мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген. Комитеттiң электрондық поштасының мекенжайы: www.kt.kense@minplan.kz.
      Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Комитет жұмысының регламентіне сәйкес айқындалады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы веб-порталдағы «виртуалдық қабылдау бөлмесі» арқылы Комитетке өтініш жібере алады.
      22. Мемлекеттiк қызметті тiкелей Комитет жүзеге асырады. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жасалатын Комитет басшысының электрондық поштасының мекенжайы, жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 21-тармағында көрсетiлген.
      23. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайларда, алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электронды түрде немесе жұмыс күндері Комитет кеңсесі арқылы тікелей қолға беріліп қабылданады.
      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, ал заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға алушы қол қоюы тиіс.
      25. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағым қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы алушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе қол қойғызып, тікелей қолына беріліп хабарланады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитеттің телефоны бойынша алуға болады.
      Электронды өтінішті веб-портал арқылы жіберу кезінде алушыға «жеке кабинеттен» Комитетте өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді.
      26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.minplan.kz және www.comtorg.kz интернет-ресурстарының «Лицензиялау» бөлімінен және мына телефон бойынша: 8 (7172) 74-91-16 алуға болады.

«Тауарлардың жекелеген түрлерiн 
Қазақстан Республикасының аумағына
импорттауға рұқсат беру»     
мемлекеттік қызмет көрсету    
стандартына           
1-қосымша            

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасы

Кеден одағына қатысушың мемлекеттің уәкілетті атқарушы билігінің мемлекеттік ұйымы

1. Рұқсат №

2. Қолданылу кезеңі
ЖЖЖ.КК.АА–дан бастап
ЖЖЖ.КК.АА. дейін

3. Рұқсаттың типі
| ИМПОРТ

4. Келісім -шарт

5. Өтініш беруші
                 |

6. Сатушы

7. Жөнелтуші елі
                   |

8. Сатушының елі
        |

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Тауардың СЭҚ БТН бойынша коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Уәкiлетті өтініш беруші
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефон
Қолы және мөр Күні

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы және мөр Күні

«Тауарлардың жекелеген түрлерiн 
Қазақстан Республикасының аумағына
импорттауға рұқсат беру»     
мемлекеттік қызмет көрсету    
стандартына           
2-қосымша            

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті көрсету оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті көрсетудің тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 865 қаулысымен   
бекітілген      

«Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық веб-порталы» немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс; телефоны: 8 (7172) 74-91-16, интернет-ресурстары: www.minplan.kz, www.comtorg.kz.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 Заңының 11-бабына, «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабына және «Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы  № 1942 қаулысының 2-тармағына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрi– Министрлік) және Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ Комитеттің үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стендтерде орналастырылады.
      Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      5. Мемлекеттiк қызметтің аяқталу нысаны лицензия беруге белгіленген мерзімде тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру (электронды түрде) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет, тауар биржалары саласында биржалық дилердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғаларға (бұдан әрі-алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері алушылардың қажетті құжаттарды тапсыру мезетінен бастап осы стандарттың 11-тармағында анықталған он бес жұмыс күнінен ұзақ емес.
      2) Комитетте құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – осы стандарттың 11-тармағында белгіленген 10 минуттан аспайды.
      3) құжаттарды алу кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет Комитетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты (түбіртек, чек) ұсыну жолымен ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшасыз аудару жолымен алым төлеушінің тұрған жерінде бюджетке төленеді.
      9. Комитетте демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін құжаттарды күнделікті қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
      Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Веб-портал жұмысының кестесі – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет күтуге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылған «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген үлгiдегі өтiнiш;
      жарғының және алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені немесе қайта тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      алушының салық органында есепке алынғаны туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат. бiлiктiлiк талаптарына сәйкес ақпарат және құжаттар: ұйымның бірінші басшысында:
      жоғары білімінің;
      ұйым қызметкерлерінде (биржалық саудамен айналысатын):
      жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
      дилерлік қызмет көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандарының;
      клиенттерге дилерлік қызмет көрсетудің бекітілген регламентінің болуын көздейді.
      12. Лицензияның жоғалған, бүлiнген бланктерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып, жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын бередi.
      13. Лицензия мынадайжағдайларда:
      1) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;
      2) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеуге жатады.
      Қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      Лицензиат қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттарды, лицензия көшірмелерін (болған жағдайда) қоса ұсына отырып күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
      Өтінішке осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса ұсынбаған жағдайда лицензиар лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны (болған жағдайда) қайта ресімдейді.
      Лицензиат қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
      Сонымен қатар, алушы қосымшада сканерден өткен құжаттармен қоса алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтінішті веб-портал арқылы жібере алады.
      14. Тауарлық биржалар саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы өтініш бланкісінің үлгiсi Министрлік пен Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ веб-порталында орналастырылады.
      15. Өтініш қоса берілген құжаттарымен Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй мекенжайындағы «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында (рұқсаттама бюросы, 5-кіреберіс) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Комитет маманына тапсырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда электронды сұранысты жіберу алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде Комитетке жіберіледі.
      16. Комитеттің маманы лицензия беру үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде қолхат (атын, тегін және әкесінің атын көрсете отырып) ресімдейді, ол Комитеттің құжаттарды қабылдау күні туралы белгісімен алушыға беріледі.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» өтінішті жіберу туралы хабарлама (сұраныстың нөмірі) жіберіледі.
      Жіберілген және өтінішке нөмір берілген сәттен бастап екі күннен кешіктірмей Комитет өтінішті тіркеуге міндетті, бұл ретте алушының «жеке кабинетіне», сондай-ақ тіркеу кезінде веб-порталда көрсетілген электронды мекенжайына Комитеттің өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама қабылданған күнін көрсете отырып жіберіледі.
      17. Алушы қызмет көрсетудің нәтижесін веб-портал арқылы қадағалайды.
      18. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған болса;
      2) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген. Алушы көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
      3) алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      4) алушыға қатысты осы қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі заңды күшіне енген жағдайларда лицензия беруден бас тартылады.
      Комитет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы фактілер анықталған жағдайда Комитет аталған мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

3. Жұмыс қағидаттары

      19. Комитеттiң қызметi қызметтiк борышын орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      20. Алушыларға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенедi.
      21. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткiштерiнің нысаналы мәнi Министрліктің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      22. Комитет қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай және телефон бойынша жүзеге асырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      23. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым Комитет немесе Министрлік басшылығына жасалады.
      Комитет басшысының мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген. Комитеттiң электрондық поштасының мекенжайы: www.kt.kense@minplan.kz.
      Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Комитет жұмысының регламентіне сәйкес айқындалады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы веб-порталдағы «виртуалдық қабылдау бөлмесі» арқылы Комитетке өтініш жібере алады.
      24. Мемлекеттiк қызметті тiкелей Комитет жүзеге асырады. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жасалатын Комитет басшысының электрондық поштасының мекенжайы, жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 21-тармағында көрсетiлген.
      25. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайларда, алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      26. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электронды түрде немесе жұмыс күндері Комитет кеңсесі арқылы тікелей қолға беріліп қабылданады.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға алушы қол қоюы тиіс.
      27. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағым қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы алушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе қол қойғызып, тікелей қолына беріліп хабарланады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитеттің телефоны бойынша алуға болады.
      Электронды өтінішті веб-портал арқылы жіберу кезінде алушыға «жеке кабинеттен» Комитетте өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді.
      28. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.minplan.kz және www.comtorg.kz интернет-ресурстарының «Лицензиялау» бөлімінен және мына телефон бойынша: 8 (7172) 74-91-16 алуға болады.

«Тауар биржалары саласында дилерлік 
қызметпен айналысу құқығына лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензия   
телнұсқасын беру» мемлекеттік    
қызмет көрсету стандартына     
1-қосымша            

_____________________________________________________________________                  (лицензиялау органының толық атауы)
кімнен_______________________________________________________________
                     (заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ_____________________________________________________________________
                (қызметтер (әрекеттер) түрін көрсету)

      Қазақстан Республикасының аумағында немесе аумағынан тыс _____________________________________________________________________
      жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
Ұйым туралы мәліметтер:
      1. Меншiк нысаны_______________________________________________
      2. Құрылған жылы_______________________________________________
      3. Тіркеу туралы куәлік________________________________________
      _______________________________________________________________
                      (№, кім және қашан берген)
      4. Мекенжайы___________________________________________________
                    (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №,
      _______________________________________________________________
                         телефон, факс)
      5. Есеп шоты___________________________________________________
                     (Шоттың №, банктің атауы және мекенжайы)
      6. Филиалдары, өкiлдiктері_____________________________________
                                (орналасқан жерi және деректемелері)
      7. Қоса берілетін құжаттар: ___________________________________
      _______________________________________________________________
      Басшы ____________________      _______________________________
                (қолы)                    (аты-жөні, тегі)
      Мөр орны
      20 __ ж. "___"______________
      Өтініш 20 __ж. "____"____________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
        (лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты,
                              әкесінің аты)

«Тауар биржалары саласында дилерлік
қызметпен айналысу құқығына лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензия   
телнұсқасын беру» мемлекеттік   
қызмет көрсету стандартына    
2-қосымша             

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті көрсету оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті көрсетудің тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 865 қаулысымен   
бекітілген      

«Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық веб-порталы» немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс; телефоны: 8 (7172) 74-91-16, интернет-ресурстары: www.minplan.kz, www.comtorg.kz.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 Заңының 11-бабына, «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабына және «Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысының 2-тармағына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрi– Министрлік) және Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ Комитеттің үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стендтерде орналастырылады.
      Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      5. Мемлекеттiк қызметтің аяқталу формасы лицензия беруге белгіленген мерзімде тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру (электронды түрде) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет, тауар биржалары саласында биржалық брокерлердің қызметіне, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғаларға (бұдан әрі-алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
      1) алушының қажетті құжаттарды тапсыру мезетінен бастап осы Стандарттың 11-тармағында анықталғандай он бес жұмыс күнінен ұзақ емес.
      2) Комитетте құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – осы стандарттың 11-тармағында белгіленген 10 минуттан аспайды.
      3) құжаттарды алу кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет Комитетке қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығы үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты (түбіртек, чек) ұсыну жолымен ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшасыз аудару жолымен алым төлеушінің тұрған жерінде бюджетке төленеді.
      9. Комитетте демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін құжаттарды күнделікті қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
      Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Веб-портал жұмысының кестесі – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет күтуге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылған «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген үлгiдегі өтiнiш;
      жарғының және алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені немесе қайта тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      алушының салық органында есепке алынғаны туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат.
      бiлiктiлiк талаптарына сәйкес ақпарат және құжаттар:
      ұйымның бірінші басшысында:
      жоғары білімінің;
      ұйым қызметкерлерінде (биржалық саудамен айналысатын):
      жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
      брокерлік қызмет көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандарының;
      клиенттерге брокерлік қызмет көрсетудің бекітілген регламентінің болуын көздейді.
      12. Лицензияның жоғалған, бүлiнген бланктерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып, жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын бередi.
      13. Лицензия мынадай жағдайларда:
      1) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;
      2) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеуге жатады.
      Қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      Лицензиат қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттарды, лицензия көшірмелерін (болған жағдайда) қоса ұсына отырып күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
      Өтінішке осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса ұсынбаған жағдайда лицензиар лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.
      Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны (болған жағдайда) қайта ресімдейді.
      Лицензиат қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
      Сонымен қатар, алушы қосымшада сканерден өткен құжаттармен қоса алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтінішті веб-портал арқылы жібере алады.
      14. Тауарлық биржалар саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы өтініш бланкісінің үлгiсi Министрлік пен Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ веб-порталында орналастырылады.
      15. Өтініш қоса берілген құжаттарымен Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй мекенжайындағы «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында (рұқсаттама бюросы, 5-кіреберіс) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Комитет маманына тапсырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда электронды сұранысты жіберу алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде Комитетке жіберіледі.
      16. Комитеттің маманы лицензия беру үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде қолхат (атын, тегін және әкесінің атын көрсете отырып) ресімдейді, ол Комитеттің құжаттарды қабылдау күні туралы белгісімен алушыға беріледі.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» өтінішті жіберу туралы хабарлама (сұраныстың нөмірі) жіберіледі.
      Жіберілген және өтінішке нөмір берілген сәттен бастап екі күннен кешіктірмей Комитет өтінішті тіркеуге міндетті, бұл ретте алушының «жеке кабинетіне», сондай-ақ тіркеу кезінде веб-порталда көрсетілген электронды мекенжайына Комитеттің өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама қабылданған күнін көрсете отырып жіберіледі.
      17. Алушы қызмет көрсетудің нәтижесін веб-портал арқылы қадағалайды.
      18. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған болса;
      2) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген. Алушы көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
      3) алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      4) алушыға қатысты осы қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі заңды күшіне енген жағдайларда лицензия беруден бас тартылады.
      Комитет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы фактілер анықталған жағдайда Комитет аталған мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

3. Жұмыс қағидаттары

      19. Комитеттiң қызметi қызметтiк борышын орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      20. Алушыларға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенедi.
      21. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткiштерiнің нысаналы мәнi Министрліктің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      22. Комитет қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай және телефон бойынша жүзеге асырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      23. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым Комитет немесе Министрлік басшылығына жасалады.
      Комитет басшысының мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген. Комитеттiң электрондық поштасының мекенжайы: www.kt.kense@minplan.kz.
      Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесі, демалыс жәнемереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Комитет жұмысының регламентіне сәйкес айқындалады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы веб-порталдағы «виртуалдық қабылдау бөлмесі» арқылы Комитетке өтініш жібере алады.
      24. Мемлекеттiк қызметті тiкелей Комитет жүзеге асырады. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жасалатын Комитет басшысының электрондық поштасының мекенжайы, жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 21-тармағында көрсетiлген.
      25. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайларда, алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      26. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электронды түрде немесе жұмыс күндері Комитет кеңсесі арқылы тікелей қолға беріліп қабылданады.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға алушы қол қоюы тиіс.
      27. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағым қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараутәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы алушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе қол қойғызып, тікелей қолына беріліп хабарланады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитеттің телефоны бойынша алуға болады.
      Электронды өтінішті веб-портал арқылы жіберу кезінде алушыға «жеке кабинеттен» Комитетте өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді.
      28. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.minplan.kz және www.comtorg.kz интернет-ресурстарының «Лицензиялау» бөлімінен және мына телефон бойынша: 8 (7172) 74-91-16 алуға болады.

«Тауар биржалары саласында    
брокерлік қызметпен айналысу құқығына
лицензия беру, қайта ресімдеу,  
лицензия телнұсқасын беру»    
мемлекеттік қызмет көрсету    
стандартына           
1-қосымша            

_____________________________________________________________________
             (лицензиялау органының толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
                 (заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
                 (қызметтер (әрекеттер) түрін көрсету)
      Қазақстан Республикасының аумағында немесе аумағынан тыс
_____________________________________________________________________
      жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
Ұйым туралы мәліметтер:
      1. Меншiк нысаны ______________________________________________
      2. Құрылған жылы_______________________________________________
      3. Тіркеу туралы куәлік________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (№, кім және қашан берген)
      4. Мекенжайы __________________________________________________
                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №,
_____________________________________________________________________
                         телефон, факс)
      5. Есеп шоты __________________________________________________
                       (Шоттың №, банктің атауы және мекенжайы)
      6. Филиалдары, өкiлдiктері ____________________________________
                                 (орналасқан жерi және деректемелері)
      7. Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     Басшы _________________      ___________________________________
                  (қолы)                  (аты-жөні, тегі)
      Мөр орны
      20 __ ж. "___"______________
      Өтініш 20 __ж. "____"____________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
        (лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты,
                          әкесінің аты)

«Тауар биржалары саласында    
брокерлік қызметпен айналысу құқығына
лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензия телнұсқасын беру»   
мемлекеттік қызмет көрсету   
стандартына           
2-қосымша            

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті көрсету оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті көрсетудің тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпарат қызметтерінің % -ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 865 қаулысымен   
бекітілген      

«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық веб-порталы» немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс; телефоны: 8 (7172) 74-91-16, интернет-ресурстары: www.minplan.kz, www.comtorg.kz.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған.
            3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 11-бабына, «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабына және «Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы  № 1942 қаулысының 2-тармағына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрi – Министрлік) және Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ Комитеттің үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стендтерде орналастырылады.
      Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      5. Мемлекеттiк қызметтің аяқталу нысаны тауар биржасы қызметімен айналысу құқығына лицензия беру (электронды түрде) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет біліктілік талаптарына, тауар биржалары қызметіне сай келетін заңды тұлғаларға (бұдан әрі-алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
      1) алушының қажетті құжаттарды тапсыру мезетінен бастап осы стандарттың 11-тармағында анықталғандай он бес жұмыс күнінен ұзақ емес.
      2) Комитетте құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – осы стандарттың 11-тармағында белгіленген 10 минуттан аспайды.
      3) құжаттарды алу кезіндегі кезекте барынша рұқсат берілген күту уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет Комитетке қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты (түбіртек, чек) ұсыну жолымен ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшасыз аудару жолымен алым төлеушінің тұрған жерінде бюджетке төленеді.
      9. Комитетте демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін құжаттарды күнделікті қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
      Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Веб-портал жұмысының кестесі – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет күтуге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылған «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген үлгiдегі өтiнiш;
      жарғының және алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені немесе қайта тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      алушының салық органында есепке алынғаны туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      тауар биржалары саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат.
      бiлiктiлiк талаптарына сәйкес ақпарат және құжаттар:
      нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті бағдарламалық қамтамасыз етудің;
      құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімшенің;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа саудасының үлгі қағидасы негізінде әзірленген биржа саудасы қағидасының;
      тауар биржасының басшылық лауазымындағы қызметкерлерінде:
      жоғары білімінің;
      тауар биржалары саласында және (немесе) қаржылық ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
      тауар биржасының басшылық лауазымдағы емес қызметкерлерінде:
      жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
      сауданы ұйымдастыру және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің;
      клирингтік орталықтың немесе клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың;
      кемінде үш биржалық брокермен және (немесе) биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының;
      биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болуын көздейді.
      12. Лицензияның жоғалған, бүлiнген бланктерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екі жұмыс күнiшiнде жаңа нөмiр бере отырып, жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын бередi.
      13. Лицензия мынадай жағдайларда:
      1) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;
      2) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеуге жатады.
      Қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      Лицензиат қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттарды, лицензия көшірмелерін (болған жағдайда) қоса ұсына отырып күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
      Өтінішке осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса ұсынбаған жағдайда лицензиар лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.
      Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны (болған жағдайда) қайта ресімдейді.
      Лицензиат қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
      Сонымен қатар, алушы қосымшада сканерден өткен құжаттармен қоса алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтінішті веб-портал арқылы жібере алады.
      14. Тауарлық биржалар қызметімен айналысу құқығына лицензия беру туралы өтініш бланкісінің үлгiсi Министрлік пен Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ веб-порталында орналастырылады.
      15. Өтініш қоса берілген құжаттарымен Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй мекенжайындағы «Министрліктер үйі» ғимаратының қызметтік үй-жайында (рұқсаттама бюросы, 5-кіреберіс) құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Комитет маманына тапсырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда электронды сұранысты жіберу алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде Комитетке жіберіледі.
      16. Комитеттің маманы лицензия беру үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау кезінде қолхат (атын, тегін және әкесінің атын көрсете отырып) ресімдейді, ол Комитеттің құжаттарды қабылдау күні туралы белгісімен алушыға беріледі.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» өтінішті жіберу туралы хабарлама (сұраныстың нөмірі) жіберіледі.
      Жіберілген және өтінішке нөмір берілген сәттен бастап екі күннен кешіктірмей Комитет өтінішті тіркеуге міндетті, бұл ретте алушының «жеке кабинетіне», сондай-ақ тіркеу кезінде веб-порталда көрсетілген электронды мекенжайына Комитеттің өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама қабылданған күнін көрсете отырып жіберіледі.
      17. Алушы қызмет көрсетудің нәтижесін веб-портал арқылы қадағалайды.
      18. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған болса;
      2) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттарберілмеген. Алушы көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
      3) алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      4) алушыға қатысты осы қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі заңды күшіне енген жағдайларда лицензия беруден бас тартылады.
      Комитет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы фактілер анықталған жағдайда Комитет аталған мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

3. Жұмыс қағидаттары

      19. Комитеттiң қызметi қызметтiк борышын орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      20. Алушыларға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенедi.
      21. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткiштерiнің нысаналы мәнi Министрліктің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      22. Комитет қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай және телефон бойынша жүзеге асырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      23. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым Комитет немесе Министрлік басшылығына жасалады.
      Комитет басшысының мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген. Комитеттiң электрондық поштасының мекенжайы: www.kt.kense@minplan.kz.
      Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Комитет жұмысының регламентіне сәйкес айқындалады.
      Веб-портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы веб-порталдағы «виртуалдық қабылдау бөлмесі» арқылы Комитетке өтініш жібере алады.
      24. Мемлекеттiк қызметті тiкелей Комитет жүзеге асырады. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жасалатын Комитет басшысының электрондық поштасының мекенжайы, жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 21-тармағында көрсетiлген.
      25. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайларда, алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      26. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электронды түрде немесе жұмыс күндері Комитет кеңсесі арқылы тікелей қолға беріліп қабылданады.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға алушы қол қоюы тиіс.
      27. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде шағым қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.  Шағымды қарау нәтижелерi туралы алушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе қол қойғызып, тікелей қолына беріліп хабарланады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Комитеттің телефоны бойынша алуға болады.
      Электронды өтінішті веб-портал арқылы жіберу кезінде алушыға «жеке кабинеттен» Комитетте өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді.
      28. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.minplan.kz және www.comtorg.kz интернет-ресурстарының «Лицензиялау» бөлімінен және мына телефон бойынша: 8 (7172) 74-91-16 алуға болады.

«Тауар биржалары қызметімен  
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын
беру» мемлекеттік қызмет көрсету 
стандартына            
1-қосымша             

_____________________________________________________________________
                  (лицензиялау органының толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
                    (заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
                  (қызметтер (әрекеттер) түрін көрсету)
Қазақстан Республикасының аумағында немесе аумағынан тыс
_____________________________________________________________________
      жүзеге асыруға лицензия беруінізді сұраймын

Ұйым туралы мәліметтер:
      1. Меншiк нысаны ______________________________________________
      2. Құрылған жылы ______________________________________________
      3. Тіркеу туралы куәлік _______________________________________
_____________________________________________________________________
                      (№, кім және қашан берген)
      4. Мекенжайы __________________________________________________
                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №,
_____________________________________________________________________
                        телефон, факс)
      5. Есеп шоты __________________________________________________
                     ( Шоттың №, банктің атауы және мекенжайы)
      6. Филиалдар, өкiлдiктері _____________________________________
                                 (орналасқан жерi және деректемелері)
      7. Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     Басшы _________________      ___________________________________
                  (қолы)                  (аты-жөні, тегі)
      Мөр орны
      20 __ ж. "___"______________
      Өтініш 20 __ж. "____"____________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
(лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты,
                          әкесінің аты)

«Тауар биржалары қызметімен   
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын
беру» мемлекеттік қызмет көрсету 
стандартына           
2-қосымша            

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті көрсету оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті көрсетудің тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпарат қызметтерінің % -ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады