"Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 592 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.06.2017 № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссияның құрамына:

      Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Бақытжан Әбдірұлы Министрінің бірінші орынбасары -

       Қазақстан Республикасының Өңірлік даму

       министрі енгізілсін;

       мына:

      "Досаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық

      Ерболат Асқарбекұлы даму және сауда министрі"

       деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Досаев - Қазақстан Республикасы Экономика және

      Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі";

      көрсетілген құрамнан Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Салидат Зекенқызы Қайырбекова, Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов, Қадырхан Махмұдұлы Отаров, Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады