"Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 820 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 820 қаулысымен
бекітілген

"Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму
стратегиясы

      "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес әзірленген.

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі – ӘКК) – бұл мемлекет пен жеке меншік бизнестің мүмкіндіктерін біріктіру жолымен дамытылатын компаниялардың құнын өсіру және жеке меншік секторды қолдау арқылы өңір экономикасын орнықты дамытуды және әртараптандыруды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған әлеуметтік бағдарланған бизнес құрылым.

      Мемлекет ресурстары мен жеке меншік капиталды кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға және осы сатыда тартымсыз болып отырған бизнестегі бәсекелестікті ынталандыруға жұмсау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ерекшелігі болып табылады. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кооперацияны күшейтуге және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін өзіндік өңірлік даму институттары ретінде әрекет етеді.

      Осылайша, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация – бұл:

      1) инновациялық және инвестициялық жобаларды қолжетімді қаржыландыру көзі;

      2) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қатысатын инвестициялық жобаларды іске асыру инвесторлар үшін сараптама сапасының кепілдігі болып табылады;

      3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың инвестициялық жобаларға қатысуы мемлекеттік қолдау алу кепілдігі болып табылады.

      Мыналар ӘКК даму стратегиясын жасау және енгізу қағидаттары болып табылады:

      1) даму стратегиясы қарама-қайшы мақсаттар мен бағдарламаларды қамтымайды;

      2) келісімділік – даму стратегиясында сыртқы ортаға және онда болып жатқан өзгерістерге бейімдік реакция көзделеді;

      3) артықшылық – даму стратегиясы қызметтің таңдап алынған саласындағы шығармашылық және бәсекелік артықшылықты қолдау үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді;

      4) жүзеге асырылуы – даму стратегиясында қолда бар ресурстарды шамадан тыс жұмсау көзделмейді және ол шешімі жоқ проблемалардың орын алуына әкеп соқтырмайды.

      Стратегияның тұжырымдамалық сипаты бар және Стратегия келісіліп, бекітілгеннен кейін әзірленетін ұйымдастырушылық іс-шаралар мен құжаттамалық рәсімдердің сипатын қамтымайды.

      Стратегия кейінгі бағдарламалық құжаттарды, орта мерзімді даму жоспарларын, болжамды қаржы модельдерін, сондай-ақ ӘКК бюджетін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

      Осы Стратегия таяудағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктері мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мынадай нормативтік құқықтық актілердің негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы;

      2) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы;

      3) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;

      4) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығы;

      5) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы;

      6) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы;

      7) "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;

      8) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысы;

      9) "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысы;

      10) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысы;

      11) "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы;

      12) "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі

      2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысы.

      1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      ӘКК өз қызметін Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының аумағында жүзеге асырады.

      Жамбыл облысының жалпы аумағы – 144,3 мың км2, бұл республика аумағының 5,3 %-ын құрайды.

      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны – 1085 мың адам, ауыл халқы 61 %-ға жуық.

      Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі дамудың оң серпінімен сипатталады.

      Статистикалық деректер бойынша Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы нақты мәнде 14,2 %-ға өсті, ал 2011 жылмен салыстырғанда 40,15 %-ға өсті (осы Стратегияға 2-қосымша).

      Қазақстан Республикасы ЖІӨ құрылымындағы Жамбыл облысының ЖӨӨ үлесі 2013 жылы 2012 жылғы деңгейде қалды және 2,6 %-ды құрады (осы Стратегияға 2-қосымша).

      Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 2013 жылы 94,8%-ға дейін ұлғайды. Жұмыссыздық деңгейі 2012 жылғы 5,4 %-дан 2013 жылы 5,2 %-ға дейін төмендеді (осы Стратегияға 2-қосымша).

      Жамбыл облысында орташа айлық жалақы жыл сайын артып келе жатқанына қарамастан, оның деңгейі жалпы Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақы деңгейінен әлі де төмен. 2010 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде облыс бойынша орташа айлық жалақы 51,3 мың теңгеден 75,8 мың теңгеге дейін өсті (осы Стратегияға 2-қосымша).

      Өнеркәсіп

      Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің республикалық көлемдегі үлесі 2009 жылы 1,3 %-ды, 2010 жылы – 1,0 %-ды, 2011 жылы – 1,2 %-ды, 2012 жылы 1,2 %-ды және 2013 жылы – 1,3 %-ды құрады (осы Стратегияға 2-қосымша).

      Облыста минералдық-шикізат ресурстары болуының арқасында, кен өндіру өнеркәсібі, карьерлер қазу, тамақ өнімдерінің өндірісі, химия өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, өзге де бейметалл минералды өнімдер өндірісі, электр энергетикасы саласы дамыған.

      2013 жылы облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 237,8 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, нақты көлем индексінің деңгейі 107,7 %-ды құрады, оның ішінде:

      1) кен өндіру өнеркәсібінде – 17,59 млрд. теңге (115,4 %);

      2) өңдеуші өнеркәсіпте – 179.42 млрд. теңге (107,3 %).

      Кен өндіру өнеркәсібіндегі оң қарқын табиғи құм өндірудің 2,3 есеге, ұсақталған фосфат шикізатын өндірудің 13,4 %-ға, қиыршықтас мен ұсақталған тас өндірудің 48,5 %-ға, металл кендерін өндірудің 145,5 %-ға ұлғаюымен қамтамасыз етілген.

      Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің өсуіне қол жеткізілді, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі – 65,2 %, өзге де бейметалл минералды өнімдер өндірісі – 11,2 %, газ тәріздес отын өндіру және бөлу – 81,3 %.

      Кен өндіру өнеркәсібіндегі оң қарқын кен мен мыс концентраттарын өндірудің 1,7 есеге, газ конденсатын өндірудің 2,3 %-ға, ұсақталған фосфат шикізатын өндірудің 13,4%-ға, әктас пен гипс өндірудің 12,6 %-ға, табиғи құм өндірудің 2,3 есеге ұлғаюымен қамтамасыз етілген.

      2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда табиғи газ өндіру 0,2 %-ға, жіңішкелеп ұсақталған фосфат шикізатын өндірудің 23,9 %-ға, қиыршықтас өндірудің 15,7%-ға азайғаны байқалды.

      Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің өсуіне қол жеткізілді, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі – 65,2%, өзге де бейметалл минералды өнімдер өндірісі – 11,2%, газ тәріздес отын өндіру және бөлу – 81,3%. Облыс өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 75,4%-ды құрады.

      Тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 50 158,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – 141,9%. Өңдеуші өнеркәсіп саласының үлесі – 28,0%.

      Салада ірімшік пен сүзбе өндірісі 6,5%-ға, ұн өндірісі 38,9%-ға ұлғайды. Облыстың қант зауыттары 273,1 мың тонна немесе 2012 жылға қарағанда 2,0 есе артық қант шығарды.

      Жеңіл өнеркәсіп

      Жеңіл өнеркәсіп көлемі 1 468,1 млн. теңгені немесе 2012 жылдың деңгейіне қатысты 74,6%-ды құрады. Саланың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі – 0,8%.

      Салада тоқыма бұйымдарының өндірісі 24,1%-ға; былғары өнімдерінің өндірісі 35,4%-ға азайды. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарудың құлдырау себебі – дайын өнімге сұраныстың азаюы.

      Химия

      2013 жылы химия өнімдері өндірісінің көлемі 54 352,3 млн. теңгені немесе 2012 жылдың осындай кезеңіне қатысты 98,2 %-ды құрады. Саланың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі – 30,3 %.

      Өнімге сұраныстың азаюына байланысты фосфор қышқылын шығару 13,3%-ға, натрий триполифосфатын шығару 12,8 %-ға азайған. Сонымен бірге, жасыл фосфор шығару 3,7 %-ға, азотты тыңайтқыштар шығару 4,3 %-ға, фосфорлы тыңайтқыштар шығару 1,3 %-ға ұлғайды.

      Мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің көлемі 16 956,4 млн. теңгені немесе 2012 жылдың деңгейіне қатысты 123,7%-ды құрады. Саланың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі – 9,5%.

      Облыс кәсіпорындары 314,3 мың тонна мұнай өнімдерін (мазут, дизель отыны, дистилляттар) шығарды немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 26,2 мың тоннаға артық. Облыстың мұнай өнімдерін ең басты өндірушісі – "Амангелді газ өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тараз филиалы.

      Құрылыс материалдарының өндірісі

      Есепті кезеңде өзге де бейметалл минералды өнім өндірісінің көлемі 24 484,3 млн. теңгені немесе 2012 жылдың деңгейіне қатысты 108,9 %-ды құрады. Саланың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі – 13,6 %.

      Салада портландцемент шығару 3,6 %-ға, тауарлық бетон шығару 2,5 есе, плиталар мен кірпіштер шығару 6,7 %-ға, бетоннан құрастырмалы құрылыс конструкцияларын шығару 12,1 %-ға ұлғайған. Сонымен бірге, гипс (НКИ 92,4 %), шыны ыдыс (53,7 %), ескерткіштерге арналған өңделген тас (96,4 %) өндірісі 2012 жылдың деңгейіне жеткен жоқ.

      Металлургия өнеркәсібі

      2013 жылы металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі құлдырап кетті, есепті кезеңде оның көлемі 10 634,7 млн. теңгені, НКИ – 58,8 %-ды құрады. Саланың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі – 5,9 %.

      Артта қалу мынадай кіші салалардағы құлдыраумен негізделген:

      1) қара металлургия (НКИ 28,1 %);

      2) асыл металдар мен түсті металдар өндірісі (НКИ 90,4 %).

      Сонымен қатар, облыста құю өндірісі қарқын алып келеді. Айталық, 2013 жылғы сәуірде "Запчасть" АҚ-та қоспаланбаған болат шығаратын жаңа құю цехы іске қосылды, мұның өзі құю өнімдерінің көлемін 31,9 %-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді.

      Машина жасау

      Машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі 10 756,4 млн. теңгені немесе 2012 жылдың деңгейіне қатысты108,2%-ды құрады. Саланың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі – 6,0%.

      Сала өнімдерінің негізгі өндірушілері – "Қамқор Локомотив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалдары: Шулокомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы. Шулокомотив жөндеу зауытында маневр тепловоздарын құрастыру жөніндегі цех іске қосылған. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,1 млрд. теңге сомасына 18 тепловоз құрастырылған.

      Фосфорлы тыңайтқыштарға ішкі сұраныстың төмен болуы және тұтынудағы импорт үлесінің жоғары болуы, сондай-ақ тауарлар мен табиғи монополоиялардың көрсетілетін қызметтері тарифтерінің жоғары болуы өнеркәсіптің негізгі проблемалары болып табылады, оның ішінде кальцийлендірілген сода коксының болмауымен қатар, инфрақұрылымдық объектілердің тапшы болуы проблемалары да байқалып отыр.

      Жер қойнауын пайдалану

      Жер қойнауынан ашылған пайдалы қазбалардың әралуан болуы жағынан Жамбыл облысы алдыңғы орындардың бірінде. Облыста пайдалы қазбалардың түр-түрі бар, олардың ішіндегі ең маңыздылары асыл металдар – алтын, түсті металдар, мыс, қорғасын мен мырыш, фосфориттер, плавикті шпат, бариттер, көмір мен минералды тұздар. Құрылыс материалдарының орасан зор қоры барланған.

      Облыс аумағында республикадағы фосфориттердің теңгерімдік қорының 71,9%-ы, плавикті шпаттың 68%-ы, алтынның, мыстың 8,8%-ы, уранның 0,7%-ы шоғырланған. 4520,94 мың м3/тәул. пайдалану қорлары бекітілген жерасты суларының 40 көзі анықталған.

      Облыс аумағында Шу ойпатының солтүстік ернеуінде Шу көмір бассейні орналасқан, санат бойынша бассейннің болжамды ресурстары – 4,3 млрд. тонна.

      Облыста азот-гелий газдарының көзі анықталған. 2013 жылы облыста 317 млн.м3 газ өндірілген.

      Қазіргі уақытта барланған және пайдаланылып жатқан алтынның өнеркәсіптік қорларының кен орындары облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 2013 жылы 1 178,16 кг. алтын өндірілген.

      Мыстың, қорғасынның және мырыштың барланған кен орындары облыстың түсті металдарының минералдық-шикізаттық әлеуетінің негізін құрайды.

      Айталық, 2013 жылы 646,4 мың тонна мыс, 146,5 мың тонна полиметалл (қорғасын, мырыш, күміс, кадмий) және 1 728 мың тонна фосфорит өндірілген.

      Плавикті шпат қоры жағынан облыс әлемде алдыңғы қатардағы орындардың бірін иеленеді.

      Айнакен, Батпакен, Бұралкен тұзы, Жабар, Қамқалыкөл, Қарақыр, Майдагенкөл, Тұзкөл көлдері мен басқа көлдер өнеркәсіптік қызығушылық тудырады. Олардың ішінде ас тұзының екі кен орны барланған: Майдагенкөл және Тұзкөл, бұлар пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімінде ескерілген.

      Облыстағы құрылыс материалдарының кен орындары әралуан және әртүрлі. Желтау гренит кен орны, Қордай кен орны, Майкөл амазонитті гранит кен орны және Тесіктас түсті мәрмәр кен орны қаптау тастарының неғұрлы ірі кен орындары болып табылады.

      Аумақта портландцемент өндірісі үшін жарамды әктастың екі кен орны барланған.

      Облыста силикат бұйымдары үшін өнеркәсіптік игеруге бір кен орны дайындалған – Асы эол құмының кен орны.

      Экономикалық өсуді және облыс тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында өндірісті ұлғайту әрі минералдық шикізатты өткізу үшін облыстың жер қойнауын ұтымды әрі тиімді пайдалануды одан әрі жақсарту бүгінгі күннің міндеті болып табылады.

      Үкімет бекіткен Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына және "Ертіс", "Оңтүстік" и "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ӘКК-ге жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген.

      2013 жылғы 1 қарашада Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде тікелей келіссөздер өткізіліп, онда ӘКК-нің 13 жобасы, оның ішінде 2012 жылы жіберілген 9 жоба қаралды.

      Жамбыл облысының аумағында жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларға инвесторлар тарту мақсатында ӘКК Жамбыл облысының қатты пайдалы қазбаларының минералдық-шикізаттық әлеуетінің 1:500000 масштабындағы картасын әзірлеп, ӘКК интернет-ресурсына орналастырғанын атап өткен жөн (http://spktaraz.kz/rus/subsoil/mineral-potential.php). Жоғарыда көрсетілген картаның артықшылығы – қатты пайдалы қазбалардың белгілі лицензиялық объектілері мен алаңдарының орналасқан жерін емес, перспективалы учаскелердің болжамы көрсетілетінінде.

      Ауыл шаруашылығы

      Ауыл шаруашылығыЖамбыл облысыныңтүйінді салаларының бірі, халықты аса маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді. Облыстың климаттық жағдайлары дәнді дақылдарды, жемшөп, көкөніс-бақша дақылдары мен қант қызылшасын өсіруге, сондай-ақ жайылымдарды жыл бойы жемшөп базасы ретінде пайдалануға қолайлы.

      Агроөнеркәсіптік кешенде облыстың еңбекке қабілетті тұрғындарының 31%-ға жуығы жұмыспен қамтылған. Облыс ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 2010 жылы 9,8 %-ды, 2011 жылы 9,5 %-ды, 2012 жылы 8,4 %-ды, 2013 жылы 12 %-ды құрады.

      Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жыл сайын өсіп келе жатқаны байқалады, ол 2010 жылы 68,5 млрд.теңгені, 2011 жылы 89,4 млрд. теңгені, 2012 жылы 94,4 млрд. теңгені, ал 2013 жылы 122,8 млрд. теңгені құрады (осы Стратегияға 2-қосымша).

      Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің құрылымындағы өсімдік шаруашылығының үлесі 2013 жылы 46,7 %-ды, мал шаруашылығының үлесі 53,3%-ды құрады.

      2012 жылы облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңы 543 мың га құрады, 2012 жылмен салыстырғанда егістік 15,5 мың гектарға немесе 2,9 %-ға ұлғайтылды.

      2013 жылы қуаңшылыққа қарамастан, 237,3 мың гектар алқаптан дәнді масақ дақылдары жиналды, бұл 2012 жылға қарағанда 13,3%-ға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жалпы жинау (өңдегеннен кейінгі салмақпен) 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 22%-ға ұлғайып, 480 мың тоннаны құрады. Шығымдылық 2012 жылғы 11 ц/га орнына 20,2 ц/га болды. Есепті жылы 23 мың гектарға нөлдік және ең аз технология, 2881 гектарға тамшылатып суару және себелеу енгізілді.

      Мал шаруашылығында өнім көлемі 2013 жылы 65,3 млрд. теңге құрады.

      Мемлекеттік қолдау көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2013 жылы 5,8 млрд. теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 1,7 млрд. теңге, оның ішінде 2,7 млрд. теңге субсидия.

      Агроөнеркәсіптік кешен құрылымындағы жеке қосалқы шаруашылықтардың үстем болуы саланың дамуын тежейді, шикізат сапасының төмен болуы (шаруалардың мал союының басым болуына, санитариялық бақылау нормаларының сақталмауына және жемшөп базасының нашар болуына байланысты), сондай-ақ қайта өңдеуші өндірістердегі технологиялық жарақтандырудың әлсіз болуы өнім сапасына ықпалын тигізеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлы болуы ірі ауқымды селекциялық асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге, ғылыми негізделген егіс айналымын сақтауға, заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға, өндіріс процестерін механикаландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

      Бұдан басқа, көкөніс өсіруге қолайлы табиғи-климаттық жағдайларды толығымен пайдалану мүмкін емес, өйткені мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және бастапқы өңдеу жөніндегі және көкөніс сақтау жөніндегі инфрақұрылым жоқ.

      Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарлардың негізгі түрлері бойынша азық-түлік нарығындағы бағаларды реттеуді көздейтін шаралар топтамасын қабылдады. Өңірлерде, оның ішінде Жамбыл облысында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары құрылды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы қаулысымен Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілді.

      Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысымен Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын уақтылы әрі сапалы қалыптастыру және пайдалану жөніндегі комиссия құрылды, ол облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қарашадағы № 8-3 шешімімен бекітілген.

      2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 53 Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына сәйкес ӘКК мен "Тараз" сауда-сатып алу компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы Тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін "Тараз" сауда-сатып алу компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 жыл ішінде 612 миллион теңге сомасына ӘКК-ге Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөнінде қызметтер көрсетуге міндеттенеді.

      2013 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша жоғарыда көрсетілген қаражаттан 260 миллион 488 мың теңге сомасына Тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатып алынды. Оның ішінде сатылғаны – 138 миллион 240 мың теңге сомасын құрады.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату үшін Тараз қаласында коммуналдық базар мен 10 сауда павильоны құрылған әрі жұмыс істеп тұр, бұларда аталған тауарлар нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатылады.

      Тауарларды сату дүкендерін сауда желілері арқылы да жүзеге асырылады, бұлармен тауарларды келісілген үстеме бағамен сату туралы алдын ала шарттар жасалған. Коммуналдық базарда әр сенбі, жексенді сайын жәрмеңкелер өткізіліп, азық-түлік тауарлары жаппай сатылады.

      Инновациялық қызмет

      Инновациялық даму саласындағы саясаттың негізгі міндеті инновациялық жүйенің түйінді элементтерін: ғылыми әлеуетті, инновациялық инфрақұрылымды, қаржылық инфрақұрылымды, инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыру және дамыту, облыстың энергетикалық теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерінің (баламалы энергетиканың және энергия тиімді метхнологиялардың) үлес салмағын ұлғайту болып табылады.

      2012 жылдың қорытындылары бойынша облыстың 657 кәсіпорнында инновациялық қызметті статистикалық қадағалау жүргізілді. Есепті кезеңде шаруашылық жүргізуші 28 субъектінің аяқталған технологиялық инновациялары болды (2011 ж. – 20 кәсіпорын).

      2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы инновациялық өнім көлемі 70,5 %-ға ұлғайып, 19181,2 млн. теңгені құрады, инновациялық сипаттағы қызметтер 841,3 млн. теңгеге көрсетілді.

      Аяқталған инновациялары бар кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады: жаңа технологияларды, жабдықтарды, материалдарды енгізу – 68 %, жаңа өнімдерді шығару үшін және жаңа технологияларды сатып алуға өндірістерді дайындаудың басқа да түрлері – 14 %, ғылыми-зерттеу қызметі – 12 %.

      2012 жылы технологиялық инновацияларға жұмсалған жалпы шығындар 18853,8 млн. теңгені құрады (2011 жылы – 11444,4 млн. теңге). Инновациялық жобаларды инвестициялаудың негізгі үлесі кәсіпорындардың меншікті қаражатына тиесілі – 57,4 %, республикалық бюджет – 4,7 %, жергілікті бюджет – 0,2 %.

      Аяқталған технологиялық инновациялары бар кәсіпорындардың неғұрлым көп саны Тараз қаласында (65,4 %), Қордай ауданында (8,2 %), Шу ауданында (5,2 %) жұмыс істейді.

      2012 жылы 26 кәсіпорын ең жаңа технологияларды құрумен және өнімдердің жаңа түрлерін әзірлеумен айналысты, оның ішінде 4-еуі мемлекеттік меншікте, 20-сы – жеке меншікте және 2-уі – басқа мемлекеттердің меншігінде.

      Мыналар облыстағы инновациялық қызметтің негізгі проблемалары болып табылады: кәсіпорындардың инновациялық белсенділігің төмен болуы және инновацияларға сұраныстың болмауы, инновациялық ортаның дамымауы, инновациялық өнім көлемінің және инновациялық қызметтер көрсетудің төмен болуы, инновациялық инфрақұрылымның дамымауы.

      Облыстың инвестициялық әлеуеті

      Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасы өңірлерінің көпшілігі облысты айтарлықтай басып озады. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 2013 жылы 248,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 55,7 %-ға артық (осы Стратегияға 2-қосымша).

      Бюджеттік инвестициялар көлемі 45,6 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың деңгейінен 8 %-ға төмен. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджет салымдарының үлес салмағы 18,4 %-ды құрайды.

      Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолын салуға тартылатын қаражаттың ұлғаюына байланысты қарыз инвестицияларының көлемі үш есе дерлік өсіп, 161,2 млрд. теңгені құрады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі – 64,8 %. Инвестициялардың жалпы көлемінің 15,9 %-ын шаруашылық жүргізуші субъектілердің және тұрғындардың меншікті қаражаты құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17,7 %-ға азайды және 39,5 млрд. теңгені құрады.

      2013 жылғы есеп бойынша тартылған инвестициялардың жан басына шаққандағы көлемі 229 мың теңгені құрады.

      2013 жылы Жамбыл облысының өнеркәсіптік секторына 150 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды, оның ішінде жаңа және құрылған өндірістік қорларды жаңарту үшін негізігі капиталға 50 млрд. астам теңге тартылды.

      Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама(бұдан әрі – ҮИИДМБ)шеңберінде Жамбыл облысында жалпы сомасы 597 млрд. теңге болатын 41 инвестициялық жоба іске асырылуда. Көрсетілген жобаларды іске асыру құрылыс кезеңінде шамамен 7,9 мың жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 8,2 мыңға жуық жұмыс орнын құруды көздейді.

      Облыста 41 жобаның ішінен 100,5 млрд. теңге сомасына 27 жоба пайдалануға берілді, оларда 3964 жұмыс орны құрылған.

      2014 жылы жалпы сомасы 25,4 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жобаны іске асырып, 1147 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

      Сондай-ақ 2015 – 2018 жылдары жалпы сомасы 471,3 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жобаны іске асырып, 3112 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

      Шағын және орта кәсіпкерлік

      Шағын және орта кәсіпкерлік өңірде қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықты жұмыспен қамтудың қомақты пайызын, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кең бейінін қалыптастыруды, бюджетке түсетін салықтық түсімдердің елеулі бөлігін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерінің үдемелі серпіні бар, мұның өзі экономиканың осы секторын дамытудағы оң үрдістер туралы айғақтайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің, шаруа (фермер) қожалықтарының және дара кәсіпкерлердің саны жыл өткен сайын ұлғайып келеді (осы Стратегияға 2-қосымша).

      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың пәрменді шараларының бірі болып табылады. Шағын бизнес субъектілерінің қызметіне кредит беру жергілікті, республикалық бюджеттердің және екінші деңгейдегі банктердің облыстық филиалдарының есебінен жүзеге асырылады.

      Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау үшін облыс бойынша ауылдық кредиттік 10 серіктестік құрылған, олар облыстың барлық аудандарында жұмыс істейді, 2012 жылы 577,2 млн. теңге сомасына жобалар қаржыландырылған.

      Ақша қаражатының жетіспеуі, банктік кредиттердің қымбат әрі қолжетімсіз болуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы, кәсіпкерлерді даярлаудың төмен деңгейі – бизнес-жоспарлау, басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп дағдыларын және басқа да білімді меңгермеуі және білмеуі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі проблемасы болып табылады.

      "Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" (бұдан әрі – Моноқалаларды дамыту бағдарламасы) бекітілді.

      Бұл бағдарламаның екінші бағытында микрокредиттер беру көзделеді. Моноқалаларда тұратын адамдарға микрокредиттер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген "Жұмыспен қамту – 2020" (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бағдарламасы)бағдарламасының қағидаттары және тетіктері бойынша жүзеге асырылады.

      Моноқалаларды дамыту бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде ӘКК 2013 жылы кейіннен кредит беру үшін микроқаржы ұйымдарын іріктеуді жүзеге асырды. "Мерке-Финанс-Кредит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тендер жеңімпазы ретінде айқындалды.

      Соның нәтижесі ретінде "Мерке-Финанс-Кредит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қаратау қаласындағы қарыз алушыларға жалпы сомасы 70 000 000,00 (жетпіс миллион) теңгеге және Жаңатас қаласында жалпы сомасы 50 000 000,00 (елу миллион) теңгеге кредит берді.

      Бүгінгі күні ӘКК Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін екінші бағыт бойынша 2013 жылы бөлінген қаражаттың бәрін игерді.

      Туризм

      Қазақстандағы туризмнің дамуын талдау шетелдік туристер үшін республиканың тартымдылығы жеткіліксіз күйінде қалып отырғанын көрсетті, осыған байланысты елімізге келетін туристер саны дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден айтарлықтай артта.

      Жамбыл оьлысында туристік саланы дамыту Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Облыс "Жібек жолының тарихи орталықтарын қалпына келтіру, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастықпен дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" мемлекеттік бағдарламасына қосылған және ішкі туризмді де, халықаралық туризмді де дамыту үшін зор мүмкіндігі бар. Ұлы Жібек жолының бір учаскесі (Сайрам – Тараз – Ақшолақ –Ақыртөбе станциясы – Құлан – Мерке – Шу – Аспара – Қордай) облыс арқылы өтеді, оның бойында тарих пен мәдениеттің аса қызықты ескертіштері орналасқан.

      Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру жөніндегі дирекциясының деректеріне сәйкес 2013 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік есепте 2117 ескерткіш, 713 тарихи-мәдени ескерткіш болды. Облыста ішкі және сыртқы туризммен айналысатын 25 туристік фирма жұмыс істейді.

      Туристік және көліктік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы туризмді дамытудың негізгі проблемалары болып табылады. Қонақ үйлерді, демалыс үйлері мен базаларын, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелерді қоса алғанда, орналастыру объектілерінің көпшілігінің материалдық базасын моральдық және табиғи тозу дәрежесінің жоғары болуымен сипаттауға болады. Ұлы Жібек жолының Жамбыл облысындағы бөлігінде сервис деңгейінің төмен болуы және белгілі тарихи орындарға барудың қиын болуы қазақстандық туристерді де, шетелдік туристерді қызықтырмайды. Туризмді дамыту көліктік инфрақұрылымның жай-күйімен тікелей байланысты екенін ескерсек, авиа және теміржол жолаушылар тасымалы географиясының шектеулі болуы, ішкі туристер үшін де, сырттан келетін туристер үшін де туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түрлерінде жол жүру билеттеріне жеңілдіктер мен шегерімдердің болмауы маңызды проблемаға айналады. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласындағы білікті мамандардың болмауы, кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың нашар деңгейі, сондай-ақ туризмнің ғылыми базасының болмауы туризмді дамытуға кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірі болып табылады.

      Өз құзыретінің шеңберінде ӘКК Жамбыл облысында туризмді дамытуға ықпал ететін болады.

      Облыстың экономикалық дамуының болжамы

      Өңірді дамытудың негізгі мақсаты серпінді дамушы, теңгерімді, әртараптандырылған әрі бәсекеге қабілетті, халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейін, сондай-ақ тұрмыс сапасының, әлеуметтік қызмет көрсетудің, білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің, спорттың, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін экономика құру болып табылады.

      ӘКК қызметі:

      1) өндірістерді әртараптандыру, даму институттарының қатысуымен экономиканың шикізат емес секторларына инвестициялық қызметті өрістету, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарын енгізу жолымен қол жеткізілетін өнімділігі жоғары, әрі шығарылатын өнімі бәсекеге қабілетті өңдеуші өнеркәсіптің өнім шығару көлемін ұлғайту;

      2) өңіраралық, халықаралық және шекара маңындағы шетелдік мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту, өңірдің шағын және орта бизнесін дамыту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу;

      3) Research&Development орталықтар, қазақстандық инжинирингтік және жобалық компаниялар құруға жәрдемдесу, бірлескен жұмысты ұйымдастыру үшін шетелдік университеттерді тарту, өндірістердің энергия тиімділігі және энергияны көп қажет етуді азайту бағдарламасына қатысу, сондай-ақ басқа да бірлескен бастамаларды іске асыру жолымен облыс экономикасының деңгейін, халқының тұрмысын жоғарылатуға, өнеркәсіптік кешенді, АӨК-ті одан әрі дамытуға, сондай-ақ өнеркәсіпік өндірісті жоғарылатуға бағытталған.

      Облысқа экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өрістетілген өндіріс үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін инвестициялар ағынының жоғары қарнынын қалпына келтіру үшін ӘКК инвестициялық қызметті қаржыландырудың баламалы нұсқаларын іздестіру жөнінде, отандық және шетелдік инвесторларды тарту үшін іс-шаралар жүргізу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.

      Сыртқы орта факторларының ықпалы

      Соңғы жылдары өзекті міндетке айналған кәсіпорындардың қызметіне сыртқы ортаның әрқилы факторларының ықпалын барынша азайту міндетін шешу үшін олардың жұмысына ықпал ететін негізгі факторларды анықтау және жүйелендіру талап етіледі. Сыртқы орта факторларының ықпалы салдарынан туындауы мүмкін келеңсіз салдарды еңсеру жөніндегі шараларды осының негізінде ғана әзірлеуге болады.

      Экономикалық дағдарыстардың туындау себептерін зерттеу көрсеткендей, олардың ішінен ең басты біреуін бөліп көрсету мүмкін емес. Экономикалық дағдарыстар ішкі сипаттағы да, сыртқы сипаттағы да көптеген мән-жайлардан туындайды. Мұндай себептердің неғұрлым толық жиынтығын былайша көрсетуге болады. Сыртқы факторлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: құқықтық, саяси, шаруашылық, экологиялық және демографиялық факторлар.

      Саяси және құқықтық факторлар

      Орнықты ішкі саяси жағдайлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасындағы көп бағыттылық облыс экономикасының қарқынды, әрі серпінді дамуына ықпал етеді.

      ӘКК өз қызметінде 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің құқықтық нормаларын, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады, мұның өзі қызметтің құқықтық негізін қамтамасыз етеді.

      Сонымен қатар, жекелеген үкіметтік бастамаларды іске асыруға қатысу (микрокредит беру, баспанамен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігі және басқа да іс-шаралар мәселелері бойынша), қаржылық шығасылар мен барабар емес тәуекелдер, ӘКК-ге жеткілікті капиталдың берілмеуі (коммуналдық меншіктегі коммерциялық бағдарланған кәсіпорындарды берудің; әкімдіктердің инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелерін бөлудің қажеттілігі) ӘКК-нің теріс қызметіне әсерін тигізуі мүмкін.

      Шаруашылық факторлар

      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес ЖІӨ-нің өсу қарқыны мен ұлттық экономикаға инвестицияларды біріндеп ұлғайту жоспарланып отыр, мұның өзі экономиканың басым салаларын дамытуға ықпал ететін белсенді инвестициялық саясат жүргізуге мүмкіндік береді.

      Дәйекті экономикалық өзгерістер, атап айтқанда, әлемдік қаржы нарығында болжанбаған қолайсыз оқиғалар болмаған жағдайда, ӘКК қызметіне оң әсерін тигізетін салдарымен бірге Қазақстан мен облыс экономикасының біртіндеп қалпына келуіне үміт артуға мүмкіндік береді.

      Экологиялық факторлар

      Климаттық жағдайлардың қатаң болуы ӘКК қызметі тиімділігінің төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Атап айтқанда, ӘӨК саласында шығымсыздық ықтималдығы, мал шаруашылығы саласында мал басының қырылу ықтималдығы ұлғаяды. Бұл мән-жайлар облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамуға айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін.

      Демографиялық факторлар

      Өңірде халық санының жалпы өскені байқалады. Осылайша, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азық-түлік өндірісін перманентті ұлғайту және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту талап етіледі. Осының нәтижесінде инвестициялық қаражат іздестіру қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты ӘКК облыстың экономикалық әлеуетін және әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі мемлекет міндеттерін шешу үшін өзінің тұрақты қызметін жүргізеді.

      Технологиялық факторлар

      Негізгі технологиялық факторларға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструктролық әзірлемелер мен оларға әртүрлі көздерден жұмсалатын шығындар, зияткерлік меншікті қорғайтын жұмыс істеп тұрған жүйе, ғылыми-техникалық даму саласындағы мемлекеттік саясат, жаңа технологиялардың пайда болуы, жаңа өнімдер (жаңару жылдамдығы, идея көздері), жаңа патенттер жатады.

      Технологиялық факторлардың ӘКК кызметіне теріс ықпалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың даму қарқынының төмендеуінен болуы мүмкін, ол өнім сапасының төмендеуіне, өскен нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етпеуге және соның салдарынан ӘКК қызметі тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

      ӘКК кызметінде қалыптасқан осы факторлардың есепке алынуын уақтылы қамтамасыз ету өңір экономикасының бәсекелі артықшылықтарын дамыту мен сақтауға мүмкіндік береді.

      Ішкі ортаны талдау

      Жамбыл облысында ӘКК-нің құрылуы

      "Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы" атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру идеясын алғаш рет сөз етті.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысымен "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті 33,3%-дық тең үлестермен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының коммуналдық меншігіне берілді.

      Жамбыл облысының әкімдігі ӘКК құру туралы шешім қабылдады.

      ӘКК қызметі индустриялық саясат мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу жолымен облыстың индустриялық-инновациялық дамуына жәрдемдесуге, инвестициялық қызметті жүзеге асыруға және еншілес және тәуелді ұйымдардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқаруға, сондай-ақ Жамбыл облысы халқының тұрмыс деңгейі мен сапасын жоғарылатуға бағытталған.

      Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін ӘКК алдында мынадай міндеттер қойылған:

      1) өңір экономикасының басым секторларында бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;

      2) мемлекеттік активтердің іскери айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      3) ӘКК қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету;

      4) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты өрістету;

      5) қоржынды компаниялар арасындағы коммуникация мен дағды алмасуды дамыту;

      6) перспективалы жобаларды іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды тарту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тарту;

      7) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету.

      Тұтастай алғанда, ӘКК дамытудың жаңа кезеңі республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуды жандандыру жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысумен байланысты.

      ҮИИДМБ сәйкесел экономикасының құрылымындағы қосылған құны неғұрлым жоғары өңдеуші өнеркәсіптердің үлесін жоғарылатуға бағытталған прогрессивті құрылымдық ілгерілеуді қамтамасыз ету заманауи мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

      Тиісінше, стратегиялық перспективада ӘКК қызметіҮИИДМБ мынадай басым бағыттарын іске асыруға бағдарланатын болады:

      1) өнімдерді әртараптандыра отырып және технологиялық тізбекті оларды тереңдете қайта өңдеуге дейін жалғастыра отырып, дәстүрлі экспорттық салаларды дамыту;

      2) қосылған құны жоғары және еңбек өнімділігінің деңгейі жоғары инновациялық өндірістерді дамыту.

      Кадр саясаты

      Кадр саясаты ӘКК-нің негізгі міндеттерімен тығыз байланысты.

      Қазіргі штаттағы персонал әрқилы мемлекеттік және корпоративтік құрылымдарда жемісті жұмыс тәжірибесі бар біліктілігі жоғары мамандардан құралған.

      Мыналар ӘКК-нің кадр саясатын іске асырудың басым бағыттары болып табылады:

      1) ӘКК персоналын және еншілес компанияларды басқарудың ортақ тұжырымдамасын әзірлеу;

      2) адами ресурстарды басқару саласындағы қызметті реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу;

      3) еңбекақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру тұжырымдамасын қалыптастыру;

      4) персоналды оқыту, қайта оқыту және олардың біліктілігін жоғарылату.

      2015 жылы ӘКК алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін кәсіпқой кадрлар ресурсын жоғарылатуға ниеттеніп отыр. Сонымен қатар, ӘКК ірі ӘКК-де жұмыс тәжірибесі бар біліктілігі жоғары мамандарды, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тарту мүмкіндігін көздейтін болады.

      Еншілес компанияларда біліктілігі жоғары кадрлардың тапшы болуына байланысты ӘКК басқарушы кадрларды кешенді оқытуды жүзеге асыру жөніндегі, ЕТҰ қызметкерлері үшін мансаптық үміттердің нақты мағлұматын қамтитын мансаптық өсу жоспарларын жақсарту жөніндегі, жұмыскерді дамытудың басым бағыттарын айқындау және көтермелеуді жоғарылату жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізетін болады.

      Басшылар мен жұмыскерлердің нәтижелілігін бағалау нақты мақсаттардың орындалуына және қол жеткізілген нәтижелерге тікелей байланысты болады, бұл басшылар мен жұмыскерлердің қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштерімен расталуға тиіс.

      Осы бағыт шеңберінде біліктілігі жоғары жұмыскерлерді шақыру және ұстап қалу, сондай-ақ жұмыскерлердің білімі мен дағды деңгейін жоғарылату жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізілмек.

      Корпоративтік басқару

      Корпоративтік басқару – бұл адал, ашық әрі әділ басқаруды көздейтін жүйе.

      Тиімді корпоративтік басқару істі адал әрі әділ жүргізуді көздейді. Бұл ӘКК-нің нарықтық құны мен тартымдылығын арттыруға тікелей ықпалын тигізеді және оның инвесторлардың қаражатына қол жеткізуін жеңілдетеді.

      ӘКК-нің корпоративтік басқару стратегиясы мақсаттарға қол жеткізу үшін корпоративтік басқару қағидаттарын іске асыруға арналған бағыт ретінде сипатталады; корпоративтік басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым корпоративтік стратегияны іске асыруды қамтамасыз ететін ӘКК мен ЕТҰ өзара іс-қимыл жасауының ұйымдастырушылық схемасы сипаттамаларының сипаты ретінде сипатталады; басқарудың корпоративтік стилі алдыңғы қатарлы басқарушылардың ӘКК корпоративтік мақсаттарына қол жеткізуге арналған іс-қимылының сипаты ретінде сипатталады.

      Корпоративтік басқаруды жетілдіру экономикалық қызметтің барлық салаларына отандық та, шетелдік те инвесторлардан инвестициялардың құйылуын ұлғайту үшін қажетті маңызды шара болып табылады. Бұл үшін ӘКК акционермен өзара қарым-қатынас жасауды басқару жүйесін жетілдіретін болады. Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының бірі ретінде акционердің құқықтарын қорғау осы бағытты іске асыруға қатысты басты міндет болмақ. Акционерлер директорлар кеңесі (нормативтік құжаттар) арқылы ӘКК алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыратын болады. Басқарушылардың іс-қимылы өздерінің межелері мен мақсаттарына қаншалықты сәйкес келетінін акционерлердің бағалауы үшін атқарушы орган ӘКК-нің күнделікті қызметі туралы және есепті кезеңде ол қол жеткізген нәтижелер туралы объективті есеп беріп тұратын болады.

      Осы стратегияда көзделген мақсаттар мен міндеттер шеңберінде ӘКК мыналарға:

      1) Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыруға;

      2) басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге;

      3) менеджменттің бағалау және сыйақы беру жүйесін дамытуға;

      4) ӘКК қызметінің ашықтығын жоғарылатуға бағытталған корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды көздеп отыр.

      Корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау ӘКК-ге акционерлер, директорлар кеңесі мен ӘКК атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынас пен жауапкершілік деңгейін нақты айқындауға, сондай-ақ еншілес ұйымдармен сындарлы қатынас түзуге мүмкіндік береді.

      Кәсіпқойлықпен жұмыс істейтін директорлар кеңесі стратегиялық жоспарлауды және атқарушы органның іс-қимылын бақылауды қамтамасыз етеді, ал кәсіпқой әрі дұрыс ынталандырылған атқарушы орган компанияны басқару жөніндегі өзінің ағымдағы қызметінде алға қойылған нысаналы тапсырмаларды орындау үшін бар күш-жігерін жұмсайтын болады.

      Корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі ӘКК-нің экономикалық көрсеткіштеріне әсер есіп қана қоймай, инвесторлардың ӘКК-ні қабылдауына оң ықпалын тигізеді.

      ӘКК пайдалылығын арттырудың қосымша артықшылығы неғұрлым тиімді шарттармен капитал тарту мүмкіндігіне сайып келеді.

      Корпоративтік басқару тетіктерін жетілдіру шеңберінде ӘКК-нің ішкі және сыртқы ортаға қатынасына назар аударылатын болады, бұл "басқару кодексі" деп аталады.

      ӘКК жоспарлау және қызметті бағалау жүйесін жетілдіруді жалғастыруға, басқарушылық есептілік жүйесін енгізуге ниеттеніп отыр. Сондай-ақ ӘКК ақша қаражатын пайдалану тиімділігін жоғарылату үшін жұмыс жүргізетін болады.

      Корпоративтік басқару рейтингін беру мақсатында ӘКК-дегі корпоративтік басқаруды кешенді бағалау жүргізілген жоқ, осыған байланысты, рейтингтің ағымдағы мәні айқындамаған. 2018 жылы ӘКК "АӨҚО" рейтингтік агенттігі" акционерлік қоғамының корпоративтік рейтингін алуды жоспарланған.

      Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ӘКК өзінің қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады, бұл ӘКК интернет-ресурсында (www.spktaraz.kz) көрсетілген.

      ӘКК-нің қаржы-шаруашылық қызметі

      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жарғылық капитал 1 967 626 203 теңге мөлшеріндегі соманы құрады.

      Қаржы-шаруашылық қызметтің 2013 жылғы қорытындылары бойынша ӘКК нәтижесі мынадай:

      1-кесте (мың теңге)

Көрсеткіштердің атауы

2013 ж.

2012 ж.

өзгеруі

мың тг

%

Кірістер

22 732

44 458

- 21 726

51

Шығыстар

104 194

162 871

-58 677

64

Пайда (залал)

-81 462

-117 414

-35 952

69


      ӘКК-нің негізгі қаржылық нәтижелерінің қорытындысы бойынша қазіргі уақытта ӘКК қалыптасу және мемлекет берген активтерді айналымға тарту кезеңін басынан өткеріп жатқанын көруге болады. ӘКК активтерінің құрылымы қомақты инвестицияларды талап ететіндіктен және ұзақ мерзімді перспективада кіріс әкелетін активтерден тұратындықтан, бұл активтерден түсетін табыс инвестициялаудың 5 – 7 жылдық кезеңі өткеннен кейін ғана түсе бастайды деп күтілуде.

      Бүгінгі күні жарғылық капиталды толықтыруға және инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражаты ӘКК қызметін қаржыландырудың жалғыз көзі болып табылады.

      ӘКК 8 еншілес ұйымның қатысушысы/құрылтайшысы болып табылады, олар өз қызметін қызметтер көрсету және өндіріс саласында іске асырады, олардың ішінде төрт кәсіпорынға ӘКК-нің қатысу үлесі 100 %.

      Қызметтің нақты бағыттарының шеңберінде жинақталған тәжірибенің болуы ЕТҰ қызметінің мықты тұсы болып табылады. Алайда, бұл ретте ұйымдар өз қызметтерінде біршама ерекшеленетінін атап өту қажет, көпшілігі залалды болып табылатын жекелеген компанияларда қайталау элементтері бар.

      ӘКК-нің орта мерзімді кезеңдегі қызметінде қоржынды және өндірістік ЕТҰ рентабельді болмауына байланысты олардың қызметінен дивиденд алу мүмкіндігі жоқ.

      Компания еншілес және тәуелді залалды ұйымдарды 2015 жылы қаржылай сауықтыру және қайта құрылымдау жөніндегі бағдарлама мен іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатыр. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органнан берілетін мемлекеттік активтерді зиянсыздық деңгейіне шығару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жоспарланған, бұлардың негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құрылатын болады.

      Осыған байланысты ӘКК мынадай іс-шараларды жүргізуді жоспарлап отыр:

      1) бірқатар еншілес және тәуелді ұйымдарды сауықтыру, оларды сауықтыру жөніндегі өндірістік бағдарламаларды әзірлеу, менеджментті жаңарту;

      2) еншілес және тәуелді ұйымдарда сапа менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі жұмыс;

      3) пайдаланылмай тұрған қолда бар шаруашылық активтерді айналымға тарту;

      4) активтерді қайта құрылымдау жөніндегі шараларды әзірлеу және қабылдау;

      5) үнемі жұмыс істейтін еншілес ұйымдардың шаруашылық қызметін ай сайын мониторингтеуді қамтитын басқарушылық есепке алудың тиімді жүйесін енгізу.

      Сонымен қатар, ӘКК 2018 жылы шығынсыздық деңгейіне шығуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты ӘКК шығынсыздық деңгейіне шығу жоспарын әзірледі. Сондай-ақ, қаржы жүйесін сауықтыру үшін ӘКК инвестициялық қоржынның сапасын сауықтыру және меншікті капиталдың жеткілікті болуы жөніндегі талаптарды жақсарту, стратегиялық әріптестерді іріктеуді жақсарту және тапсырыстардың толық қоржынын қалыптастыру, инвестициялық қызметтегі тәуекелдерді азайту және ресурстар қажеттілігінің негізділігі бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

      ӘКК инвестициялық қызметінің қағидаттары

      Даму тұжырымдамасына сәйкес ӘКК әлеуетті шетелдік инвесторлармен, даму институттарымен және басқа да қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық жасау жолымен өңірге инвестициялар тартуға арналған.

      ӘКК-нің еншілес ұйымы – "Тараз Инвест Консалт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде инвесторларға қызмет көрсету орталығы(бұдан әрі – ИҚО) бөлімі жұмыс істейді, ол өңірдегі инвесторға сервистік қолдау көрсетеді, өңірге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға қатысу және жәрдемдесу бойынша алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

      Мыналар ИҚО негізгі міндеттері болып табылады:

      1) өңірге инвестициялар тарту үшін инвесторлар іздеу;

      2) инвесторлардың жобаларын өңірлік деңгейде сервистік қолдау және сүйемелдеу.

      ИҚО функциялары:

      1) өңір үшін отандық және шетелдік инвесторларды, қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу;

      2) әлеуетті инвесторлар үшін өңірде "бірінші терезе" функцияларын жүзеге асыру;

      3) инвесторлар үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыруға жәрдемдесу;

      4) әлеуетті инвесторлар үшін перспективалы және қолданыстағы жобалар бойынша өңірлік дерекқорды қалыптастыру және жүргізу;

      5) ИҚО құзыретінің шегінде облыс аумағында инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу;

      6) жеке инвестор мен мемлекет, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында диалог алаңқайын құру;

      7) инвесторлардың проблемалы мәселелерін өңірлік деңгейде шешуге қатысу, инвесторлардың мүддесін қорғау;

      8) инвесторларды, уәкілетті мемлекеттік органдарды, жұмылдырылған даму институттарын және өзге де мүдделі ұйымдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      9) кәсіпкерлер үшін инвестициялар тартуға және оларды тиімді пайдалануға қатысты оқыту семинарларын өткізу;

      10) инвесторлардың уәкілетті мемлекеттік органдармен, даму институттарымен келіссөздерін, кездесулерін, "дөңгелек үстелдерін" ұйымдастыру;

      11) қазақстандық және шетелдік тараптардың қатысуымен инвестициялық форумдар/ көрмелер ұйымдастыру;

      12) халықаралық инвестициялық іс-шараларда өңір мүддесін білдіру;

      13) қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестер іздеу;

      14) ИҚО құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті кәсіпорындар мен инвесторлар арасында шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қоюға жәрдемдесу;

      15) инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде өзге де қызметтер көрсету.

      ӘКК инвестициялық қызметке жобаның ең бастапқы (start-up) сатысында немесе даму сатыларында кіреді. Әрбір нақты жағдайдағы инвестициялардың сомасы бизнес-жоспардың негізінде жеке айқындалатын болады.

      Инвестициялық қызметтің, Компания мен Жоба бастамашылары арасындағы өзара іс-қимыл жасаудың тиімділігін жоғарылату мақсатында ӘКК жобаны жарғылық капиталға 1 %-дан 49 %-ға дейінгі мөлшерде кіру жолымен іске асырады. ӘКК жобаға ақшалай қаражатпен не құны Компания құятын қаражаттың 49%-ынан аспайтын мүлікпен (зияткерлік меншікпен, жоспарланатын бизнеске қатысы бар активтермен) қатысады, бұл ретте ақшалай қаражатпен қатысудың ең жоғары сомасы – 10 млн. Америка Құрама Штаттарының доллары. Жоба бойынша бірлескен кәсіпорынның қызметі ӘКК инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келуге тиіс.

      ӘКК-нің инвестициялық жобаларға қатысу мерзімі 10 жылдан аспауға тиіс. Бұлардың қатарына жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар кірмейді, бұларға ӘКК-нің қатысу мерзімі жеке белгіленеді.

      Инвестициялық жобаларды оларға қатысу тұрғысынан қарау кезінде ӘКК еңбек өнімділігінің, энергия тиімділігінің және экспортқа бағдарланудың мәні неғұрлым жоғары жобаларға артықшылық беруге ұмтылатын болады.

      Акционермен және басқа даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау.

      ЖАО мен ӘКК өзара іс-қимыл жасауы корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      ЖАО ӘКК-ні басқаруды Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарында және ӘКК жарғысында көзделген жалғыз акционер (акционерлердің жалпы жиналысы) құзыреттерін іске асыру, сондай-ақ директорлар кеңесіндегі ЖАО өкілдері арқылы жүзеге асырады.

      Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ЖАО инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелерін ӘКК-ге беруді, оның ішінде құрылып жатқан индустриялық аймақтарды ӘКК-ге беруді қамтамасыз етеді.

      ЖАО-дан ӘКК меншігіне рентабельді емес активтер беріледі, олар өткізіледі не Сауықтыру жоспарына сәйкес жаңа инвестициялар құю жолымен оңалтылады, бұлар кейіннен бәсекелі ортаға шығарылады.

      Әлеуметтік жауапкершілікқағидатын іске асыру мақсатында ӘКК таза пайдасының бір бөлігін дивидендтік саясат шеңберінде жалғыз акционерінің шешімі бойынша немесе жалғыз акционер ретінде жергілікті бюджетке жібереді, бұл қаражатты әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға пайдаланады.

      Сонымен қатар, ӘКК бизнесті қолдау құралдарын орналастыру, сондай-ақ бизнес үшін даму институттарының ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік даму институттарымен өзара іс-қимыл жасайды.

      Даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау инвестициялық жобаларды бірлесіп дайындауға және іске асыруға, инновациялық қызметті қаржыландыруға және біліктілікті жоғарылату бағдарламаларын іске асыруға негізделетін болады. Бұған қол жеткізу үшін мыналар жоспарланады:

      1) талдамалық зерттеулер жүргізу және даму институттарының мүмкіндіктерін тарта отырып, инвестициялық және инновациялық жобаларды дайындау;

      2) озық технологиялар трансфертін ұйымдастыру;

      3) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы даму институттарының (Қазақстанның Даму банкі, Қазақстанның Инвестициялық қоры, Ұлттық технологиялық даму агенттігі, "Даму" қоры), сондай-ақ "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының қаржылық әлеуетін индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға тарту.

      SWOT-талдау

Мықты тұстары

Осал тұстары

- жалғыз акционер;

- ұлттық компания мәртебесі

- салалық көп бейінді болуы;

- Үкімет пен акционер тарапынан қолдау;

- тікелей жобалық қаржыландыруда бәсекелестердің болмауы;

- МЖӘ-мен ынтымақтастық нысандарын кеңейту мүмкіндіктері;

- ӘКК кадрлық әлеуетінің жеткілікті болуы.

- даму институттарымен өзара қарым-қатынастың дамымауы;

- еншілес компанияларда біліктілігі жоғары кадрлардың тапшы болуы;

- жер қойнауын пайдалану құқығын ресімдеу мерзімінің ұсақ болуы;

- мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар санының көп болуы;

- әлеуетті инвесторлардың іске асырылатын инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндігіне қызығушылығының әлсіз болуы;

- бизнес тарапынан сенімсіздік;

- қызмет тиімділігінің теріс көрсеткіштері;

- АӨК саласындағы жобаларды іске асыру кезінде қаржылық тәуекелдердің жоғары болуы;

- қоржында ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар үлесінің қомақты болуы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

- өңірдің өсіп келе жатқан инвестициялық әлеуеті;

- халықаралық компаниялармен әріптестік;

- географиялық қолайлы орналасуы;

- жаңа бағыттарға облыстық бюджеттен қосымша қаржы берілуі;

- даму институты ретінде ӘКК саясатының өзгеруі;

- өндіріс процесіндегі шығасылардың жоғары болуы;

- халықтың кәсіпкерлік қызметтегі белсенділігінің төмен болуы;

- инвестициялардың өтімділік және қайтарымсыздық тәуекелі;

- ӘКК ағымдағы қызметін қаржыландыру үшін заңнамалық базаның болмауы;

- инфляция деңгейінің өсуі.


      ӘКК үшін өңірдің өсу нүктелерін (басым секторларын) айқындау

      ӘКК үшін экономиканың басым секторларын айқындау облыста қалыптасқан экономикалық мамандануды және ҮИИДМБ-да баяндалған индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылды.

      ӘКК күш-жігері мен ресурстарын облыс экономикасын индустриялық дамытудың мынадай басым секторларын дамыту шеңберінде бизнес-жобаларды іске асыруға шоғырландыратын болады, оларға мыналар жатады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен;

      2) жеңіл және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, сервис;

      3) энергетиканы дамыту.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Облыстың шикізаттық емес экспорттық базалық мамандануы ретінде аграрлық секторды және ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдете қайта өңдеуді дамыту ӘКК үшін ұзақ мерзімді перспективада күш-жігер мен ресурстарды жұмсаудың басым бағыты болып табылады.

      ӘКК қосылған құн тізбегін қалыптастыру инфрақұрылымын дамыту және астық өңдеу, ет-сүт, жеміс-көкөніс кластерлерін құру арқылы АӨК-ті сапалы дамытуға ықпал етуді жоспарлап отыр.

      "Аграрлық қайта өңдеу логистикалық орталығын салу" жобасын іске асыра отырып, ӘКК Жамбыл облысында АӨК-ті дамытуға белсенді жәрдемдесуді жоспарлап отыр, оның негізгі мақсаты мен міндеті жеміс-көкөніс өнімдерін бастапқы және тереңдете өңдеу, кептіру және мұздату жөніндегі түрлі зауыттары, сондай-ақ дайын өнімді сақтау терминалдары мен қоймалары бар бірегей аграрлық қайта өңдеу логистикалық орталығын құру болып табылады.

      ӘКК облыс қажеттілігін өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерімен және азық-түлікпен қамтамасыз етуді, экономиканың аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және экспорттық әлеуетті қалыптастыруды да жоспарлап отыр.

      Сонымен қатар ӘКК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 51 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған "Агробизнес – 2020" бағдарламасына қатысатын болады.

      Жеңіл және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту

      Жеңіл өнеркәсіптің облыс экономикасының құрылымында алатын үлесі мардымсыз.

      Жамбыл облысының өнеркәсібін дамытуда өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың да маңызы зор. Тамақ өнімдерінің өндірісі шамалы құлдырау үстінде.

      Отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне деген сұраныс азайған жағдайларда, облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сатып алуында жергілікті қамтуды ұлғайту экономиканың нақты секторын қолдау тетіктерінің бірі болып табылады.

      Халық тұрмысының және өңдеуші өнеркәсіптің деңгейін жоғарылату үшін ӘКК осы саладағы инвестициялық жобаларды іске асыратын болады, осылайша еңбек өнімділігі ұлғайтылмақ.

      Сонымен қатар, ӘКК облыстағы химия кластерінің жобаларын дамытуға жәрдем көрсетуді жоспарлап отыр. Минералдық ресурстары қомақты, транзиттік, оның ішінде газ өткізу әлеуеті жоғары, химия өнеркәсібінің тарихи қалыптасқан құрылымы, өндірістік және ғылыми-техникалық білікті мамандары бар облыс "Тараз" химия паркі" арнайы экономикалық аймағын құру үшін практикалық қызығушылық тудырды.

      Химия кластерінің жобасы Шу ауданында орналасқан, мұнда 2013 – 2016 жылдар аралығында индустриялық аймақ салу және бірінші кезектегі өндірістерді енгізу, 2017 – 2025 жылдар аралығында екінші кезектегі өндірістерді енгізукөзделеді. АЭА кәсіпорындарының болжанып отырған жалпы өндірістік қуаты химия өнімдерінің 25 бірлігін қамтитын жылына 2 млн. тоннадан астам химия өнімдері болмақ.

      Энергетиканы дамыту

      Күн мен желге қанық, сондай-ақ шағын өзендері көп Жамбыл облысының күн және жел электр станциялары, шағын гидроэлектр станциялары сияқты экологиялық таза энергияны дамыту үшін әлеуеті өте зор.

      Жамбыл облысының табиғи әлеуетін назарға ала отырып, ӘКК баламалы энергия көздері саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен өңірдің энергия тиімділігін арттыруға қатысуды жоспарлап отыр.

      ҮИИДМБ іске асыру

      ҮИИДМБ іске асыру шеңберінде, сондай-ақ "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 қаулысына сәйкес ӘКК мынадай басым салаларды дамытуға баса назар аударатын болады:

      1) металлургия кешені (қара және түсті металлургия);

      2) машина жасау (автокөлік құралдарының, олардың бөлшектерінің, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарының, электр жабдықтарының өндірісі, ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі, теміржол техникасының өндірісі және т.б.);

      3) мұнай-газ өңдеу кешені (мұнай өңдеу, мұнай-газхимиясы);

      4) химия өнеркәсібі (агрохимия, өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, фармацевтика);

      5) құрылыс материалдарының өндірісі;

      6) тамақ өнеркәсібі (тамақ өнімдерінің өндірісі).

      Жамбыл облысы экономикасының басым секторларындағы инвестициялық жобаларға қатысудан басқа ӘКК туризмді, жер қойнауын пайдалануды дамыту саласындағы және Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы бар басқа да секторлардағы жұмысқа назар аударатын болады.

      2. Миссия және пайымы

      ӘКК миссиясы – мемлекеттік және жеке меншік ресурстарды шоғырландыру жолымен Жамбыл облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу, өңірдің әлеуметтік дамуын қолдау және ынталандыру, әрі мемлекеттік өңірлік экономикалық саясатты жүргізуші рөлін атқару.

      ӘКК пайымы – 2023 жылға қарай ӘКК активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы ретінде әрекет ететін өңірлік даму институтына айналады.

      ӘКК мақсаты – активтердің құнын ұлғайту.

      ӘКК негізгі міндеттері:

      1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;

      2) мемлекеттік активтердің іскери айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      3) өндірістік және басқарушылық озық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      4) активтердің құнын ұлғайту.

3. Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ),
мақсаттар мен міндеттер, қызметтің түйінді көрсеткіштері,
іс-шаралар және күтілетін нәтижелер

      2014 – 2023 жылдар кезеңінде ӘКК мынадай негізгі стратегиялық бағыттар бойынша нысаналы жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр:

      1) өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау;

      2) инвесторлар тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру;

      3) активтердің құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату.

      1-ҚСБ. Өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау

      Мақсат. Өңірдің өсу нүктелерінде бизнес бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

      Міндеттер:

      1) жаңадан басталған бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар);

      2) логистикалық орталықтарды дамыту;

      3) өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда неғұрлым белсенді ілгерілету үшін өнім брендингіне жәрдемдесу;

      4) ӘКК қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету;

      5) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты өрістету;

      6) басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірлердің жүйе құраушы және ірі компанияларының айналасынан ШОБ дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын үйлестіру арқылы өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау.

      Іс-шаралар:

      1) Қазақстан Республикасының даму институттарымен ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы, "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамы және т.б. сияқты) өзара іс-қимыл жасау шеңберінде қолдау көрсету;

      2) серпінді инновациялық жобаларды қолдау;

      3) жыл сайын перспективалы инвестициялық жобаларды іздестіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру (халықаралық инвестициялық форумдар өткізу, өңірді таныстыру және т.б.);

      4) Жамбыл облысында заманауи көкөніс сақтау қоймасын құру;

      5) аграрлық қайта өңдеу логистикалық орталығы жобасын (бұдан әрі – АҚЛО) іске асыру;

      6) жасыл энергия саласында (жел және күн энергетикасы) инфрақұрылым құру;

      7) өңірде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

      8) облыс экономикасының басым салаларында инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру;

      9) энергия тиімділігінің деңгейі жоғары технологияларды тарту;

      10) ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      11) өңірлердің жүйе құраушы және ірі компанияларының айналасынан ШОБ дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларын үйлестіру арқылы өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) баламалы энергетиканы және энергия тиімді технологияларды пайдаланатын жобалар саны;

      2) іске асырылған инновациялық жобалардың және құрылған бәсекеге қабілетті өндірістердің саны;

      3) құрылған индустриялық инфрақұрылымдар саны.

      Күтілетін нәтижелер:

      Алға қойылған міндеттерді іске асыру 2023 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

      1) АҚЛО жұмысы ұйымдастырылады, мұның өзі Жамбыл облысында жеміс-көкөніс кластерін дамытуға септігін тигізеді;

      2) 2023 жылға қарай ӘККбаламалы энергетика және энергия тиімді технологиялар саласында 2 жобаны іске асырады;

      3) 2023 жылға қарай кемінде 3 инновациялық жоба іске асырылатын болады;

      4) 2023 жылға қарай индустриялық 1-2 аймақты ашуға қолдау көрсетіледі;

      5) іске асырылған жобалардан дивидендтер алу арқылы өндірістің рентабельділік деңгейі жоғарылайды;

      6) бәсекеге қабілетті өндірістерді құруда жәрдем көрсетілетін

      болады.

      2-ҚСБ. Инвесторлар тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру

      1-мақсат. Өңірдеперспективалы, тіршілікке бейім, бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды іске асыру.

      Міндеттер:

      1) өңір экономикасының басым секторларында бәсекеге қабілетті өндірістердің жаңаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;

      2) экономиканың басым салаларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      3) жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру.

      Іс-шаралар:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті өндірістер құруға жәрдемдесу;

      2) бастамашысы ӘКК болып табылатын инвестициялық жобаларды ұлғайту;

      3) жемшөп өндірісі саласындағы, отарлық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жобаларды толық немесе ішінара қаржыландыру;

      4) КЕЖ кепілдікті кредит беру және өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жұмыстарын қаржылай емес қолдау (егер ӘКК-нің операторлық жөніндегі көрсетілетін қызметтері бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландырылатын болса);

      5) жер қойнауын пайдалану саласындағы әлеуетті инвесторлардың қатысуымен қатты және кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жұмысын ұйымдастыру (алтын, мыс, көмір, марганец және т.б.);

      6) инвесторлар үшін өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы веб-сайттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      7) ӘКК-ге түскен өтінімдер бойынша кәсіпорындарды жаңғырту;

      8) АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды кеңейту және жаңғырту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) жыл сайын іске қосылатын, оның ішінде шет елдер қатысатын инвестициялық жобалардың (жаңадан құрылған және жаңғыртылған кәсіпорындардың) саны (жылына кемінде 5), бірлік;

      2) іске асырылған жобалар бойынша құрылған жұмыс орындарының саны, бірлік;

      3) өңдеуші өнеркәсіпке құйылған шетелдік инвестициялар көлемінің өсуі.

      Күтілетін нәтижелер:

      Алға қойылған міндеттерді іске асыру 2023 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

      1) жаңадан құрылған және жаңғыртылған жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 25 бірлікке дейін ұлғайтылатын болады;

      2) жыл сайын 100-ге дейін жаңа жұмыс орны құрылады;

      3) жер қойнауын пайдаланушылардың 1 %-ды ҒЗТКЖ-ге, сондай-ақ басқа да бірлескен инновациялық бастамаларды іске асыруға жұмсау жөніндегі міндеттемелері орындалады;

      4) өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту ұлғайтылатын болады;

      5) асыл тұқымды мал басы ұлғайтылады, Жамбыл облысында отарлық мал шаруашылығын дамыту үшін жағдай жасалады.

      2-мақсат. Өңірге әртүрлі көздерден инвестициялар тарту.

      Міндеттер:

      1) перспективалы жобаларды іске асыру үшін Жамбыл облысына отандық және шетелдік инвесторларды тарту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тарту;

      2) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету;

      3) инвестициялар үлесін ұлғайту.

      Іс-шаралар:

      1) инвесторлар тарту жөнінде іс-шаралар өткізу (конференциялар, форумдар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер және т.б.);

      2) шетелдік және отандық инвесторлармен бірлескен қызмет жөнінде меморандумдар мен келісімшарттар жасасу;

      3) қосымша қаржы ресурстарын тарту;

      4) инвесторларға әріптестер іздеуде, іскери байланыстар орнатуда жәрдем көрсету, қажетті ақпарат беру;

      5) қаржы институттарымен – Еуропа қайта құру және даму банкімен, Қазақстан даму банкімен және басқаларымен ынтымақтастық;

      6) Инвесторларға қызмет көрсету орталығының инвесторларға сервистік қызметтер көрсетуі;

      7) сыртқы экономикалық байланыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігімен, Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктерімен және өкілдіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) инвестициялық қоржын көлемі;

      2) инвестициялардың рентабельділігі;

      3) өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың (жыл сайын кемінде екі бірлік), оның ішінде "Global – 2000" тізімінен тартылғандардың саны (2023 жылға дейін кемінде үш бірлік).

      Күтілетін нәтижелер:

      Алға қойылған міндеттерді іске асыру 2023 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

      1) мемлекеттік емес үлесті қаржыландыру жалпы қаржыландыру көлемінің кемінде 10 %-ын, 2023 жылға қарай кемінде 50 %-ын құрайтын болады;

      2) Қазақстан Даму банкін, басқа да қаржы институттарын тарту жолымен шағын және орта бизнес өкілдеріне кредит беру;

      3) сыртқы экономикалық байланыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігімен, Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктерімен және өкілдіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      4) 2023 жылға қарай инвестициялық іс-шаралар санын 25-ке дейін ұлғайту;

      5) жыл сайын инвесторлармен кемінде 1-2 меморандум мен келісімшарт жасасу;

      6) өңір бойынша инвестициялық жобалардың және шетелдік инвесторлардың дерекқорын жүргізу;

      7) Жамбыл облысында шетелдік инвесторлар қатысатын инвестициялық жобалардың санын ұлғайту;

      8) ӘКК-нің салынған қаражатына қатысты тартылған жеке меншік инвестицияларды ұлғайту;

      9) қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру, өңірлік деңгейде инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;

      10) Инвесторларға қызмет көрсету орталығының инвесторлардың нысаналы топтарын айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуі.

      3-ҚСБ. Активтердің құнын ұлғайту, корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру

      1-мақсат. ӘКК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.

      Міндеттер:

      1) мемлекеттік активтердің іскери айналымға қатысуын қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      2) қоржынды компаниялар арасында коммуникацияларды дамыту және дағды алмасу;

      3) актвитерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

      4) активтердің құнын ұлғайту;

      5) мемлекеттік бағарламаларды іске асыруға қатысу.

      Іс-шаралар:

      1) берілген активтердің кірістілік көрсеткіштерін жоғарылату;

      2) ЕТҰ шығынсыздық деңгейіне шығуы жөніндегі жоспарды әзірлеу;

      3) активтерді қайта құрылымдауды жүргізу;

      4) жарғылық капиталдағы үлесті (акциялар пакеттерін) сату, оның ішінде қор нарығы арқылы сату жолымен қаржылай орнықты активтерді бәсекелес ортаға беру;

      5) ӘКК капиталдандыруды жоғарылату жөнінде шаралар қабылдау;

      6) активтердің құнын бағалауды жүзеге асыру;

      7) ӘКК-ге бекітілген барлық мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысу;

      8) ӘКК-нің қаржылық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) оңалтылған кәсіпорындардың/жекешелендірілген активтердің саны, бірлік;

      2) активтердің рентабельділігі (ROA), %;

      3) негізгі қызметтен түскен кіріс, оның ішінде өткен жылмен салыстырғанда бір қызметкерге шаққандағы таза кіріс, %.

      Күтілетін нәтижелер:

      Алға қойылған міндеттерді іске асыру 2023 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

      1) мемлекеттің проблемалы активтерін сауықтыруға жәрдем көрсетілетін болады;

      2) мемлекет берген активтердің нәтижелілігін басқару жүйесі жақсартылатын болады және олардың қызметінің тиімділігі

      жоғарылатылады;

      3) 2014 жылдың соңына дейін ӘКК-нің еншілес кәсіпорны – "Асылдандыру-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бәсекелес ортаға шығуы жүргізіледі;

      4) меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE) ұлғайтылады, көрсеткіштері 2019 жылы 1,36 %-ға дейін және 2023 жылға қарай – 3,67 %-ға дейін;

      5) активтердің рентабельділігі (ROA) 2019 жылы 0,30 %-ға дейін, 2023 жылға қарай 0,54 %-ға дейін ұлғайтылады;

      6) таза пайданың 50 %-ы өңірлік әлеуметтік проблемаларды шешуге жұмсалады;

      7) ӘКК-нің шығынсыздық деңгейіне шығуы қамтамасыз етілетін болады.

      2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.

      Міндеттер:

      1) корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату;

      2) ӘКК мен ЕТҰ кадр саясатын жоғарылату;

      3) білікті персоналды, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасының халықаралық стипендиясының түлектерін және шетелдік жоғары оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ шетелдік мамандарды тарту;

      4) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту.

      Іс-шаралар:

      1) 2018 жылы корпоративтік басқару рейтингін алу;

      2) ірі компанияларда жұмыс тәжірибесі білікті мамандарды құрамға қосу;

      3) шетелдік мамандарды және "Болашақ" бағдарламасының халықаралық стипендиясының түлектерінтарту жөніндегі белсенді жұмыс;

      4) ӘКК менеджерлері үшін оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру;

      5) корпоративтікбасқару рейтингін иелену;

      6) корпоративтік басқару стандарттарын енгізе отырып, заңнама талаптарына және ӘКК мен байланысты компаниялар қызметінің ерекшелігіне сәйкес ішкі нормативтік актілерді әзірлеу;

      7) ӘКК қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету (есептерді, Басқарма, Директорлар кеңесінің және акционерлердің шешімдерін жариялау);

      8) ӘКК веб-сайтын ұдайы жаңартып тұру және оны өзекті ақпаратпен толықтыру;

      9) аудиторлық ұйымды тарта отырып, жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) корпоративтікбасқару рейтингі;

      2) шақырылған шетелдік мамандардың және "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің саны;

      3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі бойынша нысаналы индикаторлар.

      Күтілетін нәтижелер:

      Алға қойылған міндеттерді іске асыру 2023 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

      1) веб-сайтқа кірушілер санының көрсеткіші жылына 10 000 есе ұлғайтылатын болады;

      2) корпоративтікбасқару тиімділігін басқару жүйесі енгізілетін

      болады;

      3) шетелдік мамандарды және "Болашақ" бағдарламасы түлектерін тарта отырып, біліктілігі жоғары мамандардан тұратын кадр әлеуеті қалыптастырылады, 2023 жылы көрсеткіш 3 маманға дейін жеткізіледі;

      4) "АӨҚО" рейтингтік агенттігі" акционерлік қоғамының рейтингтік бағалауының корпоративтік басқару рейтингіалынады, ол 2018 жылы 3-ті құрайды, 2023 жылы біртіндеп 5-ке дейінгі деңгейге жоғарылайды;

      5) персоналды басқару жүйесі жетілдіріледі.

      Стратегиялық міндеттерді ойдағыдай іске асыру үшін ӘКК-де жоғарыда атап өтілген қажетті алғышарттардың бәрі бар.

      Стратегиялық жоспарлау процесіне ӘКК-дегі корпоративтік басқаруға байланыстырушы буын рөлі беріледі. Корпоративтік басқару қағидаттарын қатаң басшылыққа алу ӘКК-ге өзінің құрамына кіретін ұйымдардың қызметін ретке келтіруге мүмкіндік береді, мұның өзі олардың қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен бірге жалпы ӘКК имиджіне оң әсерін тигізеді.

      Ұзақ мерзімді дамуға бағытталған стратегияны қадамдап орындау өңірдің орнықты әрі теңгерімді экономикалық өсуіне, облыстың әлеуметтік саясатын іске асыруға, сондай-ақ ӘКК бизнесінің экономикалық құндылығын ұлғайтуға ықпалын тигізеді, мұның өзі акционерлік құнның өсуіне түрткі болады.

      Бағыт сілтеуші құжат ретінде ӘКК-нің даму стратегиясы бекітілген мақсаттарды, міндеттерді қатаң басшылыққа алуды талап етеді, мынадай мақсатта жүйелі бақылау мен талдауды талап етеді:

      1) дамудың таңдап алынған саясатын іске асыруда ауытқуға жол бермеу;

      2) стратегияны іске асыру бағыттарын уақтылы түзету;

      3) ӘКК қызметін бақылау тетіктерін жоғарылату;

      4) жанжалды оқиғалардың орын алуына жол бермеу.

      Стратегиялық жоспарлаудинамикалық процесс болып табылатын назарға алатын болсақ, ӘКК-нің даму стратегиясының белгіленген параметрлерге сәйкестігін талдау жүйелі негізде жүзеге асырылып, ішкі және сыртқы ортаның өзгерістерін ескере отырып түзетілетін болады.

  "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына
1-қосымша

"Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму
қызметінің негізгі түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК)

      1-ҚСБ. Өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау

      Мақсат. Өңірдің өсу нүктелерінде бизнес бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Баламалы энергетиканы және энергия тиімді технологияларды пайдаланылатын жобалар саны, бірлік;

0

0

1

0

0

0

1

0

0

0

2-ҚТК. Іске асырылған инновациялық жобалардың және құрылған бәсекеге қабілетті өндірістердің саны, бірлік;

0

0

1

0

1

0

0

0

0

1

3-ҚТК. Құрылған инфрақұрылымдар саны, бірлік.

0

0

0

0

1

0

0

0

0

0


      2-ҚСБ. Инвесторлар тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру

      1-мақсат. Өңірдеперспективалы, тіршілікке бейім, бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды іске асыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Жыл сайын іске қосылатын, оның ішінде шет елдер қатысатын инвестициялық жобалардың (жаңадан құрылған және жаңғыртылған кәсіпорындардың) саны (жылына кемінде 5), бірлік;

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

2-ҚТК. Іске асырылған жобалар бойынша құрылған жұмыс орындарының саны, бірлік;

40

40

60

80

85

90

100

120

140

150

3-ҚТК. Өңдеуші өнеркәсіпке құйылған шетелдік инвестициялар көлемінің өсуі, %.

2

4

6

8

9

10

11

13

14

15


      2-мақсат. Өңірге әртүрлі көздерден инвестициялар тарту

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Өткен жылмен салыстырғанда инвестициялық қоржын көлемінің өсуі, %;




10

10

10

10

10

10

10

10

10

2-ҚТК. Инвестициялардың рентабельділігі ROI, %;




1

1

2

2

3

5

6

8

10

3-ҚТК. Өңірге тартылған шетелдік инвесторлардың (жыл сайын кемінде екі бірлік) саны, бірлік;

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

4-ҚТК. Оның ішінде "Global – 2000" тізімінен тартылғандардың саны (2023 жылға дейін кемінде үш бірлік), бірлік.

0

0

0

0

0

0

0

1

1

1


      3-ҚСБ. Активтердің құнын ұлғайту, корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру

      1-мақсат. ӘКК қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Оңалтылған кәсіпорындардың саны, бірлік;

-

1




1




1




1




1

2-ҚТК. ROA активтерінің рентабельділігі, %;

-

-

-

-

0,01

0,30

0,24

0,38

0,48

0,54

3-ҚТК. Өткен жылмен салыстырғанда негізгі қызметтен түскен кіріс, оның ішінде өткен жылмен салыстырғанда бір қызметкерге шаққандағы таза кіріс, %.

-

2

2

2

3

3

3

5

5

5

-

2

2

2

3

3

3

3

5

5


      2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 ыл

1-ҚТК. Корпоративтік басқару рейтингін жоғарылату/иелену, балл;

-

-

-

-

3

3

4

4

5

5

2-ҚТК. Шақырылған шетелдік мамандардың және "Болашақ" бағдарламасы түлектерініңсаны, бірлік;

-

-

1

-

-

1

-

-

1

-

3-ҚТК. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі бойынша нысаналы индикаторлар:











тауарлар

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

жұмыстар

78

79

80

81

82

83

84

85

86

87

көрсетілетін қызметтер

78

79

80

81

82

83

84

85

86

87

  "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына
2-қосымша

      1-диаграмма. Жамбыл облысындағы ЖӨӨ көлемі, млрд.теңге.



      2-диаграмма. Қазақстан Республикасының ЖІӨ құрылымындағы Жамбыл облысы ЖӨӨ үлесінің серпіні,%.



      3-диаграмма. Экономикалық белсенді халық құрылымы, %



      4-диаграмма. Жамбыл облысы мен ҚР бойынша номиналды орташа айлық жалақы, мың теңге.



      5-диаграмма. Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің Қазақстан Республикасындағы үлесі, %.



      6-диаграмма. ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығының көлемі, млрд.теңге.



      7-диаграмма. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі, млрд. теңге.



      8-диаграмма. Жамбыл облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады