"Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 10 Қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 140 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Волков

Алексей Юрьевич

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

Төкежанов

Болат Тұрғанұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Балықбаев

Тахир Оспанұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Мырзағалиев

Мағзұм Маратұлы

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі

Мұхамеджанов

Бектас Ғафурұлы

Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі

Ахметниязова

Лаура Мұстафақызы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрайымы;


      мына:

"Құрманғалиева

Аида Даденқызы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Жақсылықов

Тимур Мекешұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі"


      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Құрманғалиева

Аида Дәденқызы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

Жақсылықов

Тимур Мекешұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі";


      көрсетілген құрамнан Серік Әбжалиұлы Ахметов, Назарбек Есеркепұлы Бейсен, Марат Бақытжанұлы Бекетаев, Қайрат Ермекұлы Омаров, Берік Зиябекұлы Толымбаев, Саят Болатұлы Шаяхметов, Марлен Нұрахметұлы Ысқақов шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады