Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасында:
«1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту пайымы» деген бөлімде:
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«ӘКК өз қызметін даму стратегиясын іске асыру арқылы жүзеге асырады.»;
«ӘКК миссиясы, пайымы, мақсаттары және міндеттері» деген кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақсаты – бизнес-бастамаларды қолдау және өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндеттері:
1. Өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту.
2. Мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға тартуды қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту.
3. Алдыңғы қатарлы өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу.
4. Активтердің құнын ұлғайту.
5. Жаңадан басталатын бизнесті қолдау инфрақұрылымын (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар) дамыту.
6. Басым салалардағы кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірлердегі жүйе құрушы және ірі компаниялардың айналасында ШОБ дамыту бойынша серіктестік бағдарламаларды үйлестіру.
7. Компания қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету.
8. Бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту.
9. Портфельдік компаниялар арасында коммуникацияны және дағды алмасуды дамыту.
10. Ішкі және сыртқы нарықтарда өнімдерді неғұрлым белсенді ілгерілету үшін өнімдерді брендтеуге жәрдемдесу.
11. Перспективалы жобаларды іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарында тарту.
12. Инвесторларға үлескерлік қаржыландыру, активтермен қатысу арқылы жобаларды іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржыландыруды алуға жәрдемдесу.
13. Акционерлер белгілеген өзге де міндеттер.»;
«2. ӘКК дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері» деген бөлімде:
«ӘКК қызметінің негізгі қағидаттары» деген кіші бөлімде:
бірінші бөліктің 4-тармағында «жалғыз акционердің» деген сөздер «акционерлердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ӘКК дамытудың жалпы тәсілдері» деген кіші бөлімде:
«Инвестициялық қызметте»:
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«ӘКК өңірлердің негізгі мамандануын ескере отырып, ЖАО өңірлік даму карталарын әзірлеуге және инвесторларды тарту үшін перспективалы және бәсекеге қабілетті жобалардың тізбесін қалыптастыруға белсенді қатысады.»;
«Жер қойнауын пайдалану жобаларында»:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«ӘКК кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындары, техногендік минералдық түзілімдер, жерасты сулары, сондай-ақ «Тау-Кен Самұрық» АҚ үшін қызығушылық тудырмайтын қатты пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша пайдалану құқығы беріледі. ӘКК қатысуымен жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру кезінде ӘКК үлесі 49 %-дан аспауы тиіс.»;
«Корпоративтік басқаруда»:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ӘКК басқарудың тиімді моделін қамтамасыз ету үшін озық әлемдік тәжірибеге сәйкес корпоративтік басқарудың стандарттары енгізілуі, оның ішінде ӘКК басшылары үшін оқыту бағдарламалары ұйымдастырылуы тиіс. ӘКК есептерін, оның ішінде Басқарманың (құпия ақпараттан басқа), Директорлар кеңесінің және ӘКК акционерлерінің шешімдерін жариялау керек, бұл тиімділікті қамтамасыз етуге және компаниялар қызметінің айқындылығын арттыруға ықпал етеді.»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«ӘКК-ны олардың құрамына білікті, оның ішінде компания қызметінің бейініне сәйкес келетін, тізбесі біліктілік талаптарында көрсетілуі мүмкін дамушы нарықтардағы ірі компанияларда жұмыс тәжірибесі бар шетелдік қызметкерлерді кіргізу арқылы күшейту қажет.
Бизнесте жұмыс тәжірибесі бар адамдарды, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектерін тартуға бағдарлана отырып, ӘКК кадрлық саясатын қайта қарау керек.»;
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері» деген кіші бөлімде:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖАО ӘКК басқаруды «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және/немесе ӘКК жарғыларында көзделген акционердің өкілеттіктерін іске асыру жолымен ғана жүзеге асырады.»;
үшінші бөлікте:
1) тармақшадағы «жалғыз акционер ретінде» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ӘКК тобында корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін, оның ішінде үлгі құжаттарға сәйкес ішкі саясат пен регламенттерді қабылдау арқылы енгізу;»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте ӘКК-ке сауықтыру және қаржыландыру жоспарлары (бағдарламалары) бар проблемалық активтер ғана берілетін болады.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ЖАО ӘКК-ге инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің берілуін, оның ішінде құрылып жатқан индустриялық аймақтар құратын ӘКК-не басқарудың берілуін қамтамасыз етеді.»;
алтыншы бөлікте:
«жалғыз акционердің» деген сөздер «акционерлердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жалғыз» деген сөз алып тасталсын;
сегізінші бөліктің 2) тармақшасында «өтеуі» деген сөзден кейін «және ең аз пайданы қамтамасыз етуі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте акционерлердің шешімі бойынша ӘКК шығынға ұшырап отырған қолданыстағы бағдарламалық құжаттардан, оларға тиісті өзгерістер енгізу арқылы шығуы жүзеге асырылады.
ӘКК жобалары бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалар арқылы мемлекеттік қолдау көрсетіледі.»;
тоғызыншы бөлікте «ӘКК-ге» деген сөз «ӘКК қызметін үйлестіру жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ӘКК бизнесті қолдау құралдарын қатар қолдану, сондай-ақ аталған институттардың ресурстарына бизнестің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша даму институттарымен белсенді өзара іс-қимыл жасауы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«ӘКК мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша өңірлік операторлардың рөлін атқара алады және жергілікті деңгейде даму институттарының мүддесін білдіре алады. Бұл тиісті нормативтік құқықтық актілерде және оператордың қызметін көрсету бойынша даму институттары және ӘКК жасасқан шарттарда көзделетін болады. Бұл ретте ӘКК-ның операторлық жөніндегі қызметтеріне бюджеттік бағдарламалар шеңберінде ақы төленеді.»;
«Қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімдіктер рентабельді емес активтерді беру кезінде осы активтерді сауықтыру жоспарына сәйкес қаржыландыру көзделетін болады. ӘКК-ның қаржылық жағдайын жақсарту кірістерді бөлек есепке алуды жүргізу, сауықтыру жоспарларын әзірлеу, ӘКК жобалардан шығуы бойынша талаптар мен шарттарды айқындау арқылы көзделеді.».
2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов