"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 859 (ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;
2) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
4) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
5) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй).
Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және пайдаланылатын объект түсініледі;
6) тұрғынжайды жекешелендіру – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғынжайларды меншігіне сатып алуы;
7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;
8) қызметтік тұрғын жайға теңестірілген тұрғын жай – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын жай;
8-1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай – Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз ақылы пайдалануға берілетін тұрғынжай;
9) жатақхана – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
10) тұрғын үйдің қалдық құны – тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны;
11) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш берген тұлға;
12) тұрғынжайды жалдау шарты – оған сәйкес жалдауға беруші жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын беретін шарт;
13) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
14) бюджеттік ұйымдар - мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;
15) ведомстволық тұрғын үй қоры – мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған, тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғын үйлер;
16) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2015 № 1072 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2023 № 859 (ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Үкіметінің 06.06.2024 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлері, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде он жыл (жиынтығында) жұмыс істесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын жайларға теңестiрiлген тұрғын жайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс өтілі бар ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер тұрғын жайды өтеусіз жекешелендіреді.
Қызметтiк тұрғын жайға теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен судьялар мемлекеттік қызметте, бюджеттік ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде он жыл (жиынтығында) жұмыс істесе, сондай-ақ егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуы;
2) одан әрі жұмыс істеуге кедергі келтіретін сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Қызметтік тұрғын жай берілген жұмыскер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын үйлер берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар, егер олар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрған болса, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін күнтізбемен есептегенде он және одан да көп жыл әскери қызметте болған әскери қызметшілер мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген қызметтік тұрғын үйді осы Қағидаларда көзделген шарттарда және тәртіппен (жабық және оқшауландырылған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан тұрғын үйлерді қоспағанда) жекешелендіруге құқылы.
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін күнтізбемен есептегенде он бес және одан да көп жыл әскери қызметте болған әскери қызметшілер күнтізбемен есептегенде әскери қызметтің жиырма жылы өткеннен кейін қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 859 (ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Күнтiзбемен есептегенде он және одан көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген, қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Бірнеше жалдаушы тұратын тұрғын үйдi барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғын үй барлық жалдаушылардың ортақ үлестiк меншiгiне өтедi.
7. Мыналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз алады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Тұрғынжай берілген Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған әскери қызметшілер;
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар:
күнтізбемен есептегенде жиырма және одан көп жыл еңбек сіңірген;
күнтізбемен есептегенде он және одан көп жыл еңбек сіңірген және мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.
Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған, тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны өтеусіз жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
7-1) өз-өзіне қол жұмсау (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда), қылмыстық құқық бұзушылық жасау, алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну нәтижесінде қаза тапқанды (қайтыс болғанды) қоспағанда, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган, ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
9) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген ішкі істер органдарының қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген қызметкерлер, сондай-ақ күнтiзбемен есептегенде он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген және мүгедектігі бар балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын жайды жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
10) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;11) саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар;
12) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 637 қаулысымен.Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.10.2018 № 637; 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
8. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды қоспағанда, коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарына берiлетiн тұрғынжайды жалдаушы Заңда көзделген шарттармен және осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, жекешелендiреді.
10. Мыналар:
1) жалдаушылардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда жекелеген тұрғынжайды жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;
1-1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай ретінде ұсынылатын;
2) уақытша құрылыстардағы;
3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
4) одан әрі тұруға жарамсыз болуына байланысты тұрғын емес үй-жайлар етіп қайта жабдықталуға тиіс;
5) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
7) бұзылуға тиіс;
8) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген;
8-1) ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңіне ведомстволық тұрғын үй қорынан берілген;
9) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсектік үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендіруге жатпайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.12.2015 № 1072 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.06.2024 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.11. Азаматтың тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайтын тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы.
Негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11-1. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса;
4) Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-9-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса немесе Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша тұрғын үй төлемдерін пайдалана отырып, міндеттемелерін орындаса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2022 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімді мыналар қабылдайды:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан – жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиялары;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан – мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй комиссиялары;
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан – мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары.
Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
13. Тұрғынжайды жекешелендіру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2024 № 442 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).14. Өтініш беруші жекешелендіру тәртібімен тұрғынжайларды меншікке сатып алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өзі тұратын тұрғынжайды жекешелендіруге өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестендіру үшін);
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктер (қажет болуына қарай, ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
4) порталда тіркелген жалдау шарты не тұрғынжай ордері;
5) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
6) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты қосымша ұсынады;
7) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;
9) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екенін растайтын құжат;
10) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжат.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы тамыздан кейін) куәліктердің мәліметтерін, меншік құқығында өздеріне тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтерді, мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне алады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2024 № 442 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Тұрғын үй комиссиялары өтініш беруші осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады.
16. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайды жекешелендіруден мынадай негіздер бойынша дәлелді бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңда және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
18. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешім шығарғаннан кейін тұрғынжайды беретін орган тұрғынжайдың қалдық құнын:
1) мемлекеттiк мекемелер "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына;
2) мемлекеттiк кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке беру "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншікті бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына (бұдан әрі – Беру қағидалары) сәйкес беру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде порталды пайдалану арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына беру күнтізбелік он бес күн ішінде порталды пайдалану арқылы электрондық нысанда жүргізіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2024 № 442 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).19-1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы қабылданған шешім туралы және Беру қағидаларына сәйкес ресімделген мүлікті қабылдау-беру актісі (беру актісі) туралы мәліметтерді жұмыс органы Порталға тұрғынжайға құқықтар құқықтық кадастрда қайта тіркелген күннен бастап үш күндік мерзімде енгізеді.
Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Тұрғын үйді беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бір мезгілде өтініш берушіге төленуі тиіс сома көрсетілген тұрғын үйдің құны туралы анықтама беріледі.
21. Жекешелендіруге жататын тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында Порталда электрондық форматта ЭЦҚ-ны пайдаланумен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.01.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Портал арқылы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті бюджетке төленуге тиіс тұрғынжайдың құнын төлейді.
Тұрғынжай меншікке өтеусіз алынған кезде төлем жүргізілмейді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2024 № 442 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).23. Тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйдің құнын он жылға дейінгі мерзімге бөліп-бөліп төлей алады. Тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеудің кестесі, шарттары және мерзімдері тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта көзделеді. Бұл ретте, тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта белгіленген тұрғын үйдің құнынан кемінде отыз пайыз мөлшерінде бастапқы жарна енгізеді.
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарттың ажырамас қосымшасы болып табылатын тұрғын үйдің құнын төлеу кестесінде бөліп-бөліп төлеуді ескере отырып, төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі.
24. Бөліп төлеу жолымен тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімді белгіленген тәртіпте алғаннан кейін өтініш берушінің жұмыс орнының өзгеруі оның көрсетілген шешім бойынша тұрғын үйді жекешелендіру құқығын одан әрі іске асыруға әсер етпейді.
25. Азаматтар тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта көзделген төлем кестесі бойынша тұрғын үйдің құнын алты ай қатарынан төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган азаматтан алынған төлемнің сомасы тұрғын үй құнының жартысынан артық болған жағдайды қоспағанда, сотқа өтініш бергенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлама жолдай отырып, тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты сот тәртібінде бұзады.
Тұрғын үй құнының жартысынан көбін төлеген өтініш беруші кесте бойынша алты айдың ішінде тұрғын үйдің құнын төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты бұзбай сот тәртібінде берешекті өндіріп алады.
26. Өзінің бастамасы бойынша тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты бұзған кезде не алты ай қатарынан төлем кестесі бойынша тұрғын үйдің құнын төлемеген жағдайда, тұрғын үйдің құнын өтеу үшін енгізілген сома өтініш иесіне қайтарылады, одан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты жасау мен оны бұзуға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемнің сомасы шегеріледі. Осы сома жеткіліксіз болған кезде өтініш иесі тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты жасау мен оны бұзуға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем сомасындағы айырманы өтейді.
27. Тұрғын үйді жекешелендіру шарты екі данада жасалады, оның біреуі жергілікті атқарушы органда сақталады, екінші өтініш берушіге беріледі.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларына қосымша |
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы
№ ____ үлгі шарт
______________________________ 20__ ж. "___" ____________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің
және елді мекеннің атауы)
____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
бұдан әрі "Меншік иесінің өкілі" деп аталатын _______________________
атынан ______________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
және бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын (бұдан әрі "Тараптар"
аталатын) ____________________________________________________ азамат
(Т.А.Ә.)
төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. (Осы тармақ тұрғын үй өтеулі алынған жағдайда толтырылады).
1) "Меншік иесінің өкілі" тұрғын үйге меншік құқығын береді, ал
"Сатып алушы" және онымен бiрге тұрақты тұратын отбасы мүшелерi, оның
ішінде уақытша болмаған адамдар _____________________________________
_____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.)
мынадай мекенжай бойынша орналасқан _________________________________
_____________________________________________________________________
тұрғын үйдің құнын 20__ жылғы "___" ___________________ дейін төлейді
(тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеген жағдайда төлем осы шартқа
қосымшаға сәйкес тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі бойынша
жүргізіледі) және ортақ бірлескен жеке меншікке тұрғын үйді сатып
алады.
2) Тұрғын үй мыналардан тұрады:
жалпы алаңы ____ м2, оның ішінде тұрғын алаңы ___ м2, тұрғын
емес алаңы ___ м2.
3) Тұрғын үй меншікке сатып алынғанда "Сатып алушыға"
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес беріледі.
4) Тұрғын үйдің құны __________________________________________
(цифрлармен және жазумен)
теңге сомасында деп белгіленді.
5) "Сатып алушы" күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйдің
құнына сомасындағы ______________________________ ақысын төлейді, бұл
(цифралармен және жазумен)
20__ жылғы "___" __________ № _____ құжатпен расталады не осы шартқа
қосымшаға сәйкес Тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі бойынша тұрғын
үйдің құнын _____________ жылға дейінгі мерзімге бөліп-бөліп төлейді.
6) Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген
күнінен бастап пайда болады.
Тұрғын үйге меншiк құқығының пайда болуы үшін негіз осы
тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұрғын үйдің құнын толық төлеу
болып табылады.
2. (Осы тармақ тұрғын үй өтеусіз берілген жағдайда
толтырылады).
1) "Меншік иесінің өкілі" тұрғын үйге меншік құқығын береді, ал
"Сатып алушы" және онымен бiрге тұрақты тұратын барлық отбасы
мүшелерi, оның ішінде уақытша болмаған адамдар ______________________
_____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.)
мынадай мекенжай бойынша орналасқан _________________________________
_____________________________________________________________________
тұрғын үйді ортақ бірлескен жеке меншікке сатып алады.
2) Тұрғын үй мыналардан тұрады:
жалпы алаңы ____ м2, оның ішінде тұрғын алаңы ___ м2, тұрғын
емес алаңы ___ м2.
3) Тұрғын үй меншікке сатып алынғанда "Сатып алушыға"
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес беріледі.
4) Тұрғын үйдің құны __________________________________________
(цифрлармен және жазумен)
теңге сомасында деп белгіленген.
5) Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген
күнінен бастап пайда болады.
Осы шартқа Таптардың қол қоюы тұрғын үйге меншік құқығының
пайда болуына негіз болып табылады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері:
1. "Меншік иесінің өкілі":
1) "Сатып алушыға" сотқа бергенге дейін күнтізбелік отыз күн
бұрын хабарлама жібере отырып, азамат тұрғын үйдің құнын төлем
кестесі бойынша төлемеген жағдайда осы шартты сот тәртібінде бұзуға;
2) осы шарт бойынша төлемнің уақытында және толық аударылуына
бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
2. "Сатып алушы":
1) тұрғын үйдің толық құнын төлей отырып не тұрғын үйді өтеулі
сатып алған кезде он жыл мерзімге дейін бөліп-бөліп төлеу арқылы
жекешелендіруге;
2) тұрғын үйді бөліп-бөліп өтеулі сатып алған кезде
жекешелендірілетін тұрғын үйдің құнын мерзімінен бұрын өтеуге;
3) тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты жасау мен оны бұзуға
дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін меншік иесінің өкіліне төлемнің сомасын қайтара
отырып, өзінің бастамасы бойынша осы шартты бұзуға құқылы.
3. "Меншік иесінің өкілі":
1) "Сатып алушыға" сотқа бергенге дейін күнтізбелік отыз күн
бұрын сот тәртібінде осы шартты бұзу туралы хабарлама беруге;
2) осы шарт бойынша, оның ішінде он жылға дейін бөліп-бөліп
төлеу тәртібінде тұрғын үй құнының төлемін қабылдауға;
3) тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеуді көздейтін тұрғын үйді
жекешелендіру туралы шартты бұзған кезде тұрғын үйді жекешелендіру
туралы шартты жасау мен оны бұзуға дейінгі уақыт аралығында
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын
үйдің құнын төлеу үшін төленген соманы шегере отырып, тұрғын үйді
жекешелендіретін азаматтарға тұрғын үйдің құнын өтеу үшін енгізілген
сомасын қайтаруға;
4) тұрғын үйдің құнын толық төлеген кезде мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрып жатқан тұрғын үйді "Сатып алушының" меншігіне беруге
(тұрғын үйді өтеулі сатып алған кезде);
5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрып жатқан тұрғын үйді
"Сатып алушының" меншігіне беруге (тұрғын үйді өтеусіз сатып алған
кезде) міндетті.
4. "Сатып алушы":
1) тұрғын үйді өтеулі сатып алған кезде төлеуге;
2) тұрғын үйді бөліп-бөліп төлеумен өтеусіз сатып алған кезде
осы шартпен белгіленген тұрғын үйдің құнынан отыз пайыздан кем емес
мөлшерде бастапқы жарна енгізуге, сондай-ақ осы шартқа қосымшаға
сәйкес тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі бойынша тұрғын үйдің құнын
төлеуге;
3) осы шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін үшінші
тұлғаларға бермеуге;
5) "Меншік иесінің өкілі" сұрау салған кезде тұрғын үйдің құны
төленгенін растайтын құжаттарды ұсынуға;
6) тұрғын үйді өтеулі сатып алған кезде тұрғын үйдің құны толық
төленгеннен кейін тұрғын үйді меншікке қабылдауға міндетті.
4. Осы шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс
тілдерінде "Сатып алушы", "Меншік иесінің өкілі" үшін екі данада
жасалады және ол Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
"Меншік иесінің өкілі" "Сатып алушы"
___________________________ ________________________
___________________________ ________________________
(деректемелері), М.О. (деректемелері)
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартқа қосымша |
Тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі
20__ жылғы
№ | Төленетін сома (теңгемен) | Төлеудің тиісті мерзімі (күні, айы, жылы) | Төлеудің нақты мерзімі (төлемді растайтын түбіртектің немесе құжаттың нөмірін көрсете отырып) |
1 | 20 ж. " " қаңтар | 20 ж. " " № | |
2 | 20 ж. " " ақпан | 20 ж. " " № | |
3 | 20 ж. " " наурыз | 20 ж. " " № | |
4 | 20 ж. " " сәуір | 20 ж. " " № | |
5 | 20 ж. " " мамыр | 20 ж. " " № | |
6 | 20 ж. " " маусым | 20 ж. " " № | |
7 | 20 ж. " " шілде | 20 ж. " " № | |
8 | 20 ж. " " тамыз | 20 ж. " " № | |
9 | 20 ж. " " қыркүйек | 20 ж. " " № | |
10 | 20 ж. " " қазан | 20 ж. " " № | |
11 | 20 ж. " " қараша | 20 ж. " " № | |
12 | 20 ж. " " желтоқсан | 20 ж. " " № |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақ КСР мемлекеттік меншiкті жекешелендірудің купондық тетігі туралы ережені іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 қарашадағы № 667 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 3, 48-құжат).
3. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алған тұрғын үйге азаматтардың меншік құқығын ресімдеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 ақпандағы № 87 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шілдедегі № 610 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 29, 431-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы № 1043 қаулысы.
6. "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережеге толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қарашадағы № 1143 қаулысы.
7. "1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 4-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 31 қаулысы.
9. "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-құжат).
10. "Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шартының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысы.
11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы № 738 қаулысы.
12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 тамыздағы № 810 қаулысы.
13. "Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 24 шілдедегі № 1173 және 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1148 қаулысының 2-тармағы.
14. "Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1317 қаулысы.
15. "Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1316 қаулысы.
16. "Мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қазандағы № 1560 қаулысы.
17. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 421 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 567 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 200-құжат).
18. "Астана қаласында орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін тұрғын үй салуға үлестік қатысуға және сатып алуға бөлінетін қаражатты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 294 қаулысының 2-тармағының 4) тармақшасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына 2-қосымша |
Қызмет бабында пайдалану үшін
РҚАО-ның ескертпесі!"Қызмет бабында пайдалану үшін" грифімен берілген 2-қосымша "Заң" деректер базасына енгізілмейді.