"Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 889 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан

      Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 889 қаулысымен
бекітілген

"Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"
ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы

      "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) ӘКК қызметінің бағыттары бойынша индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген және он жылдық кезеңге оның миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

      ӘКК-нің 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы талаптарға сәйкес келеді және "Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысының негізінде әзірленген.

      Осы Стратегия алдағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктері мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы

      Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының;

      2) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығының;

      3) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы

      1 ақпандағы № 922 Жарлығының;

      4) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 579 Жарлығының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы);

      5) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығының;

      6) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының;

      7) "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама);

      8) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысының (бұдан әрі – Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасы);

      9) "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысының;

      10) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысының (бұдан әрі – "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы);

      11) "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысының;

      12) "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.

1. ӘКК-нің ағымдағы жай-күйін талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      Батыс Қазақстан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің қатарына жатады. Облыс Еуропа мен Азия континенттері түйіскен жерде орналасқан және оны Қазақстанның батыс қақпасы деп атайды.

      Облыс Ресей Федерациясының 5 облысымен – Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен шектеседі және Қазақстан – Ресей шекарасының 1532 км болатын ең ұзын учаскесіне ие. Облыс аумағы 151,3 мың шаршы метрді алып жатыр, бұл республика аумағының 5,6 %-ын құрайды.

      Батыс Қазақстан облысы Шығыс және Батыс Еуропаның ірі экономикалық және мәдени орталықтарына жақын әрі Еуразия орталығында географиялық тұрғыдан бірегей орналасқан. Жайық өзенін Каспий бассейні елдеріне шығуға пайдалану оның бүкіл ел үшін стратегиялық маңызын айқындайды.

      Облыс аумағынан Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін автомобиль жолдары және теміржолдар, өзен және әуе желілері, құбыр магистральдары өтеді.

      Өнеркәсіп өндірісі Батыс Қазақстан облысының өндірістік әлеуетінің негізін құрайды.

      Облыста 352 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 56,6 %-ды құрайды және өсу қарқынына ие.

      2013 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1 659,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 21,2 млрд. теңгеге артық. Жеке көлем индексі 99,7 %-ды құрады.

      Облыс аумағында газ, газ конденсаты, мұнай кен орындары (мысалы, газ конденсаты бойынша Қарашығанақ кен орнының қорлары 1,2 млрд. тонна, газ бойынша 1,3 трлн. текше метр), боратты кендер, жанғыш тақтатастар, калий-магний тұздары, цемент шикізаты, керамзитті топырақ, құрылыс және аллювиальды құмдар бар.

      Мол минералды-шикізат базасының болуы Батыс Қазақстан облысының экономикасындағы тау-кен өнеркәсібінің ерекше рөлін айқындап берді. Табиғи газ бен мұнай негізгі өнім болып табылады. Өнім өндірісінің жалпы көлемінің 89,1 % – тау-кен өнеркәсібіне, 8,5 %-ы – өңдеуші өнеркәсіпке, 2,2 %-ы – электрмен және сумен жабдықтауға тиесілі.

      Газ өндіру көлемі 19 154 млн. текше метрді құрады, бұл 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,42 %-ға артық, газ конденсаты – 12 212 мың тонна, 2012 жылдан 3,22 %-ға аз.



      Батыс Қазақстан облысының тау-кен өндіру саласындағы өндіріс көлемі 2013 жылы 1 479,7 млрд. теңгені құрады, бұл республиканың тау-кен өндіру саласының өндіріс көлемінің 13,5 %-ын құрады.

      1.1-кесте – Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі

      млрд. теңге

Қызмет түрлері

жылдар

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

881,7

1 344,7

1 498,9

1 479,7

Өңдеуші өнеркәсіп

83,0

106,6

110,7

142,5

Электрмен жабдықтау: газ, бу беру және ауа баптау

21,4

24,8

24,5

31,4

Сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

4,0

4,5

4,4

6,1

Барлығы

990,1

1 480,6

1 638,5

1659,7


      Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ экономиканың басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

      2013 жылдың қорытындылары, тұтастай алғанда, өнеркәсіп кешенінің оң даму серпіні сақталып отырғанын көрсетеді.

      Индустрияландыру картасының шеңберінде 2013 жылы 2,1 млрд. теңге сомаға 3 инвестициялық жоба іске қосылды, 116 жұмыс орны ашылды.

      Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басты индикаторлары мен көрсеткіштерінің көпшілігінің орындалғаны байқалады. Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі тұрақты өсіп келеді. Аталған салада 142,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл нақты көлем индексі бойынша 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 21 %-ға артық. Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің өсімі 28,8 %-ды құрады.

      2012 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 4,1 %-ға артты және бір адамға 27,2 мың АҚШ долларын құрады.

      Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіп саласында өндіріс көлемінің жыл сайын өсуіне қарамастан облыста шикізат бағыты басым.

      2013 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өңдеуші секторы өндірісінің жалпы көлеміндегі ең көп үлес мұнай өнімдерінің өндірісіне тиесілі (34,09 %). 2013 жылы мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің көлемі 48,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 50,85 %-ға көп. 2012 жылмен салыстырғанда тоқыма бұйымдарының өндірісі 17,5 %-ға, киім 23,79 %-ға, жазылған материалдарды басып шығару және ойнату 17,01 %-ға айтарлықтай азайды.

      Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында машина жасау (12,94 %), металлургия (6,28 %) және дайын металл бұйымдарын дайындау (3,73 %) өндірістері бар. Салалық кәсіпорындар арнайы өнімді (катерлер және кемелер), өндіру мен ауыл шаруашылығы машиналарына арналған жабдықтарды, сорғыларды, стандартты емес бұйымдарды, ұнтақтаушы шарларды және тағы басқаларды шығарады.

      2013 жылы машина жасау саласының кәсіпорындары 18,4 млрд. теңге сомаға өнім өндірді, бұл 2012 жылға қарағанда 11,57 %-ға артық.

      Өңірде "Зенит" АҚ, "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ, "Оралагрореммаш" АҚ, "Орал механикалық зауыты" ЖШС сияқты машина жасау саласының ірі кәсіпорындары жұмыс істейді, олардың базасында мұнай-газ машина жасау кластерін құру мүмкіндігі бар.

      Дайын металл өнімдерінің өндірісі 5,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2,1 %-ға артық. Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 8,9 млрд. теңгені құрады, бұл 15,33 %-ға артық.

      Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі 24,9 %-ды құрайды.

      Сала кәсіпорындарының өнімдері сыртқы және ішкі нарықтарға бағытталған. Ең алдымен жергілікті шикізатты өңдейтін азық-түлік өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары "Береке" ЖШС, "Нұржанар" АҚ, "Желаев астық өнімдері комбинаты" АҚ, "Кублей" ЖШС болып табылады.

      Облыста 34,3 млрд. теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді, ол 2012 жылға қарағанда 12,32 %-ға артық.

      Шұжық өнімдерінің өндірісі 1,26 есеге, еттен жасалатын консервілер өндірісі 1,01 есеге, кондитерлік тағамдар 1,01 есеге, нан өндірісі 1,09 есеге, консервіленген және еттен жасалған дайын өнімдер өндірісі 1,16 есеге артты. Сондай-ақ 2013 жылы өсімдік майын өндіру бойынша 42,44 %-ға, дайындалған немесе консервіленген балық бойынша 20,43 %-ға, сыра бойынша 17,10 %-ға өндіріс төмендеді.

      Сұранысқа ие салалардың бірі жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Аталған саладағы өндіріс көлемі 2013 жылы 612,2 млн. теңге немесе 94,2 %-ды құрады. Өндірістің төмендеуі өнімді өткізу проблемаларына байланысты көрпелерді, төсек орын жабдықтарын және әйелдер мен қыз балаларға арналған сыртқы киімдерді шығарудың қысқартылуынан болып отыр. Сонымен қатар, жұмыс киімі мен бас киімдер өндірісі ұлғайды. Саланың өңдеуші өнеркәсібіндегі үлесі төмен болып қалуда және 0,56 %-ды ғана құрайды. Осы проблема тұрақты өткізу нарықтарының болмауына және оның салдарынан қолда бар өндіріс қуатын толық пайдаланбауға байланысты болып отыр.

      Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі проблемаларының бірі тұрақты өткізу нарықтарының болмауы болып табылады.

      Отандық кәсіпорындар тауарларына нарыққа, әсіресе Қытайдан келіп түсетін арзан, сапасы төмен өніммен бәсекелесу қиындық туғызады. Осы проблеманы шешу және жеңіл өнеркәсіпті әрі қарай дамыту үшін 3 жылға дейінгі мерзімге кепілдендірілген, оның ішінде күш құрылымдары, денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің қажеттіліктері үшін мемлекеттік тапсырыс қажет.

      Өңірдің құрылыс индустриясының айтарлықтай табысты дамуы үшін айтарлықтай әлеуеті бар. 2010 – 2013 жылдары облыста негізгі капиталға инвестициялар көлемінің азаюы байқалды, құрылыс жұмыстарының көлемі қысқартылды (2012 жылы 51 696,2 млн. теңгеден 2013 жылы 51 100,0 млн. теңгеге дейін).

      Құрылыс индустриясының маңызды сегменті тұрғын үй құрылысы болып табылады.

      Соңғы жылдары кең ауқымды минералдық-шикізат базасының арқасында құрылыс материалдарын өндіру саласы жедел өсу қарқынына ие болды, ол құрылыс өнімдері импортының көлемін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін облыс экономикасын дамытуда перспективалық бағыт болып есептеледі.

      Сала кәсіпорындары өндірісті жаңғырту және өнімдердің жаңа түрлерін игеру жұмысын жүргізуде.

      "Стеклосервис" ЖШС термоқатты шыны өнімдерін, Аустралиялық "Lisec" компаниясының және фин "TamGlass" компаниясының құрылғыларында шыныдан көп қабатты тығыздалған бұйымдарды өндіруді жүргізуде.

      "Стройкомбинат" ЖШС керамзитті қиыршықтас өндірісі бойынша екінші желіні реконструкциялауды жүргізді.

      Сондай-ақ, "Лизинг" Қазақстанның Даму Банкі" АҚ арқылы "Өнімділік 2020" бағдарламасын (ұсақ өнімдер өндірісі бойынша құрал-жабдықтарды жеткізу және монтаждау) қаржыландырудың екінші кезеңі басталды. Бүгінгі күні меморандум жобасына "СВ-плюс" ЖШС тарапынан қол қойылды және "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ-ға қол қоюға жолданды.

      "Болашақ" ЖШС "Weiler" және "Vollert" неміс компанияларымен жабдықтарды жеткізу жөніндегі келісімшарттарға қол қойды. Жабдық үшін 145 млн. теңге мөлшерінде ішінара төлем жүргізілді.

      Осылайша, Батыс Қазақстан облысының өнеркәсібі мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

      1) өнеркәсіптік өндіріс пен экспорт құрылымында мұнай мен газ өндірудің жоғары үлесі;

      2) облыстың ауыл шаруашылығы саласының және басқа да салаларының даму қарқынының республикалық деңгейден төмен болуы;

      3) жоғары қосылған құны бар өнеркәсіптік және тұтынушылық мақсаттағы тауарлар ассортиментінің аздығы;

      4) республикалық және халықаралық нарықтарда өңдеу кәсіпорындары өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.

      Облыс өнеркәсібінің дамуына SWOT-талдау

Мықты тұстары:

Осал тұстары:

мұнай-газ секторының жедел дамуы;

ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының болуы (машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп);

астықты, майлы дақылдарды, етті қайта өңдейтін ірі кәсіпорындардың болуы;

ауқымды, оның ішінде ауыл шаруашылығын, құрылыс индустриясын, мұнай өңдеуді, сондай-ақ туризм мен қызметтерді дамыту үшін табиғи ресурстардың болуы;

облыстық, республикалық, шетелдік нарықтарда шикізат ресурстарына жоғары сұраныс;

экономикалық даму үшін стратегиялық маңызы бар салаларының болуы, атап айтқанда мұнай өндіру және мұнайды өңдеу, машина жасау, азық-түлік индустриясы, құрылыс индустриясы;

облыстың халықаралық маңызы бар көлік магистральдарында стратегиялық орналасуы;

республикалық маңызы бар автожолдардың қанағаттанарлық жағдайы;

экспортты дамытуға мүмкіндік беретін тиімді географиялық орналасу

мұнай-газ шикізатын тереңдетілген қайта өңдеудің болмауы;

Кеден одағының және алыс шетелдердегі аналогтармен салыстырғанда өңдеуші кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;

мұнай өндіру және өңдеу секторын қоспағанда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының технологиялық артта қалуының жоғары деңгейі;

ауыл шаруашылығының жеткіліксіз түрде дамуы және өңдеу кәсіпорындарына шикізатты жеткізу тапшылығы;

облыста өндірілетін өнімді қолданыстағы нарықтарға өткізудің төмен сыйымдылығы – ішкі нарық, қазақстандық нарық;

өндірілетін өнімді өткізу нарықтарының шектеулілігі және мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу секторларын қоспағанда, олардың шетел нарықтарында бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

көлік логистикасы құралдарын өткізу нарықтарын кеңейтуде жеткіліксіз пайдалану;

көлік-логистикалық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;

өңірдің халықаралық саудаға шикізаттық емес тауарлармен жеткіліксіз түрде қатысуы

Мүмкіндіктер:

Қауіптер:

мұнай-газ кешенінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай-газ машина жасауды дамыту, кластер құру мүмкіндігі;

жергілікті және нарықты дамытуды ынталандыратын жергілікті өндірушілерді жүктеу үшін шикізат базасын кеңейту;

инвестицияларды тарту мүмкіндігі;

инновациялық құрамды дамыту, прогрессивтік технологияларды енгізу

өңір экономикасының ресурсқа бағытталып даму қаупі;

өндірістің ескірген технологиялары мен жабдықтардың тозуы.


      Перспективада Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіпті дамытудың басым бағыттары мыналар болып табылады:

      1) мұнай-газ секторы, мұнай-газ шикізатын өңдеу, мұнай химиясы;

      2) машина жасау (бірінші кезекте мұнай-газ) және металл өңдеу;

      3) құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ кенді емес өнеркәсіпті дамыту;

      4) машина жасауды, қайта өңдеу секторының ірі энергия сыйымды өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін сумен қамтамасыз етуде электр энергетикасында ресурс және энергия үнемдейтін технологияларды игеру саласындағы инновациялар және жаңа технологиялар.

      Облыс экономикасын дамыту осы басым салаларға бағытталатын және осы бағытта белгілі шаралар қабылданатын болады. Осылайша, ӘКК "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыруға қатысатын болады, оның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау тетігін қолдана отырып, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, кредиттер бойынша кепілдіктер беру, жеткіліксіз өндірістік инфрақұрылымды салу, оқыту және бизнесті сервистік қолдау арқылы тұрақты өсуді қамтамасыз ету болып табылады.

      Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы кешенінің қазіргі жағдайы ауыл шаруашылығы ұйымдарының қаржылық жағдайының жақсару үрдісімен сипатталады.

      Ауыл шаруашылығы өндірісі Батыс Қазақстан облысы үшін халықтың басым бөлігі тартылған дәстүрлі сала болып табылады, ал өндірілетін өнімнің көлемі өнімнің бір бөлігін экспортқа жіберумен азық-түлік теңгерімін қамтамасыз етеді. Алайда, тау-кен өндірісі кәсіпорындарының, ең алдымен Қарашығанақ кен орнын игерумен айналысатын кәсіпорындар қызметі есебінен қол жеткізілген өнеркәсіптік өнімнің жоғары өсімі облыстың өңірлік жалпы өнім құрылымында ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін азайтты.

      Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін Батыс Қазақстан облысында үлкен жер ресурстары, ауқымды өндірістік және еңбек әлеуеті бар. Алайда, қолайсыз табиғи-климаттық жағдайларға байланысты соңғы бірнеше жыл бойы егіс алқаптары айтарлықтай қысқарды.

      Осылайша, егіс алқаптарының көлемі 2010 жылы 717,2 мың гектарды құраса, 2011 жылы – 617,6 мың гектарды, 2012 жылы – 592,0 мың гектарды, 2013 жылы – 602,5 мың гектарды құрады.

      Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 3 976 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 3 754 шаруа (фермерлік) қожалықтары және 190 мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы кәсіпорындары айналысады. 2013 жылы облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі нақты бағада 71,1 млрд. теңгені құрады (2012 жылдың көрсеткішіне қарағанда 5,4 %-ға аз), соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі – 25,3 млрд. теңге, мал шаруашылығының өнімі – 45,8 млрд. теңге. Бұл ретте, топырақ бонитетінің сипаттамасы бойынша солтүстік аудандар: Зеленов, Бөрілі, Теректі аудандары бидай егуші болып табылады. Жайылым алқаптары басымырақ қалған аудандарда мал шаруашылығы дамыған.

      Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемінде мал шаруашылығының өнімі 66,8 %-ды құрайды. 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда малдың барлық түрлері бойынша мал басының саны өсті.

      Облыс шаруашылықтарының барлық санаттары 72,4 мың тонна ет (тірідей салмақта) немесе 2012 жылдың деңгейіне 93,4 %, 225,8 мың тонна (98,9 %) сүт, 134,9 млн. дана (98,7 %) жұмыртқа өндірді.

      Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз етуге мен экспорттық әлеуетті өсіруге бағытталатын болады. Мемлекеттік қолдау көлемінің өсуі мен инвестицияларды тарту ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Өсімдік шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында күздік дәнді, майлы және жемдік дақылдардың үлесін көбейту жағына қарай өндірісті әртараптандыру жүргізілетін болады. Өнімділікті арттыруға өңірдің құрғақ жағдайларына бейімделген егін шаруашылығының аймақтық жүйесіне көшумен, өндіріске ылғал және ресурс сақтайтын технологияларды, тамшылатып суаруды енгізе отырып, жаңа өнімді сұрыптардың жоғары репродукциялық дәнді дақылдарын, ғылыми негізделген ауыспалы егістерді пайдалана отырып қол жеткізілетін болады. Мал шаруашылығында мал мен құстың санын, өндіріс көлемін өсіру, жаңа мал шаруашылығы кешендерін, мал бордақылау алаңдарын іске қосу, жайылым жүктемесін қысқарту, сүтті-тауарлық фермаларды реконструкциялау және жаңғырту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту есебінен мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру көзделеді.

      Осы мақсатта:

      1) басым дақылдар өндірісін субсидиялау жолымен көктемгі-далалық және жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағармай материалдарын және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;

      2) жабық топырақта көкөніс өндірісі шығындарын, жеміс-жидек дақылдарын және жүзімді өсіруді, ауыл шаруашылығы суын пайдаланушыларға суаратын суды жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау;

      3) көктемгі-далалық және жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру;

      4) асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау және мал шаруашылығында ірі көлемді селекцияны іске асыру;

      5) қазіргі заманғы технологияларға негізделген жаңа мал шаруашылығы өндірісін салу және қолданыстағыларының қуаттарын өсіру;

      6) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктерін және ауыл шаруашылығы өнімдерін әзірлеу, сақтау және өткізу жөніндегі сервистік-дайындау орталықтарын құру жөніндегі іс-шаралар;

      7) басқа іс-шаралар жүргізілетін болады.

      Заманауи экономикалық жүйеде кәсіпкерлік маңызды рөл атқарады, оны осы сектордың экономикасының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер дәлелдейді.

      2013 жылдың қорытындысы бойынша облыста 45,5 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,2 %-ға көп, оның ішінде 29,1 мың белсенді субъектілер болып табылады. Тіркелгендердің жалпы санында белсенді субъектілердің үлесі 63,9 %-ды құрайды.

      Негізінен, облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері Орал қаласында (жалпы санының 64 %) және Бөрілі ауданында (9,9 %) орналасқан. Субъектілердің санын арттыру бойынша оң үрдіс Ақжайық, Бөрілі, Зеленов, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында байқалады.

      Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің жалпы саны 94,11 мың адамды құрайды және 2012 жылмен салыстырғанда 4,2 %-ға өсті (91995 адамнан 94112 мың адамға дейін). Бұл ретте, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санында шағын және орта кәсіпкерлікте қызмет істейтіндер санының үлесі 2012 жылы 28,6 %-ға, 2013 жылы 29,3 %-ға артты.

      Шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілері 313,5 млрд. теңгеге өнім өндіріп, жұмыстар орындап, қызметтер көрсетті немесе 2012 жылмен салыстырғанда 8,3 млрд. теңгеге өсті.

      Салалық құрылым бүгінгі күні сауда саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар ең көп үлестік салмаққа ие екенін көрсетеді (45,7 %), бұл екінші деңгейдегі банктердің кредит беруінің жоғары үлесімен расталады – 51,2 % және аталған қызмет түріне салыстырмалы түрдегі төмен шығындармен және капиталдың тез айналымына байланысты. Қызмет салалары бойынша кәсіпкерлікті бөлу бірқатар факторлармен айқындалады, олардың ішінде мыналарды атауға болады: әртүрлі нарықтарда бәсекеге қабілетті ортаның ерекшелігі, тиісті өнім мен қызметтерге сұраныс, кәсіпорындардың рентабельдігі. Өнім өндірісі саласы шағын бизнес көлемінің құрылымында 3,7 %-ды ғана құрайды. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының төмен салалық әртараптандырылуы ұзақ мерзімді перспективада облыс экономикасына белгілі бір "қауіпті" тудырады.

      Осыған байланысты, шағын және орта бизнес секторын әртараптандыру мәселесі өзекті болып қалуда, атап айтқанда ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындарына қаржылық кредиттік қолдау көрсету түрінде ынталандыру жағдайларын жасау есебінен күшейту қажет.

      Осы жағдайда экономиканың басым салаларын жеңілдікті қаржыландыру және қаржылық емес қолдау мемлекеттің ықпал етуінің аса тиімді "тетіктері" болып табылады. "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасында көзделген шаралар (жаңа және қолданыстағы жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдендіру және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, гранттар, бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету) Қазақстан Республикасының Кеден одағына ену және Бірыңғай экономикалық кеңістік құру аясында өзінің аса қажетті екенін көрсетті.

      2010 жылдан бастап 2013 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының шеңберінде кредиттердің жалпы сомасы және тартылған инфрақұрылымы 39,9 млрд. теңгені құрайтын 269 жоба, оның ішінде ауылдық жерде 11,9 млрд. теңгеге 67 жоба мақұлданды.

      Машина жасау, аспап жасау, мұнай химиясы және табиғат қорғау технологиялары саласында қажетті жағдайлар жасау және инновациялық қызметті ынталандыру мақсатында облыста "Алгоритм" технопаркі жұмыс істейді, оның алдында инновациялық инфрақұрылымды құру, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының инновациялық процесін құрушы ғылыми әлеуеттің, қаржылық инфрақұрылымның, инновациялық кәсіпорындардың өзара әрекетін қамтамасыз ету міндеті қойылған.

      "Алгоритм" технопаркі" ЖШС инновациялық жобаларды іздестіру және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізді және технологиялық бизнес-инкубациялауға жобаларын беру және ресімдеу бойынша жаңашыл-ғалымдарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, еркін ғалым өнертапқыштарға кеңес беру қызметтері көрсетті.

      Жұмыс барысында технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтеріне 4 инновациялық жоба қаралды, соның ішінде 1 жоба "Технологияларды инжинирингтеу және трансферттеу орталығы" АҚ сарапшылық кеңесінің қарауына дайындалып, ресімделді.

      Сарапшылық кеңес 5 жобаны мақұлдады, оның ішінде "Ұлттық инновациялық жүйелер институттарының қызметтерін төлеу" және "Инновациялық белсенділікті ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламалары шеңберінде Сарапшылық кеңес және "Технологияларды инжинирингтеу және трансферттеу орталығы" АҚ Басқармасы "Озық ғылыми маңызды қалдықсыз технология негізінде талшықты материалдардан заманауи тербеу мойын тіректердің жоғары тиімді ғылыми маңызды автоматтандырылған өндірісін құру", "Гельден жасалған бөлгіш поршеньдерді пайдалану арқылы магистралдық мұнай құбырларын тазалаудың жаңа заманғы технологияларын енгізу", "Қоспалауыш құрылғыны басқарудың бейімделген жүйесі" тақырыптарында бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдады.

      2013 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 453 кәсіпорнының инновациялық қызметіне статистикалық бақылау жүргізілді.

      2013 жылы 31 кәсіпорында аяқталған инновациялар болды, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 4,2 %-ды құрады. Инновациялық белсенділік деңгейі бойынша облыс республика бойынша үшінші орында. Инновациялық өнімнің көлемі 3287,4 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіпте технологиялық инновацияларға кеткен шығын 1214,8 млн. теңгені құрады.

      Экономиканың шикізат түрінен инновациялық түріне көшуді қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялар мен қызметтерді дамытуға "Алгоритм" технопаркі" ЖШС-де R&D орталықтары құрылатын болады, бұл Қазақстан аумағында біртіндеп қазақстандық жобалар бойынша зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ, ӘКК тұрақты негізде шет елдердің шағын және орта бизнес саласындағы экспорттық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайтын болады, бұл ғаламдық инновациялық жүйеге интеграциялану үшін кешенді, теңдестірілген және мақсатты бағытталған шараларды қамтамасыз етеді.

      Бұл міндет жаңадан құрылған Инвесторларға қызмет көрсету орталығы арқылы шешілетін болады.

      Инвесторларға қызмет көрсету орталығының негізгі міндеттері:

      1) өңірге инвестицияны тарту үшін инвесторларды іздеу;

      2) өңірлік деңгейде инвесторлардың жобаларын сервистік қолдау және сүйемелдеу болып табылады.

      Инвесторларға қызмет көрсету орталығының функциялары:

      1) өңір үшін шетелдік және отандық инвесторларды, Қазақстан және шетел тараптары арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу;

      2) әлеуетті инвесторлар үшін өңірде "бір терезе" функциясын іске асыру;

      3) өңірлік деңгейде инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыруға жәрдемдесу;

      4) әлеуетті инвесторлар үшін болашақтағы және іске асып жатқан жобалар бойынша өңірлік мәліметтер қорын қалыптастыру және енгізу;

      5) Инвесторларға қызмет көрсету орталығының құзыреті шегінде облыс аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі;

      6) жеке инвестор мен мемлекет, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында диалог алаңын құру;

      7) өңірлік деңгейде инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешуге қатысу, инвесторлардың мүдделерін қорғау;

      8) инвесторларды, уәкілетті мемлекеттік органдарды, тартылған даму институттарын және өзге де мүдделі ұйымдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      9) инвестицияларды тартуға және оларды тиімді пайдалануға қатысты жергілікті кәсіпкерлер үшін оқыту семинарларын өткізу;

      10) уәкілетті мемлекеттік органдармен, даму институттарымен инвесторлардың келіссөздерін, кездесулерін, "дөңгелек үстелдерін" ұйымдастыру;

      11) қазақстандық және шетелдік тараптардың қатысуымен инвестициялық форумдар/көрмелер ұйымдастыру;

      12) халықаралық инвестициялық іс-шараларда өңірдің мүддесін білдіру;

      13) қазақстандық және шетелдік тараптар арасындағы бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу;

      14) Инвесторларға қызмет көрсету орталығының құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті кәсіпорындар және инвесторлар арасында шарттарға, келісімдерге, меморандумдарға қол қоюға жәрдемдесу;

      15) инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде өзге де қызметтерді көрсету болып табылады.

      Облыстың экономикалық дамуын болжау

      Қазақстан Республикасының перспективалары орта мерзімді кезеңде мұнай-газ кешенін одан әрі дамытумен байланысты болады, осыған орай қалыптасқан мамандану мен мұнай және газ өндіруді одан әрі өсіруді ескере отырып, облыс көмірсутегі шикізатын өндірудің және табиғи газды өңдеудің, өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті салаларының және агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші орталықтарының бірі болып қалады.

      Өңірді дамытудың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейін және халықтың өмір сүру сапасының, әлеуметтік қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін серпінді дамыған, теңгерімді, әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті экономиканы құру болып табылады.

      Жалпы пайымды іске асыру:

      1) кейін көмірсутегі өндірістерін терең өңдеу өніміне көшіре отырып, өңірдің дәстүрлі басым секторы – мұнай-газ секторын дамытуға;

      2) өндірісті әртараптандыру, даму институттарының қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық қызметті кеңейту, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарын енгізу арқылы қол жеткізілетін шығарылатын өнімділігі және бәсекеге қабілеттілігі жоғары өнімнің өңдеуші өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемдерін өсіруге;

      3) облыстың ауыл шаруашылығы өніміне және өз өндірісінің өніміне қажеттілігін қамтамасыз етуге, экономиканың аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспорттық ресурстарды қалыптастыруға;

      4) Қазақстанның өңірлерімен және шекара маңындағы шетелдік мемлекеттермен өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға;

      5) өңірдің шағын және орта бизнесін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға;

      6) табиғатты тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға экологиялық жүктемені азайтуды қамтамасыз ету арқылы өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға;

      7) облыста демографиялық жағдайды жақсарту, сапалы білім беру, денсаулық сақтау қызметтерін беру, тұрғын үй құрылысы көлемдерінің өсуі, әлеуметтік қолдаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру арқылы халықтың әл-ауқатын және өмір сүру сапасының деңгейін арттыруға;

      8) тіршілікті қамтамасыз ететін көліктік инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту арқылы облыстың инфрақұрылымдық даму деңгейін арттыруға бағытталған.

      Сыртқы ортаның жаһандық факторларының әсер етуі

      Саяси-құқықтық факторлар

      Саяси факторлар компанияның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге айтарлықтай әсер етеді. Әлемдік экономикадағы дағдарыс салдарынан Қазақстан экономикасының даму перспективаларына әсер ететін жаһандық өзгерістер болып жатыр.

      Сонымен қатар, тұрақты ішкі саяси жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарының көп бағыттылығы облыс экономикасының күшті және серпінді дамуына жағдай жасайды. Бұдан басқа, мемлекет экономиканың әртүрлі салаларының және ӘКК дамуына жағымды әсер ететін шаралар кешенін қабылдап жатыр.

      ӘКК өзінің қызметі барысында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының құқықтық нормаларын басшылыққа алады.

      Шаруашылық факторлар

      ӘКК стратегиялық әріптестер ұшырайтын ықтимал шаруашылық тәуекелдерді ескеруі қажет. Шикізат, энергия ресурстары, жиынтықтауыштар, материалдар бағасының үнемі өзгеруі бірлесіп іске асырылатын жобалардың табыстылығына әсер етеді. Бірлесіп іске асырылатын жобаларға инвестицияланған қаражатты қайтару мерзімдерінің ұзақтығын ескере отырып, өндіріс көлемінің өзгеруі, шығынның құны, нарық коньюнктурасының өзгеруі, бәсекелестік орта сияқты шаруашылық қызметі факторларының әлеуетті өзгеруіне мұқият баға беру қажет.

      Демографиялық факторлар

      Облыста соңғы жылдары баяу қарқынмен болса да халық санының өсу үрдісі байқалады. Айталық, облыс тұрғындарының саны 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 3,7 мың адамға өскен. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарының саны 624,2 мың адамға жетіп отыр. Демографиялық өсу компаниядан өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту, жаңа қуаттарды, өндірістерді, жұмыс орындарын ашу бойынша міндеттерді талап етеді.

      Технологиялық факторлар

      Өңірдің технологиялық дамуына әсер ететін басты факторлар жаңа технологияларды тарту, техникалық қайта жарақтандыру болып табылады, олар өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тауарларды әлемдік нарыққа шығаруға, еңбек өнімділігін, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған факторлардың технологиялық дамуға ерекше әсер етуі ғылыми-техникалық әлеуетке (облыста жоғары білікті инженерлік кадрлармен қамтылған ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның, технопарктің болуы) негізделген.

      Сонымен қатар, экономиканың нақты секторларының инновацияларды енгізуге мүдделілік деңгейінің төмен болуы да орын алып отыр. Бұл білімдерді нақты секторға берудің пысықталған тетіктерінің, сондай-ақ кәсіпорындарда жаңалықтарды енгізу үшін пәрменді ынтаның болмауына байланысты. 2013 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасына сәйкес ӘКК жоғары технологиялық шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасауға көмек көрсетуге әзір.

      Ішкі ортаны талдау

      Жалпы мәліметтер

      ӘКК 2010 жылғы қараша айында "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-н екі акционерлік қоғамға бөлу жолымен қайта құру нәтижесінде пайда болды.

      Корпорация жұмыс істеген жылдар ішінде жеке әріптестермен бірлесіп, өңірдің экономикасы үшін неғұрлым басым жобаларды іске асырды.

      Облыста ӘКК қатысуымен жалпы құны 13 976,7 млн. теңгеге 7 инвестициялық жоба іске асырылды. ӘКК тарапынан инвестицияланған сома 723,0 млн. теңгені құрады. Жаңадан 269 жұмыс орны ашылды. Осылайша, ӘКК салған 1 теңгеге 18,3 теңге жеке инвестиция тартылды.

      Маңызды жобаның бірі Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Пойма станциясында салынған май зауытының құрылысы болды.

      Зауыттың жылдық өнімділігі – жылына 7 400 тонна май.

      Май тұқымын өңдеудің жылдық көлемі – 18 500 тонна.

      Облыс үшін тағы бір елеулі жоба – газтурбиналық электр станциясының құрылысы.

      Жоба міндеттерінің бірі Ресейден 40-50 МВт электр қуатын сатып алатын өңірдің энергия тапшылығын жою болып табылады.

      Өңірде ауыл шаруашылығы кластерін қалыптастыру үшін ӘКК қазіргі заманғы көкөніс сақтау қоймасын салуға қатысты.

      Сыйымдылығы 4000 тонна болатын осы сақтау қоймасына облыста аналогтар жоқ, ол толық халықаралық стандарттарға сай, барлық өндірістік процестер автоматтандырылған.

      Өндірістік қуаты жылына 3000 тонна болатын мияның тамырын өңдейтін зауыт салу перспективалық жобалардың бірі болып табылады.

      Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында ӘКК "Орал" микрокредиттік ұйымының жарғылық капиталын ұлғайту арқылы оларға нақты көмек көрсетті.

      Премьер-Министр орынбасарының тапсырмасын орындау мақсатында "Батыс Күнбағыс" АҚ және "Агротраст" ЖШС базасында сервистік-дайындау орталықтарын құру бойынша жобаларды іске асыру жүзеге асырылады.

      ӘКК қызметі бағыттарының бірі пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге инвестициялар тарту болып табылады.

      Батыс Қазақстан облысының аумағында тікелей келіссөздер жүргізу жолымен ӘКК жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге және бірлесіп барлауға 13 шарт жасады. Инвесторлармен бірлесіп жер қойнауын пайдалану құқығы берілген 10 кәсіпорын құрылды.

      Бүгінгі күні ӘКК бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды: "Жұмыспен қамту 2020", "Өңірлік азық түлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру", Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға қатысады.

      Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 170 қаулысымен "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасының "Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу" екінші бағыты бойынша ӘКК уәкілетті өңірлік ұйым болып белгіленді.

      Қазіргі уақытта ӘКК-нің 100 %-дық еншілес ұйымы – "Батыс Қазақстан облыстық тұрақтандыру қоры" ЖШС құрылды.

      Тұрақтандыру қорының құрылу мақсаты агро азық-түліктік нарықта маусымдық және алыпсатарлық баға ауытқуын реттеу және азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлеріне азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алуға және азық-түліктік шығындарды төлеу үшін "Азық-түлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ 658, 6 млн. теңге кредит бөлді.

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында 2001 жылдың 2-жартыжылдығында 1-тетік бойынша республикалық бюджеттен ӘКК жарғылық қорын арттыру үшін 120 млн. теңге, ал 2012 жылы 321,5 млн. теңге бөлінді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысымен Инвестицияны тарту, арнайы экономикалық аймақты дамыту, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында экспортты қолдау бағдарламасы бекітілді.

      Аталған бағдарлама бағыттарының бірі шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады. Бұл Қазақстанның өңірлерінде инвесторлармен бірге жүру. Өңірлерде шетелдік инвесторлармен тікелей жұмысты жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Ол үшін ӘКК жанынан Инновациялық технологияларды қолдау және инвестициялар тарту орталығы (бұдан әрі – Орталық) құрылды. Орталық инвесторларға операциялық қызмет көрсету үшін фронт-кеңсе болып табылады және клиентпен тікелей қарым-қатынасты жүзеге асырады: бастапқы құжаттарды, жобаны ілгерілетуді бастау үшін қажетті байланыстар мен басқа ақпаратты алу, жергілікті жерлерде шетелдік инвесторлардың өтінішіне жедел және дұрыс ден қоюды қамтамасыз ету. Шын мәнінде орталық "КАZNEX INVEST" АҚ-тың өңірлік өкілдігі ретінде жұмыс істейді және "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-пен тығыз ынтымақтастықта болады.

      ӘКК-нің корпоративтік басқару жүйесін талдау

      Корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау ӘКК-ге акционерлер, директорлар кеңесі және ӘКК менеджменті арасындағы өзара қатынастар мен жауапкершілік деңгейін нақты анықтауға, сондай-ақ еншілес және қоржынды ұйымдармен сындарлы қатынастар құруға мүмкіндік береді.

      ӘКК өз қызметінің стартегиялық мақсаттары мен міндеттеріне тиімді қол жеткізуге арналған функционалдық тұрғыдан құрылған ұйымдастырылған құрылымы бар вертикальды интеграцияланған холдинг болуға ұмтылады.

      ӘКК-те корпоративтік басқару жүйесі бір жағынан құрамына акционер өкілдері және тәуелсіз директорлар кіретін директорлар кеңесі, екінші жағынан олардың басқару органдарына қатысу арқылы ӘКК-тің қатысуымен құрылатын еншілес ұйымдарды және қоржынды компанияларды басқару арқылы іске асырылады.

      ӘКК еншілес ұйымдарды ӘКК-тің инвестициялық қызметінің қағидаттары мен басымдықтарын ескере отырып, экономиканың тиісті басым секторларында бизнес-жобаларды іс жүзінде іске асыруды басқару үшін құрды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес орналастырылған акцияларына төлеу үшін ӘКК-ге әртүрлі мемлекеттік активтер берілген. Көбінесе бұл рентабельді емес кәсіпорындар мен коммуналдық және республикалық меншік мүлкінің жойылмайтын объектілері.

      ӘКК корпоративтік құрылымына 6 еншілес компания кіреді:

      1) "Градиент" өңірлік инвестициялық орталығы" АҚ;

      2) "Ел-Ырысы" ауыл шаруашылығы тауарларының көтерме-бөлшек сауда нарығы" ЖШС;

      3) "Батыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қоры" ЖШС;

      4) "Жайықбизнесцентр" ЖШС;

      5) "Коммунтехсервис" ЖШС;

      6) "Орал" микрокредиттік ұйымы" ЖШС;

      Активтер құрылымындағы қомақты бөлік – ӘКК қызметінің тиімділігін төмендететін бейінді емес активтер.

      Нақты құрылымдалған бизнес-процестердің болмауына байланысты корпоративтік басқарудың стандарттарын жетілдіру қажет, бұл инвестициялар ағынын арттыру, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін маңызды, қажетті шара болып табылады.

      ӘКК басқару органдарының, еншілес ұйымдарының және қоржынды компаниялардың өзара іс-қимылының деңгейін арттыру және оларды дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығару мақсатында ӘКК еншілес ұйымдар мен қоржынды компанияларда корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибелерін енгізу және жетілдіру бойынша жұмысты жүргізуде. Бұл шаралар бизнес-жобаларды іске асырудың тиімділігін жоғарылатуға және қоржынды компаниялардың құнын өсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Компанияны басқару дәрежесін, оның иелеріне есеп берушілігін арттыру, меншік иесі мен менеджердің функцияларын бөлу корпоративтік басқару жүйесін енгізген компанияларға жұмыстың тиімділігін, басқарушылықты және акционерлерге есеп берушілікті арттыруға мүмкіндік береді. Директорлар кеңесі қойылған нысаналы тапсырмаларды орындау мақсатында стратегиялық жоспарлау мен менеджменттің іс-қимылдарын бақылауды қамтамасыз ететін болады. Бұл ретте, менеджмент акционердің мүддесі үшін рентабельді активтерді және қаржы ағынын сақтау тұрғысынан бақыланады. ӘКК Директорлар кеңесінің алдағы кезеңде корпоративтік басқарудың жүйесін жетілдіру бойынша қызметінің негізгі бағыттары мыналар болады:

      1) ӘКК-нің даму стратегиясын айқындау;

      2) қоғамның және оның еншілес және тәуелді компанияларының қаржылық-шаруашылық қызметін тиімді бақылау;

      3) кадрларды іріктеу және орналастыру, жұмыс тәжірибесі бар шетелдік мамандарды, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тарту саласында ӘКК-нің атқарушы органдарының тиімді қызметін қамтамасыз ету;

      4) еншілес және тәуелді компаниялардың тұрақты дамуын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін (мысалы, кредиттік саясат, "Орал" микрокредиттік ұйым" ЖШС арқылы кәсіпкерлерге жеңілдікті шағын кредит беру шарттары) олардың ішкі нормативтік құжаттарын бекіту.

      Қаржылық-шаруашылық қызметті жоспарлауға және жүргізуге, басшы персоналды іріктеуге, корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуге байланысты процестерді ретке келтіру мақсатында корпорацияның еншілес және тәуелді ұйымдарында мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:

      1) ӘКК өкілдерінің қатысуымен бақылау кеңестерін құру;

      2) ӘКК өкілдерін құрамына енгізе отырып, басқару органдарының жұмыс істеп тұрған құрамдарын жаңарту;

      3) ішкі бизнес-процестерді, бюджеттеу мен есеп беруді реттейтін құжаттарды қайта қарау;

      4) еншілес және тәуелді компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      5) еншілес және тәуелді компаниялардың негізгі қорларын жаңарту үшін оларды қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру.

      Корпоративтік басқарудың ең үздік стандарттарын енгізудің оң тәжірибесі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-та бар екенін атап көрсету қажет, осыған байланысты ӘКК компаниялары тобында корпоративтік басқарудың деңгейін арттыруға құрылымдалған және жүйелі тәсілді енгізу үшін ӘКК "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетімен өзара тығыз іс-қимылды жоспарлап отыр.

      ӘКК-ні корпоративтік басқаруды талдау корпоративтік басқару рейтінгін беру мақсатында жүргізілген жоқ. Осыған орай рейтингтің ағымдағы мәні айқындалған жоқ, рейтинг алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу 2016 жылға жоспарланған.

      Проблемалық активтерді сауықтыру мынадай әдістермен жүргізілетін болады:

      1) проблемалық берешекті қайта құрылымдау;

      2) проблемалық активтерді басқаруға тікелей қатысу;

      3) бейінді емес проблемалық активтерді іске асыру;

      4) бейбіт келісімдерді жасауды дайындау және сүйемелдеу;

      5) дебиторлық берешекпен жұмыс, цессия, талап ету құқығын беру;

      6) кепілдік мүлікті сотсыз сатуды ұйымдастыру;

      7) мемлекеттік билік құрылымдарымен, құқық қорғау органдарымен және уәкілетті қызметтермен өзара іс-қимылда көмек беру;

      8) өзге де әдістемелік және практикалық көмек беру.

      Активтердің оңтайлы құрылымын құру нәтижелі активтерді күшейтетін және дамытатын, ӘКК мақсаттары мен міндеттеріне сай келмейтін активтерден құтылуға мүмкіндік беретін нақты тетіктерді іске қосу негізінде акционерлік қоғам активтерінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

      Бұдан басқа, ӘКК бар коммуналдық және мемлекеттік активтердің тізбесіне оларды жарғылық капиталды төлеуге ықтимал қосымша беру тұрғысында қайта талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

      Әкімдіктер рентабельді емес активтерді беру кезінде осы активтерді сауықтыру бойынша жоспарға сәйкес бастапқы қаржыландыру көзделетін болады.

      Сонымен қатар, ӘКК үшін салалық холдингтер мен ұлттық компаниялардың бейінді емес активтері үлкен қызығушылық тудырады, оларды ӘКК меншігіне беру мүмкіндігі қолда бар рентабельді емес активтердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға маңызды әсер етеді.

      Кадр саясатын бағалау

      Кадр саясаты ӘКК-нің негізгі міндеттерімен тығыз байланысты.

      Бос орын лауазымдарына жоғарыда білікті мамандарды іріктеу мақсатында конкурстық жүйе қолданылады. Жұмыс істеп жатқан штат персоналы әртүрлі мемлекеттік және корпоративтік құрылымдарда табысты жұмыс тәжірибесі бар, жоғары білікті мамандардан қалыптастырылған.

      ӘКК-нің кадр саясатының негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) адам ресурстарын басқару жүйесінің тиімділігі;

      2) ӘКК жұмысшыларының кәсібилігі;

      3) адам ресурстарын басқарудағы ашықтық;

      4) мүдделердің өзара байланыстылығы;

      5) жұмысшымен қатынастардың ұзақ мерзімдігі;

      6) нәтижелер үшін сыйақылар.

      ӘКК-нің кадр саясатын іске асырудың басым бағыттары мыналар болып табылады:

      1) ӘКК мен еншілес компаниялардың персоналын басқарудың ортақ тұжырымдамасын әзірлеу;

      2) адам ресурстарын басқару саласында қызметті реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу;

      3) ISO 9000 сапа менеджменті жүйесі шеңберінде адам ресурстарын басқару жүйесін, оның рәсімдері мен тетіктерін қалыптастыру;

      4) еңбекақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру тұжырымдамасын қалыптастыру;

      5) персоналды оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру, ӘКК-нің басты құндылықтары мен имиджін қолдау.

      Тұжырымдар

      Жүргізілген SWOT-талдау нәтижесінде компанияның қызметі мен мақсатына қол жеткізуге әсер ете алатын жағымды да жағымсыз факторлар анықталды.

      ӘКК SWOT-талдауы

Мықты тұстары:

Әлсіз тұстары:

жылжымайтын мүлік пен бастапқы капиталдың болуы;

өңірлік даму институтының мәртебесі;

ұлттық компанияның мәртебесі;

қызметтің көп бейінділігі;

еншілес кәсіпорындардың тармақталған желісінің болуы;

мықты басқарушылық құрам;

жұмыскерлердің сауатты құрамы.

қызметі шығынды компанияларға үлестік қатысу;

алдын-ала шығынды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

кейбір жылжымайтын мүлік объектілерінің тиісті емес жай-күйі;

әлеуметтік бағытталық;

даму институттарымен өзара қатынастардың дамымағандығы;

бюджеттік қаржыландыруға тәуелділіктің жоғары дәрежесі.

Мүмкіндіктер:

Қауіптер:

жергілікті атқарушы органмен тығыз ынтымақтастық;

мемлекеттік қолдау;

отандық және халықаралық қор нарықтарына шығу;

республикалық және жергілікті бюджеттерден инвестициялық жобаларға қосымша қаржыландыру алу;

мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;

ірі инвестициялық индустриялық жобаларға қатысу;

инновациялар енгізу;

өсіп келе жатқан инвестициялық және инфрақұрылымдық әлеует

еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мен бақылаудың тиімсіз жүйесі;

жобалық қауіптерді арттыратын ӘКК-дегі тиімсіз жоба менеджменті;

ӘКК іске асыратын өнімнің өзіндік құнын ұлғайту;

бұрын басталған жобалар бойынша ұсынылған қаражаттардың уақытша тоқтатылуы немесе толық алынбауы;

еншілес және тәуелді ұйымдарда сапа стандарттарының болмауы


      Инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін ӘКК-ні қосымша капиталдандыру қажет, ол облыстық бюджет тапшылығына байланысты проблемалы болуы мүмкін. Бұдан басқа, "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы бойынша микрокредиттер түрінде ауылдық жердегі жеке бизнесті ұйымдастыру үшін қарыз алушыларға берілген 3,1 млрд. теңге көлеміндегі қаражаттың қайтарылмау қаупі бар.

      Тұтастай алғанда, ӘКК дамуындағы жаңа кезең республикада шағын және орта бизнесті дамытуды жандандыру бойынша жоспарларды іске асыруға қатысумен байланысты.

      Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысу жөніндегі ӘКК жоспарларының негізінде ӘКК-нің стратегиялық перспективадағы қызметі осы бағдарламаның мынадай басым бағыттарын іске асыруға бағытталады:

      1) өнімдерді әртараптандыра отырып және оларды терең өңдеуге дейін технологиялық тізбекті жалғастыра отырып, дәстүрлі экспорттық секторларды дамыту;

      2) инновациялық өндірістерді, қосылған құны жоғары және еңбек өнімділігінің деңгейі жоғары өнімді дамыту.

      Стратегияны іске асыру тетіктерінің бірі ӘКК-нің жалғыз акционері болып табылатын облыс әкімдігімен, басқа даму институттарымен ӘКК-нің өзара іс-қимылы болады.

      ӘКК үшін өңірдің өсу нүктелерін (басым секторларын) айқындау

      Өңірдің экономикалық дамуына жасалған талдауды ескере отырып, ӘКК 5 басым секторды (өсу нүктесін) айқындады:

      Машина жасау

      Бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібінің құрамдас бөлігі ретінде мұнай-газ машинасын жасауды қамтиды, ол мұнай-газ саласының қажеттілігін ескере отырып, жылдам өсу әлеуетіне ие. Осы факторды ескере отырып, мұнай-газ машина жасау кластерін қалыптастыру және дамыту мен өсудің бірінші нүктесі ретінде машина жасауды айқындауы мүмкін.

      Облыста ірі мұнай-газ конденсатты кен орындарының болуы және машина жасайтын компаниялардың үлкен әлеуеті (өндірістік, ғылыми және кадрлық) ("Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ, "Зенит" Орал зауыты" АҚ, "КазАрмапром" ЖШС, "Оралагрореммаш" АҚ, "Омега" құралдар жасайтын зауыт" АҚ, "Гидроприбор" ғылыми-зерттеу институты" АҚ, "Орал механикалық зауыты" ЖШС) осыған айқын алғышарттар тудырады. Бүгінгі күні жоғарыда аталған кәсіпорындар катерлер мен кемелер, арнайы машиналар, мұнай-газ, құрылыс, энергетика, агроөнеркәсіптік салаларға арналған әртүрлі жабдықтарды, ауыл шаруашылығы техникасы мен басқа да өнім түрлерін шығарады. Өңдіруші компаниялар үшін жабдықтың әртүрлі түрлерін өндіруді кеңейту үшін мүмкіндіктер бар.

      Бұдан басқа, ӘКК индустриялық аймақ шеңберінде әрекетін жүзеге асыратын, қосалқы және жинақтаушы бөлшектерді шығаратын зауыттың құрылысы ұйымдастыратын болады. Қазіргі уақытта инвесторларды тарту жұмысы жүргізіліп жатыр.

      Көліктік-логистикалық жүйе

      Нарықтық бәсекелестік, жеткізіп беруді оңтайландыру мен шығынды азайту жолдарын іздеу жағдайында қызмет саласының көліктік логистикасының рөлі артуда, оның мақсаты жүкті тасымалдауды сапалы, жылдам және үнемді ету болып табылады, яғни тауарларды бір пункттен екінші пунктке барынша тиімді бағытпен жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

      Көлік логистикасы Батыс Қазақстан облысы экономикасының басым даму нүктесі болып табылады, бұл облыстың халықаралық маңызы бар қолданыстағы теміржол, автомобиль және әуе дәліздері жүйесінде тиімді геоэкономикалық орналасуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының негізгі сыртқы экономикалық әріптестік Ресей Федерациясымен шекаралас орналасуына байланысты.

      Соңғы жылдары облыста көліктік логистиканы дамытуға қолайлы сыртқы алғышарттар қалыптасқан. Аталған маршрутқа қызмет көрсетудің перспективалығы еңбектің халықаралық бөлінісінің ұлғаюына, Азия мен Еуропа елдерінің арасында сауда көлемінің өсуіне, республиканың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне және кейіннен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясындағы интеграцияға байланысты.

      Қазақстанның аумағына кіретін жүктер легінің ұлғаюы күтілуде. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан аумағында өндірілген тауарлар үшін шекараны ашуға тиіс. Нәтижесінде қазақстандық тауар өндірушілер көп тауарларды жасай алады, жеткізу қызметтері көбірек тасымалдай алады.

      Қазіргі уақытта облыс жалпы халықаралық тауар ағындарына қызмет көрсету жүйесінде республиканың көліктік жүйесінің құқықтық және инфрақұрылымдық қатысу ортасының кемшіліктеріне байланысты осы әлеуетті жеткілікті деңгейде пайдаланбайды.

      Аталған фактіні ескере отырып, Орал қаласының Еуропаны, Азияны, Солтүстік Американы, Океания мен Австралияны қосатын әуе трассаларының қиылысында бірегей орналасуын пайдалана отырып, "Самара-Шымкент" халықаралық автомобиль трассасының мүмкіндігін іске асыра отырып, екінші экономикалық өсу нүктесі ретінде жерүсті және әуе тасымалдаудың көліктік-логистикалық орталығын құрумен көліктік-логистикалық жүйені айқындау орынды болып табылады.

      Бұл Орал қаласының маңызды халықаралық хабы және жерүсті және әуе қатынастарының жалпы әлемдік көлік жүйесінде және тұтастай логистикада байланыстыратын буын ретінде стратегиялық рөлін айқындайтын болады.

      Орталық жұмысының функционалдық бағыттары жүк тасымалдаудың оңтайлы бағыттарын таңдау, кедендік және заңгерлік сүйемелдеу, жүкті уақытша жинап қою бойынша қызметтер, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер болады.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Ауыл шаруашылығын дамыту агроөнеркәсіптік кешеннің сабақтас салаларын – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарды, өсімдіктерді, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қорғау құралдарын өндіру салаларын дамытудың катализаторы болуға қабілетті, бұл оны үшінші өсу нүктесі ретінде анықтауға мүмкіндік береді.

      Калий тыңайтқыштары өндірісін ұйымдастыру өсімдік шаруашылығы саласын одан әрі дамытуда айқындаушы рөл атқарады. Облыс аумағында "Шалқар", "Сатимолла", "Круглый", "Харькинский 1" және "Харькинский 2", "Шугул" сияқты калий тұздарының перспективалы кен орындары бар.

      Мемлекет мүдделерінің негізінде, инвестицияларды тарту мақсатында одан әрі калий тыңайтқыштарын өндіретін зауытты сала отырып, кен орындарын игеруге отандық және шетелдік инвесторлардың ұсыныстары қаралатын болады.

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың жаңа тұжырымдамасын қабылдауға және Стратегияны әзірлеуге байланысты қызметтің алдағы кезеңге арналған стратегиялық бағыттары айқындалады.

      Көрсетілген негіз қалаушы құжаттарды орындау шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен саласында ӘКК қызметін 3 кезеңде іске асыру көзделіп отыр.

      1-кезең (2014 – 2016 жылдар) – индустриялық аймақ құру жолымен агроөнеркәсіптік кешен салаларын қолдау. Шағын және орта бизнестің агроөнеркәсіптік құрылымдарына пайдалану үшін жер учаскелері беріледі, сондай-ақ бизнесті сервистік қолдау көрсетіледі. Осылайша, ӘКК оператор рөлін өзіне алады.

      2-кезең (2016 – 2018 жылдар) – өндіріс тиімділігін арттыру факторы ретінде агроөнеркәсіптік кешенде кооперацияның дамуы. ӘКК ұсақ шаруа (ферма) қожалықтары мен қосымша шаруашылықтарды, олардың қызметінің үйлестірушісі болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін алу мен өңдеу бойынша кооператив құруға бастамашы болуға ниетті. Қажет болған жағдайда ӘКК ішінара инвестициялауы мүмкін. Бұл өнімді тасымалдау, сату проблемасын шешуге, ұсақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кепілді өткізу нарықтарын құруға мүмкіндік береді.

      3-кезең (2018 – 2023 жылдар) – ірі жобаларды іске асыруда стратегиялық инвестор ретінде ӘКК рөлі (өңдеу кәсіпорындарын, ірі мал шаруашылығы кешендері мен басқа өндірістерді салу және іске қосу). Бұл ретте, жобалардың бастамашыларына "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржыландыру құралдарымен бірге ӘКК қатысуы арқылы қосымша қаржыландыру көзі беріледі.

      ӘКК-тің облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысуы алдыңғы жылдары осындай инвестициялық жобаларды іске асыру тәжірибесіне байланысты. ӘКК енжар инвестордан белсенді инвестор рөліне көшу тұрғысында инвестициялық саясаттың әдістерін қайта қарауды көздеп отыр. Іс жүзінде 3-кезеңде ӘКК-ден бірінші кезекті қаржылық қолдауды алдыңғы кезеңдерде өз бизнесін дамытқан, бұл ретте оң кредиттік тарихты, іскерлік беделді қамтамасыз ететін және оның жаңа бағыттарын меңгеруге ниет білдірген кәсіпорындар алатын болады.

      Туризм

      Экономиканың шикізат емес секторын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде туризм облыс экономикасының төртінші өсу нүктесі ретінде айқындалды.

      Бай тарихы, географиялық орналасуы, бірегей табиғи жағдайлар Батыс Қазақстан облысында туристік қызметті дамыту үшін елеулі әлеует бар екенін куәландырады, инфрақұрылым дамымағандықтан оның мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылмай отыр.

      Батыс Қазақстан облысында туризмді дамыту 3 кезеңде жүзеге асырылады:

      1-кезең – Өңірлік (2013 – 2020 жылдар) – Шалқар көлінің жағалау аймағын дамыту, ол мынаны қамтитын болады:

      1) РФ-ның жақын облыстарынан қонақтарды тарту үшін кейін ойын үйлерін сала отырып, Шалқар көлінде ойын орындары орналасатын жерлерді кеңейту;

      2) демалысты ұйымдастыру және бірлескен іс-шараларды (мектеп олимпиадалары, спорттық жарыстар) өткізу үшін әрбір ауданнан мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған сауықтыру лагерьлерін салу;

      3) Шалқар көлінің жағасында Әлжансор көзінің балшықты ванналары және Ақжайық көзінен минералды сулары бар қазіргі заманғы санаторийлік-сауықтыру кешенін салу;

      4) демалысты даярлау мен біріктірудің ең жаңа әдістерін қолдана отырып, машина жасау саласында кадрларды қайта даярлау үшін қазіргі заманғы оқыту орталығын салу.

      2-кезең – Республикалық (2020 – 2035 жылдар) және 3-кезең – Халықаралық (2035 – 2050 жылдар). Аталған кезеңдердің мазмұнды бөлігі 1-кезең іске асырылғаннан кейін, сондай-ақ алдағы кезеңдерге ӘКК даму стратегиясын дайындаған кезде әзірленетін болады.

      Біздің ойымызша, туризм индустриясын дамытудың сапалы жаңа деңгейіне көтеруге қабілетті бірінші дәрежелі ынталандырушы фактор Шалқар көлінің жағалауында ойын-сауық бизнесі объектілерін салу болады.

      Көрсетілген бизнес-идеяны іске асыру Ресейдің шекара маңындағы, өнеркәсіптік дамыған бес облысынан, сондай-ақ Қазақстанның мұнай-газ өңірлерінен (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары) келу туризмін ұлғайтуға бағытталады, олардың халқының едәуір бөлігінің кірістері жоғары.

      Осылайша, шамамен 13 млн. адамға арналған туризм индустриясын және ойын-сауық бизнесін дамыту үшін әлеуетті нарық құрылады, сонымен өңіраралық және халықаралық туризм кеңейеді.

      Енгізілген ұсыныстардың орындылығы Қазақстанның батыс өңірінде және Ресейдің жақын орналасқан облыстарында ойын-сауық бизнес орындарының болмауына байланысты экономикалық жағынан негізделген.

      Осы проблеманы шешу үшін ӘКК-де кейін іргелес аймақта ойын-сауық бизнес объектілерін салу үшін бизнес-құрылымдарға бере отырып, жер учаскелерін сатып алу мүмкіндігі бар.

      Бұл облыстың туризмін жаңа сапалы дәрежеге көтеруге, инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тартуға, Қазақстанның өңірлерінен және Ресейдің жақын орналасқан бес облысынан келетін туристердің санын ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға, облыстық бюджетке салықтық түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

      Құрылыс индустриясы

      Батыс Қазақстан облысы кең таралған пайдалы қазбалардың қорлары бойынша бай өңір болып табылады, бұл облыста құрылыс индустриясын дамыту үшін бәсекелі артықшылықтар жасайды және экономикалық өсудің бесінші нүктесін айқындайды.

      Бүгінгі күні облыстың аумағында кең тараған пайдалы қазбалардың 119 кен орны ашылған, бұл цемент шикізатының, құмды-қиыршық тасты қоспаның және құрылыс құмының, керамзит балшығының, құрылыс гипсінің, техникалық тас тұзының, сондай-ақ керамика кірпішін өндіру, жол құрылысы үшін жарайтын балшықты таужынысының және пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің кен орындары болып табылады.

      Облыстың құрылыс индустриясының ірі құрылыс компаниялары мен кәсіпорындары өнеркәсіптік кластерді құру үшін әлеуетке ие. Ол үшін облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары, ғылыми және білім беру мекемелері құрылыс материалдарын өндіру бойынша кластерді қалыптастыру үшін интеграцияланатын болады. Құрылыс индустриясындағы кластерлік ұйым қатысушылардың өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етеді, оның өнеркәсіптің осы кіші саласын дамытуда аумақтық әсері болады.

      Құрылыс индустриясы саласы кәсіпорындарының негізінде жыл сайын өндірістерді жаңғырту, сондай-ақ жаңаларын игеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Айталық, мысалы, күшейтілген термотөзімді шыны және шыныдан жасалған көп қабатты оқшаулайтын бұйымдар өндірісі ұйымдастырылды, керамзитті өндіру жаңғыртылды, тығыздығы орташа ағаш-талшықты плиталардан жасалатын есіктердің өндірісін кеңейту бойынша қуатты кеңейту жоспарланып отыр. Қуаты жылына 50 мың шаршы метрге дейін ірі панельді үй салу зауыттарының құрылысы жүргізіліп жатыр.

      Өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде инновациялық жобалардың өңірлік дерекқорын қалыптастыру басталды. Атап айтқанда, оған жергілікті шикізаттан жасалатын жоғары жылу оқшаулайтын сипаттамалары бар құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі жобалар енгізілді.

      Құрылыс материалдарының барланған және пайдалануға дайын кен орындарының негізінде цемент шикізаты кен орнының негізінде цемент зауытын салу, Погодаево керамзит балшығының кен орны негізінде бетонға (керамзитке) арналған жеңіл толтырғыштар жасау бойынша өндірісті, Цыгановский кварц құмының кен орны негізінде шыны өндірісін реконструкциялау және жаңасын құру және басқалар сияқты өндірістерді ұйымдастыру және/немесе реконструкциялау мүмкін.

      Тұрғын үй және азаматтық құрылыс көлемінің өсуі құрылыс материалдарының, бірінші кезекте цемент өндірісі индустриясын дамытуда қажеттілікті ұлғайтуды айқындайды. Ірі жобалардың цементке деген қажеттілігі жаңа зауыттан жеткізумен жабылуы мүмкін. Осыған байланысты, ӘКК Ақсуат цемент шикізат кен орнында қуаты жылына 500 мың тонна болатын цемент зауытының құрылысын ұйымдастыратын болады. Осы мақсатта 160,1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялар тарту жоспарланып отыр.

2. Миссиясы және пайымы

      ӘКК миссиясы мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестицияларды тарту үшін қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру және инновацияларды дамыту, өңірлерді әлеуметтік дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу арқылы Батыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Пайымы

      2024 жылға қарай ӘКК өз өңірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру "локомотиві" ретінде қатысатын, активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыратын және бәсекеге қабілетті тұрақты өндірісті қалыптастыратын катализатор ретінде әрекет ететін жетекші өңірлік даму институты болады.

      Мақсаты – активтер құнын арттыру.

      3. Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ), мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша межелі нәтижелер.

      ӘКК алдына қойылған міндеттер шеңберінде қызметтің мынадай басым бағыттары айқындалды:

      1) өңірдің өсу нүктелерінде инвестицияларды тарту және жаңа өндірістерді құру;

      2) өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау;

      3) коммерциялық қызметтің және корпоративтік басқару деңгейінің тиімділігін арттыру;

      4) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

      1-ҚСБ. Өңірдің өсу нүктелерінде инвестицияларды тарту және жаңа өндірістерді құру

      Мақсаттары:

      1) өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру;

      2) инвестициялық және инновациялық жобаларды, оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға кіретін жобаларды іске асыру және қолдау;

      3) өңір экономикасының тұрақты өсімін, бірінші кезекте шикізаттық емес секторлардың және басым салалардың даму есебінен қамтамасыз ету;

      4) тиімділігі жоғары бизнес-жобаларға инвестицияларды арттыру.

      1-мақсат. Өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру.

      Міндеттері:

      1) өңірдің оң инвестициялық имиджін қалыптастыру және ілгерілету;

      2) бизнес-ахуалды жақсарту, инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту шарттарын жетілдіру және оның ағымын ынталандыру;

      3) инвесторларға үлестік қаржыландыру, активтермен қатысу арқылы, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар құралдары шеңберінде қаржыландыруды алуда қолдау көрсету;

      4) қоржынды компаниялар арасында коммуникацияны дамыту және дағдылармен алмасу.

      Іс-шаралар:

      1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы саладағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпараттарды тарату, "роуд-шоу", семинарлар, дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер, іскерлік кездесулер өткізу, Интернет арқылы тарату;

      2) әлеуетті инвесторлардың, инвестициялық жобалардың дерекқорын жүргізу;

      3) шетелдік және отандық әріптестермен меморандумдар, келісімдер, ниет хаттамаларын жасау.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) шетелдік және отандық әріптестермен жасалған меморандумдар, келісімдер, ниет хаттамаларының саны;

      2) өткен жылмен салыстырғанда инвестициялық қоржын көлемінің, % өсуі;

      3) жеке инвесторлар қаражаттарын тартудың салынған қаражаттарға арақатынасы, %.

      4) өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялар көлемінің өсуі, %.

      Межелі нәтижелер:

      Өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, инвестициялық жобаларды іске асыру, бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында шетелдік және отандық әріптестермен 2018 жылға қарай 11, ал 2023 жылға қарай 32 меморандум, келісім, ниет хаттамасы жасалатын болады. Нәтижесінде 2014 – 2018 жылдар кезеңінде инвестициялық қоржын жыл сайынғы орташа өсімі 1,8 % деңгейге, 2023 жылға дейін жылына 1,7 % деңгейге қамтамасыз етілетін болады. Шетелдік инвестициялар көлемінің жыл сайынғы көлемі жылына 1,5 – 2 %-ды, 2023 жылғы ұлғаюы 2014 жылмен салыстырғанда 15 % құрайды.

      2-мақсат. Инвестициялық және инновациялық, оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға кіретін жобаларды іске асыру және қолдау.

      Міндеттері:

      1) жоғары технологиялық шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау және өңірдің ғылыми және инжинирингтік әлеуетін арттыру;

      2) облыс экономикасының басым салаларында инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру;

      3) өнеркәсіп салаларын дамыту үшін табиғи қазбаларды ұтымды және кешенді пайдалануды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

      4) даму институттарының мүмкіндігін тарта отырып, инвестициялық және инновациялық жобаларды дайындау және талдамалық зерттеулерді жүргізу;

      5) перспективалы жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында іске асыру үшін өңірге отандық және шетелдік инвесторларды тарту;

      6) инвесторларға үлестік қатысу, активтермен қатысу арқылы жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржыландыруды алуда қолдау көрсету;

      7) озық технологиялардың трансфертін ұйымдастыру;

      8) ішкі және сыртқы нарықтарда өнімдерді неғұрлым белсенді ілгерілету үшін өнімдерді брендтеуге жәрдемдесу.

      Іс-шаралар:

      1) ӘКК жобаларын іске асыру үшін инвестицияларды тарту мақсатында техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу;

      2) мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің (Қазақстанның Даму банкі, Қазақстанның Инвестициялық қоры, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік) институттарының қаржылық әлеуетін тарту;

      3) жаңа кен орындарын шаруашылық айналымына тарту арқылы жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды басқару жүйелерін жетілдіру және бірлескен өндіруші кәсіпорындарды нарықтық капиталдандыруды арттыру;

      4) жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындар үшін ӘКК-мен бірлескен кәсіпорындар құру арқылы минералдық-шикізат базасын дамыту;

      5) жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, технопарктер, коммерциялау орталықтарының жұмыстарына, басқа бірлескен инновациялық бастамаларды іске асыруға 1 % жұмсау бойынша міндеттемелерін орындау;

      6) тауар нарығын талдау және перспективалы өнімнің тізбесін жасау.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) өңірде бәсекеге қабілетті құрылған жобалардың (өндірістің), оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға кіретін жобалардың саны, бірлік;

      2) өңірде құрылған жұмыс орындарының саны, бірлік;

      3) шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылып жатқан жобалардың саны, бірлік.

      Межелі нәтижелер:

      Инвестициялық және инновациялық, оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға кіретін жобаларды қолдау және іске асыру нәтижесі.

      Өңірде тартылған шетелдік инвесторлардың саны 2018 жылы – 7 (жыл сайын екі бірліктен кем емес), 2023 жылға қарай – 20 бірлікке жетеді, оның ішінде 2023 жылға дейін Global-2000 тізімінен – 3 бірлік.

      Бұл ретте, 2018 жылға қарай кемінде 218, ал 2023 жылға қарай кемінде 600 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнімнің жаңа түрлері игерілетін болады.

      Жыл сайын іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны, оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен (жыл сайын кемінде 5) 2018 жылға қарай – 11 бірлікке, 2023 жылға қарай – 31 бірлікке жетеді. Соның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен 2018 жылға қарай – 2 бірлік, 2023 жылға қарай – 7 бірлік.

      3-мақсат. Өңір экономикасының тұрақты өсімін, бірінші кезекте шикізаттық емес секторлардың және басым салалардың дамуы есебінен өсуін қамтамасыз ету

      Міндеттері:

      1) басым салаларда кластерлерді құру және дамыту;

      2) өңірдің жүйе түзеуші және ірі компаниялардың айналасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларды үйлестіру;

      3) экономиканың басым секторларында (өсу нүктелерінде) жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту.

      Іс-шаралар:

      1) өнеркәсіптік кәсіпорындар, оқу орындары, инжинирингтік, көлік және логистикалық компаниялар, азық-түлік өнімдері мен жеңіл өнеркәсіп өндірісі жөніндегі кәсіпорындар, мал шаруашылығы, ойын-сауық және рекреациялық бизнес, салалық конструкторлық бюролар, басым салаларда кластерлерді құруға және дамытуға арналған технопарктер мүмкіндіктерінің интеграциясы;

      2) экономиканың басым секторларында (өсу нүктелерінде) жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру (жерүсті және әуе тасымалдарының көлік-логистикалық орталығын, индустриялық аймақ, өндірістің тиімділігін арттыру факторы ретінде агроөнеркәсіптік кешенде кооперацияны дамыту, Шалқар өзенінің жағалау аймағын дамыту);

      3) экономиканың басым секторларында (өсу нүктелерінде) жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғыртуға жәрдемдесу (Қазақстан Республикасында әскери және азаматтық кеме жасауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту);

      4) шикізаттық емес секторларда экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

      5) инвестициялық қызметті кеңейту және шикізаттық емес секторда инвестицияны тарту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) өңдеуші өнеркәсіптің өндіріс көлемінің өсу қарқыны (өткен жылға %);

      2) өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндірісінен шикізаттық емес экспорттың үлесін арттыру;

      3) келу туризмінің көлемін арттыру.

      Межелі нәтижелер:

      Іс-шараларды іске асыру жыл сайынғы өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқынын орташа деңгейде кемінде 4 % қамтамасыз етеді.

      Сонымен қатар, жаңа кластерлер құрылады, азаматтық және әскери кемелерді, мұнай-газ өнеркәсібіне және т.б. арналған машина мен жабдықтарды шығару бойынша жұмыс істеп тұрған өндірістер жаңғыртылатын болады. Бұл ретте, өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндірісінен шикізаттық емес экспорттың үлесі 2018 жылға қарай – 23,7 %-ға дейін, 2023 жылға қарай – 25,5 %-ға дейін артады.

      Келетін туристердің саны 2018 жылға қарай жылына – 16,2 мың адамға, 2023 жылға қарай – 21 мың адамға жетеді.

      4-мақсат. Жоғары рентабельді жобаларға инвестицияларды арттыру

      Міндеттері:

      1) инвестициялық қоржын көлемін арттыру;

      2) активтердің құнын арттыру;

      3) жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттармен ынтымақтастықты кеңейту.

      Іс-шаралар:

      1) жобаларға инвестицияларды тарту;

      2) капитал түзетін салаларға инвестицияларды арттыру;

      3) іскерлік айналымға мемлекеттік активтерді қатыстыру;

      4) өңірдің дамуына бағалау жүргізу, елдің дамуында өңірдің мүмкіндіктерін анықтау.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ӘКК-нің бір жылдық инвестициялық қоржын көлемі, млн. теңге;

      2) инвестициялардың рентабельділігі (ROI), %.

      Межелі нәтижелер:

      Жоғары рентабельді жобаларға инвестицияларды ұлғайту бойынша мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК инвестициялық қоржын көлемі 2018 жылға қарай – 7 210 млн. теңгеге, ал 2023 жылға қарай – 7 800 млн. теңгеге артады. Бұл ретте, инвестициялардың рентабельділігі 2018 жылға қарай – 0,60 %, 2023 жылға қарай – 0,75 % болады. ӘКК-нің жоспарларын іске асыру жаңа өндіріс және жұмыс орындарын ашуға, ішкі нарықты отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтермен молықтыруға, бюджетке салықтық түсімдерді арттыруға мүмкіндік береді. Көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу жалпы өңірлік өнімнің ұлғаюына мультипликативтік әсер етеді.

      2-ҚСБ. Өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдай жасау

      Мақсаттары:

      1) өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру;

      2) ірі компаниялармен әріптестік бағдарламаларды іске асыру.

      1-мақсат. Өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру

      Міндеттері:

      1) инновациялық технологияларды қолдануды ынталандыратын жағдайлар жасау;

      2) бизнесті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымын дамыту (технопарктер, индустриялық аймақтар, бизнес-инкубаторлар құру).

      Іс-шаралар:

      1) инновациялық инфрақұрылымның жай-күйін және дамуын зерттеу;

      2) индустриялық аймақтар, салалық конструкторлық бюролар, бизнес-инкубаторлар, технопарктерді құру және дамыту;

      3) технологияларды коммерциялауда индустриялық-инновациялық қызметтің субъектілеріне жәрдем көрсету;

      4) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялық өндірістердің дамуын қолдау;

      5) инновацияларды, жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу мәселелері жөніндегі кәсіпорындармен оқу орындарының ынтымақтастығы бойынша жұмысты жандандыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) қазіргі заманғы инновациялық инфрақұрылым саласындағы құрылған элементтердің саны, бірлік;

      2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында уәкілетті орган іріктеген инновациялық бизнес-идеялардың саны, жылына бірлік;

      3) ұлттық инновациялық конкурстарға облыстың атынан қатысушылардың саны, жылына бірлік.

      Межелі нәтижелер:

      Өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру бойынша мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК инновациялық инфрақұрылым қалыптастыратын болады, ол 2018 жылға қарай 3 элементті, ал 2023 жылға қарай – 4 элементті құрайтын болады (индустриялық аймақтар, бизнес-инкубаторлар, технопарктер).

      Уәкілетті орган іске асыруға іріктеген бизнес-идеялардың артуы есебінен олардың саны 2018 жылы – 8 бірлікке, ал 2023 жылы – 18 бірлікке жетеді.

      Ұлттық инновациялық конкурстарда өңірдің атынан қатысушылардың саны 2014 жылдан бастап 1 адамды құрайтын болады.

      2-мақсат. Ірі компаниялармен әріптестік бағдарламаларын іске асыру

      Міндеттері:

      1) ірі компаниялардың айналасында жергілікті өнім берушілердің желісін дамыту;

      2) ірі компаниялардың базасында компанияның бейінді қызметімен байланысы жоқ баламалы бизнесті дамыту;

      3) ірі компаниялардың базасында озық технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпкерлердің бастамасын дамыту;

      4) компания қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылық емес қолдау көрсету.

      Іс-шаралар:

      1) мүдделі тараптар арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау;

      2) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, ірі компаниялар мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін тарта отырып, әріптестік бағдарламаларын іске асыру мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ірі компаниялардың айналасындағы жергілікті өнім берушілердің саны, бірлік;

      2) ірі компаниялардың базасында компанияның бейінді қызметімен байланысы жоқ баламалы бизнес кәсіпорындарының саны, бірлік;

      3) ірі компаниялардың базасында озық технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпкерлер бастамаларының саны, бірлік.

      Межелі нәтижелер:

      Ірі компаниялармен әріптестік бағдарламаларын іске асыру бойынша мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ірі компаниялардың, мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың күштерін біріктіру арқылы өңірлерде шағын және орта кәсіпкерлікті анағұрлым дамытуға және қолдауға қол жеткізілетін болады.

      2018 жылға қарай ірі компаниялардың айналасында жергілікті өнім берушілердің саны – 7 бірлікті, ал 2023 жылға қарай – 17 бірлікті құрайды.

      Ірі компаниялардың базасында компанияның кәсіби бейінді емес баламалы бизнес кәсіпорындарының саны 2018 жылға қарай – 7 бірлікті, ал 2023 жылға қарай – 17 бірлікті құрайды.

      Ірі компаниялардың базасында озық технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпкерлер бастамаларының саны 2018 жылға қарай – 7 бірлікті, ал 2023 жылға қарай – 17 бірлікті құрайды.

      3-ҚСБ. Коммерциялық қызметтің және корпоративтік басқару деңгейінің тиімділігін арттыру

      Мақсаттары:

      1) ӘКК-нің табыстылығын арттыру;

      2) активтер мен еншілес және тәуелді ұйымдарды басқарудың тиімділігін арттыру;

      3) корпоративтік басқару сапасын арттыру және сыртқы тараптармен өзара іс-қимылды дамыту;

      4) кадр саясатының тиімділігін арттыру.

      1-мақсат. ӘКК-нің табыстылығын арттыру.

      Міндеттері:

      1) инвестициялық қоржын табыстылығын арттыру;

      2) ӘКК қызметінің рентабельділігін ұлғайту.

      Іс-шаралар:

      1) кірістерді алу көзін кеңейту;

      2) кірістіліктің оңтайлы арақатынасын және ӘКК-нің уақытша бос қаржыларын орналастыру сенімділігін қамтамасыз ету.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ӘКК-нің таза табысы;

      2) 1 қызметкерге шаққандағы таза табысы;

      3) активтердің рентабельділігі (ROA).

      Межелі нәтижелер:

      ӘКК-нің табыстылығын арттыру бойынша мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде орнықты табыстылықтың деңгейіне шығады. Осылайша 2018 жылы болжамды таза кіріс шамамен – 2,9 млн. теңгені, ал 2023 жылға қарай – 4,0 млн. теңгені, ал 1 қызметкерге шаққандағы таза кіріс – 0,1 млн. теңгені және тиісінше – 0,14 млн. теңгені құрайды.

      Қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерінің өсуі есебінен, ӘКК алынған табысты қайта инвестициялау жолымен инвестициялық қоржынның артуын қамтамасыз етеді. ӘКК активтерінің рентабельділігі 2018 жылға қарай – 0,04 %, 2023 жылға қарай – 0,06 %-ды құрайды.

      2-мақсат. Активтер мен еншілес және тәуелді ұйымдарды басқарудың тиімділігін арттыру

      Міндеттері:

      1) тұрақты негізде қоғамдардың, еншілес және тәуелді ұйымдар қызметінің мониторингі;

      2) қаржыландырылған жобаларға мониторинг;

      3) меншікті капиталдың және қоғам активтерінің тиімділігін арттыру;

      4) ӘКК меншігіне мемлекеттік меншіктегі активтердің бір бөлігін, жерді беру бойынша билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      5) берілген мемлекеттік активтерді (кәсіпорындарды) қаржылық сауықтыру бойынша даму перспективасына талдау жүргізу;

      6) мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға қатыстыру, проблемалық активтерді сауықтыру және оларды бәсекеге қабілетті өндірістер базасында дамыту.

      Іс-шаралар:

      1) еншілес және тәуелді ұйымдарды капиталдандыру;

      2) бақылаушы кеңестерді құру, еншілес және тәуелді ұйымдардың атқарушы органдарында ӘКК өкілдерін енгізу;

      3) мемлекеттік және жеке меншікке берілген активтерді басқару;

      4) мемлекеттік кәсіпорындарды және/немесе ұйымдарды оңалту және қайта құрылымдау бойынша жобаларды әзірлеу және іске асыру, олардың негізінде жаңа өндірістерді құру;

      5) қаржылық-шаруашылық қызметті талдау/берілетін кәсіпорынды/активті қаржылық сауықтыру (оңалту), қайта құрылымдау және бойынша іс-шараларды жүргізуге олардың негізінде жаңа өндірістерді дамыту орындылығы тұрғысына кешенді талдау;

      6) берілетін кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жоспарын талдау және/немесе берілетін активті оңалту (сауықтыру), қайта құрылымдау және дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын талдау;

      7) берілетін кәсіпорын/актив үшін бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық негіздемелер, техникалық-экономикалық қорытындылар, маркетингтік зерттеулер әзірлеу;

      8) кейіннен бәсекелес ортаға беру үшін мемлекеттік активтерді (кәсіпорындарды) оңалтуға (сауықтыруға) қатысу мүмкіндігі мақсатында инвесторларды іздеу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ROA (активтердің рентабельділік коэффициенті);

      2) ROE (меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті);

      3) оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындардың саны.

      Межелі нәтижелер:

      Активтер мен еншілес және тәуелді компанияларды басқару тиімділігіне бағытталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру. Сондай-ақ оларды бәсекелес ортаға беру үшін жобаларға қатысу активтерін, акциялары мен үлестерін сатып алу және іске асыру бойынша ұсыныстар дайындалатын, еншілес және тәуелді компанияларда корпоративтік басқару енгізілетін болады.

      2018 жылға қарай активтердің рентабельділігі 0,04 %-ды, 2023 жылға қарай – 0,06 %-ды құрайды. Жеке капиталдың рентабельділігі 2017 жылға қарай – 0,6 %-ды, 2023 жылға қарай – 0,08 %-ды құрады.

      Кәсіпорындарды оңалту (сауықтыру) нәтижесі еншілес және тәуелді компаниялардың тұрақты қаржылық жағдайына қол жеткізу болып табылады. Осылайша, оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындардың саны 2018 жылы 2, 2023 жылға қарай – 6 бірлікті құрайды.

      3-мақсат. Корпоративтік басқару сапасын арттыру және сыртқы тараптармен өзара іс-қимылды дамыту

      Міндеттері:

      1) корпоративтік басқару сапасын жетілдіру;

      2) сапа менеджменті жүйесін енгізудің тиімділігін арттыру;

      3) барынша айқындылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ ӘКК қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігін және сапасын жақсарту;

      4) ӘКК-нің өнім сызығын жетілдіру;

      5) ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту.

      Іс-шаралар:

      1) ӘКК корпоративтік басқаруды регламенттейтін ішкі құжаттар жүйесін жетілдіру;

      2) корпоративтік басқару кодексін тәжірибеге енгізу;

      3) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      4) ӘКК компаниялары тобында корпоративтік басқару деңгейін арттырудың құрылымдалған және дәйекті тәсілін енгізу үшін "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетімен өзара тығыз іс-қимыл жасау;

      5) ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі корпоративтік басқару рейтингін ӘКК беру бойынша жұмыс жүргізу;

      6) ақпараттарды және қызметтің айқындылығын ашу жүйесін қалыптастыру;

      7) жаңа процестерді игеру уақытын қысқарту;

      8) процестердің өнімділігін арттыру;

      9) қоржынды және басқа компаниялар арасындағы коммуникацияны дамыту және дағды алмасу;

      10) ӘКК қызметі туралы өзекті және жедел ақпаратты корпоративтік сайт контентінде жүйелі түрде жаңарту;

      11) тұтынушылар нарығын және ұсынылатын өнімнің қасиеттері бойынша олардың күтуін талдау;

      12) тұтынушылармен ӘКК-нің кері байланысын орнату, кездесулер форумдар, тұсаукесерлер өткізу;

      13) тұтынушылардың ескертулерін ықтимал жою мақсатында өңірдің кәсіпкерлерімен сауалнама жүргізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) корпоративтік басқару рейтингін алу, сондай-ақ менеджмент стандарттарының талаптарына сәйкестікті растау;

      2) веб-сайттарға кіру (ақпаратты жаңартудың өзектілігі мен жеделдігін көрсетеді);

      3) ұсынылған қызметтердің сапасына облыс кәсіпкерлерінің қанағаттанушылығы %.

      Межелі нәтижелер:

      Корпоративтік басқару сапасын арттыру бойынша мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ӘКК-ге корпоративтік басқару рейтингісі беріледі, бұл корпоративтік басқаруды дамытуды қамтамасыз етеді және ұйымдар қызметінің тиімділігін анағұрлым арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ӘКК-нің қоржынды компаниялары мен еншілес ұйымдарында қолдану үшін дайын, басқару жүйесінің ашық моделі болады.

      Сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл қаржылық құралдарда облыстың бизнес-қауымдастығының мүддесін, сондай-ақ ӘКК ұсынатын бизнесті қолдайтын қаржылық емес құралдарды көбейтуге ықпал етеді.

      4-мақсат. Кадр саясатының тиімділігін арттыру

      Міндеті:

      кадр саясаты саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені енгізу.

      Іс-шаралар:

      1) даму стратегияларын, ішкі қағидаларды, саясаттарды әзірлеу үшін кәсіпорындарға әдістемелік көмек көрсету;

      2) персоналды дамыту жоспарларын әзірлеу;

      3) қазақстандық мамандарды оқыту;

      4) халықаралық ұйымдар желісі арқылы көрсетілген ұйымдар есебінен олардың қызметтерін төлей отырып, мамандарды тарту;

      5) "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тарту.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) тартылған шетелдік мамандардың, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің саны;

      2) шетелдік мамандар дайындаған ұсынымдардың (нұсқаулықтардың) саны;

      3) өткізілген оқыту семинарларының, тренингтердің саны.

      Межелі нәтижелер:

      Осы мақсатқа қол жеткізудің нәтижесі 2015 жылдан бастап шетелдік мамандар мен "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тарту болады. 2018 жылға қарай – 5 маман, 2023 жылға қарай – 19 маман тартылады.

      Бұл ретте, тартылған мамандар 2018 жылға қарай 5 ұсыным (нұсқаулық) дайындайды және 11 оқыту семинарын (тренинг), 2023 жылға қарай тиісінше 12 ұсыным дайындап, 18 семинар өткізеді. Нәтижесінде ӘКК қызметкерлерінің білім деңгейі артады, корпоративтік басқарудың прогрессивтік әдістері енгізіледі.

      4-ҚСБ. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу

      1-мақсат. Экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету

      Міндеттері:

      1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

      2) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау;

      Іс-шаралар:

      1) сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде кәсіпкерлер үшін кредиттерді арзандату;

      2) кредит бойынша кепілдік беру;

      3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

      4) өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда неғұрлым белсенді ілгерілету үшін өнім брендтеуіне жәрдемдесу;

      5) ӘКК қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету;

      6) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) жалпы өңірлік өнім құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру;

      2) экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорт үлесін арттыру.

      Межелі нәтижелер:

      Бұл мақсатты іске асыру нәтижесінде өнімінің жалпы өңірлік құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесі ұдайы өседі, ол 2018 жылға қарай 5,35 %-ға, ал 2023 жылға қарай 7 %-ға жетеді. Облыстың шикізаттық емес әлеуетті экспорты өседі, экономиканың шикізаттық емес салаларында жеке кәсіпкерлік секторының тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі.

      Бұл ретте, шикізаттық емес экспорттың үлесі 2018 жылға қарай 18,1 %-ға дейін және 2023 жылға қарай 24 %-ға дейін өседі.

      Даму стратегиясын іске асыру Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімді ықпал етеді. ӘКК қызметі өңірдің серпінді экономикалық өсуіне, бірыңғай экономикалық нарық құруға, мемлекеттік активтерді аса тиімді және мақсатты пайдалануға әсер етеді. ӘКК мақсаты – өңірдің серпінді дамуын, облыстың басым міндеттерін шешу үшін мемлекеттік ресурстарды және кәсіпкерлік бастаманы шоғырландыруды қамтамасыз ету.

      Даму стратегиясын іске асырудың тікелей нәтижесі мыналар болады: жаңа бәсекеге қабілетті өндіріс құру, жаңа жұмыс орындарын көбейту және ашу, экспортты-бағдарланған өнімді өндіру, бюджетке түсетін салықтық түсімдерді арттыру, еңбек өнімділігін арттыру.

      Стратегияның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін қызметтің бірқатар сандық және сапалық көрсеткіштері әзірленді. Олар ӘКК-нің жаңа миссиясы мен пайымын енгізудің жалпы процесін, болжанатын инвестициялық қоржынды (қайта құрылымдау және әзірлеуді қоса алғанда) қалыптастыруды және ішкі ұйымдық өзгерістер жүргізуді қамтиды. Стратегияны іске асырудың әрбір кезеңінде қызметтің басты көрсеткіштерін пайдалана отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.

      Сонымен қатар, Стартегияны іске асыру мақсатында Стратегияны іске асыру шеңберінде орта мерзімді кезең ішінде жүзеге асырылатын іс-шараларды нақтылайтын және тәптіштейтін ӘКК-нің бес жылға арналған даму жоспары әзірленетін болады.

      Қажет болған жағдайда Стратегияға түзету және/немесе нақтылау бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі.

  "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына қосымша

"Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму
стратегиясы қызметінің негізгі түйінді көрсеткіштері
(бұдан әрі – ҚТК)

      1-ҚСБ. Өңірдің өсу нүктелерінде инвестицияларды тарту және жаңа өндірістерді құру.

      1-мақсат. Өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Шетелдік және отандық әріптестермен жасалған меморандумдар, келісімдер, ниет хаттамаларының саны, бірлік

1

2

2

3

3

3

4

4

5

5

2-ҚТК. Өткен жылмен салыстырғанда инвестициялық қоржын көлемінің өсуі, %

2,5

2,0

1,7

1,1

1,5

1,6

1,7

1,7

1.6

1,6

3-ҚТК. Жеке инвесторлар қаражаттарын тартудың салынған қаражаттарға арақатынасы, %

51

51

51

55

55

55

60

60

60

65

4-ҚТК. Өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялар көлемінің өсуі,%

100

101,5

103

104,5

106

107,5

109

111

113

115


      2-мақсат. Инвестициялық және инновациялық, оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына кіретін жобаларды іске асыру және қолдау.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Өңірде құрылған бәсекеге қабілетті жобалардың (өндірістер), оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына кіретін жобалардың саны, бірлік












1


-












1


-












1


-












2


-












2


-












2


1












2


-












2


1












2


-












2


1

2-ҚТК. Өңірде құрылған жұмыс орындарының саны, бірлік

30

30

40

50

68

70

72

78

80

82

3-ҚТК. Шетелдік инвесторлардың қатысумен іске асырылатын жобалардың саны, бірлік

1

1

1

4

4

4

4

4

4

4


      3-мақсат. Өңір экономикасының тұрақты өсімін, бірінші кезекте шикізаттық емес секторлардың және басым салалардың дамуы есебінен қамтамасыз ету.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Өңдеуші өнеркәсіптің өндіріс көлемінің өсу қарқыны, өткен жылға %

4,8

4,8

4,3

3,9

3,8

3,5

4,1

4,3

4,5

4,7

2-ҚТК. Өңдеуші өнеркәсібінің жиынтық өндірісінен шикізаттық емес экспорт үлесін арттыру, %

23,1

23,3

23,4

23,5

23,7

23,9

24,0

24,5

25,0

25,5

3-ҚТК. Келу туризмінің көлемін арттыру, мың адам

14,0

14,5

15,0

15,6

16,2

17,0

17,8

18,9

20,0

21,0


      4-мақсат. Жоғары рентабельді жобаларға инвестицияларды арттыру.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. ӘКК-нің бір жылдық инвестициялық қоржын көлемі, млн. теңге

6770

6900

7020

7100

7210

7325

7450

7580

7700

7800

2-ҚТК. Инвестициялардың рентабельділігі (ROI), %

-0,7

-0,5

0,05

0,54

0,60

0,60

0,63

0,67

0,70

0,75


      2-ҚСБ. Өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдай жасау

      1-мақсат. Өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Қазіргі заманғы инновациялық инфрақұрылым саласындағы құрылған элементтердің саны, бірлік

1

1

0

0

1

0

0

0

1

0

2-ҚТК. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында уәкілетті орган іріктеген инновациялық бизнес-идеялардың саны, жылына бірлік

1

1

2

2

2

2

2

3

3

3

3-ҚТК. Облыстан ұлттық инновациялық конкурстарға қатысушылардың саны, жылына бірлік

1

1

2

2

2

2

2

3

3

3


      2-мақсат. Ірі компаниялармен әріптестік бағдарламаларын іске асыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Ірі компаниялардың айналасындағы жергілікті өнім берушілердің саны, бірлік

1

1

1

2

2

2

2

2

2

2

2-ҚТК. Ірі компаниялардың базасында компанияның бейінді қызметімен байланысы жоқ баламалы бизнес кәсіпорындарының саны, бірлік

1

1

1

2

2

2

2

2

2

2

3-ҚТК. Ірі компаниялардың базасында озық технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпкерлер бастамаларының саны, бірлік

1

1

1

2

2

2

2

2

2

2


      3-ҚСБ. Коммерциялық қызметтің және корпоративтік басқару деңгейінің тиімділігін арттыру

      1-мақсат. ӘКК-нің табыстылығын арттыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. ӘКК-нің таза табысы, млн. теңге

-29,80

-23,30

2,60

267,0

2,90

3,12

3,35

3,57

3,80

4,00

2-ҚТК. 1 қызметкерге шаққандағы таза табысы, млн. теңге

-1,1

-0,8

0,1

9,5

1,0

0,1

0,12

0,13

0,14

0,14

3-ҚТК. Активтердің рентабельділігі (ROA), %

-0,4

-0,35

0,04

3,9

0,04

0,04

0,05

0,05

0,06

0,06


      2-мақсат. Активтер мен еншілес және тәуелді ұйымдарды басқарудың тиімділігін арттыру

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. ROA (активтердің рентабельділік коэффициенті)

-0,4

-0,35

0,04

3,9

0,04

0,04

0,05

0,05

0,06

0,06

2-ҚТК. ROE (меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті)

-0,67

-0,52

0,06

5,90

0,6

0,07

0,07

0,08

0,08

0,08

3-ҚТК. Оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындардың саны

1

1

0

0

0

1

0

1

1

1


      3-мақсат. Корпоративті басқару сапасын арттыру және сыртқы тараптармен өзара іс-қимылды дамыту

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Корпоративтік басқару рейтингін алу, сондай-ақ:

-

-

+

-

+

-

+

-

+

+

менеджмент стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2-ҚТК. Веб-сайтқа кіру (ақпараттың жаңару өзектілігін және жеделдігін көрсету).

24

25

26

28

30

32

34

36

40

42

3-ҚТК. Ұсынылған қызметтердің сапасына облыс кәсіпкерлерінің қанағаттанушылығы %

55

65

70

75

82

85

87

90

95

97


      4-мақсат. Кадр саясатының тиімділігін арттыру.

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Тартылған шетелдік мамандардың, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің саны

0

1

1

1

2

2

3

3

3

3

2-ҚТК. Шетелдік мамандар дайындаған ұсынымдардың (нұсқаулықтардың) саны

0

1

1

1

2

2

2

2

3

3

3-ҚТК. Өткізілген оқыту семинарларының, тренингтердің саны

0

2

3

3

3

3

3

4

4

4


      4-ҚСБ. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу

      1-мақсат. Экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету

ҚТК атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1-ҚТК. Жалпы өңірлік өнім құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, %

4,94

5,0

5,15

5,25

5,35

5,47

5,62

5,85

6,0

7,0

2-ҚТК. Экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорт үлесін арттыру, %

13,9

15,0

16,0

16,9

18,1

19,0

20,1

21,4

23,0

24,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады