Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 571 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2022 № 571 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі;

      2) оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі;

      3) көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 817 қаулысымен
бекітілген

Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.10.2014 № 1134 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.09.2018 № 544; 10.11.2021 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен қаулыларымен.

      1. Теміржол вокзалдары:

      1) "Астана";

      2) "1 Алматы";

      3) "2 Алматы";

      4) "Қарағанды";

      5) "Ақтөбе";

      6) "Орал";

      7) "Қызылорда";

      8) "Атырау";

      9) "Маңғышлақ";

      10) "Бейнеу";

      11) "Көкшетау";

      12) "Қостанай";

      13) "Павлодар";

      14) "Шымкент";

      15) "Жамбыл";

      16) "Шу";

      17) "Семей";

      18) "Петропавл".

      2. Автовокзалдары:

      1) "Сапаржай - Астана";

      2) "Сайран";

      3) "Саяхат";

      4) "Көкшетау";

      5) "Талдықорған автобекеті";

      6) "Ақтөбе Сапар";

      7) "Өскемен";

      8) "Облтранском";

      9) "Тараз автобекеті";

      10) "Орал қаласының автобекеті";

      11) "Қостанай";

      12) "Салтанат";

      13) "Қарағанды Сапар";

      14) "Автовокзалсервис";

      15) "Сапаржай Павлодар";

      16) "Петропавл";

      17) "Самал";

      18) "Алаш";

      19) "ШКААВ";

      20) "Бекжан";

      21) "Атырау".

      3. "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      4. Алматы қаласының метрополитен желілері.

      5. Әуежайлар:

      1) Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы;

      2) "Алматы халықаралық әуежайы";

      3) "Петропавл халықаралық әуежайы";

      4) "ОРАЛ" халықаралық әуежайы";

      5) "Ақтөбе" халықаралық әуежайы";

      6) "Атырау халықаралық әуежайы";

      7) "Семей халықаралық әуежайы";

      8) "Әулие-Ата халықаралық әуежайы";

      9) "Ақтау халықаралық әуежайы";

      10) "Қостанай халықаралық әуежайы";

      11) "Шымкент әуежайы";

      12) "Павлодар әуежайы";

      13) "Сарыарқа" әуежайы";

      14) "Өскемен әуежайы";

      15) "Қорқыт Ата әуежайы".

      6. "Жезқазған-эйр" авиакомпаниясының әуеайлағы".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 817 қаулысымен
бекітілген

Оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Президенті.

      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

      3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы.

      4. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Терағасы.

      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

      6. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

      7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы.

      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы.

      10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

      11. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

      12. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

      14. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.

      16. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы.

      17. Қазақстан Республикасының министрлері.

      18. Егер жеке багажында жеке пайдалануға арналмаған немесе көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар бар деп болжауға байыпты негіздер болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен дипломатиялық персонал мүшелері, сондай-ақ егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері. Ондай тексеріп қарау тиісті адамның қатысуымен ғана жүргізілуге тиіс.

      19. Егер жеке багажында жеке пайдалануға арналмаған немесе көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдар бар деп болжауға байыпты негіздер болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінің консулдық лауазымды адамдары, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері. Ондай тексеріп қарау тиісті адамның қатысуымен ғана жүргізілуге тиіс.

      20. Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттарында көзделген жағдайларға сәйкес Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің лауазымды адамдары.

      21. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тексеріп қараудан босатылған өзге адамдар.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 817 қаулысымен
бекітілген

Көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынатын заттар мен құралдардың тізбесі

      Көлік инфрақұрылымы объектілеріне мынадай заттар мен құралдарды әкелуге тыйым салынады:

      1. Жарғыш және өлімге әкеп соқтыратын өзге де құрылғылар, жарылғыш заттар және құрамында жарылғыш заттар бар құралдар, оның ішінде:

      1) саны мен орамасына қарамастан, оқ-дәрілердің барлық түрлері;

      2) гранаттар, миналар және снарядтардың барлық түрлері;

      3) аңшы капсюльдері (пистондары) және тұтандырғыш капсюльдер;

      4) динамит, тол, аммонал, тротил және басқа да жарылғыш заттар;

      5) капсюльдер, тұтандырғыштар, электр тұтандырғыштары, тұтандыратын электр тұтандырғыштар және от өткізгіш баулар;

      2. Радиоактивті заттар.

      3. Есірткі кұралдары.

      4. Тез тұтанғыш сұйықтықтар мен заттар:

      1) бензин;

      2) мұнай өнімдерінің сынамалары;

      3) метанол;

      4) метилдік эфир;

      5) күкірт көміртек;

      6) эфирлер және өзге тез тұтанатын сұйықтықтар.

      5. Тұтанғыш қатты заттар - су тиюі әсерінен өздігінен тұтануы және өртенуі мүмкін жылу және жанғыш газдар шығаратын заттар:

      1) калий, натрий, металл кальций және олардың құймасы;

      2) ақ, сары, қызыл фосфор, тұтанатын қатты заттар санатына жататын өзге де заттар;

      3) органикалық тотықтар;

      4) коллоидті нитроцеллюлоза.

      6. Улы, қатты әсер ететін және уландыратын сұйық немесе қатты күйдегі, ыдысқа оралған заттар:

      1) бруцин;

      2) стрихнин;

      3) тетрагидрофурфурилді спирт;

      4) этиленгликоль;

      5) сынап;

      6) синильді қышқылдың барлық тұздары және цианды препараттар;

      7) циклон;

      8) цианқұймасы;

      9) мышьяк ангидриді және қатты әсер ететін өзге де улы және уландыратын заттар.

      7. Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, құрамында осылар бар заттар мен құралдар.

      8. Улы және тоттанатын заттар:

      1) бейорганикалық қышқылдар, соның ішінде тұз, күкірт, азот және өзге де қышқылдар;

      2) фторлы-сутекті (плавикті) қышқыл және өзге де күшті қышқылдар және тоттанатын заттар.

      9. Атыс (қол жауынгерлік атыс, азаматтық және қызметтік) қаруының барлық түрлері, әрекеті электр энергиясын, радиоактивті сәулеленуді және биологиялық факторларды пайдалануға негізделген қару; лақтыратын, электрлік, механикалық қару, оның ішінде ойық ұңғылы, тегіс ұңғылы, аралас, ұңғысыз травматикалық, газды, травматикалық оқ-дәрімен атылатын газды, пневматикалық сигнал беру және жаттығу қаруы, атыс қаруының бөлшектері (телескоптық көздеу құрылғылары мен көздеуішті қоспағанда).

      10. Түйрегіш және кесетін қару, соғу-бытырату әрекеті бар заттар және ұшталған бұйымдар, қылыштар, үлкен пышақтар, наркескендер, палаштар, семсерлер, мачетелер, сапылар, найзалар, қанжарлар, кездіктер, стилеттер, кастеттер, кистендер, өзге де жүзі бар қарулар, балталар, жебе және жебе түріндегі зақымдайтын элементтер, оның ішінде лақтыратын жұлдызшалар, темір ілгектер, гарпундар, мұз шапқыштар, оның ішінде кез келген материалдан жасалған, әлеуетті қару ретінде пайдалануға арналған барынша берік заттар.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда және тәртіппен атыс және газ қаруының ок-дәрілері, соның ішінде соғыс, жарық-дыбыс, травматикалық әрекет ететін, бос патрондар, жарақталған аң аулау патрондары.

      Ескертпе:

      9, 10 және 11-тармақтарда тізбеленген заттар мен құралдарды әкелу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген осы заттар мен нәрселерді сақтау мен алып жүруге тиісті рұқсаты болған жағдайларда жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады