"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 551 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бөлім.   Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында
                  қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға және
                  инвестициялық басым жобаны іске асыратын
                  ұйымға салық салу»;
      17-1-тараудың және 152-1, 152-2-баптардың мынадай мазмұндағы тақырыптарымен толықтырылсын:
      17-1-тарау. Инвестициялық басым жобаны
                  іске асыратын ұйымға салық салу
      152-1-бап   Жалпы ережелер
      152-2-бап.  Инвестициялық басым жобаны
                  іске асыратын ұйымға салық салу»;
      2) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы кодекстің 17-1-тарауын қолданған кезде инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және қолданылу мерзімі аяқталған немесе инвестициялқ келісімшарт қолданысының өзге де тоқтатылу күнінен бастап 5 жыл ішінде есептелген, есепке жазылған салық сомаларын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе қайта қарауға салық төлеуші міндетті, салық қызметі органы құқылы.
      Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығы және акциздер бойынша салық міндеттемелерін орындауға қолданылмайды.»;
      3) 123-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.» деген сөздер «болып табылмаса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.»;
      4) 137-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым көрген залалдары осындай инвестициялық келісімшарттың қолданысы тоқтатылған салық кезеңінен кейін келетін салық кезеңіне ауыстырылмайды.»;
      5) мынадай мазмұндағы 17-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «17-1-тарау. Инвестициялық басым жобаны
                   іске асыратын ұйымға салық салу
      152-1-бап.  Жалпы ережелер
      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мына талаптарға сәйкес келетін заңды тұлға:
      1) жаңадан құрылған заңды тұлға Қазақстан Респуликасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруды және салықтар бойынша преференциялар беруді көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасса және инвестициялық басым жобаны іске асырса;
      2) жүзеге асырылатын қызмет түрлері толық көлемде инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің белгілі бір тізбесіне сәйкес келсе;
      3) инвестициялық басым жобаны іске асыру ойынша қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) табыстар заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құраса инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзгерістері мен толықтырулары салық (қосылған құн салығы мен акциздерден басқа), алымдар және төлемдер, мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасқан ұйым осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған салық (қосылған құн салығы мен акциздерден басқа), алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін қолданады.
      3. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылу жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
      152-2-бап. Инвестициялық басым жобаны
                 іске асыратын ұйымға салық салу
      1. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын және арнайы салық режимін қолданбайтын ұйым:
      1) осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
      2) осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген амортизацияның шекті нормаларын салық кезеңінің соңына қарай топтардың (кіші топтардың) құндық баланстарына қолдану арқылы топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды айқындайды.
      Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшартта корпоративтік табыс салығын 100%-ға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
      Осы тармақтың қолданылу мерзімі:
      1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
      2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейін келетін жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін он ретті жылдан кешіктірмей аяқталады;
      2. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне
0 коэффициентін қолданады.
      Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшартта жер салығына 0 коэффициентін қолдану көзделсе қолданылады.
      Осы тармақтың қолданылу мерзімі:
      1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
      2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейін келетін жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін он ретті жылдан кешіктірмей аяқталады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны жүзеге асыруға пайдалынатын жер учаскесін немесе оның бөлігін (онда орналасқан ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) өзге негіздерде жалға, пайдалануға берілген жағдайларда қолданылмайды.
      3. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілген объектілер бойынша салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді.
      Осы тармақтың ережелері:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;
      2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшартта мүлікке салықты есептеу салық базасына 0 пайыз коэффициенті бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.
      Осы тармақты қолдану мерзімі:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында алғашқы актив ескерілген айдың 1 күнінен басталады;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бірінші актив негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейін келетін жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін сегіз ретті жылдан кешіктірмей аяқталады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілері сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген жағдайда қолданылмайды.»;
      6) 387-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын;
      7) 398-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
      8) 583-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органға Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестицилық келісімшарттар туралы, сондай-ақ аталған инвестициялық келісімшарттардың қолданысының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша беруге міндетті.».
      2. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12,
85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
      1) 3-баптың 10), 22), 30) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) орташа мерзімді кезең – төрт жылға дейінгі уақытты қоса алғанда бір жылдан асатын уақыт аралығы;
      22) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейі – ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
      30) ұзақ мерзімді кезең – бес және одан көп жылдан астам уақыт аралығы;»;
      2) 7-бапта:
      бірінші бөліктің 2-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-3) қуаттылығы шағын табиғи монополиялар субъектілерін, табиғи монополиялардың және өңірлік электр желісі компанияларының жаңадан құрылған субъектілерін қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) шекті деңгейлері бойынша реттелетін қызметтерді ұсынуға;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-3), 4), 7-1), 10), 14-1), 17) және 18) тармақшаларында көзделген мiндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.»;
      3) 15-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салыстырмалы талдау әдісі қолданылған тариф электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен салыстырмалы талдау әдісі қолданылған тарифтің есеп-қисабы әдістемесіне сәйкес әрбір өңірлік электр желісі компаниясы үшін жылдарға бөле отырып бес және одан көп жылға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігі ескеріліп жыл сайын түзетіледі.».
      3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж.,
№ 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12,
111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерге белгілеген шетелдік жұмыс күшінің саны;»;
      2) 11-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлейдi.»;
      екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарттарды жасасқан заңды тұлғаларда жұмыс істейтіндер, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) сәулет және құрылыс қызметі саласында (іздестіру және жобалау қызметін, инжинирингтік қызметтерді қоса алғанда) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе қызметті орындаушы ретінде тартылатын ұйымдарда жұмыс істейтіндер инвестициялық қызмет объектісін пайдалануға бергеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге жоғары білімі бар басшылар мен мамандар ретінде, сондай-ақ Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, Жұмысшылардың кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтіндер;».
      4. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жұмыс бағдарламасы – инвестициялық жобаны, оны пайдалануға бергенге дейінiске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа қосымша, сондай-ақ жобаны пайдалануға бергеннен кейінгі жобаның негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) инвестициялық басым жоба – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қызметтің белгілі бір басым түрлері бойынша қайтадан құрылған заңды тұлға іске асыратын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) инвестициялық келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) инвестициялық омбудсмен – инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы бойынша функциялар жүктелетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын лауазымды тұлға;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) инвестициялық преференциялар – инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыруатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн артықшылықтар;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1), 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) инвестициялық субсидия – тегін және қайтарылмайтын негізде берілетін бюджеттік қаражат есебінен инвесторға мемлекеттік қаржылық қолдау ретінде ұсынылатын инвестициялық преференция;»;
      11-1) инвестор үшін «бір терезе» қағидаты – уәкілетті орган тарапынан инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыратын инвесторлардыңқұжаттарды жинауға және дайындауға қатысуын азайтуды көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуда жәрдемдесудің және олардың мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілерімен тікелей байланысының шектелуінің орталықтандырылған нысаны;»;
      13), 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) мемлекеттiк заттай гранттар – Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiле отырып не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсыныла отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiлетiн мүлiк;
      16) технологиялық жабдық – инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар.»;
      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Инвестордың жасалған инвестициялық жоба бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуымен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасында реттеледі.»;
      3) 12-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Уәкілетті орган «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
      2-2. Уәкілетті орган мен инвестор арасындағы жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес уәкілетті орган мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдендірілген тапсырысты қамтамасыз етуде жәрдемдеседі.»;
      4) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
      «12-1-бап. Инвестициялық омбудсмен
      1. Инвестициялық омбудсменді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық омбудсмен:
      1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін ұсынымдар шығарады, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып;
      2) туындайтын мәселелер бойынша соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте инвесторларға көмек көрсетеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      3. Инвестициялық омбудсмен туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      5) 13, 14, 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері
      1. Инвестициялқ жоба бойынша (соның ішінде инвестициялық басым жоба) инвестициялық преференциялардың мына түрлері беріледі:
      1) кеден баждарын салудан босату;
      2) мемлекеттік заттай гранттар;
      3. Инвестициялық басым жоба бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген инвестициялық преференцияларға қосымша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі (бұдан әрі – инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар):
      1) салықтар бойынша преференциялар;
      2) инвестициялық субсидия.
      14-бап. Инвестициялық преференциялар
              беру тәртібі
      1. Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органға инвестициялық преференциялар беруге өтінімді және осы Заңды белгіленген талаптарға өтінім берушінің сәйкестігін растайтын, оның ішінде осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жібереді.
      2. Инвестициялық преференциялар уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған, инвестициялық жобаны іске асыратын инвестициялық келісімшарт негізінде беріледі.
      Уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      15-бап. Инвестициялық преференциялар
              беру талаптары
      1. Инвестициялық преференциялар:
      1) инвестициялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
      2) инвестициялық басым жоба бойынша – Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына беріледі.
      Инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаты үшін инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы мынадай талаптарға сәйкес келетін:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік реттеу инвестициялық преференцияларды беруге өтінім берген күнге дейін он екі ай бұрын жүзеге асырылған;
      2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосылған қызметтің түрлерін жүзеге асыратын;
      3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
      2. Инвестициялық преференциялар заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосылған қызметтің түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру кезінде беріледі.
      Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қызметтің басым түрлерінің тізбесі шеңберінде Индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес қалыптастырылатын Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесі бекітіледі.
      Қызметтің басым түрлерінің тізбесі инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің дербес тізбесін қамтиды.
      Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің мынадай түрлері:
      1) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
      3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 279-бабы 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетін тауарларды шығару бойынша қызмет қосылуға жатпайды.
      Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесін қоса алғанда, қызметтің басым түрлерінің тізбесі жылына бір реттен көп емес қайта қаралуы мүмкін.
      3. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар мынадай талаптарды:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерін;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес білім берудің дербес ұйымдарын;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда,
      республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселік мөлшерінде инвестицияны жүзеге асыратын инвестициялық преференцияларды беруге өтінімді берген күніне қолданыста болған Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылады;
      2) инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін инвестициялық преференциялар алуға өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды ұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы мемлекет және (немесе) квазимемлекет секторының субъектісі болып табылмайды;
      3) инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көзі немесе кепілдіктер ретінде бюджет қаражаты тартылмайды;
      4) инвестициялық қызмет концессия шарты шеңберінде жүзеге асырылмайды;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық субсидия беру туралы әрбір инвестициялық басым жоба шешімнің болуын сақтаған кезде беріледі.
      4. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзімі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен белгіленеді және инвестициялық преференциялардың әрбір түрі бойынша инвестициялық келісімшартта көрсетіледі.
      5. Инвестициялық преференциялар инвестордың инвесторға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын, оның ішінде осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда беріледі.
      6. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      6) 17-бапты:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кеден баждарын салудан босатылады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектерді, шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде 5 жылға дейін кеден бажын салудан босату тіркелген активтерге инвестициялар көлеміне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.»;
      7) 18-1, 18-2-баптар алып тасталсын;
      8) мынадай мазмұндағы 18-3, 18-4, 18-5-баптармен толықтырылсын:
      «18-3-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы
                 өзгерген кездегі тұрақтылыққа кепілдік
      1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
      1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
      2) Қазақстан Республикасының шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңнамасы өзгерген кезде тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
      2. Осы Заң белгілеген тәртіпте инвестициялық келісімшарт мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнама өзгерген кездегі тұрақтылыққа кепілдік қолдану күшін жояды.
      18-4-бап. Салықтар бойынша преференциялар
      1. Салықтар бойынша преференциялар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда инвестициялық басым жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларға беріледі.
      2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
      1) есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100% азайту;
      2) жер салығы мөлшерлемесіне 0 коэффициентін қолдану;
      3) салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша мүлікке салықты есептеу.
      3. Инвестициялық келісімшартпен салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен жоғары емес мерзім.
      4. Осы Заң белгілеген тәртіпте инвестициялық келісімшарт мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда салықтар бойынша преференцияларды қолдану күшін жояды.
      18-5-бап. Инвестициялық субсидия
      1. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға беріледі.
      2. Инвестициялық субсидияны беру инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
      3. Инвестициялық субсидия қосылған құн салығы мен акциздерді есепке алмастан, растаушы құжаттардың негізінде құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдық сатып алуға жұмсалған, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттарда көзделген шығындардың құнынан аспайтын нақты шығындардың 30% дейін өтеу жолымен беріледі.
      4. Инвестордың нақты шығындарын растайтын құжаттар:
      1) Қазақстан Респуликасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алынған құжаттар;
      2) Қазақстан Респуликасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
      3) Қазақстан Респуликасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кеден декларациясы;
      5. Инвестициялық субсидияларды төлеу кестесі мен жылдық көлемдері мынадай:
      инвестициялық субсидия инвестицияның көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, жұмыс бағдарламасы аяқталғаннан кейін және инвестициялық жобаның қолданылуы аяқталғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу қағидатының негізінде инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.
      6. Инвестициялық келісімшартта белгіленген толық көлемде инвестициялық субсидияларды төлеу, инвестор жұмыс бағдарламасына сәйкес кәсіпорынды жүктеу бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
      Инвестор кәсіпорынды жүктеу бойынша жұмыс бағдарламасында белгіленген жылдық көрсеткішті орындамаған жағдай инвесторға осы көрсеткішті орындау пайызына пропорционалды субсидиялар көлемі төленеді.
      7. Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      9) 19-бапта:
      4), 5), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
      5) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға жұмсалған шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмелерi;
      6) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер инвестициялық преференциялар ұсынуға берілген өтінімде инвестициялық субсидиялар беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттардан басқа, басшының қолымен, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.»;
      «9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.»;
      10) 21-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Инвестициялық келісімшартты жасасу күні оны уәкілетті орган тіркеген күн болып табылады.»;
      11) 21-1-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1.Инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін уәкілетті органға аудиторлық есеп береді, онда мыналар қамтылуы тиіс:
      1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
      2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша ашып көрсету;
      3) жұмыс бағдарламасының орындалу шарттары туралы мәліметтер;
      4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәлімет.»;
      12) 22-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:
      1) тараптардың келiсiмi бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының немесе уәкiлеттi органның бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
      3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда Уәкілетті орган инвестициялық келісімшартқа осы Заңның 21-1-бабының 3-тармағында көзделген өзгерістерді енгізу үшін инвестициялық жобаны одан әрі іске асыру мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
      Егер хатты алған сәттен бастап үш айдың ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған жағдайда Уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген сәттен бастап екі ай өткен соң инвстициялық келісімшарт мерзімінен бұрын бір жақты қолданылуын тоқтататыны туралы хабарлама жібереді.
      Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда көрсетілген заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өсімпұл есептей отырып, инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың салдарынан төленбеген салықтар мен кедендік баждардың сомаларын төлейді.».
      5. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат):
      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда (Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімімен айқындалған концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) заңды тұлға;»;
      2) 8-бап мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-2) концессиялық жобаларды қаржыландыру бойынша ұйымдарды айқындайды;».
      6. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат):
      1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерге белгілеген шетелдік жұмыс күшінің саны;»;
      2) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді;»;
      3) 37-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша белгілейтін квотаның негізінде жүзеге асырылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеудің тәртібі мен мерзімдерін, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
      2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады